Химиялық энергия және шикізат. Қазақстандағы уран кен орындары, түсті металлургия және пайдалы қазба кен орындары



I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
• Химиялық энергия және шикізат туралы
• Қазақстандағы уран кен орындары
• Минералды шикізаттар
• Қазақстандаы түсті металлургия және пайдалы қазба кен орындары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
• кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)
• негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
• жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)
• химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
• кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
• негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
• полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
• тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.
1. Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А. Жұбанов, Ұ.Ә. Садықов. Ә.Қ. Қоқанбаев «Химиялық технология негіздері» Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 350 бет
2. Ж.Қ.Қайырбеков, Е.А Әубәкіров, Ж.К. Мылтықбаева « Жалпы химиялық технология» :Оқу құралы – Алматы. – 244 бет
3. Интернет желісі

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
* Химиялық энергия және шикізат туралы
* Қазақстандағы уран кен орындары
* Минералды шикізаттар
* Қазақстандаы түсті металлургия және пайдалы қазба кен орындары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Химия өнеркәсібі -- ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.
Химия өнеркәсібіне жататын салалар:
* кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)
* негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)
* жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)
* химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика
Химия өнеркәсібінің салалық құрылымы
Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:
* кен-химия өнеркәсібі (шикізат -- фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)
* негізгі химия өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)
* полимерлік материалдар өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);
* тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.
Тарихы
Химия өнеркәсібі саласы дүние жүзінде тұңғыш рет Германияда 19 ғасырдың аяғында дүниеге келді. 20 ғасырдың 50 -- 70-жылдардың басы химия өнеркәсібінің дәуірлеген "алтын ғасыры" болды. Бұл кезеңде мұнай-газ шикізатын пайдаланушы өндірістің өркендеуімен байланысты осы сала әлемде неғұрлым жоғары қарқынмен дамыды. Әлемнің өңдеуші өнеркәсібінде химияның үлесі 20 ғасырдың 2-жартысында 8 -- 9%-дан 12 -- 15%-ға дейін өсті. Қазіргі кезде химия өнеркәсібі әлемді негізгі 4 аймаққа бөліп тұр. Олар -- АҚШ, Батыс Еуропа, ТМД елдері, Жапония. Мұнда кенішті химия, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдерін, әсіресе, органикалық синтез өндіру, полимерлік материалдар шығару ерекше орын алады. 20 ғасырдың 90-жылдарының ортасында химия өнеркәсібінің әлемде өндірілген химия өнімдерінің 20%-ы АҚШ-тың үлесіне тиіп, экспорттық өнімнің 24%-ын құрады. Батыс Еуропаның барлық елдері химия өнімінің 24%-ын, Жапония 15%-ын берді. Бірақ 90-жылдардың аяғында АҚШ пен Жапонияда химия өнімін өндіру төмендеп, біріншілік Батыс Еуропа елдеріне ауысты (Химия өнеркәсібінің 40%-ы). Қазіргі кезде Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері синтетикалық және жартылай синтетикалық бұйымдар өндіруге мамандануда. 21 ғасырдың бас кезінде химиялық шикізат және негізгі химияның аса маңызды өнімдерін -- күкірт қышқылын, минералдық тыңайтқыштар өндіру іс жүзінде тұрақталды, ал синтетикалық каучук өндіру қарқыны баяулады. Мұның себебі, өнім бірлігіне жұмсалатын көптеген химикаттар шығынының азаюына байланысты технологиялық үдерістердің жетілдірілуінде. Сонымен бірге қалған полимерлік материалдарды, ең алдымен синтетикалық шайырлар, пластмассалар, химиялық талшықтар өндіру жедел қарқынмен дамып отыр. Кеңес өкіметі химия өнеркәсібін жедел дамытуға айрықша мән берді. 1 бесжылдық кезеңінде (1929 -- 32) химия өнеркәсібінің қазіргі салаларын (синтетикалық аммиак және оны азотты тыңайтқыштарға қайта өңдеу, органикалық шала өнімдер, күрделі анилин бояғыштар, синтетикалық каучук, пластмассалар, жасанды талшық, шина өнеркәсібін) дамытуға материалдық-техникалық негіз жасалды. 30 -- 40-жылдары қазіргі заманғы қуатты химия өнеркәсібі пайда болды. Соғыстан кейінгі жылдары мұнай-газ шикізатынан синтетикалық этил спиртін өндіру игерілді. Органикалық синтез заттарын өндіруде мұнай-химиялық шикізатының үлес салмағы басым болды. КСРО минералды тыңайтқыштар өндіру жөнінен әлемде 1-орынға, аммиак пен күкірт қышқылын өндіру жөнінен 2-орынға (АҚШ-тан кейін) шықты. Қазақстанда химия өнеркәсібі жеке сала ретінде алғашқы бесжылдықтар кезінде қалыптасты. Кеңестік дәуірге дейінгі кезеңде Қазақстанда Шымкент дермене (сантонин) зауыты (1883), сабын қайнататын, желім қайнататын ұсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 1930 -- 40 жылы Ақтөбе химиялық комбинат, "Аралсульфат" комбинат, ірі фосфорит кені -- "Қаратау" комбинат, Қарағанды синтетикалық каучук, Қостанай синтетикалық талшық зауыттары салынды. 1950 -- 60 жылдары Қазақстанда осы заманғы химиялық индустрияның негізі қаланды. Жамбыл суперфосфат, Гурьев химиялық зауыттары, Шымкент гидролиз және фосфор тұздары зауыттары, Ақтөбе ферроқорытпа, Шымкент газ-бензин зауыттары іске қосылды. Қазақстан анорганикалық және органикалық тектегі пайдалы қазынды кеніштеріне бай. Олар химия өнімінің алуан түрлерін алу үшін шикізат көзі болып табылады. Сала үшін 1992 -- 94, 1998 жылдар неғұрлым дағдарысты кезең болды. 1999 жылдан 2004 жылға дейін химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті. 2005 жылы химия өнеркәсібі орындары 54,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Қазіргі кезде "Қазфосфат" ЖШС-нің бөлімшесі республикада химия өнімін өндіруші аса ірі кәсіпорын болып табылады, ол 2005 ж. 83,4 мың т өнім шығарды, мұның өзі 1995 жылғыдан 1,7 есе, ал 2000 жылғымен салыстырғанда 5,4 есе көп. 90-жылдардың ортасынан бастап елде илеуіштер, хромды ангидрид, хром тотығын өндіру қолға алынды. 2005 жылы олардың көлемі 1995 жылғы деңгейден 1,8 -- 2,4 есе асты. 1995 -- 2005 жылы республиканың 5 мұнай-химия кәсіпорны қызметін қалпына келтірді. Бұл кәсіпорындар таяу шет елдердің өнімдеріне ұқсас полистирол, полипропилен, резина-техникалық бұйымдар, шина өнімдерін шығарады. 2003 жылы Ақтау пластмасса зауытында өндіріс жолға қойылды. 2005 жылы пластмассадан құбырлар мен шлангалар өндіру 2000 жылғымен салыстырғанда 12,9 есе көбейді. 2005 жылы "Интеркомшина" АҚ камералар, резина бұйымдарын, шиналар шығару өндірісін іске қосты. Резина-техникалық бұйымдар шығаратын "Сараньрезинотехника" ААҚ мен "Қарағандырезинотехника" ЖШС кәсіпорындары тапсырыскерлермен тікелей шарттар бойынша тұрақты жұмыс істеп келеді. Қазақстан химиясының құрылымында полимерлік химияға қарағанда негізгі химияның үлесі басым. Еліміздің негізгі химиясы қышқыл, химиялық қосылыстар, фосфор мен минералдық тыңайтқыштар өндіреді. Химия-фармацевтика өнеркәсібі, негізінен алғанда жаңадан құрылып, басқа салаларға қарағанда жылдам дамуда. Ең үлкен "Химфарм" зауыты Шымкентте орналасқан. Ол Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 35 бөлігін шығарады. Алматы, Қаскелең, Семей және Павлодарда ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Полимерлер алынатын шикізатқа мұнай өнімдері, табиғи және ілеспе газ жатады. Ақтау зауыты полистирол, Атырау зауыты полиэтилен мен полипропилен шығарады. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары -- Саран (металлургия үшін конвеер таспаларын шығару) және Шымкент (автомобиль мен а. ш. техникасы үшін шина жасау). Фосфоритті Қаратау мен Жаңатаста өндіріп ұсақтайды да Таразда фосфор тыңайтқышын шығарады. Азот өндірісі Ақтау мен Теміртауда; күкірт қышқылы ауыр металдардың металлургияның орталықтарында (Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Риддер); уран алатын орталықтарда (Степногор, Ақтау), фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталықтарында (Тараз) шығарады. Хром қосылыстары зауыты Ақтөбеде орналасқан. Оның өнімдерін негізгі тұтынушылар -- түсті металлургия, тері илеу және лак-бояу өнеркәсібі, ал шет елдерде АҚШ-тың, Ресейдің, Ұлыбританияның кәсіпорындары.

Химия өндірісіндегі энергия және шикізат
Химиялық өндірістерде қажетті төрт элемерттің болуы міндетті:
* шикізат
* энергия
* су
* жұмыс күші
Осылардың ішінен шикізат пен энергияға тоқталайық.
Шикізат - өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар жіне жартылай өнімдер. Өндіріс дамыған сайын шикізаттың түрі де, сандық сапалық жағы да өзгереді.
Химиялық өндірістердің шикізаттары әртүрлі белгімен топтастырылады.
Жаратылыс тегіне байланысты:
* Минералды
* Өсімдік текті
* Жануар текті
Химиялық құрамына байланысты:
* Бейорганикалық
* Органикалық
Агрегаттық күйіне байланысты:
* Қатты
* Сұйық (мұнай, тұздық)
* Газ тәріздес(ауа, табиғи газ, мұнай өнімдерінің газдары)
Химия өндірісінде өзі арзан жіне жеңіл түсетін шикізат ретінде су мен ауаны кең пайдаланылады.Химиялық өндірістің шикізат қоры елімізде жеткілікті және қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіншілік толығынан бар.
Химия өндірісінде өнімнің өзіндік құнын анықтағанда шикізаттың құны 60-70%- шамасында болады, осыған тәуелді шикізаттың құнын төмендетудің проблемасын шешудің өзара байланысты жолдары мыналар:
1. Арзан бағалы шикізатты іздестіру және оны қолдану
2. Концентрленген шикізатты қолдану
3. Шикізатты кешенді түрде пайдалану
4. Азық - түлік шикізаттың азық- түлік емес шикізатымен, өсімдік шикізатын минералдық шикізатпен алмастыру.
Химиялық өндірістің қандай түрі болмасынтехнологиялық процестерде энергияны өте көп мөлщерде қажет етеді. Химиялық процестер энергияның өзгеруімен жүреді.Химия өндірісінде әртүрлі энергия : электр энергиясы, жылу, ядро, химиялық және жарық энергиясы қолданылады. Жалпы электр энергиясының 12%- ы химия өндірістерінде қолданылады.
Химия өндірістерін энергиямен қамтамасыз ету үшін әртүрлі энергетика қондырғыларын қолданады: мысалы, жылу энергиясын электрорталық немесе қазан қондырғыдан ыстық су және су буы түрінде алуға болады.
Химия өндіріс орныдарында жылу энергиясын қолдану басқа энергия түрлерімен салыстырғанда басым. Химия өндірістерінде қолданылатын жалпы энергия қорының 90%- ы әртүрлі отынды (көмір, табиғи газ, торф, жанғыш тақтатас) жағу нәтижесінде алынады, 10%- ы гидроэнергия үлесіне келеді. Химия өндірістерінде арзан құнды энергия көзін қолдану қажет, оны іздестіріп табу - алда тұрған міндеттердің бірі.
Химия өндірістерінде табиғи газдардың алатын орны ерекше, оған себеп : газ - тек қана отын емес, ол көптеген өнім өндіретін өндірістердің шикізаты. Табиғи газды орынды түрде қолдану қажет.
Дүниежүзілік уран және торий энергия қоры көмір, мұнай және табиғи газ энергия қорының бірнеше рет басым болғандықтан, атом энергиясын қолданудың маңызы ерекще орында.
Химия өндірістерінде химиялық энергияның көзін қолдануды қолға алу қажет. Соңғы жылдары энерго - техникалық химия өндірістері химия өнімдерімен қатар бір мезгілде тұтынушыларға энергия өнімінде энергетикалық бу немесе электр түрінде беретін болды. Мысалы, 1 т күкірт қышқылын өндіргенде күкіртпен 5 МДж жылу жұмсалынады, 1 т күкірт қышқылын өндіруге 100 кв∙ С немесе 0,36 МДж жылу жұмсалынады, яғни бар жоғары химиялық процестер нәтижесінде бөлінетін жылудың 7% - ы.

Қазақстандағы кен орындары
Уран алдағы 100 жылдықта заманауи атом энергетикасындағы ядролық отынның шикізаттық негізі болып қала береді. Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған - бұл шамамен 1,5 млн. тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы) және Іле.

Шу-Сарысу уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Жалпы қорлар мен ресурстар бүкіл Қазақстан қоры мен ресурстарының 54 % құрайды. Қазіргі таңда Уанас, Мыңқұдық, Қанжуған және Мойынқұм кен орындарында уран өндіру жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен жүргізілуде.

Сырдария уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Пайдалы қазбалар қоры
Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Түсті металлургияның салалық құрамы
Қазақстан Республикасының химиялық өндірістері
Жер қоймасы және әр түрлі мемлекеттердегі қазба байлықтар тобы
Қазақстандағы отын энергетикалық ресурстар мен пайдалы қазбалар көрсеткіштері және олардың қоры
Халық шаруашылығы салаларының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Пәндер