Атыс қаруы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 АТЫС ҚАРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Әскери қарудың пайда болуы мен тарихи дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Атыс қарудың түсінігі мен кертікті атыс қарудың құрылысы ... ... ... ... 11
2 АТЫС ҚАРУДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ ... ... .. 15
2.1 Атыс қарулардың жіктелінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Қаруды, оқ.дәріні, жарылғыш заттар және жарғыш құрылғыларды қолданумен байланысты оқиға болған жерді қараудың түсінігі, мағынасы және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
16
2.3 Тегіс ұңғылы қарулардың жіктелінуі және құрылысы ... ... ... ... ... ... .. 31
3 СОТ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА МЕН ДИАГНОСТИКА.. 40
3.1 Сот баллистикалық сараптамадағы диагностикалық зерттеулер ... ... .. 40
3.2 Қолдан жасалған қаруларды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 61

Бұл дипломдық жұмыста тікелей атыс қарулар, олардың қылмыста қолданылуы мен олардың белгілері арқылы қылмысты ашу амалдары корсетілген. Бірінші бөлімінде көріп отырғанымыздай жалпы атыс қарулардың пайда болу тарихы ашылып корсетілген. Мұны қозғаған себебім, заттың құрылысын зерттеу алдында оның пайда болу тарихымен танысқан жөн.
Бірінші бөлімде сонымен қатар, атыс қарудың түсінігі мен кертікті атыс қарудың құрылысы және кертіктердің ату барысындағы әсерінің маңыздылығы туралы айтылған. Олардың калибрін анықтау амалдары да көрсетілген.
Екінші бөлімде көріп отырғанымыздай атыс қарулар сегіз топқа бөлінеді, нақты айтқанда: бағытталған мақсаты, автоматтандыру деңгейі, патронның сыйымдылығы, ұңғы саны, калибрі, ұңғы құрылысы, ату сипаты, жасалу тәсілі бойынша жіктелінеді. Бұл бөлімде тегіс ұңғылы атыс қарулар туралы да айтылып кетілген [1 ].

1 Қазақстан Республикансының Конституциясы. - Алматы: Жеті-жарғы, 2013. – 91 б.
2 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: ЖШС Издательство «Норма К», 2012. – 188б.
3 Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамура, 2003. - 260 б.
4 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
5 Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру қызметі туралы заңы. – Алматы: Жеті-жарғы, 2013. – 140 б.
6 Кудешова И.П. Исследование порохов в судебно-баллистической экспертизе. // Обзорная информация. – М.: ВПИИСЭ, 1988. – 270 с.
7 Жук А.Б. Энциклопедия стрелкового оружия. – М.: Военное издательство, 1990.- 120 с.
8 Жук А.Б. Револьверы и пистолеты. 2-ое издание. – М.: Военное издательство, 1990. – 86с.
9 Қазақстан Республикасының кейбір қаруларға байланысты мемлекеттік бақылау туралы Заңы. – Алматы: Жеті-жарғы, 2013. 91 б.
10 Қылмыстық іс жүргіземін десең... (қылмыстық іс жүргізу пәні бойынша тәжірибе сабақтарына арналған тапсырмалар мен құжат үлгілерінің жинағы). – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2004. – 72 б.
11 Шляхов А.Р. Судебная экспертиза. Организация и проведение. – М.: Юрид. лит., 1979 -120 с.
12 Гинзбург А.Я., Поврезнюк Г.И., Калинин А.В. Справочник следователя. М.: Юрид. лит., 1998 - 189 с.
13 Блюм М.М.,Шишкин И.Б. Охотничье ружье – М., 1994. – 254 с.
14 Автоматические пистолеты и следы их на пулях и гильзах:Судебно-баллистически справочник/ сост. Дворянскии И.А. – М., 1т. 1972 – 48 с.
15 Тихонов Е.Н. Судебно-баллистическая экспертиза. – Барнаул, 1979 – 89 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1 АТЫС ҚАРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
6
1.1 Әскери қарудың пайда болуы мен тарихи дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
6
1.2 Атыс қарудың түсінігі мен кертікті атыс қарудың құрылысы ... ... ... ...
11
2 АТЫС ҚАРУДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЖІКТЕЛУІ ... ... ..
15
2.1 Атыс қарулардың жіктелінуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.2 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар және жарғыш құрылғыларды қолданумен байланысты оқиға болған жерді қараудың түсінігі, мағынасы және міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
2.3 Тегіс ұңғылы қарулардың жіктелінуі және құрылысы ... ... ... ... ... ... ..
31
3 СОТ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ САРАПТАМА МЕН ДИАГНОСТИКА..
40
3.1 Сот баллистикалық сараптамадағы диагностикалық зерттеулер ... ... ..
40
3.2 Қолдан жасалған қаруларды зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
56
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
61
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыста тікелей атыс қарулар, олардың қылмыста қолданылуы мен олардың белгілері арқылы қылмысты ашу амалдары корсетілген. Бірінші бөлімінде көріп отырғанымыздай жалпы атыс қарулардың пайда болу тарихы ашылып корсетілген. Мұны қозғаған себебім, заттың құрылысын зерттеу алдында оның пайда болу тарихымен танысқан жөн.
Бірінші бөлімде сонымен қатар, атыс қарудың түсінігі мен кертікті атыс қарудың құрылысы және кертіктердің ату барысындағы әсерінің маңыздылығы туралы айтылған. Олардың калибрін анықтау амалдары да көрсетілген.
Екінші бөлімде көріп отырғанымыздай атыс қарулар сегіз топқа бөлінеді, нақты айтқанда: бағытталған мақсаты, автоматтандыру деңгейі, патронның сыйымдылығы, ұңғы саны, калибрі, ұңғы құрылысы, ату сипаты, жасалу тәсілі бойынша жіктелінеді. Бұл бөлімде тегіс ұңғылы атыс қарулар туралы да айтылып кетілген [1 ].
Және қорытындылай үшінші бөлімге келетін болсақ бұл жерде сот баллистикалық сараптамадағы диагностикалық зерттеулер мен қолдан жасалынған атыс қаруларға байланысты зерттеулер көрсетіліп ктілген. Нақтырақ айтқанда, криминалистикалық ұғымда сарапшы-баллист қарудың жарамдылығын анықтау барысында, өзінің арнайы білімі шеңберінде, белгілі модельдің техникалық құжаттарын ескере отырып қарудың техникалық жағдайын зерттейтіндігі. Сонымен қатар, сот - баллистиканың үлкен тәжірибесіне қарамастан, қылмыспен күресте қолдан жасалған қаруларға байланысты қанағаттандырарлық шешім табылмағандығы, заңда қолдан жасалған қарудың түсінігі, оны сипаттайтын критерийлері де берілмегендігі, көбіне тәжірибеде жалпы атыс қаруға жататын критерийлерге сүйене отырып қорытындыларын шығаратындығы туралы айтылып кетілген. Демек бұл саладағы мәселе толық шешілмегендігі корсетілген.
Қазіргі заманғы криминогендік жағдайдың өсуі тікелей қарудың заңсыз айналымымен және қаруды қолданып жасайтын қылмыстарыдың өсуімен байланысты.
Қарудың заңсыз айналымымен күресу ішкі істер органдарының маңызды бір мәселесі болып отыр. Бұл қылмыстар тек мемлекетке шығын келтіріп қоймай, сондай-ақ қоғам үшін өте қауіпті. [2 ].
Тәжірибеден көріп отырғанымыздай ауыр қылмыстар көбіне ұрланған атыс қарулармен жасалынады. Тәртіп бойынша сот-тергеу тәжіибесінде өте маңызды болып табылатын және сотта не тергеу барысында туындайтын сұрақтарды шешу үшін - сот-баллистикалық сараптама тағайындалады.
Соңғы он жылдың ішінде қоғамымызда қарумен байланысты қылмыстар өсуде. Бұл әсіресе 1997 жылы көзге түсті. Осы жылы атыс қарумен байланысты он алты мың қылмыстар тіркелді.
Дипломдық жұмыс үш бөлімге бөлінді. Бірінші бөлімінде атыс қарудың жалпы тарихына тоқтатылып кеттім, мұнда оқ-дәрінің пайда болуы және осының арқасында бірте-бірте атыс қарудың ойлап табылуы айтылған. Және де осы атыс қарулардың дамуы мен осыған септігін тигізген адамдар жайлы қысқаша айтылған.
Осы бөлімнің екінші тармақшасында тікелей атыс қарудың түсінігі ашылған және кертікті атыс қарудың құрылысы жайлы мәліметтер еңгізілді. Демек, атыс қару - жаудың тірі және материалдық-техникаға: физикалық, химиялық немесе биологиялық әсерімен жоятын не қызметтен шығаратын жабылу және қорғану құрылғысы екені айтылып кетілген.
Атыс қарудың түсінігі, сонымен қатар Кейбір қарулардың айналымына мемлекеттік бақылауң Заңында: оқтың, снарядтың, гранатаның ұңғыдан оқ-дәрі немесе басқа да энергияның әсерінен лақтырылатын қару - атыс қару болып табылады деп айтылған [3, 56 б.].
Екінші бөлімде атыс қарулардың жіктелінуі ғана емес, сонымен қатар қылмыс жасауда кеңінен қолданылатын тегіс ұңғылы қарулардың жіктелінуі және құрылысы көрсетілген. Қол атыс қарулары өзінің көптілігіне байланысты әр түрлі қасиеттеріне қарай келесідей жіктелінеді: шығу тегі, түрі, қолданылуы, оқталу түрі, қолданылатын патрондар, ұңғының ұзындығы, снаряд түрі, конструкциясы, моделі бойынша және т.б. Бұл жіктеліну тікелей конструкциялық ерекшеліктерге байланысты екені көрсетілген.
Үшінші бөлімде сот баллистикалық сараптамадағы диагностикалық зерттеулерменен қоса қолдан жасалынған атыс қарулар туралы айтылып кетілген. Криминалистикалық баллистика атыс қаруын; оны жасау үшін қолданылатын құрал саймандар мен материалдарды; оқ пен оның жабдықтарын; сондай-ақ снарядтың іздері қалған және оқ атқанда қалған күйенің, оқ-дәрінің жанбаған бөлшектерінің, темір мен май бөлшектерінің іздері бар обьектілерді зерттейтіндігі, сонымен қатар криминалистикалық баллистика оқ-дәрі газдарының қуаты (энергиясы) негізінде жасалған атыс құралдарын да қарастыратыны жайлы айтылған. Бұл құралдар арнайы заттарды шашу (газды тапанша, алтыатар), белгі беру үшін (ракетница, түтін шашкасы), құрылыс жүргізу үшін (құрылыстық-монтаждық тапанша) қолданылады. Криминалистикалық баллистика объектісіне көмекші құрал ретіндегі, яғни жарық, белгі беретін, атысты жасағанситын оқ-дәрілер де жататындығы да көрсетілген [4 ].
Кез келген тергеу әрекеттерін жүргізудің негізі - дәлелдемелер жинау болып табылады. Ал, дәлелдеме дегеніміз заңды жолмен алынған тексеріліп жатқан оқиғаға байланысты фактілік мәліметтер. Қандай да болмасын қылмыстық іс бойынша алғашқы кезеңде тергеушімен ең көп осындай дәлелдемелер жиналатын әрекет қылмыс жасалған орынды қарау.
Тергеудің нәтижелері оның криминалистикалық жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалисттер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Тергеулік қарау негіздері Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген. Атыс қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар және жарғыш құрылғыларды қолданып жасалған оқиға болған жерді қарау кейде кұрылымдық элементтер ретінде тергеу қарауының барлық басқа түрлерін де қамтиды. Оқиға орнында әр түрлі заттар, құжаттар, жәбірленушілердің мәйітгері және атыс қарулары табылып жатады. Орынның өзі мекенжай учаскесі, не тұрғын жер болады. Бұл жағдайда оның жабдықтарын құрайтын бүкіл объектілерге қарай бір тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізіледі.
Қаралып жатқан объектілерді ұстай білудің криминалистикалық ережелерін сақтап қарау - қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөлуді; мамандар білімін, мәселен, жару технигінің, радиоактивті материалдармен жұмыс істейтін маманның білімін пайдалануды; жарылғыш заттарды табу үшін қарауға іздеуші итімен бірге кинологты уақытында қарастыруды; криминалисикалық тәсілдер мен әдістерді сауатты қолдануды көздейді.
Жетуі қиын және тиісті байланыс құралдары жоқ жерде қарау, сонымен қатар оны жүргізу адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, карау куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі де, ол туралы хатгамада көрсетіледі.
Оқиға болған жерді қарау қылмыс іздерін басқа да затгай дәлелдемелерді табу мақсатымен, оның жасалу жағдайын және қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Сот баллистикасы - атыс қаруларды, олардың оқ дәрілерін және атыс іздерін зерттейтін криминалистикалық техниканың бір саласы.
Сот баллистикалық сараптама пәніне келесілер: заттың атыс қаруына (оқ-дәріге) жатқызылуын; қарудың түзеулі не түзеулі еместігін және атыс жүргізуге жарамдылығын; түрін, моделін, қару калибрін, сәйкестендіретін белгілерді; бөліктердің белгілі бір қару түріне жатқызылатындығын; әрекеттің үзіндісін және т. б. анықтау кіреді.
Сонымен қатар қазіргі замаңғы қарулардың әр түрлі ақауларын зерттеу және оларды жою жолдары келтірілген.
Бұл жұмыстың мақсаты қарудың түсінігін, жүйесін, атыс қарудың құрылымын, оқ-дәрілерді, атыс қаруды зерттеудің әдістерін қарастырып ашу.
1 АТЫС ҚАРУДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1 Әскери қарудың пайда болуы мен даму тарихы
Әскери бағытының дамуы бұрыннан келе жатқан құбылыс. Бұған әсер тигізген адамзаттың басқа қалаларды, елдерді басып алу мақсаты. Қақтығыстар мен ғылыми-техникалық прогресс атыс қарудың тарихын туғызды.
Атыс қарулардың бастамасын әр түрлі қоспалардың пайда болуы әсерін тигізді. Ол замаңғы қоспалар ұзақ уақытқа дейін сақталды, бірақ ұшқын немесе от сәулесінің әсерінен жарылған. Мұндай қоспаны қара оқ-дәрі деп атаған. Әр кезеңде және мемлекетте мұндай қоспа кем дегенде оншақты рет ойлап табылды. Тұңғыш рет оқ-дәрі Қытай мен Үндістанда пайда болуы мүмкін, өйткені тарихта бұл жайлы еш нәрсе айтылмаған.
Болжам ретінде келесіні келтіруге болады: алғашқы ол селитра бөлінуі орын алған солтүстік Африкада пайда болды. Малшылар от жаққан, одан көмір қалдықтары қалған. Жамбыр жерді сулатып селитраны еріткен, осымен еріген селитра көмірге сіңген. Осы табиғи процесс нәтижесінде-кәдімгі оқ-дәрі пайда болды. От қалдықтарын қайта жағуға оқталған сәтте, кәдімгі оқ дәрінің жарылуына әкеліп соққан.Осы ғайыпқа біреулер назар аударған. Бұл болжамға сәйкес оқ дәрі пайда болды делінеді.
Қара оқ-дәріні тринитротолуолмен салыстырғанда жарылғыш зат болып табылмайды. Оқ-дәрінің жарылуы тек температура тез өскенде, демек оттегінің толық босатылғанына дейін реакция экспонентті түрде өрбіген жағдайда ғана туады. Оқ-дәріні жаруды бірден үйренген жоқ. Көп уақыт бойы оны пиротехникалық құрам мен жағу қоспада қолданылды. Тарихта белгілі грек отың қарсыласқа көбіне моральдік әсерін тигізген. Оның құрамына мұнай, күкірт және селитра қоспалары кірген [5 ].
Орта ғасырда Европадағы қара оқ дәрі қазіргі таңда белгілі оқ дәрінің құрамына жақын (75% калий күкірті, 15% көмір, 10% күкірт). Бұл оқ дәрінің түрі шамамен 1260-1280 ж.ж. орта ғасыр ғұлама және жан-жақты неміс ғалымы Ұлы Альбертпен (Аьбертус Магнуспен) жалпы қолданысқа енгізілді. Басқа мәліметтер бойынша оқ-дәріні ағылшын фәлсафашы Роджер Беконмен 1267 ж. немесе неміс монахы Бертольд Шварцпен 1259-1320 ж.ж. аралығында зерттелінді.
Оқ-дәрінің шығуы біздің тарихымызда елеулі орын алатынына ешбір күмән жоқ. Оның қоғамға маңыздылығы өте зор, оқ-дәрінің ойлап табылуы - жылу қозғалтқышына бастама болды. Дами келе ол металлургия, химия және басқа да ғылымдардың дамуына түрткі болды.
Алғашқы атыс қару флорентина құжаттарына сәйкес 1326 ж. ойлап табылды. Сонымен қатар басқа құжаттарға сәйкес, бұдан бұрын 1241 ж. атыс қаруды моңғолдар қолданылды деген деректер бар. 1346 ж. Крессия қақтығысында Б.Шварц алғашқы рет алаң майданында зенбіректерді қолданды, бұл француз әскерінің құлдырауына әкеп соқты. Шығыс пен батысқа қарағанда Ресей мен Қазақстанда атыс қару кешірек пайда болды.
Бірінші атыс қарулар ағаштан жасалынған және олар екі темір шеңбермен қосылған күбіден дайындалған. Талдың түбірінің өзегін алып тастау арқылы жасалынған қаулар да болған. Кейін темірден және қоладан құйылған қарулар кеңінен қолданылды. Мұндай қарулар қазіргі терминологияға сәйкес зеңбірек деп аталынды. Олар ірі және ауыр болатын, ағаштан жасалынатын арнайы арбаларға, ал кейбір жағдайда арнайы тұрғызылған кірпіш қабырғасына орнатылатын. Олардың калибрі бірнеше сантиметрден метрге дейін және одан ірі болатын. Қарудың қасиеттері төмен, бірақ психологиялық әсері өте жоғары. Ең алғашқы қол атыс қаруы XІІ ғ. Арабтарда пайда болды, ол модфа деп аталынды. Модфа қысқа ағашқа орнатылған темір қауыздан тұрды. Қарудан ату аяқшалардан жүзеге асырылды. Европада қол атыс қаруы шамамен 1360-1390 ж.ж. пайда болды, ал 1425 ж. гуситң шайқасында кеңінен қолданылды. Қол атыс қаруының әскер басшылары Петринальдер деп аталынды. Қару өзімен бірге ұзын ағашқа орнатылған ірі калибрлі қысқа қауыздан тұрған. Бұл қарудан тек дене бітімі жақсы дамыған адам ғана ата алатын, өйткені ату барысында кері әсер өте жоғары болатын [6, 58 б. ].
XV ғ-дың орта-аяғында қолданылуы қолайлы АРКЕБУЗ немесе КУЛЕВРИН деп аталынатын қарулар пайда болды. Аркебуз - приклад тәріздес болып келеді, оны қолтық астына қысып немесе иыққа қойып арбалеттен атқандай атады.
Оқтау бөлімі жоғарғы жағында орналасқан, кейін ол қауыздың жанына, ал соңында оқ дәріні арнайы себетін бөлікте орналастырылды. Аркебузадан ату арнайы аяқшалардан жүргізілді, сонымен қатар бір адам қаруды бағыттайды, ал екіншісі оқтау бөліміне пілтені жақындатқан. Кейін аркебуза жеңілдетілді, бұл бір адаммен атуға қолайлы жағдай туғызды.
Аркебуздың ату қуаты үлкен болған жоқ, арбалет оған қарағанда өзінің күшімен, дәлдігімен және қайта оқтау жылдамдығымен қолайлы болды. Сондықтан оның калибрі, оғының салмағы және оқ-дәрінің заряды көбейтілді. Бұл оның ауырлығына әкеп соғып, мушкет деген атауына ие болды. Мушкеттің салмағы 6-8 кг, ұзындығы шамамен 1,5 м, калибрі 20-22 мм, оқтың салмағы 40-50 г, оқ-дәрі зарядының массасы 20-25 г, ату барысында кері әсері өте жоғары болды. Сондықтан мушкетерлер ұзын бойлы, қажетті күшке ие сарбаздар болатын. Кері әсерді кішірейту мақсатында мушкетер мушкеттің прикладын арнайы оң иығына салып жүретін жастыққа тірейтін. Мушкет 80 м қашықтыққа дейін өзінің көздеген затына тура тиеді, жұқа темірді 200 м дейінгі қашықтықта тесіп, 600 м дейін жарақат салады. Жақын қашықтықта түсіретін жарақаты калибрдің ірі болуына байланысты өте ауыр болатын. Денеге түсірген жарақат көп жағдайда өлімге дейін әкелген. Мушкеттен бір минут ішінде екі рет атуға болатын. Бұл уақыт ішінде садақшы 10 жебе жіберген, бірақ мушкеттің жылдамдығы садақ пен арбалеттен анағұрлым жоғары болған [7, 66 б. ].
XV-XVІ ғ. шақпақты дөңгелекті құлып ойлап табылды. Бұл құрылғыда тұндыратын ұшқын шақпақтың үйкелуінен пайда болды. Бұл өнертабыс ортағасырдың ғұлама ғалымы Леонардо да Винчиге жатады. Конструкциялық өнертабыстың жасалуы неміс ғалымдары Вольф Доннер, Иоганн Кинфусс және голландық Эттаруге жатады.
Дөңгелекті құлыптың ойлап табылуы, қол атыс қарудың дамуына үлкен үлес қосты. Өйткені оқ-дәрінің тұтануы әр түрлі табиғи жағдайларына байланысты болған жоқ. Мысалы, жамбыр, жел, ылғал, әсерінен пільте көмегімен тұтанатын қарулар көп жағдайда атылмайтын.
Дөңгелекті құлыптың пайда болғаннан кейін немістікң деп аталынған көлемі жағынан кішкентай мылтықтардыңң жасалуына да үлес қосты. Ол кейін Пистой қаласында тұрған итальян ғалымы Камилло Ветелли ойлап табуына байланысты Пистолетң деп аталынды. Мұның алдында қысқартылған мылтықтар болған, олар мушкетондар деп аталынды. Бірақ пілтелі тұтандырғышты пайдалануына байланысты бір қолмен қолдануға ыңғайсыз болған. Өйткені екінші қол әр уақытта шайқаста керек болған.
1948 ж. австралиялық қару қол өнершісі Гаспар Цольнер тұңғыш рет өзінің мылтықтарында тік ойындарды қолданылған. Кейінірек ол Августин Коттермен және Вольфом Доннермен бірге айналмалы ойындарды қолданды. Өйткені қалыптандыратын айналу әсері анағұрлым мылтықтың көрсеткіштерін жоғарлатқан [8, 132б.].
1504 ж. испандықтарда шақпақты құлып пайда болды. Оқ-дәрінің тұтануы шүріппенің ернінде орналасқан шақпақтың шойын оттықтың үстінен ұруынан пайда болды. Шүріппеге қуат алдын-ала қысылған перен серіппе береді. Алғашқы рет шақпақты құлып арабтар мен түріктерде ойлап табылған деп есептелінеді.
Европада тұңғыш рет шақпақты құлыпты - испандық ағайындылар Симон мен Педро Маркуарте шығара бастаған, мұндай құлыптар испано-мавритандық деп аталынды. Кейінірек немістермен жетілдірілген шақпақты құлып пен дөңгелекті құлып - немістік деп аталынды.
Пілтелі қаруларға қарағанда дөңгелекті және шақпақты құлыптар атыс қарулардың ату жылдамдылығын анағұрлым жоғарлатты. Білікті атушылар 5-6 мин. ішінде 6 атыс, ал айлалы шеберлер 4 мин. ішінде жасайтын [9 ].
XVІІ ғасырдың төртінші жартысында бірнеше маңызды өнертабыстар жасалынды. Оқ-дәріні тазартуды, дәндеуді және қырнауды үйренген. Бұның алдында ұнтақтан домалатып жасалынған, бірақ мұндай дәрілер бір қалыпты жанбайтын. Сол себепті бұл тек зеңбіректе қолданылатын, ал мылтықтарға жарамсыз болып табылды. Дәнектер мылтықты тез және қолайлы оқтауға мүмкіндік берген. Ұнтақ болса оқпанның қабырғаларына жабысып қалатын. Бұның өзінде де оқпан қабырғаларында тотты кір, жанбай қалған оқ-дәрі және қорғасынның қалдықтары тұрып қалатын. (Мұнымен - оқпанды абровизбен тазарту арқылы күресетін, бірақ мұндай әдіс оқпанның ішкі қабырғаларын кеңейтіп, калибірін үлкейтетін). Дәндер болса қазыналық бөлікке оңай домалайтын. Сонымен қатар қырнау барысында (бір-біріне үйкесу нәтижесінде) дәндердің беті қаттыланып және суланбайтын қасиетке ие болған. Ұнтақ тәрізді оқ-дәрі тез суланатын, әр дайым кептіруді және қыздыруды қажет ететін. Мұндай оқ-дәрі 3 жыл ішінде өңдеуге жарамсыз болып бұзылатын, ал дәнді оқ-дәрі қоймаларда 60 жылға дейін сақталатын.
XІІІ ғ. 30 жылдарында Испанияда тұңғыш рет оқтауды тездететін оқпанды патрон ойлап табылды. Бірінші көп оқталатын қару XV ғ. пайда болды. 1480-1560 ж. француздерге және немістерге жатқызылатын төрт атар барабанды аркебуздар болған. Осы уақытта бірнеше құлыптармен немесе айналатын оқпандарға бір ортақ құлыпты көп оқпанды мылтықтар белгілі.
Жоғарыда аталған өнертабыстарды енгізгеннен кейін атыс қарудың дамуы тоқтатылып қалды. Бұл ретте оқпанның сапасы жақсартылып отырды, бірақ атыс қарудың жылдамдығын, ыңғайлығын, атыс дәлдігі мен алыстығын жақсартатын өнертабыстар XІX ғ. басына дейін болған емес. Әскери мылтық ретінде тік оқпанды оқпаннан оқталатын шақпақты ұру құлыпты мылтықтар қолданылған. Аңшылық мылтықтардың үлгілері - екі оқпанды болған. Тапаншалар сол қалыпты оқпаннан оқталатын, бір оқпанды, кейбір жағдайларда көп оқпанды болатын және мылтықтар тәріздес сол кезде қолданылған шақпақты құлыптармен қамтамасыз етілген. Механикамен көп оқталатын мылтықтардың қағидалары берілген, кейбір бөліктері автоматты түрде жұмыс істейтін қол қарулардың жүйесі белгілі. Қарудың дамуын шақпақты жүйе тоқтатып тұрған. Қарулардың құрамы толықтай қолданылған, сыртқы күй ешнәрсені өзгерте алмады, бұл ретте жаңа конструкциялар қажет болды. Ол XІX ғ. басында химия ғылымының дамуына байланысты пайда болды [10, 25 б.].
1788 ж. француз ғалымы Клорд-Луи Бертоллемен ойлап табылған тұз ашылды. Бертолетте тұзының құрамы калий хлоратынан тұрды. Бұл тұз күкірт, көмір немесе сурьмамен қоспасында ұру не қажалу барысында жарылу қасиетіне ие болған. Мұндай қоспалар күркіреу сынаппен бірге (сынап фульминаты) бірінші ұру құрамалар болды. Бұл 1774 ж. Францияның бас дәрігері Байенмен, ал кейбір мәліметтерге қарағанда 1788-1799 ж.ж. Эдвард Говардпен ашылған. Ұру құрамалардың ашылуы (қазіргі кезде де көп қолданылатын күркіреуін сынап, бертолет тұзы және көмектесуші заттардың қоспаларынан тұратын тұратын ) қол атыс қарудың әрі қарай дамуына әсер етті.
Келесі дәуірлік қадам ретінде 1805-1806 ж.ж. шотланд ұсташысы Александр-Джон Форсайттың ойлап тапқан жарылғыш түйіршіктер және табалар үлесін қосты. Ол қазіргі заманғы капсюльдердің құрамымен сәйкес келеді. Бұл түйіршіктер және табалар шүріппенің ұруынан жарылып оқ - дәріні оқпан ішінде тұтандыратын. Әр түрлі қиын конструкциялармен және біраз бөлігі автоматтандырылған болса да, Форсайт түрімен тұтанатын мылтықтар мүлтіксіз болған жоқ [11, 55 б.].
XІX ғ. басында швейцар Самюэль-Иоганн Паулимен (Поли) әлемде тұңғыш рет пайдалынған унитарлы патронмен қазына жағынан оқталатын мылтық ойлап табылды. Паули мылтығы бір оқталатын унитарлы патрондық ішінде жоғарғы деңгейдегі және қазіргі заманда да жаман емес ату жылдамдығына ие болған. Мылтықта металды немесе түбі металдан жаслған қағазды, капсюльі қауыз ортасында орналасқан патрондар қолданылған. Мылтықта қозғалатын немесе алынып тасталынатын түйнек, шүріппенің автоматты түрде қозғалатын және қауызды лақтыратын жүйе де болған. Демек осыдан 50 жылдан кейін пайда болған винтовкалардың жүйесінен тұрған.
1818 ж. Самюэль Паули өзінің шығармашылығына қорытынды ретінде сол кезде қолданылған жанында орналасқан шүріппенің орнына тұңғыш рет серіппелі пәрмеңді құралды мылтық шығарған. Бұл құрылғыда ұрынды капсюльдің ортасынан жарады. Паулидің алдында мұндай құрылғы пайдаланбаған. Осы ойды кейінірек өзінің мылтығында Дрейзе қолданылған.
Самюэль Паули әйгілікке қол жеткізбей қайтыс болды. Унитарлы патрондар мен қазынадан оқталатын мылтықтардың ойлап табуы Паули Дрейзе және француз ғалымы Лефошеге жатқызылды [12, 56 б.].
1814 ж. американ Джошуа Шоумен металды капсюльдер (пистондар) ойлап тапты. Бұл құрылғы қазіргі заманғы капсюльдерден айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Мұның ішінде де күркіреу сынаптан тұратын қоспа салынған. Пистондар отты бағыттайтын оқпаннан шығып тұрған қазына бөліміндегі брандтрубкағаң салынады.
1827 ж. неміс Николас-Иоганн Дрейзе Паулиден қарап алынған қазіргі заманғы патрондарға ұқсас унитарлы патронды ұсынды. Дрейзе унитарлы қағидасын ұсынған патронның ішіне: қағаз сыртты қауыз, оқ-дәрі және капсюль кірді. Осыған сәйкес әр бөлікті бөлек салынуының қажеттілігінің жойылуына байланысты оқтаудың жылдамдығы анағұрлым жоғарлады. Өзінің патронына сәйкес Дрейзе винтовка конструкциясын ұсынды, ол кейін инелі деп аталынды.
XVІІІ ғ. 30-шы жылдарында керемет суретші Пирсон револьверді ойлап тапты. Бірақ оның құрылымын американдық кәсіпкер Самуил Кольт түкке тұрмайтын ақша сомасына сатып алды. Кольтке атақ пен үлкен табыс әкелген (оның ешқандай үлесі болмаса да) револьверлер Петрсон моделің деп аталды. Паулидің аты Пирсонмен салыстырғанда кең шеңберде белгілі. Қару ісінің кәсібінің тарихында келесіні көріп отырмыз: көп жағдайда қару тікелей шығаратын зауыттың иелерінің атымен аталатын. Ал бұл қарулардың конструкцияларын шығарған дарынды адамдар сол күйі ұмытлып қала берді. [13, 26б.]
Кейінгіде атыс қарулардың тек бөлшектері мен механизмдерін дамуына қарай жылжып отырды, қарулардың басқа өзгерістері байқалған жоқ. Әйгілі және де кең қолданылған атыс қарулар бірнеше техникалық ойлардың қосуынан туындаған. Бұрынғы Кеңес Одағының конструкторлары да атыс қаруының даму тарихына өздерінің үлесін қосқан. Бұған мысал ретінде бүкіл әлемге әйгілі XX ғ. символы Калашников автоматын айтып кеткен кем болмас.
Бұл қару бірнеше әскерлерде және жүздеген қаруланған топтардың қоймаларында, жиырма шақты елдерде шығарылады (70 миллион данадан астам шығарылған) және де төрт мемлекеттің елтаңбаларында бейнеленген.
0.2 Атыс қарудың түсінігі мен кертікті атыс қарудың құрылысы
Кейінгі жылдары атыс қару, жарылғыш заттар, сонымен қатар суық қару мен газды қаруларды пайдаланып жасалған қылмыстарды ашу және тергеу мақсаттары жиі туындайды. Осымен байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсанында шыққан Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы заңының бірінші бабында былай деп көрсетілген: қару деп конструкциялық жағынан жанды немесе жансыз нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттарды айтамыз.
Қарумен байланысты қылмыстардың талдауы көрсеткендей және де тәжірибелік мәліметтерге сай, көбінесе қарулар: қылмыскерлерді ұстағанда, оқиға болған жерлерді қарау барысында, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында (тінту, қылмысты оқиға болған жерді тексеру мен нақтылау, устау), өз еркімен қаруды өткізу кезінде, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алынады. Қарумен байланысты қылмыстарды ашу мен тергеу барысында криминалистикалық балистиканың ұсыныстары, әдістері мен тәсілдері, қойылған мақсаттың нәтижесіне жетуге көмектеседі. Бұл жерде айта кетсек криминалистикалық балистика жалпы қарулардың бәрін қарастырып және де оларды пайдаланғаннан кейінгі қалған іздерді зерттеу арқылы, жасалған қылмыс туралы таймас мәлімет, дәлелдемелерді айқындап, бекітіп тергеулік версияларды құруға мүмкіншілік беріп, қылмыстарды ашуда өте мағыналы болып отыр.
Атыс қару - жаудың тірі және материалдық-техникаға: физикалық, химиялық немесе биологиялық әсерімен жоятын не қызметтен шығаратын жабылу және қорғану құрылғысы.
Атыс қарудың түсінігі Кейбір қарулардың айналымына мемлекеттік бақылауң Заңында айтылған. Демек оқтың, снарядтың, гранатаның ұңғыдан оқ-дәрі немесе басқа да энергияның әсерінен лақтырылатын қару - атыс қару болып табылады деп айтылған. [14, 152б.]
Атыс қаруға қойылатын басты талап - қарулық, ату қасиеті және беріктілік. Қарулық дегеніміз-оның мақсаттық бағытын көрсетеді., яғни обьектіні жоятын және де осыған қажетті энергияға ие болуы.
Ату қасиеті - оқ-дәрінің жарылу қуатын және басқа да заттардың көзін снарядқа кинетикалық қуатын беру арқылы оны бағыттап лақтыру.
Беріктілік - қарудың бірнеше рет қолдануға мүмкіндік беруін және де атушыға қауіпсіз болуын көздейді.
Бұл критерий криминалдық тұрғыда басқа қаруларға (демек зауыдтық немесе қолдан жасалынатын) қарағанда факультативті болып табылады. Ал әскери, спорттық, аңшы қаруларына бұл критерий міндетті.
Атыс қаруға жататын әрбір бұйымның құрылғысында оның бағытты қолданылуын көздейді:
снарядқа бағыт беретін ұңғы немесе басқа да оны ауыстыратын элемент;
ату барысында ұңғының қазына бөлімін жабатын құрылғы;
жағу құрылғысы снарядқа қозғалысты беру мақсатын көздейді.
Бұл құрылыстың үш элементі бұйымды атыс қару қатарына жатқызатын міндетті белгілері. Сонымен қатар қарудың бағытталған мақсатында қолдану барысында оның жаралау қасиетінің жеткілікті болуы да ескріледі. Дәлірек айтқанда снарядқа берілетін қажетті кинетикалық энергияның болуы.
Атыс қарудың әрбір құрылымы бөліктер мен механизмдерден тұрады. Олардың оқтау, ату және атылған патрондардың қауызын лақтыру барысында әр қайсысы белгілі бір функцияны атқарады.
Қару бөлігі дегеніміз - бұзбай бірнеше бөлікке шашуға болмайтын біртұтас элемент. Бөлшек - механизмнің бөлігін құрайтын өз бетінше элемент. Қару механизмі - бұл бір немесе бірнеше затты қозғайтын не өзі қозғалатын бөлшек жүйесі.
Қазіргі заманғы қазына жағынан оқталатын қарулардың басты механизмдері мен құрылғылары:
патронды жатар бөлігіне жіберу үшін де қызмет ететін жабу құрылғысы;
ұру немесе ату және жіберу механизмі не болмаса ұрып-жіберу механизмі;
қауызды және патронды алып-лақтыру механизмі;
алып беру оқжатар механизмі;
сақтандыру механизмі;
белгі беру механизмі немесе құрылғысы;
дәлдеу құрылғысы;
приклад.
Кез-келген атыс қарулардың негізгі бөлігі ұңғы болып табылады. Ұңғы ішінде зарядтың жануы барысында газ пайда болады, ол өзінің қысымымен снарядқа қозғалыс қуатын береді. [15, 29 б.]
Ұңғы - атыс қарудың снарядын бағыттаушы және зарядтың жану камерасы қызметін атқрады. Ұңғы болаттан жасалады және де тегіс ұңғылы немесе ойынды болып келеді. Тегіс қабырғалы ұңғыда патрондық және оқпан болады; ойындыда - патрондық, оқтың кіру ойындысы және оқпан орналасқан. Ұңғының патрондық бөлімі қазына деп аталады, қарама-қарсы бөлігі - дүмі.
Патрондық қарудың құрылысына байланысты ұңғының өзінде (тапанша, автомат, мылтық), ұңғы қорабында (винтовка, карабин), барабанда (револьвер) орналасады және патронды ұстау үшін қолданылады. Көлемі мен формасы бойынша патрондық осы қаруға арнайландырылған патронның қауызына сәйкес келеді.
Баспалдақты патрондықтың қабырғалары көбіне тегіс болады. Кейбір автоматты қарулардың (СВТ-40) патрондығында қажалуды азайту мақсатында қабырға мен қауыздың арасында Ревелли ойындылаы жасалынған. Оқжатар қарудың патрондықтары патрон кіру ойынымен басталады, оның бойымен оқ оқжатардан сырғиды. Патрондықта қауызды лақтыратын ілмешіктер жасалынады.
Ұңғыдағы оқтың кіру кертіктері оқты жылдамдату мақсатымен жаслады. Басқа қаруларда оқтың кіру ойыны патрондық пен кертіктің арасында орналасады. Оқ кіру ойыны - оқтың біртіндеп ұңғыға ұрына алғашқы дұрыс бағыттау қызметін атқарады.
Тегіс ұңғылы қарудың аңғары оқты бағыттау үшін және оған айналу қозғалысын беруді қамтамсыз етеді. Ұғының аңғарында ойындылар және жолдар болады. Кертіктер паралельді орналасады, олардың бағыттары оң жақты (сағат бағытымен) және сол жақты (сағат бағытына қарсы) болып келеді. Қарулардың көбінде оң жақты кертіктері қолданылады. Қарудың сапасына кертіктер зиян келтірмейді. Керісінше неғұрлым ұңғыда кертік көп болса , соғұрлым оның үймесі көбейеді. Ұңғының бүкіл ұзындығында кертік бөлігінің диаметрі бірдей. Бұған кейбір ұңғылардың жүйесі кірмейді. Мысалы, Герлихтың қаруында ұңғы конус тәріздес.
Сурет 1. Ұңғының көрінісі
Ұңғы аңғары әр түрлі калибрлі болады. Кертікті қарудың калибрі бұл ұңғы аңғарының диаметрі (ұңғының бұрғалау диаметрі). Ол миллиметрмен (0,01 дәлдігімен) немесе дюйм бөлігімен (дюйм- 25,4 мм) есептелінеді. Көп тараған ойынды қарулардың калибрлері: 5,6; 6,35; 7,62; 7,63; 7,65; 9; 11,43 мм.
Жоғарыда көрсетілген ұңғы калибрін санау жүйесі халықаралық болып табылмағанымен, батыс мемлекеттерде ұңғының кертіктерінің түбінен түбіне дейін санау тәжірибесі кеңінен қолданылып жүр. Бұл санау жүйесі оқ-дәріні таңдау барысында дұрыс болып табылады, өйткені бірден ұңғының калибрін анықтауға мүмкіндік береді. [16, 36 б.]
Ұңғының сыртында әр түрлі қосымша бөліктермен біріктірілетін бөлшектер ойластырылады. Мысалы: дәлдеу құрылғысы, приклад және басқа да бөліктермен. Автоматты қарулардың кейбіреулерінде газ бағыттайтын тесіктер жасалынады. От пен дыбысты басу мақсатында автоматтардың ұңғыларында от басу, дыбыс басу құрылғылары орналастырылады. Қарудың дәлдігін жоғарлату мақсатында компенсаторлар қолданылады, бұл ату барысында ұңғыны бірқалыптандырады.
Ұңғы бөлек бір бөлінді ретінде және ұңғы қорабымен бірге де болуы мүмкін. Ұңғы қорабы- қарудың ұңғысымен қосылған және түйнектің қозғалысын бағыттайтын бөлік.
Жабу құрылғысы - қарудың патрондығын жабу үшін арналған. Әскери, спорттық және аңшы қарулардың кейбір түрлерінде бұл қызметті түйнек атқарады.
Атуды қамтамасыз ететін ұрып-жіберу механизмі: ұру және жіберу механизмдерден тұрады. Ұру механизмі патрон капсюлін жару қызметін атқарады. Олар шүріппелі, ұрынды, түйнекті және шүріппелі-ұрынды болып бөлінеді.
Шүріппелі механизм револьвер мен кейбір аңшы қаруларда болады.
Сурет 2. Револьвердің көрінісі
Ұру механизмі тапанша мен винтовкаларда қолданылады. Кейбір автоматты қаруларда ұру қызметін түйнек атқарады.
Шүріппелі-ұру механизмі тапанша мен аңшы қарулардың көп түрлерінде қолданылады.
Қауызды алу механизмі- патрондық ішінен қауыз бен патронды алып тастау қызметін атқарады. Ол лақтыру және шағылыстыру бөлімдерінен тұрады.
Оқжатар- патронды сақтау сақтау мен атоматты қаруларға алып беру қызмкетін атқарады. Оқжатарлар ауыспалы (қорапты, мүйізді, дискті) және бір қалыпты болып бөлінеді. Оқжатардың негізгі бөлігі: қорап, серіппе және алу бөлімі болып бөлінеді. Ауыспалы оқжатарларда патрон қораптың майысығымен ұсталынып тұрады. Ревльверлерде оқжатар қызметін-барабан атқарады [17, 56 б.].
Сақтандыру механизмі-оқталған қарумен қолданғанда қажетті болады. Сонымен қатар алдын-ала немесе табан астынан болатын атыстан қорғайды. Сақтандыру басқа механизмдерге қарағанда әр түрлі болып келеді. Көбіне сақтандырғыш шүріппемен неиесе ұру механизмімен тікеле байланысты. Демек олардың қозғалысын болдырмай, осымен қаруды кенеттен атуынан сақтайды.
Автоматты қауладың сақтандырғышы ұру құрылысын, шүріппе немесе түйіннің қозғалысын тоқтатады.
Сурет 3. Сақтандыру механизмі
Белгі беру құрылғысы-оқжатарда патронның (қауыздың) бар-жоғын немесе ұру механизмінің дайындығын көрсетеді. Кейбір тапанщалар мен аңшы қаруларда белгі беру штрифтері орналасады. Сонымен қатар белгі беру қызметін басқа механизмдердің бөліктері атқарады (түйін, ұру құйрығы).
Дәлдеу құрылғысы-атуды дәл жүргізуді қамтамасыз етеді. Көп тараған дәлдеу құрылғылары-мушка мен дәлдік(целик). Жатар- қарудың бөліктері мен механизмдерді орналастыру үшін қолданылады [18, 55 б.].
2 Атыс қарулардың криминалистикалық жіктелуі
2.1 Атыс қарулардың жіктелінуі
Қол атыс қарулары өзінің көптілігіне байланысты әр түрлі қасиеттеріне қарай жіктелінеді: шығу тегі, түрі, қолданылуы, оқталу түрі, қолданылатын патрондар, ұңғының ұзындығы, снаряд түрі, конструкциясы, моделі бойынша және т.б. Бұл жіктеліну тікелей конструкциялық ерекшеліктерге байланысты болады. Атыс қаруларды жіктеу қажеттілігі сот-баллистикалық экспертизаның мақсаттарынан туындайды.
1. Бағытталған мақсаты бойынша:
әскери;
азаматтық;
спорттық.
2. Автоматтандыру деңгейі бойынша:
автоматтандырылмаған;
өзі оқталатын;
автоматтандырылған.
3. Патронның сыйымдылығы бойынша:
бір зарядты;
көп зарядты.
4.Ұңғы саны бойынша:
бір ұңғылы;
екі қңғылы;
көп ұңғылы.
5. Калибрі бойынша:
кіші калибрлі (6,5 мм дейін);
орта калибрлі (9мм дейін);
ірі калибрлі (9 мм жоқары).
6. Ұңғы құрылысы бойынша:
тегіс ұңғылы;
ойынды;
тегіс-ойынды (парадокс).
7. Ату сипаты бойынша:
дара;
сериялы;
үзбей ататын.
8. Жасалу тәсілі бойынша:
стандартты (зауытты);
стандартты емес (кәсіпші, ұста);
қайта жасалған (қылмыстық ортада олданылады).
2.2 Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар және жарғыш құрылғыларды қолданумен байланысты оқиға болған жерді қараудың түсінігі, мағынасы және міндеттері
Қылмыстық заттың мазмұнын, яғни қарудың түсінігін нақты анықтау қажет. Қарудың жеке түрлерінің айналымына Мемлекеттік бақылау жайлы заңның 1 бабына сайкес, атыс қару болып құрылымы, тірі немесе басқа нысаналарды жою, белгі беру үшін, ол оқтарды, снарядтарды, гранаталарды ұңғыл каналынан лақтыру порох газдарының энергиясының және басқа зарядтың әсерінен іске асыра алатын құралдар жатады [19, 55 б.].
Осы заңның 1 бабының 10 бөлігінде қарудың айналымы деп - өндіру, жинау, қайта жасауды жүзеге асыру, беру, сыйлау, мараптаттау, мұраға қалдыру, алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру, қолдану, алу, жоюды, қаруды Қазақстан территориясына кіру және оны шығару деп айтамыз.
Сонымен, қару арақашықтықтағы нысананы жоюға механикалық жағдайы жарамды болғанша - қаруды айналымда деп есептеледі.
Көрсетілген Заңнан басқа, қарудың айналымына құқықтық базасы құқық қорғау органдарының заңдарымен қарастырылған.
Жоғарыда көрсетілгендерді ескеріп қарудың қылмысты-құқықтық белгілерін белгілерін анықтау қажет. Олар:
1. Қарудың жинақталуы арақашықтықта тірі нысананы жоюға арналған.
2. Қару айналымының заңды құқықтық тәртіп шеңберінен шығуы..
3. Қарудың белгіленген мақсатқа жету үшін техникалық жарамдылығы.
Қылмыстық заңдылық тұрғыдан қарудың заңсыз айналымы қаруды заңсыз сатып алуда, өткізуде, беруде, сақтауда, тасымалдауда, алып жүруде, дайындауда, жөндеуде, сондай-ақ атыс қаруларын, оның жинақтаушы бөлшектерін және оған оқ-дәрілерді ұрлауда немесе қорқытып алуда көрініс табады.
Анықталуға жататын мән-жайлар:
ҚР ҚІЖК-нің 117-ші бабына сәйкес тергеу барысында келесі жағдайларға назар аудару қажет:
oo Қаралып отырған заттың кінәліде болуы, қылмыстық жазалы әрекеттің нақты байланысы неде?
oo Қарудың заңсыз айналымы бойынша әрекеттер қандай тәсілмен жасалды?
oo Ол адамда қарудың айналымына байланысты әрекеттеріне, тиісті рұқсаты болды ма?
oo Алдын-ала сөз байласқан адамдар тобының құрамы болды ма, қандай да бір қылмыс жасалды ма?
oo Қылмыс жасауда адамның кінәлілігі, мақсаты, жағдайын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар, сондай-ақ кінәлінің жеке басын мінездейтін басқа да жағдайлар орын алды ма?
oo Қылмыспен келтірілген шығынның көлемі мен мөлшері қандай?
oo Көрсетілген санаттағы қылмыстарды жасауға ықпал еткен жағдайлар қандай?
Қылмыстың тергелуін тез және толық жүргізу, көрсетілген жағдайлардың барлығын анықтау үшін тергеуші көрсетілген қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын білуі қажет [20, 88 б.].
Осы қылмыстардың шеңберінде, криминалистикалық сипаттаманың негізгі элементінің қылмысты жасау тәсілдерінің белгілерін тиянақты қарау қажет.
Қылмысты істерді тергегенде әр түрлі объектілерді қарауға тура келеді. Осы қаралатын объектілерге байланысты тергеу қарауы бірнеше түрге бөлініп, жіктеледі. Жеке затгарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.
Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада колданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір версиялар құра алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді дәлелдеме есебінде пайдаланады [21, 44 б.].
Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс түсіну үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, соны талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және сол қылмыстың іздері табылған басқа жер де, яғни қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару жөне басқа да айғақ заттарды тапқан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы басқа да объектілер болуы мүмкін. Осыған байланысты бір қылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін.
Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз - қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.
Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.
Криминалистикалық оқулықтарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі. Авторлардың берген түсініктеріне талдау жасасақ, бұларда негізінен тек редакциялық айырмашылықтары бар екендігі байқалады. Негізінен берілген түсініктерде бұл тергеу әрекетінің мағынасы, оның міндеттері және маңызы, сонымен қатар тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын әдістер сипатталады. Кейбір авторлар бұл тергеу әрекетін қылмысты кім және қандай мақсатпен жасағандығын анықтау міндеттері ретінде түсіндіреді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізгенде бұл мәселелерді анықтау керек екендігі, әрине түсінікті. Бірақ бұл тергеу әрекетіне мұндай күрделі мәселелерді шешуді міндеттеу орынсыз. Бұл мәселелер жалпы тергеудін алдында түрған міндет, олар бірнеше тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы шешіледі. Сондықтан бұл міндетті бір тергеу әрекетіне, яғни оқиға болған жерді қарауға жүктеуге, әрине болмайды [22, 85 б.].
Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға қатысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жұмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жүмыстары процессуалды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы органдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz