Лизингтік операциялар туралы ақпарат


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі . . . 5
1. 2 Лизингтік операциялардың түрлері . . . 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі лизингтік
қызметтер жағдайын талдау . . . 16
2. 2 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын «Альянс Банк» мысалында талдау . . . 23
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ЛИЗИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39
КІРІСПЕ
Өндіріс секторындағы негізгі құралдарды жаңарту және дамыту Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясының міндеті болып табылады. Бұл қойылған міндеттерді шешудегу негізгі қол жеткізерлік механизм болып шағын және орта бизнестегі лизингті дамыту айқындалады [1] .
ҚР Президентінің 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында ең басты мәселе Жолдаудың өзі атап тұрғандай әлеуметтік жаңғырту мемлекет дамуының басты бағыты болып табылады. [2]
Лизинг нарығының қалыптасуын қоса, Қазақстандағы лизинг дамуының өзектілігі, алдын-ала, жабдықтар паркінің жағымсыз жағдайымен сипатталады: моральды ескірген жабдықтардың үлес салмағының көптігі, оларды қолданудағы тиімділіктің төмендігі, қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етілмеу және т. б. Бұл мәселелердің шешуін табудың амалы ретінде, өзіне сыртқы саудалық, несиелік және инвестициялық операциялардың барлық элементтерін қамтитын, лизинг болуы мүмкін.
Қазіргі таңда, қазақстандық кәсіпорыдардың көп бөлігінде айналым құралдарының жетіспеушілігі байқалады. Олар өз негізгі қорларын жаңарта алмайды, ғылыми-теникалық прогресс жетістіктерін енгізе алмайды және несие алуға мұқтаж болады. Жалпы несиелендірудің көп түрлері анықталған: ипотекалық, бағалы қағаздарды кепілдендіру, тауарлар партияларын, жылжымайтын мүлікті кепілдендіру сияқты. Бірақ өзінің негізгі құралдарын жаңартуға шешім қабылдаған кәсіпорын үшін жабдықты лизингке алу тиімдірек болады. Бұл жағдайда негізгі құралдарды сатып алуға бағытталған жай кредитпен салыстырғанда лизингтің толық мерзімі, көбінесе, ол бір жылдан бес жыл аралығы, ішінде жабдық құнының 10%-на дейін кәсіпорын үшін үнемделеді. ҚР-ғы қазіргі экономикалық жағдай лизинг үшін қолайлы деп саналады. Модернизацияға мүмкіндігі жоқ кәсіпорын мен инвестициялатын қаражаттардың қайтарылуына кепілдігі толық еместігі есебінен, бұл кәсіпорынға несиені толғанулармен беретін банк арасындағы қарама-қайшылықтарды қарастыратын нысан лизинг болады. Лизингтік операция барлық қатысушыларына тиімді: бір жағына кезең бойынша өтелетін несие мен керекті жабдығына қол жеткізу мүмкіндігі; басқа қатысушысы - несиенің өтелуіне кепілдік алады, өйткені лизинг объектісі лизинг берушінің немесе соңғы төлемнің өтелуіне дейін лизингтік операцияны қаржыландырушысы, банктің меншігі болып табылады. Қазақстандағы жабдықтардың 80% ескірген, негізгі құралдарды инвестицияландыруды көздейтін кәсіпорындарды қаржыландырудың құралы ретінде лизингті дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру қажет деп санаймын.
Лизингтің ерекшелігі ұзақ мерзімді жалға алудың дәстүрлі нысаны ретінде еместігінде, оның болашақта жұмыс атқарудағы ерекше нысаны екенінде.
Лизинг - анықталған өндірістік күштердің арақатынасын өзара тығыз байланыстағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын меншік қатынасын жүзеге асырудың тәсілі [4] .
Лизингтік қарекеттің ерекше экономикалық ролі, оның жеке меншіктің өндірістік құралдарға өтуіне жағдай жасайды, ал басқа жағынан меншік иесінің және орындаушының ауысуына әкеледі. Лизинг процесі кезінде мемлекеттік меншіктің өздігінен дамуы байқалады.
Бірақ, қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайына сай әлі лизинг қызметі нарығының дамуының кейбір аспектілерінің зерттелмей қалуы, курстық жұмыстың тақырыбын таңдауыма әсерін тигізді.
Жұмыстың мақсатына сәйкес жұмысқа келесі міндеттер қойылады:
- қазіргі замаңғы жағжайдағы лизинг дамуының теориялық негізін танып білу;
- лизингтік операциялардың түрлері мен олардың жіктелуін талдау;
- коммерциялық банктерде лизингтік операциялардың жүргізілу механизмі мен лизингтік төлемдерді есептеуді «Альянс Банк» мысалында талдау;
- республикамыздағы лизинг дамуының жағдайына талдау жасау;
- лизинг басқару және оларды азайтудың жолдарын қарастыру;
- лизинг дамуының мәселелерін анықтау;
- лизинг дамуын жетілдіру бойынша тұжырымдар ұсыну.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында лизингтік операциялар дамуының теориялық негіздерін, лизингтің мәні мен оның түрлерін, лизингті қолданудың шетелдік тәжірибелері қарастырылды.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының дамуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы қарастырылып, банктердің лизингтік операцияларжы жүргізу механизмі мен төлемдерін есептеуді «Альянс Банк» мысалында талданды.
Үшінші тарауда Қазақстандағы коммерциялық банктерде лизингтік операцияларды жетілдіру жолдары, лизингтік қызметтегі тәуекелдерді басқару және Қазақстандағы лизингті дамыту келешегін жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
1 ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Лизингтің мәні, міндеттері және ерекшелігі
«Лизинг» ұғымы шетелдік және отандық әдебиеттерінде және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде жеткілікті көлемде қарастырылады. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілерін иеленеді. Орташа есеппен алғанда, қазіргі уақытта, экономикалық және заң бойынша әдебиеттерде лизингтің жүзден аса анықтамасы бар. Бұл «лизинг» ұғымының тар, аралық және жалпы мағынасы есебінен келесі қасиеттерін көрсетуге болады.
- лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны және құқықтық нысаны;
- келісім мерзімі;
- лизингтік келісім объектілерінің шеңбері;
- келісімге қатысушылардың саны және құрамы.
Отандық әдебиеттерде, көп жағдайларда, лизингті машиналарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды және өндірістік сипаттағы ғимпараттарды жалға алу немесе ұзақ мерзімді жалға алу деп көрсетеді. Бірақ бұл жағдайда мазмұны жағынан «лизинг» ұғымының тар мағынасын ашады және шаруашылық қатынастар нысанының мағынасын толықтай көрсете алмайды.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығумен немесе өзін-өзі өтеумен байлагысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибиеде қолданылатын мынандай түрлері бар:
Ішкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизингтің экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынандай болып бөлінеді:
- Жалған лизинг - қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;
- Нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және Шұғыл амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.
Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:
- Ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;
- Компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг - төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;
- Аралас төлемді лизинг;
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:
- Жылжымалы мүлік лизингі;
- Жылжымайтын мүлік лизингі;
- Бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;
Өтеу деңгейіне қарай:
- Бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толдық өтелетін лизинг;
- Толық өтелмейтін лизинг;
Амортизация шарты бойынша:
- Толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;
- Толық емес амортизациялы лизинг;
Қызмет объектісіне қарай:
- Егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
- Толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
- Жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг;
Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым нсиелерден мынандай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100 пайызға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсалмай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалғы берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операциясына тән кемшіліктер:
- жалғы алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауынан ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеген қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизинг дегеніміз - лизингтік компаниядан қарызға алу есебінен өндіріске қажетті құрал - жабдыққы Шұғыл қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрал. Негізінен лизингтік операциялар екіге бөлінеді: шұғыл және қаржылық.
Шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді.
Ең алғашқы лизинг туралы заңдардың бірі 1284 жылғы Уэльс Заңы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы лизингтің құрылымдардың қалыптасуы 1989 ж. екінші жартысынан бастау алады. Республика көлемінде алғашқы лизингтік кәсіпорындар коммерциялық банктердің және жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен құрылады. Олар кең көлемі қызметтегі акционерлік кәсіпорындар және де олар тек қана сатып алу- сатумен емес, сонымен қатар техникалық құралдарды жалға және лизингке берумен айналысып отырды. Мысалы, 1989 жылы лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін республикадағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі «КРАМДС-Банк» құрылтайшысы болған «КРАМДС-Лизинг» акционерлік кәсіпорыны құрылып, өз жұмысын кіріс етті.
1992 жылдың орталарында республика экономикасының мемелкеттік емес секторында 120-дай коммерциялық банктер мен 20 лизингтік фирмалар жұмыс істеп отырды. Олардың қатарында «КРАМДС-Лизинг», «Алма-ата Техлизинг», «ТехникаЛизинг», «ТуранЛизинг» және тағы басқа,
1992-1994 жылдар Қазақстанда лизингтік бизнестің дамуына ең қолайсыз кезең болды. Бұл аралықта ішкі экономикалық жағдай қайта құрылған лизингтік фирмалар мен коммерциялық банклердің ұзақ мерзімді операцияларды жүзеге асыруына жағдай жасай алмады. Бірақ та кейбір компаниялар лизингке негізделген бір реттік экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруды тоқтатпады.
1995 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемелкеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет жанынан лизинг жөніндегі департамент құру туралы қаулысын қабылдады. Ол өндіріске ірі мөлшердегі инвестициялар тарту құралы ретінде лизингті пайдалану ачсында біртұтас мемлекеттік саясатты қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы болды.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән ір түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
2001 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибиеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін. »
Қатысушылар құрамына қарай лизингті былай топтастыруға болады:
- Тура лизинг - бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім) ;
- Жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтарысды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады:
- Лизингберуші - меншігіне лизинг затын алушы және оны лизинг шарты талаптарында Лизингалушыға беруші жақ.
- Лизингалушы - кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.
- Сатушы - Лизингберуші лизинг затын алатын жақ.
Лизингтік нарықта арнайы субъектілерді атап көрсетуге болады, олар:
- Банк (немесе басқа несиелік ұйым) келісім - шарттағы затты алуға қаражат беруші жақ.
«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:
- Лизинг беруші - лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.
- Лизинг алушы лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қылыпты кезеңдік төлемдерді төлейге міндеттенеді.
1. 2 Лизингтік операциялардың түрлері және жіктелуі
Отандық сондай-ақ шетелдік мамандар лизингтің негізгі түрлері ретінде қаржылық және оперативтік лизингті көрсетеді.
Оперативті лизинг (operating lease) - жабдық құнының тек бөлігі ғана жалға алу төлемақылары арқылы амортизацияланатын қысқа немесе орта мерзімдік келісім. Оперативті лизинг бойынша жіберілетін жабдықтар жалға алушының балансына қойылмайды. Көп жағдайда бұл келісімдер бойынша техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, меншік салығын төлеу және қаржылық есеп беру мен есептілік тұрғысынан оперативті лизингке жатқызылатын категориялар бойынша сұрақтарды лизинг беруші өзіне алады.
Оперативті лизинг үшін келесі негізгі сипаттар тән:
- Лизинг беруші өзінің барлық шығындарын бір лизинг алушыдан келіп түсетін лизингтік төлемдер есебінен орнын толтыруды көздемейді.
- Көбінесе лизингтік келісім-шарт екі-бес жылға дейінгі мерзімге жасалады, ол жабдықтың қаржылық тозуынан әлдеқайда төмен және кезкелген уақытта лизинг алушы оны тоқтату мүмкіндігі бар болады.
- Объектінің қирауы немесе жойылуы тәуекелі негізінен лизинг берушіге жүктеледі.
- Лизингтік төлемдер мөлшерлемесі қаржылық лизингке қарағанда көбіне жоғарырақ болады. Бұл лизинг берішунің шығындарын толық өтеу кепілдігінің болмауына байланысты, өз қызметіне бағаларын жоғарлату арқылы әртүрлі коммециялық тәуекелділіктерді (қолда бар жабдықтардың толық көлемі үшін жалға алушыларды таппау тәуекелі, келісім объектінің істен шығуы тәуекелі, келісім-шартын мерзімнен бұрын тоқтату қаупі) ескеру қажеттілігінен түсіндіріледі.
- Келісім объектілері, көбіне машиналар мен жабдықтардың ең танымал түрлері болады [12] .
Оперативті лизинг кезінде лизингтік компания нақты жалға алушыны
білмей, алдын-ала жабдықтарын сатып алады. Сондықтан, оперативті лизингпен айналысатын фирма, жаңа, сондай-ақ қолданыста болған инвестициялық тауарлар нарығының коньюктурасын жақсы білуі қажет. Бұл лизинг түрі кезінде лизингтік компаниялар қолданысқа (жалға) берілетін мүлікті өздері сақтандырады және оған техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Лизингтік келісім-шарт аяқталғаннан кейін лизинг алушының құқықтары:
- өзіне ыңғайлы жағдайларда келісім-шарт мерзімін ұзарту;
- лизинг берушіге жабдықтарды қайтаруға;
- нақты нарықтық құны бойынша сатып алу келісімінің (опционның) бар болуы негізінде жабдықты сатып алу. Өйткені келісім-шартты жасау кезінде келісім объектісінің нарықтық қалдық құнын анықтау мүмкін емес, бұл лизингтік фирмалардың қолданылған жабдықтар нарығының коньюктурасын жақсы танып білуін қажет тұтады.
Лизинг алушы оперативті лизинг арқылы мүлікті иемдену бойынша
тәуекелділіктерден қорғануды көздейді, мысал ретінде, «моральды» қартаю, өндірілген өнімге сұраныстың өзгеруіне байланысты рентабельділіктің төмендеуі, жабдықтың сынуы, жөндеу мен тоқтап тұруына байланысты тікелей және жанама өндірістік емес шығындардың өсуі және т. с. с. Сондықтан лизинг алушы келесі жағдайларда оперативті лизингті таңдайды:
- қарастырылатын табыстардың қолданылатын жалдамалы жабдықтың алғашқы бағасын өтемейтін кезде;
- жабдықтардың қысқа мерзімге керек болған жағдайларда (маусымдық жұмыстар немесе бір реттік қолданылғанда) ;
- жабдыққа арнайы техникалық қызмет көрсету қажет болған жағдайда;
- келісім объектісі ретінде жаңа, тексерілмеген жабдық қолданылған кезінде.
Оперативті лизингтің көрсетілген ерекшеліктері, оның ауыл шаруашылығы, транспорт, қазба өндірісі, құрылыс, ақпараттарды электронды өңдеу салаларында таралуын анықтады [11] .
Қаржылық лизинг келесі негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
- үшінші жақтың қатысуы (келісім объектісін өндіруші немесе жабдықтаушы) ;
- жалға алудың негізгі мерзімі ішінде келісім-шартты бұзу мүмкіндігі болмайды, яғни жалға беруші шығындарын өтеу үшін қажетті мерзім. Бірақ тәжірибеде бұл кейде ғана жүзеге асады, ол лизингтік келісім-шартта қарастырылады, бірақ бұл жағдайда операция құны жоғарлайды.
- лизингтік келісім периодының ұзақ болуы (көбіне келісім объектісінің қызмет ету мерзімімен жақын болады) ;
- қаржылық лизинг келісімінің объектілерінің құны жоғары бағалармен ерекшеленеді/9/.
Оперативті лизинг кезінде сияқты, келісім мерзімі аяқталғаннан соң
лизинг алушының мүмкіндігі:
- қалдық құны бойынша келісім объектісін сатып алуға;
- қысқа мерзімге және жеңілдетілген мөлшерлемеде жаңа келісім-шарт жасауға;
- келісім объектісін лизингтік компанияға қайтаруға.
Лизинг алушы лизинг берушіге өз қалауы туралы келісім-шарт аяқталуына дейінгі алты ай немесе басқа мерзімі ішінде жеткізуі тиіс. Егер келісім-шартта келісім затын сатып алуға келісуі (опцион) бар болса, онда объектінің қалдық құны алдын-ала анықталады. Көбіне ол алғашқы құнының 1-10% аралығында болады, бұл лизинг берушіге амортизацияны жабдықтың толық құнына есептеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық лизинг экономикалық ерекшелігі жағынан ұзақ мерзірзімді банктік несиелендірудің капитал салымдарымен ұқсас келеді, қаржылық лизинг нарығында банктер, банктермен тығыз байланысқан қаржылық компаниялар мен маманданған лизингтік компаниялар ерекше орын алады. Кейбір мемлекеттер қатарында банктерге тек қана қаржылық лизингпен айналысуға рұқсат етілген. Оперативті лизинг пен қаржылық лизинг арасында негізгі айырмашылықтар кесте-1 көрсетілген [5] .
Біздің ойымызша, оперативті және қаржылық лизинг лизингтік операциялардың екі негізгі түрі, ал барлық қалғандары бұл екі негізгі түрдің әртүрлілігі болып келеді.
Халықаралық тәжірибеде ең танымал келесі лизингтің түрі қарастырылады:
- Капиталды лизинг (capital lease) . Сатып алу-сату келісім -шарттың ерекшеліктерін қамтитын лизингтік келісім, сондай-ақ заңмен қарастырылып анықталған критериилерге сәйкес болады.
... жалғасыКесте 1. Оперативті және қаржылық лизинг арасындағы негізгі айырмашылықтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz