Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Экономика кафедрасы
Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Есеп беру
«Экономика» мамандығы бойынша
2 курс студенті
Мелисова Ақниет Елтайқызы
Кафедрадан практика жетекшісі
э. ғ. к., доцент Садыханова Г. А.
Алматы
Мазмұны
- Кіріспе . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 4
А) Экономика мамандығы туралы . . . 4
Ә) Микроэкономика бойынша есептер . . . 7
Б) Микроэкономика бойынша сұрақ . . . 9
3. Қорытынды . . . 11
4. Әдебиеттер тізімі . . . 12
Кіріспе
Оқу тәжірибесі кәсіби білімді дамытудың маңызды түрі, сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығын тексерудің құралы болып табылады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты - базалық және профильдік пәндер бойынша теориялық терең білім алу, тәжірибелік жұмыс бойынша білім алу, студенттердің алған мамандықтары бойынша кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру.
Тәжірибенің міндеттері:
- Базалық және профильдік пәндерді оқудан алынған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану;
- Өндіріс пен басқаруды жетілдіруге арналған іс-шараларды әзірлеу мен шарттастыру мақсатында өздігінен іздену, жинау әдетін қалыптастыру, ұйымдастырушылық- технологиялық ақпаратты өңдеу және жүйелендіру;
- Кәсіпорынның экономикасын басқарудағы теория мен тәжірибенің тығыз байланыста екенін студенттердің түсінуі;
- Алынған теориялық білімдерді дамыту;
- Техникалық-экономикалық ақпараттарды жинаудың тәжірибелік тәсілдерін қалыптастыру;
- Студентпен орындалатын курстық жұмысқа қажетті нақты мәліметтерді, ағымдағы ақпараттарды таңдап алу.
Негізгі бөлім
Экономика мамандығы туралы
Еліміз нарықты экономикалық қатынасқа өткеннен бері қоғамдық өндіріс факторларының тиімділігін арттыру - әрбір кәсіби маманның негізгі міндеті болып табылады. Бұл орайда қоғамда экономист мамандығының атқаратын қызметі ерекше. Экономика әлемі әрдайым экономикалық зерттеу объектісі болып табылады. Экономика - бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектелген ресурстарда қанағаттандыруға бағытталған өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну сатыларында қалыптасатын экономкалық қатынастармен бірге, материалдық-өндірістік және материалдық емес саладағы қоғамның шаруашылық қызметі туралы ғылым.
Бүгінде экономист болу мәртебелі және пайдалы. Соңғы жылдары бұл мамандық ең танымалды мамандықтар қатарына кіреді, және жақын арада өз позициясын әлсіретпейді. Бұған басты себеп - экономистердің жалақысының жоғары дәрежеде болуына байланысты болса керек. Көптеген ЖОО-да, олардың негізгі бағытына қарамастан, экономикалық факультет барын байқай аламыз. Соңғы жылдары экономикалық білімнің мамандандыруына үлкен екпін жасалды. Және әрбір жоғары оқу орыны өз саласының экономисттерін дайындауға кірісті.
Бұл маман түлегі нарықтық экономика, заң және үрдістер туралы теориялық терең білімі бар, қазіргі экономикалық анализ әдістерін, бизнес-жоспар құрылуын, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерісті болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгерген маман. Экономика және математикалық дайындықтың негіздерін білу, ана тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру, қазіргі жаңа бағыттарға тез үйрену маман иесіне еңбек нарығындағы жаңа өзгерістерге тез икемденуіне ықпал етеді. Жастардың экономикалық білімін арттыруы өз мамандығының кәсіпқой иесі болуын қамтамасыз етеді.
Экономиканы зерттеу не үшін қажет? Әрине бұл сұрақ оғаш болып естілгенімен, оны көптеген адамдар қояды. Әсіресе, қызметі экономикамен жанама байланысатын адамдар немесе оны зерттей бастаған адамдар. Бұл саладағы мамандар өздеріне басқа нақтырақ және іс бойынша сұрақтар қояды. Қойылған сұраққа жауап беру үшін алдымен экономика түсінігін және оның түрлі анықтамаларын анықтау қажет, себебі бұл түсінік ауқымды және біртекті емес. Экономиканы зерттеудің бірінші себебі оның әрқайсымызға тікелей қатысты мәселелермен айналысатыны болып табылады. Өмір сүру барысында көптеген сұрақтарға жауап беруге және көп мәселелерді шешуге тура келеді. Барлық салықтар мен жарналарды төлегеннен кейін жалақының қандай бөлігі қалады? Автокөлік пен пәтерді қандай несиеге алған тиімдірек және жалпы оны алу керек пе? Елдегі инфляция менің сатып алу мүмкіндігіме қалай әсер етті? Үйге жөндеу жұмыстарының қандай түрлерін жасау қажет? Бұл жұмыстар қалай өтеледі? Өз балаларымның оқуына ақша жинау үшін қанша ақша табу керек? Және көптеген басқа сұрақтар. . Сондай-ақ, экономика кәсіпкерлік және қаржылық қызмет саласындағы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Неге кейбір акциялар бағасында өседі, ал басқалары төмендейді? Ал жаңа Кеден кодексі менің бизнесіме немесе менің шетел серіктестермен қатынастарыма қалай әсер етеді? Жалақының өсімі және таза пайданың төмендеуі кезінде кәсіпорынның жұмысын қалай және ненің есебінен оңтайландыруға болады? Экономика жаһандық немесе жалпы ұлттық сипатты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Көріп отырғанымыздай, қазіргі экономика қамтитын сұрақтардың аумағы кең, әйтсе де бұл мәселелер бәріне қатар маңызды емес, дегенмен әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталған салалардың мәселелері туралы ойландық, және де мұнда дұрыс шешімге жалғыз көрсеткіш экономика болып табылады. Қазіргі әлем күрделірек, ширағырақ, түрлірек болып келеді. Дұрыс шешімдер қабылдау үшін адам қызметінің түрлі салаларында және, ең алдымен, экономика саласында терең және кәсіби білім талап етіледі.
Экономист мамандардың атқаратын негігі функциялары:
- ұлттық экономика салаларын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жасауға қатысу;
- - кәсіпорынды басқару қызметі бойынша ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру қызметі және оның нарықтық стратегиясын қалыптастыру;
- - барлық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жасау, соның ішінде жоспарлау, болжау, шығындарды жәнематериалдық-техникалық қамсыздандыруды, логистика, өткізуді басқару;
- - кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларын, жобаларын, стратегясын жүзеге асуын қамтамасыз ету;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін жоспарлау және жүзеге асыру;
- жұмыс күшін ұстауға кететін шығындарын жоспарлау, еңбекті ұйымдастыру және нормалау бойынша аналитикалық есепті жүргізу, жалақыны есептеу әдістемесін жетілдіру және еңбек ақы қорын бөлу;
- жобалық, жоба алдындағы құжаттаманы және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін саралау бойынша жұмыстарды жоспарлауды және жүзеге асыруды басқару;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп беруіндегі қаржылық, бухгалтерлік және басқа да ақпараттарды экономикалық талдауды іске асыру және алған мәліметтерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану; - негізгі құралдар, запастарды басқару, шығындарды басқару бойынша типтік әдістер мен қолданыстағы нормативті-құқықтық базалар негізінде аналитикалық есептеулер жүргізу, кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау;
- материалдық және материалдық емес өндіріс сферасына инновацияларды экономикалық негіздеу және енгізу;
- экономикалық-ұйымдастырушылық және басқару қызметінің барлық түрлеріне бақылау жасау;
- табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны нормативтері мен стандарттарын сақтауға бақылау жүргізу.
Маман иелерін дайындауда шешілетін мәселелер:
- Қазіргі нарық экономикасы туралы біліммен қамтамасыз ету, оның дамуының заңдылықтары мен үрдістерін түсіну;
- Экономикалық анализдің қазіргі әдістерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру;
- Бизнес-жоспар құру, басқаруда тиімді шешімдер қабылдау және күрделілігі әртүрлі жобаларды басқару;
- Экономикалық үдерістерді болжау және оңтайландыру.
«Экономика» мамандығының түлектері кәсіптік қызметтің әртүрлі түрлерін орындай алады:
- есептік-экономикалық;
- аналитикалық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастыру-басқару.
Сонымен, экономист - экономика, экономикалық ғылымдар саласындағы маман, сондай-ақ экономикалық мәселелер жөніндегі маман. Қазіргі нарықтық экономика заманында ең қажетті, елдің дамуына ықпал ете алатын мамандық болып табылады. Елдің экономикасының даму деңгейіне қарап, сол мемлекеттің әлемдік аренадағы орнын анықтауға болады. Сол себепті де елдің болашағын дамытатын экономист мамандарды даярлау маңызды деп ойлаймын.
Микроэкономика бойынша есеп
- Qd= (40+n1) - (6+n2) p
Qs = -(8+n2) + (1+0. 2) p
n1= 28, n2= 10
- Qd = Qs
68 - 16p = -18 + 1. 2p
17. 2p = 86
P = 5
Q = 68 - 16*5 = -12
Б) n2 = 1
td= 5-n2 = 5-1 = 4
Qd = 68 - 7p - 4 = 64 - 7p
Qd = Qs
64 - 7p = -9 + 1. 2p
8. 2p = 73
P = 8. 9
Q = 64 - 7*8. 9 = 1. 7
В) n2 = 1
ts= 4-n2 = 4-1 = 3
Qs = -9 + 1. 2p - 3 = -12 - 1. 2p
Qd = Qs
68 - 7p = -12 + 1. 2p
8. 2p = 80
P = 9. 8
Q = 68 - 7*9. 8 = -0. 6
- a) U(x, y) =3x^2 + y
MUx = U’x = 6x
MUy = U’y = 1
Б) U(x, y) =(x^a) *y^(1-a)
MUx = U’x = a(x^(a-1) ) *y^(1-a)
MUy = U’y = (x^a) * (1-a) *y^a
Микроэкономика бойынша сұрақ
Нарықты мемлекеттік реттеу механизмін ( акциздік салық пен дотацияға) әсерінен нарықтық тепе-теңдіктің ауытқуы.
Нарықты мемлекеттік реттеу - рынокта шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуін мемлекеттік реттеу. Меншіктің барлық нысанындағы субъектілердің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет, құрылымдық-инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Нарықты мемлекеттік реттеу механизмі өндірісті рационалды қолдану мен тиімділігін өсіру, және де ұйымдастырушылық-құқықтық құрылмдар қызметінің оптималды реттеу шаралар жүйесін, инфрақұрылымдық кешендер мен аумақтық білімді құру мақсатында әр түрлі өлшемдегі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге әсер ету үшін ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Реттеу механизмін реттеудің экономикалық әдісін қолдану түсінігінен кеңірек түсіну керек. Әр нарықтық механизм әкімшілік әдістермен байланысты. Нарыққа көші талаптарында әкімшілік әдістерді өнімнің тұтынушылары мен өндірушілеріне керекті жалпы мақсаттар мен оларды орындауды бақылайтын заңнамалық актілер жүйесі ретінде түсіну қажет. Яғни реттеу механизмінің мемлекеттік әкімшілік-үлестіруші әдістері кәсіпорын қызметін жедел басқаруға қарағанда олар өзіне мынадай ұйымдастырушылық-құқықтық қызметтер қосады: бәрілеріне міндетті бәсекелестік шарттарын құрау, жекешелендіру туралы жағдайлар, статистикалық есеп берулер, ғылыми-техникалық және коммерциялық ақпарат, кадрларды дайындау, тиімді қолдану талабында табиғи ресурстарды пайдалану. Нарық инфрақұрылымын қызмет етуін мемлекеттік реттеу өзіне инфрақұрылымдық нарықтық кешен тенденцияларын анықтау, олардың дамуын ұзақ уақытты болашағын, шаруашылық қызметті бақылау, тұтынушылар құқығын, қоршаған ортаны қорғауын қосады.
Акциздік (жанама) салық дегеніміз - сатылатын тауардың бағасынақосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.
Дотация (лат. dotatіo - сый, сияпат, жәрдем көрсету ) - кірісінен шығысы асып түсетін кәсіпорындарға және кейбір аймақтарға мемлекет тарапынан берілетінжәрдем ақша. Кәсіпорындарға дотация беру, бір жағынан, оларды банкротқа ұшыраудан құтқарады, екінші жағынан , кейбір тұтыну тауарлары мен ақылы қызметтің бағасын көтеруге жол бермейді, өйткені бағаның бір бөлігі дотация есебінен бюджет қаражатынан өтеледі. Алайда дотация мемлекеттік бюджетке ауыр жүк болып, оның тапшылығын туындатады, бұл өз кезегінде кейде қосымша ақша эмиссиясын жасауға, одан барып инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін. Дотация -әкімшілік басқару тәсілі басым елдерде кеңінен қолданылады.
Мемлекет нарықтағы баға қалыптасуына жиі араласып отырады. Мемлекет тарапынан нарыққа әсер етудің басты тәсілдері төмендегілер болып табылады.
1) салықтар мен субсидиялар;
2) бағаларды тікелей реттеу;
3) нарық айналымындағы тауарларды реттеу.
Акцизді енгізу ұсыныс қисығын (S) солға, салық шамасына (Т) жылжытады. Сұраныс пен ұсыныс баға Р1-ге тең болғанда теңеседі және бұл баға Р0-ден жоғары болады. Бірақ баға өзгеруінің шамасы салық шамасынан аз болады. бұл салық ауыртпалығы өндірушіге де, тұтынушыға да түсіретінін білдіреді. Салықтың жалпы сомасындағы (Т • Q1) бұлардың салыстырмалы үлесі сұраныс (D) пен ұсыныс (S) қисықтарының көлбеулілігіне немесе нарықтағы іс-әрекеттің икемділігіне тәуелді. Кімде-кім икемділеу іс-әрекет жасаса (қисық неғұрлым жатыңқы болса), сол салықтың аз мөлшерін төлейді.
Жоғарыда айтылғандай, нарықты мемлекеттік реттеу механизмін ( акциздік салық пен дотацияға) әсерінен нарықтық тепе-теңдіктің ауытқуының жағдайларын қорытындыласақ: көптеген экономист теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс жылжымалы, өйткені соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ болса да, экономика тепе теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды. Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден (ауытқулардан) іздеу керек, оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері табысқа түрліше әсер етеді. Сөйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс, циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын бақылауда да бірыңғай емес.
Қорытынды
Мемлекеттің пайда болуымен бipгe оның экономикалық қызметі қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарықтық жүйенің қажетті және негізгі буынына айналады. Қазіргі заманғы экономикалық жүйедегі мемлекет нарықтық механизмдегі іркілістерге көптеген әрекеттер қолданады. Қазіргі заманғы капитализм нарықтық қызметі мен мемлекеттік реттеу үздіксіз өзара байланысты болатын және бірін бірі толықтыратын жүйе болып табылады. Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек қана жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуі куәландырады. Шаруашылық тәжірибе арқылы компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудың уақытты кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша түсінуді қажет етті. Сондықтан кәсіпкерліктің өзі де мемлекеттің қызметтеріне деген сұранысты туындатады, өйткені ол ең алдымен мемлекеттік биліктің тиімсізділігіне немесе әлсіздігіне шартталған тәуекел мен анықсыздықты жеңуге мүдделі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жахандану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Сол себепті мемлекетте үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті сапа мәселесі туындайды. Осы мәселеге батыс елдері көп көңіл бөлуде.
Мемлекеттің экономикалық ролі туралы сұрақты мемлекеттік реттеуді «ұлғайту-азайту» терминінде шешуге бел буу мемлекеттік институттарының сапасы туарлы маңызды сұрақты екінші жоспарға қоюға әкеледі. Тиімді экономиканы құруға бағытталған бюджеттік саясат мемлекеттің ықпалын қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі мүмкін. Қазақстан экономикасы өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан әлемдік экономикаға интеграцияланады, одан мемлекет тек қана табыс қана алып қоймайды, сонымен қатар осымен байланысты қиыншылықтарды да сезінеді. Бұл мемлекеттің экономикалық жүйесінің өзгеруіне одан әрі қатысу қажеттілігін күшейтіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік араласу механизмдерінің өзінің қазіргі заманғы глобальды экономика талаптарына сай тиімділігін көтерудің қажеттіліктерін туындатады. Осы жағдайларды ескере отырып, экономист мамандардың еліміз үшін маңызы жоғары екенін байқаймыз. . Елдің экономикасының даму деңгейіне қарап, сол мемлекеттің әлемдік аренадағы орнын анықтауға болады. Сол себепті де елдің болашағын дамытатын экономист мамандарды даярлау маңызды деп ойлаймын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz