Мұхтар шаханов, ақын, қоғам қайраткері: ұлттық мүддесі жоқтар қазақ емес



азаматтар және кейбір тәуелсіз партия мүшелері кезекті маусымның риясыз «күресін» бастап кетті. Ақын Мұхтар Шахановтың екпіні өткен жылдағыдай бәсең болмауы керек сияқты. Өйткені еліміздің ішкі-сыртқы мәселесі былтырғыдан көп және күрделі.

- Мұхтар аға, жүректің емі - тыныштық қой. Бірақ сіздің жүрек ұлт үшін еш маза таппайды. Денсаулығыңыз қалай?
- Қазіргі кезең бей-жай жүретін, өзінің жеке басының мүддесін ғана көздейтін кезең емес. «Кімде-кім осындай кезеңде ұлтының халіне жаны ашымаса, ол азамат емес және қазақ емес» деген қатаң да әділ ұстаныммен келе жатқандықтан, жүрегіме салмақ түссе, ол заңдылық емес пе?
Өткен жылы Түркия мемлекетінде жан-жақты клиникалық тексерулерден өткізген дәрігерім қанымның жиі қоюланатынын анықтады. Оған қоса, қан тамырларымның төртеуі тарылып, бітелуге жақын қалған екен. Төрт сақина саламыз деп еді, соның екеуін салдыруға ғана қаржым жетті. Бірақ, Құдайға шүкір, әзірше жүріп жатырмыз...
- Күз - науқан. Саясат үшін де бұл маусымның мазасыздығы - өз алдына үлкен әңгіме. Алматы қаласының әкімі Есімовке «Мемлекеттік тілді қолдау» акциясын өткізу туралы өтініш хат жазыпсыздар. Бұл мәселе қалай шешілді?
- Былтырғы жылғы іс-шара барысында әкімдік өзі рұқсат бергенімен, халықтың назарын басқа жаққа бұрып әкету үшін, дәл сол күні бізбен жағаластырып, қала күнін мерекелеуді жоспарлапты. Бұрын қала күні қыркүйектің алғашқы сенбісінде өтетін. Дегенмен 3000 орындық Республика сара¬йына 4500 адам жиналып, үштен бірі басынан аяғына дейін түрегеп тұрды. Ал егер биліктің рұқсатынсыз алаңға шықсақ, Елбасының өзі түгіл, ағайын-туған¬дары туралы сын аузымыздан шығып кетсе, темір тордың арғы жағында 18 жыл тегін тамақ ішіп қай¬туымыз әбден мүмкін.
Биыл Республика сарайы жөндеуде болған¬дықтан, қалалық әкімдік тарапынан рұқсат С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің Конгресс-холына берілді. Оған шамамен 1,5 мың адам сыяды, бұған қоса кішігірім алаңы да бар екен. Биліктің бізге берген рұқсаты - осы.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар ШАХАНОВ, ақын, қоғам қайраткері: Ұлттық мүддесі жоқтар қазақ емес

Дата: 16.09.2010 в 11:43 · Категория: Без категории

Мұхтар Шаханов бастаған ұлт жанашырлары мен тәуелсіздік үшін күресіп жүрген жеке азаматтар және кейбір тәуелсіз партия мүшелері кезекті маусымның риясыз күресін бастап кетті. Ақын Мұхтар Шахановтың екпіні өткен жылдағыдай бәсең болмауы керек сияқты. Өйткені еліміздің ішкі-сыртқы мәселесі былтырғыдан көп және күрделі.

- Мұхтар аға, жүректің емі - тыныштық қой. Бірақ сіздің жүрек ұлт үшін еш маза таппайды. Денсаулығыңыз қалай?
- Қазіргі кезең бей-жай жүретін, өзінің жеке басының мүддесін ғана көздейтін кезең емес. Кімде-кім осындай кезеңде ұлтының халіне жаны ашымаса, ол азамат емес және қазақ емес деген қатаң да әділ ұстаныммен келе жатқандықтан, жүрегіме салмақ түссе, ол заңдылық емес пе?
Өткен жылы Түркия мемлекетінде жан-жақты клиникалық тексерулерден өткізген дәрігерім қанымның жиі қоюланатынын анықтады. Оған қоса, қан тамырларымның төртеуі тарылып, бітелуге жақын қалған екен. Төрт сақина саламыз деп еді, соның екеуін салдыруға ғана қаржым жетті. Бірақ, Құдайға шүкір, әзірше жүріп жатырмыз...
- Күз - науқан. Саясат үшін де бұл маусымның мазасыздығы - өз алдына үлкен әңгіме. Алматы қаласының әкімі Есімовке Мемлекеттік тілді қолдау акциясын өткізу туралы өтініш хат жазыпсыздар. Бұл мәселе қалай шешілді?
- Былтырғы жылғы іс-шара барысында әкімдік өзі рұқсат бергенімен, халықтың назарын басқа жаққа бұрып әкету үшін, дәл сол күні бізбен жағаластырып, қала күнін мерекелеуді жоспарлапты. Бұрын қала күні қыркүйектің алғашқы сенбісінде өтетін. Дегенмен 3000 орындық Республика сара - йына 4500 адам жиналып, үштен бірі басынан аяғына дейін түрегеп тұрды. Ал егер биліктің рұқсатынсыз алаңға шықсақ, Елбасының өзі түгіл, ағайын-туған - дары туралы сын аузымыздан шығып кетсе, темір тордың арғы жағында 18 жыл тегін тамақ ішіп қай - туымыз әбден мүмкін.
Биыл Республика сарайы жөндеуде болған - дықтан, қалалық әкімдік тарапынан рұқсат С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің Конгресс-холына берілді. Оған шамамен 1,5 мың адам сыяды, бұған қоса кішігірім алаңы да бар екен. Биліктің бізге берген рұқсаты - осы.
- Тіл туралы жасалған 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама баспасөзде жарияланды. Бағдарламаның көңіліңіз толмай жүрген кемшілігін бір-бірден атап, оқырманға жіпке тізгендей етіп түсіндіріп бере аласыз ба?
- Бұл бағдарламаның, өз кезегінде, шалағай, бұлыңғыр тұстары да жоқ емес. Жобаның бірыңғай биліктің пікірі мен уәжіне құрылғандығы көзге ұрып тұр. Мысалы, бағдарламаны іске асырушы мемле - кеттік органдардың нақты міндеттері айқындалмаған.
Бағдарлама мақсаты деген бөлімінде мақсат - тан гөрі, бағдарлама афоризмдері деген атауға көбірек келетін: біріншіден, мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің негізгі факторы. Екіншіден, дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың күш-қуаты, - деген сияқ - ты байламдар орын алған.
Бағдарламаның тағы бір басы ашылмаған тұсы - Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету деп жазылған міндеті. Біздің заңнамалық түсінігімізде Қазақстан халқының тілі деген ұғым жоқ, оның орнына мемлекеттік тіл және этностық тіл деген ұғым бар. Сол себепті аталмыш міндет Қазақ - стандағы этностық тілдерді сақтауға мемлекет тарапынан қолдау болып түзетілуі керек.
Енді бағдарламаның мақсатты индикаторына келейік. Егерде орыстілді мектептерде қазақ тілі пән ретінде ғана санаулы сағатпен он жыл бойы оқы - тылса, оның нәтижесі мемлекеттік талап - қа жатқызылмастан, ҰБТ нәти - жесін жоғары оқу орындарының талабына айналдырмай, билік Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 100 пайызға дейін қалай жеткізетіні түсініксіз.
Мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке таратудағы шаралар жүйесі де аздық етеді. Мемлекеттік тілде сөйлеушінің кемел бейнесін қалып - тастыру үшін телешоулар ұйымдастыру, фильмдер мен клиптер, БАҚ құрал - дарын қолдау аздық етеді. Ғылым мен техника, коммерция және тұтыным, дип - ломатия, жарнама т.б. салалардағы қазақ тілінің қолданысына да арнайы тоқталып, мақсат-міндет қою керек еді.
Осы сияқты кемшіліктерді саралап, қанша талдасақ та биліктің мемлекеттік тілді дамытуға ықыласы жоқ екені сезіледі. Президент Ақордасындағы аппараттық жиналыстардың бәрі тек орыс тілінде өтетіні қалай? Мемлекеттік тілге билік осылай қараса, өзгелерге не жорық?
- Жұрт арасында сіз бастаған тәуелсіздік үшін күресіп жатқан азаматтарға қарсы айтылып жүрген сыни пікір көп. Яғни биліктің ешқашан жеңілмейтіні жөнінде алуан түрлі әңгіме бар. Сіздіңше, бұл жөні дұрыс сөз бе немесе биылғы еңбектеріңіз өткен жылғыдан қалай болуы мүмкін?
- Өткен жылы үкімет билігі бүкіл Қазақстан республикасының халқын өзінің негізгі бастауын американдық ұлттан алатын қазақстандық ұлт жасауға талпынды. Бұл шараны ерекше асығыстықпен орындағысы келді. Барлық ұлттан бір ұлт жасайтын бұл идея басын көтерсе, тек қазақтар ғана емес, еліміздегі әрбір ұлт өкілі ұлттығын жоғалтар еді. Мен қазақпын, мен ұйғырмын, мен кәріспін деп жазу тұрмақ, ол туралы айтуға болмайтын кезге жол ашылар еді. Алды орыстандырудан басталған көш соңы ағылшын - дандыру, яғни тұтас жаһан - дану - мен барып аяқталар еді. Билік тарапынан жоспарланған бұл төңкеріс - біле білген адамға әрбір ұлттың ұлттығына төнген зор қауіп еді. Дәл осы тұста бұл шараға қарсы мен аштық жарияламақшы болдым. Демокра - тиялық, оппозициялық, патриоттық партиялар мен жастар ұйымдары, зиялы қауым өкілдері, белгілі өнер, білім, ғылым қайраткер - лері, атап айтсақ: А.Әшімов, М.Мырзахметов, Д.Исабеков, Ғ.Қабышев, С.Сматай, Н.Нүсіпжанов т.б. және республика аумағының түкпір-түкпірінен 4 мыңнан астам адам бізбен бірге аштық жариялауға дайын екендіктерін білдірді. Осындай жал - пылық сипат ала бастаған толқулардан тізгінін тартқан билік ұлт мүддесі жолында ортақ келісімге келуді ұсынды.
Талқы кезінде доктринадағы қазақ - стандық ұлт идеясын түбірімен алдыртып тастадық. Және Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті деген сөйлем ендірдік. Бұл бәріміздің рухани жеңісіміз еді. Доктринаға Президент қол қойды. Бірақ 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту бағ - дарламасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі
Қазақ поэзиясының адамгершілік, ізгілік дамытудағы рөлі
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дипломалды іс-тәжірибе есебі
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Пәндер