Дүкендегі спорт тауарларын есепке алу қосымшасын жасау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ
«Дүкендегі спорт тауарларын есепке алу қосымшасын жасау»
тақырыбына жазылған
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
(қолы)
Ғылыми жетекші,
ф. -м. ғ. к., доцент
(қолы)
(қолы)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңг. м. а, PhD доктор
(қолы)
Алматы 2015
Pефеpaт
Дипломдық жұмыс 63 беттен, 15 суpеттен, 10 кестеден, 18 пaйдaлaнылғaн әдебиеттеp тізімінен және 1 қосымшaдaн тұpaды.
Кілт сөздеp: CПОРТ ТАУАРЛАР САТАТЫН ДҮКЕН, ДЕЛФИ, МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ, АКСЕСС.
Зеpттеу объектісі: Спорт тауарлар сататын дүкен.
Жұмыс мaқсaты: Кез келген спорт тауарлар сататын дүкенге арналған мәліметтер қорының қолданушы қосымшасын жасау .
Жaсaлғaн жұмыстap: Ақпараттандыру кезеңінде барлық жұмыстар автоматтандырылса, адамдардың өмірі үшін қиыншылықтар аз болады. Мәліметтер қоры - ақпараттық жүйелердің негізі. Дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты спорт тауарлар сататын дүкенге арнайы қолданушы үшін мәліметтер қорын қолданып, қолданушы қосымшасын жасау маңызды болып табылады. Мәліметтер қоры өздігінен үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, оларды өңдеу мен жаңартуларды орындайтын жеке бағдарламаның физикалық және логикалық көрінісі. Мәліметтер қоры ретінде Майкрасофт офистік бағдарламасының Аксесс мәліметтер қоры қолданылды. Ал оған бағдарламалық қосымшасы ретінде Делфи бағдарламасын қолдануды жөн көрдім.
Жaсaлғaн жұмыс нәтижелеpі: Жасалған жұмыс Паскаль тілінде Делфи бағдарламасында бағдарламаланды. Аксесс мәліметтер қорымен толық байланыс орнатылды. Кез келген ақпарат мәліметтер қорында еш кедергісіз өңделеді. Қолданушылар ретінде: админ, менеджер, бухгалтерлер үшін жеке құпия сөз арқылы кіретін жеке қосымша бөлімдері жасалынды. Әр қолданушы өз парақшасына кіре отырып, өздерінің жұмыстарын еш кедергісіз орындай береді. Мәліметтер қорының кестелері бір бірімен әр түрлі байланыс түрлерімен байланысқан. Кестеге енгізілген ақпарат әр түрлі мәліметтер қолданушыларына көрініп тұрады.
Қолдaну aясы: Дипломдық жұмыстың тaқыpыбынa бaйлaнысты мәліметтер қоры тікелей спорт тауарлар сататын дүкенге ғана қатысы бар. Мәліметтер қорына енгізілген әрбір ақпаратты админ да, бухгалтер де, менеджер де көре алады. Дүкенде сатылған тауарлар жөнінде ақпаратты менеджер енгізе алса, оны админ бақылап кейбір мүмкіншіліктер жасай алады. Қойма жүйесіне де қатысы бар және осы тауарлармен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер туралы да ақпараттарды көруге болады.
Зеpттеу объектісі бойыншa келешекке жaсaлaтын жұмыстapғa болжaм: Болашақта мәліметтер қорын желілік деңгейге дейін көтеру қарастырылады. Ол үшін мәліметтер қорының осы үлгісін басқа МҚБЖ-ға көшіру қажет. Мәліметтер қорына тағы басқа да түрлі қызметтер қосылатын болады
Pефеpaт
Дипломная работа состоит из 63 стpaниц, 15 pисунков, 10 тaблиц, 18 источников и 1 пpиложений.
Ключевые слова: МАГАЗИН ПО ПРОДАЖЕ СПОРТ ТОВАРОВ, ДЕЛФИ, БАЗА ДАННЫХ, АКСЕСС.
Объект исследования: Магазин по продаже спорт товаров.
Цель работы: Разработка пользовательского приложения базы данных для любого магазина по продаже спорт товаров.
Сделанные работы: Если в стадии информатизации все работы автоматизируется, то в жизни людей будет мало трудностей. База данных - основа информационных систем. Важностью по теме дипломной работы является разработка пользовательского приложения с базой данных для магазина по продаже спорт товаров. Само собой база данных обрабатывает, сохраняет и обновляет информации больших обьемов и представляет физическую и логическую программу. По типу выбрана база данных Аксесс. Для построения програмного приложения используется программа Делфи.
Результаты: Cделанная работа запрограммирована на языке Паскаль в программе Делфи. Установлена полная связь с база данных Аксесс. Любая информация обрабатывается в базе данных без каких-либо сдержек. Как пользователи выбраны: админ, менеджер и бухгалтер и в том числе они могут войти в свои личные страницы с помощью пароля. Все пользователи зайдя в свои страницы могут работать без задержек. Таблицы между собой взаимосвязаны разными видами связей. Введенные информации видны для всех пользователей базы данных.
Облaсть пpименения : По теме дипломной работы, база данных напрямую приминяется только для магазина по продаже спорт товаров. Внесенные каждые информации может видеть и админ, и бухгалтер, и менеджер. Если менеджер вносит информации о проданных вещях, то админ может контролировать и делать разные возможности. К складу тоже относиться это база данных и можно увидеть информации о предприниметлей, которые обеспечивают товарами магазина.
Дaльнейшее paзвитие исследовaний: В будущем планируется поднять базу данных до сетевого уровня. Для этого, модель текущей базы данных перевести в другое СУБД. В базу данных будут добавлены другие и разные сервисы.
Abstract
Diploma work consists of 63 pages, 15 illustrations, 10 tables, 18 references and 1 appendixes.
Key words: SHOP OF SELLING SPORT GOODS, DELPHI, DATABASE, ACCESS .
Research object: Shop of selling sport goods.
Purpose of the work: Developing user application of database for shop of selling sport goods.
The done work: If in stage of informatization all works are automated, there will be little problems in people`s life. Database is foundation of information systems. The important thing by the theme is developing user application with database for shop of selling sport goods. Database can handle, save and update information of big volumes and represent physical and logical view of program. As the type of database, there is chosen Access. For creating application with the program, there is chosen Delphi.
Results: The done work was programmed with Pascal in Delphi. Full relation was installed with Access database. Any information is handling in database without checks. As users chosen: an admin, a manager, an accountant and they can input to their own parts with password. All users are inputting to their parts, they can work without delays. Tables related with each other with different views of relation. The entering information is watched to all users of database.
Scope of use: By the theme of diploma work, database is using for only shop of selling sport goods. The entering any information can see an admin, a manager, an accountancy. If manager enters the information about selling goods, admin can control and make different possibilities. And also, database treats with warehouse, users can see information about businessmen who provide shop with goods.
Further development of research : In a future, there will be planning to pick up database to network level. For that, the model can be translated to another DBCS. There will be added other and different services to database.
Мазмұны
КІРІСПЕ6
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ7
1. 1 Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұматтар және олармен жұмыc істеу негіздері7
1. 2 Кестелер арасындағы байланыс17
1. 3 Мәліметтер қорының модельдері19
1. 4 Мәліметтер қорын жобалау. Пәндік саладағы концептуальды модель24
1. 5 Мәліметтер қорын басқару жүйелері25
1. 6 ДҚБЖ- ны өңдеудегі Delphi ортасының құралдарын мәліметтер қорында пайдалану31
2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬДЫ-ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ33
2. 1 Қосымшаларды құру. Мәліметтер базасының кестелерін құру33
2. 2 Бағдарламаның құрылымын сипаттау36
2. 3 Пайдаланушы интерфейсі40
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ48
3. 1 Жобалауға кететін шығындар49
3. 2 Амортизация төлемдерді есептеу49
3. 3 Электроэнергия үшін төлем50
3. 4 Интернет үшін төлем50
3. 5 Монтажға кететін шығындарды есептеу51
3. 6 Жалпы жобалауға кететін шығынды есептеу51
ҚОРЫТЫНДЫ53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ54
Қосымша A55
КІРІСПЕ
Қазіргі әлемде ақпарат маңызды байлықтардың бірі болып табылады, ал ақпараттық жүйе (АЖ) барлық қызмет саласында қажетті құрал болып танылады.
Ақпараттық жүйенің көмегімен шешілетін міндеттердің әртүрлілігі, құрастырылу қағидасымен және оларға енгізілген ақпаратты өңдеу ережесімен айрықшаланатын көптеген әртүрлі жүйелердің пайда болуына алып келді.
Ақпараттық жүйелерді бір қатар белгілері бойынша саралауға ерекшеліктерінің ең маңызды белгілері енгізілген.
Диплом жұмысымның тақырыбы осы ақпараттық жүйеге қатысты спорт тауарларының есебін Delphi ортасының қосымшасында құру болып табылады.
Қосымша дегеніміз жобаның логикасын толықтыратын максималды сан функцияларын орындайтын бағдарламаны айтамыз. Яғни тапсырысушыларға бағдарламаны өндеудің бастапқы қадамында ол жарамды болу немесе ұсынылған концепциясы, архитектуралық, технологиялық шешімдері талапқа сай орындалып жатқаны туралы ақпараттық жүйенің макеті көрсетіледі.
Бұл жұмыстың мақсаты ақпараттық жүйенің спорт тауарларының айнылымын есепке алу, жан-жаққа қозғалысын реттеу, тұтынушыға жеткізу, тіркеу, бағдарламаны құру болып саналады. Құрылған қосымша нақты бір фирманың мәліметтер қорымен жұмыс жасай алатыны, тауарлар, райондар және олардың мекен-жайлары, келісімге отырғызатын агенттер туралы, клиенттердің тапсырыстары, т. б. бойынша кестеаралық байланыста болуын қамтамасыздандыру керек.
Диплом жұмысымда қойылатын талаптар келесі:
1) Тауарлардың қозғалысын мүлік нарығының техникалық жақтарын оқып үйрену. Қандай критериялары бойынша тауарлар түріне қарай анықтаймыз.
2) Фирмадағы тіркеудің мақсатын анықтау және негізгі моменттерді автоматизациялауға белгілеу.
3) Дүкендер мен компаниялардың жұмысын, құжаттардын үрдісін, жұмыс үрдісін қарастырып функционалды құрылымын толықтыру.
4) Базаның құрылымын толықтыру, қажетті мәліметтер типін анықтау.
5) Фирмадағы ақпараттарды тіркейтін құрылымдық элементтер арасындағы байланысты құру.
6) Құрылатын бағдарлама бойынша өндеу ортасын және мәліметтер қорының ұйымдастыру тәсілдерін анықтау.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 1. 1 Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұматтар және олармен жұмыc істеу негіздері
Мәліметтер қорының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер қоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл қорларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. [1]
Егер, мысалы, бір дүкеннің мәліметтер қорын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т. б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл қорға дүкеннің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл қорға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтер қоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар - бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Әлемде көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.
Мәліметтер қорынның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:
- нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
- әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
- ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
- техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді. Мәліметтер қорын құруға мүмкіндік береді.
Мәліметтер қоры - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер қорындағы ақпарат:
- қайшылықсыз
- артықсыз
- тұтас
болуы керек.
Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
- иерархиялық
- желілік
- реляциялық
- объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз.
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.
Дербес компьютерлер үшін қазіргі мәліметтер қорының көбісі реляциялық болып табылады. Мәліметтерді ұйымдастырудың реляциялық моделінің құндылығы - оның қарапайымдылығы, құрылымының икемділігі, компьютердегі реализацияның ыңғайлылығы, теориялық мазмұнының қолжетерлігі. [2]
Мәліметтер қорының элементтері.
Мәліметтер қоры (МҚ) өзара байланысқан кестеден тұрады. Әрбір кесте бір типті объектінің ақпаратынан тұрады, ал барлық кестелердің жиынтығы бірлік мәліметтер қорынан тұрады.
Мәліметтер қорының кестесі.
Мәліметтер қорын құратын кестелер қатты дискі каталогында (қоржын) табылады. Кестелер файлда сақталады және кесте бөлек құжатқа немесе электрондық кестеге ұқсайды (мысалы, Microsoft Excel кестелік процессоры) және оларды қарапайым әдіспен көшіруге, орналастыруға болады, айталық, Windows Сілтеуіші (Проводник) көмегімен. Алайда құжаттарға қарағанда, мәліметтер қоры кестесі енудің көп қолданылатын режимін қабылдайды, бұл дегеніміз, оларды бір мезетте бірнеше қосымшада пайдалануға болады.
Бір кесте үшін индекстерді, кілттерді, мәліметтерді құрайтын бірнеше файл құрылады. Олардың ішіндегі ең бастысы мәліметтер файлы болып табылады, сол файлды құру барысында бұл берілетін файл аты кесте атымен сәйкес келеді. Кей жағдайларда кесте түсінігі және оның басты файлы синоним болып табылады, кесте таңдау кезінде дәл соның басты файлы таңдалынады: dbase кесте үшін бұл файл - dbf кеңейтілуімен, Paradox кестесі үшін - бұл файл db кеңейтілуімен. Кестенің басқа файлдарының аты автоматты түрде тағайындалады - барлық файлдар кестенің атымен сәйкес келетін бірдей атқа ие және файлдың мазмұнымен сәйкес келуін сілтейтін әртүрлі кеңейтулер. Файл кеңейтілуі төменде келтірілген.
Мәліметтер қорының әрбір кестесі жолдар мен бағандардан тұрады және ақпараттық жүйенің біртипті объектілері туралы мәліметтерді сақтауға арналған. Кесте жолы - жазба, кесте бағаны - өріс деп аталады. Әрбір өріс кесте ішінде бірегей атқа ие болуы керек.
Сурет 1 - Кесте жолы және кесте бағаны
Өріс мүмкін типтердің біреуінің мысалы, жолдық, бүтін типті немесе «дата» типінің берілгендерінен тұрады. Кесте өрісіне мәнді енгізу кезінде мәннің типі мен өріс типінің сәйкестігін тексеру автоматты түрде жүргізіледі. Бұл типтер сәйкес келмеген жағдайда және мәннің типін түрлендіру мүмкін болмаған жағдайда тізімнен шығару генерацияланады.
Кестені құрудың ерекшеліктері мәліметтер қорын құру мен басқаруда қолданылатын нақты мәліметтер қорын басқару жүйесіне (МҚБЖ) тәуелді. Мысалы, dBase локальды кестесінде және InterBase сервер кестесінде автоинкрементті типті өріс жоқ, ал dBase кестесінде кілтті анықтау мүмкін емес. Осындай ерекшеліктерді, олардың тек мәліметтер қорының құрылуына әсер ететіндігінен емес, сонымен қатар осы мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшаның құрылуына да әсер ететіндіктен кесте типін таңдау кезінде ескеру қажет. Алайда, кестелердің барлық ерекшеліктеріне қарамастан мәліметтер қорын құру және басқару, сонымен қоса қосымшаларды пайдаланудың (жоспарлау) төмендегідей жалпы ережелері бар.
Кестенің негізін оның өрістерінің сипаттамалары құрайды, әрбір кестеде кем дегенде бір өріс болуы керек. Кесте құрылымы түсінігі күрделі болып табылады және оған төмендегілер енеді:
- өрістердің сипаттамасы;
- кілт;
- индекстер;
- кестелер арасындағы сілтемелік бірліктің шектелуі;
- құпия сөздер (парольдер) .
Кей кездері өріс мәніне шектеуді және кестелер арасындағы сілтемелік
бірліктің шектелуін, сонымен қоса ену құқығы жалпы бір «шектелу» териминімен атайды.
Құрылымның бөлек элементтері кесте форматына тәуелді екендігін атап өтейік, мысалы, dBase кестелері үшін сілтемелік тұтастыққа шектеу қойылмайды, өйткені оларда кілттер жоқ. Құрылымның барлық элементтері физикалық деңгейде (кесте деңгейінде) беріледі, мәліметтер қорын пайдалану және басқару құралдарымен қоса мәліметтер қорымен операция орындайтын барлық бағдарламаларға (мысалы, Database Desktop утилитасына) әсер етеді. Бұл элементтердің көбісін (мысалы, өріс мәндеріне шектеу қою немесе өрісті қарап шығуға шектеу қою) қосымшада бағдарлы түрде жүзеге асыруға болады, алайда бұл жағдайда олар тек өз қосымшасының шегінде әсер етеді.
Кестемен жалпы келесі операцияларды орындауға болады:
- құру (құрылымын анықтау) ;
- құрылымын өзгерту (реструктуризация) ;
- атын өзгерту;
- жою.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz