Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері



Кіріспе
1 Ономастика және аударма теориясы
1.1 Қазақ онимдері және оның түрлері
1.2 Транскрипция және оның түрлері
1.3 Транслитерация
2 Публицистиканың жанрындағы жалқы есімдердің аударма негіздері
2.1 Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы
2.2
2.3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақстан тәуелсіздігін алып, шет елдермен әр түрлі саладағы дипломатиялық қарым-қатынастар нығайғалы бері еліміз жөнінде шетел баспасөз беттерінде түрлі тақырыптарда материалдар жариялана бастады. Алайда белгілі бір жазылу ережесінің болмауы салдарынан өзге тілдерге аударылмайтын қазақ онимдерінің өзге шет тілдерге транслитерациялануы әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспей отыр. Мысалы, зерттеуші ғалым Н. Рсалиева өзінің еңбегінде Бұқар жырау «Көшпенділердің» орысшасында: Бухар-Жырау, Бухара –жырау, Бухар –жырау болып түрлі нұсқада, ағылшыншасы: Bukhara – Zhyrau, Buhar-Zhyrau, Bukhar Zhyrau,Bukhar - Zhirau, Bukhar-zhyrau,Bukahr – Zhyrau, Bukhar – Zyrau болып жеті түрлі нұсқада, Едіге батыр орысшада Едиге-батыр, ағылшыншада: Yedighe-Batyr, Yedgeh-Batyr, Yedigeh, Edige-Batyr, Edighe-uly болып бес түрлі нұсқада жазылғанын көрсеткен [ 1, 4б].

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қызметтік пайдалануға арналған
Қорғауға жіберілді
жалпы тіл білімі және шетел филологиясы
кафедрасының меңгерушісі,
ф.ғ.д., профессоры ___________ Г.Б. Мәдиева

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері

5B011900 − Шетел тілі: екі шет тілі

Орындаған 4 курс студенті _______________________ А.Б.Звай

Ғылыми жетекші
ф.ғ.к., доцент _______________________ Г.Б. Мәдиева

Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент _________________________ Ж.М. Уматова

Алматы, 2015
Мазмұны
Кіріспе
1 Ономастика және аударма теориясы
0.1 Қазақ онимдері және оның түрлері
0.2 Транскрипция және оның түрлері
0.3 Транслитерация
1 Публицистиканың жанрындағы жалқы есімдердің аударма негіздері
2.1 Қазақ жалқы есімдерінің ағылшын тіліндегі транслитерациясы
2.2
2.3
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Қазақстан тәуелсіздігін алып, шет елдермен әр түрлі саладағы дипломатиялық қарым-қатынастар нығайғалы бері еліміз жөнінде шетел баспасөз беттерінде түрлі тақырыптарда материалдар жариялана бастады. Алайда белгілі бір жазылу ережесінің болмауы салдарынан өзге тілдерге аударылмайтын қазақ онимдерінің өзге шет тілдерге транслитерациялануы әлі күнге дейін белгілі бір жүйеге түспей отыр. Мысалы, зерттеуші ғалым Н. Рсалиева өзінің еңбегінде Бұқар жырау Көшпенділердің орысшасында: Бухар-Жырау, Бухара - жырау, Бухар - жырау болып түрлі нұсқада, ағылшыншасы: Bukhara - Zhyrau, Buhar-Zhyrau, Bukhar Zhyrau,Bukhar - Zhirau, Bukhar-zhyrau,Bukahr - Zhyrau, Bukhar - Zyrau болып жеті түрлі нұсқада, Едіге батыр орысшада Едиге-батыр, ағылшыншада: Yedighe-Batyr, Yedgeh-Batyr, Yedigeh, Edige-Batyr, Edighe-uly болып бес түрлі нұсқада жазылғанын көрсеткен [ 1, 4б].
Бұл жұмыс қазақ тіл білімінің жаңадан зерттеле бастаған тың саласы ономастиканың публицистикалық мәтінде аудару мәселелеріне арналып отыр.
Әлемнің кез келген тілінің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз ешқандай атау болуы мүмкін емес. Жалқы есімдер жалпы есімдерге қарағанда едәуір көп. Бірақ, олар сөздіктерде барлық жағдайда келтірілмейді, көп зерттеле де бермейді, арнайы оқыту үшін де көп қолданылмайды. Ал, жалқы есімдерді оқыту біздің, яғни филология факултетінде оқытылады. Оларға бұрыннан зерттеушілер көңіл бөлуде, өйткені тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы, сөйленістегі ерекше қызметіне қарай жалқы есімдер тілдің басқа да лексикалық категорияларынан ерекшеленеді. Соңғы жылдары жалқы есімдерді басқа ғылым салаларынан, олардың табиғатын ашу үшін қолданатын арнайы ғылым - ономастика зерттеле бастады.
Ономастика - заттарды жекелеп атайтын жалқы есімді зерттейтін тіл білімінің саласы. Ономастика білімі барлық салаға керек - ақ. Ғылыми жаңалықтардың ашылуына, қалыптасуына орай оларды зерттеудің жаңа бағыттары мен атаулары да туындайды. Жалқы есімдер адамның барлық тұрмысына қатысты, сондықтан ономастиканың теориясын білу лингвистер мен әдебиетшілерге, тарихшы, журналистерге қажет.
Ғалым - топономист Э.М. Мурзаев Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшақтар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?. Бізге бұл атаулардың бәрі бізді қоршаған ұқсас дүниелерді ажырату үшін де керек.
Жалқы есімдер ерекшелігі мен құрамына әр деңгейдегі лингвистикадан тыс жатқан факторлар (географиялық, идеологиялық, тарихи, әлемге көзқарастық, әлеуметтік, мәдени, тілдік қатынас) әсер етеді.
Ономастика саласы бойынша орыс ғалымдары В.Н.Никонов, В.Д. Бондалетов, А.В.Суперанскаяның теория бойынша еңбектерін айтуға болады. Ал, Қазақстандық белгілі ғалым - ономаст Т. Жанұзақовтың Қазақ тілінің жалқы есімдері атты оқу құралы мен Қазақ ономастикасының очеркі атты монографиясын айтуға болады [2, 3б].
Ономастиканы зерттеу қазіргі кезде Батыс Европа және Совет тіл білімінің негізгі мәселелерінің бірінен саналып отыр. Ономастиканың негізгі ең басты бөлімінің бірі антропономиканы зерттеген, оның күрделі мәселелеріне арналған мақалалар, жеке монографиялық еңбектер де соңғы жылдары шыға бастады. Бұрын бұл мәселемен арнайы шұғылданушылар бірен саран болса, қазірді оны зерттеушілер саны артып келеді. Демек, оның шығу, пайда болу тарихы, этимологиясы мен семантикалық жағы көп ізденіп, мұқият зерттеуді қажет етеді.
Ономастика құрамына енетін атаулардың бір тобы - мекеме, газет, журнал, кітап атаулары. Жалқы есімдер публицистика стилінде де маңызды рөл атқарады. Кез келген газет, журнал, теледидар, радиодағы ақпараттар жалқы есімдерсіз ешқандай мән мағынаға ие емес.
Қазіргі кезде қарым - қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы, елдер мен халықтар арасындағы экономикалы, саяси, мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қана қоймай, сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген зәру мәселелерін күн тәртібіне ұсынып отыр. Заман талап етіп отырған тұрғыдағы тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың, талдап талқылаудың маңызы зор.
Аударма - сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Аударма адамдардың көне замандарға созылған тарихында тілі өзге адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым - қатынас жасаудың делдалы болған. Аударма жұмысы - бүгінгі таңда мақсат - мүддесі, тіршілік әрекеті бір адамзат қоғамындағы аса маңызды, шарты құбылыс.
Аударма - ұшан - теңіз өмір ағысының бүкіл процесін ұштастыруға себепші болып отырған елеулі күштердің бірі.
Адамзат тарихындағы әрбір ұлттың, әрбір қоғамның алмасуы, ауысуы, араласуы нәтижесінде өмір ағымы алға жылжиды, өседі, өркендейді. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмейтінін үйренеді, білгенін басқаға үйретеді. Осындай ауысудың тиянақты тірегі - аударма. Осыған орай, А. Пушкин аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін почта аттары деген [3,3б].

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде жалқы есімдер әртүрлі ғылыми пәндердің: тарих, география,әдебиеттану, этнография, психология, астрономия т.б зерттеу нысаны болып отырғанын айта кеткен жөн. Алайда, ең алдымен, онимдердің лингвистикалық бірлік болып табылатыны даусыз және тіл маманы ғалымдардың зерттеу нысанына айналғаны о бастан белгілі. Жалқы есімдердің тілдік табиғаты туралы Ресей ономастикасының негізін қалаушы ғалымдардың бірі В.А.Никонов: атау - басқа сөздер сияқты ол да сөз, тіл заңына бағынады, яғни тіл біліміне қатысты бірлік, - деп атап көрсеткен. Бұл зерттеу жұмысының ең басты өзектілігі - казіргі кезде қоршаған ортада кең етек алған публицистика стиліндегі оним создердің өзге тілдерде аударылуын терең зерттеу.
Диплом жұмысының нысаны: Публицистика жанрындағы мақалалардан өзге тілге аударылған қазақ жалқы есімдерін анықтау.
Диплом жұмысының пәні: Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдерді аудару мәселелері.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің ғылыми-теориялық негізін жасау.
Диплом жұмысының әдістері:
Диплом жұмысының дерек көздері:
Диплом жұмысының нәтижесі:

Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша бөлімнен тұрады.

Ономастика және аударма теориясы
Қай кезде, қай қоғамда болмасын адам баласы дүниге келген кезден атаулар қоршауында болған. Ең алдымен адам өзін-өзі есімі арқылы танып, өзгеге танытып, туған жерін, шыққан тегін идентификациялап, жақын мен жатты осы атаулар арқылы түйсінген. Кез келген елдің қазіргі қалыптағы ономастикалық кеңістігіндегі атаулар жүйесі - сол топырақты әр заманда мекен еткен халықтар мен ұлыстардың , түптеп келгенде, сол жерде қазіргі таңда мекендеп отырған негізгі ұлттың сан ғасырлар бойы жасалған ұжымдық ой-санасының жемісі, ортақ мәдени, рухани туындысы және оның жалпы этникалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде танылып, сол халықтың тілі мен ділі, діннің болмыс ерекшелігін айқындайды. Белгілі ғалым-топономист Э.М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшақтар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді. Бұл ойды ары қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш, планеталар, әдеби және басқа ғылыми, өнер шығармалары, тағам т.б. атауларын қарастырып айтуға болады. Мұндай атауларды ғылым тілінде онимдер деп атайды. Белгілі неміс лингвисі Бах онимге: Ол-жеке бір болмыстың не жеке заттың не жеке ұғымның не белгілі бір топтың белгісін білдіру үшін қолданылатын атау , - деп анықтама берген болатын.
Қазақ ономаст-мамандары онимдік бірліктерді бөлгенде қалыптасқан Еуропа және орыс ғалымдары жүйелеулерін басшылыққа алатындығын айту керек. Осы орайда ұғынықты болу үшін қазақ ономастикасының басты тармақтары мен топтарын әлемдік ономастика, одан бері орыс ғалымы Н.В. Подольская қолданған жүйе негізінде көрсетуге болады. Олар грек және латын тілдері негізінде интернационалдық терминдік элементтерден жасалған.
Қазақ ономастикасының негізін қалаушылардың алғашқыларының бірі, Республикадағы ономастикалық мектепті қалыптастырушы ұстаз - ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик, профессор, филология ғылымдарының докторы Телғожа Сейдінұлы Жанұзақтың жер-су, адам есімдері мен тегі, тайпа, ұлыс, халық аттары мен аспан денелері және ғарыш кеңістіктері атауларының шығу, пайда болу және тек - төркіндеріне арналған еңбектері оқырман қауымға белгілі.
Қазіргі таңда ономастика республикадағы ұлттық тіл саясатының жетекші бағыттарының бірі ретінде тек ғылыми-тәжірибелік, мәдени тарихи ғана емес, сонымен қатар қоғамдық - саяси маңызға да ие болып отыр [4].
Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесi XIX ғасырдың екiншi жартысынан бастап түбегейлi өзгерiстерге ұшырады және патша үкiметiнiң отаршылдық мүдделерiне, кейiннен кеңес жүйесiнiң тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердiң идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудiң саяси құралына айналдырды. Нәтижесiнде қазақ ономастикасының өзiндiк болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсiресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелерiне орасан зиян келтiрiлдi. Қазақстан картасы едәуiр бұрмалауларға ұшырады.
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуымен және халықаралық қатынастардың субъектiсi ретiнде қалыптасуымен ұлттық ономастика әлемдiк кеңiстікке белсене араласа бастады. Қазiргі кезде ономастикалық бiрлiктер халықаралық ресми құжаттарда белсендi түрде көрiнiс тауып келедi.
Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады.
Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров, А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады.

1.1 Онимдер және оның түрлері
Ономастика - (грек onomastіke - ат беру өнері) - тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады. Ол зерттеу нысанына қарай топономика, антропономика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Ал осының ішінен, ономастиканың түрі топономика және антропономикаға тереңірек тоқталсақ. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады [4].
Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады
Антропонимика (гр anthropos - адам) -- адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын -- антропонимді зерттейтін ономастиканың тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады. Антропонимдердің жиынтығы а н т р о п о н и м и я деп аталады [4]. Аталушы обьектіге қарай жалқы есім бірнеше түрлерге бөлінеді, ал олар өз ішінен текті-түрлік қатынаста бірнеше кластарға бөлініп кетеді. Мәселен, антропоним адамды немесе бірнеше адамдарды атайтын есімдер жиынтығынан, соның ішінде жеке есім, әкесінің аты, тегі, лақап аты, жасырын аты, андроним (әйелін күйеуінің аты, лақап аты немесе фамилиясымен атау), гинеконим (еркекті кейін фамилиясы болып қалған шешесінің не әйелінің атымен немесе лақап атымен атау), патроним (әкесінің не әкесінің тегіндегі атпен немесе лақап атпен атау) онимдердің бір түрі [2, 11б].
Топономика - (грек.topos-орын, мекен, onyma-атау) - мәдени-тарихи маңызы бар географиялық атау. Ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясы), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайда грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
1. Семантикасы (мағынасы)
2. Жасалу жолдары
3. этимологиясы
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақта географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топономиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген [4] .
Тарих, география, мәдениет саласындағы антропонимдер, сондай-ақ топонимдер аударма тілінде екі тәсілмен:
1) транслитерация немесе транскрипция;
2) аудару арқылы - берілуі мүмкін.

1.2 Транскрипция мен транслитерация: жалқы есімдерді аудару мәселелері
Аударма -- бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады [4].
Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1) Ауызша аударма - бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.
Ауызша аударманың екі түрі бар:
- ілеспе (синхронды) аударма;
- ізбе-із аударма.
Ілеспе аударма - бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа, бір мезгілде аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма түпнұсқаның мәтінін сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге асырылады.
Ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей белгілерді атап өтеді:
а) бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;
ә) баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;
в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі [6, 36 б.].
Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аудару және абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.
2) Жазбаша аударма - жазбаша түрде жасалатын тәржіме түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге жазбаша түрде аудару және бұдан алынған нәтиже. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі [7, 23б.]. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.
Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді:
1) Көркем аударма - көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз - бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе - лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен [8, 150 б.].
Жақсы аударылған көркем аударма - сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы [9, 40 б.].
Ғалым А.Алдашева көркем аударманың төмендегідей айырым-белгілерін ұсынады:
а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі; демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар; бірақ
ә) ізденістің шеңберіне шек қойылады, өйткені аудармашының алдында жатқан мазмұны-құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жібермейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма да төл әдебиет сияқты тұшымды, кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуы тиіс [10, 26 б.].
2) Ақпараттық аударма - қандай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Oнoмастика және аударма
Ағылшын және қазақ тіліндегі лакуналар мен жалқы есімдерді баламасыз лексика ретінде қарастыру және олардың аудару кезіндегі ерекшеліктерді анықтау
Аудармадағы грамматикалық сәйкестік
Ономастика және әдеби ономастика
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Көшпенділер тарихи трилогиясындағы жалқы есімдердің ағылшын тіліндегі аудармасында берулі жолдарына талдау жүргізу
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Бұқаралық дискурс ерешеліктері
Пәндер