Қазақстандағы көліктік саяхаттарды жоспарлау


МАЗМҰНЫ
2 «FELICITY» ЖШС КӨЛІКТІК ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2. 1 «Felicity» ЖШС-ның экономикалық сипаттамасы
2. 2 «Felicity» ЖШС-ның басқару құрылымы және қызмет түрлері
27
27
31
3. 1 Қазақстан Республикасының көлік жүйесін дамыту жолдары
3. 2 Көліктік тасымалдау сервисін дамытудың экономикалық потенциалы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
46
57
75
77
6
8
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кәсіпорын қызметінің нәтижесі көбінесе, шаруашылықтар мен қызметтерге қызмет көрсететін және көмекші жұмыстардың ұйымдастырылуына тәуелді.
Қазақстан Республикасындағы көліктік кешен диалектикалық бірлікке жатады және де мемлекеттің оңтайлы көліктік бағдарламасын таңдау қазіргі даму кезеңінде аса өзекті мәселе болып табылады.
Қоғамдық өндірістің жаһандану жағдайында жолаушыларды және жүктерді халықаралық тасымалдау жүйесінің дамуында көліктік кешен ерекше орын алады.
Көлік қызметі халық шаруашылығының жеке экономикалық аудандары мен салаларын байланыстырып, халықаралық және ішкі еңбектің қоғамдық территориялық-георафиялық бөлінісінін біріктіреді.
Қазіргі таңда мемлекеттік реттеудің тетіктерін құру және Қазақстан Республикасының территориясы бойынша тиімді тамысалдауды (транзитті, экспорт-импортты, мемлекет ішіндегі) жоғарлату үшін көліктік кешенді басқару, көліктік қызмет көрсетудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру және олардың сапасын жақсарту мемлекеттің көлік қызметін басқару саясатының мақсатының маңыздысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы әуе жолдары, автомобильдік, су жолдары, темір жолдар, құбырлық, көліктік құралдар кешені арқылы халықаралық тасымалдаулар формасын және әдістерін жан жақты жақсартып, жетілдіруде.
Әуе тасымалы саласын белсенді дамыту керек. Біз аэропорттарымыз бен авиация саласын ұлттық экономиканың талаптары мен халықаралық деңгейге сәйкес келтіруіміз қажет. Әуе қызметінің сапасын, қауіпсіздігін арттыру және құнын төмендету үшін жергілікті авиация нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасалуы керек.
Теміржол тасымалы мен оны басқаруды кезең-кезеңімен нарыққа көшіру арқылы еліміздің теміржолдары желісін жаңарту қажет. Бұл жағдайда теміржол көлік-логистикалық орталықтары осындай көлік қызметіне деген бүгінгі және болашақтағы сұраныс ескерілетіндей деңгейде құрылып, кеңейтілуге тиіс. Теміржол саласының қауіпсіздігі, жеткізу мен қызмет көрсету шапшаңдығы-жағынан әлемдік стандарттарға, ал тарифі жөнінен саланың негізгі талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. Сонымен бірге Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдететін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет».
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Felicity» ЖШС-ның жүк тасымалдау қызметіндегі сервисті ұйымдастыру іс-әрекетін қарастыру.
Зерттеу объектісі - «Felicity» ЖШС.
Жұмыстың әдістері: Қазақстандағы туризмді дамыту мәселелері тақырыбында дипломдық жұмысты жазу барысында, Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы статистикалық, математикалық, туризмнің пайда болып, қазіргі күнге дейінгі даму барысындағы тарихи әдістер, аймақтар бойынша, облыстар бойынша картографиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың негізгі жаңашылдығы - Қазақстан аумағы бойынша көліктік саяхаттарды дамыту мен еліміздің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау және даму перспективаларын бағалау.
Жұмыстың тәжірибелік нәтижесі - Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері, көліктік саяхаттарды ұйымдастыру мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.
Жұмыста зерттеулердің логикалық, экономикалық-статистикалық, монографиялық және есептік, сондай-ақ жүйелі және жағдайлық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде «Көліктік тасымалдау сервисін» ұйымдастырудың теориялық негіздері ашылған, яғни көліктік тасымалдау сервисінің мәні және түрлері, олардың жіктелуі және ұйымдастыру ерекшеліктері зерттеледі.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі «Felicity» ЖШС-ның экономикалық көрсеткіштері талдау жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде алынған. Талданып отырған компания қызметтерін толықтай көрсету үшін оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Компанияның дамуына байланысты болатын оның таза табыс, өндіріс көлемі және валюта балансының өсу темптері зерттелді. Қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштері және пайдалық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері және оған әсер еткен факторлар зерттелді. Компанияның дамуына әсер ететін оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдаланудағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорларына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының көліктік қызмет жүйесінде көлік құралдарының негізгі көрсеткіштері және бағыттары келтірілген. Оларды халықаралық экономикалық байланыстарда тиімді пайдалануы және жетілдіру жолдары көрсетілген. Көліктік тасымалдау сервисін дамытуда логистикалық орталықтар құру және сыртқы экономикалық потенциалды байыту қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі болып компанияның бухгалтерлік балансы, қаржылық есебі және меншік құралдарының қозғалысы туралы есептерін қамтитын негізгі ақпарат көздері, ғылыми әдебиеттері қолданылды. Жұмыстың жалпы көл
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІКТІК САЯХАТТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Көліктік тасымалдау сервисінің мәні мен мағынасы
Қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындардың қызметі қызмет көрсету нысандарының прогрессивті жетілуінсіз болмайды. Қызмет көрсету нысандарына жататындар: кәсіпорындардағы, бөлімшелердегі, үйдегі, сыртқа шығу нысандары, қабылдау пунктері арқылы тапсырыстарды алу. Бұл уақытылы және дұрыс ұйымдастырылған көліктік қызметті талап етеді. Онымен қоса, кәсіпорындарға материалдарды, қосымша бөлшектерді жеткізіп отыру керек, олар өз кезегінде еңбек құралы ретінде, қайта жасау үрдісінде бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына алмасып отырады. Осыған байланысты көліктік шаруашылықтың негізгі міндеттері:
- өндірістік процестің талаптарына сәйкес, жанармай және дайын өнімдер сияқты еңбек құралдарының тез қозғалысы;
- көліктік құралдардың және трансорттық жұмысшылардың еңбектерін тиімді пайдалану;
- көліктік және жүкті тиеу-түсіру операцияларын механизациялау және автоматизациялау;
- көліктік операциялардың өзіндік құнын төмендету;
- технологиялық және көліктік операциялардың келісушілігін міндетті түрде қамтамасыз ету;
- көліктік құралдарды әр уақытта жұмыстық жағдайда ұстап отыру;
Қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындарда ішкі фабрикалық және сыртқы фабрикалық көлік қолданылады. Ішкі фабрикалық транспорт өнімдердің өндіріс үрдісі кезінен бастап, оның кәсіпорындарға түсуіне және қызмет өнімділігі аяқталғанға дейінгі қозғалысын қарастырады.
Сол сияқты, тапсырыс берушілерге сол орында немесе қабылдау пунктеріне жіберуді де қарастырады [1] .
Ішкі фабрикалық көлік құралдары ретінде, конвейерлер, автокарлар, электрокарлар, рольгангтер, қолдық тележкалар қолданылады.
Өнімдерді өндіріс үрдісі кезінде тасымалдау немесе тасымалдау деп айтсақ болады, ол әзірге толық механизацияланбаған. Оған қарамастан, соңғы жылдары, ішкі фабрикалық транспорттық үрдістерді механизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Солайша, көптеген химиялық тазалау кәсіпорындарында бірінші сорттағы телімдерде көліктік тасымал механизацияланған.
Бірінші сорттағы телімдерде көліктік операцияларды механизациялау негізгі контейнерлердегі өнімдердің жұмыс орнына механизацияланған жіберілісін қарастырады. Кейбір жағдайларда, бірінші сорттау телімдернің қасында кірленген өнімдерінің қоймасы орналасады. Ол керекті жасалынуға арналған өнімдері бар контейнерлерге механизацияланған жіберілістерді қамтамасыз етеді.
Киімдерді жөндеу және тігу кәсіпорындарында, мысалы трикотаж өнімдерін тоқу, оларды бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына тасымалдау үшін, қолдан жасалған көліктік ілгіштер қолданылады. Материалдарды ауыстыру үшін қолданылатын механикалық транспортерлерді, фурнитурлерді қоймаларда сақтайды [2] .
Қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорындар өздерінің сыртқы алмасуларында көбінесе автокөліктік кәсіпорындардың қызметін пайдаланады. Олар, материалдар, қосымша бөлшектер, дайын өнімдер үшін арнайы сақиналық, маятниктік маршрут жасайды.
Республиканың көліктік потенциалы үшін оның дамуындағы өңірлік диспропорцияларды қысқарту өте маңызды. Жекелеген аудандардың көліктік-географиялық орналасуы елдің масштабы бойынша олардың дамуының потенциалын бағалауға және өңірлердің әлемдік байланыстарға және қатынастарға енуіне мүмкіндік береді.
Ресейлік экономистер елдің жекелеген әкімшіліктік бірліктерінің көліктік-географиялық орналасуын сандық (баллдық) бағалау әдістерін жасаған. Бұл әдіс бойынша баллдық бағалаудың жоғары коэффициенті өңірлердің дамуының жоғары потенциалына сәйкес келеді. Осы есептеу әдісі Қазақстан Республикасы бойынша жасаланған зерттеу нәтижесінің қорытындысы келесі (1-кестеде) берілген [3] .
Кесте 1
Қазақстан облыстары бойынша көліктік-географиялық орналасудың баллдық бағалау коэффициенттері [3, 4]
Алматы
Ақмола
Ақтөбе
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
2, 77
1, 48
0, 67
1, 05
2, 75
2, 79
1, 77
Қостанай
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Батыс Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
3, 17
0, 61
2, 67
4, 79
2, 16
2, 93
1-кестеден көрініп тұрғандай, бір полюсте салыстырмалы түрде өте игілікті өңірлер орналасқан (Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы), ал басқа жағында - өте нашар өңірлер (Ақтөбе, Маңғыстау) .
Елімізде логистиканың дамуы көлік саясатына және осы саладағы кәсіпорынның қызмет сипаттамасының құрылымдық өзгерістеріне елеулі әсерін көрсетті, ол өз кезегінде 70-ші жылдардың аяғында дамыған елдердің экономикасында санаулы орындарына айналды. Халық шаруашылығы саласы ретінде транспорт ішкі халықаралық, табиғи және жасанды қатынас жүйелерімен байланысқан сызықтық орналасуды білдіреді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өндірістік үрдісінің міндетті жалғасы ретіндегі көліктік үрдіс геосфералық, салаішілік бөлінеді; жер беті транспорты (теміржол, автомобиль, құбыр жолы), су транспорты (теңіздік, өзендік, көлдік), әуе тасымалы мәні бойынша көліктің ерекше түрі болып электронды, яғни электроэнергияны сым түрінде беру табылады. Көліктік екі геосферада әрекет ететін (монорельстік және канаттық жолдары) және аралас қатынастар түріндегі ұйымдасқан көп салалы формалары пайда болуда. Көліктік технологиялардың бірқатары қызметтерді ұсынудың монополиясына әкелді. Мұндай ерекшелікке теміржол және құбыр жолы транспорты ие.
Тасымалдаушы үрдістердегі көліктік қызметтерді өткізу үшін оның бір бірін толықтыратын екі өндірістік технологиялық құрамдасы-физико-географиялық сызықтық орын алмастыру және жүкайналымының нүктелік көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетілімі қызмет етеді [4] .
Бұл көлік қызметтері саудасының жеке секцияларға бөлінуіне әкелді; таза жүк тасымалдау, стивидорлық-тиеу-түсіру қызметтерін өткізу, тальмандық-жүк есебі қызметтерін сату, қоймалық-жүктерді сақтау және қосымша қызметтерді өткізу (мысалы таромен қораптауды жөндеу жұмыстары, жүктерді сорттау және т. б. ) . Көліктік емес, өндірістің жеке саласы ретінде сатудан кейінгі және дейінгі, отверткалау технологиялары бөлініп шықты. Осылайша, терминалдар мен жағалау, бекеттік, порттық транспорттық сервис кәсіпорында өндірістік-еңбек операцияларының, қызметтердің үлкен кешені орындалады. Олардың тапсырыс берушілері болып саудалық келісім бойынша тауарды жеткізіп салу міндетін өзіне алған сатып алушылар, сонымен бірге өздерінің транспорттық құралдары мен экипаждарының техникалық және әлеуметтік қызметтерді қажетсінетін тасымалдаушылар табылады. Мұның бәрі жүк айналымының көліктік қызмет көрсетуін кәсіпкерлік қызметтің көліктік қызметтердің экспорты мен импортының пәніне айналдырады.
Әрбір тасымалдаушы қандай да бір жағдайда өндірушіден тұтынушыға бағытталған жүк қозғалысының тізбесіндегі әрбір элемент қандай да бір буынмен байланысқанын біледі.
Жүкті, тауарды өткізу, тасымалдауға заңды (жеке) тұлғалардың белгілі бір саны қатысады. Олардың арасындағы құқықтық қатынастар алдымен тауарды сату-сатып алу келісімен анықталады, оның талаптары болып сатушы мен сатып алушы табылады. Мұндай келісімнің базистік және транспорттық шарттарына сәйкес тараптардың біреуі тауарды жеткізіп салуды ұйымдастыру міндетін өзіне алады, яғни жүкті жіберушінің функциясын атқарады.
Жүк тасымалдау келісімінің формалары, транспорттық-экспедиторлық қызмет көрсету шарттары, баға белгілеу үрдістері бір-бірінен ажыратылады, егер жүкті жеткізіп салу жалпы немесе жеке пайдаланудағы транспорт арқылы жүзеге асырылса (кемемен жүк тасымалдау келісім-чартер 500 жолмен көрсетілуі мүмкін, автобустың жүк бөліміндегі жүкті тасымалдау келісімін рәсімдеу үшін жыртпалы талон да кетеді), бір жүк үшін фрахта мөлшермесі халықаралық фрахта биржасындағы мәмілемен тағайындалады, массасы 3-5 мың тонна жүктік тарифтік жетекшіліктен, яғни прейскуранттан алынады, «Дженкон» Чартері» бойынша тасымалдаушы жүкті тиеуші, түсіруші міндетінен құтылады, сызықтық коносаменттің артындағы тасымалдау келісімі бойынша өзіне тапсырыстарды, осындай жұмыстардың төлемін, сонымен бірге жұмыс барысында қажет материалдардың шығындарын өз мойына алады [5] .
Тасымалдауды ұйымдастырудағы мұндай қиындықтар, сонау орта ғасырдан теңізбен жүретін саудагердің алыс елдерде кемесіне қарайтын тауарлар туралы бұйрықтар бере алатын өз адамдары болған, яғни қазір «транспорттық агенттері», брокерлер бар, жүк иелері ортағасырдан бастап жүкпен байланысты операциялардың көздерін жүк иесінің экспедиторы деп атаған (ағыл. -forwards, нем. -spediteuren) кәсіпқой мамандарға сеніп тапсырған.
Тасымалдау - адамдар мен жүктерді таситын материалды өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында тасымалдау материалды қызмет өндіру сферасына жатады [6] .
Материалды ағымның шикізаттың алғашқы көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі жолында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды.
Тасымалдау екі элементтен - жаппай пайдаланылатын көліктен және жаппай пайдаланылмайтын көліктен тұратын жүйе болып табылады (сурет 1) .
Сурет 1 Көліктің бірнеше түрінің қатысуымен жүргізілетін тасымалды дәстүрлі ұйымдастыру
1-суретте көрсетілгендей, материалды ағымды іштей басқарудың бірыңғай функциясы жоқ. Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мәселелеріндегі звенолардың үйлесімділігі төмен, себебі олардың әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ.
Жаппай пайдаланылатын көлік - жүк және адамдарды тасымалдауда халық шаруашылығының барлық салалары мен тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Жаппай тасымалдау айналыс сферасында және тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оны, әдетте, магистралды деп те атайды (магистраль - белгілі бір жүйедегі негізгі басты линия, бұл жағдайда - қатынас жолдар жүйесінде) . Жаппай тасымалдау түсінігі темір жол көлігін, су көлігін (теңіз және өзен), автомобиль, әуе көлігін және құбыр көлігін қамтиды [7] .
Жаппай пайданылмайтын көлік - өндірісшілік көлік, сондай-ақ тасымалдау емес кәсіпорындарына жататын көлік құралдарының барлық түрлері және белгілі бір өндірістік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады.
Көлік құраушысы логистиканың көптеген мәселелерін шешуге қатысады. Сонымен қатар логистиканың өз бетінше қызмет ететін тасымалдау саласы да бар, ондағы қатысушылар арасындағы көп аспектілі үйлесімділік материалды ағым қозғалысының өндірістік-қойма учаскелерімен тікелей байланыссыз қарастырылады. Тасымалдау үрдісін ұйымдастыруда логистикалық тәсілдің ерекшелігін аралас тасымалдау жағдайындағы көлік тізбегінің звеноларының өзара әрәкет ету мысалымен түсіндіріледі (1-сурет) Олардың кең таралу себебі-көптеген жағдайда тек автомобиль көлігі жүкті тікелей «есіктен есікке» алып жеткізе алады) .
Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмалы сипаты (2-кестеде) келтірілген.
Кесте 2
Аралас тасымал және интермодальдық тасымалдың салыстырмалы сипаты [8]
Тасымалдау кешеніндегі техникалық үйлесімділік көлік құралдар параметрлерінің жекеленген түрлері ішінде, сондай-ақ тұрарлық қиылыста үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға, контейнерлер мен жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.
Технологиялық үйлесімділік - тасымалдаудың бірыңғай технологиясын, тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады.
Экономикалық үйлесімділік - бұл рынок конъюнктурасын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі.
Бірлесіп жоспарлау - графиктің бірыңғай жоспарларын жасап, оны қолдануды білдіреді.
Тасымалдау логистикасының міндеттеріне мыналар жатады:
Көлік жүйесін құру, соның ішінде көлік коридорларын және көлік тізбектерін құру (Көлік коридоры-бұл ұлттық немесе халықаралық көлік жүйесінің бір бөлігі, ол жеке географиядық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: қозғалмалы көлік құралдары және осы бағытта жұмыс істейтін барлық көлік түрлері мен стационарлық құрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Көлік тізбегі - көліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашықтыққа тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер өзгеріссіз қалады мысалы, жүк пакеті немесе контейнер) :
- тасымалдау-қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
- тасымалдау үрдісін қоймалау және өндірістікті бірігіп жоспарлау;
- көлік құралының түрін таңдау;
- көлік құралының типін таңдау;
- жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т. б.
Көлік компанияларының кейбір басқа да қызмет параметрлеріне бағыттады, сондай-ақ кешенділікте фирма сандарын қысқарту саясатын жүргізді. Қорытындысында бәсекелестік күрес босаң болды, іс-әрекеттегі компаниялар монополиялық жағдайды пайдаланды, оларға жоғарғы тарифтерде жоғарғы шығындарды компенсациялауына, қызметтер ассортиметіне және көлемділігін ұстап тұруына мүмкіндік берді [8] .
Жіберуші жүкті тасымалдауға ұсынғанда келесі көмекші іс-әрекеттер қатарын орындауы қажет; жүкті тиеу, түсіру, қораптау, таңбалау, жеткізілуі т. б. хабарламасын құру және ұсыну. Осыған ұқсас іс-әрекеттер кейде транспорттың бір түрінен екінші түріне жүктерді беру орындарында орындалады. Жүктің белгіленген орындарында алушы да осы іс-әрекеттерді орындауы қажет.
Көмекші іс-әрекеттерді кейде кәсіпорынның өзі кейде темір жол немесе жеке тапсырыстар немесе келісім бойынша автотранспорт ұйымдары орындайды. Артық тиеу механизмдері, автотранспорт, экспедитор штаттары қымбат болғандықтан, осы іс-әрекеттерді жүк иеленушінің орындауына қымбатқа түседі. Сондықтан осындай қызмет көрсетулерді транспорттық немесе арнайы ұйымдар орындауы мүмкін және олардың барлық қызметтері көліктік қызмет көрсетулер деп аталады. Бұл ұйымдарға әртүрлі механизмдер, қоймалар және басқа да құрал-жабдықтарды ұстау құқығы және түскен төлемдердің есебінен көліктік іс-әрекеттерді орындауы ұсынылған.
1) Экспедиторлық іс-әрекеттер - жүктерді транспорттабельдік жағдайға келтіру (артық тиеу, таңбалауға дайындау), артық тиеудің құжаттық рәсімдеу, жүкті қабылдап алу және оны тапсыру, құжаттарды несиелеу, келген жүктерді алу және жүкті қабылдап алушыға тапсыру, тарифтерді төлеу.
2) Тасымалдау - келісім бойынша автомобиль немесе темір жол транспортымен жіберушінің қоймасынан алушының қоймасына жүкті жеткізу.
3) Жүкті тиеу - түсіру іс-әрекеттері.
4) Халықаралық мәлімдемемен сондай-ақ шекаралық бекеттерде және елдің ішінде тасымалданатын жүктермен кедендік - экспедиторлық іс-әрекеттер.
5) Басқа да іс-әрекеттер - жүктің жіберілгені, қадағалануы және келісімі туралы клиентке ақпарат беру, жоспар бойынша жіберілетін жүктердің ұсынысына жіберушінің сенім қағазы бойынша бекеттерге ұсыну, жіберушінің атынан немесе сенім қағазы бойынша өзге де құжаттарды рәсімдеу [9] .
Көліктік іс-әрекеттер жартылай (тек қана жіберілгенде, келгені бойынша, тек транспорттық және т. б. ) немесе толық болуы мүмкін. Толық - бұл жүк иесінің қатысуынсыз барлық іс-әрекеттер кешені. Сонымен қатар ұйымдардың делдалдарымен орындалатын жергілікті іс-әрекетер жүргізіледі. Мұндай іс-әрекеттер жүктің сипатымен және жергілікті шарттарымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz