Табыс салығы туралы
Кіріспе
1 Мемлекеттің cалық жүйеcі
1.1 Cалықтың түcінігі және оның элементтері
1.2 Қазақcтан Реcпубликаcында қолданылатын cалықтар мен баcқа да міндетті төлемдердің түрлері және олардың жіктелуі
2 Табыc cалығы: түрлері және элементтері
2.1 Корпорациялық табыc cалығын құқықтық реттеу
2.2. Жеке табыc cалығын құқықтық реттеу
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың табысына cалық cалу ерекшеліктері
3 Табыc cалығына байланыcты cалық әкімшілігін жүргізу
3.1 Табыc cалығының cалық әкімшілігін жүргізу
3.2 Cалық міндеттемеcін орындатудағы cалықтық мәжбүрлеу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің Конституциясында «…заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады», деп бекітілген [1]. Біздің елімізде салықтық жеңілдіктер негізінен кәсіпкерлік саласында шағын бизнес субъектілеріне ұсынылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 14.12.2012 жылғы Жолдауында атап өткендей: «Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты. Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде әртараптандырудамыз.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы // 35-бап. (Конституция 1995 жыл 30 тамызда Республикалық референдумда қабылдынған. 1998 ж.7 қазандағы және 2001 жыл 21 мамырдағы және 2011 жыл 2 ақпандағы Заңдармен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен); // «Әдiлет» aқпaрaттық жүйесi 2014.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана - 14.12.2012 жыл, 1-тармақ. Zholdau.kz сайты;
3. Деловая Неделя , 4 мамыр 2013. – 4 б. // «Әдiлет» aқпaрaттық жүйесi 2014.
4. Қазақстан Республикасы Презденті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау карсаңында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша кабітетті 50 елдің катарына кіру стратегиясы. Астана, 2006 жылғы 1 наурыз. 2-басымдық 10-тармак; // «Әдiлет» aқпaрaттық жүйесi 2014.
5. Найманбаев С.М. Салықтық құқық // А., 2007. - 15-б.
6. Худяков А. Налоговое право Республики Казахстан. А., 2002. – 69 б.
7. Гереев В.И. Налоговое право // М., 1995. - 25-б.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Еліміздің Конституциясында ...заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп бекітілген [1]. Біздің елімізде салықтық жеңілдіктер негізінен кәсіпкерлік саласында шағын бизнес субъектілеріне ұсынылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына 14.12.2012 жылғы Жолдауында атап өткендей: Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты. Біз ұлттық экономиканы жоспарлы түрде әртараптандырудамыз. Үдемелі индустрияландыру бағдарламасында екі бесжылдықта экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету міндетін қойдым. Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді [2]. Мемлекетіміздің егемендігі, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, сондай-ақ мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы және өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық механизмінің жаңаша қалыптастырылуы салықтық құқықтың экономика және құқық аяларынан өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр. Демек, мемлекеттің материаддық мүддесі мен қоғам өмірінің айырықша аясының тоғысатын жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын салық салу саласы әрқашанда мемлекеттің салықтық құқығының реттеуші ықпалының ауқымы болып табылады.
Мемлекеттің және нарықтық қатынастардың мызғымас атрибуттарына да осы салық салу жүйесі мен салық органдары жатады. Салықтарлық қоғамның әлеуметтік жағдайына және экономиканы басқару ісіне тигізер ықпалдары да өте зор. Мемлекеттің қаржылық тұрғыда нығаюы ең алдымен бюджеттік-салықтық саясаттың дұрыс жолға қойылуымен байланысты. Ал, бюджеттің толыққанды қалыптасуы салықтардың тиімді және ұтымды жиналуында болып табылады. Сөзіміз дәйекті болу үшін ТМД елдеріндегі салықтық түсімдердің бюджеттегі үлесіне шолу жасап өтсек. ТМД Статистика комитетінің мәліметінше, 2013 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында салықтық түсімдер ( табыс салығы, қосымша құн салығы, акциз) Ресейде- 40.9%, Тәжікстанда -67.0%, Қазақстанда, Беларуссияда, 80 %-ға жуық мөлшерде болған [3]. Салықтарды алуға байланысты мемлекет осы салықтардың кемөгімен тиісті бюджеттің кірісіне ақша қаражаттарын жұмылдыру, тарту аркылы мемлекетгің әлеуметтік, саяси және экономикалық даму бағдарламаларының басымды бағыттарын ақшалай қамтамасыз ету сияқты мақсат-міндеттерді көздейді. Мемлекеттің салық салу саласындағы құқықтық қызметтер, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, мәжбүрлеп алу, олардың толығымен және уактылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу, салық органдарының жүйесін айқындап, құзыреттерін белгілеу және т.б. тек салықтық - құқықтық нормалардың негізінде жүзеге асырылады.
Осы салықтық құқықтық нормалардың жиынтығы салықтық құқықты құраса, ал мемлекеттің құзыретті органдары қабылдайтын және шығаратын салықтық заңдар салықтық құқықтың болмысының нысаны ретінде көрініс табады.
Бүгінде салықтық құқықтың нарықтық экономика жағдайында маңызды құқықтық құрылым ретінде даму тенденциялары және салық заңдарының жүйеленіп, ұтымды қалыптасуының мәселелері өте өзекті болып отыр.
Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығына тән экономикалық саясат болып табылады. Соның ішінде маңызды рөлді кәсіпкерлерді салықтық жеңілдіктермен қолдау атқарады деуге толық негіз бар. Салық салу мемлекеттің құрылысына, қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге, мемлекет экономикасы мен фискальдық саясатының мән-жайына, билік етуші тармақтардың өктем өкілеттіктерінің демократиялық деңгейіне, нақты қалыптасқан әлеуметтік, саяси және әкімшілік жағдайларға қарай жүзеге асырылады. Былайша айтканда; салықты мемлекеттің экономикалық әлеуетінің (күш-қуатының) функциясы деп санауға болады. Осы орайда қатты ескертетін жәйт, салықтың (экономикалық) мән-жайы мен заң жүзінде іске асырылатын мәнінің арасында қарама-қайшылық туындамауы қажет. Демек, салық, салық салу, мемлекеттің салық жүйесі деген сөздердің мағынасын мемлекеттің кірісін салық төлеушілердің- заңды және жеке тұлғалардың материалдык мүдделеріне мүмкіндігінше нұқсан келтірмей қалыптастыру керек деп түсінген дұрыс.
Мемлекеттің салық саясатын жетілдіруге байланысты Ел басшысының Қазақстан халқына жолдауында бірқатар маңызды мәселелер айтылған болатын, атап айтар болсақ: 2007 жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1 % -ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту; 2008 жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30 пайызға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын ынталандыруы керек: 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірінғай мөлшерлемесі енгізілсін[4]. Сонымен қатар ҚР Президенті 2012 жылғы жолдауында да салық салу қатынастарына байланысы бірқатар маңызды мәселелерді айқындап берді. Мұнда ол салық кодексінде басымдылық өңдеуші өнеркәсіпке салық ауыртпашылығын азайтуға басты назар аударылуы қажет екендігін тапсырды. Бәрімізге белгілі, өңдеуші өнеркісіпте негізгі үлеске шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ие екендігі белгілі.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мемлекеттің салықтық қызметінің нысандары мен әдістерін, қаржылық-құқықтық шарттардың ерекшеліктерін зерттеуде бірқатар жетістіктерге қол жетті. Олардың ішінде алыс шетелдік және ресейлік ғалымдар: Б.Ю.Дорофеева, Н.Н.Земцов, Н.И. Химичева, В.А.Пушина болса, қазақстандық ғалымдар А.И. Худяков, Н.Б. Мухитдинов, С.М. Найманбаев, Э.Мухамеджанов, М.Оспановтар және т.б. болды. Қаржы құқығының теориясын зерттеуде А.И. Худяков елеулі табыстарға қол жеткізді. Ол бұл салада бірқатар құнды еңбектерді жазып, жариялады: Основы теории финансового право (1999жыл), Налоговое право Республики Казахстан (2001 жыл). Сондай-ақ қаржы және салық саласындағы мемлекеттік басқару мәселесіне Н.Б. Мухитдиновтың, С.М.Найманбаевтың, Мухитдиновтың, С.М.Найманбаевтың, Ө.Серимовтың, К.Н.Айдарханованың монографиялары жарияланды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: зерттеу жұмысының мақсаты мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктері және мемлекеттің осы саладағы саясатыныңң бағыттарын жан-жақты кешенді зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешуді алға қойып отырмыз:
- инвестициялық жобаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылатын жеңілдіктердің құқықтық негіздерін зерттеу;
- Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық реттелуінің өзекті мәселелерін зерттеу;
Зерттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының салықтық құқығы, салықтық құқықтық қатынастар, салықтық қызмет пен салықтық қызметті реттейтін заңнама.
Зерттеу пәні болып мемлекеттің салықтық қызметі, салық саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық саясаты болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық нормативтік-құқықтық және теориялық негізі. Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми танымның жалпы және арнайы әдістері болып табылады. Дипломдық зерттеудің дерекнамалық базасын ғылыми танымның диалектикалық әдісі, теориялық талдау әдісі құрайды: салыстырмалы-құқықтық, тарихи, жүйелі-құрылымдылық, функционалдық, логикалық-құқықтық, нақтылы-әлеуметтік.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де құқық салаларының қаржылық қатынастарды реттеуге бағытталған нормалары мен Қазақстан республикасы бекіткен халықаралық шарттар мен келісімдер құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен сипатына қарай құрылған. Дипломдық жұмыс көлемі 71-бет. Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі бес тармақшаны қамтыған үш бөлімнен тұрады.
1 Мемлекеттің cалық жүйеcі
1.1 Cалықтың түcінігі және оның элементтері
Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай да болмасын мемлекеттің өсіп - өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл жерде мемлекетгің қызмет аясы қоғамның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын құруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.
Мемлекеттің салықтық қызметі мына келесідей: бұл мемлекет аумағындағы салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың ойдағыдай қызмет атқаруларын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айырықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде; бұл барлық салық төлеушілердің өздеріне тиесілі салықтық міндетгемелерін дұрыс атқаруларына жағдай жасау және салық әкімшілігін толыққанды жүргізу, оның ішінде салықтық тексерулердің жемісті жүзеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ заңда көзделген сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталынады.
Салықтық қызмет негізінде өзара тығыз байланысқан құқықтық және экономикалық қатынастардың жүйесінен тұрады. Жоғарыда айтқаңдай, мемлекет тиісті заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілерді қабыддауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүргізеді.
Осы салықтар мен өзге де міндетгі төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық кызметіне байланысты болады.
Мемлекеттің салықтық қызметі мынадай:
салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;
мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына сай
құрылуына, оның экономикалық және құқықтық негіздерінің тиімді болуына атсалысу;
салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін біржақты
- ерікті орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық бақылауды жүзеге асыру;
салық салу саласындағы мемлекеттік органдар мен арнайы
салық органдарының жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыреттерін белгілеу;
салық органдарының қызметтерін - тиімді ұйымдастыру және
салықтық құқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру;
салықтық міндеттемелердің айтарлықтай көлемде орындалмағанына орай олардың мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
салықтық заңдарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кіналы тұлғаларды тарту;
салық салу саласындағы салық органдары мен салық төлеушілердің құқықтық және салықтық мәдениеттерін қажетті деңгейде қалыптастыру арқасында олардың материалдық мүдделерінің мүмкіндігінше балансты болуына атсалысу;
отаңдық және шетелдік инвестициялардың мол және тиімді
ағымының арнасын кеңейту мақсатында салық салу климатын жақсарту, тартымды жеңілдіктер беру және оларға қатысты салық әкімшілігін екі жақтың (тараптың) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сияқты негізгі бағдар-бағыттар бойынша жүзеге асырылады [5].
Салықтық қызметті өздерінің құзыреттеріне орай жүзеге асыратын мемлекеттік лауазымды тұлға мен уәкілетті органдарға: ҚР Президенті; ҚР Парламенті; ҚР Үкіметі; Жергілікті Мәслихаттар мен Әкімдіктер; ҚР қаржы полициясы агенттігі жатады; ҚР Қаржы министрлігі; Қаржы министрлігінін, Салық комитеті; Астана, Алматы қалалары және облыстар мен аудандардағы және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары және т.б. салық органдары болып табылады.
Салықтық қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын жолдар мен тәсілдер мына: салықтарды белгілеу; салықтарды алу; салықтардың толығымен және уақтылы төленуіне салықтық бақылау жүргізу; салық төлеушілердің есебін жүргізу; табысты төлеу кезінде салықтарды ұстап қалуды ұйымдастыру; мемлекеттің салық органдарының жүйесі мен қызметтерін ұйымдастыру; салық заңдарын бұзған кінәлі тұлғаларға белгіленген заңи жауапкершілік шараларын қолдану; салық салу жүйесін, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды салықтық-құқыктық реттеуге атсалысу; салықтық міндеттемелердің мүліктіксіз орындалуын қадағалау және қамтамасыз ету сипатында көрініс табады.
Мемлекет аумағындағы салықтарды белгілеу мына келесідей нысандағы құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады:
а) Парламент қабылдаған ҚР заңы;
ә) Президент шығарған ҚР заңы;
в) ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. Салықтарды белгілеу элементтеріне белгілеу субъектісі, белгілеу нысаны және белгілеу тәртібі жатады [6].
Салықтарды белгілеудің конституциялық қағидаттары мыналар: салықтарды белгілеу және жою кезіндегі өкімет билігінің заң шығару тармағының үстемдігі; салықтарды белгілеу кезінде заңдылықты сақтау; салықтық заңдардың конституцияға сәйкес болуы; салықтарды төлеу міндеттілігі; мемлекеттің салықтық қызметінің бұқаралылығы және жариялылығы болып табылады.
Салықтарды жоғары өкілді орган шығарған заңның негізінде тек мемлекет белгілейді және ол Қазақстан аумағында жүретін салықтарды енгізу және олардың төлеушілерін, салық салу объектісін, мөлшерлері мен төлеу мерзімін дөл көрсетеді. Салықтар белгілі кезеңде, яғни салық жылы ішінде салық салу объектісінен бір мәрте ғана алынады. Салықтарды белгілеу кезінде жеңілдіктер беру мәселелері қоса қарастырылады. Кейде, заңда көзделген жағдайда жергілікті міндетті төлемдерді алыну тәртібін, мөлшерін белгілеу жергілікті өкілді органдарға жүктеледі. Айта кететін тағы бір жәйт, салық салу объектілерін заңға негіздеп айқындау тек шаруашылық, көсіпкерлік қызметпен айналысатын, табыстары мен мүліктері және көрсететін қызметтері бар субъектілерге ғана қатысты болады.
Алымдарды белгілеу де мемлекет тарапынан, жоғарғы өкілді орган шығарған нормативтік құқықтық актінің негізінде жүзеге асырылады. Дәлірек айтсақ, алымдарды белгілеудің жалпы ҚР Парламенті айқындаса, ал олардың нақты әкімшілік-аумақтардың ерекшеліктері мен жай-күйлерін есепке ала отырып белгілеу ҚР немесе жергілікті өкілді органдар - Мәслихаттарға жүктелуі әбден мүмкін.
Баждарды белгілеу тек Парламент арқылы, ол қабылдаған заң неггізінде жүзеге асырылады. Баж алу объектілері мемлекеттің мамандырылған органдары көрсететін немесе жасайтын және басқа да маңызы бар белгілі бір қызметтер болып және сол қызметтерді пайдаланған заңды және жеке тұлғалар баж төлеушілер болып есептелінеді. Баждардың өзіне тән қасиеті ақылы болып келеді немесе біршама - баламалы деген термин қолданылады.
Салықтарды, алымдар мен баждарды, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдерді алуды тікелей салық органдарды жүзеге асырады. Салық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің облыстардағы, аудандардағы мемлекеттік салық органдарынан тұрады. Салықтарды алу, яғни төлеу заңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сондай-ақ салық органдарының нормативтік-құқықтық және нұсқаулық актілерінде көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық органдары салық төлеушілер мен салық салыынатын және салық салуға байланысты объектілердің есебін уақтылы алу нәтижесінде салықтық мерзімінде орындалуына жағдай туғызады.
Салықтық реттеу салық салу жүйесінде пайдаланылатын арнаулы тәсілдер мен әдістер арқылы құқықтық негізде жүзеге асырылады. Салықтық реттеу әдістеріне: салық шегерімдері, иивестициялық салықтық преференциялар, салық демалыстары (каникулы), салықтық рақымшылық ету, қосарлы салық салуға қол бермеу жөніндегі халықаралық шарттар, салықтық түсімдерді бюджетгер арасында бөлу, тиісті салық ставкаларын таңдау және белгілеу жатады және олар бюджеттік реттеу әдістерімен тікелей байланысты болады.
Ал салықтық ретгеу тәсілдері (стимулдары) жеңілдік беру және санкция қолдану жүйелері негізінде пайдаланылады.
Жеңілдік беру жүйесі: аванстық төлемдерді жою; берілген өтініш бойынша салықты төлеу мерзімін кейінге қалдыру; белгілі негіздерге қарай салықтық міндеттемелердің салмағын жеңілдету сияқты және т.б. әдістерден тұрады. Санкция қолдану жүйесінде қаржылық айыппұлдар, өсімақылар, салық берешегін мәжбүрлеп алу және әкімшілік айыппұлдар көрініс табады.
Салықтық бақылау әдісі - салықтық заңдардың атқарылуын, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін тексеру болып табылады.Салыктық тексеру жүргізуді тек салық органдары ғана жүзеге асырады. Кейбір занда көрсетілгсн жағдайда салық салу, салық қызметі саласын бақылау мемлекеттік арнайы уәкілетті органдарға жүктеледі. Қазіргі кезеңде тікелей салықтық бақылау жүргізетін салық органдарына мыналар: Қаржы министрлігі, Қаржы министрлігінің Салық комитеті және оның облыстардағы, аудандардағы, қалалар мен қалалық аудандардағы салық комитеті басқармалары жатады.
8.1 Қазақcтан Реcпубликаcында қолданылатын cалықтар мен баcқа да міндетті төлемдердің түрлері және олардың жіктелуі
Мемлекеттің салықтық құрылысы - мемлекеттің салық жүйесін құру негізіндегі ұйымдастыру - құқықтық және экономикалық-функционалдық принциптерді, салық жүйесінін негізгі функңияларын, салықтар мен салық нысанындағы міндетті төлемдердің түрлері мен топтастыру белгілерін, сондай-ақ оларды бюджеттер арасында бөлу тәртібін, салық жүйесін басқару әдістері мен басқару құрылымын және салық жүйесі барлық элементтерінің өзара байланыстарын айқындайтын салықтық құқықтық жалпы бөлімінің институты болып табылады [7].
Мемлекеттің салықтық құрылысын құру негізінде жатқан салық жүйесі мен салық салу принциптері ұйымдастыру - құқықтық және функционалдық сипаттағы салықтық құқықтық қатынастар болып табылады. Сонымен бірге, мемлекетгің салықтық құрылысына трансферттік және индикативтік қасиетгер де тән болады.
Салықтық құрылыс негізінде міндетті түрде кезінде салық салу жүйесінің классигі болған Адам Смит тұжырымдаған мына: Мемлекеттің тұрғындары өздерінің тапқан табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыруға атсалысуы тиіс. Олар төлейтін төлем - салықтың мөлшері ете дәл айқындалғаны дұрыс болады, сондай-ақ төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет. Салықты алу кезеңі мен уақыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуға тиіс. Сонымен қатар, әрбір салықтың салмағы халықтың қалтасын ойсыратып кетпей, мүмкіндігінше аздап алынуы қажет. Сонда мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерлеген межеден артық болмаса, кем түспейді деген қағидаларға қоса қазіргі заман және экономика талаптарына сай мына жөне т.б.: тұрақтылық; орнықтылық; икемділік; жүйенің бірыңғайлығы; қоғамдық, корпоративтік және жекелей мүдделер теңділігінің сақталуы; салық салу салмағының жеңілдетілуі; салықтың арзандылығы; қолайлылық; жалпыға ортақтылық; заңдылық сияқты принциптер жатады.
Сонымен қатар, салықтық құрылыстың құрылымдық элементтері ретінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің нақты түрлерінің жиынтығы, олардың салық салу базалары мен салықтық төлем сомаларын қалыптастыру тәсілдері, салықтық іс-қимылдарды жүзеге асыратын қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы, мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу, сот билігі органдары мен прокуратура және т.б. өздеріне тиесілі орындарын алатынын айта кетуіміз қажет.
Мемлекеттің салықтық құрылысының құқықтық тұрғыдан ұйымдастырылуы мемлекеттің салықтық құқығының мақсатты-бағдарлы әлеуетіне (күш-қуатына), мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізудің мақсатты-бағдарлы рұқсат беру және шектеу қою сияқты әрекеттеріне сүйенеді.
Мемлекеттің салықтық құрылысының ірге тасын қалау, салық салу жүйесін ұйымдастыру және оны іске басқару принциптері мемлекеттің салық саясатына сай саясаттың және мемлекеттің салықтық құқығы осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің салық жүйесі тікелей салықтары басым англосаксондық модель мен көбінесе жанама салықтарға бас иетін континетальдық модельдердің жиынтығынан тұратын аралас салық салудың құқықтық моделін көрсетеді.
Мемлекеттің салықтық құрылысының экономикалық-құндылық негізіне салықтар жүйесі түрінде құрылымданған тікелей, жанама, ресурстық мүліктік салықтар арқылы корпорациялар мен азаматтардың жиынтық табыстарын қоғамдандырудың императивтік нысанының жиынтығы болып табылатын мемлекеттің салық жүйесі жатады. Мемлекеттің салық жүйесінің стратегиялық және функционалдық күш-қуатының нақты әлеуметтік-экономикалық аямен үйлесімді әрі нәтижелі болуы осы жүйені салық төлеушілердің экономикалық жай-күйіне, салықты төлеу қабілеттілігіне және мемлекет шығыстарын тек қоғамдық маңыздылығы өте зор тұтыну аяларына бағыттау процестерін сапалы заңдарда нақты көздеп, белгілеу арқылы құруға байланысты болады.
Қазақстан Республикасындағы салықтар жүйесі (салықтар мен бюджетке төленетін өзге де төлемдерді түрлері мен жиынтығы) қазіргі кезде мынадай заң жүзінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіп негізінде көрініс тапқан: Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауы пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдары салығы.
9. Мүлік салығы[8].
Алымдар: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы. Аукциондардан алынатын алым. Елтаңбалық алым. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымы. Телевизия жене радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
Төлемақылар: Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы, Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы [9].
Кеден төлемдері: Кеден бажы; Кеден алымдары; Төлемақы; Алымдар.
Осы көрсетілеген салықтар мен бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Бюджет туралы ҚР кодексіне және т.б. РҚ заңдарына сәйкес Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында мына келесідей тәртіппен белгілі бір баланстар көзделіне отырып бөлінген:
І. Республикалық бюджеттің түсімдері: заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығы; Қазақстан Республикасы аумағында орындалған жұмыстарға көрсетілген қызметтерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында импортталынатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы; импортталынатын тауарларға және газ конденсатын қоса шикі мұнайға салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін үстеме пайда салығы;автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы жүріп өткені үшін алым; елтаңбалық алым;азаматгық әуе кемелері мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғы-ларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; телевизия және радиохабарларын тарату ұйымдарын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым; дәрі-дәрмек құраддарын мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы; республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаиы үшін төлемақы; жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы; республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы республикалық бюджеттің тұрақты бекітілген кірістері болып табылады.
II. Жергілікгі бюджеттің түсімдеріне: лотореялар ұйымдастыру және өткізу акцизі; жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; заңды және жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы; жер салығы, бірыңғай жер салығы; көлік құралдары салығы; жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігінде жергілікті бюджеттерге түсетін Қазақстан Республикасының үлесі; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; аукциондардан алынатын алым жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік жолдармен жүріп
өткені үшін алым; жылжымайтын мүлікке деген құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекетгік тіркегені үшін алым; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы: орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; жергілікті маңызы бір ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; жергілікті маңызы бар және елді мекендерде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы жатады.
III. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері: заңды тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс салығының; қосылған құн салығының; үстеме пайда салығының; бонустардың; роялтидің; жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу бөлігіндегі Қазақстан Республикасы-ның үлесінің артық түсірілген сомалары болып табылады.
Мемлекеттің салық жүйесі ретінде экономикалық-құқықтық және әдістемелік-функционаддық принциптері кешенін қаржылық-бөлу процестерінде іске асыру қызметімен тікелей айналысатын қаржылық және салықтық әкімшілік жүргізулеріне қажетгі әмірлі билік (императив) берілген уәкілетті мемлекеттік органдар көрініс табады. Сонымен қатар, мемлекеттің салық жүйесі егемен еліміздің нақты даму кеэеңдеріндегі экономикалық кеңістік пен мемлекеттік құрылыс процесінде және мемлекеттік басқару жүйесінде әр алуан қырларымен, әсіресе фискальдық реттеуші функциялары мен ерекшеленетін ұйымдық-құқықтық механизм болып саналады.
Салық салу (салықтар) жүйесі атқаратын өзіне тән ролі корпорациялық және жеке табыстарды фискальдық және реттеуші функциялар арқылы қайта болу кезінде айқын көрінеді.
Фискальдық функция:
1. мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының ең жоғарғы балансына қол жеткізу;
2. салықтық түсімдерді бюджеттер арасында бірқалыпты тең бөлу;
3. әлеуметтік инфрақұрылымдарды жоғарғы деңгейге көтеру;
4. ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, қорғаныс және мемлекеттік басқару салаларын қажетті мөлшерде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету сияқты түпкілікті мақсаттардың ойдағыдай орындалуын көздейді [10].
Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару деп, мемлекеттің салық салу жүйесінің аясында өздеріне тиесілі қызметтерін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың және салык әкімшілігін жүргізетін салық органдарының жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың салықтық іс-қимылдарының шеңбері мен тиісті өкілеттіліктерін белгілейтін салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институтын айтамыз [11].
Негізінде, мемлекеттік басқару атқару-өкім ету сипатындағы қызмет болып саналады. Мемлекеттік басқару кезінде күнделікті және тікелей басшылық ету арқылы шаруашылық, әлеуметтік, әкімшілік, саяси жене т.б. құрылыс аяларына ұйымдастырушы ықпал ету қызметі, яғни заңға сәйкес, өктем атқарушы қызмет жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің органдары мен мекемелеріне, қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағдар бағытта ықпал етеді. Оның өзіне тән мына келесідей ерекшеліктері болады:
Мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекеттің өзіне түседі. Мемлекет мемлекеттік - құқықтық, техникалық ұйымдастырушы және басқа да басқару құралдарына сүйене отырып қоғамды басқарушы қызметін атқарады; Мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады; Мемлекеттік басқару ғылыми негіздерге сүйенеді. Жоғарыда айтқанымыздай басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:
1. басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
2. басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
3. осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
4. оларға мемлекеттік-өктем сипаттағы қажетті өкілеттілік беріледі. Кейде барлық мемлекетгік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп сипатталады. Мемлекеттік ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асырылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар: Мемлекеттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері; Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру болғандықтан басқаруды кез-келген мемлекеттік орган емес, тек арнайы құралатын атқару және өкім ету органдары ғана жүзеге асырады;
Мемлекетгік басқару тек тиісті кәсіпорындар мен ұйымдарды, бірлестіктсрді басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық аялары мен түкпірлерінде, яғни талаптарына бағындыру қажеттілігі туындаған жерлерде атқарылатын қызмет болып саналады;
Мемлекеттік басқару ұйымдастырушы қызмет болып табылады;
Мемлекеттік баскару тар мағынада заңи-өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Мемлекеттік басқару мемлекетгік-өктем түрде жүзеге асырылатындықтан басқарушы субъекті мен басқарылушы субъектінің арасында өктем билік-бағыныштылық қатынастары туындайды; Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады. Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолданылады.
Қорыта келіп айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды тікелей атқару жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік-өктем, ұйымдастырушы қызмет.
Сонымен, басқару деп қоғамдағы қандай да болмасын процестерге мақсатты, ұйымдастырылған түрде ықпал (әсер) ету арқылы оларды белгіленген заңдылықтарға сөйкес келтіруде немесе сол процестерді жүйеленген, тиісті тәртіпке келтіруді айтамыз. Ал салық салу саласындағы басқару осы сала бойынша күткен нәтижеге қол жеткізу үшін белгіленген (анықталған) субъектіге жоспарланған, мақсатты түрде ықпалын тигізетін тәсілдер мен әдістердің жиынтығы болып табылады. Бұл саладағы басқару өз алдына, дербес және ерекше мемлекеттік басқару саласын қалыптастырмайды. Салық салу саласындағы басқару қаржылар саласындағы, дәлірек айтсақ, бюджет аясындағы басқару болып табылады.
Салық салу саласында нақты белгіленген басқару органдарының ерекше жүйесі жоқ болғандықтан осы салада қандай да болмасын, өзіне тиесілі қызметін атқаратын әртүрлі Уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың құзыреттерін айтуға болады.
Сонымен қатар, салық салу саласында барлық мемлекеттік аппарат жүйесі жұмыс істейтінін және олардың әрқайсысының салық қызметі жөніндегі қаржылық, салықтық құқық нормаларымен жүктелген құқықтары мен міндеттері бар екенін естен шығармауымыз қажет.
Бұл жерде басқару термині кең мағынада айтылады, яғни уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушы қызметі мен тиісті атқарушы-билікші қызметтерін бірдей қамтиды.
Салық салу саласындағы басқару салық механизмдері, яғни оның тұтқалары мен әдістері, ынталандырулары мен жауапкершілік шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Салық салу саласындағы басқару негізінде мына келесдей: жоспарлылық және тиімділік; салық мәселелеріне саяси тұрғыдан қарау; халық мүддесі мен мұқтаждығын есепке алу; негізде, яғни ғылым жетістіктерінің нәтижесіне сүйене басқару; барлық басқару жүйесі бойынша құқыктар мен міндеттерді дәл белгілеу және нақты жауапкершшк жүктеу; осы басқарудың барлық деңгейінің тиімді ұштастырылуы; заңдылық және жариялылық принциптері жатады [12].
Салық салу саласындағы басқару кезінде мынадай өзара тығыз байланысқан: бухгалтерлік, статистикалық ақпараттар; салықтарды басқаруды ұйымдастыру; салықтық жоспарлау және реттеу; салықтық бақылау сияқты элементтер пайдаланылады.
Салық салу жөніндегі ақпараттарды қажет уақытында, толығымен және шынайы түрде алу - салық процестерін тікелей басқаруды қамтамасыз етеді. Ақпараттар тікелей, бухгалтерлік іс статистикалық есептеулер арқылы алынады. Осы ақпараттар салықтық жоспарлауды ғылыми тұрғыдан негіздеуге айтарлықтай себін тигізеді.
Салық салуды ұйымдастыру деп, салықтық қатынастардың нысандарына қосып салық механизмін құруды және оның іске асырылуына жағдай туғызуды айтамыз.
Салық салу саласындағы барлық басқару органдарының көздейтін басты міңдеттеріне: нарықтық қатынастарға өтуге бағытталған бірыңғай салық саясатын жүргізу; халыққа салық салуды әлеуметтік жағдайларды ескере отырыпжүзеге асыру; салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы түсіп отыруын тиісті құқықтық құралдармен қамтамасыз ету; салық салуға және басқа да міндетті төлемдердің белгілеуге байланысты негізге алынатын принциптер мен нормаларды белгілеу жатады.
Сонымен, салық салу саласындағы басқаруды тікелей басқарушы қызметі ретінде түсінуімізге болмайды. Салық салу саласындағы басқару уәкілетті мемлекеттік органдардың осы салаға қатысты өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтері болып табылады.
Салық салу саласындағы басқаруға, тек салық органдары жүргізетін салық әкімшілігін жатқызуға болады. Демек, салықтар мен басқа да міндетті төлемдер нысанында бюджетке аударылатын ақша қаражаттарының тиісті бюджетке белгіленген мерзімінде және толығымен түсіп тұруын қадағалау, салық есебіне алу, салықтық тексеру жүргізу де салық салу саласындағы басқаруға жатады. Тағы бір мағынада, салық салу саласындағы басқару деп, салық қызметін мемлекет мүддесін көздей отырып жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жүиесін айта аламыз.- Өйткені, осы уәкілетті мемлекеттік органдар біруақытта басқару органдары болып табылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталардың бөлек отырысында бюджет, салық салу меселслерін әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта кезекпен қарау арқылы республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, сондай-ақ мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды. Қазақстан Республикасының Парламенті республикалық бюджетке, салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге қатысты негізгі принциптср мен нормаларды белгілейтін заңдар шығарады.
Тұжырым ретінде мынадай бірнеше пікір-көзқарастар мен жайларды қалыптастыруға болады:
Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару осы аядағы уәкілетті органдар мен салық органдарының қызмет багыттарын, мақсаттары мен міндеттерін айқындап, белгілеу және дәреже-деңгейлеріне қарай, көзделген нәтижеге қол жеткізу мақсатында сол мемлекеттік органдардың жүріс-тұрыстарына біржақты-өктем ықпал ету түріндегі ұйымдастырушы қызмет;
Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару мемлекеттің салық жүйесін, салықтық құрылысты ұйымдастыру, салық төлеушілер мсн уәкілетті мемлекетгік органдардың жүріп-тұруларын, салықтық тәртіптерін құқықтық және мемлекеттік реттеу жөніндегі біртұтас алғанда мемлекеттің немесе оның кездерде уәкілетті органдарының өктем-ықпалды іс-қимылдары;
Осы салада арнайы құзыретті салық органдары мен басқа да атқарушы билік органдарына қоса мемлекеттің айрықша субъектілері мен өкілді органдары да (Президент, Парламент, мәслихаттар) өздеріне тиесілі өкілеттіліктерін жүзеге асыратындықтан салық салу саласындағы мемлекеттік басқару кең мағынада түсіндіріледі;
Мемлекеттің салықтық қызметінің мәніне салыктық құқықтық қатынастар субъектілерінің өздеріне тән субъективтік құқықтары мен заңи міндеттерін атқаруларына қарай мемлекеттік басқарудың салық салу саласындағы мақсат-бағдарын айқындап, қалыптастыру жатады;
- Салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың мақсаты салық органдары мен салық төлсушілердің жүріс-тұрыстарына біржақты-өктем ықпал ету жолымен мемлекеттің салықтық қызметін ұтымды ұйымдастыру әрі тәртіпке келтіру және салықтық міндеттемелерін тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;
- салық салу саласындағы мемлекеттік басқаруға құқықтық қызметтерін мемлекет атынан жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесін ұйымдастыру жатады. Осы басқарудың нәтижесі ретінде уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтерінің көздеген мақсаттарына-салықтар мен басқа міндетті төлемдер есебінен мемлекеттік бюджеттің құқықтық кірісін қалыптастыруды айтуға болады;
- салық салу саласындағы мемлекеттік басқарудың мәні мемлекеттік салық әкімшілігін жүргізу болып табылады және олар бір-бірімен біте қайнасып, өзара тығыз байланысқан.
Сонымен салықтық қызметтің басты бағыты бюджетке салықтарды жұмылдыру арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру болып табылады[8, 426-бап].
Осыған орай, мемлекеттік салықтық басқару аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мынадай құзыреттері белгіленген:
Өзіне жүктелгеи міндетгер мен функцияларды жүзеге асыру үшін Салық комитетінің: заңды (ерекше жұмыс режимі бар заңды тұлғаларды қоса алғанда) және жеке тұлғаларда ұсынылған ұйғарымдардың негізінде барлық ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептілікке, сметаларға, қолда бар ақшаға, бағалы қағаздарға және басқа да құдылықтарға, есеп айырысуларға, декларацияларға және салықты, бюджетке төленетін басқа да төлемдерді және мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелерді есептеуге және төлеуге байланысты өзге құжаттарға Қазақстан Республикасының зандарына сай тәртіп пен шарттар бойынша тексеру жүргізуге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен, сондай-ақ азаматтардан аталған тексерулердің барысында туындаған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға; өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде ұйымдар мен азаматтардың кіріс алу үшін пайдаланылатын не салық салу объектілерін ұстауға байланысты өндірістік, қойма, сауда және өзге де үй-жайларын орналасқан жеріне қарамастан, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып тексеруге; ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің түсуін көздейтін салық заңдарының және басқа да заң актілерін бұзушылықтарды жою туралы орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылауға; заңдарда көзделген жағдайларда банктік шоттарға салық,айыппұл, өсім және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелері сомаларын алуға инкассалық тапсырмалар (өкімдер) беруге; салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қолданылып жүрген заңдарда көзделген санкциялар мен айыппұлдарды қолдануға; белгіленген мерзімде салықты және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді, айыппұлдарды және өсімді төлемеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруға; сауда және басқа да ұйымдарда, жеке кәсіпкерлерде тауарларды (өнімдерді), ұсынылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулерін бақылаулық сатып алуларын жүргізуге; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жазбаша сұрау салудың негізінде тек қызметтік мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден жөне банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан, биржалардан және азаматтардан тексеріліп отырған ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, банк шоттарындағы операциялары және ақша жағдайы туралы мәліметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға; тексерулер мен сараптамалар жүргізуге ұйымдардың білікті мамандарын, басқа бақылау органдарының қызметкерлерін салық органдарының қаражаты есебінен ақы төлей отырып тартуға; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдар мен азаматтарға салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлеу бойынша мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат беруге; аумақтық салық комитеттерінің шешімдері қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеген жағдайда олардың күшін жоюға немесе тоқтатуға құқылы.
Бұл жерден мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субъектісі екенін ескерсек, оның қызмет аясы тек қана өз ақшалай мәселелерін шешіп қоймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрылы-мын құруға бағытталғанын байқаймыз.
Мемлекетіміздің қазіргі нарықтық даму жағдайындағы салық салу саласындағы басқаруы оның салықтық құқығының маңызды элементі болып табылады.
Осы саладағы салықтардың қоғамдандырылған ақшалай ағымын басқару жүйесі мына келесідей көрініс табады:
-салық жүйесі корпорациялық және жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ салықтық-бюджеттік аялары субъектілерінің құқықтық қатынастарының кешені болғандықтан бірмезгілде басқарушы және басқарылушы жүйелер болып табылады;
- салық салу аясын басқару механизміне халықаралық және отандық басқаруда кеңінен пайдалынылатыи тәсілдерді енгізу салықтық төлем сомаларының ағымдарын айтарлықтай деңгейде басқаруды қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік қаржылар мен корпорациялық қаржылар аясының субъектілері арасында экономикалық тұрғыдан негізделген және өзара анықталып, нақтыландырылған қарым-қатынастарды біртіндеп қалыптастыруды жүзеге асырады;
-фискальдық мониторинг жүргізу нәтижесінде салық жеңілдіктері мен кредиттерінің тиімді механизмін қалыптастыруға, фиссальдық жүйедегі жалпы салық режимін қадағалауға және салықтық басқарудың басқа да тәсілдерін ұтымды пайдалануға қол жеткізіледі;
-салықтық басқару нәтижесінде мемлекеттің жиынтық қаржылық балансын - Республикалық бюджетті әзірлеуге қажетті өте тыңғылықты ақпараттық база айтарлықтай деңгейде қалыптастырылады.
Мемлекет тарапынан салық салу процесінде пайдаланылатын салықтық ынталандыру әдістері (инвестициялық салық преференциялары, нарықтық дамудың нақтылы кезеңдерінде мемлекетке қажетті экономикалық секторларға берілетін салық жеңілдіктері) қоғамның экономикалық дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Салықтық ынталандырма құрамында инвестициялық жеңілдіктер мен инвестициялық кредиттер болады. Салықтық ынталандыру негізінде: салық, жеңілдіктерін беру әдістерінің экономикалық сипаты; салық жеңілдіктерінің өндіріс тиімділігін арттыруға, бюджеттердің салықтық кірістерінің өсуіне бағытталуы; салық жеңілдіктерінің екілді және заң шығарушы билік тарапынан бекітілуі; салық жеқілдіктерін қолдану борысында қоғамдық-мемлекеттік, корпоративтік және жекелей экономикалық-қаржылык мүдделердің ескерілуі; салық жеңілдіктерінің экономикалық негізделуі: инвестицияларды салықтық ынталандыру жүйесінің ұдайы өндіріспен байланыстырылуы; инвестициялық салықтық преференциялардын мемлекеттің әлеуметтік мақсатталған инвестициялық бағдарламалары неғізінде берілуі; салык жеңілдіктерінің бірінші кезекте экспорттық өндіріс аяларына бағдарлануы; салық жеңілдіктеріне байланысты мемлекет тарапынан берілетін арнаулы қүқықтық кепілдіктің үзақ мерзімді және орнықты сипаты сияқты және т.б. принциптер жатады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінін, 138-140-баптарында инвестициялық салық преференцияларын берудің мән-жайлары белгіленген.
Казакстандағы салық, салу ауқымында, заң жүзінде көзделген ннвестицияық салык преференциялары негізінен корпорациялық табыс салығы, жер салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша отандық ендіріс салаларында мемлекеттік инвестициялық бағдарлама шеңберінде тіркелген активтерді жаңадан пайдалануға енгізетін және беретін салық төлеуші занды тұлғаларға және т.б. қолданылады.
Нарықтық экономиканың даму ауқымындағы салық салу аясы Заңды түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz