Дарк туризм


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі Дарк туризм халықаралық және ішкі туризм жүйесінде қазіргі кезеңде маңызды роль алады. Адамдардың қайғылы оқиға болған жерлерде, өмірден өткен адам өмірімен танысу мақсатында алыс елден сапар шегіп келіп жатқан адамдар саны жылдан жылға артуда. Дарк туризм бұл - өткен жылдарда өмірден озған атақты адамдардың жерленген молаларында, тарих сахнасында орны қалған белгілі соғыс алаңдары, адам өлімімен байланысы болған апаттық жағдайлар болған жерлерде, адамның үрейін алатын беймәлім, жұмбақ болған қорқынышты жерлерде саяхат жасау мақсатында туындаған туризм түрі. Қазіргі уақытта, көпшілік туристердің не себепті қайғылы оқиғалар белең алған жерлерге қызығушылық танытуларына, зерттеушілердің пікірлері әртүрлі. Олардың айтуынша, бұндай саяхат жасау барысында біраз туристер эмоционалдық қозуды сезу үшін барса, кейбір туристер өздерін қорқыту мақсатында барады екен. Ал, Глазго қаласындағы Шотлан Университетінің профессоры Джон Леннонның зерттеуі бойынша, бұндай қаралы жерлерде болу, адамдардың жаман соның ішінде зұлым әрекеттер жасауына талпындырады деп айтылды[1] .

Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы дарк туризмнің даму мүмкіншіліктерін қарастыру.

Зерттеулердің мақсатына жету үшін келесідей міндеттердішешу қажет болды:

-Дарк туризмнің маңызын, мәнін және түрлерің қарастыру;

-Дарк туризм маңызын, бағыттарын анықтай отырып, олардың потенциалдық объектілерін көрсету;

-Қазақстан Республикасындағы дарк туризмнің даму мүмкіншіліктерін қарастыру.

Зерттеу объектісі: Дарк туризм.

Жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы дарк туризмнің даму мүмкіншіліктерінің ерекшеліктерін, маңызын мен мәнің зерттеу.

Зерттеу әдістері: Жұмыс барысында талдау, статистикалық, шолу және т. б. әдістер пайдаландық

Жұмыстың практикалың маңыздылығы. Туризм комитетінің мен ведомстваларға, дарктуризмді дамыту мүмкіншіліктері туризм дамуымен айналысатын туристік ұйымдарға ұсынылуы мүмкін, яғни дарк туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының территориясында экскурсиялық бағдарлама жасау мүмкіншілігі көрсетілген; Батыс Қазақстан облысы бойынша экскурсиялық бағдарлма үлгісі ұсынылған.

Зерттеу нәтижелері мемлекеттің бөлек аймақтарында, сонымен қатар, жалпы Қазақстанда, туризмді аумақтық ұйымдастыруды жоспарлауды және басқару ғылыми негіздеу мақсатында туризм саласында мемлекеттік уәкілетті органдармен, қоғамдық туристік ұйымдармен де, туристік кәсіпкерлік субъекттермен де пайдалануы мүмкін.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде:Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі, жаңа технологиялар министрлігі, 1993-2013 жылдар аралығындағы елдердің әлеуметтік - экономикалық статистикалық мәліметтер жинағы, экология және биоресурстарды, туризм және спорт, мәдениет, экономика, қаржылық ақпараттарды аймақтың басқару жүйесі, географиялық туризм мен рекреациялық география саласындағы авторефераттар диссертациясы.

Теориялықнәтижесіне. Қазіргі таңда дарк туризм туралы қазақ тілінде теориялық материалдар жоқ болғандықтардан, бұл жұмыс барлық материалдарды жинақтап отыр, яғни теориялық маңызы өте жоғары. Материалдар мен теориялық жағдайларды жоғарғы оқу орындарында оқыту жөнінде ұсынуға болады.

Ғылыми жаңалығы: Дарк туризмді дамыту мақсатындағы Қазақстанның ресурстық потенциялының сипаттамасы жасалынған; дарк туризмнің даму мүмкіншіліктерін зерттеу оны Қазақстан территориясында ұйымдастыру мүмкіндіктерін талдауға жол береді; туристік-ресурстық объектілерді ескере отыра аудандарға бөлу негізінде дарк туризмді дамыту мақсатында Қазақстанды перспективті аудандарын бөліп көрсетеді.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау «Дарк туризімнің теориялық негіздері» бөлімді қамтиды, онда ел дамуының қазіргі кезеңіндегі Дарк туризмнің ролі қарастырылады.

Екінші тарау « Әлемде дарк туризмнің дамуының қазіргі жағдайы »бөлімді қамти отыра, әлемде дарк туризм орталықтарына спаттама бере отырып, мемлекеттерде даму перспективаларына талдау жұмыстары жүргізіледі.

Үшінші тарауда Қазақстанда дарк туризмнің дамыту қажеттігі, оның бүгінгі күндегі мүмкіндіктері түсіндіріледі. Объектілерге сипаттама беріліп, дарк туризмді дамыту мақсатында оларды бағалау жүргізіледі. Жұмыс барысында карталар әзірленіп, олардың негізінде дарк туризмді дамыту үшін мүмкіншілігі бар аудандар айқындалды.

Қорытындыда автордың ұсыныстары мен негізгі түйіндер көрсетілген.

1 ДАРК ТУРИЗМНІҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Дарк туризмнің пайда болу тарихы

Жер бетінде қанша адамзат баласы өмір сүрсе, әрқайсысының өзінше қайталанбас талғамы бар. Соған орай, жер шарын саяхат жасаушы туристер талғамдарына қарай әртүрлі жерлерге баруда. Адамдар көп жағдайда саяхаттау дегенде, ең алдымен көз алдыларына таңғажайып ертегі әлеміндегідей жерлерде жүргендей елестетеді. Сонымен қатар әлемге әйгілі болған тұлғалардың музейде қойылған еңбектерімен немесе сол адамның өмірімен танысып жатқандай ойлайды. Туризм өз ішінде бірнеше түрлерге бөлінсе, туристер де талғамдарына қарай бірнешеге топтарға бөлінеде. Бұл әрине, туризмнің бөлінуі тікелей туристердің қажеттіліктерімен байланысы болып тұр. Жоғарыда айтып кеткендей, адам талғамы әртүрлі. Талғамдардың әртүрлі болуына орай, кейбір туристер көңіл көтеру, демалу мақсатында емес, керісінше негативті эмоцияны қалыптастыратын жерлерге баруға тырысады. Осыдан келіп, туризмде « қара туризм» деген түсінік пайда болады. дарк туризм дегеніміз не? Не үшін туристерді қара туризм қызықтырады? - деген сұрақтар туындауы мүмкін.

Жалпы, қара туризм немесе дарк туризм бұл - өткен жылдарда өмірден озған атақты адамдардың жерленген молаларында, тарих сахнасында орны қалған белгілі соғыс алаңдары, адам өлімімен байланысы болған апаттық жағдайлар болған жерлерде, адамның үрейін алатын беймәлім, жұмбақ болған қорқынышты жерлерде саяхат жасау мақсатында туындаған туризм түрі. Қазіргі уақытта, көпшілік туристердің не себепті қайғылы оқиғалар белең алған жерлерге қызығушылық танытуларына, зерттеушілердің пікірлері әртүрлі. Олардың айтуынша, бұндай саяхат жасау барысында біраз туристер эмоционалдық қозуды сезу үшін барса, кейбір туристер өздерін қорқыту мақсатында барады екен. Ал, Глазго қаласындағы Шотлан Университетінің профессоры Джон Леннонның зерттеуі бойынша, бұндай қаралы жерлерде болу, адамдардың жаман соның ішінде зұлым әрекеттер жасауына талпындырады деп айтылды. Әр заттың жақсы жағы да, әрі жаман жағы да болады демекші, Дарк туризмімен айналысқан адамдар кей жағдайларды жақсы әсермен оралады. Мысалы, қаралы жерлерде саяхат жасау барысында бұл өмірдің мәңгі еместігі, кез - келген уақытта өлімнің келетіні, өткен уақыттан сабақ алуға, ойлануға мүмкіндік береді [1] .

Дарк туризмінің ең басты мәселесі - саяхаттау мақсатында дарк туризмінің туризм саласында қаншалықты дәрежеде әдепті болып көрінуінде. Өйткені, кей жағдайда бұл саяхат әрекеттері ерсі болып көрінетін кездері болып жатады. Мысалы, қайтыс болған адамның моласының қасында туристер суретке түсіп жатады. Бұл өз кезегінде марқұм болған адамға деген құрметсіздікті түсіндіреді. Сондықтан, дарк туризмімен айналысатын адамдар және турларды ұйымдастырушы адамдардың қайғылы оқиғадан мерт болған адамдарға жанашырлық сезімін тудыру, құрмет көрсетуін басты талаптарының бірі ретінде қарастыру керек [2] .

Қазіргі экономикасы дамыған мемлекеттерде өліммен байланысы болған туризмнің жаңа бағыты -дарк туризм туристердің қызығушылығын оятуда. Қоғамда болып жатырған өлім, қайғылы оқиғалар анализі нәтижелерінен бұл дипломдық жұмыста туризмнің қара бағыты баяндалады. Зерттеу нәтижелері бойынша Батыс елдерінде медициналық көмек көрсету кезінде және қасақана ұйымдастырылған өлімдердің санының артуы, әлеуметтік ортада өліммен өмір арасындағы сүзгі ретінде қарастырылуда. Сонымен қатар, қара туризм өмірді өліммен байланыстырып қана қоймай, онтологиялық мәні жағынан қазіргі өлім жайында танымдық әрекеттерді жүзеге асырады.

Соңғы елу жылдың iшiнде туристтiк индустрияға кең ауқымдағы мәселелер қолайсыз жағдай туғызды. Олар - табиғи қауiптер, күрделi әлеуметтiк шиеленiстер, соғыстар, экономикалық кризистер мен терроризм. Туризм индустриясы икемге келiп, қиындықтарды жеңiп, бiраз тәжiрибе жинап қалды. Туризм басқа салаларда болмайтын кризистердi жеңiп шығатын экстраординарлық мүмкiндiгi бар. Туризм сферасының кеңеюiмен оның көрсеткiштерi бiраз өзгерiстерге ұшырады [3] .

Уақыт өткен сайын, туризм классификациясы әртүрлі туризм түрлерімен толықтырылуда. Қазіргі кезеңде сауықтыру немесе танымдық мақсаттағы саяхаттар туристердің қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қанағаттандырмауда. Сондықтан, адамдар саяхат барысында қажеттілігін максималды түрде қанағаттандыруды қалайды. Осыған орай, туризм саласында әртүрлі экстрималды және стандартты емес туризм түрлері енуде.

Не себепті туристерді бөтен адамдардың қайғы - қасіреті қызықтырады? Осындай сұрақтарға бірнеше теориялық жауап бар. Зерттеушілердің айтуынша қайғы- қасірет толған жерлерде болу адамдарды үркіте бермейді, керісінше, жағымды әсер беретін хәл - жағдайды сезінуге мүмкіндік береді. Яғни адам жиі - жиі қорқыныш сезімін сезінуді бастан өткізгеннен кейін эйфориялық, масаттану жағдайды сезінеді. Осындай жағдайды ескере отырып, осыдан бірнеше жылдар бұрын француз зерттеушісі Бертран Бейерн 7 мыңға жуық қабірлер жайында және олардың қайда орналасқандары жайында мәлімет беретін кітапты жарыққа шығарды. Жазушы өзінің оқырмандары үшін екі сұраққа жауап беруге тырысты. Олар: Францияның қай жерінде атақты адамдар жерленгенін және белгілі бір жерде кімнің моласы тұрғаны туралы.

Дарк туризм түсінігіне қайғылы оқиғалар болған жерлерде саяхат жасау кіреді. Мысалы, бұған тарихи соғыс алаңдары болған Босфорт және Геттисберг жерлері немесе қылмыстық іс- әрекеттер болған орындар айтылады. Бұндай аймақтарды қамтитын экскурсияларда экскурсоводтар тек қана шындықты баяндап, әрі өмірден өткен адамның қабіріне құрметпен қарауы керек. Бірақ көп жағдайда экскурсияларда бұл талаптар орындалмай қалып жатады. Қорыта айтқанда, дарк туризм бұл - өткен жылдарда өмірден озған атақты адамдардың жерленген молаларында, тарих сахнасында орны қалған белгілі соғыс алаңдары, адам өлімімен байланысы болған апаттық жағдайлар болған жерлерде, адамның үрейін алатын беймәлім, жұмбақ болған қорқынышты жерлерде саяхат жасау мақсатында туындаған туризм түрі.

Алғаш қара тузим және Дарк туризм түсініктері 1996 «International Journal of Heritage Studios» журналында жарық көрінген болатын. Ал, қолданысқа кең қолданыла бастаған шағы 2000 жылы Глазго қаласындағы Шотлан университетінің профессорлары Малкольм Фоули және Джон Леннонның «Қара туризм» атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін, шетелдік БАҚ қара туризм мақсаттарын былайша қарастырады:

«Midstream», 1 мамыр, 2005 ж. :When you visit the United States Holocaust Memorial Museum in Washington, DC, you are engaging in what specialists call “dark tourism - travel to a site associated with atrocity or public tragedy (сіз АҚШ-на келгенінізде, Колумбия округіндегі «Холокост» мемориалды музейінде болған уақытынызда өзінізді белгілі мамандардың айтып жүрген қайғылы оқиғаларды қамтитын қара туризмнің қатысушысы ретінде сезіне бастайсыз) .

«Observer », 23 қазан, 2005 ж. : Dark tourism sites are important testaments to the consistent failure of humanity to temper our worst excesses and managed well, they can help us to learn from the darkest elements of our past. ( Дарк туристер деген атаумен саяхаттаушы адамдардың саяхатаған орындары бұл - адамгершілік қасиеттердің жоқ және қатыгездік кең етек алған жерлер болып есептеледі. Әрі бұндай орындар біздің өткен өміріміздің қараңғы жақтарын еске түсіру барысында сабақ алу) .

Жыл сайын дарк туризмге сұраныстың артуына қарай, туристердің мақсаты да айқындала бастады. Мысалы, туристерді шытырман оқиғалар белең алған жерлер, әртүрлі табиғи апаттарға немесе техногенді апаттардан зардап шеккен аймақтарда танымдық және т. б. мақсаттарда бара алады.

1. 2 Дарк туризмнің жіктелуі мен түрлері

Дарк туризм - өткен жылдарда өмірден озған атақты адамдардың жерленген молаларында, тарих сахнасында орны қалған белгілі соғыс алаңдары, адам өлімімен байланысы болған апаттық жағдайлар болған жерлерде, адамның үрейін алатын беймәлім, жұмбақ болған қорқынышты жерлерде саяхат жасау мақсатында туындаған туризм түрі. Дарк туризмді қара туризм, күңгірт туризм деп те атай береді. Дарк туризм туризмнің жаңа бағыты ретінде қазіргі уақытта әлменің түпкір-түпкірінен етек алуда. Тек қана жастар арасында ғана емес, ересектер арасында да жайылуда. Жыл сайын бұл туризмге деген сұраныс мыңдап артып келеді. Мысалы 2011 жылы Чернобыльге туристер санын айтпағанда 45 мемлекеттен туристер келген. Украина үшін Чернобыль аймағына келуші туристер есебінен елдің экономикасының көтерілуіне себеп болды. Сонымен қатар, туристер танымдық мақсатта ғана барып қоймай, өлім мақсатында да баратын болған. Дарк туризм көбіне ауыртпашылық, азап, бейнешілік, өліммен байланысты. Мысалы, эпидемиялық аудандар, соғыс алаңдары, стихиялық апаттар болған аумақтар жатқызылады. Дарк туризмнің қазіргі уақыттағы жіктелеуін сурет 1 көрсетілгендей атап C:\Users\user\Documents\Диплом\Диплом жумыстар басқа\Новый точечный рисунок.bmp айтуға болады

Сурет 1. Дарк туризмнің жіктелуі [4]

Танато туризм - өмірден озған атақты адамдардың жерленген молаларында, тарих сахнасында орны қалған белгілі соғыс алаңдары, адам өлімімен байланысы болған апаттық жағдайлар болған жерлерде, адамның үрейін алатын беймәлім, жұмбақ болған қорқынышты жерлерде саяхат жасау мақсатында туындаған Дарк туризмінің бір бағыты. Танато туризм өз кезегінде 3 түрге жіктеледі. Яғни, катастрофалық туризм, мистикалық туризм және зираттар туризмі деп жіктеледі.

Апаттық туризм. Апаттық туризм әртүрлі табиғи апаттарға ұшыраған жерлерде саяхат жасауды ұнататын адамдармен байланысты. Бұған мысал ретінде, найзағайларды көруге ынтық, үлкен дауылдарды көру үшін әлемді шарлайтын адамдарды айта алады. Әлемдегі табиғи апаттарға ұшыраған танымал аудандарға: Жаңа Орлеан және АҚШ-тағы Мексика шығанағы - Катрина дауылы, Оңтүстік Азия және Оңтүстік - Шығыс Азия - Үнді Мұхитындағы жер сілкіну және 2004 жылғы цунами, сонымен қатар Исландиядағы Эйяфьятлайокудль жанартауының атқылауынан болған апаттар. Экологиялық апаттардан болған оқиғалардың ішінде экстрималдылығы жағынан танымалы «уландырғыш турлар». Бұндай турларды ұйымдастыру идеясы «Гринпис» ұйымдастыру агенттігіне тиесілі. Турды ұйымдастыру мақсаты әлемде болып жатырған экологиялық проблемалармен таныстыру. Кейде бұл тур түрін «радиациялық туризм» деп атайды.

БҰҰ-ның мәліметі бойынша әлемдегі табиғи апаттардан келген шығын 200 миллиард долларға жеткен. Осыдан 10 жыл бұрын әлем көшбасшылары Жапонияның Кобе қаласында кездесіп, табиғи апаттардың салдарын жою үшін әрекет ету бағдарламасын қолдаған болатын. Бұл шара 2004 жылы Үнді мұхитында болған апатқа байланысты жасалды. Индонезиядан бастап, Сомали жағалауларына дейін соққы берген цунамидан 227 мың адам қаза тапқан еді. Табиғи зілзаланың кесірінен қиратылған қала тек ХІХ ғасырда ғана қайтадан бойын тіктеген. «Енді құтылдым-ау» дегенде, жығылған жұдырық дегендей 1822 жылдың 24 тамызында табиғи апат тағы да оқыс мінез танытты. Ғалымдар Алепподағы бұл оқиғаны Таяу Шығыстағы жер сілкіністерінің тек басы еді дейді.

Әлемдегі ең ірі жер сілкіністері болған аумақтарға мына аудандарды жатқызуға болады.

1556 жылдың 23 қаңтарында Ұлы Қытай жер сілкінісі (830 000 адам қаза болған) Қытайдың Шэньси провинциясында орын алған жер сілкінісі жалғыз Қытайды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл зілзала 830 000 адамның өмірін өзімен бірге алып кетті. Бұрын-соңды мұндай жер сілкінісі, мұншама адам шығыны болмаған екен. Жер сілкінісінің қуаттылығы сонша - орталығынан 500 шақырым жердегі ғимараттар да күл-талқан болып қираған. Тіпті, Шэньси провинциясына қарасты аудан адамдарының 40 пайызға жуығы ғана тірі қалса, кейбір аудандарда түгелімен қырылып қалған. Бұл тарихи апат Мин әулетінің тақ мұрагері Цзяцзин императоры ел билеген заманмен тұспа-тұс келеді екен. Осы себептен де, кейбір тарихи еңбектерде оны "Ұлы Цзяцзин жер сілкінісі" деп атайтын көрінеді. Жер сілкінісінің күшін Меркель шкаласы бойынша 8 баллға теңесе, кейбір ғалымдар 7, 9 балл болған деген болжамға тоқталады. Қалай десеңіз де, адам шығыны бойынша барлық апатты қоссаңыз, адамзат тарихындағы ең ірі үшінші, ал тек жер сілкінісінен есептесеңіз, тарих бетіндегі ең ірі апат болып саналады.

1976 жылдың 28 шілдесінде Таншань жер сілкінісі. (800 000 адам қаза болған) Таншань жер сілкінісі Қытайдың Таншань (Хэбэй провинциясы) қаласында орын алған. Күші 8, 2 баллды құраған зілзала ХХ ғасырдағы ең ірі табиғат апаты болып саналады. Қытай Халық Республикасының ресми мәліметі бойынша, қаза болған адам саны - 242 419. Дегенмен, кейбір зерттеулерге сүйенсек, апаттың құрбанына айналған адам саны 800 000-нан асып жығылады. Жергілікті уақыт бойынша, түнгі сағат 3:42-де орын алған зілзала қаланы тұтасымен қиратты. 22 шақырым тереңдіктен (гипоцентр) бастау алған бұл жер сілкінісі 140 шақырымдай жерде орналасқан Бейжің мен Тяньцзинді де оңдырмады. Нәтижесінде, 5, 3 миллион үй қирап қирап қалды. Тең жартысының қаңқасы құламағанымен, адамға жарытып баспана бола алмады.

2004 жылдың 26 желтоқсанында Үнді мұхит жер сілкінісі (225 000 - 300 000 адам қаза болған) . Күші (Рихтер шкаласы бойынша) 9, 1 баллды құраған дүмпудің нәтижесінде, цунами су бетінен 15 метр биікке көтерілді. Жер сілкінісінің күші 9, 3 баллды құрады деген деректер де болды. Қалай десеңіз де, бұл тарих бетіндегі күші бойынша үшінші орынға ие екен. Бұл табиғи апаттың кесірінен Тайланд пен Үндістанның оңтүстік аймағы және Индонезия тұрғындары қатты жапа шекті. Жапа шекті деген жай айтылған сөз ғой, тілсіз жау тудырған цунамиден 225 000 - 300 мыңға жуық адам о дүниеге аттанып кетті. АҚШ-тың геологиялық сарапшылары нақты санын көрсете білді. Олардың айтуынша, қаза болғандар саны - 227 898. Бірақ, кейбір сарапшылар қыршыннан қиылғандардың саны одан да көп болуы мүмкін, себебі, жазықсыз талай адам алып мұхит түбіне кетті дейді.

Гянджа жер сілкінісі (230 000 адам қаза болған) Гянджа - жер сілкінісі тарих бетіндегі ең ірі апаттардың бірі. Бұл апат 1139 жылдың 30 қыркүйек күні Гянджа қаласының маңында орын алды. Жер сілкінісінің қуатылығы 11 баллды құраған. Адамзат тарихындағы ең ірі зілзалардың бірі Алеппо жер сілкінісінен осы оқиғадан тура бір жыл бұрын болған екен. 1138-39 жылдардағы осы екі зілзала әлемдегі ең ірі бес жер сілкіністерінің қатарына кіреді екен. Жер сілкінісінің қуаттылығы сонша сол кездегі Кяпаз тауы құлап, Ахсу өзенінің арнасын жауып тастаған. Нәтижесінде, 8 көл пайда болған. Соның бірі Гёйгёль қорығында орналасқан, Гёйгёль көлі. «Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналыпты» демекші, осы табиғи апатты пайдаланып, Грузин патшасы Деметра шабуыл жасайды (1125-1156) . Қираған қаланы қайтқа қалпына келтірген Селжұқ билеушсі Қара-Сұңқар. Бұл мәліметті таратқан - Мхитара Гоша. Оның айтуынша, Қара-Сұңқар Арранға келіп, құлаған қаланы тізесінен тік тұрғызуға кірісті. Қайта тұрғызылғаннан кейін қала бұрынғысынан да гүлдене түсіпті.

Алеппо жер сілкінісі Тарих бетінде бірде Алеппо (Халеб) жер сілкінісі деген атаумен енген бұл зілзала да адам жанын түршіктіреді. 1138 жылы 11 қазанда тіркелген табиғаттың тілсіз жауынан 230 мыңнан астам адам көз жұмған. Жер сілкінісі бірнеше кезеңнен тұрған және қайталана сілкінген. Және Сирияның солтүстік бөлігін, Түркияның оңтүстік бөлігін (қазіргі Иран мен Әзірбайжан мемлекеттері) қамтыған [5] .

Апаттық туризм екі тармаққа бөлінеді. Табиғи және техногенді. Жоғарыда атап кеткен аймақтар табиғи апатттарға жатқызылады. Ал техногенді апаттарға адам қолымен жасалған қайғылы оқиғалар жатқызылады.

Елестер немесе мистикалық туризм - бейбәлім, түсініксіз оқиғалар белең алған жерлерде саяхаттау мақсатында туындаған Дарк туризмнің бір бағыты. Уақыт өткен сайын кейбір адамдарда мистикалық түсініксіз оқиғалар болған, елестер орталығы болған жерлерге деген сұранысы арта бастады. Солардың ішінде танымал болған ерекше тылсым күштер орталықтары Дублин (Ирландия), Флорида (АҚШ), Брисбен (Австралия), Квебек (Канада) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма кезіндегі лексиканы аудару ерекшеліктері
Зерек оқыту орталығының веб- порталын құру
Қаланы жылумен қамтамасыз ету қызметінің ақпараттық жүйесін құру. Жылу тұтынуды пәтер бойынша есепке алу ішкі жүйесі
Биопотенциалдар
Java - объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ортасында ойындар құрастыру
Галактикалардың имек айналуларын зерттеу
Студенттердің тыныс алу жүйесінің маусымдық динамикасының ерекшеліктері
Статистикалық көрсеткіші
Түр түс атаулары
Жалпы салыстырмалық теориясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz