Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері туралы ақпарат


Қазақстан республикасының Ғылым және Білім Министірлігі. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тексерген : Нуржуманова Жанат Мекешовна.

Орындаған: Маратов Ерхан.

Тақырыбы: Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.

Семей 2015ж.

Жоспар:

1. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері.

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.

3. Пайдаланған әдебиеттер.

1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару, өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады. Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың құлауы және т. б. апаттар жатады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері.

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.

Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс зардаптарын күнделікті қызметпен, қара-жатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі мате-риалдық, техникалық, ақша қаражатын жоне адам күшін талап ететін жағдай.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз- адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т. с. с) .
- Көлік жүйесіндегі апаттар.
- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т. с. с) .

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- Қазақстан Республикасы аумағындағы белгілі бір жерлерде болғанда өздері душар болуы мумкін қатер туралы және қажетті қауіпсіздік. шаралары туралы хабардар болуға;
- Азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жургізуші объектілерді тетенше жағдайлардан және олар тигізетін зардаптардан қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен жергілікгі өзін-өзі басқару органдарына тікелей жүгінуге, жеке және үжымдық ундеулер жолдауға;
- тетенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоніндегі шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға ар-налған басқа да мүлікті пайдалануға;
- төтенше жағдайлар пайда болған ретте өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;

Қазақстан Респупликасы азаматтарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:

- Қззақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, . қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді олардан қорғау салаеындағы заңдарын сақтауғә;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқ-тыруы мүмкін авария, зілзала және апат жайында тиісті органдарды хабардар етуге;
- тұрмыста, күнделікті еңбек және шаруашылық қызметінде қауіпсіздік шараларын сақтауға төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қаушсіздік талаптарыньң бұзылуына жол бермеуге;
- азаматтық қорғаныс дабылдарын, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі төнген немесе олар пайда болған кезде жүріп-тұрудың белгіленген ережелері мен іс-қимыл тәртібін білуге, негізгі қорғану әдістерін, зар-дап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсе-ту тәсілдерін, қорғанудың ұжымдық және жеке-дара құралдарын пайдалану ережелерін оқып-үйренуге, өздерінің осы білімі мен практикалық дағдыларын ұдайы жетілдіріп отыруға;
- төтенше жағдайларды жою жөнінде өткізілетін оқу-жаттытуларға қатысуға, халықты, қоршаған. орта-ны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау қүралдарына үқыпты қарауға міндетті.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару орган-дарының табиғи және тежногендік сипаттағы төтөнше жағдайлар саласындағы өкілеттігі
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақтағы табиғи және техкогендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты болады
Жергілікті өкілді Органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында
- жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар бас-шыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы есептерін тың-дайды;
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жергілікті қорлар, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-тулік, медициналық жәнебасқа ресурстардың жергілікті қорларьш құру туралы шешім-дер» қабылдайды;
- төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың ал-дын алу мен оларды жою жөнінде міндетті ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделеді. Мідетті ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиіс және дереу күшіне енеді.
Жергілікті атқарушы органдар табиғи және техно-гендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды
жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
- мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, тетен-ше жағдайлардың пайда болуына өкеп соққан авария-ны, зілззла мек апа. тты тергеуге қатысады, лауазымды адамдарды, азаматтар мен ұйьшдарды белгіленген төртіппен жауапқа тартады;
- төтенше жағдайларды обьектілік және жергілікті төтендіе жағдайларға жатқызады, сол тетенше жағдай-лардың таралу ауқьшы мек аймақтарын анықтайды;
- халықты жәке ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, тетеише жағдайлардын алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
- төтенше жағдайлардың алдын әлу мек оларды жою жөншдегі шараларды жергілікті қорлардан қар-жыландыруды жүзеге асырады, материалдық-техника-лық, азық-түлік, медицикалық және басқа ресурстар-дың жергілікті қорларын қүрьш пайдаланады;
- төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдәр-дың материалдық-техникалық ресурстарын жүмьтлды-рады;
- төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші обьектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзіреті шегінде қамтамасыз етеді:

- төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар меи азаматтардың шар-уашылық қызметін қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті өзін-өзі басқару орындарының табиғи және техногекдік сипаттағы төтенше жағдайлардьщ алдын алу мен олар-ды жою ісіне қатысуына жол беріледі, бұл халықтың жергілікті мәні бар мөселелерді дербес шешуін қамта-масыз етеді. Жергілікті езін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі тәртібін заңда белгілен-ген шектерде азаматтардың өздері анықтайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай-лардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жа-тады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақы-лау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихат-тау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.

2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы.

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы жәнетехногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті , өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілікжәне жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
Ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияның электр қауіпсіздігін басқарудағы алатын орны және мәні
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: сырғымалар, сел, тастың құлауы
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдай, туындау себептері
Алматы қаласы «құтқару қызметінің» төтенше жағдайлар кезінде құтқару жұмыстарын ұйымдастыруы және өткізуі
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Транспорттагы төтенше жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz