«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еіліміздің егемендігінің алғашқы сатылары - нарықтық қатынастар кезеңінен бастап, болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына, әсіресе жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен, бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға, өркениетті ел болуымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуда - мемлекеттің, ұстаздардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.
Бұл міндетке, халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін ұызмет етуге дайын, азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 бабында: «Жеке адамның шығармашылық, дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершіліктің биік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілігін байыту - қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі», - деп орынды айтылған[1] .
Осыған орай, «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау», - деп Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы Заңы бiлiм беру саласының алдына үлкен мiндеттердi жүктейдi [1] .
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Рухани құндылық, биік адамгершілік жоқ жерде үлкен өркениет орнату мүмкін емес», - деген болатын. Міне, сондықтан оқушылардың рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында рухани-адамгершлік құндылықтарды қалыптастыру маңызды болып отыр.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және шетелдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және философия ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Бүгінгі жеткіншетердің бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жетімсіздігі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың өнегелік нұсқааларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан әрі жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр, сонымен қатар әрбір қоғамда болып тұратын өзгерістер жеткіншектердің тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік-әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды қажет етеді.
Рухани-адамгершiлiк құндылықтар педагогиканың тарихы мен теориясында кеңiнен зерттелiп жүрген мәселелердiң бiрi.
Рухани-адамгершілік құндылықтардың мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткерлері, ғұламалар, ұлы педагогтар: Аристотель[2], Әл-Фараби[3], Ж. Баласағұни[4], Қ. А. Йассауи[5], М. Қашқари[6], Ш. Уәлиханов[7], Ы. Алтынсарин[8], А. Құнанбаев[9], Ш. Құдайбердіұлы[10], А. Байтұрсынов[11], Ж. Аймауытов[12], М. Дулатов[13], М. Жұмабаевтар[14] өз еңбектерінде құнды ой-пікірлерін қалдырып кеткен.
Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырдың теориялық-практикалық негіздері Я. А. Коменский[15], Ж. Ж. Руссо[16], К. Д. Ушинский[17], В. А. Сухомлинский[18], А. С. Макаренко[19], Н. Е. Щуркова[20], А. И. Титаренко[21], О. С. Богданова[22], В. А. Караковский[23], т. б. еңбектерінде жалғасын тапты. Рухани құндылықтардың әлеуметтік-философиялық негіздері С. Нұрмұратов[24], Е. Әлсатов[25], Б. С. Ерасов[26], құндылыққа бағдарлау негіздері Г. К. Нұрғалиева[27], А. Қ. Каплиева[28] С. С. Тілеуова[29], Д. Ә. Нұрғалиева[30], Айдарбекова [31], адамгершілік тәрбиесін жетілдіру А. А. Калюжный[32], Ж. С. Хасанова[33], адамгершілік тәрбиесін жетілдірудің этнопедагогикалық негіздері Г. К. Ахметова[34], К. Ж. Қожахметова[35], С. А. Ұзақбаева[36], Р. К. Төлеубекова[37], Ж. Б. Сәдірмекова[38], А. К. Қисымова[39] т. б. педагогтар еңбектерінде қарастырылған.
Өзін-өзі тәрбиелеу, құндылыққа бағдарлау негіздері, Ш. М. Майғаранова[40], Ж. Ж. Нұржанова[41], Ж. Ембергенова[42], С. Қ. Әбілдина[43], Э. А. Урунбасарова[44], Б. Ж. Тұрсынов[45], Г. А. Ерғалиева[46], С. Нұрмұратов[47], Г. А. Аңламасова[48], К. Нұғыманова[49], адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, Ж. Әбдіжаппарова[50], Н. С. Әлқожаева[51], А. Б. Айтбаева[52] және т. б. ; рухани құндылықтардың әлеуметтік-философиялық негізі және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Өзін-өзі тану мәселесін А. Н. Нысанбаева[53], Г. Г. Соловьева[53], жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін жетілдіру мәселесі К. А. Абульханова-Славская[54], И. И. Чеснокова[55], Б. Г. Ананьев[56], И. Ф. Исаев[57], С. Б. Спиридинова[58], және т. б. ғалымдардың еңбектерінен көруге болады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының педагогикалық-психологиялық мәселелерімен соңғы жылдары С. А. Назарбаева[59], Қ. Қ. Жампейсова[60], У. И. Ауталипова[61], Г. М. Касымова[62], Х. Т. Шерьязданова[63], М. Ж. Жадрина[64], Б. К. Кудышева[65], Н. Нүсіпбекова[66], Ш. Беркімбаева[67], А. С. Сейтақов[68], Р. О. Ізғұттынова[69], Ұ. М. Әбдіғапбарова[70], Ж. Ж. Әкімбаева[71], Ғ. З. Байжасарова[72], Б. А. Әрінова[73], Ж. Б. Қажығалиева[74], т. б. айналысуда.
Бүгінгі таңда, жеткіншектерге мектеп аясында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру қарқынды жүргізілуде, дегенмен, әрбір қоғамда болып туратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік-әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді.
Демек, зерттеу барысында бүгінгі қоғам талабына сай оқушылардың «өзін-өзі тану» курсында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастыру мәселесі теориялық тұрғыда негізделгенмен, практикалық және әдістемелік айқындалуының жеткіліксіздігі арасында қайшылық орын алып отыр, деуге толық негіз бар.
Сондықтан, диссертация жұмысының тақырыбы ««Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» деп белгіленді.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептердегі біртұтас педагогикалық процесі.
Зерттеу пәні: мектептің жоғары сынып оқушыларының Өзін-өзі тану курсы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізін қарастыру, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру моделін жасау және оны тәжірибеде тексеру, әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастыруға бағытталған ғылыми еңбектерді талдау, жүйелеу;
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың моделін жасау;
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында әдістемелер қолдана отырып оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың әдістемесін даярлау және оны тәжірибелік жұмыс барысында нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепте «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық талдауы жүйеленсе және ол практикада үйлесімді қолданылса онда, ұлттық сана-сезімі мол рухани-адамгершілік құндылық деңгейі жоғары тұлға тәрбиелеуге мүмкіндіктер туындайды, өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылық деңгейлері теориялық-әдіснамалық білімнің сапалы жасалынуы мен оның практикада жүйелі әрі үйлесімді пайдалануына тәуелді.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі құндылық, рухани-адамгершілік құндылық теориясы, зерттеу проблемасы бойынша жазылған әдістемелік еңбектер, сонымен қатар оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру теорисы, «өзін-өзі тану» курсы туралы еңбектер, тұжырымдамалар алынды.
З ерттеу әдістері: тақырып бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттерге талдау жасай отырып, ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық еңбектерді педагогикалық тұрғыда қарастыру, саралау, салыстыру; мектептегі оқу-тәрбие үдерісін бақылау; мектептегі «Өзін-өзі тану» курсының құжаттарына (стандарт, жоспарлар, типтік бағдарлама және т. б. ) сауалнама, тест, SWOT талдау, диагностика, математикалық-статистикалық әдісі.
Зерттеудің көздері: философтардың, педагогтардың, психологтардың рухани-адамгершілік құндылық туралы ғылыми еңбектері, өзін-өзі тану курсының оқу-тәрбие үдерісіне байланысты шыққан тұжырымдамалар, әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдары; ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Өзін-өзі тану» стандарты, «Өзін-өзі тану» бағдарламасы.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы №152 орта мектеп, 10 «а», «ә» сынып оқушылары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негізделді.
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі айқындалды.
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастырудың әдістемесі даярланды, тәжірибелік-эсперименттік жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, көрсеткіштері айқындалып, әдістемесі жасалынды;
- «оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізі» атты арнайы курс құрастырылды;
- «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылықтар қалыптастыру бойынша үлгі тәжірибеде тексерілді.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, міндеттері, болжамы, теориялық-әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістері, теориялық және практикалық маңыздылығы, ғылыми жаңалығы айқындалады.
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде философиялық, психологиялық-педагогикалық зерттеулер талданды. «Өзін-өзі тану» курсы арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылды;
«Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны» атты екінші бөлімде «Өзін-өзі тану» курсы арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыыптастырудың бастапқы деңгейі анықталды. «Өзін-өзі тану» курсын оқыту барысында оқушыларда рухани-адамгершілік құндылқтарды қалыптастырудың әдістемесі жасалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыста сынақтан өткізілді.
Қорытындыда жүргізілген жұмыс нәтижелері талданып, қорытынды жасалынды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері бойынша теорилық және практикалық сипатта ұсыныстар жасалынды.
Қосымшада оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға қолданылатын сауалнамалар, тестер берілді.
1 «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» КУРСЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелесінің зерттелу жәйі
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - рухани-адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасында қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етілетіні туралы айтылып өтеді [75] . ҚР-ның «Білім туралы» Заңында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінің бірі білім берудің ізгіліктік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдылығын белгілейді. Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани-адамгершілік категориялар, ізгіліктік қағидалар: бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген. Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсінуі және бағалай білуі үшін адамдармен құндылық-саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы принципті жүзеге асыру ізгіліктік тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әрекеттер және мұғалім мен оқушының өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді [1] .
Қазіргі тәрбиенің басты бағыты - оның көзқарас негіздеріне бағытталуы, тұлға құндылығына қайта оралуы. Педагогика мен практиканың адамға, оны дамытуға, ізгіліктік дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы - өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканың әдіснамасы болып табылатын білім берудің ізігіліктік философиясы қайта жандандырылуда. Осы талапқа сәйкес, педагогиканың әдіснамасы - бұл білім беру философиясының ізгіліктік мәнін белгілейтін педагогикалық таным мен ақиқат шындықты өзгерту жайындағы теориялық қағидалардың жиынтығы.
Оқушыларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру - қазiргi мектептердiң ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендеуі, халықтың рухани мұрасы мен дәстүрлерін қастерлеу - оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады.
Құндылық проблемасының ең басты өзегі - Адам. Адам үшін ең басты құндылық - өмір мәнін сезіне білу, өмірдің мәнін өз бойынан іздеп, өмірді рухани толықтыру. Адам өмірінің мән-маңызды іс-әрекет, мақсат, мұрат, күш-қайрат және өмір сүру жолдарымен бағаланады. Адам мақсаты адамгершілік қасиеттер арқылы орындалып, рухани қасиеттер арқылы жүзеге асады. Демек, еліміздегі қоғамымызды ізгілендіру жағдайындағы ең басты мәселе-адамды құндылық ретінде бағалау. Құндылық - адамдық қасиеттің өлшемі, оның жақсылыққа талпынысы, өзге адамға жанашырлығы, айналадағы адамдарға қайтарымы, өмірді жақсартуға ұмтылысы, өмір сүру ізденісі, тіршіліктегі әр пенденің орны мен рухани-адамгершілік қасиет.
Құндылық ұғымы XXI ғасырда жер бетіндегі бүкіл адамзаттық тұтастық идеясына айналуда. Адамдарға өз өмiрiне қанағаттануы үшiн тек тойынған тiршiлiк аз, одан адам өзiн адам деп сезiнбейдi екен. Өзiн шын адам деңгейiнде сезiнуi үшiн, толық адамдық қанағаттанғандық көңiл-күй үшiн ол биологиялық қажеттіліктерден жоғары жатқан әлемде тiршiлiк еткендi қалайды. Руханилықтың шығу көзi осында. Адамзаттың рухани кемелденген, рухының ең жоғарғы үлгiлерiн туғызған дәуiрлерi олардың ең тойынған кезеңдерiмен тұтас келе бермейдi. Сондықтан, кейде белең алып жүретiн дағдарыс кезеңдерде, күнкөрiс мәселелерi ең қиын болып тұрған кезде рухани мұқтаждықтар күте тұру керек - дейтiн көзқарастар түбiрiнен жалған. Қандай тығырықтан да, соның iшiнде күн көрудiң қиындықтарын да ең алдымен рухани жiгерден, рухани асылдардан айрылмау ғана алып шыға алады.
Адам құндылығының өзегін құрайтын және зерттейтін саланы аксиология деп атайды. Аксиология ("ахіа" - грекше "құндылық", "логос" - ілім, ғылым) құндылық ұғымына тұңғыш анықтаманы философтар (Лотце, Коген) берген. Аксиологияның ғылыми тұрғыда дамуына үлес қосқан философтар Гегель, Кант, Ницше, Кассирер және т. б. Мәселен, Э. Кассирер "құндылық" - бұл адамның ішкі дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем" - деп түсіндіреді. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде: "Құндылық - нарқы жоғарылылық, қымбаттылық, бағалылық" - деген ұғымды білдіреді. Қазақ совет энциклопедиясында: "Құндылық-обьектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым", -деп атап көрсетеді. Құндылық обьектінің адам үшін қаншалықты маңыздылығын анықтайды. Құндылық екі компоненттен тұрады: пәндік және саналық[76] .
Пәнділік құндылықтарға - заттардың табиғи қажеттілігі, еңбектен шыққан өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мұра, ғылыми ақиқаттың теориялық маңызы және практикалық пайдасы, адамдардың іс-әрекеттеріндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық обьектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылыққа - қоғамдық ой, баға беру, мақсат, оған жетудің жолдары, түрлі нормалар кіреді. Пәндік құндылық - баға берудің обьектісі. Субьективтік құндылық - олардың өлшемі әрі әдісі. Орысша-қазақша аударма сөздікте: "Құндылық" - құнды зат, мәнділік, ғылымда құндылық - қазына, байлық» делінген. Құндылықтың қалыптасу негізі - адам болмысының өзегін құрайтын құбылыс.
Құндылықтар тақырыбы бүгінгі күннің мәселесі деуге болмайды, бұл адамзат тарихындағы сонау ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгенеки, М. Қашқари, Ө. Тілеуқабылұлы т. б. ) мен ағартушылар (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев), ғалым-педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев т. б. ) еңбектеріндегі рухани-адамгершілік ойларын уағыздап, қазақ халқының қоғамдық, рухани, мәдени өмірінен орын алуын мұрат тұтты.
Сократтың "игілік" деген ұғымды жеке бөліп, оған ерекше мән беруі құндылықты болмысқа жақындатқаны. Сократ заманынан бастау алған "құндылық" мәселесі ғасырдың екінші жартысынан бастап ғылым ретінде дараланып, көбіне философиялық сипатта қарастырылып келеді. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданылды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіреді. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты - таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді [47] .
И. Кант және Г. Гегель немiстiң ұлы пәлсапашыларының танымдары бойынша құндылықтар ұғымына зейiн қойып, талдаулар жүргiзген. Мысалы, И. Кант аксиологиялық түсiнiктердi қалыптастыру үшiн қоршаған әлемдi ойша нақты және идеалды деп екiге бөлген. Адам алдына қойған мақсатына жету үшiн ол Факторлардың ықпалына, мәндiлiгiне қатысты болады деген ойларда болған[77] .
Шынайы дүниедегi кез-келген құбылыстың, заттың өзiндiк қайталанбас құндылығы болуымен қатар құндылықты феномен есебiнде қарастыратын алғашқы типтi - натуралистiк психологизм деймiз. Натуралистiк психологизм өкiлдерi құндылықтарды адамдардың биологиялық және жантану тұрғысынан байланыстырып, қайнар көзi есебiнде түсiнедi.
Ақиқат, еркiндiк, сұлулық, игiлiк тәрiздi рухани әлемнiң құндылықтарын табиғи әлеммен байланыстыра қалыптасуымен бiрге нақты әсерлермен түсiндiруге ұмтылғандар, екiншi тип - аксиологиялық трансцендентализм, тәжiрибеден тыс, ақыл-ой санасын түсiнiп бiлуге болмайды деген идеалистiк пәлсапа ағымы едi. Трансцендентализмнiң өкiлдерi В. Виндельбант, Г. Риккерт сананың қатпарларындағы туындаған қалыптардың әртүрлi Формасы болатындығын айтқан [78] .
Келесi, үшiншi тип - әрбiр құбылыстың көпжақты құндылығы болуы, оның салдары, жалғасы сияқты бағдары болатындығын мойындауда. Оны тарихи релятивизм әрбiр тарихи кезеңде мәнi артуы мүмкiн деген бағыттың өкiлдерi А. Тойнби, П. А. Соркиндер болатын [79] .
Әлеуметтiк тип - құндылықтардың әлеуметтiк қажеттiлiгi бар, маңыздылығы айқындалған қалып деп есептейдi. Бұл бағытта М. Вебер еңбек сiңiрген, ол төртiншi тип деп айтылуда . Сонымен аксиологияның iлiм есебiнде қалыптасуына үлес қосқан Ф. Ницще өзiнiң “мораль генеологиясы” атты шығармасы, адамдарды “жақсы және жаман”, “игiлiк пен зұлымдық” тәрiздi түсiнiктердi, қарама-қайшылық, қарсы пiкiрге бөлiп, болмыс пен құндылықты бiрiмен-бiрiн қатар қарастырып салыстыру пәлсапашылардың үлесi деген ойды бiлдiредi. Пәлсапашы Ф. Ницще құндылықты мәндiк категория емес, тек бағалау немесе субъектiнiң әлемдi таңдауындағы iшкi тәжiрибесi деп пайымдайды [80] .
Жаңа жүйе, тарихи оқиғалар, құбылыстар, мәтiндер мағынасын өткен және қазiргi бiртұтас дүние деп есептеу арқылы жалғасын тауып отырады. Мәселен, Х. Гадамер герменевтиканы қазiргi кезеңнiң әмбебап пәлсапасы деп ойласа [81], Х. Гадамердiң пайымы бойынша құндылықтарды түсiну үшiн жеке адамды, халықты, мемлекеттi түсiну жеткiлiксiз, олардың даму, қалыптасу, өзгерулер себептерi, жалпы тарихына терең зер салу қажеттiлiгiн айтып, “ақиқат” деп сонда айта аламыз, сырын түсiнiп жолын, әдiсiн табамыз.
Ғылым мен бiлiм, тәрбие мәселелерi тиiмдiлiктi, өсудi, байлық жинауды көздеу деңгейiнде ғана болмауы керек. Себебi, адам жасампаз және рухани тiршiлiк иесi болғандықтан адамзатқа ортақ жалпы мәселелер жөнiнде ойланып, толғануы, өзiнiң мақсаты мен тiршiлiгi, құндылықтар мен мүдделерi жалпы адамзатқа тән сипатта болуы тиiс екендiгiн жазған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz