Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Экономика кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ Сақтандыру нарығының ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Орындаған

4 курс студенті Айтжанова М. Д.

Ғылыми жетекші,

э. ғ. к., доцент Дауылбаев Қ. Б.

(күні, қолы)

Норма бақылаушы Садуллаева А. П.

(күні, қолы)

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі,

э. ғ. д. профессор Мұхамедиев Б. М.

(күні, қолы)

Алматы, 2012

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 7

1 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Сақтандыру нарығы: түсінігі, мәні және жіктелу классификациясы 11

1. 2 Сақтандыру нарығының шетелдік тәжірибелері 17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының құқықтық және экономикалық аспектілері 23

2. 2 Білім беру жүйесіндегі сақтандырудың алатын орны 34

2. 3 Қазақстан республикасындағы сақтандыру нарығының қызметін талдау 39

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму мәселелері 45

3. 2 Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік жағдайындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары 55

ҚОРЫТЫНДЫ 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68

ҚОСЫМША

РЕФЕРАТ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рыноктык экономиканың қазіргі жағдайында өнеркәсіп, сауда, банктік капиталының басым бөлігі жеке тұлғалардың немесе шаруашылық серіктестердің, акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің меншігінде қалыптасқан. Сондықтан өрттер, апаттар, әртүрлі табиғи катаклизмалар немесе бәсеке шығындары, заңнамаға сәйкес залалдардың орнын толтыру осы тұлғалардың өздері өтеуіне тура келеді. Тағы бір айтатын жайт медициналық қызметтер төлемдері, мұндай жағдайлардың барлығында мемлекет көмек көрсетуге міндетті емес. Өйткені шаруашылық қызметті жүргізуде рыноктік жүйенің қалыптасуына байланысты экономиканы орталықсыздандыру қажеттілігі туды. Осы жағдайларды ескере отырып тәуекелдерден қорғау маңыздылығы туды. Сақтандыру зардап шегушілерге шығынның орнан толтыруға сақтандырумен қамсыздандыруға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық табиғатын және теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

- бәсекелестік ортадағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның жіктемесін нақтылау;

- Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің даму эволюциясына баға беру;

- қазіргі жағдайдағы сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттарын айқындап, оның даму ерекшеліктеріне талдау жасау;

- шетел тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру қызметінің артықшылықтарын қалыптастырушы стратегияларды белгілеп, отандық тәжірибемен ұштастыру.

Қазақстанда сақтандыру ісінің болашағы неден көрінеді? Біздің көзқарасымыз бойынша ол мыналармен тұжырымдалуы керек:

  • оның барлық салалары және түрлері кең ауқымда дамуы;
  • жүргізудің ерікті және міндетті түрлерінің қолайлы үйлесуі;
  • оның барлық кезеңінде тәуекелді басқару механизімін жетілдіру;
  • сақтандыру қорғанысы жүйесіне ең қауіпті және ірі тәуекелді енгізу;
  • өмірді сақтандыру бойынша ұзақ мерзімді кезеңге тұрғындармен өзара қарым қатынасын ынталандыру;
  • шеккен зиянды толық және мезгілімен өтеу, қолайлы сақтандыру сомаларын және тарифті белгілеуден сақтандырудың барлық шарттарын жетілдіру;
  • сақтандыру компаниялары сақтанушы алдында өзінің міндеттемесін сөзсіз құқықтық және қаржылық кепілдендіре отырып қамтамасыз етеді.

Бұл мәселелерді шешу үшін сақтандырудың реттеуі және тірегі бойынша нарықтық механизм, бәсекелестік және мемлекеттік шаралармен өзін өзі реттеуі қажет.

Сақтандыру сыйлықақыларының халықтың жан басына шаққандағы қатынасының көрсеткіштері бойынша Қазақстан дамыған елдердің тобынан әлдеқайда артта қалып келе жатқанымен, ТМД елдерінің арасында жоғары қарқынды көрсетуде. Егер, осы көрсеткіш Қазақстанда бір адамның басына 7040, 1теңгені (145, 9 курсымен 48, 3 доллар) құраса, әлем елдерінің арасындағы көшбасшы Швейцарияда бұл көрсеткіш - 4290 долларды құрайды.

Дамыған елдердің тобында сақтандыру сыйлықақыларының халықтың жан басына шаққандағы қатынасының көрсеткіштері орташа есеппен 2934, 1 долларды құраса, оның ішінде 981, 3 доллар басқа сақтандыру түрлеріне қатысты болса, 1952, 8 доллар - тек қана өмірді сақтандыруға тиесілі. Дегенмен де, Қазақстандағы сақтандыру сыйлықақыларының халықтың жан басына шаққандағы қатынасының көрсеткіштері 2008 - 2009 жылдары 8024, 4 теңгеден 5642, 8 теңгеге дейін төмендесе, 2010 жылдан бастап бұл көрсеткіштің деңгейі әлемдегі қаржылық дағдарыстың әсерінен 7040, 1 теңгеге дейін тұралай бастады.

Қазіргі кезде сақтандыру нарығы зейнетақы және банк секторларымен салыстарғанда қаржы секторының неғұрлым аз бөлігіне ( активтерінің мөлшері бойынша сақтандыру секторы зейнетақы секторынан 6 есе және банк секторынан 63 есе аз ) ие болып отырғанына қарамастан, негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары өсу қарқынын көрсетуде және сақтандыру заңнамасындағы бірқатар өзгерістерге және нарыққа шетелдік ойыншылардың келуіне байланысты өспелі бәсекелестікті бастан кешіруде.

Тәуелсіз Қазақстан экономикасының қалыптасуы кезеңінде экономикалық реформа аясында сақтандыру жүйесі де жетілдірілді.

Сақтандыру ел экономикасының стратегиялық секторы ретінде мемлекетке, азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген материалдық залалдарды өтеу жолымен қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сақтандыру нарығының қарқынды дамуы мен жағымды тенденциялары елдегі қолайлы макроэкономикалық жағдайлардан және қарастырылып отырған саладағы тиімді заңнамалық іс-әрекеттен туындаған. Сақтандыру нарығы біздің елде қарқынмен өсіп келеді. Оны жалпы ішкі өнімдегі сақтандыру сыйлықақыларының өсуінен көруге болады.

Диплом жұмысындағы иллюстрациялар саны -13,

соның ішінде:

4- сурет, 9 - кесте.

Пайдаланылған әдебиеттер саны -.

Жұмыс көлемі 60 бет.

ГЛОССАРИЙ

Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi

Сақтандыру нарығы - бұл ерекше әлеуметтік орта, кең ұғымда, сақтандыру өнімін (сақтандыру куәлігін- полисін) сатып алу- сату жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы

Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерін жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргізіп жатқан және жүргізуді жоспарлап отырған сақтандыру түрлерінің пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргізетін, уәкілетті органның лицензиясы бар жеке тұлға

Сақтандыру омбудсманы - сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға

Уәкiлеттi орган - Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

ҚР - Қазақстан Республикасы

АҚШ - Америка Құрама Штаты

АИГ - Америкэн Интернешл групп

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы

БСҰ - Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы

ҚЕХС(МСФО) - Қаржылық Есептеудің Халықаралық Стандарты

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Рыноктык экономиканың қазіргі жағдайында өнеркәсіп, сауда, банктік капиталының басым бөлігі жеке тұлғалардың немесе шаруашылық серіктестердің, акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің меншігінде қалыптасқан. Сондықтан өрттер, апаттар, әртүрлі табиғи апаттар немесе бәсеке шығындары, заңнамаға сәйкес залалдардың орнын толтыру осы тұлғалардың өздері өтеуіне тура келеді. Тағы бір айтатын жайт медициналық қызметтер төлемдері, мұндай жағдайлардың барлығында мемлекет көмек көрсетуге міндетті емес. Өйткені шаруашылық қызметті жүргізуде рыноктік жүйенің қалыптасуына байланысты экономиканы орталықсыздандыру қажеттілігі туды. Осы жағдайларды ескере отырып тәуекелдерден қорғау маңыздылығы туды. Сақтандыру зардап шегушілерге шығынның орнан толтыруға сақтандырумен қамсыздандыруға мүмкіндік береді[1] .

Қазіргі таңда сақтандыру қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында рыноктық әдістермен экономиканы басқарудың негізгі құралы болып табылады. Сақтандыру механизмдерінің ерекшелігі тек қана кәсіпорындар мен азаматтардың мүлкін сақтау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің макроэкономикалық мәселелерін шешу секілді қызметтерді атқару болып табылады. Сондықтан, рыноктық шаруашылығы дамыған мемлекеттерде сақтандыру әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі экономиканың стратегиялық секторы болып отыр. Қазақстанда жеке меншіктің дамуымен бірге сақтандырудың да рөлі өсуде, бірақ біздің еліміздің сақтандыру нарығының көрсететін қызмет түрлерінің саны шектеулі және тиімділігі аз, белсенділігі төмен болып отыр. Бұған дәлел ретінде мынадай көрсеткіштерді айтуға болады:әлемдік нарықта сақтандыру қызметінің 500 жуық түрі болса, біздің елімізде оның 40 жуық түрі ғана қолданыста екен. Ал соңғы 2011жылдың деректері бойынша елімізде 38 сақтандыру компаниясы жұмыс істесе, соның 7-і өмірді сақтандыру саласы бойынша екен. Дамыған елдерде 1 жуық компаниялар, кейбіреулері арнайы маманданған бір сала бойынша қызмет көрсетуге бейімделген. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайлар мен нарық жағдайындаға тәуекел шығындарын мемлекеттік бюджеттен жұмсауға тура келуде. Сақтандыру нарығының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай елімізде халықаралық стандарттарға сай және қарқынды дамыған сақтандыру қызметін дамытуды қамтамасыз ететін біртұтас сақтандыру жүйесін құруды талап етіп отыр. Сақтандыру секторы қалыпты дамымай мемлекеттің тұрақты дамуы туралы айту қиын. Сақтандыру нарығының дамымауы оған түсетін капитал көлемінің аздығында. Оған себеп сақтандыруға деген ынталандырудың жетіспеушілігі, соның ішінде өмірді сақтандыруды, халықтың ұзақ мерзімді салымдар жасаудағы отандық қаржы ұймдарына деген сенімсіздігі. Қазіргі таңда сақтандыру нарығының дамымауы оны жетілдіру мемлекеттік деңгейдегі мәселе болып отыр. Бұл таңда айта кететін тағы бір жайт, сақтандыру нарығының дамымауының себептері ретінде тәжірибенің жеткіліксіздігі ғана емес, сонымен бірге халықтың әлеуметтік және психологиялық жағынан әлі дайын еместігінде. Осы таңдағы мәселелерді шешетіндей арнайы механизмдер қаралып, сақтандырудың потенциалын анықтайтындай зерттеулердің жоқтығында. Осы себептер тақырыптың өзектілігін ашады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кезде қалыптасып отырған ұлттық экономикадағы ақша-қаражат жүйесінің салдарынан туындап отырған жағдайлар кезеңінде сақтандырудың жаңа рөлін жан-жақты зерттеу өте маңызды. Атап айту керек, У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т. б. ғұлама ғалымдардың математика және экономика бойынша еңбектерінде сақтандырудың негізі қаланып, сақтандыру қорының мәні ашылды және өмірді сақтандыру теориясы ғылыми негізделіп, сақтандырудағы актуарлық есептердің мәселелері толығымен қарастырылған. Рыноктық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жағдайында сақтандыру қызметінің даму мәселелері сақтандыру бизнесін ұйымдастырушы мамандардың еңбектерінде кең талқыланған. Сақтандыру қызметінің мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастар жүйесіндегі, ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі туралы көптеген атақты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектер жазған. Олардың ішінде К. К. Жүйріков, У. Б. Баймұратов, С. Ө. Өсербайұлы, Э. А. Вознесенский, А. Г. Грязнова, С. Құлпыбаев, А. К. Сембеков, И. Назарчук, Э. С. Гребенщиков, Белгібаев А. К, С. Л. Ефимов, Рахимбаев А. Б, А. М. Годин, В. Д. Мельников, О. Э. Лер, Ө. Қ. Шеденов, Кубаев Қ. Е., Қ. Алтынбекұлы, Құлпыбаев және т. б. көптеген ғалымдар бар. Бұл авторлардың еңбектерінде сақтандыру қызметінің және өнімдерінің жіктелуі қарастырылған және сақтандырудың жеке типтері, түрлері бойынша ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерінің мәні ашылып көрсетілген, сондай-ақ экономиканың әртүрлі салаларындағы өндірістік және қаржылық қызметтермен байланысты түрлі тәуекелдерді сақтандыруды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері анықталған. Отандық және жақын шетелдердегі экономикалық әдебиеттерде сақтандыру бойынша жазылған еңбектер көбіне оқу құралы ретінде және орыс тілінде жарық көрген. Мемлекеттік тіліміздегі оқулық жоқтыңқасы десе де болады. Ал күнделікті басылымдарда жарық көретін мақаларда сақтандыру қызметінің қалыптасуының өзекті мәселелері ғана талқыланады. Бұл басылымдарда сақтандырудың экономикалық аспектілері жеткіліксіз қарастырылған, сондай-ақ қазіргі кездегі жаңа бағыт, сақтандырудағы менеджмент толық сипат алмаған. Сондықтан, жаңа қоғамдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу және даму мәселелерінің өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы және теориялық тұрғыдан жеткіліксіз өңделуі жұмыстың объектісін, пәнін, мақсатын және міндеттерін анықтап отыр.

Диплом жұмысының зерттеудің мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық табиғатын және теориялық негіздерін нақтылап, бәсекелестік жағдайдағы сақтандыру қызметінің қалыптасу жағдайына талдау, сонымен қатар экономиканың даму сатысына қарай жетілдіру жолдары мен даму бағыттарын айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

- бәсекелестік ортадағы сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның жіктемесін нақтылау;

- Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінің даму эволюциясына баға беру;

- қазіргі жағдайдағы сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттарын айқындап, оның даму ерекшеліктеріне талдау жасау;

- шетел тәжірибесіне сүйене отырып, сақтандыру қызметінің артықшылықтарын қалыптастырушы стратегияларды белгілеп, отандық тәжірибемен ұштастыру.

Зерттеу нысаны - ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық саласы ретіндегі сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен шаруашылық қызметтегі пайда болатын тәуекелдерге қарсы тұратын қаржылық қорғаныс институты ретіндегі сақтандыру қызметі. Зерттеу пәні - бәсекелестік орта жағдайындағы Қазақстан Республикасы сақтандыру қызметінің ұйымдастырушылық және экономикалық аспектілері болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - cақтандыру теориясының мәселелері, тұрақты даму теориясы, сондай-ақ күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйені стратегиялық басқару сұрақтарын жан-жақты талдаған танымал отандық және шетелдік ғалымдардың еңбегі диссертациялық зерттеудің жалпы теориялық негізі болып табылады. Жұмыстың методологиялық негізін сақтандыру қызметін ұйымдастыруға, оның экономикалық интеграция және жаһандану жағдайындағы тұрақты даму мәселелерін шешуге арналған Қазақстан Республикасының заң шығарушы және атқарушы билік органдарының заңнамалық, нормативтік актілері құрайды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде статистикалық мәліметтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің, Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілері, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтері, осы проблемалар бойынша басылымдар мен монографиялар болып табылады. Осы жұмыста монографиялық зерттеу, ғылыми-абстрактілік әдіс, байқаулар, зерттеулер, салыстырмалар, жүйелі және факторлық талдау, негіздеу, салыстырмалы көрсеткіштер, баланстық әдіс, экономикалық-статистикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Сақтандыру қызметінің концептуалдық алғышарттарын әзірлеу және маңызды бағыттарын негіздеу болып табылады. Ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:

- қаржылық шығындарды төмендету мақсатында құрылған және жеке субъектілердің экономикалық тәуекелінің бірігуіне негізделген қаржылық қорғау институты ретіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны анықталды;

- рыноктың қазіргі даму ерекшеліктерін ескере отырып, шетелдік тәжірибенің тиімді жақтарын отандық сақтандыру жүйесіне қалыптастырып, сақтандыру қызметінің жетілдіру стратегиялары әзірленді.

- зиянды қайтару мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде, заңды және жеке тұлғалардың қызығушылықтарын қорғау жүйесіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық мазмұны анықталды.

- сақтандыруға тиесілі қызметтердің мәні мен маңызы нақтыланып, бұл категорияның өзіндік ерекшелігін сипаттайтын мазмұндық қағидалары анықталды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 сақтандыру нарығының экономикалық мәні және теориялық аспектілері

1. 1 сақтандыру нарығы:түсінігі, мәні және жіктелу классификациясы

“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық экономикалық әдебиеттерде жақында ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық жағдайында сақтандыру нарығының болуы туралы сөз де қозғалмаған.

16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітіліп, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталса керек. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді. Сонымен бірге, ежелгі Индия мен ежелгі Египетте де саудагерлер мен қолөнершілердің бір біріне көмек ретіндегі ұйымдар негізінде пайда болған.

Өмірді сақтандырудың кейінгі тарихында ғылыми зерттеудің екі саласы аса маңызды орын алды. Бірі ықтималдылық теориясының дамуы, екіншісі - өлім жітім кестесінің жасалуы. Демек, өмірді сақтандыруды ғылыми қатаң математикалық ұйымдастырудың ірге тасы қаланды. Бұл 17 ғасырдың соңы -18 ғасырдың басы болатын. Дәл осы кезеңде қатаң ғылыми бастамаларға негізделген өмірді сақтандыру қоғамдары пайда бола бастады[5] .

Жаңа дәуірде сақтандыру ісінің дамуы капиталистік шаруашылықтың өркендеуімен байланысты. Машиналар, еңбек ететін ірі кәсіпорындардың пайда болуына ықпал еткен өнідірістің көбеюі ғимарат, қымбат машиналар, жабдықтар және т. б. сияқты бастапқы үлеске капитал жұмсау қажетігін туындатты. Сонымен бірге, нарықтық экономикаға көшудегі жеке меншік ұйымдар(акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар т. б. ) пайда болуы мне жаһандану жағдайы үлкен тәуекелдер негізіндегі шығындарға себеп болды. Осы шығындардың құндылығы зор сомалармен өлшенді. Әрине, осының барлығы олардың сақтандыру қажеттілігін күшейтті.

19 ғасырдың екінші жартысынан бастап мемлекет сақтандыру сахнасына аяқ басты, әуелі жеке сақтандырушылардың бәсекелесі түрінде. Сақтандырудың елеулі экономикалық және әлеуметтік маңызын аңғарған мемлекет, сақтандыруды өз пайдасына пайдалануды көздеді. Салыстырмалы ұзақ мерзімге сақтандырушының иелігіне өтетін капиталды жинақтау әсіресе тартымды болып көрінді. Сақтандыру капиталы мемлекеттік несиені дамытуда аса маңызды мемлекеттік қорларды орналастырудың жаңа көзін құрады.

Кооперативтік сақтандырудың қуатты дамуы осы кезеңге тән болды. Сауда, несие, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жеңістерге жеткен кооперация, сақтандыру ісін кооперациялауға көшті. Бұл бағытта да ол үлкен жетістерге қол жеткізді.

Осы кезеңде сақандыру ғылымының пайда болып, қарқынды дами бастағанын аңғарамыз. Сақтандыру білімін әзірлейтін ерекше қоғамдар, сақтандыру бойынша арнайы оқу орындары пайда болды.

КСРО - да сақтандыру ерекше орынға ие болды. РСФСО Халық Комиссарлары кеңесінің «Әлеуметтіктен басқа барлық сақтандыру түрлеріне мемлекеттік қадағалау орнату» туралы 1918 ж. 23 наурыздағы декреті сақтандыру туралы алғашқы заңнамалық акт болды. Барлық жеке меншік сақтандыру қоғамдары мен ұйымдары (акционерлік, жарналық және өзара) жойылды, ал олардың мүлкі республиканың қарамағына өтті. Тек кооперативті ұйымдардың жылжымалы мүлкі мен тауарларына мемлекеттік монополия орнатылған жоқ. 1919 жылы өмірді сақтандыру, ал 1920 жылы - мемлекеттік мүлікті сақтандыру тоқтатылды.

1921 жылы Қаржы халық комисссариаты құрамында Мемлекеттік сақтандыру бас басқармасы мен жергілікті жерлерде сақтандыру органдары құрылды. Мемлекеттік сақтандыру (Госстрах) органдары өз әрекетін шаруашылық есеп принциптерінде құрды. Мемлекет Госстрахқа қажетті қаражат бөліп беріп, сақтандыру операциялары бойынша жауапкершігі болмады.

Жеке сақтандыру елдегі советтік ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз еткен ақша реформасынан кейін ғана дами бастады. Реформа барысында өмірді аралас сақтандыру, кейіннен - жазатайым жағдайлардан сақтандыру (жеке және ұжымдық), жолаушыларды сақтандыру енгізілді. Мемлекеттік сақтандырудың кейінгі кезеңдердегі дамуы мен жетілуі КСРО жалпы экономикалық саясатымен анықталды. Ұжымшарлардың (колхоз) мүлкін сақтандыруды қоса, кооперативті ұйымдардың мүлкін міндетті сақтандыру енгізілді. Соғыстан кейінгі кезеңде сақтандыру ісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында жеке және мүліктік сақтандырудың барлық түрін өткізу ережелері қайта қаралды.

Соғыстан кейін Госстрахтың ұйымдастыру құрылымдарында да өзгерістер жүргізілді. 1958 жылға дейін Госстрах жүйесі қатаң орталықтандырылған еді, ал 1958 жылдан бастап сақтандыру ісі одақтас републикалардың қарды министрліктері қарамағына берілді.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы сақтандыру компаниялары 1990 жылы пайда болды. Олардың ұйымдастыру құрылымдары кооперативтер пен серістестіктерден акционерлік қоғамдарға дейін дамыды. 1993 жылы, «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900 жетті. Әрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сәйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды.

ҚР президентінің 1994 жылдың 19 сәуіріндегі «Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастыру - құқықтық шаралар туралы» жарлығы сақтандыру ісін мемлекеттік қадағалау жүйесін енгізу құқығын берді. Қаржы министрлігі құрамында Сақтандыруды қадағалау департаменті құрылды.

1994-1998 жылдары «Сақтандыру туралы» жаңа заң қабылданды және көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізілді. Республикадағы сақтандыру нарығын дамытудың алғашқы тұжырымдамасы жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Сақтандыру нарығының қалыптасуының негізгі ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы
Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Сақтандыру, оның мәні,ролі және маңызы
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz