Әл-Фараби іліміндегі этикалық, діни, философия сабақтастығы



КІРІСПЕ

II. ӘЛ.ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ
2.1. әл.Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және этика мәселесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қай халықтың болмасын бүгінгісі өткен тарихымен астасып жатады. Өткенінен хабары жоқ жандардың бүгінге, болашаққа да берері шамалы болады. Келешектің қамын, оның мәнді болуын ойлаған халық жас ұрпақты бесіктен тәрбиелейді. Одан әрі дәстүр - өнегесін санасына сіңіреді. Мұның барлығы халықтың өзіндік қолтаңбасы бар тағылымдарынан туындайды.
Уақыт-ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып жұтатын, жаңаны сынап, жер жастандырып өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш-саяси қысым, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су болып көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын ұлттық болмысымыздың өзегі-құдайлық әлеммен байланыстырушы дін және оның құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр.
1. I.A.Çubukçu. Islam düsünürleri.-Ankara: 1991.-223-б.
2. M.Fahri. İslam felsefesi tarihi.-Stambul: 1996.-103-б.
3. M.Bairaktar. İslam felsefesine giriş.-Ankara: 1997-174-б.
4. Сол жерде.103б.
5. А.Көбесов. Әбу-Насыр әл- -Фараби. Алматы 2004.-117-б.
6. Farabi. İhsaul ulum. O.Eminbaskısı.-Kair: 1949.-159-бет.
7. А.Х.Қасымжанов. Абу-Насыр аль-Фараби.-Алматы: 1997.-33-б.
8. Салих Махди Аммаш. әл-Фараби нитадж әл-арабийа//Әс-Саура: 1975.-30 октубир.
9. Құрманалиева А.Д. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық ілімі.-Алматы: 2006.-162-б.
10. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Ғылым, Алматы: 1973.-158-б.
11. Құрманалиева А.Д. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық ілімі.-Алматы: 2006.-162-б.
12. Григорян С.Н. Из истории Средней Азии и Ирана. VII-XII вв-М.: Изд-во. АНСССР, 1960.-330с.
13. Kraus P. Jabir et les origienes de l`alchimie arabe.-Le Cairo (Memories del L`Institut d`Eqypt): 1942.-138-p.
14. Strauss L. Philosophie and Gesotz.-Berlin. 1935.-62-p.
15. Galston M. Re-examination of al-Farabi`s Neoplatonism.//Journal of the History of Philosophi.-1977.-№15.-114-б
16. Сагадеев А.В. Ибн Рушд (Аверроэс)-М: Наука,1973.-200-с.
17. А.Х.Қасымжанов. Абу-Насыр аль-Фараби.-Алматы: 1997.-233-б.
18. В.И.Ленин. Философские тетради. Полное собрание соченении.Т.29.-М: Госполитиздат,1963.-782-с.
19. Muhammed el-Behi. İslam düsüncesinin ilahi yonleri. Ankara: 1992.-361-б.
20. Құрманалиева А.Д. Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық ілімі.-Алматы: 2006.-162-б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

II. ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ
0.1. әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және этика мәселесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қай халықтың болмасын бүгінгісі өткен тарихымен астасып жатады. Өткенінен хабары жоқ жандардың бүгінге, болашаққа да берері шамалы болады. Келешектің қамын, оның мәнді болуын ойлаған халық жас ұрпақты бесіктен тәрбиелейді. Одан әрі дәстүр - өнегесін санасына сіңіреді. Мұның барлығы халықтың өзіндік қолтаңбасы бар тағылымдарынан туындайды.
Уақыт-ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып жұтатын, жаңаны сынап, жер жастандырып өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш-саяси қысым, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су болып көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын ұлттық болмысымыздың өзегі-құдайлық әлеммен байланыстырушы дін және оның құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр.
Кеше діни-рухани желі - жүйе кешегі жетпіс жылдық аз ғана уақыттың ішінде қажетсіз деп танытылды, идеологиялық қағажу көрді. Адам мен құндылық арасындағы қатынас бұзылды, тарих үзілді, мәдениет қайта түзілді. Бүгін сол құндылықтарымызды өзінің қалдырған мұрасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген тарихи тұлғаларымызға басқаша көзқараспен, оларға деген қатынасымызды қалпына келтіріп, тарихи сабақтастықты жалғап, төл мәдениетіміздің келбетін қайта танып, саралауға деген ұмтылыс бар. Осындай рухани мұраның басында барша әлемге Екінші Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұрасы тұр.
әл-Фараби және оның мұрасын жан-жақты зерттеу нысаны ретінде таңдаған фарабитану саласы да өткен дәуірдің тегеурінімен сол уақыт пен кеңістіктің қажет деп тапқан қырларымен танылды және танытылды. Фараби мұрасын тану өзіндік болмысы мен табиғатының ақиқатын жан-жақты танырлық мүмкіндікке тәуелсіздіктен кейін жететін сияқты болып көрінді. әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын негізінен зерттелу жағынан, зерттеушілерінің саны мен сапасы жағынан кенде емес. Көрсеткіш ретінде ғалымның мұрасын тану тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, дін, философия және тағы да көптеген сала тұрғысынан зерттелініп жалпы әлемде жүздеген диссертациялар жазылды. Бұл сандық, сапалық өлшем. Осы өлшемнің өзінен-ақ саннан сапаның тууы, зерттеудің дәрежесі мен көлемі анықталуы тиіс еді. Бірақ бүгінгі таңда әл-Фараби мұрасының әрбір саласы арасында тұтастық пен тұжырымдалған, орталықтандырылған жүйеге түсіру қажеттілігі артып отыр. әл-Фараби шығармашылығын зерттеуде ашылмай жатқан, тиісінше танылмай, танытылмай жатқан қат-қабат мәселелер жетерлік.

II. ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ
0.1. әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және этика мәселесі

Ғылым методологиясы жалпы алғанда, ол ең толық және тұтастығымен философияда көрініс табатын, адамның дүниеге деген танымдық қатынасының деңгейі және сипатымен анықталады. Ғылым объективтік шындықтың адекватты бейнеленуіндегі дамыған форма ретінде алға шығады және қашан білім арнаулы әрекеттің нысанына айналғанда, сөздің өзіндік мағынасында пайда болады. Білімнің ғылымда бекітілуі, ол сонымен бірге оның бөлініп шығуы, ерекше нормалармен және ережелермен ретке келтірілетін, оның формаларымен белгілі бір тектегі арнаулы әрекеттегі қашанда ұйғарады. Соңғылары тек өзінде, өзінің ішіндегі білімде пайда болмайды, бірақ, бәрінен бұрын және ең алдымен, адамның дүниеге деген тұтас танымдық қатынастарының шектеріде ол қалыптасады және дәуірдің дүние танымдық мазмұнымен мәнді түрде анықталады.
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым. Адамға сол өз уақытының шарасынан асып кемелдікке, бақытқа жетуі үшін тек таным жеткіліксіз, оған қоса амалды да жүзеге асыруы шарт. Бұл Құрандағы білім алу, оны жүзеге асыру ұстанымымен үндеседі. Сондықтан адамның алдында өлімнен бұрын жүзеге асыратын үш түрлі таңдау бар: Біріншіден, адам ілімі мен амалын тең дәрежеде қолданып, жүзеге асырып, яғни парасатты адам (фазыл) болып, шексіз бақытқа (ас-саадат-ул қусуа) ұласады; екіншісінде адам тек таным, ілім иесі болып қалады, бұл жерде ол амал арқылы жүзеге аспағандықтан (фасық) шексіз бақытсыздыққа душар болады, (шақауат) яки, адам танымды да қалауды да жүзеге асырмаса, өліммен бірге жоқ болады.
Танымдық қатынас, араб-мұсылмандық мәдениетте тап сондай діни дүниетаным болып табылатын, тұтас дүниетанымдық негіз шектерінде пайда болады және қалыптасады, өйткені осындай мәдениеттің болмысы өзінің шыққан тегі және мәнісі бойынша ерекше діни болмыс болып табылады. Мұсылмандық мәдениет әлеміндегі рационалдық бағыт ретіндегі философия пайда болуының өзі көбінесе әлемнің жаратылуы және ерік бостандығы, тағдыр және адам жауаптылығы және т.б. сұрақтар бойынша тұған пікірталастармен, және әрбір абстрактылы, теңгеруші ұстап және өлшеуіш- ақылға жүгінуді талап ететін, теологиялық және құқықтық пікірталастармен туындаған жағдаймен байланысты болды. Араб-мұсылмандық ортағасырлық мәдениетте ғылымшылдық кез келген формасы дүниетанымы және мәнісі бойынша дінмен анықталады, бұл оның сиаптты белгісі. Оның ішінде танымдық және логикалық құралдар кешені қалыптасқан, Әл-Фараби философиясыда бұл мағынада ниетте жатқан жоқ.
Ислам ілімі қалыптасуының басында-ақ, олар бір-бірімен адамның әлемдегі орны мен маңыздылығы және соған сәйкес адамның дүниені тану қабілеттілігінің және осыны жүзеге асырудағы қолданатын құралдарын негіздеу тәсілдері бойынша ерекшеленетін, екі тұжырнамалар қақтығысты. Оны дәстүршіл-ридейстік деп атауға тұратын, бір тұғырнама Құран мен Сүннені сөзбе-сөз оқу мен түсіндіруден шығуды талап етті, қасиетті мәтінде кездесетін, қайшылықтар мен аршақтықтарды түсіндіру деген пайымдаушы зерденің жолын жеті. Ол Құдайға қызмет етуге міндеттелгендіктен, Сенім адамгершілік қылықтың маңызды және түпкі өлшеуіш құрастыруды, ал одан тек қажетті ғана емес, сосынмен бірге адамның өмірдің барлық салаллырындағы жалғыз, жеткілікті әрекет ету негізі болып есептеледі.
Исламдық мәдениетте қалыптасқан, таным субъектісі ретіндегі адамның рөлі мен мазмұнын принципиалды ерекшелінетін түсіну, дейді Е.А.Фролова, таным мен ғылыми ойлау методолиясында екі жолы бөліп көрстеудің негізі болды.[95].,69б. Автор бойынша, оған біз әл-Фараби философиясын жатқыза алатын, бірінші бағыт, табиғи Әлемнің байланыстары мен заңдылықтарының және оларды тану мүмкіндіктерінің жалпылама себептік-салдарлық байланыстарымен қамтылғанын мойындайтын, философиялық детерминизмде көрініс табады. Фатализмнің діни концепцияларынан байланысты, екінші бағыты Құдайды бүкіл баршылықтың түпкі, жаратушы себебі, әлем мен әлеуметте, соның ішінде адамдық қылықтарда да, барлық болып жатқанды қажетті айқындаушы деп мойындаумен байланысты. Бірақ бұл ислам мәдениеті шектеріндегі ұстында да, қатал креационизм, провиденциализм және еркін адамдық таңдауы үйлестіру тәсілін таба білген, ерік бостандығы туралы терең ілім қалыптасты.
Егер бірінші бағыт адамды танымға мүдделесе және болмыс құпияларын ашуда одан батылдықты, тәуелділікті талап етсе, онда екіншісі адамның жетіспегендігі мен әлсіздігіне келіседі, бірақ адамнан, біріншіден өзгеше, танымды емес, ал өзінің әдебі мен сеніміне сай қылықты керек етеді. Методологиялық қырынан бұл, егер адам Құдай жолын тани алмаса, немесе соған қабілетті болмаса да, онда ол таңдануына сай және сенімі бойынша қаншама ол қуатты немесе әлсіз болғанымен, әрекет етуге міндетті.
Егер бірінші ұстаным материалды дүниенің себептік-салдарлық байланыстарының олардың танымдық әрекеттегі сезілуінің адекваттылығынан шықса, онда екнішісі өмірдегі жалпылама детерминизммен және оның интеллектуалды білдірілуінің арасында айырмашылық жүргізеді.[96]. Жігер өмір детерминизміне қарсы тұрамйды, ол оған бағынады. Детерминизмге қарсы білім, зерде тұрады, өйткені олар жалпыламаны, оның байланыстары мен қатынастарын білдіреді. Жігер жалпыламаға емес, ал нақтылы өмірдің индивидуалдық байланыстарына бағытталған. Сондықтан адамның қатал детерминизациямен қақтығысуында, ол зердемен қайшылыққа келеді.
Негізгі мақсат Алланы тану және Оған ұқсап бағу. әл-Фарабидің сана (ақыл) теориясы мен таным теориясы "Үлкен музыка кітабының" мазмұны мен теориялық құрылымы арасындағы ұқсастықтар, рухтың "белсенді сана" мен "интуитивтік байланысы" құбылысының теориялық негізі мен музыканың рухтың құдайлық танымға ұласуы мен бақытқа кенелудегі орны өте маңызды. Фарабидің ойлау жүйесіндегі танымның мәні, танымға жету жолдары мен музыканың рухты танымдық кемелдікке жеткізудегі және тәрбиелеудегі орны жеткілікті дәрежеде қарастырылған.
Ислам өзінің қалыптасу кезеңіндегі философ-рационалистер келбетінде діни ақиқатты негіздеу мақсатында грек методологиясын қолданды, өйткені философтар жиі теологиялық дискурсқа араласты, бірақ бұл кейде догматикалық дінтанудың беделін түсірді. Әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушдт және басқа да ойшылдар идеяларында, олардың тек белгілі философтар ғана емес, Құдай және материалды әлемнің қос мәңгілігі, логиканың адаммен дүниені және сол арқылы Құдайды тануының басты құралы болғаны және т.б. жеткілікті дамыды.
Сонымен бірге бұл ұстында ортағасырлық дүниетүсінудің теріс жағы, онда Құдай да, табиғатты адамға қатысты, оларға адам өте терең құрметтеумен қарапайым, сыртқы күштер ретінде көрініс тапқандықтан, солай бейнеленеді. Ақиқат құдайлықпен дәл келуде деп ұғымғандықтан, ал адамның ұмтылыстары міндетті түрде Құадймен бірегейленуде және Құдайды өз жүрегінде табуда тұр деп есептегендіктен, ортағасырлық Құдайды тануға талпынды. Әлем Құдайдың жоспарымен жаратылған болғандықтан, адам үшін әдістемелік бастыға өмір сүріп тұрған заттар тәртібін, тағайныдалған әдептік-құндылық нормалар мен қатынастарды қорғау, ал сондықтан дәстүрлі мінез-құлықты сақтау айналды. Сондықтан тұтас мұсылмандық әлем үшін бүкіл ортағасырлық тарихи барысында, адамды өз өмірін белсенді жасау қабілетінен айырған, өз тіршілігінің шектілігі мен өткіншілігін сезінетін анықтауыш болып қала берді.
Ендеше, таным субъектісі ретіндегі,, адамды екіжақты түсіну ортағасырлық араб-мұсылман мәдениетіндегі ортақ сипатпен түрлі методологиялық ұстандарды анықтады, олардың арасында принципиалды-тұжырымдалған, мәдениеттанулық ұстын, және, ақырында, суфизм жатады.
Бұрын атасын өтемдей, дүниетанымдық өрісте үстем тұрған дәстүршілдік тұғырнамада, Құранның әрпі мен рухына сену және оны түсіндірудің қияс, рай, иджма, истслах(истихсал) сияқты методтары жетекші рөл атқаруы Кең таралған тафсир, мұсылмандық экзегетика тәжірибелері Құрандағы сөз және мағынамен терең іс істеуді талап етті. Құран мен Сүннеге сүйенетін, осы кезде қалыптасқан мұсылмандық құқықтың негізгі мектептері де әр бағытта басымдылық танытқан негіздеу, дәледеу тәсілдеріне, сол немесе басқа заңгерлік ережелер мен нормалардың дұрыстығын әр түрлі дәелдеулер мен бекітулерге негізделді.
Бекітілген сенім, тұғырына сай, құран мен Сүннені түсіндірмелеуде оның қолдаушылары, діннен басқа,оймен аңдау методтарына да сүйенеді, адам өмірінің мақстаы болып құдайлық күштің құдіреттілігін мойындау және оған бағыну ұсынылды. Оны аңдау көбінде, жиі ретте Құпия, қиындық білдірілетін, интуитивті, "іштей көрумен" кепілденді. Табиғатты зерттеу таным басымдылығы бола алмады, себебі табиғат, одан жоғары тұратын күштің, тек жарату әрекетінің нәтижесі ретінде мойындалды, ал адам мақсаты міне осы жоғарғы мақсатқа деген ұмтылыс болып табылады.
Сондықтан діни дүниетаным шеңберінде қала отырып, физикалық объектілерді байыпты қарастыру мен зерттеудің объектісі ете, олар басымдылықтарды өзгертіп отырды. Солай, мысалы, Әл-Фараби бойынша, "философияны оқығысы келетіндер әрекетке ұмтылу және мақсатқа жету жолында болуы керек. Әрекетке ұмтылыс білім арқылы жүзеге асады, өйткені білім әретекпен ақталады. Мақсатқа жету білімде табиғатты танусыз бола алмайды, себебі ол біздің түсінуімізге жақын". [97].,11-12б. Сондықтан, ортағасырлық мұсылмандық әлем философтарының интенциясын табиғаттанулық ғылыми танымның методологиясын ажырату, олардың ерекшеліктерін анықтау құрастыру және осыны ортағасырлық араб-мұсылман философиясын зерттеушілердің іс жүзінде бәрі атап өтеді. Сондықтан зерттеулерде олардың ғылыми мүдделеріндегі практицизм мен эмпирикалық бағыттану аталып өтеді, дегенмен араб-мұсылман философтары және қалам өкілдері логикамен бірдей айналысқанымен, бірақ философтарды қызығушылығы басқа мақсаттармен - тек құрандық білімді негіздеу емес, ал ғылыми практикалық жолмен алынған жаңа білімді негіздеумен айқындалды.
Философтардың басты нысына зерттеудің ғылыми методы, рас білім,оның ақиқаттылығы мәселесі болды. Олар көбінесе аңдау тұғырынан шешілді. Философтардың аталып өткен практицизміне, соның ішінде Әл-Фараби де бар, практика соған қарамай, ол таным табиғатын мәдени-тарихи түсіндірмелеуге мүмкіндік беретін, негізге айнала алмады. Пайымдаулардың аңдаушы сипаты көбінесе түрлі пайымдаулардың бір-біріне сәйкесітілігі ретіндегі ақиқатты түсінумен себептеледі, оның үстіне олар біріне-бірі көбінесе қайшылықты болмады, айталық сондайға аристотельдік қайшылық заңы арқылы түсіндірілетінқозғалыс жолы жатады, ол туралы Әл-Фараби былай деп жазады: Пайымдаулар мен сенімдер, қашан олар басқа өмір сүріп тұрғанға (пайымдауға немесе сенімге) сәйкес келгенде, сонда олар ақиқат болады.[98].,14-15б.
Ақиқатты осылай түсіну, олардың қайнарында араб-мұсылман мәдениетінде Әл-Фараби тұрған, тарихи-философиялық методологика мен тарихи-философиялық концептуалдықтың негіздерін қалай келе, лағыларын қоса есептегенде, әр түрлі философтардың көзқарастарына кең түрде назар салуға себебін енгізді. Әл-Фарабидің көптеген трактаттарында сол немесе басқа мәселелерді талқылауда алдынғыларының көзқарастарын баяндаумен жиі кездесеміз.
Осыған ұқсаса жағдайды таным әдістемесі тұрғысынан қарастыра келе, онда соншама ерекшелентін білімдер, пікірлер және сенімдер конвегентті бола бастайтын, сол тұғырнамаға әл-Фараби жоғары баға береді екен. Ол үшін қайсыбір білім растылығының мәнді белгісіне түрлі көзқарастардың, білімдер мен мүдделіліктердің иегерлері пікірталас, сөз сайысы және талқылау прцесінде сол немесе басқа нәрсе туралы ортақ түсінуді қалыптастыруы жатады. Тап осындай интеграцияланған түсінуді ол ақиқатқа ең жақыны деп пайымдады, оның үстіне ол ақиқат когнитивтік коммуникация процесінде, ғалымдар сұқбатында қалыптасатынына көңіл аудартты. Бұл арқылы ол, олардың жоғары танымдық құндылығын көрсете отырып, пікірталастар мен сыни талқылаулар сияқты ғылымда, саясатта, мәдениетте, құқықтық қатыныстарда ж.т.б.растылық түсінудің соншама маңызды қазіргі (және құнсызданбайтын) тәсілдерінің алдын алды, дегенмен ол ғылыми дискуссиялардың эмпирикалық білімді, әсіресе табиғаттанулық ғылымдарда ауыстыра алмайтынын да жақсы түсінді. Алайда,метафизикалық оймен пайымдалатын нәрселерге қатыстыға келсек, теориялық пікірсайыс - сұқбат, мазмұнды тезистер мен теорияларды ұсыну, оларды басқа пікірлермен салыстыру және оппоненттер дәлелдемелерінен қорғау - рас білімге жету үшін (оның мәнді белгісі деп Аристотель уақытынан бастап келісілген ортақ көзқарастар, жалпықабылданған, пікірлер, дискурсивті талқыланамалар әділетті түрде есептеліп келеді) оның пайымдауынша танымның теңдесі жоқ тәсілдері болып табылады. Ендеше, Араб хальфаты және шығыс перипатетизмі дәуірінде әл-Фараби өте жоғары дәрежедегі әділетті және жасампаз сұқбаттың мағынасы мен функциялары туралы ойды айтты, және де, оның даусы бүгінгі күндердің тақырыбын сенімді жариялап тұрғанында ешқандай таң қаларлық нәрсе жоқ, өйткені, Гегельдің терең пайымына сай, ақиқат өткінші болып табылмайды. Міне сондықтан әл-фараби және түрлі замандардың басқа ойшылдарының идеялары, өз көкейкестілігін жоғалтпай, қазіргі философиялық сұқбатта да белсенді қатысуын жалғастыра беруге қабіллетті.
Әл-Фараби былай дейді: Және тіпті парасатқа ие адам үшін бір зат екінші заттан кейін келетіндігі әдбен қарама-қарсы тұрған сияқты болғанымен, іс жүзінде, ол осы заттың күйін көрстетін, белгілердің ұқсастығы қатынасында тұрғандықтан, көптеген ақылдардың бірауыздылығына мұқтаждық көрстетеді, және де олар қаншама айырмашылықта болса да, осыдан бәрібір салмақты не дәлелде, не білім де жоқ. [99].,56б. әл-Фараби үшін көрстеілгеннен рас дәлел жоқ болғандықтан, онда ақиқатты, қайда ол заттар тәртібіне сай келетін, пайымдаулар арасындағы сәйкестіктен, аңдаушы пайымдаулар шеңберінен іздеу керек. Сондықтан түсіндірмелеуді, танушы ойлау үшін эмпирикалық материалға заттар әлемі емес, ал ой жататын, аңдаушы философиялық танымның мәнді білдірілуі ретінде қарастыруға болады деп, Әл-Фараби атап өтеді. Ол былай жазады: Қашан түрлі зерделер толғаныстардан, өзіндік тексерулерден, пікірталастардан, сөз сайыстарынан кейін, оларды қарама-қарсы жақтарынан қарастырудан кейін қосылса, онда олардың біріккен шешімдерінен дұрыс ештеңе болмайды[100].,56б.
Әбу Насыр жүрген ортаға, әрине, суфизмнің әсері болды. Егер оның жеке шығармашылығын қарастырсақ, бұл әсердің кейбір көріністерін табу мүмкін болар. Махаббатта адамның құдаймен қосылуы туралы пікірі, кейде өте шамалы түрде онда да байқалады. Бірақ-та ол өзі тым қалыпты өмір сүрсе де, аскетизм мен тәнді жансыздандыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Соңғы жағдай әдетте Фараби суфизмін негіздеу үшін айтылады, бірақ бұл сендірерлік дәлел емес. Әсіресе суфийлерден ойшылды парасатқа сенімі, пайғамбарлыққа сенімсіздігі айрықшалайды. Ал жеке дара кемелденуге жету мүмкін емес туралы тезисі анық суфийліккке қарсы.
Біздің ұйғаруымызша, Фараби ойы дамуының бастамасы ең басты мәселеге жатады, бұл адамның әсемдік пен бақытқа жетуі, әлемдік тұтастықпен үйлесімде өмір сүре білуі және түсінуі мәселесі. Ол тура солай дейді: философия - әсемдік туралы ғылым, шегіне жеткен бақыт туралы ғылым. Өз құрамына математика, физика, метафизика кіретін, теориялық философия бұл мәселе ауқымында маңызды, өйткені әлем құрылымына кіру, шынайы бақыт дегеніміз не екенін және ол жалған бақыттан немен өзгешеленетінін түсінуге мүмкіндік береді. Логика да грамматикамен бірге - қажетті, өйткені адамның ерекше игілігі - парасатты таратады. Логика, логикалық құрылым және білімнің ғылыми растылығы, ғылыми теориялар мен ғылым жіктемесінің бастапқы буындары ғылымның түпқайнарларын түйіндеп шығаруға және оның тек қабырғасын емес, ал бүкіл отауын тұрғызуға мүкіндік береді. Оның негізгі функциясы "ақылды түзету" болып табылатын логика, жол көрсететін шамшырақ қызметін атқарды. "Логика өнері,- деп жазады Әл-Фараби, - оларды қателік мүмкін, интеллекция объектілерін аңдаудың барлық жағдайларында адамды ақиқат жолына шығаратын және парасаттың жетілуіне себепші болатын, заңдар жиынтығына баулиды; оны қателіктерден, адасулардан, олқылықтардан және әлдекім оларға қатысты қателіктерден кепілдеме ала алмайтын, ақылмен аңдалған интеллекция объектілерінде, оларды қорғайтын және олардан қоршап қоятын, заңдар тап осындай" [101].,123-124б.
Ғылымдарды реттеу, оларды топтастыру әлемнің жалпы суретін жүйелеу үшін қажетті. Барлық бұл пікірлерде Фараби жиі-жиі Аристотель мен Платонға сүйенгенімен, бірақ көбінде өзінің жолымен жүреді. Аристотельден айырмашылығының ең маңызды жағына, шығыс философы адам болмысының мәнін пайымдаумен шектелмейтіндігінде, ал оған әрекетті де, нақты өзін танытуды да қосатындығы жатады.
Ортағасырлық ғылым көбінесе сөз ғылымы, пікірталастар ғылымы болды .[102].,58б. Жиі ретте оның пәні, оны эмпирикалық шындықтан, қайда тікелей өмірлік мүдделерді жетекшілікке алуға тура келетін, күнделікті, әйтсе де нені қайталанатын, байқаулар тәжірибесінен тікелей шығару қиындық туғызатын, метофизикалық сипаттағы мәселелерде көрініс тапты. Ғылым, ойшыл үшін пайымдау қисынын бұзбау, ешқандай орын ауысуларды, қателіктерді және алдауларды жібермей ойды қатаң және логикалық дәйекті білдіру, анық және дәл анықтамаларды беру, ұғымдарды жіктеу маңызды болды. Осы жөнінде Әл-Фараби былай дейді: Егер біз логикадан надан болсақ, біз оны білмесек, бірдемеде кімнің дұрыс, қалай ол дұрыс және неге (алып айтқанда) оның дәелдері оның пікірін қуттайды екендігін, біз білдірмейміз; біз сонымен бірге адасып тұрғанның қателіктерін, оның дәлелдері неге оның пікірінің дұрыстығын бекітпейтіндігін де, біле алмаймыз. Оның үстіне біз, олардың қайсысы дұрыс, қайсысы жалған екендігін білмей, түрлі пікірлерде не ауытқып жүреміз; не олардың бәрі құптап, басқасын терістеуге асығамыз; ал бізге құпталынды құптау, ал терістеленді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуций философиясындағы цзюнь-цзы қайырымды адам ілімі
Әл- Фарабидің философиялық көзқарастары
Фараби философиясында таным мен болмыс немесе таным арқылы бар болу тең ұғым
Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Әйгілі философтардың адам туралы ілімдері
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы
Қайырымды қала тұрғындары
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пәндер