Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Қаржы» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Протокол № ___ « » 2013ж
Кафедра меңгерушісінің м. а.
Мустафина А. К.
«Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде»
( «АйМед» сұлулық институтының мысалында)
атты тақырыбында
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
050509 - «Қаржы» мамандығы
Орындаған:
«Қаржы» мамандығының
3 курс студенті Сержанқызы Д.
(қолы, күні )
Ғылыми жетекші:
Э. ғ. к., доцент Даулиева Г. Р.
(қолы, күні )
Норма бақылаушы: Садыханова Д. А. (қолы, күні )
Алматы 2013
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
«ҚАРЖЫ» мамандығы
Сырттай оқу бөлімінің 3 курс студенті (колледжден кейін) Сержанқызы Дана
«Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде»
( «АйМед» сұлулық институтының мысалында) атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
« » 2013 ж. № бұйрығымен бекітілді.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»
Жұмыстың бастапқы мәліметтері : жоғарғы басқарушы органдардың заңнамалық актілері, ҚР Президентінің үкімдері алынды, әр түрлі мемлекеттік құрылымдардың ақпараттары және ақпараттық жүйелер мәліметтері, отандық және шетелдік ғылыми еңбектер.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
a) Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері қарастырылуы қажет;
ә) Бизнес-жоспарлардың дайындалуын қарастыру, бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұнын талдау;
б) Кәсіпорын бизнес-жоспарын кәсіпорын мысалында зерттелу қажет;
в) Бизнес-жоспарды құру кезінде кездесетін мәселелерді талдап, оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысын дайындау
КЕСТЕСІ
Тапсырманың берілген күні
Кафедра меңгерушісі
м. а. Мустафина А. К.
Жұмыс жетекшісі
Э. ғ. к., доцент Даулиева Г. Р.
Тапсырманы орындауға
алған студент Сержанқызы Д.
Реферат
Бизнес-жоспар көптеген графиктері мен кестелері бар қалың бетті, түрлі түсті құжат болуы да, бір бетке қолымен жазылған парақ та болуы мүмкін. Бастысы оның қандай қағаз екендігінде емес, бастысы ол табыс әкелетін жоспар болуы керек.
Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар - бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады.
Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қаупін анықтауға, содан тиімді бағыт таңдап, кәсіпорынның әрі қарай дамуына және кеңеюіне мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «нені, кім үшін өндіру қажет?» деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті ресурстардың көзін анықтау қажет. Потенциалды инвесторларды немесе несие берушілерді қызықтыру үшін оларға толық, анық ашылған бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Іскер әріптес қашанда болашаққа шынайы негізделген нақты есепті талап етеді деседі.
Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарлаған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР БИЗНЕСТІ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ . . . 8
- Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері . . . 8
- Бизнес-жоспарды құру тәртібі мен әзірлеудің ерекшеліктері . . . 13
2 ТАРАУ. КӘСІПОРЫН БИЗНЕС-ЖОСПАРЫНЫҢ «АРУМЕД» СҰЛУЛЫҚ ИНСТИТУТЫ МЫСАЛЫНДА НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУ ЖОБАСЫ . . . 42
- «АруМед» сұлулық институтының ағымдағы жағдайы . . . 42
- Бизнес-жоспардың мазмұнын талдау . . . 44
- Бизнес-жоспардың қаржылық есептеулері . . . 54
3 ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . . 60
- Қаржылық жоспарды жүзеге асыру барысында туындайтын қиыншылықтар . . . 60
3. 2 Кәсіпорында қаржылық жоспарды жетілдіру жолдары . . . 64
3. 3 Шағын және орта бизнес субъектілеріне бизнес-жоспар
құруда мемлекет тарапынан көрсететін қолдау . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 78
КІ РІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау. Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі. Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар - коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау құралы болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. бұл тақырьпта тек шетелдерде ғана емес, сонымен қатар біздің елде де көптеген басылымдар мен кітаптардың жарыққа шығарылуы жай емес.
Бұл тақырып шетелде де, бізде де маңызды мәселе болып табылады. Көп тараған кітаптардың бірі ретінде Давид Бангоның "Бизнес-жоспарлау бойынша басқару" атты кітабы айтылуда. Бизнес-жоспарлау бойынша бізде алғашқы аударма ретінде Эрнест энд Янгтың "Бизнес-жоспарын құру" атты кітабын айтуға болады. Бұл кітап кәсіпкерлердің және бизнесті жоспарлаумен айналысатын кеңесшілердің арасында да кеңінен тараған, сондықтан бұл зерттеуде Эрнест энд Янгтың оқу құралында бизнес-жоспарды дайындау тәсілдері негізге алынған.
Алайда, берілген тақырып бойынша зерттеулер әлі де толық қарастырылмаған, әсіресе бұл тақырыптың отандық экономикаға бейімделу мәселеліне тән.
Диплом жұмысының мақсаты. Берілген жұмыстың мақсаты кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы бизнес-жоспарды зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттерін ашу;
- Бизнес-жоспарлардың дайындалуын қарастыру, бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұнын талдау;
- Кәсіпорын бизнес-жоспарын кәсіпорын мысалында зерттеу;
- Бизнес-жоспарды құру кезінде кездесетін мәселелерді талдап, оларды жетілдіру жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысының объектісі ретінде кәсіпорын қаржысындағы қаржылық менеджментінің жоспарлау қызметі табылады.
Диплом жұмысының пәні. Кәсіпорынның бизнес-жоспары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың жазу базасы. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде жоғарғы басқарушы органдардың заңнамалық актілері, ҚР Президентінің үкімдері алынды, әр түрлі мемлекеттік құрылымдардың ақпараттары және ақпараттық жүйелер мәліметтері қолданды. Отандық және шетелдік ғылыми еңбектер кеңінен пайдаланылды. Ақпараттың бір бөлігі кәсіпорын бизнес-жоспары алғашқы құжаттамасын талдау жолымен алынған.
Дипломдық зерттеудің практикалық маңыздылығы бизнес-жоспар құру үрдісінде «АруМед» сұлулық институтын қолдану ұсынысын отандық кәсіпкерлік қызметте қолдану мүмкіндігінде.
1 ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР БИЗНЕСТІ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ
- Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері
Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар - бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Жоспарлау жүйесінде бизнес-жоспар әр түрлі құқықтық ұйымдастыру үлгісіндегі кәсіпкерліктің жалпы қабылданған құралы болып табылады.
Бизнес-жоспар әдетте 3-5 жылға арналып құрылады. Бизнес-жоспар жасау кәсіпкерлерге мыналарды білу үшін қажет:
Біріншіден, бизнес-жоспар жасау кәсіпорындарға қызмет барысында барлық ұсақ-түйекке дейін есепке алуға, күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қаупін анықтауға, содан тиімді бағыт таңдап, кәсіпорынның әрі қарай дамуына және кеңеюіне мүмкіндік береді.
Екіншіден, бизнес-жоспар кәсіпорынның қызметін басқару құралы болып табылады. Сонымен бірге жоспарланған нәтижеге жетуге, туындаған мәселелерді айқындап, оларды шешудің кешенді шараларын анықтауға көмектеседі. Сөйтіп, ол «нені, кім үшін өндіру қажет?» деген сұраққа жауап табады.
Үшіншіден, бизнес-идеяны жүзеге асыруға қажетті ресурстардың көзін анықтау қажет. Потенциалды инвесторларды немесе несие берушілерді қызықтыру үшін оларға толық, анық ашылған бизнес-жоспарды ұсыну қажет. Іскер әріптес қашанда болашаққа шынайы негізделген нақты есепті талап етеді деседі[1, 247-248 б] .
Бизнес-жоспар құру жұмысының негізгі бөлігін мекеме басшысы немесе жаңа іс басталғалы отырғалы тұлға алуы шарт. Бірақ, олар бизнес-жоспар үшін міндетті түрде қажетті мамандар шақырып, олардың пікірлері мен бағалауларын есепке алуы тиіс, сондай-ақ өз қарамағындағыларын да қатыстыруы қажет.
Бизнес-жоспарды тәжірибеде дайындау және рәсімдеудің тәртібі бар, бірақ, негізінен кәсіпорынның мәселелері мен міндеттерінің мәнін барынша толық түсінуге қолайлы жағдайда жазуға болады. Бұл ретте мүмкіндігінше келесілерді пайдалану керек:
- Жобаны іске асыру туралы шешім қабылдау;
- Жобаны іске асыру үшін қажетті қабілеттер мен ақпараттарды анықтау;
- Жобаны іске асыруға қажетті ресірстардың көзін анықтау;
- Өнім немесе көрсетілетін қызмет түрін таңдау;
- Нарықты анықтау: болашақ тұтынушылар мен бәсекелестерді зерттеу;
- Нарықта сегментті анықтап, мақсаттарды көздеу;
- Орналасатын жерді таңдау, салыстыру, артықшылықтарын көрсету;
- Өндіріс және технологиялардың қолдануын көздеу, мүмкін болса ғылыми-техникалық негіздемені жасау;
- Кәсіпорынның ұйымдық құрлымын қарастыру, мақсат/міндет арақатынасы;
- Жобаның заңнамаларға сай екендігін тексеру;
- Мүмкін болатын тәуекелдерді ескеру.
Бизнес-жоспардың келесідей түрлері болуы мүмкін:
- Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары. Бұл бизнес-жоспар инвесторлар үшін жасалынады немесе кей жағдайларда инвесторлардың өздері жасауы мүмкін. Инвестициялық жоба алға қойған мақсатқа жету үшін қандай да бір жобаға капитал жұмсаумен байланысты жасалатын ұйымдастыру экономикалық шешімдердің жүйесін білдіреді. Яғни, бұл бизнес-жоспар капитал құятын инвесторларды тарту үшін жасалады.
- Компанияның бизнес-жоспары - директорлар кеңесінің немесе акционерлер жиналысының алдында компанияның алдағы уақытта даму стратегиялары мен тактикасын таныстыру үшін жасалатын жоспар.
- Құрылымдық бөлімшенің бизнес-жоспары - бұл жоғарғы басшы органға кәсіпорынның шаруашылық қызмет бөлімінің даму жоспарын қарастырады.
- Несиелік бизнес-жоспар. Бұл кредиторлардан ақша қаражаттарды алуы үшін жасалатын бизнес-жоспар.
- Грандтық бизнес-жоспар - мемлекеттік бюджеттен немесе бюджеттен тыс қорлардан қайтарымсыз түрде жобаны жүзеге асыру үшін бағытталатын қаражаттарды алуды көздейтін жоспар.
- Аймақтық бизнес-жоспар. Бұл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамудың болашағын анықтауға, соған сәйкес қаржыландыру бойынша бағдарламаларды жасауға негізделеді.
Бизнес-жоспарды құрудын бұрын жоспардың мақсаты айқын болуы тиіс. Атап айтқанда бизнес-жоспардың мақсаттары:
- Инвестициялық жобаны жүзеге асыруының экономикалық негіздемесі;
- Кәсіпкерлік қызметтің алдағы қаржылық нәтижелерін есептеу;
- Қаржылық көздерді анықтау;
- Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қабілетті мамандарды таңдау.
Мақсаттар келесі тақырыптарға сай келуі керек:
- нақтылық және жеке-жеке талданғандық;
- сандық өлшемділік;
- мерзімдер бойынша қиыстыру;
- жаңа жағдайға бейімделу мүмкіндігі.
Мақсаттарды іске асыру кезінде артықшылықтарды, мүмкін болар қиыншылықтарды және маңыздылық дәрежесі бойынша оларды шешу жолдарын анықтау қажет. Әрбір мақсатты іске асыру үшін міндеттер және нақты шаралар тізімі жасалады. Тәуекелдік деңгейі мен төтенше жағдайларды алдын-ала анықтау тәуекел мен тұрлаусыздықтан арылуға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарды дайындаушылардың мәселелерін қарастырайық. Бизнес-жоспарды дайындауды сырттан бір кеңесшіге тапсыру қажет, себебі бастапқыда команда бизнесті бастаумен және ұйымдастырумен айналысуы мүмкін деген пікірлер де кеңінен тараған. Шындығына келгенде, сырттан кеңесші тартуға қызықтырмайтын 2 себеп бар. Біріншісі - жоспарлау процесінде бастапқы сатыда команда мүшелерінің әртүрлі стратегиялар мен тактикаларды, қаржы және еңбек ресурстарына деген талаптарды анықтап, фирманың маркетингтік әлеуетін бағалау мүмкіндігі бар. Мұның бәрін бизнес өз жұмысын бастағаннан кейін игеру тым кеш болып табылады. Екіншісі - инвестор бизнес-жоспарды кім жасағанына ерекше мән береді. Оған, сондай-ақ командалық жоспарлау процесінде болашақ кәсіпорынның барлық ұсақ-түйегін жіліктеп білуі, талдауды жақсы игеруі және бизнестің ерекшелігін түсінуі, қайда жұмыс істеуді білуі маңызды.
Жоспарлау барысында жұмысты ұтымды ұйымдастыру өте маңызды. Ең тиімді жол - бизнес-жоспардың бөлімдерін орындаушылардың біреуі маркетингтік жұмыспен, екіншісі қаржылық жоспармен, үшіншісі өндірістік және т. б. істермен айналысатындай етіп бөліп беру. Одан кейін ақпараттар бизнес-жоспарда қорытындыланады, себебі орындау түйіні соңғы кезекте дайындалады. Бизнес-жоспардың бірінші вариантының мерзімі және соңғы вариантының мерзімі белгіленеді. Бұдан басқа бизнес-жоспардың нақты анықталған жүйелілігі бойынша жұмысты орындаудың кестесі дайындалады. Бизнес-жоспарды жазғаннан кейін оны қажетсіз мәліметтерді шығару және кәсіби дайындаушылар көзқарасы тұрғысынан ескерту жасау үшін кеңесшілерге рецензия жасауға беру қажет [5. 299 б] .
Бүгінгі күнде кәсіпкерліктің маңызды мәселелерінің бірі бизнес-жоспарды дайындау болып табылады. Бұл тақырыпта тек шетелдерде ғана емес, сонымен қатар біздің елде де көптеген басылымдар мен кітаптардың жарыққа шығарылуы жай емес. Бизнес-жоспардың бөлімдеріне бірден кіріспестен, олардың негізгі міндетін түсіну қажет.
Жоспарлау - менеджмент міндеттерінің бірі және кәсіпорын қызметінің болашағын болжамдауды, яғни келесі мәселелерді шешуді білдіреді: фирма қандай бағытта дамиды; қандай қарқынмен; қойылған мақсатқа қалай жетуге болады; тұрлаусыздық және тәуекелдік дәрежесін төмендету үшін не істеу керек. Тиімді жоспарлау - ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет.
Бизнес-жоспар жоспарлау процесі нәтижелерінің бірі болып табылады. Бизнес-жоспар - бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігін сипаттайтын құжат және менеджерлер командасының кәсіпорынды қандай түрде ұйымдастырайын деп жатқанын анықтайды. Толық бизнес-жоспар әдетте айтарлықтай көлемге ие, бірақ барлық кезде толығырақ жоспар жасаудың алғашқы варианты ретінде шағын бизнес-жоспарлар пайдаланылады. Бизнес-жоспар - өнімге қарағанда процеске көбірек жақын және бизнес-жоспарлаудың нәтижесі өзгеріссіз болып табылмайды. Сондықтан фирма қызметі алғашқы белгіленген нәтижелерден ауытқыған жағдайда бизнес-жоспарды түзетудің күттірмейтін қажеттілігі бар.
Бизнес-жоспарды дайындауға әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:
Бизнестің күрделілігі. Шағын шаруа қожалығының бизнес-жоспары үлкен көлемде өнім шығаратын, күрделі құрал-жабдықтары және қаржы есебі бар ірі кәсіпорынның бизнес-жоспарынан айтарлықтай айрықшаланады.
Бәсекелестік деңгейі. Егер кәсіпорын күшті бәсекелестік күрес жағдайында жұмыс істейтін болса, онда ол бәсекелестер тарапынан күшті қысымды сезбейтіндерге қарағанда бизнес-жоспарды дайындауда жинақы да ұқыпты болуы керек.
Тұрлаусыздық деңгейі. Кейбір кәсіпорындар тез өзгеретін, тұрақсыз ортада жұмыс істейді, ол жоспарлау процесін қиындатады және керісінше, тұрақты жағдайларда жұмыс істейтін кәсіпорындарға болашақтағы қызметті болжамдау айтарлықтай оңай.
Кәсіпкер және оның менеджерлер командасы. Бизнес-жоспар кәсіпкердің қабілеттілігіне және оның командасының бизнестің ішкі және сыртқы ортасындағы қарым-қатынасты пайдалануына, кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын дұрыс түжырымдау ептілігіне байланысты.
Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарлаған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары менеджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сай мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критерийі болуы керек.
Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның қарызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Сол себепті кәсіпорынның қаржылық көрсеткішін мұқият талдап, жоспарлау қажет. Бизнес-жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір де айтылып жүр. Шындығына келгенде, бизнес-жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес-жоспарды дайындаудың басқа да маңызды себептері бар. Соның ішінде:
Көбірек жөнге салынған жұмыс. Бизнес-жоспар менеджерлер командасының тиімді жұмыс істеуіне, яғни әртүрлі балама варианттардың ішінде өте пайдалысын таңдауға, мүмкін болар тәуекелдердің алдын-алуға және олардан құтылудың немесе төмендетудің жолдарын анықтауға көмектеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz