Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi



Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн.
Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік- психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң классификциясын құруға болады.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болады және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi.
Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен
iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi,
сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат
ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде
түсiнуiмiз мүмкiн.
Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады:
байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеметтік-
психологиялық феномен ретінде коммуникация нақтырақ сөзбен белгілеу үшін
контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл мен
сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып
табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде
қарастырылуы мүмкін.
Қандайда бiр ақпараттар арнайы белгiлер арқылы бере аламыз, нақтырақ
айтқанда белгiлер жүйесi арқылы. Коммуникативтiк процесте қолданылатын
бiрнеше белгiлер жүйесi бар, соған сәйкес қылып коммуникативтiк процестiң
классификциясын құруға болады.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда
болады және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде
филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі
кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін,
оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер
үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі
сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты; әсер
сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің
сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда
оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеушінің өзіне қызықты ма
және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде
кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп,
бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы
тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақраратты біреудің
паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу
қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі,
жесттер, мимика, дене тұрысы.Қарым-қатынаспен қоса жүретін
паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контекстін анықтайды.
Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе,
керісінше, оны теріске шығаруы мүмкін. Айтылған мен паралингвистикалық
тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама –қайшылықты толық емес
қарым-қатынас факторы ретінде қарастыру керек.
Кез-келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам
кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым-қатынас жүреді. Ал
егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым-қатынас жүрмейді,
өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер
деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір-біріне қызыға
қарағанда.
Адамның әлеуми болмысын талдауда іс-әрекет категориясына маңызды роль
беріледі. Іс-әрекет жайлы маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып, кеңес
ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері
мәселесінің барлығын жаңаша қарастырды. Теориялық, экспериментальды және
қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамы арқылы адам психикасының әлеуми
себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады.
Егер коммуникацияны бөлiп қарастыратын болсақ, олардың белгiлiк
жүйелердiң әртүрлiсiн қолдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп
бөлiп қарастырамыз. Осыған сәйкес коммуникативтiк процестiң әртүрлiлiгi
байқалады.
Вербалды коммуникация – белгiлiк жүйе ретiнде адам сөзiн қолданады, тiл
арқылы табиғи дыбыс шығару.Екi прициптi қосатын фонетикалық белгi жүйесiн
лексикалық және синтаксикалық сөз коммуникациясының ең әмбебап құралы болып
табылад. Коммуникативтiк процеске қатысушылардың бiр мәселеге байланысты
жағыдайды түсiнiп белсендi түде қатысуы үлкен рөл атқарады.Сөз арқылы
алынған ақпараттың кодированиясы немесе декодированиясы жүзеге
асырылады.Коммуникацияға түсушi сөилеу барысында немесе ақпарат беру
барысында кодпен хабарлайды (кодирует) реципиент тыңдау барысында яғни
қабылдауда ақпаратты декодирует. “Сөйлеу” және “тыңдау” терминдерiн
вербалды коммуникацияның психологиялық компонентiн түсiндiру ретiнде
И.А.Зимней енгiзген.Сөйлеу мен тыңдау әрекеттерiнiң кезектесiп жалғасуы
туралы толық зерттелiнген.
Коммуникаторға ақпараттық мағынасы кодирования процесi мен бiрге
жүредi,өйткенi сөйлеушi алдымен анықталған ойы арқылы және сол ойды
белгiлер жүйесi арқылы жеткiзедi. Ал тыңдаушы қабылдаған хабардың
декодирования мен мағынасын бiр уақытта ашу. Мұндай жағыдайда бiрiккен iс-
әрекеттiң маңыздылығы айқын көрiнедi.Тыңдаушының ақпараттық мағынасын
түсiнгендiгi туралы коммуникатор тек қана “коммуникативтiк рөлдiң”
ауысуымен ғана байқайды.Реципиент коммуникаторға айналып қабылдаған
ақпараттың мағынасын қалай ашқанын өзiнiң сөзi арқылы бiлдiредi. Сөилеудiң
спецификалық түрi диалог немесе диологиялық сөз, коммуникативтiк рөлдердiң
кезекпен ауысуын көрсетедi.
Вербалды емес коммуникация
Адамдардың әлеуметтiк мәнi оның материалдық және рухани өмiрiнен
көрiнедi. Тек қоғамдық орта еңбектегi өзара қарым-қатынас психиканың
қалыптасып дамуының адамдарға тән қасиет сананың пайда болуының шешушi
факторына айналды.Вербалды коммуникация келесi белгi жүйелерiн енгiзедi.
Оптика –кинетикалық
Паралингвистикалық және экстралингвистикалық
Коммуникация процесiнiң уақыты мен кеңiстiгiн ұйымдастыру.
Визуалды контакт немесе көзбен шолу қатынасы.
Бұл құралдардың жиынтығы келесi қызметтердi жүзеге асырады: сөздi
толықтыру, сөз алмасу, коммуникациялықпроцестегi серiктестiктiң
эмоционалдық жағыдайын көрсету.
Оптика –кинетикалық жүйе белгiлерi өзiне ым, дене қимылы, жест, мимика,
пантамимика сияқты белгiлердi қолданады. Паралингвистикалық және
экстралингвистикалық жүйе белгiлерi коммуникацияға қосымша ретiнде
көрсетiледi.
Пакралингвистикалық жүйе бұл дауыс ырғағының жүйесi, дауыс сапасы, оның
диапозоны, тональность.
Экстролигвистикалық жүйе – сөйлеу барысында тоқтап қалу, жөтелу, жылау,
күлу және сөйлеу темпi.Мұның барлығы ақпараттың симатикалық маңыздылығын
кеңейтедi.

Iс-әрекет қарым-қатынасы.
Бұл концепциялар индивидуалды іс-әрекетті зерттеу негізінде қалыптасқан,
онда оның анықтамасының негізін “субьект-обьект”, “субьект-зат” қатынастары
құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері және онда
қолданылатын ұғымдық аппарат “субьект-обьект” қатынасы шеңберінде өңделеді.
Бұндай бағыт, әрине, дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам болмысының бір
жағын ғана ашады.
Кейде іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты параллельді процестер
ретінде емес, адамның әлеуми болмысының, оның өмір бейнесінің екі жақтары
ретінде қарастырылады.
Басқа жағдайларда қарым-қатынас іс-әрекеттің белгілі бір жағы ретінде
түсініледі: ол кез-келген іс-әрекетке кірген, оның элементі болып табылады,
ал іс-әрекеттің өзін қарым-қатынас шарты ретінде түсінуге болады.
Ең соңында, қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыруға
болады. Осы көзқарастың ішінде оның екі түрін бөлуге болады: олардың
біреуінде қарым-қатынас коммуникативті іс-әрекет, немесе онтогенездің
белгілі кезеңінде өзбетінше көрінетін қарым-қатынас іс-әрекеті түсініледі.
Ал екіншісінде жалпы жоспарда іс-әрекеттің бір түрі ретінде түсініледі және
оған қатысты іс-әрекетке тән (әрекет, операциялар, мотивтер т.б.) барлық
элементтер қаралады.
Қарым-қатынастың іс-әрекетпен осындай органикалық байланысы жайлы
тезисті қабылдау қарым-қатынасты кейбір белгілі нормативті зерттеуді
білдіреді, оның ішінде эксперименталды зерттеу деңгейінде де. Осындай
нормативтердің бірі қарым-қатынасты оның формасы көзқарасынан зерттеу
талабынан тұрады. Бұл талап батыстық әлеуметтік психологияға тән,
коммуникативті процесті зерттеу дәстүрімен ұштасады. Коммуникация бұнда
лабораториялық эксперимент арқылы – не коммуникативті амалдар, не байланыс
типі, не оның жиілігі, не коммуникативті актінің де, коммуникативті
сәттердің де құрылымы талдауға түсетіндігі дәл форма көзқарасынан
зерттелінеді. Егер қарым-қатынас іс-әрекет жағы ретінде, оны ұйымдастыру
тәсілі ретінде түсінілсе, онда бұл процестің бір ғана формасын талдау
жеткіліксіз болып табылады.
Қарым-қатынасты “іс-әрекет” категориясы арқылы анықтай отырып,
В.Г.Ананьев,А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына,
тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды
сипатын көрсетеді.”Қарым-қатынас үшін қарым-қатынас” жағдайын қоспағанда
қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық
сипатымен дәл сәйкес келеді, серіктестігі де, онымен қарым-қатынас та
біріккен іс-әрекеттің заттық –практикалық мақсатына жету амалы болып
табылады.
“Бейне” және “қатынас” категориялары арқылы қарым-қатынас анықтамасында
адамның адаммен өзара әрекетінің иделды жағы көрсетіледі. Адамдардың
біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді. Бірінші салада
серіктестіктерінің тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең қарым-қатынас
процесінің спецификалығынын сипаттайды. Бұл таным адамды қабылдау обьектісі
ретінде бейнелеу негізінде өтеді (оның сыртқы келбетін, әрекетін,
қылықтарын,мінез-құлқын, оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс-әрекет
өнімдерін). Осы және вербальді, сонымен қатар техникалық өзара байланыс
тәсілдері арқылы серіктестер бір-біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары,
сезімдері т.б. жайлы ақпарат айтып, оларды біріккен өмір әрекетінің жайлы
және жеке мақсаттарымен сәйкес реттеуге ұмтылады.
Қарым-қатынас анықтамасына “бейне” категориясы көзқарасынан қарау, қарым-
қатынас – серіктесінің өзара әрекетінің мазмұнды жақтары туралы идеалды
көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып табылады деген
тұжырымға әкеледі.
Ақпарттық іс-әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды
білдіреді. Егер серіктестері өзара әрекет процесіндеалмасатын шынайы
құбылыстардың абстрактілі формалары олардың өзара түсініктеріне ұқсас
болса, онда қарым-қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам болмысының
салыстырмалы өзбетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені идеалды формалар
өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама-қайшылықтарын көрсетпейді
.
Қарым-қатынас жалпы дәлел бойынша осы барлық қатынастардың көріну
формасы болып табылады. Бірақ бұл бұған ақпарттық процестердің барлық
амалдары қарым-қатынастың материалды формасы ретінде қызмет ететін мағынада
ғана дұрыс.
Қарым-қатынастың өзі біріккен іс-әрекетте пайда болатын қоғамдық,
психологиялық, әлеуми-психологиялық қатынастар синтезі ретінде эмоционалды
және әлеуметтік боялған өзара қатынастардың идеалды формаларында да болады.
Сондықтан, Б.Д.Парыгиннің дұрыс жазуынша: “Қарым-қатынасты бір уақытта
индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір-біріне
қатынасы ретінде де бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде
қарастырудың барлық негіздері бар”.
Қарым-қатынас – адамдардың біріккен өмір әрекетін бір-бірімен ақпарттық-
коммуникативті және психлологиялық өзара әрекет тәсілімен әлеуметтік реттеу
процесі.
Қарым-қатынастың бірнеше түрлерге бөлінеді, олар кері байланыс
ерекшелігі бойынша анықталады. Қарым-қатынас жанама және тікелей,
тұлғааралық және бұқаралық болады. Тікелей қарым-қатынас – бұл
тікелей”бетпе-бет” кәдімгі қатынас, өзара әрекет субьектілері жақын
орналасып, сөйлеу арқылы және паралингвистикалық тәсілдер арқылы қарым-
қатынасқа түседі. Тікелей қарым-қатынас ең толық өзара әрекет түрі болып
табылады, өйткені индивидтер максималды ақпарат алады. Тікелей қарым-
қатынас екі субьектілер арасында және бір уақытта топтағы бірнеше
субьектілер арасында өтуі мүмкін. Бірақ тікелей қарым-қатынас кіші топтар
үшін ғана шынайы болуы мүмкін, яғни өзара әрекет субьектілерінің барлығы
бір-бірін білетін топта ғана.
Жанама қарым-қатынас индивидтер бір-бірінен уақыт бойынша немесе
қашықтық бойынша алшақталған жағдайларда өтеді, мысалы, субьектілер телефон
арқылы сөйлеседі немесе бір-біріне хат жазады. Жанама қарым-қатынас толық
емес психологиялық байланыс болып табылады. Бұнда кері байланыс
күрделенген. Жанама қарым-қатынас та екі субьектілер арасында және топта
жүзеге асады.
Бұқаралық қарым-қатынас әлеуметтік-коммуникативті процестерді анықтайтын
қарым-қатынастың ерекше түріне жатады. Бұқаралық қарым-қатынас бейтаныс
адамдардың көптеген байланыстарын, сонымен қатар бұқаралық ақпараттың әр
түрлерімен жанамаланған коммуникацияны білдіреді. Бұқаралық қарым-қатынас
тікелей және жанама болуы мүмкін.
Әртүрлі контекстерде қарым-қатынасты кең мағынада қоғамдағы әлеуметтік
байланыстар мен қатынастардың жиынтығы ретінде, және тар мағынада
адамдардың тұлғааралық қатынастардағы тікелей немесе жанама байланысты
ретінде анықтайды.
Қарым-қатынас процесін көптеген зерттеулерде сыртқы және ішкі жақтарынан
да сипаттайды. (В.И.Мясищев, А.А.Бодалев, Ю.Л.Ханин және т.б.). Бірқатар
ғалымдардың пікірінше (В.Г.Ананьев, В.И.Мясищев, Б.Ф.Ломов және т.б.) қарым-
қатынасты көпфункционалды құбылыс ретінде қарастыру керек деген.
Зерттеушілер шығарған қарым-қатынас қызметтері бұл процесті әртүрлі жақтан
сипаттайды. Мысалы, Б.Ф.Ломов индивид өміріндегі қарым-қатынас қызметінің
үш класын бөледі
1) аффективті-коммуникативті;
2) ақпараттық-коммуникативті;
3) реттеуші-коммуникативті.
Қарым-қатынас қызметінің 1-ші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық қарым - қатынастарды ұйымдастыру және қолдау қызметі
Коммуникация процесі
Жоғарғы оқу орнында әлеуметтiк педагогтың кәсiби сапасын қалыптастыру
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Гендер саласындағы шетелдік зерттеулер
Ауызша және вербалды емес қарым қатынас құралдары туралы түсінік
Әлеуметтік интеллект мінезіндегі гендерлік айырмашылық
Коммуникация терминінің мағынасы
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
Аударма аумағындағы концепцияның аудармашының тілдік тұлғасы
Пәндер