Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық саяси, рухани тұрақтылығының да шешуші фокторы болып есептеледі. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінен әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады [45] .
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға дейінгі стратегиялық бағытында ауылды дамыту мәселелеріне басты назар аударылған. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңында « . . . ауылдық аумақтарды дамыту азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға . . . ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған» деп көрсетілген.
Ауылдық жерде ел халқының 43%-дан астамы қоныстанған, олардың үштен бірінің табысы күнкөріс деңгейінен төмен. Демек, қазіргі кезде еліміздің азық-түліктен қауіпсіздігін сақтау және оны нығайтумен қатар, ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық даму механизімін жетілдіру, дәлдеп айтқанда, елді мекендер тұрғындарының табыс деңгейін көтеру, экономикалық қызмет салаларын кеңейту, ауыл халқының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру өзекті экономикалық мәселелердің біріне айналып отыр.
2002-2005 жылдар аралығындағы «Ауыл жылы» бағдарламасын және БҰҰ қатысуымен ауылдың өзекті мәселелерін шешуде 6500 ауылдар зерттелінді [41] . Соған байланысты ауылдың экономикалық деңгейін анықтайтын әдістерді қолдана отырып, көптеген істер атқарылды. Бірақ «Ауыл жылы» бағдарламысынан кейінгі жылдары толықтай зерттелмеген.
Ауылдық аудан деңгейінде экономиканы тұрақтандыру және дамыту мәселелерінің теориялық негізін және даму үлгісін құрмай, ол туралы шешім қабылдамай жоғары аймақтық деңгейлерде экономикалық дамуды қалыптастыру мүмкін емес. Ауылдық аудандарды кешенді әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру және дамыту мәселелерінің өзектілігі, олардың ғылыми тұрғыда жеткіліксіз зерттелуі диссертация тақырыбын таңдауға негіз болып, зерттеудің мақсаты мен мәселелері анықтады.
Республикамызда ауыл халқының басым бөлігі Қызылорда облысы аудандарының ауылдарында мекендейді. Нақтырақ айтқанда қалада тұратын халықтың саны 301, 5 және ауыл халқы 411, 4 мың адамды құрайды. Қызылорда облысының аудандық ауылдарының мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығының өнімі төмен ауданға жататын Арал аудан ауылдарының мәселелері және оны шешу диссертациялық жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Әлемнің кейбір дамыған елдерінде ауыл шаруашылығын дамыту - маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі болып саналады. Өйткені ауыл шаруашылығы елдің экономикасы дамуында шешуші факторлардың бірі. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Бірақ та табиғи-климаты қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Яғни бұл аймақтың ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа алып келеді.
Қазіргі жағдайда ауылдық аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеу басымды мәселенің біріне айналды. Себебі, аудандық аспект аграрлық саланың әлеуметтік-экономикалық дамуының біріңғай жүйесінің маңызды буыны, аймақтық ұйымдастырудың және басқарудың ерекше үлгісі.
Бұл мәселе бойынша ғылыми зертеулерді жүргізудің қажеттілігі нарықтық экономиканың өзіндік ерекше жағдайларымен және заңдылықтарымен анықталады. Қазіргі жағдайда ауылдық аудан экономикасының дамуы нарықтық жүйенің даму үлгілеріне сәйкес күрт өзгереді. Мұндай өзгерістер ауыл шаруашылығы саласының дамуының экономикалық және әлеуметтік негіздерінің түбегейлі өзгеруінен алып шығады. Меншік қатынастары, шаруашылықтардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін үйлестіру және реттеудің экономикалық тетіктері, экономикалық және әлеуметтік аялардың өзара әрекет етуінің экономикалық ұйымдастыру тетіктері өзгереді. Осының барлығы әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында ауылдық аудандарды дамыту үлгісіне тиімді өтуге мүмкіндік беретін олардың кешенді экономикалық дамуының теориялық негізін құру қажеттілігін айқындайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ауылды аумақтардың мәселелерін шешуде, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму теориясын зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің ғалым-экономистері өз үлестерін қосты. Яғни, осы мәселелерге Д. А. Столыпина, Андреева Н., Ванин Н., Гатаулин А., Горюшин О., Долятовский В., Кожурин В., Савченко Е., Серова Т., Ушачев И., Фудин А. және т. б. бірқатар ТМД елдері ғалымдарының да еңбектері арналған.
Жалпы Қазақстандағы ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық мәселелерді отандық экономистер: Байзақов С., Жусупов С. Е., Айткалиев Р. А., И. Ш. Шәмшәтов, Аубакиров Я. А., Спектор Михайл Давидович, Гаркушина Валентина Васильевна, Байбугина М. К., Хосыбаев Б. Т, Шидловский Ю. П. және т. б. зерттеген. Сөйте тұра, Қазақстан аумақтарының табиғи-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты ауылдық аудандардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін, оны реттеу тетіктері мен тиімді зерттеу мәселелері, ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық негіздері мен ерекшеліктерін анықтау толық зерттеуді қажет етеді.
Жоғарыда көрсетілген зерттеулерде Қызылорда облысына қатысты деректер жалпылама түрде кездеседі. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуында кәсіпкерлік қызметті жетілдіру (Қызылорда облысы материалдары негізінде) тақырыбында, А. Е. Мұханованың кандидаттық диссертациясының маңызы зор.
Сонымен қатар, Ж. Е. Абилгазиеваның ұлттық шаруашылық жүйесіндегі ауылдық аудандардың экономикасы: тұрақтандыру және дамыту бағыттары атты диссертациясы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше аймақтарында еңбек нарығын дамыту туралы оның ішінде Қызылорда облысы мысалында қорғалған Д. А. Бекешованың диссертациялық жұмыстарының орны ерекше.
Көрсетілген мәселелердің өзектілігі, теориялық талдау деңгейі және тәжірибедегі пайдаланушылық дәрежесі және өмірлік мәнділігі жұмыстың тақырыбының маңыздылығын, сонымен бірге, зерттеу мақсатын, міндеттерін және нысанын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі негізгі мәселелерді шешу қажет:
- Қызылорда облысының ауылдарының өзекті мәелелерін анықтау;
- Ауылдық аумақтарды дамытудың шетелдік тәжірибесі ерекшеліктерін зерттеу және оны отандық ауылдық аудандарды дамытуда қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- Шағын және орта кәсіпкерлікті ауылдық аудандарды әлеуметтік-экономикалық тұрақтануы мен дамуының негізі ретінде агроөнеркәсіп өндірісін қалыптастыруды зерттеу;
- Ауыл аумақтарды дамытудың басымдықтарын қарастыру;
Зерттеу пәні. Қызылорда облысысының ауыл аумақтарының мәселелерін және оны шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны. Қызылорда облысының ауыл округтері және ауыл аумақтарындағы ауыл шаруашылығы өндірісі және кәсіпорындар мен ұйымдар.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Отандық және шетелдік ғалым-экономистердің аграрлық мәселелрге арналған еңбектері, Қазақстан Республикасы заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жарлықтары, шешімдері және қаулылары, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың құжаттары, аграрлық сипаттағы бағдарламалар диссертациялық зерттеу жұмысының негізі болды.
Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі: абстракты -логикалық әдіс - жұмыстың теориялық және әдістемелік табиғатын зерделегенде, мәліметтерді жинау және өңдеудің жүйелік және кешендік тұжырымдамасы, талдау және синтез, салыстыру және факторлық талдау және т. б. әдістері.
Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің, Қызылорда облысы статистика басқармасының, Арал ауданы әкімшілігінің статистика бөлімі, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы ауылды дамытуға арналған бағдарламасы зерттеулерінің нақты ұсыныстары, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік баспа материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық көзі болып саналады.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қызылорда облысы ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалықдаму барысы кешенді түрде талданып, өзекті мәселелерді шешудің нақты бағыттары анықталды;
- Арал аудан ауылдарының қазіргі кезде орын алған мәселелері анықталды;
- Ауыл мәселесін дамытудың мен шешудің шетелдік тәжірибесі және оны отандық ауылдық аудандарда дамытуда қолдану бағыттары ұсынылды;
- Ауылдың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуда кәсіпкерліктің әдістері, әлеуметтік салаға инвестиция тарту негізінде, оның перспективалық даму бағыттары анықталды;
- Қызылорда облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының жағдайы анықталды;
- Қызылорда облыс аудандық ауылдарының экономикалық көрсеткіштері бойынша жіктелінді;
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызыдылығы. Ғылыми зерттеудің негізгі жағдайларын жүзеге асыру ауыл аумақтарын мәселелерін шешу жолдарын анықтауға және оны әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыратын әдістер мен құралдарын жетілдіруге, оларды реттеудің кешенді іс-шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін қолдану мүмкіндіктері айқындалды.
Зерттеу материалдарын облыстық және аудандық әкімшіліктерде ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуда, ауыл экономикасының дамуына баға беруге және оның даму бағдарламасын жасап шығару жұмыстарында қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыста ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдарын анықтау негізінде, қорытындылар мен ұсыныстар негізделген.
Зерттеу бойынша жарияланған еңбектер. Диссертациялық тақырыбы бойынша ғылыми еңбек, 2012 ж 23-26 сәуірдегі «Ғылым әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясының материалдарында жарияланды және ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Гуманитарлық зерттеу институты «Гуманитарлық зерттеу мәселелері» - атты журналының № 13санында жарық көрді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыста кесте, диаграмма және сурет, картадан құралған.
1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУЫЛ АУМАҚТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- Қазақстандағы ауыл аумақтардың қазіргі кездегі мәселелері
Қоғамның дамуында ауыл шаруашылық саясат, аграрлық сұрақтар ауылдың дамуындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр және сол жағдайда қалып отыр. Аграрлық сұрақ пен аграрлық саясат кешенді мәселе. Бұл жерде ауылдың мәселелері экономикалық, әлеуметтік және рухани үдерістер бір-бірімен байланысты [1] .
Қазақстан Республикасы өзінің географиялық орналасуына және кең байтақ жерінің болу ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығын атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға ыңғайлы.
Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық саяси, рухани тұрақтылығының да шешуші фокторы болып есептеледі. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінен әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады[2] . Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік, әрі экономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады.
Ауылда бұрын кеңес шаруашылығы, бүгін күні бұл оншақты шаруа қожалығы, ал ертең не болатынын ешкім білмейді. Кеңес дәуірінде ұйымдастырылған түрінде ұйым болды, яғни жоспар бойынша жұмыс істеді. Жоспарда қанша ет, мақта, бидай өндіру туралы бұйрықпен келіп отырды. Өте қиын табиғи жағдайда және «берілген жоспармен» тұрғындар жұмыс істеп өмір сүрді. Қазіргі кезде тек салық инспекторынан басқа шаруа қожалықтарына ешкім жоспар жіберілмейді және ешкім қызықпайды. Спектор Михайл Давидович, . Жетпісінші жылдарда халық шаруашылығында қиыншылықтар көбейіп, экономиканың өсу қарқыны төмендеген болатын. Соның салдарынан сексеніші жылдардың бас кезінде елімізде коммунизмнің материалдық-техникалық базасы құрылады деген болжамдар орындалмай қалды. Ал, Қызылорда облысында Кеңес Одағының 1985 жылы қайта құру басталды [3] . Бұл жылдардағы өзгерістер ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізгені дәлел.
Республикамыздың тәуелсіздігіне дейінгі уақыттарда ауыл аумақтарының жағдайын оның ішінде ауыл шаруашылығының өнімі(кесте 1) және ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылуы (кесте 2) туралы төмендегі кестелерде келтірілген. Кестеде (кесте 1) көрсетілген өнім көлемі жоғары облыстарда 1980 жылдардың басында Ақмола және Шымкент облыстарынан басқа облыстарда 1989 жылдарға дейінгі аралықта көрсеткіштер бастапқы жылдарға қарағанда едәуір төмендегені байқалады. Бірақ өнім көлемі орташа облыстарда керсінше көрсеткіштер қалыптасқан. Яғни бастапқы жылдардан 1989 жылдар аралығы көрсеткіштер көлемі анағұрлым көтерілгенін көреміз. Дәл сондай жағдай өнім көлемі төмен облыстарда да қалыптасқан. Қорытындылай келе, ауыл аумақтарында ауыл шаруашылығының бұрынғы жылдарда қалай қалыптасқанына қарай қазіргі кезде де сол жағдайда қалып отыр.
Кесте 1 - Ауыл шаруашылығының облыстар бойынша өнімі (1983 жылғы бағамен есептелінген, шаруашылықтың барлық категориясы бойынша, млн рубл. ) *
млн рубль
Целиноград
(қазіргі Ақмола)
*Дерек көзі: Қазақ ССР статистика мәліметі. -1990. -7 б [4] .
Соған сәйкес 1980-1989 жылдар аралығындағы облыстар бойынша ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған жұмысшының орташа жылдық санына да байланысты екенін дәлел ретінде төмендегі кестеде көрсетілген. Яғни, ауыл шаруашылық өнім көрсеткіші қаншалықты жоғары облыстар соншалықты ауыл шаруашылықпен қамтылған жұмысшылар қалыптасқан (кесте-) . Ауыл шаруашылығындағы жұмысшының саны жоғары облыстарға Қостанай, Целиноград (қазіргі Ақмола) және Шымкентоблыстары жатады (кесте 2) .
Кесте 2 - Облыстар бойынша ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған жұмысшы саны
мың адам
Целиноград
(қазіргі Ақмола)
*Дерек көзі: Қазақ ССР статистика мәліметі. -1990. -7 б [4] .
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда ауыл аумақтарында ауыл шаруашылығы басқаша қалыптаса бастады. Ауыл туралы түсінік Қазақстанда ауыл, елді мекендер түсінігі және ауыл атануының негізгі шарттары туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарасытырылған. Атап айтқанда, 1993 жылғы 8 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» № 572- ХІІ ҚР заңының ауылға (селоға) берілген анықтамасы - ауыл шаруашылық өндірісте еңбек ететін тұрғындар мен олардың жанұяларының мүшелері халқының жартысынан артығын құрайтын, 50 адамнан кем емес халқы бар елді мекен деп танылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңында белгіленген «ауылды елді мекен» ұғымының «ауыл (село) » ұғымынан айырмасы бар. Мәселен, Заңның қағидаларына сәйкес ауылдың (селоның) белгілері төмендегідей:
- елді мекеннің белгіленген тәртіппен есепке алынуы және тіркелуі;
- оның жергілікті өкілетті және атқарушы органдар арқылы басқарылуы;
- 50 адамнан кем емес адам саны, олардың ішінен ауыл шаруашылығы өндірісімен шұғылданатын жұмыскерлер мен олардың отбасыларының мүшелері тұрғындардың кемінде жартысын құрайды[5] .
Сол заңнамаларға сәйкес ауылдар деңгейі есепке алынып, қазіргі кезде оның саны нақты анықталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында 175 аудан, 87 қала, елді мекендер оның ішінде кенттер 35, ауылдар 6982 бар[6] . Халқының саны 16 441 959 адам, оның ішінде ауыл халқының саны 74 80623 құрайды.
Қазақстан Республикасында халықтың 35-40 % ауылдық жерлерде тұрып, ауыл шаруашылығын кәсіп етеді. Нарық дамыған көптеген елдерде бұл көрсеткіш 10%-дан аспайды, ал АҚШ-та небері 4-5% қана[7] .
Қазіргі кезде Қазақстанда күрделі жағдайлар аграрлық еңбек нарығында қалыптасып отыр. Қаламен салыстырғанда ауылдық жерде жұмыссыздық қарқыны өсіп отыр және ауыл шаруашылығы өндірісінен босаған жұмысшы күші бұл жерден жұмыс орнын таба алмайды. Келеңсіз өзгерістер еңбек ресурсының сапалық құрамында болып отыр. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 1 класты механизаторлар мүлдем қалмады, ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсету мен реттеуді өз еркімен жүргізу етек алған. Еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетінің деңгейі біршама төмендеді [61] .
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша реформа жылдарында пайдаланатын ауыл шаруашылығы жерлері сандық және сапалық жағынан нашарлады. Ауыл шаруашылығындағы егістік жерлердің тозығы жетті және оларды өңдеу үшін материалдық ресурстардың болмауы әсер етті. Біздің Республикамызда агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс масштабын ұлғайту және оның орнықтылығын арттырумен бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Сонда да болса елді ауыл шаруашылығы шикізатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешімін таппай отыр[8] . Бұл біздің Республикамыздағы ауыл шаруашылығы ерекшеліктерінің белгілі объективтік жағдайымен түсіндіріліп қана қоймайды, мұнда ауыл шаруашылық жерінің көп үлесі ылғалы жеткіліксіз зонада орналасқан, транспорт және де егінді жинау техникаларының кейбір түрлері мен өнімді сақтау үшін қажетті қоражайдың жеткіліксіздігі (тапшылығы) әлі де болса сақталып келеді.
Ауылдағы жұмыс істейтін адамдар санының әрдайым азайып отыруы объективті заңдылық. Бұл - нарық экономикасына көшкен барлық елдердің басынан кешкен оқиға. Ол үшін ауыл шаруашылығында жаңа тиімді техника, ауылдық инфрақұрылым жасалуы керек. Бұл бір-екі жылда оңай шешілген мәселе емес екендігі түсініңті. Әрине, бұл салада қыруар еңбек қажет[8] .
Ал енді жуықта республика үкімет басшысы жерді жеке меншікке сату қажеттілігі туралы ұсыныс жасады. Осы ұсынысты бұрын да кейбір мамандар жақтаған. Осы ұсыныстың теориялық негізі нарық экономикасында барлық өндіріс құрал, жерде тауар айналысында болуы керек екендігін көрсетті. Сол себептен жер учаскелері де ерікті сатуға, сатып алуға, нарық айналысына түсуі керек. Жер сатуға түспесе, толық, нарық қатынасы болмайды деген тұжырымар ұсынылды. Осы күрделі де өмірлік маңызы бар, әсіресе, қазақ халқының тарихи дәстүріне, қазіргі тірлігіне тікелей қатысты мәселе жөнінде ерекше қарама-қарсы көзқарастар бар.
Классикалық экономикалық теория бойынша жерге жеке меншік абсолюттік және монополиялық рентаның пайда болуына әкелді. Бұл ренталық қоғам мүшелеріне қосымша салық, жер иесі оны иемденетіні сөзсіз.
Ауылда білім алуға дұрыс қаматамасыз етілмесе, ауыл тұрғындарының ауылды дамытуға үлес қоспайтын болса, ауылдың қысқаша тарихы болмаса, ауыл азаматтарының жетістікке жетпесе - ауылдың мүлдем құрып кетуіне алып келеді [9] .
Қазіргі кезде ауыл аумақтарының өзекті мәселелерінің бірі жастардың немесе бітірген жас мамандардың жұмыссыз қалып қалаға қоныс аударуы орын толтырып келеді. Ауылдың әлеуметтік және мәдени деңгейі жеткіліксіз болғандықтан білім алған жас маман оны қаладан іздейді. Қалада жастар қауымы жұмыссыздықты және ақысы аз жұмыспен орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz