Тілдік норма


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тілдік норма. Тіл мәдениеті
- Тілдік норманың қалыптануы
Қазақтың бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түсті, функционалдық стильдері сараланып, әрқайсысы өзінің белгілерімен айқындалды, қоғамға қызмет етуінің ауызша да, жазбаша да түрі жанданды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына ие болуы ұлттық сананы тәрбиелеуде, ұлттық намысты қорғауда, ұлттық мәдениетті көтеруде үлкен мәні бар факторға айналды. Осылардың баршасы тілдің өзіне әлеумет назарын аудартып, оның дұрыс, жемісті қызмет етуіне қойылатын талаптарды күшейтті. Солардың бірі - «тіл мәдениеті» деген білім-ғылым тармағы дүниеге келді.
Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы - оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
- тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы) ;
- этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері) ;
- коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) .
Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі - тілдік норма. Тіл білімінің тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті» көптеген ғылыми-практикалық проблемаларды қамтиды. Ол тек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қателерді тауып, көрсетіп отыруды ғана көздемейді. Тіл қолданысындағы қателерді көрсету үшін олардың дұрыс болуға тиіс базасын тану қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай қалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл тіршілігінде сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардың айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің қызметі жазумен қоян-қолтық астарласып жатыр, бұл күндк тіл жазусыз қызмет ете алмайды, сондықтан да емле мәселесі де «тіл мәдениетін», яғни жазуда да дұрыстықты, жүйелілікті, қолайлылықты талап етуі заңды.
Тіл мәдениетінің өзегі - норма туралы ұғым. Норма тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан материалдық мүмкіндіктері. Тіл элементтері: дыбыс, сөз, сөйлем қолданыста тілдік құрылымға иек артады, ал тілдік құрылым тілдік жүйеге негізделеді. Орыс тіл білімпаздары бұл ретте үш сатыны атайды, біріншісі - тілдік мүмкіндіктер жүйесі, екіншіт сатыда осы жүйенің материалдық көрінісі, тілдің құрылымы, үшінші сатыда - сол материалдың қолданысы.
Тіл мәдениеті - қазақ тіл білімінің зерттеу нысандарының ішінде кейінірек қолға алынған саласының бірі. Бұл слаланың өзге нысандардан айырмасы - оның күнделікті өмірден, тілді қолдану тәжірибесімен тікелей ұштасып жататындығында. Сондықтан тіл мәдениетін ғылыми-практикалық тұрғыдан сөз етуде зерттеу жұмыстарына динамикалық-тарихи қырынан келуден гөрі, статикалық тұрғыдан қарастыру бірінші кезекте тұрады, яғни тіл мәдениетінің қалыптасу тарихы, әр кезеңдердегі сипаты дегеннен гөрі, дәл бүгінгі жай-күйі, проблемалары, даму бағыты, болашағы деген мәселелерге алдымен көңіл аударылады. Мұны тіл қолданысының өзі сұрайды, бұл бүгінгі әлеуметтік сұраныс.
Тіл мәдениетінің өзге салалардан кешірек, кейінірек қолға алынуының объективті себептері бар. Тілдегі мәдениет дегенді әңгіме ету тілдік норманың, яғни қолданыс заңдылықтарының қалыптасып, едәуір тұрақталған әдеби тілдің болуына, оның жазбаша да, ауызша да түрін қалың жұртшылық тұтас пайдалана бастаған кезіне тікелей байланысты. Әсіресе көркем әдебиет пен баспасөздің, радио мен телевидениенің, ұлт театры мен киносының дамыған кезінде тіл мәдениетіне, яғни тілді дұрыс, әдемі қолдануға, жазу сауаттылығына ерекше азар аударылады. Сондықтан мәдениетін талап ететін құбылыстың өзі әбден күшіне енгенше, тіл түралы ғылым-танымның бұл тармағының кешендеп қолға алынуы заңды да түсінікті.
Тіл мәдениетін зерттеушілер, әсіресе орыс тіл мамандары, бұл проблема жазба әдеби тіл кезеңінің сұранысы дегенді айтады. Мұның да қисыны бар. Тіл мәдениетінің өзегі тілдік нормалардың қалыптасуында, біршама тұрақталуында, заңдастырылып хатқа түсуінде жатса, бұлар бүгінгі ұлттық жазба тілдердің қам-қарекеттері.
Тіл мәдениеті, ең алдымен, әдеби норма дегенге тікелей қатысты. Жалпы тіл білімінде бршама қалыптасқан тұжырымдарға иек артсақ, тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер бұл салаға кеңірек міндет артып, тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды да сөз мәдениетінің объектісі деп таниды.
Сөйтіп тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (стилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың брін қосып, тіл мәдениеті деген ғылыми-таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортология - сөздің (тілдің) дұрыстығы туралы ілім.
Тіл мәденитеі атқаратын міндеттердің бірі - қай қолданыс бұл күнде норма болып табылады, қайсысы - жоқ деген мәселелерді түбегейлі зерттеу. Өйткені тілдің мәдениетін танытатын шарт - тек жоғарыда салалап көрсетілген нормаларды ұстанып қана қою емес, ол нормалардың өздерінің дұрыстығын, сындарлылығын тап басып тану және дұрыс деп қабылдау.
Тілдік норманың өзі «дұрыс» деп бағалануы үшін ол тілдің құрылымдық заңдылықтарына сай келуі керек.
«Тіл мәдениеті» атты білім-ғылым саласының діттейтін міндеттерінің бірі - жалпы тілдік, құрылымдық нормаларды айқындау, әдеби тілдік бүгінгі нормаларды бөлек көрсету, олардың сақталу және бұзылу сәттерін қадағалау, қысқасы, бұл саладағы жұмыстарды ғылыми негізде жүргізу. Субъективтік пікірлерлің кейбіреулерін, сөз жоқ, ескеріп отыру қажет, бірақ тіл тәжірибесіндері реттеуші әрекеттерді жеке ғалымдардың немесе өзге де белгілі жазушы, журналистердің беделіне қарай жүргізбей, ғылыми теориялардың негізінде, яғни ол нормалар қазақ тілінің құрылымдық заңдылықтарына сай келетін-келмейтіндігіне, жүйелік қатарын түзетін-түзбейтіндігіне қарай дәлелдеп барып реттеп отыру қажет. Демек, алдымызда қазақ тіл мәдениетінің ғылыми базасын жасау міндеті тұр. Ол үшін, біздіңше, бірінші кезектегі ізденістеріміз бен ұсыныстарымыз нысанға алуды қажет етеді:
Бірінші. Лексикалық нормаларды таныту, яғни сөз қолданыс регламентациясында әр алуан варианттылық проблемасын шешу. Варианттылық, яғни жарыспа қатарлар - сөз мәдениетінің басты мәселесі. Тіл дамуының әр кезеңінде әр түрлі салада, әр түрлі дәрежеде және әр қилы сипатта жарыспалылықтың орын алуы - табиғи құбылыс. Онсыз бірде-бір тіл өмір сүрмейді. Егер жарыспалылық құбылыс болмаса, тілдің нормалану процесі де жүрмес еді, тіл мәдениеті үшін күрес те күн тәртібінде тұрмас еді. Варианттылық тек лексикалық қана емес, қазақ тілінің қазіргі даму сатысында әр алуан лексика-семантикалық, ішінара грамматикалық, әсіресе синтаксистік, орфографиялық орфоэпиялық, стильдік вариант қатарлары бар. Жарыспалылық құбылысын танытуда әдеби бірліктер мен жергілікті сөздерді, арготизмдер мен жаргонизмдерді ажыратып алу қажет. Осы ізденістің барысында қазақ жазба әдеби тіліндегі диалектизмдердің лексикалық, стильдік статусы айқындалады.
Норма регламентациясына келгенде жасанды тұлғалардың да, оның ішінде тек аффиксация амалымен ғана емес, сөздерді біріктіру тәсілімен де жасау әлдеқайда жандана түскеніне назар аудару және оларды реттеу - «тіл мәдениеті» бойынша жүргізілетін шаралардың бірі және жауаптысы.
Екінші. Тіл мәдениеті міндеттерінің ішінде кезек күттірмес маңызды шаруа орфоэпияға, яғни сөйлеу актісінде сөздерді дұрыс дыбыстай білуге қатысты. Бұл орайда орфоэпия нормаларына жазудың тигізетін ықпалын айрықша ескеруге тура келеді. Бұл күнде орфоэпия нормаларының жазудың құлдығына ұшырау қаупі бар. Дәлірек айтсақ, бір жағынан, орфоэпия ережелерінің нормалану процесінің әлсіздігінен, екінші жағынан, жазу дәстүріміздің күшті дамуы салдарынан сөздер қалай жазылса, солай оқу салты етек алып бара жатқаны да, сөз басындағы о, е дыбыстарын айтуда орыс тілінің әсері байқалатындығы да тіл мәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады.
Үшінші. Радио, теледидар және баспасөз сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне арнайы көңіл аудару да тіл мәдениеті шаруаларыныңбірінен саналады. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі дегенде, олардың сөз таңдап жұмсау әрекеттерінен бастап, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолдануларына назар аударылады. Бұлар өзгелерден екі есе көп жүк арқалайды: бірі - күнделікті газет-журналдар, сахна өнерпаздары, радио мен теледидар қызметкерлері тіл мәдениеті проблемаларын көтеру, тілдік нормаларды берік сақтау сияқты мәселерді өздерінің тікелей насихаттауы, түсіндіруі, пікірталастар ұйымдастыруы болса, екіншісі - сахна мен радио, теледидар қызметкерлері орфоэпиялық нормаларды қалың көпшілікке үйретуші ұстаз болуға міндетті, ал баспасөз қалың оқырман қауымының тілін ұстартып, жазу сауаттылығын көтеруге мейлінше зор қызмет етуге міндетті.
«Тіл мәдениеті» - екі салада қолданылатын термин: біір - осы тіркес білдіріп тұрған жалпы мағынада, атап айтсақ, әдеби тілді жазбаша және ауызша қолданғанда оның лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық, стильдік нормаларын сақтау; екіншісі - бұл терминмен тіл білімінің бір тармағы аталады, ол - тілді қатына құралы мен ұлттық мәдениеттің қаруы ретінде дамыта түсу үшін, оның нормалануын ғылыми негізде зерттейтін саласы. Тіл мәдениетін жалпы мағынада әңгімелегенде, алдымен оның қолданыстағы нормаларын сөз дұрыстығы, яғни тіл бірліктерін дұрыс жұмсау және әсерлі, әсем етіп жұмсау деп бөліп қарастырылады. Тілдік нормаларды тек дұрыс қолданып қана қоймай, тіл құралдарын эстетикалық тұрғыдан да әсерлі етіп жұмсай білу адамның жалпы кісілік мәдениетін, ой-парасатының дәрежесін, тілге деген ықылас-құрметін танытады.
«Тіл мәдениеті» дегенді ғылым тармағы ретінде сөз еткенде әңгіме тіл мәдениеті проблемаларын теориялық негіздерге сүйеніп зерттеу болып табылады. Демек, тіл мәдениеті - грамматикалық және практикалық іс-қарекеттерді қажет ететін сала, яғни ғылымның тәжірибемен тығыз ұштасып жататын тармағы. Тілдің қолданылу барысындағы көріністер мен құбылыстар оларды ғылыми тұрғыдан талдап-танытуды талап етсе, ғылыми түйіндер мен тұжырымдар қолданыс заңдылықтарын дәлелдеуге, дұрыс-бұрыстығын негіздеуге мүмкіндік береді. Тегі, тіл мәдениеті саласындағы практикалық іс-әрекеттер ғылыми негіздемелерден біраз бұрын жүріп жатады да, жеке бір құбылыс ретінде әлеумет назарына ілінуі оны ғылыми негізде зерттей бастаған кезбен тұтас келеді.
Тіл мәдениеті теориясының ең бастысы - тілдік норманы тану, талдау, зерттеуге қатысты. Тіл білімінің тіл мәдениеті тармағы нормативтік грамматикамен, нормативтік фонетикамен және нормативтік стилистикамен ұштасып жатады, яғни қазіргі күнде норма деп танылған грамматикалық, фонетикалық заңдылықтар мен олардың қолданыстағы көрінісінің ұштастығы және сәйкестігі тілдік норма болып табылады.
Тіл мәдениеті теорияларының ішіне ұлттық әдеби тілге, көркес әдебиет тіліне қатысты ізденістер мен тұжырымдар да кіреді. Тіл мәдениетінің үлкен мәнге ие болып, қоғамның мәдени өмірінен орын алуы тіл дамуының барлық кезеңінде бірдей, біркелкі болмайды. Зерттеушілер дұрыс танығандай, тіл мәдениеті ұлттық жазба тілдің едәуір қалыптаса бастаған кезінде күн тәртібіне қойылды. Ұлттық тіл біршама дамыған кезеңдерінде де тіл мәдениеті проблемалары көтеріліп, көпшілік назарын өзіне аударатын тұстары да болады, ол - қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени тіршілігінде ірі өзгерістер, толқулар пайда болған тұсқа тура келді. Мұндай өзгерістерді әр түрлі революциялық дүмпулер, демократиялық қозғалыстың бел алуы, соғыстар, техниканың күрт дамуы сияқтылар туғызады.
Тілдік норманы сөз ету үшін бұл саланың терминдеріне назар аударсақ. Алдымен, норма, нормалану (нормализация) және кодификация терминдерін білдіретін ұғымдар жөнінде түсінік берелік. Норма - негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану - сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Тілдің нормалану мен ол нормаларлың кодификациясы бір әрекет емес, соңғысы тіл процестеріне адамдардың араласуы, яғни тілдік нормаларды реттеу, сұрыптау, дұрысын бекіту, қалыптанғандарын хатқа тіркеу сияқты іс-әрекетті білдіреді. Кодификация - әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпал жасау.
Тіл мәдениеті, норма дегендерге қатысты бар терминдердің және бірі - узус. Орыс тіл білімінде «узус - қолданылып кеткен тілдік бірліктер» деген түсініктеме береді, узустың қарама-қарсысында оккозионалдық бірліктер, яғни әдеттегі мағынадан бөлек, тек сол контексте келтірілген мағынада жұмсалған сөздер тұрады. Узус пен оккозионализмдер - оппозитивтік дүниелер. Сірә, дұрыс қолданыстағы бірлікті «узус» дейтін болсақ, оның «нормативтік бірлік» дегеннен қандай айырмасы болады. Сондықтан біз узус деп тілдік жүйеге қарсы келгенмен, тілдік дағдыға айналған қолданысты атағанды дұрыс деп санаймыз. бұған зерттеуші Н. Уәлиев жақсы мысалдар келтіреді. Мысалы қазақ тілінің жүйесі бойынша ер (атқа салатын) деген зат есімнен етістік тудырғанда ерле болуға тиіс, бірақ қолданыста ертте тұлғасы жиірек кездеседі, сол сияқты қозы сөзінен етістік қозылады деп жасалуы керек, бірақ қазақ тілінде қоздады түрі қолданылады. Ал біздің байқауымызша бұл күнде туды-туылды деген жарыспа қатардың қолданыстары пікір таласын тудырып келеді. Пәленше пәлен жылы туды деп айтылып келген сөйлемді туылды деп жазу активтеніп барады. Егер тілдік жүйеге сәйкестікті қуаласақ, туылды тұлғасы дұрыс: туатын-ана, туылатын-бала. Туылу - ырықсыз етіс. Бірақ қолданыста туды тұлғасының орнығуы - узустық көрініс. Узустық тұлғаның тілден берік орын алғандығы сондай, ол - туған-туысқан (туылған-туысқан дейдің орнына), туған ағасы (бірге туылған ағасы емес), туған жері (туылған жері деудің орнына), туып-өсу (туылып-өсу емес) сияқты қолданыстарды қалыптастырған.
Узустық құбылыс мақал-мәтелдерде тіпті көбірек кездеседі. Мысалы ішкен асын жерге қояды деген мәтелде мағыналық алогизм сезіледі, бұл мәтел «есі-дерті сонда болды, соншама қызықты» деген мағынаны береді, ондайда ішкен (ішіп болған) асты емес, енді ішейін деп отырған асын жерге қоюы (ұмытуы, ескермеуі) керек қой, бірақ мәтел дәл осы тұлғада (ішкен асын) қалыптасқан. Бұл да узустық құбылыс.
Тегінде узус пен норманы айырып қараған жөн. Нормативтік бірліктер де қолданылып кеткендер, олай болса узус дегеніміз әдеттегі тілдік жүйеге негізделген норма емес, тілдік дағды, тіпті узустың бір айырым белгісі - оның тілдік жүйеге қайшы келетіндігі деп танимыз.
Узустық қолданыстың барлығы бірдей белгілі бір жүйе түзетін бірліктер болып шықпайды. Айталық, әйел адамдарды азаматша, мұғалима, комсомолка, төрайым деп «женский родқа» көшіріп бөлек атаушылық бар. Бұл, бір жағынан, орыс тілінің ықпалы болса, екіншіден, араб тілінен енген мұғалима сияқтв кейбір сөздердің, әсіресе адам аттарының жынысқа қарай ажыратылатын үлгісі (Ғазиз - Ғазиза, Латип - Латипа, Фарид - Фарида), үшіншіден, қазақ тілінің өзінде аға-апа, әке-шеше, апа-жезде, аға-қарындас сияқты лексикалық коррелятивтер әсер еткен болар, бірақ соңғылар морфологиялық емес, лексикалық қатарлар. Дегенмен бұл қазақ тілінің жүйесі мен құрылымына қайшы қолданыстар: қазақ тілінде «рол» категориясы жоқ: ақын десек ол ер адам да, әйел адам да болады, егер міндетті түрде әйел адам екенін атау керек болса, ақын қыз, ақын әйел, ақын апа деп аналитикалық жолмен атаймыз.
Тұтас алғанда тілдік норамалар, әсіресе жазба сөз нормалары мүлде өзгрмейтін, «консервіленген» құбылыс емес. Уақыт өткен сайын тілдің өзі сияқты, оның әр алуан тұстарындағы нормалары да өзгеріп отырады, бірақ бұл өзгерістер түбегейлі емес, яғни тілдің барлық нормасы түн-тамырымен өзгермейді, жеке сәттері өзгереді және олардың өзі бір сәттік, кенет болатын өзгеріс емес, ұзақ уақытты алатын қозғалыс болады.
Әдеби тілдің нормативтік базаларын анықтаудың да мәні зор. Өзге тілдер сияқты қазақ тілінің нормаларының негізі - жалпы халыөтық сөйлеу тілі. Тілдік нормалар сол тілдің құрылымдық жүйесінен шығады, яғни тілдік жүйеге сай құрылымдық тәртібі - тілдің табиғи нормаларын түзеді. Бұл нормаларды ұрпақтан-ұрпаққа ұластырып отыратын комулятивтік қызметі ауызша сөйлеу тілі, ауыз әдебиеті, жазу пайда болған кезеңдерден бастап жазба үлгілер атқарады.
Тіл дамуының кейінгі кезеңдерінде тілді пайдаланушылардың, зерттеушілердіңғ негізінен ғалымдардың өздері реттеп, көрсеткен, хатқа тіркеп, тұрақтандырған нормалары да болады. Сан жағынан, тұрақтылығы тұрғысынан дұрыстығы жөнінен, әрине, табиғи нормалар басым болады, олар өзгеріске көп түспейді. Жаңадан ұсынылатын нормалардың дұрыс-бұрыстығын табиғи тіл нормаларының параметрімен өлшеп танимыз, яғни тілдік жүйеге сәйкес келу-келмеуіне қарап, таңдаймыз.
Бүгінгі таңда қазақ тілін зерттеушілердің де, ана тілінің дұрыс дамуына мүдделі қалың жұртшылықтың да тілге, тіл мәдениетіне, нормаларына қатысты назарын аударып отырған мәселелер мынадай:
1) Тілдің графикалық құралы, яғни ең қолайлы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай келетін әліпби таңдау, бұл проблема қазақ жұртшылығының жазу таңбасын өзгертіп, кириллицадан латынға көшу саясаты көтерілген кезеңде туып отыр;
2) Емле мәселелері, қазіргі қолданылып отырған жазуымыз бойынша түзілген емлеміздің қырнайтын, толықтыратын, ықшамдайтын тұстары барына назар аудару және қазіргі емле қағидаларының негізінде латын жазуына сәйкестендіріп жасалатын емле ережелерін дұрыс түзу;
3) Жазудың тілдік нормаларды қолдануға және оларды қалыптастыруға қатысты оң және қолайсыз сәттері, яғни орфографиялық нормалар мен орфоэпиялық заңдылықтардың бір-біріне қайшы тұстары, оларды реттеу жолдары;
4) Ғылыми және басқа да терминология жайы; төл тілдік және кірме терминдердің арасалмағы; термин жасау принциптерін тұрақтандыру; кірме терминдердің тұлғалануы;
5) бексикалық қазынанаы байыта түсу мақсатын жалау етіп, қазіргі қазақ тілін әдеби нормадан тысқары тұратын элементтерді, оның ішінде әсіресе жеогілікті сөздерді ешбір уәжсіз қолданудан сақтандыру, көне, сирек сөздердің де қолданысына қатаң қарау, олардың мағынасын дәл біліп, орнымен жұмсауды, көпшілкке түсініктілігін талап ету;
6) Тіл мәдениетін, тілдік нормаларды насихаттайтын, түсіндіретін, үйрететін ғылыми-практикалық, анықтамалық құралдардың өте аздығы, барлығының араларына 5-10 жыл салып келесі басылымдары әрең жарық көретіндігі;
7) Мектептер мен жоғарғы оқу орындарының оқу кестесінде тіл мәдениетіне арналған сағаттардың не жоқтығы, не жеткіліксіздігі.
Бұл - жалпы түрде алынған проблемалар, олардың сыртында жеке мәселелерге қатысты танымдық та, ғылыми да, практикалық та іс-қарекеттер тұрғанын айтуға болады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz