Консулдық қызметі



Кіріспе

1. КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1Консулдық қызметінің қалыптасуы мен дамуы.
1.2ТМД мемлекеттерінің арасында консулдық қатынастарды бекіту

2. ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Консулдық қызмет дипломатиялық қызметінің бір бөлігі ретінде.
2.2 ТМД мемлекеттерінің консулдық мекемелері
2.3 ТМД мемлекеттеріндегі консулдық артықшылықтар және иммунитеттер

3. ҚР.НЫҢ ТМД МЕМЛЕКЕТІНІҢ КОНСУЛДЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
3.1 ҚР.ның консулдық заңнамасы
3.2 ҚР.ның ТМД мемлекеттері арасындағы екі жақты конвенциялар
3.3 ТМД мемлекеттерілген ҚР.ның консулдық қызметінің жаңа тенденциялары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
1. Чешков М. Постсоветская Центральная Азия в трех измерениях:традиционализация, перифиризация, глобализация // Аналитика. - 2005. -13маусым.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саясижедел жаңару жолында. Қазақстан Президентінің Қазақстан халқынажолдауы // Ақиқат. - 2005. - №3. -16 6.
3. Арынов Е.М., Трофимов А.Е. Международныеэкономические организации и экономические союзы. - Алматы, 1996;Нарибаева Н.К. Казахстан как субъект права международной экономическойинтеграции. - Алматы, 2000; Салимбаева Р.О. Казахстан и Всемирнаяторговая организация. // Вестник КазГУ. - сер. ист. - 2000. - № 3-4. - С. 54-
59; Турсунбаев Т.А. Международное сотрудничество Республики Казахстан в90-е годы XXв. - тарих ғыл. докт. дисс. қолж. - М, 2002; Казахскаяцивилизация в контексте мирового исторического процесса. - Алматы, 2003;Казахстанская цивилизация в контексте глобализации и поиска путейкультурной идентификации. - Алматы, 2003.
4. Бекмаханова Н.Е. Россия и Казахстан в освободительном движении:последняя четверть ХҮІІІ - первая половина XIXв.-М., 1996.

Мазмұны
Кіріспе

1. Консулдық қызметінің қалыптасуы мен дамуы
1.1 Консулдық қызметінің қалыптасуы мен дамуы.
1.2 ТМД мемлекеттерінің арасында консулдық қатынастарды бекіту

2. ТМД мемлекеттерінің консулдық қызметі
2.1 Консулдық қызмет дипломатиялық қызметінің бір бөлігі ретінде.
2.2 ТМД мемлекеттерінің консулдық мекемелері
2.3 ТМД мемлекеттеріндегі консулдық артықшылықтар және иммунитеттер

3. ҚР-ның ТМД мемлекетінің консулдық қатынастары
3.1 ҚР-ның консулдық заңнамасы
3.2 ҚР-ның ТМД мемлекеттері арасындағы екі жақты конвенциялар
3.3 ТМД мемлекеттерілген ҚР-ның консулдық қызметінің жаңа тенденциялары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл - Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.
Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.
Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық - құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік - экономикалық және валюталық - қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда - экономикалық және өндірістік - технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.
Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариалаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.


1. Консулдық қызметінің қалыптасуы мен дамуы
1.1 ТМД мемлекеттерінде консулдық қызметінің қалыптасуы мен дамуы.
Консулдық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы басымдық үшінші мағынасында бір құқық жүйесі нормасының екінші құқық жүйесінің нормасынан заңдық күшінің жоғарлылығын білдіреді. Әрине, бұл жоғарылылық абсолюттi емес, ситуациялық сипатта болады. Салыстырмалы зерттеу сипатында болатын жұмысымызда бiз консулдық құқық нормалары мен қағидаларының ұлттық құқық нормаларының иерархиясына әсер ету деңгейі мен осы иерархиядағы олардың алатын орнын анықтауды міндеттеріміздің бірі етіп қойдық. Осы жерде адамзаттың даму процесінде бірде консулдық құқық ұлттық құқықтан, енді бірде ұлттық құқық консулдық құқықтан басым болғанын айта кетуіміз керек. Кеңес Одағы мен социалистік елдер лагері болған кезде консулдық құқық пен ұлттық құқықтың бәсекелестігі анағұрлым теңескен болатын, кеңестік ғылыми доктрина олар өзара тең деген көзқарасты қатал ұстанды. Қазіргі постсоциалистік кезеңде консулдық құқық пен ұлттық құқықтың өзарақатынасы жаңа сатыға көтерілді және мұнда консулдық құқық мемлекетаралық сала да, мемлекетішілік салада да ұлттық құқықтан басым.
Жұмысымызда біз басымдық (приоритетность) және басымдылық (примат) терминдерінің екеуін де қолданамыз, бірақ алғашқы термин көбірек қолданылады. Себебі, бұл термин Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында қолданылған және консулдық құқық пен ұлттық құқықтың өзара қатынасының заңдық мазмұнын неғұрлым дәл көрсетеді.
Өз зерттеуімізде біз мемлекетішілік құқық, ішкі құқық терминдерін емес, ұлттық құқық терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы А.Х.Саидов дәл тұжырымдаған: Құқық - бұл жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше, біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі нақты ұлттық табиғатқа ие 8, 400б. Бұл ежелгі римнің халықтар, ұлттар құқығы және халықтар, ұлттар арасындағы құқық деген мағыналарды беретін res gens және res inter gens терминдерінен де көрінеді. Н.Н.Деев өзінің еңбектерінің бірінде мемлекеттік-саяси және этникалық даму байланысының әдістемелік алғышарттарына сүйене отырып, Батыс Еуропаны мысалға ала халықтардың арасындағы байланысты қарайды. Ғалым тарихта ұлт ұғымы әр түрлі мазмұнда болғанын айтады. Ежелгі дүниеде natio ұғымы ортақ шығу тек деген мағынаны берген және gens - тайпа ұғымымен синоним ретінде қолданылған. Орта ғасырда ұлт деп ортақ тілі бар жергілікті қауымдастықтар атала бастады, ал Лютер заманында ұлт термині мемлекеттегі барлық сословиелердің қауымдастығын білдіретін болды. Кейін Ұлы Француз революциясы кезінде ұлт ұғымы саяси мағынада түсініле бастады, яғни, мемлекеттегі ортақ заңдарға бағынатын азаматтардың жиынтығын білдіре бастады. Қазір ұлтты этникалық мағынада да, саяси мағынада да түсіну кең таралған және олардың мазмұны мен арақатынасына қатысты ортақ пікір жоқ 9.
Ұлттық құқық, ұлттық құқықтық жүйе терминдерін А.А.Рубанов қолданады 10. Ғалым бұл терминдерді қолдануын зерттеу объектісін шектеумен, яғни, құқық жүйелерінің консулдық аренада туындайтын барлық қатынастарын емес, әр түрлі елдердің құқықтары арасындағы қатынастарды ғана қарастыратындығымен түсіндіреді. Ұлттық құқық немесе ішкі құқық терминдерін латынамерикандық зерттеушілер де қолданады. Географиялық, экономикалық, мәдени және т.б. салада Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланыстағы (Қазақстан мен Ресей Федерациясының байланысы сияқты) елдердің ғылыми ойының тәуелділігі немесе дербестігінің көрсеткіші ретінде олардың пікірі бізді қызықтырады.
Заңтануда консулдық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасы мәселесі бойынша негізгі екі теория бар - монистік (ұлттық құқықтың консулдық құқықтан басымдығы теориясы мен консулдық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы теориясы) және дуалистік (консулдық құқық пен ұлттық құқық өзара байланысты екі құқықтың жүйесі деген теория).
Бірінші концепция негізінде ұлттық құқықтың консулдық құқықтан басымдығы теориясы дайындалды. Оны Гегельдің көзқарасын қолдайтын неміс заңгерлері қалыптастырды. Консулдық құқықты мемлекеттің сыртқы құқығы ретінде сипаттау арқылы Гегель мемлекеттің сыртқы саясатта абсолютті шектелмейтіндігін, консулдық құқықтың ұлттық құқыққа (тек қана мемлекет анықтайтын біртұтас нормалар жүйесі ретінде) тікелей тәуелділігін баса айтқысы келді 11, 239 б..
Ғалымның бұл жорамалы бүкіл әлемде 1789-жылғы адам мен азамат құқығының Декларациясына негізделген Ұлы Француз революциясының идеялары, Еркіндік, Теңдік, Меншік ұранымен қабылданған 1804-жылғы Француз азаматтық кодексі кең тараған уақытта XIX ғасырдың басында дайындалды. Бұл кодекстің негізгі ережелері осы уақытқа дейін Францияда және басқа көптеген мемлекеттер де әрекет етуде. Бұл бір мемлекеттің ұлттық құқығының басқа мемлекеттердің ұлттық заңнамасының қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалы болып табылады және сонымен бірге олар консулдық әдет-ғұрыптық нормалардың, кейін консулдық шарттық нормалардың пайда болуына да өз әсерлерін тигізді.
Әр түрлі халықтардың көшіп-қонуынан, шекараларға қарамай біреудің жерін иеленуінен туындаған ұлы көштер кезеңіндегі алғашқы мемлекеттердің пайда болуы кезінде, одан кейінірек те неғұрлым күшті мемлекеттің, империяның құқығы басым болды. Соғысу құқығы жаңа заманға дейін мемлекеттер арасындағы дауды шешудің заңды құралы болып қалды, ал аннексия бір мемлекеттің аумағын иеленудің заңды тәсілі болды. Мысалы, қазіргі Ресейдің Калининград облысы бұрынғы Пруссияның бір бөлігі болды және Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оны жеңілген Германиядан алып алды.
Консулдық құқықтың элементтері өте ерте замандарда қалыптаса бастады. Бірақ көбінесе ол жеңуші халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қалыптасқан болатын. Бұл қасиет Еуропа елдеріне де тән болды және ХVI-XVII ғасырларда осы ортада қазіргі консулдық құқық туындады.
М.А.Сарсембаев тек орта ғасырларда егемендік, бейтараптық, тұрақты елшіліктер мен консулдық өкілдіктер сияқты ұғымдар пайда болғанын айтады, дегенмен, антикалық дәуірде Ежелгі Рим мемлекеті консулдық шарт жасады және онда өздері бағындырған немесе әлі де болса бағына қоймаған халықтардың тағдырын шешті. Олар мәңгілік бейбітшілік, мәмілеге келу, достық қатынастар орнатып, одақтар құра алды. Және олардың көпшілігі тараптардың теңсіздігіне негізделді, Рим оларды басқа халықтарға күшпен таңды, Ежелгі Римнің консулдық құқығы ізгілікке сүйенген жоқ. Оларды тұтқындарды өлтірді, құлдарға айналдырды, басып алған қалаларын тонап, жойып жіберіп отырды.
Өзінің қалыптасып дамуының алғашқы сатыларында-ақ мемлекетішілік құқық консулдық құқыққа әсер ете алды және керісінше консулдық құқық та мемлекетішілік құқыққа әсер етті, консулдық құқықтың бір түрі ретінде аймақтық құқық, сонымен бірге, дамыған мемлекеттердің құқықтары көрші елдердің құқығының пайда болуына, қалыптасып дамуына әсер етті. Мысалы, еуропа (әсіресе, неміс) құқығы Ресей құқығының қалыптасуына, ал орыс құқығы өз кезегінде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның еуропаланған құқығың пайда болуына әсер етті. Бұл үрдіс осы күнге дейін жалғасуда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, француз заңнамасы, соның ішінде Франция Конституциясы 1995-жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындауға әсер етті 13, 18 б..
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы А.Цорн Халықтар құқығының (консулдық құқық) негіздері, Венцель Юриспруденция негізгі мәселелері атты жұмыстарында консулдық құқықты мемлекеттердің сыртқы құқығы ретінде қарастырады және олар ұлттық құқыққа енгізілген бөлігінде ғана заңды болады деп айтты.
Қазіргі неміс ғалымы Ф.Куниг консулдық құқықтың ашықтығы Offenheit, оның мемлекеттер мен консулдық құқықтың басқа субъектілерінің арасындағы достық қатынастардың Völkerrechtsfreundlichkeit қалыптасуына бағытталуына қатысуы туралы жазады.
Егер ұлттық заңнаманың жаңа консулдық құқықтың нормаларының пайда болуына әсері туралы сөз етсек, Н.В.Мироновтың пікірінше, мемлекеттердің заңнамасында халықтар арасындағы қатынастардың жаңа қағидалары жарияланады және осыдан кейін олар консулдық практика кезінде консулдық-құқықтық нормашығармашылық нәтижесінде міндетті консулдық-құқықтық сипатқа ие болып, консулдық конвенциялық немесе әдет-ғұрыптық нормаға айналады.
Сонымен бірге, ұлттық заңнама деңгейіне көтерілген бұл қағидалар тиісті сыртқы қатынастардың ұлттық органдары үшін жүріс-тұрыс ережесіне айналып, олардың қызметінің бағдарына айналады, осы мемлекеттің сыртқы саяси ұстанымын айқындайды оның консулдық тәжірибесі арқылы консулдық-құқықтық нормашығармашылыққа әсер етеді. Ішкі құқық консулдық құқыққа әсер етуі елдің сыртқы саясатының қағидалары арқылы да жүзеге асырылады 15, 76 б..
Қазақстандық зерттеуші О.Н.Сафонова мемлекетішілік құқық пен консулдық құқықты қағаз жүзінде ғана бөлуге болады, ал іс жүзінде олар ұлттық құқықпен де, консулдық құқықпен де реттелетін қатынастардың біртұтас жүйесі деп өте дұрыс айтады 16, 22 б..
XIX-XX ғасырда неміс ғалымы Трипельдің Халықтар құқығы (консулдық құқық) және ел құқығы атты еңбегінде дуализм теориясын қалыптастырды. Дуализм теориясы әлемде, соның ішінде Кеңес Одағында кең тарады. Кеңестік уақытта ғылымда консулдық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасының деңгейі мен нысаны туралы әр түрлі пікір болды.
Ұлттық заңнама мемлекет ішіндегі қатынастарды реттейді, сондықтан ол мемлекетішілік құқық, ал консулдық құқық нормалары мемлекеттік егемендіктің иесі ретінде мемлекеттер мен консулдық құқықтың басқа субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейді деген пікір кең тараған болатын.
Консулдық құқықтық жүйе мен ұлттық құқықтық жүйенің табиғатын түсінуге олардың дамуы мен арақатынасының тарихи тәжірибесін ескеру көмектеседі. КСРО-ның оқшаулануы мен қырғиқабақ соғыс жылдарында әлемнің екіге бөлінуі кезінде консулдық құқық пен ұлттық құқықтың қатар өмір сүруі кеңестік саясаткерлер мен консулдық құқық мамандарына консулдық құқықтың ұлттық құқықтан жоғарылылығын мойындамауға негіз болды. Олардың өзара тәуелділігі де мойындалмады. Сондықтан бұл екі жүйе дербес, олар бір-бірінен туындайды деген шетелдік ғалымдардың еңбектерін қолдады.
Р.А.Мюллерсон бұл пікірді қолдай отырып ары қарай дамытады. Ол консулдық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасына тән ортақ заңдылықтар туралы айтады. Формацияның пайда болуы кезеңінде ұлттық құқықтың басымдығын мойындау тенденциясы байқалады, өркендеп дамуы кезінде консулдық құқық пен ұлттық құқықтың теңесуі, яғни дуалистік теорияға сәйкеседі, кейін формацияның құлдырауы, дағдарысы кезінде консулдық құқықтың басымдығы теориясы қалыптасады және оны практикада іске асыруға тырысу байқалады дейді 17.
ХХ ғасырдың екінші жартысында австриялық ғалым Г.Кельзен ұсынған консулдық құқықтың басымдығы теориясы кең тарады. Мемлекетішілік заңнамада бұл теорияның қолданылуы бір қатар елдердің Конституциясында консулдық құқық ішкі құқықтан басым екендігі туралы норманы енгізуден көрінеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 тармағында Республика бекіткен консулдық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және консулдық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады делінген. Бұл ереже өзгеріссіз Қазақстанның көптеген нормативті құқықтық актілерде көрсетілген.
1.3 ТМД мемлекеттерінің арасында консулдық қатынастарды бекіту

Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.
Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында ТМД мемлекеттеріне мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.
Қазақстан өз егемендігін алған сәттен бастап, қайнар көзіне қарамастан, халықаралық міндеттемелерді сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей сипаттағы халықаралық әдет-ғұрыптық нормаға сай қызмет етті.
Тәуелсіз Қазақстанның 1993-жылғы алғашқы Конституциясы қабылданғанға дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулармен әрекет еткен 1978-жылғы ҚазКСР Конституциясына 1991 жылдың 21-тамызы мен 20-қарашасында мемлекеттің халықаралық құқықтың легитимді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, 71-бапта ҚазКСР шет мемлекеттерімен қатынасқа түсуге, олармен шарт жасасуға және дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар екені көрсетілген.
Конституцияның 97-бабының 21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды. Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңның 1-бабында: Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген конституция алдындағы акт болып саналды деп есептейді 8.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі - А.Е.. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.
Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.
Көлемі үлкен емес Конституциялық Заңның Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы делінген екінші тарауында 1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Декларацияның кейбір ережелері бекітілді. Мысалы, 6-бапта Қазақстан Республикасы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi ретінде барлық ұлттарының азаматтарына тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асыруға кепілдік береді. Қазақстан жалғыз егемендікті жеткізуші, мемлекеттік билікті жүргізуші тек қазақ емес барлық ұлттардың азаматтарына мемлекеттік биліктің өздері сайлайтын мемлкеттік органдар арқылы орындалуына кепілдік береді. Бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының азаматтыққа ие болу құқығы көзделген 15-бабына, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу құқығы көрсетілген 21-бабына сай келеді. Бұл бапта сонымен бірге, діни сеніміне, қоғамдық ұйымдарға тиесілігіне, шығу тегіне қарамастан Қазақстан азаматтарына бірдей құқықтар берілетіндігіне кепілдік берілген. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 6-бабына (құқықсубъектілігін мойындатуға құқық), 18-бабына (ой пікірге, діни сенімге, ар ождан бостандығына құқығы) және т.б. сәйкес келеді.
Посткеңестік ғылыми жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының, мысалы Д.Г.Гусейноглының Әзербайжанның халықаралық құқықтық субъектілігі атты еңбегінде, Г.Ш.Катамадзенің Грузияның халықаралық құқықтық субъектілік негізі деген диссертациясында КСРО құлауы нәтижесінде егемендік алған жас мемлекеттер КСРО-ға кіру нәтижесінде жоғалтып алған өздерінің мемлекеттігін қайта орнатты деп есептейді. Соған орай жас мемлекеттердің ең бірінші, өмірлік қажетті функциясы өздерінің тәуелсіздігін құрайтын мемлекеттік құқықтың негізін қалау болды. Қазақстанда осы процесс әлі күнге дейін жалғасып келеді.
Тарихта конституциялық заңнаманың қалыптасуының ұзағырақ болған кездері белгілі. Мысалы, Францияда 19 ғасырдың басында орын алған елеулі саяси жағдай кезінде 1791 жылғы Конституцияны 3 Конституция қатарынан ауыстырды: 1830 жылы, 1848 жылы, 1850 жылы. Канада Конституциясын 18-20 ғ.ғ қабылданған бірнеше заңнамалыық актілер құрайды. Олардың ішінде маңыздылары - 1774 жылғы Квебека заңы, 1791 жылғы Конституциялық заң, 1840 жылғы Канаданың бірігуі жөніндегі заң, 1867 жылғы Британдық Солтүстік Америка туралы заңы және осы күнде соңғысы болып Канада іс жүзінде жеке мемлекет болған 1982 жылғы Конституциялық заң табылады. Тіпті 1787 жылы қабылданып, 200 жылда тек іс жүзінде 26 өзгеріс (олардың оны 1791 жылы күшіне енген, құқық жөнінде Билль деп аталады) енгізілген әлемдегі ең ескі Конституциялардың бірі АҚШ Конституциясы әрдайым пысықтылып келеді. Америкалық теоретиктердің пайымдауынша, АҚШ-та заңды конституцияға қарсы тірі Конституция бар, ол қазіргі таңда соттық прецеденттер, Конгресс заңдары, Президент актілерімен көптеген толықтырулар енгізіліп әрекет етуде 9,112 б..
Мұндай жағдай қазақ халқы құқығының тарихында бар: 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін 200 жылға жуық далалық Конституцияға айналған Тәуке ханның әйгілі Жеті жарғысы бар. Жарғы негізінде судьялар (билер) бірауыздылық және әділдік қағидасына сүйеніп, ешқандай бюрократияға жол бермей әділ шешім шығарып отырды. Сондықтан қазақ сотын толық алып тасталғанға дейін Қазақстанға 19ғ. аяғы, 20ғ. басында көшіп келген басқа ұлт өкілдері де мойындап отырды.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.
1995 жылғы Конституцияда Адам және азамат бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.
1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының бірден бір заңшығарушы және жоғарғы өкілді органы деп Жоғары Кеңесті атап, парламенттік басқару нысанын жариялады. Жоғарғы Кеңестің толық көлемдегі өкілеттігінен Конституцияның 64-бабының 18-тармағын атап өтуге болады, бұл тармақ осы мемлекеттік органға халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау құқығын берді. 130-бабы Конституцияны соттық қорғауды және оның үстемдігін қамтамасыз етуді Конституциялық Сотқа жүктеді, оның Республика Конституциясының халықаралық шарттар мен міндеттемелеріне сәйкестігі туралы талаптарды қарау өкілеттігі болды.
1995 жылғы Конституциясы мен оны дамыту үшін қабылданған заңнама халықаралық шарттарға, Қазақстанда қабылданған құқықтық нормалардың халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкестігі туралы көптеген ережелерді қамтиды. Шетелдік бай тәжірибе де есепке алынды. 1995 жылғы Конституцияның нұсқасын дайындаған, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған кеңес беруші-сараптамалық кеңес құрамына тек қазақстандық емес, сонымен қатар ресейлік және шетелдік мамандар да қатысты. Олардың қатарында РФ Конституциясының авторларының бірі С.С.Алексеев, Франция Конституциялық Кеңесінің төрағасы Р.Дюма мен Франция Мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі Ж.Аттали бар.
Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.
4-баптың 3-тармағында Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады деген ереже бекітілген.
1969 жылғы 29-мамырдағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.
Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы заң күшіне ие Жарлығына сәйкес шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын: 1. Қазақстан Республикасының атынан (мемлекетаралық шарт); 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан (үкіметаралық шарт); 3. Министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар атынан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдар атынан (ведомствоаралық шарт) жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдары атынан жасалады.
Президенттің осы Жарлығының 2-бабына сәйкес халықаралық шарттарды жасау Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіруі бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі - А.Е.дегенді білдірсе, қол қою- кейін ратификациялау мен бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; ратификациялау- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Парламенті бекіту жолымен міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; бекіту- ратификациялауға жатпайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіту жолымен міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; қосылу - шарттың жасалуы кезінде Қазақстан Республикасы болмаған халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; Көріп тұрғанымыздай, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға келісім беруінің барлық тәсілдері ол үшін бұл халықаралық шарттар міндеттілігін білдіреді. Бірақ бұл кез келген халықаралық шарттардың нормалары өзінің міндеттілігінің арқасында ұлттық заңнама нормаларының алдында басымдыққы ие дегенді білдірмейді. Осындай қасиетке тек Парламент ратификацияланған халықаралық шарттар нормалары ие.
Егер де Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түрлері және де олардың жасау, орындау, күшін жою тәртібі Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 12-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы заң күшіне ие Жарлығы мен реттелсе, 1996 жылы 9 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау мәселелері туралы №2940 Жарлығымен (07.05.04ж. №1361 ҚР Президентінің Жарлығымен өзгертулер енгізілген) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру ережесi (бұдан былай Ереже) бекітілді. Жарлық мәтінінде ол Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының бірлігін қамтамасыз ету, халықаралық шарттар мен келісушіліктердің, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іс жүзінде іске асыруды бақылауды күшейту және оларды орындаудың біртұтас тәртібін орнату шығарылғаны жазылған.

2. ТМД мемлекеттерінің консулдық қызметі
2.1 Консулдық қызмет дипломатиялық қызметінің бір бөлігі ретінде

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі консулдық қызметі ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет "кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар консулдық қызмет үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз консулдық қызмет әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта консулдық қызмет бола алмайды". Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы - консулдық қызмет және интерация еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.
Консулдық қызмет ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық консулдық қызмет түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық консулдық қызмет теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер консулдық қызмет ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.
Ең бірінші аймақтық консулдық қызмет үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар, консулдық қызмет деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.
Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттеді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жерлегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіпттің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.
Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.
1960 жылы консулдық қызмет формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында консулдық қызмет жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде "дирижистер" деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, консулдық қызмет үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық консулдық қызмет барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши консулдық қызметі жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:
1. Еркін сауда аймағы - мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;
2. Кедендік одақ - жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;
3. Ортақ нарық - саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;
4. Экономикалық одақ - тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;
5. Саяси одақ - толық экономикалық консулдық қызмет, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.
Әлемдік консулдық қызмет үрдістің даму динамикысы консулдық қызмет теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері - Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.
Швед ғалымы Г.Мюрдальдің айтуы бойынша рыноктық көзқарасты ұстанатындардың теориялық жағдайдағы концепциялары кедей және бай елдердің дамуын бірдей қылуды көздейді, іс жүзінде поляризация одан ары күрделене түспек. Оның айтуынша, бұл ұлттық-саяси мүдделердің ықпалымен айқындалады. Осыған сәйкес ол мемлекеттік реттеу рөлін және экономикалық координациясын, әсіресе даму темпін және деңгейді біркелкі қылу үшін әлеуметтік саясаттың рөлін күшейтуді ұсынады. Зерттеудің теоретикалық негізінде мамандар консулдық қызмет концепцияларының үш ірі бағытын анықтады. Бірінші тәсіл, Батыс Еуропалық елдердің тарихи, экономикалық және саяси мүдделерінің бірлігі. Осыған сүйене отырып, осы ағымның жақтастары институцияланған құрылым құру керектігін айтады. Осы ғасырдың 50 жылдары американ және бірқатар еуропалық саясаткерлер жаңа концепцияны ұсынды, негізгі мәні әр түрлі мемлекеттерді федерацияға қосу. Осы ағым сасат ұғымында федерализм деген атқа ие болды. Биліктің федерациялық жүйесі бір жағынан тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздіктің дамуын қамтамасыз ете алатын қабілетке ие, ал екінші жағынан әр елдің ерекшелігін сақтай отырып, нақты федерация субъектілерінің және ұлтүсті органдардың саясаи және әкімшілік ұйымдардың құзыретін шектеу.
Осы бағыттағы екінші тәсіл: классикалық федерализм және неофедерализм. Бірінші әдістің жақтаушылары конституцианализм және биліктің бөлінісі идеясына негізделді. Мәні, аймақтық консулдық қызмет халықаралық көлемдегі нормативті қайта құруға негізделген кезде ғана мүмкін. Бұл ағымның жақтастары федеративтік жүйенің құрылуы интегарцияның ең соңғы бекеті дейді. АҚШ, Швейцария конфедерация қызметін мысал ете отырып, федералистер, федерацияны құру біріктіруші мемлекеттердің басқарушы элитасының шығуы тиіс. Жалпы бұл әдіс консулдық қызмет үрдісте конституциялық мүмкіндіктердің рөлін жарыққа шығарды, сонымен қатар ішкі және сыртқы факторлардың да. Кейін келе дәстүрлі классикалық федерализм әдістерінің жетіспеушілігі теорияның жаңалануын және федералдық консулдық қызмет идеясының жүзеге асырылу үшін кең мүмкіншіліктерді талап етті.
Неофедералистік концепция әлеуметтік консулдық қызметға арқа сүйей отырып, саяси және конституциялық деңгейдегі федералдық консулдық қызмет үрдісінің біртұтастығынан туындады. Осы ағымның көрнекті өкілі американдық политолог А.Этционе, К.Фридрих. Бұл ағым бойынша федералистер сияқты бірден секіру емес кезең кезеңмен болатын үрдіс. Федералистік үрдісі саяси бірлестіктердің түрлі жақтарын қамтуы мүмкін, эволюция барысында сонда құрылымның федералдық принципі бірте бірте кеңейді. Олардың ойынша да консулдық қызметі соңғы бекеті федеративтік мемлекет формасындағы саяси қоғамдастық.
Федеративтік консулдық қызмет идеясын Еуропалық Одақтың дамуында біраз байқай аламыз. Қазіргі кездегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұлттардың егеменді заңдары және жалпы консулдық қызмет құрылымдардың қайта бөлінуі баяу жүреді. Тіпті кейбір жағдайларда ұлттық мемлекеттің өкілетінің пайдасына бөлініп, кері серпіліс болуы мүмкін.
Федерализмнің теориялық кемшіліктерінің орнын толтыруға тырысқан функционалистерді айта аламыз. Олардың ойынша, қазіргі кездегі индустрияның, коммуникациялық құралдарының дамуы халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады, ал бұл өз кезегінде функционалды интернационалды ұйымдардың құрылуына себепші болады. Бірінші кезже консулдық қызмет мемлекет арасындағы қатынастарды реттейтін арнайы құрылымдарда қызмет жасайды. Бұл мектептің негізін салушылар Д.Метрани және А.Клоуд.
Аймақтық консулдық қызмет саласындағы тағы бір ірі ағым коммуникациялық ағым. Бұл ағымның негізін салушы американдық Карл Дойч. Ол әлемдік қауымдастықты әр уақытта өзара әрекет (коммуникация) және өзара ықпал ету үрдісінде болатын және жеңілдіктерге бару мүмкіншілігі және соған мәжбүрлеу механизмі бар түрлі саяси топтардың жиынтығы ретінде қарастырады. Консулдық қызмет үрдісінде негізгі назар "қауіпсіздік қауымдастығын" құру жолында және жағдайына бөлінуі тиіс.
К.Дойч консулдық қызметі ең басты қозғаушы күші тек ұлттық мемлекет емес, сонымен қатар, партиялық жүйелер, қысым жасау топтары және басқа ішкі саяси аренадағы акторлар жатады деп ойлайды. Оның пікірі бойынша мемлекеттердің ішкі консулдық қызметлануы қауіпсіздік қоғамдастығына қол жеткізгенде ғана бола алады. Осыған байланысты осы мектептің жақтаушылары консулдық қызметға әсер ететін екі факторды белгіледі:
:: Біріншіден, қоғамдастықта өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Мұнда консулдық қызметланбаған топтар әр уақытта конфронтация күйінде болады.
:: Екіншіден, белгілі бір топтардың потенциалды мақсатына қол жеткізу үшін саяси консулдық қызметланған қоғамдастық жағдайында барлық мүмкіншілікті топтастыру.
Оң нәтижеге жету үшін консулдық қызмет барысында К.Дойч консулдық қызметланушы бірлестіктер арасында, коммуникациялық құралдар арасында бір біріне бағыныштылық керек дейді.
Коммуникациялық мектептің өкілдері консулдық қызметланған қоғамдастыққа апаратын жағдайларды ойла шығарды. Олар:
1. Саяси сферада негізгі құндылықтардың сиымдылығы;
2. өмір сүрудің белгілі бір түрі;
3. тығыз экономикалық қатынастарды күту;
4. Консулдық қызмет субъектілері арасындағы әкімшілік және саяси мүмкіндіктер;
5. Кейбір акторлар бөлігінің арасында интенсивті экономикалық даму;
6. Қоғамның түрлі қабаттары мен түрлі аймақтар арасындағы қоғамдық коммуникацияның болуы;
7. консулдық қызмет топтардың арасында саяси элитаның тарауы;
8. консулдық қызмет субъектілері арасындағы коммуникациялық байланыстардың көптігі;
9. Өзара коммуникациялық сипат;
10. Консулдық қызметланған кеңістіктегі түрлі топтардың оңай ауысуы;
11. Консулдық қызмет субъектісінің мінез-құлқының айқындығының жоғарғы деңгейлігі.
Бұл жоғарыда айтылғандар федералистік және функционалистік мектептердің айтқандарына келгенімен коммуникацияшылдар әлеуметтік-психологиялық факторға артықшылық берді. Консулдық қызметланушы мемлекет аймақтарының азаматтарының сиымдылығы, қоғамдық сезімін көріп білуі консулдық қызмет жетістігіндегі ең маңызды шарт.

2.2 ТМД мемлекеттерінің консулдық мекемелері

ТМД-ң құрамында аймақтық интеграцияның даму тенденциялары бүгінгі күннің шындығы. Бұл жалпы ТМД-дағы геосаяси, геоэкономикалық дамуға әсерін тигізуде. Аймақтың интеграцияға Орталық Азияның және үштік одақтың құрылуын жатқызуға болады. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттерінің белсенділігімен Орталық Азия мемлекеттерінің Одағы және оны жүзеге асыру механизмдері: Мемлекетаралық Кеңес, Атқарушы Комитет құрылды. Бұл Одақ ортақ экономикалық кеңістікті қалыптастыруға міндетті. Сондай-ақ бұл Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы әлеммен байланысын нығайту, аймиқтық экономикалық дамуын қамтамассыз етуі қажет.
Орталық Азиядағы интеграция тек экономикалық емес сонымен қатар әскери, саяси-гуманитарлық ақпараттық және қауіпсіздік деңгейде дамуда. Осыған айғақ ретінде біз 1994 жылы 30 сәуірде Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) қабылданған "Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларының ортақ экономикалық кеңістікті құру туралы" келісімді айта аламыз. Бұл бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтарының ортақ тарихи негізінде және өзара дамуды тереңдету үшін, ортақ экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тауар, капитал және жұмыс күшінің еркін алмасуы үшін, жер қойнауларының шикізат ресурстарын тиімді пайдалануы үшін сондай-ақ ТМД-ның экономикалық дамуы туралы кодекстерді жүзеге асыра отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары өзара ортақ экономикалық кеңістік құруға келісті делінген.
Бұл Одаққа ТМД-ң басқа да мемлекеттері еркін қосылу "процедурасы" қабылданған. Кейін осы үшін Одаққа Тәжікстан да мүше болды. Орта Азия Республикаларының ТМД құрамындағы аймақтық дамудағы ынтымақтың тағы бір көрінісі 1995 жылы Ыстықкөлде өткен конференция. Мұнда "Ыстықкөл Декларациясына" қол қойды.
Ыстықкөлде өткен конференция Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістерге жаңа серпін берді. Бұл конференцияда "іс-қимыл жоспары" қабылданған болатын.
ТМД-дағы жаңа қалыптасып отырған жағдай Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусия мемлекеттерінің 1993 жылы Төрттік Одағының құрылуына алып келді. Қазақстан мен Қырғызстан сияқты көп ұлтты мемлекеттер үшін бұл одақтыңөзіндік маңызы зор. Төрттік Одақтың құрамындағы мемлекеттер Кедендік одақ құрып 1993-1995 жылдар аралығында тауар айналымының өсуі байқалды. Мысалыға, 1995 жылы Кеден Одағына мүше елдер мен Белорусьтің арасындағы тауар айналымы - 18 пайызға, Қазақстанның - 40 пайызға, Ресейдің - 12 пайызға жетті. ТМД-ң басқа мемлекеттермен салыстырғанда 2 пайызға артық. 1996 жылы көрсеткіштер: Белорусь - 27 пайыз, Қазақстан - 31 пайыз, Қырғызстан - 44 пайыз, Ресей - 17 пайыз, яғни 7 пайызға өскен.
Кеден Одағы кейінрек дамып, кеңейіп қазір де ол Еуразияның экономикалық қауымдастық. Бұл жаңа ұйым. Оның Кедендік Одақтан көптеген артықшылықтары бар. Олардың бірі ол ұйымдасқан бір бірлескен. Қазіргі таңда бұл ұйым өзінің даму жолында. Осы жылдың, яғни 2003 жылдың 19 сәуірінде бірінші экономикалық форум өтті. Бұл форумның нәтежиесінде Бірлескен Декларация қабылданды. Декларация мемлекетаралық экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған.
ТМД құрамындағы аймақтық интеграцияның дамуы барысында Грузия, Украина, Әзірбайжан,Молдова және Өзбекстанның бірлестігі ГУУАМ құрылған. Бұл саяси- экономикалық сипаттағы бірлестік. Белорусь және Ресейдің арасындағы Одақ, Орталық Азиялық экономикалық қауымдастық, ЕурАзЭқ. Міне, бұлардың бәрі ТМД-дағы интеграцияның дамуын көрсетеді.
ТМД-ң құрылуымен байланысты жаңа геосаяси ахуалға әсер етуші факторлардың бірі Каспий теңізі мен Каспий мұнайын тасымалдау болып отыр. Әйгілі саясаттанушы З.Бжезинский "Каспий - ХХІ ғасыырдың кілті" деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай президент Н.Назарбаев былай деген: "Каспий бейбіт интеграция негізіне айналуы қажет. Тек бір-бірімізге хабарлай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының консулдық қызметi
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы
Сыртқы қатынастар
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСУЛДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Дипломатиялық құқық тарихы
Пәндер