Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары



Кіріспе
І. Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлыбританияның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы (1940.1944 жж.
1.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі саласындағы негізгі реформалар.
1.3. Еуропалық Одақтың әлеуметтік саясат мәселесіне қатысты британ үкіметінің ұстанымдары.

II. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және білім, денсаулық, тұрғын.үй, әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақымен қамсыздандыру т.б. салаларда жүргізген реформалары (1979.1990 жж.).

2.1. 70.жылдардағы британ неоконсерватизмі теориясындағы әлеуметтік реформалаудың мәселелері. 1979 жылғы сайлаудағы жеңіс.

2.2. М. Тэтчердің консервативтік үкіметінің билік кезеңіндегі білім жүйесін реформалауы. Денсаулық мәселесін шешудегі консервативтік тәсілдер.

2.3. М. Тэтчер үкіметінің тұрғын.үй саясаты, әлеуметтік қамсыздандыру құрылысын қаржыландыру мен жәрдем мәселесіндегі реформалары (1979.1990 жж.).
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Көптеген онжылдықтардың нәтижесінде Ұлыбританияның консервативтік партисы айналада жылдам өзгеріп жатқан экономикалық және әлеуметтік үрдістерге бейімделе алатын өзінің классикалық үлгісін танытты. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде жетекші екіпартияның бірі ретінде тұрақты түрде орнын сақтап қала алды. Соңғы 130 жыл көлемінде консерваторлар билік басында сегіз онжылдықты өткізіп, осы уақыт шеңберінде сайлаушылардың үштен бірінен кем алмады. Осы себепті де консерваторларды Ұлыбританияның түрлі қоғамдық топтарының өкілдері тұрақты түрде қолдау білдіріп отырды. Британ консерваторлары өз маңайларына интеллигенция өкілдерін, бизнесмендерді, фермерлерді, жұмысшыларды топтастыра білді. Бұл бағытта британ консерватизмінің феномені ретінде тарихшылар мен философ, саясаттанушыларды Маргарет Тэтчердің билік құрған жылдарындағы консервативтік үкімет немесе «Тэтчер онжылдығы» уақыт шеңбері аса қызықтыратындығы сөзссіз.
Өйткені бұл кезең, ел экономикасы мен әлеуметтік-саяси жаағдайының шұғыл өзгеруімен, сыртқы елдердің бағалағанындай британ қоғамының эволюциялық дамуымен тұспа-тұс келген болатын. Осы кезеңге байланысты, бірнеше теріс немесе оң пікірлер қабылданғанына қарамастан, тарихтың куә болғанындай елде дамудың жаңа сатысы басталғаны күмән туғызбайды.
Осы тұста, М. Тэтчерді қазіргі британ консерватизмінің дара негізін салушы деп айтуға келмейді, дегенмен оның консервативтік принцптерге қосқан саяси мұрасын еш теріске шығара алмаймыз. Қазіргі консерваторлардың ішкі және сыртқы саясат бағдары тұрғысында М. Тэтчердің мол тәжірбиесінен сырт айналып келе алмайтындығы шындық. Бұл тұрғыда, оның билік басында болған жылдары жүргізген әлеуметтік мәселедегі саяси қадамдары ерекше сипатқа ие. Тэтчерлік консерватизм бағыты, көптеген мемлекеттерде консерватизмнің жаңа белгілерінің пайда болуына ықпал етті.
Осыған байланысты тарихшылардың назарын аударуды талап ететін мәселе ол – 80-жылдары әлеуметтік салада жүргізілген консервативтік реформа. ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бетбұрыс жасаушы көптеген елдер Ұлыбританияның осы кезеңінен шешуші сабақтар қабылдады. Оның ішінде Ресейді де атауға болады. Жабайы капитализмнен бас тартып анағұрлым әлеуметтік тұрғыда бағдарланған нарықтық экономикаға көшуде, британдық ескі партия тәсілдеріне жүгінуге көшті. Осы ретте Қазақстанның да әлеуметтік тұрғыдағы мәселлерде консервативтік саясаттың элементтерін байқайтындығымыз анық.
Осындай қозғаушы күшке ие партия мен оның жетекшілерінің әрекеттерін зерттеуге бүгінгі таңда тарихшылар аз қызығушылық танытпайды. Консервативтік паритяның елдің ішкі саясатында жүргізген бағдарларына талдау жасағанымызда оның қоғамдық талаптарға жауап бере алатын базалық құндылықтарға ие екендігіне көз жеткіземіз. Мемлекеттің оң жолда бағыт алуына жол сілтейтін әмбебап әдіс-тәсілдерді ұсына алатын жетекші ұйым ретінде таныла білді. Оның басты көріністерінің бірі Маргарет Тэтчердің билік басына шығу қарсаңында да байқалды.
Тэтчер үкіметі елдің келесі онжылдықтардағы саяси-әлеуметтік дамуына оң ықпал еткен базалық құрылым жасауға себепші болды. Оған басты себептердің бірі партияның осы сферада алған, өңдеген бағдарларының терең идеялық-теориялық, тәжірбиелік негізінде жатыр еді. Консервативтік үкімет бірбағытты емес, көпбағытқа жұмыла алатын басшылық екендігін дәлелдеді.
Мақсаты: Консервативтік үкіметтің біздің хронологиялық шеңберде қамтылған кезеңде атқарған саяси-әлеуметтік реформаларының жалпы мәнін айқындауға қол жеткізу және ол бойынша М. Тэтчердің өзіндік әрекеттерінің рөлін нақты көрсету болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада жүргізілген бағыт-бағдарлардың елдің ішкі және сыртқы саясатына тигізген ықпалдарының аспектілерін тұжырымдау.
1. К.Т. Жумагулов. «Проблемы изучения всемирной истории в Республике Казахстан». Вестник КазГУ им. Аль-Фараби. 2001.
2. Маргарет Тэтчер: человек и политик. М., Прогресс 1991.
3. Великобритания. Под ред., М., «Наука» 1992.
4. Социальное обеспечение в странах Запада. США, Канада и Великобритания. М., «Эра». 1995.
5. Воропаева О. Маргарет Тэтчер (Жизнь знаменитых людей). – Мн.: ООО «Кузьма», 1998.
6. Ларин В. Лондонский дневник. – М.: Политиздат, 1983.
7. Мәшімбаев С.М. «Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» 1945-200. Алматы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ 2005.
8. Гаджиев К.С. Современный консерватизм. – М.: Наука, 1992.
9. Мировая экономика. Экономика зарубежных стран: Учеб/ Под ред. В.П. Колесова, М.Н. Осьмовой – М, 2001
10. Делор Ж. Развитие Европейского Сообщества и будущее Европы // Европейское Сообщество в преддверии создания единого внутреннего рынка: Реф.сб. / Ж. Делор, отв.ред. и ред.-сост. Ю.А. Борко; РАН ИНИОН.-М., 1992.-4.1.- 29-30 б.
11. Договор о Европейском Союзе // Единый Европейский акт. Договор о Европейском Союзе. Малая библиотека Европейского Союза на русском языке. Документы Европейского Союза / под ред. Ю.А. Борко-М., 1994. Т. 2- 45-176 б.
12. Единый Европейский акт. Договор о Европейском Союзе. Малая библиотека Европейского Союза на русском языке. Документы Европейского Союза / под ред. Ю.А. Борко- М.: Междунар. издательская группа «Право», 1994. -Т.2. 7-40 б.
13. Хартия основных социальных прав трудящихся // Социальная политика. Малая библиотека Европейского Союза на русском языке / под ред. Ю.А. Борко-М., 1996. С.30-72.
14. Бурнашёв И.Л. Британия член Европейского Союза / И.Л. Бурнашёв — Алматы, 2004. – 55б.
15. Гаджиев К.С. Консерватизм: современные инерпритации / К.С. Гаджиев- М.: ИНИОН. 1990. 50б.
16. Гасратян К.М. В Великобритании подъём . продолжается // Мировая экономика и международные отношения. — 1996. №3. - С.73-77.
17. Головчанов С.С. Политика неоконсерватизма и её социальные последствия / С.С. Головчанов. -М.: Наука, 1988. 498 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
І. Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлыбританияның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы (1940-1944 жж.
1.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі саласындағы негізгі реформалар.
1.3. Еуропалық Одақтың әлеуметтік саясат мәселесіне қатысты британ үкіметінің ұстанымдары.

II. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және білім, денсаулық, тұрғын-үй, әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақымен қамсыздандыру т.б. салаларда жүргізген реформалары (1979 - 1990 жж.).

2.1. 70-жылдардағы британ неоконсерватизмі теориясындағы әлеуметтік реформалаудың мәселелері. 1979 жылғы сайлаудағы жеңіс.

2.2. М. Тэтчердің консервативтік үкіметінің билік кезеңіндегі білім жүйесін реформалауы. Денсаулық мәселесін шешудегі консервативтік тәсілдер.

2.3. М. Тэтчер үкіметінің тұрғын-үй саясаты, әлеуметтік қамсыздандыру құрылысын қаржыландыру мен жәрдем мәселесіндегі реформалары (1979-1990 жж.).

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі: Көптеген онжылдықтардың нәтижесінде Ұлыбританияның консервативтік партисы айналада жылдам өзгеріп жатқан экономикалық және әлеуметтік үрдістерге бейімделе алатын өзінің классикалық үлгісін танытты. Елдің қоғамдық-саяси өмірінде жетекші екіпартияның бірі ретінде тұрақты түрде орнын сақтап қала алды. Соңғы 130 жыл көлемінде консерваторлар билік басында сегіз онжылдықты өткізіп, осы уақыт шеңберінде сайлаушылардың үштен бірінен кем алмады. Осы себепті де консерваторларды Ұлыбританияның түрлі қоғамдық топтарының өкілдері тұрақты түрде қолдау білдіріп отырды. Британ консерваторлары өз маңайларына интеллигенция өкілдерін, бизнесмендерді, фермерлерді, жұмысшыларды топтастыра білді. Бұл бағытта британ консерватизмінің феномені ретінде тарихшылар мен философ, саясаттанушыларды Маргарет Тэтчердің билік құрған жылдарындағы консервативтік үкімет немесе Тэтчер онжылдығы уақыт шеңбері аса қызықтыратындығы сөзссіз.
Өйткені бұл кезең, ел экономикасы мен әлеуметтік-саяси жаағдайының шұғыл өзгеруімен, сыртқы елдердің бағалағанындай британ қоғамының эволюциялық дамуымен тұспа-тұс келген болатын. Осы кезеңге байланысты, бірнеше теріс немесе оң пікірлер қабылданғанына қарамастан, тарихтың куә болғанындай елде дамудың жаңа сатысы басталғаны күмән туғызбайды.
Осы тұста, М. Тэтчерді қазіргі британ консерватизмінің дара негізін салушы деп айтуға келмейді, дегенмен оның консервативтік принцптерге қосқан саяси мұрасын еш теріске шығара алмаймыз. Қазіргі консерваторлардың ішкі және сыртқы саясат бағдары тұрғысында М. Тэтчердің мол тәжірбиесінен сырт айналып келе алмайтындығы шындық. Бұл тұрғыда, оның билік басында болған жылдары жүргізген әлеуметтік мәселедегі саяси қадамдары ерекше сипатқа ие. Тэтчерлік консерватизм бағыты, көптеген мемлекеттерде консерватизмнің жаңа белгілерінің пайда болуына ықпал етті.
Осыған байланысты тарихшылардың назарын аударуды талап ететін мәселе ол - 80-жылдары әлеуметтік салада жүргізілген консервативтік реформа. ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бетбұрыс жасаушы көптеген елдер Ұлыбританияның осы кезеңінен шешуші сабақтар қабылдады. Оның ішінде Ресейді де атауға болады. Жабайы капитализмнен бас тартып анағұрлым әлеуметтік тұрғыда бағдарланған нарықтық экономикаға көшуде, британдық ескі партия тәсілдеріне жүгінуге көшті. Осы ретте Қазақстанның да әлеуметтік тұрғыдағы мәселлерде консервативтік саясаттың элементтерін байқайтындығымыз анық.
Осындай қозғаушы күшке ие партия мен оның жетекшілерінің әрекеттерін зерттеуге бүгінгі таңда тарихшылар аз қызығушылық танытпайды. Консервативтік паритяның елдің ішкі саясатында жүргізген бағдарларына талдау жасағанымызда оның қоғамдық талаптарға жауап бере алатын базалық құндылықтарға ие екендігіне көз жеткіземіз. Мемлекеттің оң жолда бағыт алуына жол сілтейтін әмбебап әдіс-тәсілдерді ұсына алатын жетекші ұйым ретінде таныла білді. Оның басты көріністерінің бірі Маргарет Тэтчердің билік басына шығу қарсаңында да байқалды.
Тэтчер үкіметі елдің келесі онжылдықтардағы саяси-әлеуметтік дамуына оң ықпал еткен базалық құрылым жасауға себепші болды. Оған басты себептердің бірі партияның осы сферада алған, өңдеген бағдарларының терең идеялық-теориялық, тәжірбиелік негізінде жатыр еді. Консервативтік үкімет бірбағытты емес, көпбағытқа жұмыла алатын басшылық екендігін дәлелдеді.
Мақсаты: Консервативтік үкіметтің біздің хронологиялық шеңберде қамтылған кезеңде атқарған саяси-әлеуметтік реформаларының жалпы мәнін айқындауға қол жеткізу және ол бойынша М. Тэтчердің өзіндік әрекеттерінің рөлін нақты көрсету болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада жүргізілген бағыт-бағдарлардың елдің ішкі және сыртқы саясатына тигізген ықпалдарының аспектілерін тұжырымдау.
Міндеттері: Біздің жұмысымыздың басты міндеттері ретінде төмендегідей аспектілерді атап көрсетеміз:
-Ұлыбританияның өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы қоғамдық-саяси жағдайы және ол бойынша Маргарет Тэтчер қайраткерлігі танылған консервативтік партияның жүргізген реформаларының нәтижелері мен ықпал өрісі;
-елдегі білім, денсаулық, әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғын-үй т.б. маңызды мәселелерді шешу жолындағы партиялар арасындағы күрес;
-ХХ ғасырдың 80-ы жылдарындағы әлеуметтік реформалардың нәтижесіндегі қоғамдық қозғалыстардың күшею салдары;
Нысаны: Маргарет Тэтчер және оның мемлекеттік істерді жүргізудегі қайраткерлік рөлін белгілі бір саладағы басымдықтарымен атап көрсету. Ұлыбританияның әлеуметтік-саяси жағдайы және оның біздің тақырыбымыздан бұрнағы жылдардағы реформалар желісімен байланыс қырлары.
Методологиялық негізі: Жұмыстың методологиялық сипатын айқындайтын негізгі әдістердің бірі пәнаралық әдіс болып табылады. Себебі, сол кезеңдердегі Ұлыбританияның саяси жағдайы мен халықаралық мәртебесіне тоқаталмай, аспектілерін зерделемей жұмысымыздың басты бағдарына қол жеткізе алмаймыз. Біріншіден, болып жатқан құблыстардың алдын-ала кешенін құру үшін, социология мен экономика ғылымдарының әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, нақты мәселелерді зерттеуде саясаттану ғылымын жұмысымызға қатыстыруға тура келеді. Үшіншіден, Ұлыбританиядағы консервативтік паритяның тарихына үңілгенімізде фактологиямен жұмыс жасамай тарих ғылымында белгілі бір нәтижеге жету қиын іс екендігін жақсы білеміз. Жұмысты сан қырлы зерттеу барысында тарихи санаға жүгіне отырып, фунционалдық талдау әдісінің мазмұнына негізгі басымдық береміз. Экономика ғылымындағы болжалдау әдісіне дже кең түрде тоқталып, жұмысымыздағы әлеуметтік реформалардың экономика ғылымы саласында қаншалықты тиімді жүргізілгендігіне көз жеткіземіз. Жұмыс жүргізу барысында еліміздегі және шетелдік зертетушілер мен мемуаршылардың зерттеу еңбектеріне тоқталып өттік. Бұл мәселелер тұрғысында қоспартия арасында жүріп өткен даулы мәселелердің түйінін шешу, ақ-қарасын ажырату проблематикалық сала бойынша аздаған қиыншылықтар туындатты. Мәселелерді қарастыру барысында, Ұлыбританиядағы жүргізілген білім-ғылым, денсаулық сақтау, жалақы мен ІЖӨ көрсеткіштерін айғақтайтын статистикалық мәліметтерге жеке-жеке тоқталып өту де маңызды орынға ие.
Ұлыбританияда XX ғасырдың 70-80 жж. Консервативтік партияның билікке келуі және оның басында әйел затының болуы елдің бұхаралық ақпарат құралдарында біршама екі көзқарасты қалыптастырды. Ол құбылыс шетелдік ақпарат қралдарында да жарыса жазылып жатты. Кеңес Одағындағы басылымдарда да позитивтік көзқарасы аз, кереғар пікірге басым мақалалар біршама жазылды. Осы мәліметтер шоғырын жұмысымызда кең қолдануға мүмкіндік ашылды. Деректанулқ әдістермен жұмыс жасауға ол бойынша газеттердің әлеуметтік тегін білу маңыздылығы пайда болды. Осы жұмыстарды атқаруда пәнаралық және салааралық әмбебап методологиялық кешен өз нәтижесіне жеткізді.
Зерттелу деңгейі: Жұмысмыздағы зерттеулердің түпнұсқалық негізі Ұлыбританияда жарық көруші басылымдар мен ондағы аналитиктер мен зерттеушілер пікіріне де тығыз байланысты. Ол бойынша апталық Таймс газетінің ақпарлары Ұлыбританиядағы сол кезеңдегі реформалардың бағыттарынан хабарлар беріп отырды. Кеңестік және бүгінгі таңдағы көптеген зертеушілер осы басылымның ақпарат көздеріне сүйенуге көп ықылас танытты. Басқа да басылымдардан Экономист, Дейли телеграф, Санди телеграф атты экономика және коммуникация саласындағы мемлекеттің жүргізуші әрекеттерін бағалаушы газеттердің де берер зерттеулік мағлұматтар зор болып табылады. Мемуарлық дерек көздері мен зерттеулерден 1993 жылы Маргарет Тэтчер ханымының өз авторлығымен шыққан мемуарлық еңбегінің маңызы үлкен мәнге ие. Өйткені осы еңбек консервативтік партияның аталған жылдары жүргізген реформаларының оң, терістігіне айтарлықтай обьективті талдаулар жасалынған. Осы еңбек тэтчертану тұрғысында негіз салып берді деуге болады[1-24].
Маргарет Тэтчердің портреті сол кездегі саяси жағдайларды тануға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан жүріп жатқан үрдістерді оның жеке адами қасиеттерімен салғастыру тэтчертану зерттеу саласының қарыштауына себепші болды. Газеттер мен саяси журналдар консервативтік партия жүргізген реформалардың бұхара арасында насихатталуы мен атақ-абыройының бекуіне негізгі тетік болды.
Біздің жұмысымыз британдық Экономист журналының интернеттегі сайттарынан шыққан мақалларына және оған сілтеме жасалынған зерттеулердің мәліметтеріне талдау жасай отырып бұл газеттің саяси жағдайларды бұлтартпастан дәлме-дәл беретіндігіне көз жеткізді.
Шетелдік зерттеу дерек көздерінен Кеңес Одағының Ұлыбританиядағы елшісі Л.М. Замятиннің Международная жизнь атты журналда жарияланған мақаласы назарды өзіне ерекше аударады [2-58]. Бұл мақалада Маргарет Тэтчердің билік абсында атқарған әрекеттерінің негізгі жетістікт ері мен біршама теріс әрекеттері де көрініс табады. Ол-тэтчеризмнің ел экономикасына әкелген жаңалықтарын, реформаларының нәтижелерін айырықша атап көрсетіп, Кеңес Одағында да қолданудың жобаларын негіздейді. 80-ы жылдары Ұлыбританияның сыртқы саясатын зерттеу күшейе түсті. Өйткені бұрынғы империализмдік сяасатының ұшқыныдыры көрініп қалған болатын. Сыртқы саясатпен қатар, елдің ішкі саясатын, идеологиялық қозғалысын, саяси партияларының құрылысын зерттеуге де ден қойылды.
Осы жолда А.М. Салминнің зерттеулері бірінші аталуы тиіс[3-194]. Өйткені ол ТМД кеңістігінен Тэтчер мен оның саяси қайраткерлігіне баға беруге ұмтылған алғашқы зерттеушілердің бірінен болатын. Автор барлық жағынан да Тэтчерге және оның әрекеттеріне оң баға беруді құптаған. Ол көзқарастарын дәлелдеуге де тұжырым жасай білген. Бірақ та Салминнің зерттеулерімен келісуге де болады, келіспеуге де болатын секілді. Тағы бір тұжырымды зерттеу С.П. Перегудованың редакциялық басшылығымен шыққан ұжымдық еңбек Политические сдвиги в странах Запада атты еңбегі болып табылады[2-45].
Ол зерттеуде батыс елдеріндегі 70-80-шы жылдарындағы саяси қозғалыстардың түпнегізідері мен экономикалық жаңартулардың мұқтаждықтарының барыстарын айқындауға көрініс тапқан. Еңбекте атап өтетін бір жайт ол-сол кезеңде батыс елдеріндегі биліктің басым бөлігі консервативтік париялардың қолында болғандығын анықтайды. Бұл құбылыстардың негіздерін көрсетіп, ішкі саяси күрестердің өзара жағдайын салыстыра отырып талдайды. Сондай-ақ, зерттеудің бір бөлігі Ұлыбританиядағы саяси күштердің арасалмағын зерттеуге, Маргарет Тэтчер билігі тұсындағы консервативтік паритяның бағдарламаларын саралауға ден береді.
Елдегі экономикалық өзгерістерді, тұрғын-үй мәселелерінің шешілулеріне қатысты бағдарларды талқылап көрсетті. Ұлыбританияның саяси-экономикалық тенденцияларының жүру жолдары Ю. Сагайдак, И. Стрижова, В. Овчинникова, А. Кривопалова т.б. еңбектерінде көрсетілген. Мысалға Сагайдак пен Овчинников консерваторлар партиясының саяси құрылысына ғана емес, елдегі жетекші партияларымен бірігіп қимылдаған реформаларының аспектілерін қарастырған болатын.
Кривопалов пен Стрижова болса консервоторлар партиясы билігінің соңғы қорытындылары мен Тэтчер кабинетінің басқару құрылымына назар аударған болатын. Алайда зерттеулер барысында кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Аталған зерттеушілер Ұлыбританиядағы қоспартиялық режимнің ерекшеліктеріне өзара күресу жолдарына баса назар аудара алмады. Кеңес Одағының құлауынан соң, Англиятану саласы біздің отандық ғылымда жаңа импульске ие болды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары зерттеулердің басым көпшілігі елдің ішкі саяси құбылыстарына, жетекші партиялардың әлеуметтік, зейнетақы, тұрғын-үй және инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған ұйымдастырушылық бағдарларына ерекше назар аудара бастады.
Ресейде де бірқатар толымды зертте еңбектері пайда бола бастады. Олардың ішінен В.И. Поповтың монографиялық зерттеуін атап көрсетеміз. Поповтың зерттеуі Тэтчердің билік басындағы саяси карьерасын тиянақты тұжырымдаған зерттеу кешендерінің бірі. Дегенмен де біршама үстемелеулер де жоқ емес. И.И. Явнованың Проблемы социального реформирования в политике консервативного правительства М.Тэтчер (1979 - 1990 гг.) атты кандидаттық диссертациясын қарастыра отырып, оның М. Тэтчердің жеке кездесуге ие болғандығына және жақсы қарым-қатынаста болып, жылы қабылдануына ие болғандықтан шынайылықтың элементтері өзгеріске ұшыраған деп баға береді.
Ірі көлемді зерттелердің бірі С.П. Перегудовтың еңбегі тарихнамалық тұрғыдан жазылғандықтан, салмақты маңыздылыққа ие болып табылады. С.П. Перегудов консерваторлардың денсаулық, тұрғын-үй, білім беру саласындағы реформалардың нәтижелеріне кең тоқталады. Сондай-ақ, осы бастамалардағы бірінші архитектор рөліне М. Тэтчердің атын береді. Неоконсерватизм ұғымына талдау жасап, оның Тэтчер есімімен тығыз үйлесімділігіне саралау жасайды. Отандық зерттеушілерден Н.Х. Абылхожиннің есімін атай аламыз. Ол Ұлыбританияның саяси басқаруының ерекшеліктеріне, партиялар арасындағы күрестің оң және теріс ықпалдарын талдап көрсете отырып, бірмақсатқа жұмылғандығына тоқталып өтеді. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторлары С.М. Мәшімбаевтің Батыс Еуропа мен Америка елдері XX ғасырдың 1945-2000 жж. атты монографиялық еңбегінде Ұлыбританияның ішкі саяси жағдайларына дәйекті тұжырымдар жасаған.
М. Тэтчердің басқару кезегі ағылшын тарихшыларының ең ауқымды зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, М. Тэтчердің өмірі мен саясаты жайында жазылған зерттеу жұмыстары көптеп жазылған Патрици Мюррейдің Маргарет Тэтчер еңбегі биографиялық жұмыстар ішінде ең таңдаулысы болып табылады. Еңбектік көп бөлігін Маргареттің өзінен және оның баласынан алынған тестер мен интервью құрайды. Сонымен бірге өзінің әріптестері мен саясаттанушылардың пікірлері де қамтылған. Жазушы партияның күнделікті қызметінде сипаттаған. Партия мүшелерінің корольдік отбасымен қарым- қатынасы жазылған. П. Мюррей еңбегінен кейін ағылшын тарихнамашылары П. Косгрейв, К. Огден, Л. Рассел, Х. Янг, А. Сломен Тэтчер жеке тұлғасына қатысты зерттеулер жүргізген. Осы тарихшылардың еңбектерінде Маргареттің билікке келуін қарастырған. Бірақ бұл зерттеулерде примьердің әлеуметтік реформаларды жүргізуі жазылмай,оның ішкі саясаттағы қызметі шетте қалып кетекн. Осы авторлардан басқа Р. Клейн, П. Уилдинг, Л. Брукс, А. Геймбл британ қоғамындағы әлеуметтік реформалардың жүргізілу барысын жазған.
Р. Блейк Консервативті партиясы Пильден Тэтчерге дейін, К. Миддлемас, Д. Каванах, Р. Дженкинс, Н. Ридлей, Эдгелл және Доук монографиялары, Д. Кларк, Р. Негрин, А. Холмс, Х. Батчер және т.б авторлар еңбегінде кездеседі. Тағы бір зерттеушіміз, Г.К. Көкебаеваның жекелей мақалалық зерттеулерінде Ұлыбританияның саяси қозғалыстарына, М. Тэтчердің тұлғалық рөліне кең тоқталып өткен. Бүгінгі таңдары, еліміздің ЖОО мен зерттеу институттарының қызметкерлері мен жеке ізденуші мен PhD докторанттарының, магистранттарының диссертациялық зерттеулерінде Ұлыбританияға қатысты кең көлемді зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұған ағылшын тілінің жоғары қарқында енгізілуі де өз ықпалын тигізуде. Сондықтан да бұл саланың зерттелу болашағы алдағы уақыттары да өз басымдығын жоғалтпайды деуге келісеміз.
Территориялық және хронологиялық ауқымы: Жұмыстың территоиялық шеңбері немесе ауқымына Ұлыбритания корольдігі қамтығын территориялар бірлігін жатқызамыз. Корольдіктің құрамындағы Англия, Уэльс, Шотландия және Солтүстік Ирландия атты тарихи аймақтарда жүргізілген денсаулық, білім, өнеркәсіп және т.б. әлеуметтік саладағы реформалардың барыстары қатыстырылады. Сонымен қатар, сыртқы жағдайға да көңіл бөлу аясында М. Тэтчердің визиттері жасалынған Кеңес Одағы, Батыс Еуропа және АҚШ елдерінің территориялық шеңбері де қамтылып, зерттеуімізге енгізілген.
Жұмыс өзінің хронологиялық уақыт бірлігін 1924 жылдан бастау алады. Бұл бірақта жұмыстың баламалық уақыт шеңбері деп қабылдауымыз тиіс. Өйткені аталған жылдарда да Ұлыбританияда консервативтік партия билік құрып әлеуметтік-экономикалық салада өзекті реформалар жүргізген болатын. Осыларды ескере отырып қосуды оң көрдік. Жұмыстың хронологиялық негізгі обьектісі 1979-1990 жылдар аралығындағы уақыттарға саяды. Осы жылдары Маргарет Тэтчер кабинеті жасақталып елдегі үкімет билігін өз қолдарына алған болатын. Әлеуметтік саладағы реформаларды осы кезең аралықтарында жүргізді.
Зерттеу барысында алынатын нәтижелер: Зерттеу барысында келесідегідей нәтижелерге қол жеткізілу ұйғарылып отыр: Ұлыбританияның консервативтік партиясының жарты ғасырға жуық уақыт шеңберінде жүріп өткен жолына ортақ талдау жасалынып сарапталады; Марарет Тэтчердің саяси қайрткерлігіне және оның тұлғалық жеке қабілеттерінің елдің маңызды саяси-экономикалық шешуші сәттерінде айтарлықтай тетікке ие болғандығына көз жеткізе отырып, бір адам-жеке тарих атты тұжырымды айқындауға мүмкіндік табамыз; Денсаулық, білім, тұрғын-үй, банк секторы мен зейнетақы т.б. салаларда жүргізілген реформалық бағыттардың өзге де елдер экономикасына әсерін зерделеуге қол жеткіземіз; Ресей мен өз елімізде жүргізілген экономикалық реформалардың салдары мен Ұлыбританияда жүргізілген реформалардың ортақ салыстырмалық көрсеткішін шығарамыз.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе бөлімінен, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер бөлімінен тұрады. Бұл бөлімдердің өзі бірнеше бөліктерге бөлінген. Кіріспе бөлімін негізгі он бағытқа бөле отырып қарастырдық. Екі тарау өзара үш тараушаға бөлінді.

I. Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы.
1.1. Ұлыбританияның әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы (1940-1944 жж).
Жұмысымызға кіріспес бұрын, бірінші зерттеу обьектісі болып отырған мемлекеттің саяси құрылысына мән беріп, ішкі құрылымына бағдар жасаған оң болатындығы сөзссіз. Ұлыбританияда неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен даму XX ғасырдың 20-30 жылдарынан бастау алады. Осы уақыттар аралығында елдің ішкі саяси-әлеуметтік құрылысында бірнеше реформалар мен өзгерістер жүріп жатты. Консерваторлар өз кезегінде әлеуметтік реформаларды жедел де қарқынды жүргізудің оң нәтижеге алып келетіндігіне қарсылық білдірді. Үкімет басына келген лейбористік партия басшылары консерваторлармен үздіксіз күрес жүргізді.
1929-1933 жылдардағы Ұлы дағдарыс тұсында консервативтік шешімдердің кейбір ұсынылған бағдарламалары өз дәйектіліктерін берді. Мысалы, тұрғын үйдің кешенді құрылысы, зейнетақының қызмет өсіміне қарамай емес, жылдық мерзіміне байланысты өсім көрсеткіштері мәселелер барысын ақтады дейге негіз бар. У. Чемберлен үкіметі мен У. Черчилль үкіметтері әлеуметтік теңсіздіктердің бірқатарын ұлғайтуға ден беріп қойғанымен соғыс уақытына байланысты саяси сынға ұшыраудың тоқырауларынан кедергісіз өтті. Неоконсервативтік әлеуметтік модельдің жетік үлгілері өткен ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптасуда басқа сипатқа ие болды.
Неоконсерватизмнің негізін салушы ретінде Лео Штраус деп есептеледі. Бұл идеологиялық және саяси ағым экономикалық дағдарысқа жауап ретінде 1973-1974 жылдар аралығында қалыптасты. Бұл ағым алғашында жаппай жастардың Батыс Европадағы кейнсиандыққа қарсы бағытталған еді. Неоконсерватизм идеология және қозғалыс болып табылады. Оның мәні батыс өркениетінің дәстүрлі құндылықтарын әлемге таралуын қамтамассыз ету. Консерватизмге қарағанда неоконсерватизм мемлекеттік аппарат пен әлеуметтік қамсыздандыруға қаражатты шектемеу. Оның ерекшелігі либерализм мен демократияның мемлекетте орын алуын қолдау болып табылады. Басқа мемлекеттердің егемендік мәселесіне қол сұқпауға бадар алды.
Неоконсерватизмнің мақсаты консерватизнің дәстүрлі құндылықтарын постиндустриялды қоғамның даму қарқынына бейімдеу болатын. Өмірдегі әртүрлі стильдердің көбеюі, адам өмірінің техникалық ортадан тәуелді болуы, рухани және экологияның бұзылуы, жалпы батыс өркениетінің дағдарысқа ұшыраған кезінде неоконсерватизм жаңа бағытты қоғамға ұсынды. Оның мәні отбасы мен діннің құндылығында негізделген рухани құндылықтар, сонымен қатар, әлеуметтік тұрақтылық, мемлекет пен азаматтар арасындағы моральға негізделген өзара қарым-қатынас, өзара көмек, демократизацияға сенімсіздікпен қарау, мемлекеттік тұрақты, тәртіпке негізделе дамуы болып табылады.
Неоконсерваторлардың мемлекеттері мораль принциптер және қоғамның тұтастығында құрылуы тиіс. Заң мен тәртіп негізінде азаматтардың өмірін қажеттіліктерімен қамтамассыз ету. Азаматтық қоғам институтын дамыту мен саяси ассоциациясын қалыптастыру табиғат пен қоғам арасындағы тепе теңдікті ұстау болып табылады.
Көрсетілген принциптер негізінде неоконсерваторлардың идеологтары Д. Белл, З. Бжезинский, Н. Кристалл және т.б. тұр. Олар бағдарламалардың құрылуына деген назарларын бөлді. Дайындалған бағдарламалар қоғамды басқарудың кемшіліктерін ескере бастады[1-45].
Неоконсерватизм идеологтары бұл ағымды экономикалық даму моделі ретінде, неоклассикалық экономикалық теория негізінде экономиканы тиімді өзіндік нарықтық басқару механизімі ретінде құрған. Неоконсерватизм өзінің бастауларын американдық ғалым А. Лаффердің ұсыныс теориясы мен Чикагтік мектептің М. Фридменнің монетаристік доктринасынан алады. Ұсыныс теориясы бойынша бюджеттік өсу негізі салықтың мөлшерінің аз көлемінде десе, ал монетаристер мемлекеттің басқару қызметінде ақша көлемі мен мөлшерін айналымда деп көрсетеді. Салықты шектеу тұрақтылық пен нарықтық экономиканың дамуының басты факторы. Неоконсерваторлық модельді қолдану дамыған мемлекеттер: АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ өндірісті даму шегіне жеткізу мен мемлекеттік шығындардың көлемін қысқарту болатын.
Осы мемлекеттердің макроэкономикадағы оринтиры мен приоритеті саяси тұрғыдан өзгерді. Барлық күш дүние жүзілік жеке меншіктің дамуына, соның ішінде орта және ұсақ кәсіпкерлікті дамытуға жұмылдырылды. Экономиклық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік мүлікті жекешелендіру болды. Экономикаға мемлекеттің араласуын максималды түрде қысқарту еді. Мемлекеттік басқаруды дебюрократизациялау және мемлекет пен кәсіпкерлік арасында ашық қарым қатынасты ұстану болатын. Салықтық реформалар салықты төмендетуге және жинақтау мен экономикалық дамуды қарқындатты[2-89].
Неоконсервативті модельге көшу инфляцияны шектеді, нарықтық қатынасты және экономиканы дамытты. Экономикалық саясат дамыған мемлекеттерде экономикалық өсуді екі есе тездетті. Ұлы дағдарыс кезінде кейнстік экономикалық бағдар әлеуметтік мәселелердің барқатарында жемісті үлгіге ие болды деуге толық негіз болатын. М. Тэтчердің сайлаушылар алдындағы бағдарламаларының теңдік дәрежедегі реформаға ие болуы алдағы бетбұрыстық режимдерді болжаған болатын. Сыртқы саясатта да басымдықтар болуымен қатар, әлеуметтік моделдеуді де жетік түрде ұсынды.
1.2. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі саласындағы негізгі реформалар.
Консерваторлар тарапынан жүргізілген реформалар кешенінің ішінен жалпы қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі ерекше орынға ие болып табылады. Осы ретте шешудің белгілі бір бөлігінде екіге бөле қарастыру жөніндегі ұсыныстар жасалынды. Ол: мемлекеттің күші мен жеке жүйелерді немесе жекеменшікті үйлестіру арқылы оның басым негізі жекеменшік иелерінң мүддесіне арттырылды.
70-шы жылдардың үстінде-ақ, Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі тұрғындардың өзін-өзі қамтамасыз етуіне басымдық беруді қолға алаған болатын. Оның қарапайым бір түрі ауруханаларда тұтынуышыларға төлем ақы арқылы қызмет көрсетудің түрлерін дамыту болып табылды. Әлеуметтік реформаларды шешу жолындағы ретте денсаулық сақтау оның шінде ауруханалардың алатын рөлі ерекше мәнге ие болды. Ауруханаларды жекеменшік иелеріне жалға беру немесе ұзақ мерзімге жекеменшік құқығына беру кең таралды. Консерваторлар адамдардың өзін-өзі қамтамасыз етулеріне, әлеуметтік құқықтарын жеке бас мүддесі арқылы қамтамасыз етулеріне жағдай жасауға тырысыты. Лейбористік үкіметте осы бағытты жандандырғанымен, олар жекеменшік иелеріне басым құқық беруге көп ынталанды. Ал Аонсерваторлар паритясы 1975-1977 жылғы бағдарламалық ұсыныстарында, Маргарет Тэтчердің сайлау алды бағдарламасында мемлекеттің рөлін күшейтіді, сол арқылы денсаулық сақтау индустриясын қалыптастыруға, әлеуметтік нысандарды жүзеге асыруға аса мән берді [3-143-145].
Консерваторлар санға емес, сапаға жүгінуге шықырды. Әлеуметтік жағдайы оңға шешілмеген елде өмір сүруші халықтардың тұрмысын басқа халықтардың жағдайымен салыстыруға ден қойды. Денсаулық пен зейнетақы мәселесіне нарықтық жол деген бағдарлама енгізілді. Осы арқылы жекеменшіктің статусын көтеруді көздегенімен оны бағылауды мемлекеттің үлесіне қалдырды.
Әлеуметтік қамтамасыз етуде халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін және сапалығын жақсартудың шаралары қарастырылды. Ол бойынша банк секторлары мен ауруханаларда, зейнатақы, почта қызметтерінде бірқатар өзгерістердің белгілері нақтыланды. XX ғасырдың 80-шы жылдары Ұлыбританияның саяси тарихына әлеуметтік реформалардың кешенді жүргізілуі мен қоғамдық өмірдің барлық сфераларындағы өзегірістердің сипатымен тарихқа кірді. Осы уақыттары Англия әлемдегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы бойынша алдыңғы қатарларды алды. Себебі де түсінікті еді. Ұлыбритания өзіміз білетіндей отарлы мемлекет болып табылды. Құрамына 36 мемлекет кіретін қауымдастық болды. Яғни соншама ел отарлы күй кешіп, ағылшын халқының игілігі үшін қызмет етті дегенді білдіретін.
Анлияның сауда деңгейі де жоғары қарқынға ие болды. Бірақ та бірқатар маңызды сфераларда реформалардың мұқтаждығы көрініп тұрды. Германия, АҚШ, Жапониямен салыстырғанда Ұлыбританияның жеке басқа шаққандағы тұтыну көрсеткіші, пайдасы аз болып табылатын. Осы олқылықтардың орнын шешу қажет болып табылды. Ұлыбританияда 1979 жылғы дейінгі саяси жағдай мен әлеуметтік сала мемлекеттік бақылаудан шығудың аз қарсаңында тұрды[4-97]. Британ экономикасы шашыраңқы күй кешті. Осының барлығы салмақты реформалар желісін талап етті.
Өнеркәсіп пен ғылымның дамуы білім мен денсаулық сақтау мәселелерінде жаңа мүмкіндіктер ашуға себепші болды. Тұрғын-үй кешенін тұрғызу да бірқатар кемшілік тұстары айқындалған салаға жатты. Дегенмен де осы үрдістердің барлығы жетік, білікті мамандардың туындауына мұқтаж болды. М. Тэтчер үкіметінің басымдық көрсеткішке ие болар нәтижесі де осы білікті кадрларды дайындауға, оларды жетілдіру бағдарынан көрініс тапты.
Консерваторлардың осы реттегі басты аударған мәселелері қоғамдық өмірде өмір сүріп жатқан үрдістер болып табылды. Ол бағдарламалар ағымы мынандай болды: әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттің әрекеті, білім мен денсаулық салалары маңызды шешімін таппаған мәселелерге ие болды.
Осы шаралардың барлығы да жеке адамдар мен әлеуметтік топтарға ақшалай және ақшалай емес мемлекеттік көмектердің шешілу бағыттарын қарастырды. Ол әрине денсаулық, зейнетақы, білім беру салаларын жетілдіру мен ықтмалдандырудан көрінетін. Осы ретте консерваторлардың мемлекеттік мәселедегі ұраны мынандай сиаптқа ие болды. Мемлекеттік әл-ауқат деген атауға ие болған мақсатты бағдарлама қалыптасты. Өткен ғасырдың 70-шы жылдары мемлекеттегі әлеуметтік теңсіздіктің ұлғаюы барынша көрінгендігін оған жол бермеу керектігін консерваторлар ұран ретінде көтерді. Осылайша Мемлекеттік әл-ауқат бағдарламасы қоғамның барлық бюрократияланбаған институттарында, салаларында өз белгілерін көрсетуі тиіс деген мақсат қойды[5-108]. Бұл мақсат М. Тэтчер үкіметі тұсында жанданып өз нәтижелеріне жеткізгендігін біз алдағы уақыттары тыңғылықты талқылайтын боламыз.
1970-1974 жылдар аралағында Эдвард хит үкіметі тұсында М. Тэтчер білім және ғылым министрлігін басқарып тұрды. Білім жүйесі мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды шешуді талап етіп тұрған тұс болатын.Ұлыбританияның жалпы ақылы мынаны ойлады, елдің материалдық және рузани дамуы, саясат пен қоғамының алға ілгерілеуі осы білім саласына қатты тәуелді депген тұжырымға келді. Білім саласы еркін білім алуда реорганизациялық сипатты сипаттады. Білім саласында бәсекелестікке жол ашу мүмкіндіктері қарастырылмаған болатын.
Ғасырдың 60-шы жылдары мектептердегі саяси үрдістерді бақылу мен жүзеге асыру білім және ғылым министрлігі мен жергілікті білім департаменттерінің, кеңестерінің құзырлылығымен іске асып отырды. Ал, бұл негізгі себепші мәселлердің біріне айналды. 60-шы жылдардың соңында лейбористік үкімет орта білім беру саласын барлық адамдарға мүмкін етуге тырысқанымен бұл аяғына дейін шешілмеді. Бірнеше жылдан жылдың жүзінде, 1970 жылы білім мен ғылым министрлігіне Марагерт Тэтчердің келуі осы мәселелерге нүкте қоюға бағытталды. Ол лейбористердің мектеп пен т.б. білім беру нысандарының үстінен орнатылған үкіметтік қадағалау туралы қаулыны жойып онда жергілікті мектеп кеңестеріне кең мүмкіндік беру туралы қаулыға қол қойды. Бұл бастамының мәні мынада болды: балалар біржақты білім алмауы керек, олардың бейімділігі мен машықтығына қарай білім алу реті қарастырылу болып табылды[6-59] .
Консерваторлар үкімет мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктердің бірқатарын алып тастауды қабылдады. Бұл сол кезеңдегі дағдарыс кезеңдерімен түсіндірілді. Мәселен, мекетптердегі бастауыш сынып оқушыларына берілетін тегін сүт үлесімі алынып тасталысымен, М. Тэтчерге сүт ұрлаушы деген лақап ат таңылды. Осының нәтижесінде қоғамдық сауалнама жүргізіліп, М. Тэтчер Ұлыбритания тарихындағы ең танымал емес е құрылды. Ауруханалардағы тұтынушыларды екі топқа бөле отырып қызмет ету көзделді. Ақылы қызмет көрсету бойынша төлеуге шамасы келетіндер, ақысыз түріне жағдайы жауап бере алмайтын адамдар тобы кірді. Консерваторлар паритясы бірқатар жетсітіктерге жетті деуге негіз бар. Олардың бастамасымен денсаулық сақтау мәселесінде екі бағдарламалы жүйе өз міндеттерін ақтады деп баға берді саясаттанушы зерттеушіле[8-111] .
Ұлыбританиядағы Мак Кинсей энд компани фирмасының кеңесшілері мен Брунельск Университетінің ғылыми қызметкерлерімен денсаулық сақтау органының жаңа құрылысы бойынша бағдарлама жасалынды. Бағдарлама аясында 800 мың адам қамтылып олар тиісінше жыл сайын үкіметтен 3 млрд. Фунт стерлинг ақша алып тұрды. Бұл ретте ешқандай да кереғар құбылыс болған жоқ [7-123].
Осының барысында консерваторлар парламентте жаңа заңның қаралуына себеп болып, оған қол жеткізілді. Жаға заң бойынша жергілікті органдардағы мемлекеттік құзырлы органдардың билігі шектеліп, барлығы бір Ұлттық қызмет қауымдастығына біріктірілді. Бұл заңның қабылдануы 1973 жылы жүсеге асқан болатын[8-210]. Сондай-ақ, жергілікті әкімшіліктен бала мен анаға қатысты қадағалау, балалар мен мектеп оқушыларының медициналық қызмет көрсету істері шектетілді.
Енді денсаулық сақтау қызметі басында әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік хатшысы тұрды, ол сол басқарманың мүшелерімен тағайындалды. Консерваторлар медицина қызметкерлерінің жеке тәжірбиелік машықтануларына да ерекше мән берді.
1.3. Еуропалық Одақтың әлеуметтік саясат мәселесіне қатысты британ үкіметінің ұстанымдары.
Еуропалық Одақтың әлеуметтік салалардағы белсенді саясаты 1980-1990-шы жылдары бастау алды. Жекедара әлеуметтік сяасаттың көмегімен ЕО мүше елдері дағдарыстың алдын-алуды және жұмсартаудың барлық шараларын қарастырды. Олар дағдарыстың салдарынан туындайтын әлеуметтік демпингтің дамуынан аса қаіптенді. Нәтижесінде әлеуметтік мәселелер тек қана ұлттық емес, еуропалық сипатқа ие бола бастады. Еуропа елдері әлеуметтік мәселелердің негізгі түбірі осы континентте жүріп жатқан саяси-экономикалық жағдайлар ағымына тығыз тәуелді еді. Мысалы эмиграциялар, урбанизация және кедендік бақылау әдістері мен азаматтардың бір елден бір елге ауысып табыс табуындағы келісімдер басты мәнеге ие болды. .
1980-1990-шы жылдары Еуропа елдерінде әлеуметтік мәселелерді жүргізуде негізгі қозғаушы күш Францияның қолында болды. Ұлыбритания ғысырдың екінші жартысына дейін осы кірігу, одақ мәселелеріне аса бас қатырмады. Маастрихт келісімі және директивалар Еуропаға жалпы ортақ мәселелерді шешуде біркөзқарасты қалыптастыруға себерші болды.
Ұлыбританияның да еурпалық елдерге ұсынар концепциялары мен әдістері мол еді. Өйткені саяси-экономикасы жағынан тәжірбиелі ел саналатын бұл мемлекет әлеуметтік сұрақтардың жауабын шешетін либеральдық қағидалрға ие бірден-бір елдердің бірі.
Ұлыбритания мемлекеті Еуропалық Одақ елдерімен үнемі екіұдайы саясат ұстанып келді. Біздің бұл тұжырымымыз оның ішкі және сыртқы саясатына да қатысты. Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты жақсартып оған кірігуді де қолдаған үкіметтік кезеңдер болды. Лейбористер үкіметі бұл қадамды үнемі қолдап отырды. Консерваторлар ше? деген сұрақ туындайды. Оларда өзінің кезеңдерімен айырықшаланады. Ұлыбритания аралды және ең көп отарлы мемлекет болғандықтан да өзі біршама өзгеше ұс басқару жүйесімен таныс болу аса маңызды. тауымен Еуропа тарихында белгілі. Осы үшін. Оның мемлекеттік құрылысы мен саяс Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль Триумф және қасірет деп атады[9-212].
50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады.
Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30 жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО-ға қосуға жәрдемдесті.
Британ империализмінің капиталисттік дүниенің саяси, экономикалық және ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күреске тығыз топтастыруға ұмтылуы Ұлыбританияның АҚШ-қа кіріптарлығын күшейтті. Оның территориясында АҚШ-тың соғыс базалары пайда болды. Ұлыбританияның экономикасына Америка капиталы кеңінен ене түсті, елдің сыртқы қарызы көбуйді. Соған қарамастан, Вильсон бастаған лейбористер үкіметі жанталаса қарулануға қыруар қаржы жұмсады, мұның өзі Ұлыбританияның финанс қиыншылығын онан әрі өршітті. 1967 жылы фунт стерлинг соғыстан кейін екінші рет құнсызданды. Ұлыбританияның прогресшіл күштеі бейбітшілік жолында, билеуші топтардың империалистік сыртқы саяси бағытына қарсы белсене күресіп келді. 60 жылдарыдың соңы мен 70 жылдардың басында Ұлыбританияда ереуіл қозғалысы өріс алды. Солтүстік Ирландияда әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті жою, азаматтарға тең құқық беру жолында еңбекшілер бас көтерді.
Ұлыбритания- капиталистік елдер арасында АҚШ, ГФР және Жапониядан кейінгі ірі өнеркәсіпті держава. Бастапқыда Ұлыбритания экономикасы монополиялық жағдайға негізделіп дамыды. 2-дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі капитализмнің жалпы дағдарысы ұлт-азаттық қозғалысының пәрменді дамуы Британ отарлық империясының ыдырауына әкеп соқты.
50 жылдары өндірістің жаңа салаларының монополиясы құрылып, дами бастады. Үкімет өндіріс концентрациясын жақтап, 1966 жылы осы мақсатта өндірісті қайта құру корпорациясын құрды. Соғыстан кейін көмір, газ, электроэнергетика, темір жол транспорты, қара металлургия, ішкі су және қала транспортының бір бөлігі, ағылшын банкісі, атом өндірісі мен атом энергетикасы, радио-теле жүйесі нациолизацияланды, яғни өнеркәсіп өндірісінің 20%-дан астамы мемлекет қарамағына көшті. 50-60 жылдарда байқалған Ұлыбритания өндірісіндегі ерекше құбылыс- бұл ел экономикасына американ капиталының енуі. 70 жылдар басында байқалған экономикалық дағдарыс белгілері Ұлыбритания экономикасында да анық сезілді. Өндіріс мөлшері қысқарды, инфляция тұрақты процеске айналды, жұмыссыздар саны тоқтаусыз өсті[10-91]. 1975 жылы ел ішіндегі жалпы өнім 2,5%-ға кеміді және жаппай тұтыну заттарының бағасы орташа есеппен 24%-ға артты. Өндірісті жандандыру үшін және жұмыссыздықтың шұғыл шаралар да қабылдады. Мысалы: Бритиш Лейленд мотор, Интернэшнал компьютерс, Альфред Герберт сияқты ірі монополияларға көмек ретінде жүздеген миллион фунт стерлинг қаржы бөлінді. Бірақ бұл шаралар Ұлыбритания капитализмінің одан әрі құлдырауын тоқтата алмай отыр.
Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдар. Консервативтік партия- ұйымдық жағынан 19 ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Лейборист партиясы 1900 жылы негізі қаланды. Либералдық партия 19 ғасырдың ортасында виги партиясы негізінде ұйымдасты. Ұлыбритания коммунистік партиясы 1920 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың британдық конгресі 1868 жылы негізі қаланды. Тред-юниондардың шотландық конгресі 1897 жылы негізі қаланды. Ағылшын-совет достығы қоғамы 1946 жылы құрылды. КСРО-мен мәдени байланыс қоғамы 1924 жылы негізі қаланды. Жастардың коммунистік одағы 1922 жылы құрылды.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған аралас үкіметтің құрамына лейбористік және лиьералдық партиялардың өкілдері де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент сайлауында екі басты қарсыластар: консерваторлар және лейбористер арасында билік үшін қайта басталды. Әдетте олардың екуінің бірі жеңеді. Бұл саяси маятник осы уақытқа дейін тербелуде. Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда лейбористер жеңді.
Лейбористік үкімет. 1945-1951 ж.ж. Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама Болашаққа бетбұрыс деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды үштен екісіне ие болды.
Лейбористер өз уәделерін негізінен орындады. Мемлекеттенді-ру сатып алу жолымен іске асырыла бастады. Шаруашылықтың көмір, газ, су және темір жол транспорты, қара металлургия және тағы басқа салаларында жалдамалы жұмыскерлердің 20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға қарсы 1927 жылғы қабылданған жазалаушылық заң жойылды. 1945-48 жж. Кәсіби науқастарға байланысты жәрдем ақыларды, қарттарға және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді қамтитын әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан аса жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында, 1948 жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі құрылды және тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі енгізіліп, дәрі-дәрмектер тегін үлестірілетін болды. Лейбористік партия біртіндеп реформалау жолымен Ұлыбритания демократиялық социализмге өтеді деп есептеді[12-65-69].
1951 жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчиль тағы да үкімет басқарғанынан хабардармыз. Консерваторлар лейбористер құрған әлеуметтік құрылымды сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап, әл-ауқаттылық мемлекет идеясына қолдау көрсетті. Консервативтік партия өзінің өзгерген жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілетілігін көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген экономикалық даму бағдарламасын жасау үшін Ұлттық кеңес құрылды. 1964 жылы болған кезекті парламент сайлауы екі партияның ешқайсысына да айқын басымдылық берген жоқ. Екеуі де 12 миллион дауыс алды, бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл ғана ьасымдылыққа ие болды.
Г.Вильсон үкіметі (1964-1970) консерваторлар бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды жасау бағытын жалғастырды. Г.Вильсон әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы парламент тұңғыш ұлттық бесжылдық экономикалық жоспарды қабылдады. Жоспарды орындау үшін Вильсон үкіметтің, бизнестің және кәсіподақтардың әрекет бірлігін қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің Ниеттер туралы декларация атты құжаты жалақының өсуі мен бағаның артуын ақылға сиымды көлемдерде шектеуді ұсынды. Бұл саясат бағалар мен табыстар саясаты деген атақ алды. Алғашында жалақының өсуін ақылға сыйымды мөлшерге шектеу ерікті түрде іске асырылса, 1966 жылдан кейін үкімет оны күштеп қатыруға кірісті. 1970 жылғы парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.Хиттің экономикалық саясаты (1970-1974) қалай болғанда да өндірісті қатаң капиталистік жетілдіру және экономикалық дамуды тездету бағытын іске асырды. Хиттің тұсында Ұлыбритания ЕЭБ-ге мүше болды. Баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестіруші аппарат құрылды. Өнеркәсіптегі қатынастар туралы кәсіподақтарға қарсы бағытталған заңның консервативтік нұсқасы жарық көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын. Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК мен оған кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді. Елге жаппай ереуіл қаупі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Тэтчердің сыртқы саясаты
Тэтчердің ішкі саясаты
Ұлыбритания премьер - министрі М. Тэтчердің ішкі саясаты
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Ресейдегі И. Грозный және Ұлы Петр
М.Тэтчер-темір ханым
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
Пәндер