Стратиграфиялық бағана құру. Геологиялық картадағы шартты белгілер. Геологиялық қима


Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Стратиграфиялық бағана құру

2. Геологиялық картадағы шартты белгілер

3. Геологиялық қима

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Стартиграфиялық бағана құру

Карта жер бетінің және жер қыртысының жоғарғы бөлігінің құрылысын көрсетеді. Ол топографиялық негізде жер бетіне шыққан таужыныстардың жасын, құрамын және жатыс жағдайларын шартты белгілер көмегімен бейнелеу арқылы құрастырылады.

Геологиялық картадағы шартты белгілер.

Таужыныстарды жасы, құрамы және жаралуы бойынша сипаттау үшін әр

түрлі шартты белгілер: түс, штрих, әріп және сан қолданылады (1-сурет) .

Түс белгілермен халықаралық стандартқа сәйкес шөгінді, стратиформдық вулканогендік және метаморфогендік таужыныстардың жасы көрсетіледі (1-кесте) . Әр жүйе үшін өзіндік түс қабылданған, ал оның бөлімдері тиісінше сол түспен, бірақ төменгі бөлімі қоюлау реңге, ортаңғысы - орташа және жоғарғысы - ашық реңге боялады. Түстермен сондай-ақ магмалық таужыныстарының құрамын бейнелейді. (мысалы, қышқылды құрамды - ашық-қызыл түс, негізді - ашық-жасыл, аса негізді - ашық-күлгін, сілтілі- ашық-сарғыш) .

1-кесте

Стратиграфиялық кестенің индекстері мен түстері

Жүйе, акротема

Стратиграфиялық

индекс

Түсі
Жүйе, акротема:

Төрттік

Неоген

Палеоген

Бор

Юра

Триас

Пермь

Тас көмір

Девон

Силур

Ордовик

Кембрий

Протерозой акротемасы

Архей акротемасы

Стратиграфиялықиндекс:

Q

N

Р (E)

К

J

Т

Р

С

D

S

О

Є (ε)

РR

АR

Түсі:

Ашық, көкшіл-сұр

Лимон-сары

Сарғыш-жирен

Жасыл

Көк

Күлгін

Ашық-қоңыр

Сұр

Қоңыр

Сұрғылт-жасыл

Қанық жасыл

Көк-жасыл

Қызғылт

Қанық қызғылт

Штрих белгілер (краптар) - нүкте, сызықша түрінде әр түрлі қалыңдықта және үшбұрыш, дөңгелек, крест, т. б. - әр қилы жаралымды таужыныстардың заттық құрамын бейнелейді. Таужыныстардың негізгі литологиялық және петрографиялық типтері жай белгілермен, таужыныстарының аралық құрамы - осы белгілердің әр түрлі қосылыстармен не олардың күрделі пішіндерімен көрсетіледі. Бір түсті карталарда штрих белгілермен сонымен қатар таужыныстардың жасы да белгіленеді.

Штрих шартты белгілер геологиялық карталарда, стратиграфиялық

бағаналарда және геологиялық қималарда да қолданылады.

1-сурет. Штрих шартты белгілер

Әріптік және сандық белгілер (индекстер) таужыныстардың жаралуын және жасын көрсету үшін қолданылады. Грек алфавитінің әріптерімен сонымен қатар интрузиялық және кейбір вулканогендік таужыныстардың құрамы белгіленеді (мысалы, қышқылды - γ, орташа - δ, сілтілі - ξ, негізді - υ , аса негізді - σ ) .

Индекс шөгінді, вулканогендік және метаморфтық таужыныстарын

белгілеу үшін латын алфавитінің бас және кіші әріптерімен және сандарымен

құрастырылады. Мысалы, К1а13 шартты жазуында белгіленгендер: К - бор

жүйесінің индексі; 1 - төменгі бөлімі; а1 - альба ярусының индексі; 3 - ярустың жоғарғы бөлімі. Әріптік белгілер қажет кезінде комплекстерді, серияларды, свиталарды, сонымен қатар кейбір шөгінді, вулканогендік және басқа жаралымдардың генезисін сипаттауда қолданылады.

Тысмасштабты (сызықтық) белгілермен картада берілген масштабта көрсетіле алмайтын ұсақ горизонттар (қабаттар), силлдер, дайкалар, желілер, геологиялық шекаралар, жарықшақтар, бұзылыстар, таужыныстардың жатыс жағдайлары, қатпарлардың шарнирлері, бағыттар, палеонтологиялық

табылымдар, геологиялық үңгімелер таңбаланады.

Магмалық таужыныстардың заттық құрамын белгілеу үшін грек

алфавитінің әріптері және тиісті түстер қолданылады (2-кесте) .

2 кесте

Магмалық таужыныстардың шартты белгілері

Таужыныстар
Құрамы
Индексі
Түсі
Таужыныстар: Интрузиялық
Құрамы:

Гранит

Сиенит

Диорит

Габбро Перидотит

Индексі:

γ (кіші гамма)

ξ (кіші кси )

δ (кіші дельта)

ν (кіші ню)

σ (кіші сигма)

Түсі:

Қызыл

Сарғыш жирен

Қызғылт

Қою-жасыл

Күлгін

Таужыныстар: Эффузиялық
Құрамы:

Қышқылды Орташа және

негізді

Индексі:

λ (лямбда)

α (альфа)

β (бета)

Түсі:

Сарғыш жирен

Ашық-жасыл

Магмалық таужыныстардың жасын көрсету үшін олардың құрамы белгіленген индексінің қатарына жасын көрсететін индекс қойылады, мысалы: γD3 - жоғарғы девон граниті, βN2 - жасы плиоцен (жоғарғы неоген) базальты.

Шөгінді таужыныстардың жаралуын белгілеу үшін кіші латын әріптері

қолданылады: m - теңіздік; g - мұздықтық; a - аллювийлік, т. б. Бұл әріптер

жүйе индексінің алдына жазылады, мысалы aQ - аллювийлік төрттік

түзілімдері.

Геологиялық қима геологиялық картадағы белгілі бір

сызық бойынша жер қыртысының тік бағыттағы құрылысын көрсетеді.

Қималар негізгі құрылымдық пішіндердің созылымын көлденең қиып өтеді.

Геологиялық қималар геологиялық карталар бойынша немесе геологиялық-

барлау ұңғымалар, геофизикалық материалдар деректері бойынша жасалады.

Картаның рамкасының төменгі жағында немесе жанында (субмеридионал қима үшін) геологиялық құрылысы және фациялық өзгергіштігі бойынша 1-2 қима құрастырылады.

Геологиялық қиманың бағыты аймақтың құрылысы туралы ақпарат толық

болған жағдайға сәйкес таңдап алынады. Қималар карта бетіндегі барлық

аймақты қиып өтуі қажет. Күрделі құрылым кезінде қиманы үзілген сызықтар бойынша немесе тек таңдап алынған шектелген бөлікшесінде фрагмент түріндегі қималар тұрғызылады.

Геологиялық картада геологиялық қима карта бетінің барлық жерінен

карта жақтауының басынан келесі жақтауының аяғына дейін өтетін жіңішке

қара сызық түрінде бейнеленеді немесе фрагментті қима шеткі нүктелер

аралығында тұрғызылады. Қима сызығының иілу нүктесі беттің жақтауымен

бірге (немесе фрагментті қималардың шеткі нүктелерінде) және иілім

нүктелерінде әліпбидің бас әріптерімен оң жақта төменгі жағында сандық

индекстермен белгіленеді, сондықтан әрбір қима бір әріппен белгіленеді.

Мысалы, бір қима А1-А2-А3, басқасы - Б1-Б2-Б3 және т. б.

Меридиан бағытындағы және шығысқа қарай жантайған қималар олардың

сол жағында оңтүстік орналасатындай, ал қалғандары олардың сол жағында

батыс болатындай орналасады.

Әрбір қимада мыналар көрсетілуі қажет:

• жергілікті жердің гипсометриялық профилі;

• теңіз деңгейінің сызығы (биік таулы аудандарды қоспағанда) ;

• екі жақ шетіндегі тік масштабық шкаласы әр 1 см сайын белгіленеді және

масштабына сәйкес жазылған мәні;

• қиманы картаға байланыстыратын әріптік белгілер.

Биіктік шкаласы картада көрсетілген қима бойындағы геологиялық

жаралымдарды қамтуы қажет.

Қима сызығы өтетін географиялық бағдарлар (өзендер, көлдер, таулардың

шыңы) гипсометриялық сызықтар үстінде белгілермен көрсетіледі және

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық карта
Көмір кен орындарды геометризациялау
Актас ауданының геологиялық құрылысы мен геологиялық даму тарихы
Геологиялық карталарды құруда компьютерлік технологияларды қолдану
Ұңғымалардың бұрғылау материалдарының геологиялық өңдеу әдістері
Солтүстік Үстірттің геологиялық даму тарихын, геологиялық құрылымын зерттеу және пермь-триас кешендерінде мұнай және газ шоғырларын табу
Геология –жер туралы ғылым
Геология оқу - әдістемелік кешен
Ұңғы бұрғылау
Қабат қалыңдығы 100 метр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz