Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
: 1
КІРІСПЕ: ӘДЕБИ ШОЛУ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕЙСМО-БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
:
: 1. 2
КІРІСПЕ:

Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының

сейсмикалық қауіпке бейімділігін анықтау және мониторинг жүргізу

:
:

1. 2. 1

1. 2. 2.

1. 2. 3

КІРІСПЕ:

Жер сілкінісін болжау әдістері

Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау

Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігі

:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Күшті жер сілкінісі кезінде Алматы қаласында болатын социалдық және экономикалық шығынды болжау
:
: 1. 3. 1
КІРІСПЕ: Алматы қаласында жер сілкінісінің қауіптерін басқаруды үйрену
:
: 1. 4
КІРІСПЕ: Жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау және жоюға арналған іс- шаралар, сонымен қатар пайдаланатын күштер, құралдар және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 2
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
: 33
: 3
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
: 36
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 57
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: 59
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
:

Кіріспе

Жер сілкінісі табиғаттың өте бір қаһарлы да, қауыпты құбылысы. Адамзат дамуы өз тарихында небір алапат жер сілкіністерін басынан өткерді. Жалпы өркениеттің гүлденуіне залалын тигізген жойқын жер сілкіністеріне қатысты оқиғалар халық аңыздары мен жазба шежірелерінде сақталып қалған, көркем шығармаларда көрініс тапқан.

Жер сілкінуі (тектоникалық) - жер қойнауында шоғырланған тектоникалық энергияның салдарынан өршіген серпімді тербелістің дүмпуі. Ал жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықтарда болады.

Алматы аймағының жер аумағы Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан. Оның табиғатының негізгі ерекшелігі тауаралық кең шатқалды жазықты Іле және жоңғар Алатауының тау жоталарынан құралып, ал аймақтың солтүстік шекарасына қарай жазық жазық далалы болып кететіндігінде. Аймақтың геологиялық даму тарихы оның тектоникалық қозғалыстарына, биік таулы рельефтер мен төмен түсулердің пайда болуына, соның салдарынан сел тасқыны мен тасқын сушөгінділеріне толуына тікелей байланысты. Осыған орай оның орай зілзала қаупі басым аймақ болуы басты сипаты болып табылады.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша бұл өңір түгелдей жер сілкіну қарқыны VI-дан IX балл және одан жоғары болуы ықтимал аймаққа жатады. Бұл өңірде соңғы жүз елу жыл мұғдарында эпицентрі таулы және тау бөктеріндегі жерде шоғырланған алапат жер сілкіністері болады.

Алматы сейсмикалық қауіпті аймағы Қазақстандағы неғұрлым экономикалық дамыған және халық тығыз орналасқан аймақ болып табылады. Алматы сейсмикалық белсенді ауданы тұтастай Солтүстік Тянь-Шань жоталарына кіреді.

Алматы сейсмикалық белсенді аудан шегінде 1966 жылдан бастап Іле геофизикалық экспедициасы геологиялық құрылысын, сейсмикалық жағдайын және олардың өзара байланысын белгілеу мақсатында арнайы геологиялық-геофизикалық және жан-жақты сейсмологиялық зерттеулер жүргізді. Жинақталған материал Алматы сейсмикалық белсенді аймағын жан-жақты сейсмикалық аудандастыру картасының геологиялық-геофизикалық негіздерін құра отырып, материалдарды түсіндіруге мүмкіндік берді.

Жыл сайын бір жүз мыңға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғандықтан, адамдар сезе қоймайды. Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғлысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентр болып саналады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады

  1. Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймағын сейсмологиялық анықтау және зерттеу;
  2. Сейсмобелсенділікті зерттеу әдістерімен танысу;

Сейсмобелсенділікті зерттеу (себепттерін көрсетсеніз кала болады бойынша) .

1. 2 Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігін анықтау мониторинг жүргізу

Неғұрлым халық тығыз орналасқан және өнеркәсібі дамыған қалалар мен елді мекендер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан. Елдің сейсмикалық қауіпті аумағында ликаның өндірістік әлеуеттің шамамен 40 % орналаскан, онада 400-ден астам қала және елді мекен бар және 6 миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан, табиғат апаттарының ішінде жер сілкінісі Қазақстанда маңызды орында тұр және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасына ерекше назар аударылды.

Сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан барлық қалалардың ішінде Алматы қаласы сейсмикалық жағдайы неғұрлым ауыр жерде тұр. Үдемелі қарқыны 9 балл апатты жер сілкіністері болған жағдайда Алматы қаласының маңында жиынтық саны 150 мың адам опат болады, жаралылар саны - 500 мың адамды құрайды, тұрғын үйдің 80 % қирайды, 700 мың адам баспанасыз қалады, экологиялық және материалдық шығынның жиынтық сомасы 6, 5 - 7, 0 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сондықтан «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен халықтың және халық шаруашылығы объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен теңестірілген.

Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аумақтарында сейсмологиялық мониторингті ұйымдастыру және жер сілкіністерін болжау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алматы қаласында», Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкін жер сілкіністерінің залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 30 желтоқсандағы №1490, «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 26 тамыздағы №1286 қаулыларымен ТЖМЖ құрамдас бөлігі ретінде Сейсмологиялық бақылауларды және жер сілкіністерін болжаудың республикалық жүйесі (СБЖБРЖ) құрылды.

Жер сілкіністерінің сейсмологиялық мониторингі жүйесіне:

  • Аймақтың кешенді бақылау желісі;
  • Жергілікті кешенді бақылау желісі;
  • Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау орталығы;
  • Талдау және болжау орталығы;
  • Қазақстан аумағында сейсмикалық ахуалды бақылауды бағалау бойынша комиссия кіреді.
  • Іс жүзінде ол:
  • Бақыланатын аймақтар мен оған жақын орналасқан аудандарда жер сілкіністерін тіркеуді;
  • Далада құралдар мен бақылаулар жүргізуді және үздіксіз сейсмикалық деформографиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа ақпаратты стационарлық станциялар желісінен алуды;
  • Құралдар мен бақылаулар деректерін автоматты түрде тіркеуді, өткізуді және өңдеуді;
  • Жер сілкіністерінің жедел каталогтарын және бюллетеньдерін жасауды;
  • Сейсмикалық, демографиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа да ақпарат архивін қалыптастыруды;
  • ҚР аумағында күшті жер сілкіністерінің кіндігінде уақытша станциялардың жұмысын күшейту және қамтамасыз етуді;
  • Бақыланатын аумақтарда барлық сезілген және күшті жер сілкіністері туралы ҚР директивті органдарына уақтылы хабарлауды;
  • Болжау комиссиясына материалдарды тұрақты түрде ұсынуды қамтамасыз етеді.

Мониторингтің жергілікті жүйесі болашақ жер сілкіністерінің ықтимал орны ретінде орта мерзімді болжау бойынша атап көрсетілген учаскелерде құрылуға тиіс. Алматы қаласының ауданында олардың тіркеу пунктері неғұрлым көп орналасқан, мұнда бірнеше сейсмикалық қауіпті аймақтар бөліп көрсетілген. Геодинамикалық мониторингтің жергілікті жүйесі бастапқы кезеңде өзінің құрамына міндетті түрде мынадай базалық әдістерді кіргізеді:

  • Сейсмологиялық бақылау;
  • GPS спутниктік бақылау;
  • Қайталама өте дәл гравиметрикалық бақылау;
  • Қайтадама өте дәл нивелирлеу;
  • Спутниктік радарлы интерферометрияның деректерін пайдалану;
  • Температуралық өріс туралы спутниктік деректерді пайдалану /1/.

Сейсмикалық мониторингте маңызды звено бақылау пунктерінен ақпарат жинау және оны өңдеу болып табылады. Радио және телефон арналары, электорнды почта арқылы ақпаратты жедел беру тәулік сайын жүзеге асырылады және тәулік ішінде тіркелген материалдардан тұрады.

Сейсмологиялық бақылаулардың және жер сілкінісі болжамдарының қазіргі жүйесі. Қазақстан аумағындағы жер сілкінісі болжамдары мен сейсмологиялық қауіпін бағалаумен байланысты барлық сұрақтар ҚРБҒМ сейсмология Институтымен құрылған сейсмологиялық бақылаулар мен болжамдар жүйесінің көмегімен бақылаулар материалы негізінде жетілдіріліп, жүзеге асырылады. Тәжірибе жүзінде ол мыналарды қамтамасыз етеді: (1 - сызбанұсқа) .

  1. Бақыланып жатқан аумақтар мен оған қатысты аудандардағы жер сілкінісі туралы мәліметтерді тіркеу және өңдеу.
  2. Өрістік құрал-жабдықтармен бақылауды және үздіксіз сейсмикалық, демографиялық, сейсмобиологиялық ақпараттарды стационарды станциялардың желісімен, сондай-ақ, алынып жатқан ақпараттардың алғашқы өңдеуін алуды жүргізу.
  3. Құрал-жабдықтармен бақылау мәліметтерін тіркеу, жіберу және өңдеу үрдістерін дағдыландыру жұмыстары бойынша тақырыптық жұмыстарды жүргізу.
  4. Қазақстан аумағын сейсмологиялық бақылау.
  5. Қазақстан аумағындағы қатты жер сілкіністерінің эпицентрлік аймағындағы уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың жұмысы мен басқа да бақылау түрлерін күшейту және қамтамасыз ету.
  6. Қазақстан Республикасының директивті мүшелеріне бақыланып жатқан аумақтағы сезілетін және қатты жер сілкіністері туралы уақытылы хабарлау.
  7. Жер сілкінісін болжау материалдарын Комиссияға жиі ұсыну.
  8. Жер сілкінісінің жедел тізімдемесі мен бюллетеньдерін құру, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын жасау.
  9. Жер сілкінісін болжау үшін бақылау, автоматтандыру және материалдарды өңдеудің жаңа әдістері мен техникалық құралдарын енгізу.

1-сызбанұсқа. Сейсмомониторниг жүйесі

Тәжірибе көрінісінде сейсмомониторинг жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Бақыланып жатқан аумақ пен оған қатысты аудандардағы жер сілкіністерін тіркеу.
  2. Қазақстан Республикасының директивті мүшелеріне бақыланып жатқан аумақтағы сезілетін және қатты жер сілкіністері туралы хабарлау.
  3. Қазақстан аумағы мен маңызды өндірістік объектілерін сейслогиялық бақылау.
  4. Жер сілкінісін болжау материалдарын Комиссияға жиі ұсыну.
  5. Қазақстан аумағындағы қатты жер сілкіністерінің эпицентрлік аймақтарына бақылау жүргізу.
  6. Алынған ақпараттарды өңдеу мен сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, демографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын жасау.
  7. Жер сілкінісін болжау үшін бақылау, автоматтандыру және материалдарды өңдеудің жаңа әдістері мен техникалық құралдарын енгізу.

1. 3 Жер сілкінісін болжау әдістері

Күтілетін жер сілкіністерінің картасын құру әдісі

Бұл әдістің авторлары ретінде Мәскеу қаласындағы Геофизика Институтының ғалымдары болып табылады.

Күтілетін жер сілкіністерінің картасын тұрғызу кезінде тесіленіп отрыған аймақ территориясын элементар ұяшықтарға бөледі. Әр элементар ұяшық үшін болжанатын параметрлердің әр қайсысы есептеледі. Бұл әдісті тестілеу, қолдану барысында болжанатын жер сілкіністерінің болуы 70% дәлдікпен анықталатындығы байқалған.

Айтылып отырған әдіс 15 жылдан аса уақыт тестілеуден өткен. Осы әдісті тестілеу үшін Кавказ таулары, Камчатка, Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қытай, Греция және Оңтүстік Калифорния жерлері таңдалып алынды.

Греция үшін жасалған күтілетін жер сілкіністер картасы 8 - сурет көрсетілген. Әдіс авторларының айтулары бойынша осы әдіс көмегімен қатты 5 жер сілкінісінің 4-і болжанған. [2]

Сейсмикалық тыныштықты аудандастыру әдісі

Бұл әдіс ZMAP әдісі ретінде белгілі. Бұл әдістің авторлары 1992 жылы болған магнитудалары 7, 5, 6, 5 және 6, 1 үш қатты жер сілкінісін болжауға пайдаланған. Айтылып отырған әдіс 5 қадамнан тұрады:

  1. Тестіленіп отырған аймақтағы жер сілкіністерінің біркелкілігін тексеру және афтершоктардың эпицентр нүктесінен қашықтығын анықтау.
  2. Сейсмикалық жағдайлардың өзгеруін анықтау.
  3. Таңдалынып алынған магнитудалар диапозоны үшін аномальді жағдайлардың болуын анықтау.
  4. Жер сілкінісінің жылдамдығын және жылдамдығының өзгеруін бақылау.
  5. Орын алған аномальді жағдайлардың статистикалық маңыздығын анықтау.

1- сурет . Греция үшін жасалған күтілетін жер сілкіністер картасы

Қарастырылып отырған әдіс бойынша 1992 жылы Калифорнияда болған жер сілкінісінің аудандастырылуы 9 - суретте көрсетілген. 1992 жылы Калифорнияда болған жер сілкінісі алдындағы сейсмикалық оқиғалардың интенсивтілігінің 75% және 100%-ға төмендеуі 10 - суретте көрсетілген. [3]

2 - сурет. 1992 жылы Калифорнияда болған жер сілкінісінің аудандастырылуы.

3 - сурет. 1992 жылы Калифорнияда болған жер сілкінісі алдындағы сейсмикалық оқиғалардың интенсивтілігі

Бионикалық әдіс

Соңғы кездері ғалымдар жер сілкінуді алдын ала болжаудың бионикалық әдісіне көп көңіл бөлуде. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарына сейсмологтардан басқа биология, биофизика, этология, ихтиология және т. б. мамандықтың өкілдері де атсалысуда.

Жер сілкінер алдында жануарлар мен жәндіктердін, мазасыз-данып, ерекше күйде болатындығы көптен бері белгілі. Адамдар талай рет жер сілкіну алдында үй жануарларының тұрған жерін тастай қашып, далаға қарай ұмтылатынын және т. б. ерекше жағдайлардың куәсі болған. Көптеген адамдар өздерінің иттерінің арқасында жер сілкіну апатынан аман қалғандарын жазып қал-дырған. Мұндай деректер айта берсек, өте көп. Бірақ бұл секілді мәліметтер ұзақ уақыт бойы сейсмолог мамандардың назарынан тыс қалып келді. Дегенмен, бұл мәселеге Қытайдың Хайченг провинциясында болған (1975) ерекше оқиғадан соң, көп көңіл бөліне бастады. Жер сілкінуге дейін (6 сағ. бұрын) провинция халқы үй жануарларының ерекше мазасыздануының, ал жыландар мен кесірткелердің індерінен безіп, жер бетін каптап кетуінің куәсі болады. Бұл жағдай халықты дер кезінде сақтандырып, апаттан аман сақтап қалады. Осы оқиғадан кейін, бионикалық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғалымдар саны көбейе бастады. Мысалы, Жапония ғалымы Я. Суэхиро өзінің “Балықтар және жер сілкіну құбылысы” атты кітабында, балықтар мен суда өмір сүретін бақа-шаяндардың мінез-құлықтарының жер сілкіну алдында өзгеру заңдылықтарын баяндайды. Олардың ішінде, судың ен, төменгі қаб-атын мекендейтін балықтар жердің дүмпу күшін алдын ала сезеді деп санайды. Сол сияқты жапониялық сейсмолог-ғалым Ц. Рикитаке “Жер сілкінуді алдын ала болжау” атты кітабында (1978) әр түрлі жануарлар мен жәндіктердің және балықтар мен кұстардың жер сілкіну алдындағы ерекше мінез-құлықтары туралы 157-ге жуық деректер жазып қалдырды. [3]

Жер сілкінісін болжау әдістері

Күтілетін жер сілкіністерінің картасын құру әдісі

Әдісті тестілеу, қолдану барысында болжанатын жер сілкіністерінің болуы 70% дәлдікпен анықталатынды.

Сейсмикалық тыныштықты аудандастыру

Магнитудалары 7, 5, 6, 5 және 6, 1 үш қатты жер сілкінісін болжауға пайдаланатын әдіс.

Бионикалық әдіс

Жануарлар мен жәндіктердін, мазасыз-данып, ерекше күйде болатындығына байланысты болжанатын әдіс.

5-сызбанұсқа. Жер сілкінісін болжау әдістері

АҚШ-та бірінен соң бірі (1976 және 1979 жылдары) екі рет жер сілкіну алдындағы жан-жануарлардың ерекше мінез-кұлықтарын зерттеу мәселесіне арналған халықаралық конференция ұйымдастырылып, оның материалдары екі томдық еңбек болып басылып шықты. Барлық елдерде осы бағытта жүргізілген бақылау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған дәлелді деректердің жалпы саны 282-ге жетеді.

Қытай мен Жапонияда соңғы 100 жыл ішінде, жануарлар мен жәндіктердің жер сілкіну әрекеттерінің хабаршысы ретіндегі ролі тек 20 рет қана байқалып, толық сипатталады.

Біздің елімізде де мұндай жағдай (геофизик А. А. Никоновтың жинаған деректері бойынша) соңғы 200 жыл ішінде 20 рет байқалады (Орта Азияда) . Бұл мәліметтер бойынша, жер асты дүмпуінің алғашқы хабаршылары қатарында, ең алдымен иттердің, сонан кейін барып жылқылар мен сиырлардың сезімталдығын атауға болады.

Жер сілкіну алдында жан-жануарлардың ерекше мінез көрсететіндігі туралы ең алғашқы деректерді 1887 ж, Верный (қазіргі Алматы) қаласында болған жер сілкінісінің куәсі, белгілі ғалым-геолог И. В. Мушкетовтың жазып қалдырған еңбектерінен және сол кездегі жергілікті газет беттерінен де табуға болады. Бұл мәліметтерге қараған-да, жер сілкіну алдында құстардың (торғай, қарлығаш, кептерлердің) ашық тұрған терезе арқылы үй ішіне ұшып кіруі жиі кездеседі. Осыған ұқсас жағдайлар Верныйда (1911), Қырымда (1927), Ашхабадта (1948), Югославияның Скопле қаласында (1963), Ташкентте (1966) және Тәжікстанның Алай (1978) жері сілкінісі кезінде де байқалады. Міне, осындай нақты деректердің арқасында көптеген ғалымдар жер сілкінуді алдын ала болжаудың бионикалық әдісін жолға қоюды жөн көреді. Мысалы, американдық ғалымдар Палль-дейл елді мекенінің (Қалифорния штаты) маңайында жер сілкінуді алдын ала болжау мақсатымен, әр түрлі тышқандарға бақылау жасап, табиғи тәжірибелер жүргізуде. Осындай мақсатпен Жапонияның Шиба қаласында зоологиялық ерекше бақ құрылған. Ондағы жан-жануарларды ғалымдар бақылауға алып, зерттеу жұмыстарымен айналысады. [4]

ТМД-да мұндай жұмыстар Қазақстанда Алматы маңында құрылған арнаулы полигонда жүргізіле бастады. Зоолого-сейсмологиялық стационарларды сейсмологиялық қауіпті аудандардың бәрінде де ұйымдастыратын уақыт жеткен сияқты. Мұндай жағдайда зоологтар мен биофизиктерге және геофизиктерге (барлық мамандарға) бірлесе отырып, қысқа мерзімді болжам жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туар еді. Жер сілкіну әрекеттерін алдын ала болжау үшін, оның хабаршысы ретіндегі әр түрлі белгілерді жүйелі түрде бірге қарастырып, дұрыс пайдалана білу керек. Мысалы, Ашхабад полигонында жер сілкіну алдында ескерілетін әр түрлі белгілердің жалпы саны 19-ға жетеді.

Қазіргі кезде жан-жануарлардың сезімталдық қабілетін немесе мінез-құлық ерекшеліктерін (инфра немесе ультрадыбыстарды, злектромагниттік толқындарды электр өрісін, жер қыртысының жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне шығып жатқан әр түрлі газдардың иісін сезіну қабілеті секілді және т. б. қасиеттерін) жан-жақты зерттеуге арналған әр түрлі эксперименттер жүргізілуде. Мұндай байқаулар мен эксперименттердің нәтижелері қысқа мерзімді, сенімді болжам жасаудың бастамасына айналуы мүмкін. [5]

1. 2. 2 Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау

Жер сілкінісін болжаудың бірден - бір негізгі шешімі ол болжау технологиялары болып табылады. (сызбанұсқа Жер сілкінісінің болжау технологиялары)

М8 алгоритмы

Бұл алгоритм Жер сілкінісін болжау және математикалық геофизика халықаралық Институтында пайда болған (МИТП РАН Мәскеу қ. ) . Бұл әдістің «Алгоритм М8» деп аталу себебі - магнитудасы 8 баллдан жоғары жер сілкіністерін болжауға негізделген әдіс ретінде саналады. Параметрлердiң сандық мәндерi сейсмикалық облыстар үшiн болжам функцияларының бiртұтас анықтауын қолданудаға мүмкіндік береді.

М8 алгоритмы таңдалынып алынған жердегі жер сілкінсінің болу мүмкіндігінің ең жоғарағы периодын анықтауға мүмкіндік береді. 1995ж. Кобе қаласында (Жапония) М=7. 2 болған жер сілкінісінің ретроспективті болжау функциясы 6 - суретте көрсетілген. Қазіргі кезде осы алгоритм авторлары бұл әдістің жер сілкінісін болжау дәлдігін арттыру үшін жетілдіру және модификациялау жұмыстарымен айналысуда.

М8 Алгоритмы Жер шарында болатын, магнитудасы 7, 5 баллдан жоғары қатты жер сілкіністерін болжауға бағытталған әдіс. 1991 жылдан бастап әлемнің бірқатар мемлекеттері біріге отырып Тынық мұхитындағы сейсмикалық полюсті бақылауға алды. Тынық мұхитындағы сейсмикалық белдеуі радиусы 427 км болатын 147 шеңбер тәріздес зоналарға бөлді. Алынған мәліметтер әрбір 6 ай сайын өңделіп отырды. Осы эксперимент барысында болған 11 қатты жер сілкінісінің 6 болжанды, соның ішінде 1994ж болған Шитокандық және 1995 ж болған Итурупсктік жер сілкіністері. (7 - сызбанұсқада Жер сілкінісінің болжау технологиялары көрсетілген) .

1998 жылы Алгоритм М8 жер сілкінісін болжауға мүмкіндік беретініне көз жеткеннен кейін, осы жобаға қатысушылар эксперимент барысында алынған мәліметтерді әлемдегі 100-ден аса жер сілкінісін болжау жұмыстарымен айналысатын ғалымдарға алуға ұсыныс жасады.

7 - сызбанұсқа Жер сілкінісінің болжау технологиялары

20 - сурет. 1995ж. Кобе қаласында (Жапония) М=7. 2 болған жер сілкінісінің ретроспективті болжау функциясы

Сол уақыттан бастап бұл экспериментті екі диапозонда өткізу шешімі қабылданды(М=8+ және М=7, 5+ ) . Бақыланып отырған сейсмоактивті облыстарға Трансазиаттық сейсмикалық белдеуі қосылды. Трансазиаттық сейсмикалық белдеуі R=667 км болатын 262 шеңбер тәріздес зоналарға бөлінді.

Калифорния-Невада (КН) алгоритмы

Бұл әдіс Ресей және АҚШ геофизик ғалымдарының бірлескен зерттеулері негізінде пайда болған. Алгоритм КН магнитудасы 5, 5-6, 5 болатын жер сілкіністерін болжауға арналған әдіс.

Алгоритм КН-мен жер сілкінісін болжау барысында болатын оқиғаларды бірнеше топқа бөлеміз:

  1. Бұл топқа магнитудасы белгілі бір шектен жоғары жер сілкіністерінің саны; олардың энергиясы; жер сілкінстерінің «дефицфиті» жатады
  2. Екінші топқа ұзақ уақыттық трендтен ауытқу; жер сілкінісінің магнитудасының әркелкі болуы, жер сілкінісі ошағының орташа өшемі.
  3. Үшінші топ функциялары жердің әр нүктелерінде болған жер сілкіністерінің бір-бірімен қарым-қатынасын сипаттайды; ең алшақ қашықтықта болған афтершоктың магнитудасы есепке алынады; бір-бірімен тікелей байланысты аудандарда болған жер сілкіністерінің жалпы саны.

Бұл алгоритм Калифорния және Невада штаттарының территориясында алынған ақпараттар негізінде пайда болған.

RTL алгоритмы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісін болжау
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу жайлы
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Жер сілкінуді зерттеу
Геологиялық сипаттағы апаттар
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Жер сілкінісінің қатері және пайда болған кезде халықты қорғау
Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау
Қарамандыбас кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz