Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау



Кіріспе

І Тарау Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
1.1 Көше балаларының құқығын қорғаудың мәні, мазмұны, қамтамасыз ету ерекшеліктері.

1.2 Көше бала.әлеуметтік педагогиканың объектісі ретінде.

1.3 Көше балаларды құқықтық . әлеуметтік қорғау.

ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы көше балаларды қамтамасыз ету ерекшеліктері

2.1 Әлеуметтік педагогтың көше балалармен жұмысы.

2.2 Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайырымдылық қорлары және оның әлеуметтік мәні.


Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді» дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі – кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
1. Андреева Г.М. Социальная психология. - М,, 1980.
2. Алдамұратов. Жан тану негздерк - Алматы, 2001.
3. Абрамова ГС. Практическая психология. - М., 2001.
4. Абрамова ГС. Психологическое консультирование. - М., 2001.
5. Батаршев А.В. Тестирование. Основной инструментарий
практического психология. - Ростовна-Дону, 2000.
6. Бадмаев Б.Ц. Методика преподавания психологии. М.,2003.
7. Бектенғалиева С.Х., Ядгарова НХ Балабақшада психологиялық
қызмет жұмысын ұйымдастыру. - Алматы, 2003.
8. Битянова М. Практическая психология. - М., 1996.
9. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера.
Собр.соч. в 6 т. - М., 1983. Т.4.
10. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы, Қазақ университеті, 1993 ж.
11. Сәбет Бап-Баба, Жалпы психология. /Жантану негіздері/: -Алматы «Заң әдебиеті», 2003 ж.
12. Жарықбаев Қ, Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе: Оқу құрал / А, - 2000 ж.
13. Жалпы психология. Алматы: Білім, - 1996, - 224 б.
14. Жарықбаев Қ. Психология. Оқулық: - 3 - ші басылым. - Алматы: Білім, 1993 ж.
15. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері: Оқулық. -Алматы, 2002 ж.
16. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан», 1990 ж.
17. Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию. Курс лекциий. – М., 1988.
18. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т-Т. I –М., 1989
19. Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения : В 2т. – Т. П. – М., 1983.
20. Выготский Л. С. Собрание сочинений: В 6 т. – Т. 2. М., 1982. ( Мышление и речь: 2-361. Мышление и его разитие в детском возрасте: 395-415 ) .

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І Тарау Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
0.1 Көше балаларының құқығын қорғаудың мәні, мазмұны, қамтамасыз ету ерекшеліктері.

0.2 Көше бала-әлеуметтік педагогиканың объектісі ретінде.

0.3 Көше балаларды құқықтық - әлеуметтік қорғау.

ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы көше балаларды қамтамасыз ету ерекшеліктері

0.1 Әлеуметтік педагогтың көше балалармен жұмысы.

0.2 Қазақстан Республикасындағы балалар үйлері мен қайырымдылық қорлары және оның әлеуметтік мәні.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер



Кіріспе

Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, Мені іздеп келмеді ме екен? деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек аналарының таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі - кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
Ет жүрек елжіреп езілмей, жүйке жұқарып, көңіл босамай тұрар ма. Онсыз да тағдырлары келіспеген бейкүнә бүлдіршендердің өміріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпейді ғой, жетпейді...
Бала үшін ананың жақсы жаманы болсын ба? Ана - әрқашан Ана ғой. Олардың ішінен де балабезер деген сұмдықтары шыққандарын бейкүнә сәби қайдан білсін. Анам деп, мамам деп, күнде күтеді. Сағынып, сарғаяды. Терезеден телміріп, өткен-кеткендерге, есіктен енген жанға жәудіреп қарап, жәутеңдейді...

І Тарау Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
2.1 Көше балаларының құқығын қорғаудың мәні, мазмұны, қамтамасыз ету ерекшеліктері.

Әр баланың жеке өсу процесі сияқты, оның қоғамдағы орны, дәлірек айтсақ, қоғамның баларға деген қамқорлығы ретінде.
Балалық шақтың, ересек адамның да өмірі сияқты өсу процесі екенін ескерсек, ересек адамның қалыптасуының маңыздылығы балалық шаққа байланысты.
Баланың жастық ерекшелігі, оның әрбір кезеңде ерекше денелік қалыптасуы, өзіндік танымдық өсуі, әлеуметтік өмір тәжірибесі мен белгілі бір моральдық танымымен ерекшеленеді. Жас өскен сайын балалардың әлеуметтік қалыптасуы, бірінші кезекте отбасына байланысты болады. Сондықтан отбасының қоғам алдындағы жауапкершілігі өте зор.
Бала өлімінің жылдан-жылға өсуі, көбеюі, бала туудың қысқаруы, мүгедек баланың санының өсуі - бұл еліміздегі қазіргі экономикалық және саяси әлеуметтік дағдарыс болып табылады.
Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі баланың да мінез-құлқы, құлықтық және психикалық денсаулығына әсерін тигізеді. Еліміздің арасындағы ең қараусыз қалғандар балалар мен жасөспірімдер болып шықты. Балалар мен жасөспірімдердің шынайы мемлекеттік қараусыз қалуы, олардың тәртібіне, іс-әрекеттеріне, қарым-қатынастарына әсерін тигізіп, антиқоғамдық әрекеттерге, қандай да болмасын жолмен ақша соңына түсуге, қылмыстың өсуіне әкеліп соқты.
Білім беру дағдарысы толыққанды қаржыландырмау педагог кадрлардың жетіспеушілігіне, мектептің қоғамдық процестерден шектелуіне әкелді. Бұл өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге кері әсерін тигізді.
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі. Бірақ та бұл жастың басқа жастан айырмашылығы күнделікті түсінікте кішкентай адамның алаңсыз өмірімен байланыстырылады: егер бала өз сұранысын қанағаттандырудан басқа ештеңе істегісі келмесе, яғни ол балалық шақта жүр деген сөз. Балалық шақты оның жасын елестетуге болмайды және де бала әрине үлкендердің қорғауы мен қамқорлығына мұқтаж. Сонымен бірге біздің кішкентайларға деген қамқорлығымыз неден көріну керек екенін, кімнен қорғап сақтауымыз керегін біліп алуымыз керек. Егер біз балалық шақ - Жұмақтың алаңсыздық пен қызықтың белесі деп ойлайтын болсақ, Баланы шындыққа басқаша қарап, бұндай жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске қарама-қарсы қоятын болсақ, Баланы шындыққа басқаша қарап, бұндай жағдайдан шығаратын, әрбір өзгеріске қарама-қарсы қоятын болсақ , бұл дұрыс бола қояр ма екен? Егер біз әдейі жасалған жағдайдың көмегімен оны бұл жұмақ өмірде барынша көбірек ұстасақ, бұл баланың пайдасына шешіле қояр ма екен? Әрине, мұнымен біз балаға тек зиян тигіземіз және де бұл балаларды қорғау емес, оның мәнін бұрмалау.
Бұл ойлардың бәрі терең таңдауды қажет етеді. Біріншіден, балалық шақ дегеніміз алаңсыз жұмақ өмір белесі емес.
Ол бізге ересек адамдарға, біздің өмірдегі мәселелеріміздің көзқарасынан, балалар тек қана ойнап күлетін, сияқты болып көрінеді. Мұндай көзқарас дұрыс емес. Балалардың өмірінде де, үлкендердің өміріндегідей қиында шешімі табылмайтын мәселелер көп және де олар балаларды ойлануға, қиналуға, қиындықтарды жеңуге, күресуге және қуануға мәжбүр етеді.
Балаларға кейде өмір сүрудің қиын екенін, бұл өмірдің жан-жақты екенін байқамайтын адам, бала тәрбиелеуде үлкен қателік жіберіп алуы мүмкін.
Екіншіден, нағыз балалық шақ - бұл алға ұмтылыс, бұл тоқталмайтын есею процесі. Бала ересек болғысы келеді.
Көптеген ойындарда біз баланың, ананың, әкенің, дәрігердің, ұстаздың, құрылыстың, солдаттың, сатушының т.с.с. рөлдерді ойнайтынын байқаймыз. Баланың өзінен кішкентайдың рөлін алатынын кездестіру қиын. Сонымен бала өмірінің мәні, балалық шақтың мәні, баланың тезірек есеюге деген құштарлығынан басқа ештеңе де емес. Егер балалық шаққа осы көзқараспен келсек, біздің балаға деген қарым-қатынасымыздың бағытын басқаша ойластыруымыз керек. Олармен араласқанда біз, олардың есеюге деген құштарлығына қолдау көрсетуіміз керек. Оның кішкентай екенін ескертіп, шамадан тыс еркелетіп, көп аяи беруге тіпті де болмайды.
Баламен араласқанда, біз оған кішкентай бала ретінде емес: маңызды істер тапсырып, онымен санассақ, тезірек ересек болу процесіне септігімізді тигізсек, сонда ғана біздің балаға деген қамқорлықтың педагогикалық мағынасы болады.
Тәрбиенің тапсырмасы, балалардың ержетуіне көмектесіп, осы жолдағы әр ұмтылысына қолдау болып табылады. Ал біз болсақ, балаға барынша ойын-сауық, ойыншықтар беру мен қандай да болмасын еңбек етуден сақтауға тырысамыз.
Балалық шақтың қызығы мен қуанышы ойын-сауық пен ойыншықтарда емес, өмірде өзін-өзі ашуында, өз болашағына жақындауында. Балалардың өздерінің тәуелсіздігін дәлелдейтін істерге баруы ересектердің өміріне ендіретін ойыншықтар алып, ойын ойнайтыны, міне осыдан. Бұл шытырман оқиғаларға, қиындықтарға толы болашаққа ұмтылған біздің балалардың нағыз балалық шағы. 80-ші жылдардағы он жастағы балалардың көбірек білу үшін, оқуды, санауды, жазуды үйренуге, жаңа достар табуға асығуы - балалық шақ- қызық та өзіндік, тәуелсіз өмірге деген құштарлық мәні бар есею екенін дәлелдейді.
Бірақ балалар бүгінгі күнмен өмір сүреді және олардың сұранысы қазіргі уақытқа байланысты.
Оқыту мен тәрбие, педагогикалық процестің барлығы, өзінің әлеуметтік орнына байланысты, бағындыру, әлементін алып жүреді. Бұл баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерінің өсуі өз еркімен таңдап алған материалдардан емес, қоғамымыздың талабымен, оның мәдени-әлеуметтік өсу деңгейімен белгіленген тәрбие мен оқытуға байланысты.
Тәрбиеші, аналар балаларды қалыпты жағдайға келіріп, олар үшін үйіндегі аналары жасайтын барлық жақсылықты жасауда. Олар: балалардың киімін жуып, ауырса емдеп, оларды достастырып, тіпті оларға әр түрлі мерекелер ұйымдастырып, сыйлықтар бере білді. Томилинодағы аналар жоғары білімді әрі осындай улкен отбасыны шынайы жүрегімен қабылдайды. Бұл ауылда 56 бала бар, олар 14 үй - 11 отбасы, әр отбасында 8 баладан бар. 3-4 кішкене балаға бір ересек баладан бөлінген. Статистикалық мәлімет бойынша, қазіргі қараусыз қалған балалардың осындай отбасыларға енуі теңіз тамшысындай ғана, бірақ, бұл іс - болашағы зор іс.
Бұл ауылға Москваның білім комитеті қайырусыз жер бөліп берді. Ал, құрылыс жүргізуге арналған қаражат түрлі қайырымдылық қорлары, Ресей мен шет елдің заңды, жеке тұлғалары және ГФР-дің белгілі саясаткері Габриелл Биттендорфтан келіп түсті.
Осы тектес ауыл соғыстан кейінгі жылдары Гмайнердің ұйымдастыруымен Австрияда құрылды. Бұның өзі - тарих.
Балаларға көмек ретінде мұндай тәсілді, яғни, уақытша балалар үйін құруды қарастырған дұрыс. Алғашқы әлеуметтік балалар үйі Санкт-Петербург қаласында ашылды. Ол - Қайырымдылық үйі. Бұл үйдегі тәрбиеші-педагогтардың негізгі принципі - балаларды еңбекке баулу болды.
Жаңадан түскен балалардың еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып, еңбекке үйретудің ордасы, мұнда балаларды бірте-бірте өзіне қарауды үйретіп, тәрбиеленушілердің өзі істеген жұмысын керексіз деп санамауы, жұмысқа деген қызығушылығын жоғалтпауы үшін үнемі еңбекақы төленіп отырды. Мұнда уақыт өте тығыз болатын. Мұндағы педагогтар балаларды отбасы мүшелерімен қақтығысқа түсірмей, еңбекке баулуды мақсат етті.
Санкт-петербургтағы Астрид үйі атты паналау үйінде жеке топтар құру сынақтан өткізілді. Революцияға дейнгі ресей тәрбиешілерінің тәжірибесі қолданылды. Мұндағы балалар үйіндегі жағдай да жеке топтардан құрылды. Қалалық Смена газетінде Мені өзіңе ал айдарымен берілген жарнамаларда көше балалар суретімен беріліп отырды.
Бала асырап алушылар балалар үйінің штатына енгізіліп, киім мен тамақ үшін қаражат (15 бөлікте ақшалай қаражат бір бала үшін) төленді. Осындай отбасыларға балалар өз ниеттерімен барды. Бірақ, олар паналау үйінен ұзап кете қойған жоқ, үнемі қарым-қатынаста болды. Паналау үйіндегі ересек балалар үлкендермен бірге пәтерлер жөндеуі, түсқағаздар жапсырды, перделер тікті. Асхана, аула, т.б. орындардағы жөндеу жұмыстарының барлық түрлері бойынша жасалған еңбек балмаен есептеліп, Еңбек кітапшасына енгізіліп отырды. Олардың еңбекақысы банкте сақталды.
Санкт-Петербургтағы Синяя ворона (Көкшіл құс) атты паналау үйінде 30 бала тәрбиеленіп, қамқорлық көруде. Олар бұл жерде уақытша тұрады.
Энфимия пансионы мен Маленькая мама атты христиан қыздар үйінде кәмелет жасына толмаған қыз балалар қабылданды. Мұнда 5 ана болып, олар үшін тігу шеберханалары, көркемстудия, медициналық курстар, үй шаруашылығы курстары мен шаштараздық іс курсы ашылды. Аналарға арнайы жабдықталған бөлмелер, балаларға арнайы ойын бөлмелер, балаларға арнайы ойын бөлмелері берілді.
Москвада балалар мен жасөспірімдерді орналастыруды мақсат еткен бірнеше панлау үйі мен орнықтыру орындары, қорлар, ассоциациялар құрылды. Түрлі кеңес беру орталықтары құрылды.
Петрозаводскіде паналау үйі балаларды орналастыру бөлімі маңында ашылды. Мұнда балалар 15 тәулік бойы қамауда болса, ал балалар үйінде олардың денсаулығына үнемі қамқорлық жасалды. Тәрбиеленушілердің еркін жүріп-тұруына жағдай жасалып, ақыл-кеңес берілді, үйлеріне бару үшін де ақшалай көмек көрсетілді.
Гнездышко 1995 ж. қараша айында Клина қаласындағы әлеуметтік көмек беру, үй-жаймен қамтамасыз ету, медициналық және психологиялық жәрдем көрсету, шабармандық қызмет пен әлеуметтік мәселелерді шешу өнеріне баулу болып табылды.
Бұл паналау үйінде уақытша келген 3 пен 14 жас аралағындағы 40-қа жуық балаға тамақ, киім, медициналық жәрдем мен күтім, психолгиялық және педагогикалық көмек көрсетіледі.
Гнездышкада балалар ғана емес, ата-ана құқықғынан айырылғандар мен ата-анасы ішімдікке салынғандардың балалары паналады.Мұнда демалу, ұйықтау, тамақтану мен еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Бұл жерде баланың жеке тұлғасы, кризиске ұшырау себептері зерттелді, әр баламен жеке жұмыс бағдарламасы құрылды. Балалардың физиологиялық, ақыл-ой жайы жете зерттелді.
Ата-ана мейірімін сезінбеген, керісінше күнделікті ұрыс-керіс, жанжалмен үлкендер тарапынан дөрекілікті көрген балалар осы үйді паналады. Тіпті, мұнда келгендердің кейбіреуі ата-аналарының бір-бірін өлтірген кезеңін басынан кешірген.
Олардың көпшілігі интернат тәрбиесін көрген. Дала өмірі мен күнделікті тіршілік үшін күрес бұл балалардың денсаулығына кері әсерін тигізді. Сол себепті, көпшілігі қашуға, төбелесуге бейім болып келді.
Мұнда түскен баланы дәрігерлер жан-жақты зерттеп, арнайы емдеу карталарын жасады. Бұл карталарға арнайы бағдарлама жасалды. Арнайы бейімдеу бағдарламаларына мамандардың қорытындылары енгізілді, паналау үйінің қызметкерлерінің ұсыныстары кірді.
Жайлы тұрмыс пен жақсы сезім балалардың дұрыс өсіпжетілуі үшін аса қажет болды. Бұл балаларды жан-жақты зерттеу үшін де өз септігін тигізді.
Паналау үйінің тәртібі бойынша, сағат 7.30-да балалар ұйқыдан оятылып, жаттығулар жасады. Одан соң жатын орындарын жинастырды. Мектепке баратын оқушылар таңертеңгілік асты ертерек ішті.
Жөнді тамақтанбауға үйренген балалардың тамақтануы қатаң қадағаланды.
Балалардың жақсы тамақтануы, яғни асын асықпай жақсы ішуі үшін Раиса Васильийқызы арнайы сыйлықтар белгіледі. Асын толық ішкенге арнайы сыйлықтар беріледі. Негізгі сыйлықтар конфет, жеміс-жидек болды.
Паналау үйінің ұжымы негізінен бұрынғы балбақша қызметкерлерінен құралған болатын. Ал, олар балабақшадағы тәрбиелеу әдісін осында енгізе білді. Балалар мектеп мерекелеріне үнемі қатысып, суреттер салды, әндер айтты, би биледі, өз өнерлерін ортаға салды.
Еңбекке баулудың негізі өз-өзіне күтіммен қараудан басталады. Оған өз төсек-орнын жинау, киімін тазалау, ауланы қоқыстан, қардан тазарту жэәне кішігірім бақшадағы жұмыстар жатады. Балалар сәбіз, қызанақ, көкшөп, петрушка, қызылша сияқты көкөністерді өздері егіп, күтім жасады.
Мұнан кішкене сәбилердің еңбекке деген. Құлшысының мол, ал, 9-10 жасар оқушылардың еңбекке құлышынысы аз екендігі байқалды. Бірақ, олар тәрбиешілер назарынан тыс қалмады.
Паналау үйіне түскендердің көпшілігінің мінез-құлқында ауытқушылық бары байқалды. Олар үнемі себепсіз күліп, себепсіз жылайтын. Кейбіреуі екі-үш күнге қашып кетуді ойластыратын. Қашқандардың көпшілігі қайта оралып отырса, кейбіреуі миллиционер арқылы кері қайтарылатын. Олардың барлығы әр баламен жеке дара жұмыс жүргізетін психолог назарында болды. 7-10 жасар балалар жергілікті мектепке барып, үй тапсырмаларын тәрбиелеушілерімен бірге атқарды.паналау үйінің ұжымы балалардың қалыптасуына барлық жағдайды жасады. Олардың арасында балаларды өз үйлеріне қайыру, асырап алу немесе балалар үйіне жіберу сияқты істер болды.
Ұжым жұмысының негізгі бағыттарының бірі - отбасылық топтарды құру болып табылды.
Паналау үйінде отбасылық топтарды құрудың негізгі мақсаты - бала құқығы жөніндегі Халықаралық конвенцияның ұсынысына сәйкес сәбилердің өмір сүру құқығы мен отбасында ьәрбиелену құқығын қорғау. Отбасылық топты кейбір отбасылар асырап алған балалар құрады, бірақ олар паналау үйінің статусын сақтап, одан унемі материалдық, медициналық және психологиялық көмек алып тұрды. Баланың денсаулық жағдайы мен психикалық жай-күйі үнемі тексерілді. Бұл туралы мәліметтер паналау үйінде үнемі тіркелді. Паналау үйі отбасылық топтағы балаларды қадағалап және көмек көрсетіп отырды.
Гнездышко балалар паналау үйі Москвадағы Энди фирмасы, әулие Тихон шіркеуі, Клиндегі Клинстройсервис, Сельстройкомбинаты, нан, сүт зауыттары, ет комбинатарының қаражатымен қамтамасыз етілді. Жеке тұлағалардың ішінде өз еркімен ақшалай көмек көрсетушілер де болды. Олар балаларға киім, ыдыс-аяқ, жеміс-жидек, т.б. жіберді.

ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы көше балаларды қамтамасыз ету ерекшеліктері

1.1 Әлеуметтік педагогтың көше балалармен жұмысы.

Көше бала дегеніміз- отбасындағы дағдарыс кезеңіндегі баланың құлықтық қондырғыларының құлдырауында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі кезеңінде пайда болады. Ажырасулардың көбеюі ата-аналардың біреуі баланы тәрбиелеуде - әкесі немесе шешесі, некеден тыс туған балалардың тууының саны ұлғаюы. Ата-аналардың ажырасуы баланың мінез- құлқына яғни психикасына әсер етеді. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында яғни өз елімізде 100 мыңнан астам балалар, сәбилер үйлерінде және арнайы интернаттар да тәрбиеленіп жатыр. Балалар үйлері шағын болғандықтан онда әр баланың жүрегіне жол табуға тырысқан, бірақ әр балалар үйінде , мектеп интернаттарында көше баланың әлеуметтік мәселелерін шеше алмайды.
көше балаларытің себебі неде?
-ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ана санының көбеюі;
-тілексіз туған балалар;
-халықтың материалдық жағдайының төмендеуі;
Қоршаған ортаның көше баладерге тигізетін кері әсері, ол ата-ана не жақын туыстарының жылулық сезімдерінің жеткіліксіздігі, отбасы мейірімінің кемшілігі. Балаларға әсер етіп отырған бұл жағдайлар олардың ақыл-ой дамуына, тұлға дамуына кері әсерін тигізеді.Көбінесе бұндай балаларды ақыл-ой дамуында кемшіліктер, жыныстык идентификациясының бұзылуы, нашакорлықпен қылмысқа бейімділік байқалады. Бұндай балалар қарым-қатынаста неврозды өздеріне көңіл аудартқысы келе тұра одан қашады, агрессивтілікке беріледі немесе түңіледі, зейінін шоғырландыра алмайды. Мұның бәрі балаларда қоршағандарға деген жағымсыз қатынастың тууына алып келеді. Балалар үйі жағдайында балалар арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Отбасында жанұялық біз сезімі сезінеді. Бұл құлықтық күш бала да қорғаншылық жағдайын туғызады. Ал, ата-ананың қорғаншылығынсыз балаларды стихиялық түрде біз және бөтендер , біз және олар интернаттық сезімі қалыптасады. Бөтендерден бәрі ерекшеленеді, бірақ бала өз тобында шет қалып қояды. Олар адамдарды жатсынып оқшаулауды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Бұдан олардың қоғам заңдылықтарын бұзу құқығы шығады. Бала интернатпен балалар үйінде көп құрдастарына бейімделуі керек, ал бала ортасында олардың үнемі болып тұру қоздырғыштықты, алаңдаушылыкты, агрессияны туғызады. Онда ананизм, гомосексуализм, сексуалдық кең өріс алады.
Бұның барлығы жылулықтың жағымды эмоциялардың жоқ болуы салдарынан туатын жүйке-жүйелерінің тозуы нәтижесінде пайда болады.
Балалар үйлері мен интернаттарда баланың өзі бола алады, жалғыз демала алады және өзінің іс-әрекеттеріне анализ жасай алар жеке бөлмесі жоқ.
Өзіндік шоғырланудың жоқтығынан тұлғаның белгілі бір стандартты әлеуметтік түр қалыптасады. Мемлекет қамқорлығындағы балалар да өзімшілдік (Бізге беруі тиіс, беріңдер) қалыптасып, жауапкершілігімен үнемдеушілігі болмайды.
Оқшаулануға талпынып подвалдар мен шатырларда пана қылады.Ересектердің қарауынсыз бұл оқшаулану жағымсыз нәтижеге қашып кетуге және қаңғырушылыққа алып келуі мүмкін.
Ересектермен қарым-қатынас ортасынның шектеулі болуы қарым-қатынас процесін жүруін қиындатады.
Сәбилер үйінде олар сенімсіз ересектерге үйренбейді, тұйық, көңілсіз, қызығушылық, белсенділікті дамытпайды, сөйлеу тілі нашар дамыған. Көше бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өмірге бейімдеу тиімділігін арттыру мәселелері өткір көтеріліп отыр. Себебі, көше балалармен ақыл - естерінде ауытқушылықтары бар балалар өз тұстарына қарағанда арнайы күтім мен мейірім қажет етеді. Бұл өз кезегінде интеграциялау үрдісінде ықпал ететін фактордың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеудің көкейкестілігін, мектеп интернаттағы тәрбиеленушінің түлектерінің өмір сүру жағдайын жақсарту қажеттілігін көрсетеді. Ал, бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында барлық типті және атаулы 511 интернат мекемелері жұмыс жасап , оларға 58839 жас тәрбиеленіп жатыр.

Көше балалары мәселесін шешу жолдары

Көше балалары қоғамның, адамзат қоғамының дамуымен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық дамудың білінбес бір бөлшегі.
Түрлі соғыстар кезеңі, індет, табиғи апат салдарынан жас ұрпақ ата-аналарынан айырылып, көше балаларыке душар болды. Бірақ, қоғам дами келе көше баладерпайда болды. Яғни, ата-ана қамқорлығын көрмеген, мейірімін сезінбегендер. көше баладерге - кішкентайынан 18 жасқа дейін әлеуметтік - экономикалық жағдайларға байланысты ата-анасы тірі болса да ешбір қамқорлық көрмегендер жатады.
Көше балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларұғымын қарастыра отырып, біз Көше балаларға ата-анасының не біреуінен, не екеуінен айырылғандарды жатқызамыз, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға ата-анасы ең алдымен :
-ата-ана құқығынан айырылған немесе шектелген;
-жоғалып келген немесе еңбекке қабілетсіз,яғни, емдеу мекелерінде жатқан ата-аналардың балалары;
-өлді деп танылғандардың балалары;
-бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу орындарында отырғандардың балалары;
-қылмысқа қатысы бар деген айып тағылып, уақытша тергеу орындарында отырғандардың балалары;
-балалардын өсіріп, тәрбиелеуден біржола бас тартқан ата-аналардың балалары;
-өз балаларын тәрбиелеу, емдеу т.б. мекемелерден алудан бас тартқан ата-аналардың балалары;
-басқа да жағдайларға байланысты келген балалар жатады
-Көше балалар туралы ұғым Ресейде отбасылық кодексінде қарастырылмаған. Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалартуралы ұғым да тыс қалған. Көше балалардың 4%- ті тастанды балалар. Балалардың 70%- ке жуығынан аналары босана салысымен, оны тәрбиелеуден бас тартуда. Осы 50% аналар жалғыз басты аналар қатарына жатады. Бұлардың көпшілігі ананлық сезіммен психологиялық жағынан жетілмегендіктен бала тәрбиелеуден бас тартып отыр. 30%- ке жуық балалар ата-анасы маскүнемдікке салынғандықтан паналау үйіне келіп түсуде.
Балаларды мемлекеттік мекемелерге тапсырудың басты себептері мыналар:
отбасы мүшелерінің біреуінің болмауы;
материалдық жағынан мұқтаждық көруі;
тұрмыс жағдайының төмендігі;
ата-аналарының біреуі немесе екеуінің маскүнемдікке, нашакорлыққа салынуы.
Көбіне кейбір балалар кемтарлығына байланысты осы балалар үйінде қалдыруда. Ақыл-ойы кеміс туған балалар негізінен осында әкелінуде.Көпшілік аналар, оның ішінде жасы кәмелетке толмаған аналар байқаусызда пайда болған баладан құтылу жолында түрлі дәрі-дәрмек қолдану салдарынан кемтар балаларды дүниеге әкелуде. Ал, бұл балалар не ата-анаға, не балалар үйіне керексіз болып қалуда. Көше балалардың жеке өміріне дақ түсірмей, аяулаудың түрі-қамқорлыққа алу. Жасы 14- ке толмаған балалар ғана қамқорлыққа алынып, тәрбие беріледі. Ал,14 жас пен 18 жас аралығындағылар арнайы адамдардың қарауында болады. Қамқорлыққа алу мен арнайы қарауға алып тәрбиелеудің функциялары оқу бөлімдері басқармалары арқылы, денсаулық сақтау бөлімдері арқылы (денсаулығында кемістігі бар балалар), әлеуметтік қорғау бөлімдер арқылы (еңбекке қабілетсіздігін анықтау) анықталады.
Қамқорлыққа алу мен арнайы қарауға алынған балалар құжаттары Конституция заңдарына сәйкес реттеледі. Осы заңдарға сәйкес Көше балаларға арналған арнайы бағдарламалар құрылды.
Балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі бөлімдер тастанды балалардың көше балалары жайына ұшырау себептерін, тұрмыс жағдайын анықтап, тізімге алады.

Қамқорлыққа алудың негізі ретінде:
ата-ананың қайтыс болуы ;
ата-аналарының ата-ана құқығынан айырылғандары;
ата-аналық құқығы шектелген;
ата-анасының еңбекке жарамсыздығы;
ата-анасының ұзақ уақыт бойы басқа жаққа кетуі;
бала тәрбиесіне жете көңіл бөлмей, бас тартуы;
қамқорлыққа алудың басқа себептері де алынады.
Қамқоршы- Қамқорлыққа алынған баланың жалпы өмірі, денсаулығы,тәрбиесін өз мойнына алған жеке тұлға. Ол арнайы органдар арқылы тұрғылықты жеріне сай тағайындалады.Қамқоршыға қойылатын талаптар мен міндеттер және қамқорлыққа алынушы баланың құқығы Конституция заңдары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес көрсетілген. Балалардың тәрбиесі, емдеу және әлеуметтік көмек беру жағын арнайы мекемелер қолға алса, онда қамқоршылар тағайындалмайды. Барлық жүктеме сол мекеменің басшыларына жүктеледі.
Асырап алу. Ешбір қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасынан айырылған балалардың кейбір жанқияр өздеріне бала етіп асырап ала алады. Мұны асырап алу деп атайды.
Асырап алу- мемлекеттік заңда көрсетілген, екі жақты келісім нәтижесінде қол қойылатын акт болып табылады. Бұл актіге екі жақ: асырап алу шы мен асыранды бала (асырап алуға беруші орган) өзара міндеттерді айқындай отырып қол қояды. Асыранды балалар өздеріне қатысты мүлікті және ата-анасына деген құқықтан айырылады. Асырап алу - сот органдарына асырап алуға жеке тұлғалардың өтініш беруі арқылы орындалады. Асырап алуға денсаулық, тұрмыстық жағдайы жақсы әрбір азамат құқылы. Нашақор, ішімдікке салынған, еңбекке жарамсыз жандарға бала асырап алуға тыйым салынған. Асырап алушы мен асыранды баланың жас айырмашылығы 16 жастан кем болмауы тиіс, бірақ бұл жас деңгейі соттың шешіміне орай төмендетілуі де мүмкін. 10 жастағы баланы асырап алу сол баланың келісімі арқылы жүзеге асты.Осы процесс, яғни баланы асырап алған адам құпия түрде айтылмайды. Бұл құпияның ашылмауына мемлекет кепілдік береді. Ал, оны айту қылмыспен тең. Сонымен қоса, баланы заңсыз асырап алу да қылмыс болып табылады.
Асыранды бала немесе асыраушы адам баланың ата-анасымен ешбір қарым-қатынасқа тыйым салынған.Асырап алушы адам барлық құқыққа ие болады.Баланы асырап алу үшін мынадай ережелерге сәйкес келісім талап етіледі:
баланың ата - анасының;
кәмелетке толмаған баланың;
асырап алушының зайыбы немесе жұбайының келісімі.
Баланы асырап алушылар заң бойынша сол баланың ата-анасы болып тіркеледі. Тіпті, баланың есімі, туған жері, күні, айы, жылы да өзгертіліп жазылуы мүмкін. 10 жасқа толған баланың есімін, туған жылын өзгерту үшін оның келісімі керек. Көбіне 12 жасқа дейінгі балаларды асырап алушылар саны көп екендігін тәжірибеде көрсетіліп отыр. Үлкен балалар интернатта 18 жасқа толғанша болады. Соңғы кезеңде асырап алушының көпшілігі шетел азаматтары.
Асырап алу мәселесі бойынша, әлеуметтік педагог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман төмендегі сұрақтар төңірегінде толық мәлімет ала білуі тиіс:
бала асырап алуға психологиялық жақтан дайын ба?
заңды түрде асырауға беріліп отыр ма?
бала өз келісімін берді ме?
егер асырап алушылар шетелдіктер болса, баланың өз еліне келіп тұруын үнемі қамтамасыз ете ала ма?
асырап алған отбасы мен асыраушы балаға қадағалау үнемі жүреді ме?
Одан басқа, асырап алушының психологиялық жағынан дайындауға, әлеуметтік, экономикалық, физиологиялық жағын жете зерттеуге аса көңіл бөлуі керек. Баланы асырап алушының мәдени ортасын, ниетін де білуі тиіс және асырап алушыға психологиялық көмек бөлуді қолға алу керек. Баланың жас ерекшелігін, ұлттық ерекшелігін ескере отырып, оның барған жерінде бейімделу кезеңіне көңіл бөлу аса маңызды екенін үнемі есте сақтау керек. Ең басты назарда әсіресе, баланың келешек тағдыры.Егер асыранды бала жайсыз отбасыға түскен жағдайда не істеу керектігін алдын - ала шешкен жөн. Асыранды бала асыраушысынан немесе ата-анасынан айырылған жағдайда зейнетақы алу құқығына ие болып қалады.Асырап алушы ешбір жеңілдіктерге ие бола алмайды.Асырап алу құпиясы заңмен корғалады.Асырап алу жағдайын өзгертуді тек сот қана шешеді.Осы ретте баланың жеке пікірі есепке алынады.
Бүгінгі таңда баланың медициналық жағдайына қарамай, яғни денсаулық жайын есепке алмай бала асырап алу жағы алдыңғы кезекке қойылып отыр.

Көше балаларды құқықтық - әлеуметтік қорғау.

Балалықты қорғауда ең негізгі бастапқы деңгейі ретінде құқықтық база болып табылады. Бұның құрамына халықаралық мемлекеттік заңдармен жергілікті қағидалар нұсқау бола алады.Балалықты қорғаудың халықаралық заңдар жиынтығы Харкия мен баланың құқық Декларациясы ұсынған отбасын қорғаудан басталады. Бұл әлеуметтік ортаның құқықтық қамсыздануы құрылғандардың ішіндегі ең жақсысы.Нәресте мен мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтік қорғауына арналған денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен жұмылдырады. Сонымен бірге отбасын ана мен баланы қорғау мекемелері қажетті мөлшерде қаржымен қамсыздандырылады. Ал балаларды әлеуметтік шаралар жүргізуіне қаражат мәжбүр еткізеді. Нашақорлыққа, зорлыққа, агрессиялық тәртіпке қарсы орнықты іс-шаралар жүргізіледі.Жұмыстың нәтижесін балалар мен әлеуметтік қорғауының қалыптасып біткенін көруге болады.Сонымен бірге балалықты қорғау нақты қаржылықты талап етеді. Қазіргі таңдағы балалықты қорғау қаржы экономикалық базасы көтеріле бастады. Бірақ соған қарамастан көптеген отбасының жағдайлары әлсіреді, ата-ананың парызы әлсіреді. Балаларды тәрбиелеуге жалпы отбасынан жұмсалған қаражат өсті.Бірақ олар негізінде тамаққа, киімге, оқуға ал кітаптарға, театрға, экскурсияға және т.б. тәрбиелік іс-шараларға ақша қалмайды. 38,8 мнн. 18 жасқа дейінгі 24 млн. пособия алса да жағдай өзгерген жоқ. Балалар мекемесінің саны 1998 жылға қарағанда 72%. Жыл сайын бұл мекемесінің саны 4%-ке азая түседі. Сонымен қатар жаңа мектеп, балабақша, ауруханалардың ашылуы да азая түсті.Жылдан-жылға көркем фильм, мультфильмдер де азая түсуде.Оқу құралдар үлкен қиыншылықпенен шығарылады. Осы жаңа айтқан жағдайдың барлығы әлеуметтік қорғауын жақсартуына кері әсерін тигізеді.
Көше балаларды қамқорлыққа алудың мемлекеттік формалары әртүрлі.Олар: уақытша қабылдау отбасылары, сәбилер үйі,балалар үйі, паналау үйі,мектеп-интернаттары,отбасылық түрдегі балалар үйі.
Отбасылық қабылдау - көше бала қалған немесе тастанды балаларды белгілі бір мезгілге қамқорлыққа алуға асырап алушы мен асырауға беруші орган арасындағы келісім - шарт формасы болып табылады. Асырап алушы ата-аналар тәрбиеші функциясын атқарып, еңбекақы алады. Асырап алған бала үшін ешбір алимент төлеу, мұраға қалдыру формасы қарастырылмаған. Мемлекетпен арнайы органдар баланың өсіп-жетілуі үшін ақшалай қаражат бөледі.Органдар бала асырап алған отбасыға жағдай жасап үнемі қол ұшын беруді ұйымдастыруды қолға алған.
10 жастан асқан баланы отбасылық қабылдауға беру үшін баланың келісімі міндетті болып саналады. Ағайынды балаларды асырап алушылардың ажыратылуына,бір-бірінен айырып алуына болмайды.Отбасылық қабылдау үйлерінде 5-тен 10%-ке дейін көше балалар тәрбиеленеді.
Сәбилер үйі - денсаулық немесе психикалық дамуының тежелуіне және ата - анасының ерте айырылған 3 жасқа дейінгі сәбилерді тәрбиелейтін үй.
Балалар үйі мен мектеп - интернатқа көбіне көше балалар мен ата-ана қамқорлығынан айырылған, еңбекке жарамсыз, ұзақ уақыт бойы үйіне оралмаған, науқас, жазасын өтеу орындарында отырған тұлғалардың балалары жіберіледі.
Отбасылық түрдегі балалар үйі - көше балалар мен ешбір қамқоршысы жоқ болғандықтан мемлекет қарауына өткен орналастыру формасы болып табылады. Мұнда түскен балалар мен тәрбиешілер арасында өте тығыз байланыс орнаған. Мұндай жағдай бала бойындағы жеке қасиеттерді дамыту үшін өте қолайлы.
Паналау үйі - баланың күндіз - түні тамақтанып, демалып, білім алуына жағдай жасауды қамтамасыз ететін әлеуметтік мекеме.Мұндай мекеменің бірнеше түрі бар. Жалпы паналау үйі еркін түрде құрылған үй.Бұл жерде бала кез - келген уақытта келіп кете алады.Мұндағы балалардың жас ерекшелігі, құрамы арнайы кеңестерден кейін анықталып, бөлінеді.
Диагностикалық паналау үйіне диагностикалық мақсаттарды анықтау мақсатында балаларды күндіз - түні ұстайтын орын жатады. Бұл - жасөспірімдерді жете зерттеп білу үшін ашылған. Мұнда балаларды жақсы қасиеттерге баулып, бейімдеп үйіне қайтару көзделген. Диагностикалық түрдегі паналау үйі қызметкерлерінің құрамына: әлеуметтік педагогтар, тәрбиешілер, дәрігерлер, психологтар, юристер енуі қажет.Паналау үйінде әр бала медициналық тексеруден өтуі тиіс.Бұл балаға психологиялық жақтан зерттеу жасау үшін және соған сай әрекет істеу үшін керек. Осы іс-шаралар нәтижесінде баланың белгілі бір ортаға, мекемеге бейімделу жағдайы анықталады. Бала өз психикасына сай мекемеге, ортаға жіберіледі. Бала өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуі үшін, айналасындағылар мен тең дәрежеде қарым - қатынасқа түсуі үшін оған жақсы жағдай жасаған өте орынды. Өкінішке орай, барлық типтегі мекемелерде мұндай жақсы жағдай қалыптасу жағы өте нашар, көше бала күйде.
Көше балалары көрген бала қалай болса да ақыл - ойы, физиологиялық, психологиялық жақтан ата-анасы бар балаларға қарағанда төмендеу болып келетінін өмір тәжірибиесі айқындап берді. Көше баладер үйіне түскен балалардың өте жоғары көрсеткіштерге жететіндері өте сирек.Мұны балалар үйі, паналау үйі т.б. мекемелердің қорытынды тәжірибесі дәлелдеп отыр. Олардың психикалық және физиологиялық жақтан ауыткушылығы бары байқалады. Сол себепті, бұл балалар нашакорлықпен қылмыс жасауға бейім келеді.
Интернат тектес мекемеде тәрбиеленген бала басқа кемшіліктеріне қарамастан, қарым - қатынасқа тез түсе алмайды. Бір мезгілде түрлі қызмет атқарады.Мәселен, әңгіме айта отырып, басқа нәрсені ойлайды. Демек, барлық нәрсеге атүсті қарайды. Мейіріммен ыстық ықылас сезімін сезінбеген балалар өзін аялаған ортада ұстай алмай қалады. Қарым - қатынасқа түсу тәжірибесі жоқ балалар теріс ықпал жетегінде тез кетеді.
Балалар үйіндегі жағдайға орай, балалар бойында біз деген ерекше феноменмен қалыптасады.Әрине , бұл бүгінгі күннің өзіндік мәселесі. Қалыпты отбасына қатысты біз деген ұғым қалыптасады.Бұл жағдай отбасындағы біз ұғымы бала бойындағы жақсы сезім, көтеріңкі көңіл - күйдің қалыптасуына әсер етеді. Ал, балалар үйіндегі біз ұғымы мүлде басқа. Мұндағы балалар бір-біріне мектепте, далада т.б. жағдайларда көмек беріп, бөтен адамдардан қорғайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл балалар өздеріне бөлек адамбыз деп қарайды.Бірақ олар өзара бірін-бірі аямайды, дөрекі қарым - қатынаста болады. Өз қатарластары мен жасы кішілерге аяушылық етпейді. Бұл жайт, ерекше сезім мен сүйіспеншіліктің жоқтығынан бала бойында қалыптасады.
Ендігі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылау
Некенің бұзылуы
Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде
Проблемалы отбасыларда бала тәрбиесіне байланысты әлеуметтік жұмыс
ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Қазақстан Республикасындағы кәмелет жасқа толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар
Ортағасырлық Еуропадағы балалық шақ
Ата - ана мен бала арасындағы қарым қатынас стилдерінің ерекшеліктері
Қазақстандағы қала мен ауылдың өзекті мәселелері
Отбасы мен неке мәні мен мазмұнын ашу
Пәндер