Күрделігүлділер тұқымдасы



Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Күрделігүлділер тұқымдасына негізінен бір, жылдық көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар және аздаған аласа ағаштар жатады. Сонымен бірге өрмелеп өсетін және суккулентті түрлері де бар. Күрделігүлділер қос жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкен тұқымдас. Оған 1150-ден 1300-ге дейін туыс, 20000-нан астам түр жатады. Қазақстан флорасында 139 туыска біріктірілген, 854 өсімдік түрлері кездеседі. Оларды жер бетінің барлық құрлықтарынан, тундрадан экваторға дейінгі, теңіз жағалауынан таулардың Альпа белдеуіндегі қарлы мұздақтарға дейінгі аралықтардан, шіріндісі мол қара топырақтардан және құнарсыз құмды жерлерден де кездестіруге болады. Жоғары деңгейде жетілген тұқымдастың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар форма түзу сатысында тұр.
Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақ тақталарының көлемі, формасы және тілімделуі үлкен көлемде ауытқып отырады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлінетін әр түрлі заттар жиналатын қуыстары – сүт жолдары және шайыр жолдары болады. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттері жиналып қалқанша немесе сыпыртқы гүлшоғырын түзеді. Себеттің астын гүласты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жалпақ, ойыс немесе дөңес болуы мүмкін. Себеттің сырты жылтыр, тікенектермен немесе түктермен жабылған.
Гүлдері алуан түрлі, біреулері біршама үлкен және қанық боялған. Ал, екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Күлтесі 5 мүшелі, тостағаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Бос орналасқан 5 аталығы және түтікшеге біріккен тозаңдығы болады. Аналығы біріккен екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны төменгі, бір ұялы, жемісі тұқымша. Көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады. Гүлдері насекомдармен және желмен тозаңданады.
2. Гүлдерінің түрлері: к.лте жапырақшаларының құрылысына қарай күрделігүлділерде гүлдердің мынадай түрлері болады: түтікше гүл, түлше гүл, жалған тілшегүл, воронка тәрізді гүл.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күрделігүлділер тұқымдасы

Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Күрделігүлділер тұқымдасына негізінен бір, жылдық көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар және аздаған аласа ағаштар жатады. Сонымен бірге өрмелеп өсетін және суккулентті түрлері де бар. Күрделігүлділер қос жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкен тұқымдас. Оған 1150-ден 1300-ге дейін туыс, 20000-нан астам түр жатады. Қазақстан флорасында 139 туыска біріктірілген, 854 өсімдік түрлері кездеседі. Оларды жер бетінің барлық құрлықтарынан, тундрадан экваторға дейінгі, теңіз жағалауынан таулардың Альпа белдеуіндегі қарлы мұздақтарға дейінгі аралықтардан, шіріндісі мол қара топырақтардан және құнарсыз құмды жерлерден де кездестіруге болады. Жоғары деңгейде жетілген тұқымдастың бірі. Көптеген туыстары өзгергіш келеді, өйткені олар форма түзу сатысында тұр.
Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп, сиректеу қарама - қарсы немесе топтасып орналасады. Кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақ тақталарының көлемі, формасы және тілімделуі үлкен көлемде ауытқып отырады. Көп жағдайда өсімдіктен бөлінетін әр түрлі заттар жиналатын қуыстары - сүт жолдары және шайыр жолдары болады. Клеткаларында инулин жиналады. Тұқымдасқа тән белгілер мыналар: гүлшоғыры себет, сырт қарағанда гүлге ұқсас. Кейде себеттері жиналып қалқанша немесе сыпыртқы гүлшоғырын түзеді. Себеттің астын гүласты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жалпақ, ойыс немесе дөңес болуы мүмкін. Себеттің сырты жылтыр, тікенектермен немесе түктермен жабылған.
Гүлдері алуан түрлі, біреулері біршама үлкен және қанық боялған. Ал, екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Күлтесі 5 мүшелі, тостағаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған. Бос орналасқан 5 аталығы және түтікшеге біріккен тозаңдығы болады. Аналығы біріккен екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны төменгі, бір ұялы, жемісі тұқымша. Көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады. Гүлдері насекомдармен және желмен тозаңданады.
2. Гүлдерінің түрлері: к.лте жапырақшаларының құрылысына қарай күрделігүлділерде гүлдердің мынадай түрлері болады: түтікше гүл, түлше гүл, жалған тілшегүл, воронка тәрізді гүл.
Түтікше гүлде, күлте жапырақшалары төменгі жағынан түтікшеге бірігеді, үстінгі жағынан түтікше қоңырау тәрізді кеңейеді, 5 тісшеге бөлінеді. Бұл қосжынысты, кейде дара жынысты дұрыс гүл. Оны формула түрінде былай беруге болады: * Т(5) - 0 - рар. К (5) А (5) Ж(2) -
Тілше гүлде, күлте жапырақшалары төменгі жағынан түтікшеге бірігеді, бірақ ол өте қысқа болады. Одан жоғары түтікше бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Бұл қос жынысты бұрыс гүл. Оны формула түрінде былай беруге болады: Т(5) - O- рар. К (5) А (5) Ж(2) -
Жалғантілше гүл, тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшенің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл бұрыс гүл. Көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Оны формула түрінде былай беруге болады: Т(5) - O - рар. К (5) А (0) Ж(2) .
Воронка тәрізді гүлдің, күлтесінің түтікшесінің жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл, аталығы да, аналығы да блмайды. Гүлінің формуласын былай беруге болады: Т(5) - O - рар. К (5-7) А (0) Ж(2).
Күрделігүлділердің себеті бір жағдайда тек түтікше тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін. Екінші жағдайда себеттің ортаңғы бөлігі түтікше гүлдерден, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлдерден тұрады.
Себеті тек тілше гүлдерден тұратын өсімдіктерге бақбақ, қалуен және шашыратқы өсімдіктері мысал болады (80, 81 - суреттер). Бақбақтың 70-тей түрі бар, оның 59-ы Қазақстанда кездеседі. Жалпы бақбақ жер шарының барлық құрлықтарында кең таралған. Негізінен жертаған түзетін жапырақары бар, көпжылдық шөптектес өсімдіктер. Гүлдері сары түсті. Аса маңызды түрлеріне кәдімгі бақбақ және көксағыз жатады. Кәдімгі бақбақ аса кең таралған дәрілік өсімдік, тамырында инулин жиналады. Көксағыз эндемдік түр, тамырында 10-нан 27% -ға дейін сапалы шайыр болады. Табиғи жағдайда Алматы облысына қарасты Райымбек ауданының территориясында теңіз деңгейінен 1800-2000 м биіктікте, Текес, Кеген өзендерінің аңғарында, Саржаз тегістігінде, Тұзкөл аумағында өседі. Кәдімгі цикорий немесе шашыратқы арамшөп ретінде кең таралған өсімдік. Бірақ дәрілік қасиеті бар, тамырында инулин жиналады. Себеті тек түтікше гүлдерден тұратын өсімдіктерге жусанның түрлері мысал болады. Қазақстанда жусанның 81 түрі өседі. Басым көпшілігі малазықтық өсімдіктер. Дәрілік және эфир майлы түрлері де бар. Оларға дәрмене жусаны, ащы жусан, ермен жусаны және т.б. жатады. Себеттің ортаңғы бөлігі түтікше гүлдерден, ал шет жағы жалған тілше гүлдерден тұратын өсімдіктерге күнбағыс, жұлдызгүл (астра) және түймедақ (ромашка) өсімдіктері жатады. Себетінің ортаңғы бөлігі түтікше гүлдерден, ал шет жағы воронка тәрізді гүлдерден тұратын өсімдіктерге гүлкекіренің түрлері мысал болады.
3. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын мынадай пайдалы өсімдіктердің топтары бар: малазықтық, өсімдік майы алынаты, дәрілік, техникалық, эфир майы алынатын, бал жинайтын өсімдіктер және арамшөптер. Малазықтық өсімдіктерге жусанның көптеген түрлері, тапинамбур және т.б. жатады. Күнбағыстан және мақсардан өсімдік майынһ алынады (82 - сурет). Дәрмене жусан, кәдімгі түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ, ащы жусан, кәдімгі шашыратқы, өгей шөп, асқабақ лакса, үштармақ итшаған, биік андыз, құмдық слаубас секілді өсімдіктерден дәрілік шикізат алынады. Жусанның көптеген түрлерінен: ермен жусаннан, ақшыл жусаннан, қияқ жусаннан және т.б. эфир майы алынады. Техникалық өсімдіктер тобына көксағыз, таусағыз, құмшыл ерсағыз және т.б. жатады. Сәндік өсімдіктер тобына салалы нарғызгүл, қызай кесте жусан, қашқаргүл және т.б. жатады.
Бал жинайтын өсімдік топтарына күнбағыс, мақсар, итшаған, биік андыз, көксағыз, таусағыз, нарғызгүл, қашқаргүл, шашыратқы және т.б. жатады. Арамшөптерде гүлкекіренің түрлері, шоңойна, жатаған укекіре, бақбақтың түрлері, сүттігеннің түрлері, ойраншөп, кәдімгі сарысояу, тікенді сарысояу (83-сурет).
1. Тұқымдас неліктен күрделігүлділер деп аталады?
2. Қандай өсімдіктердің себеті тек тілше гүлдерден тұрады?
3. Қандай өсімдіктердің себетінің ортаңғы бөлігі түтікше гүлдерден, ал шеті жалған тілше гүлдерден тұрады?
4. Қандай өсімдіктердің себетінің ортаңғы бөлігі түтікше гүлдерден, ал шеті воронка тәрізді гүлдерден тұрады.

1. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, күрделігүлділер тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер туралы хабарлама даярлаңдар.
2. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын техникалық өсімдіктер туралы хабарлама даярлаңдар.
Күрделігүлділер тұқымдасына жататын техникалық өсімдіктерді қолданылуына қарай мына кестені толтырыңдар:

Техникалық түрлері
Дәрілік түрлері
Май өндірілетін түрлері
Сәндік түрлері
Арамшөп түрлері

Дара жарнақтылар класы

Дара жарнақтылар класына барлық гүлді өсімдіктердің 25%-ы жатады. Бұл дара жарнақтылардың түрлерінің қос жарнақтыларға қарағанда біршама аз екендігін көрсетеді. Бірақ, олар шылғындықтарда, өзен жайылмасында, таулы және далалы аймақтарда түрлерінің саны бойынша да, особьардың саны жағынан да қосжарнақтылардан басым келеді.
Дара жарнақтылардың көбісі шөптектес өсімдіктер. Сиректеу жағдайда ағаш тәрізді формалары да кездеседі, бірақ олардың қос жарнақтылардан айқын айырмасы болады. Дара жарнақтылар аз бұтақтанады, сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандамайды. Тамырлары көп жағдайда шашақты келеді. Жапырақтары параллель немес доға тәрізді жүйкеленеді. Ең бастысы дара жарнақтылардың тұқым жарнағы біреу ғана болады.
Дара жарнақтылар класына Қазақстан флорасында кең таралған және практикалық маңызы бар лалагүлділер, жуалар және астық тұқымдастарына тоқталамыз.

Лалагүлділер тұқымдасы

Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Лалагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің басым көпшілігі тамырсабақты немесе пиязшықты көпжылдық шөптектес өсімдіктер. Жапырақтары көп жағдайда қылыш немесе таспа тәрізді, параллель нмесе кезектесіп орналасады. Қос жынысты, дұрыс гүл. Көпшілігінің гүлінің мөлшері орташа немесе үлкен, көзге айқын байқалады. Гүлдері көп жағдайда шашақ, масақ, сыпырғы, шатырша гүлшоғырын құрайды. Сиректеу гүлдері жалғыздан болады. Басым көпшілігінің гүлсерігі, қарапайым, күлте жапырақша түрінде болады. Олар үш-үштен екі шеңбер түзіп орналасады.
Аналығы 3, сиректеу 4жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны жоғарғы, аздаған, түрлерінде жартылай төменгі. Жемісі қорапша немесе жидекті болып келеді. Тұқымының эндоспермі болады, оның құрамында белок, май, сиректеу крахмал бар. Ұрығын эндосперм қоршап тұрады.
Тұқымдасқа 45 туыс, 300- дей түр жатады. ТМД елдерінің территориясында 640-тай түрлері кездеседі. Қазақстан флорасында 27 туысы, 229 түрі бар. Лалагүлділер Еуразияның, Африканың және Солтүстік Американың қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған. Аздаған түрлері тропикалық Африканың және оңтүстік Американың тауларында өседі. Лалагүлділердің көпшілігі құрғақ аймақтарда өсуге бейімделген. Лалагүлділердің көпшілігінің практикалық маңызы бар. Олардың ішінде көкөністік, дәрілік, сәндік және жіп иіруге жарайтын өсімдіктер бар.
Маңызды тұқымдастары мен түрлері. Негізгі туыстарының бірі лалагүл (84-сурет). Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өсетін 80-90- дай түрлері бар. ТМД елдерінің еуропалық бөлігінде, Сібірде, Қиыр Шығыста, Кавказда 15 түрі өседі. Лалагүл пиязшығының қабықшасы черопица тәрізді бірін екіншісі жауып тұрады. Гүлдері үлкен, сары, күлгін, ақ түсті келеді, бояуы қанық болады. Ақ лалагүлдің шыққан отаны Кавказ. Гүлінің құрылысы формула түрінде былай беруге болады: К 3+3 А 3+3 Ж(3). Бір ағайынды лалагүлдің гүлдерінің түсі сары болады. Король лалагүлі сәндік өсімдік. Қазіргі кезде бұл түрдің 2000-дай сорттары бор. Шығыс Азияда жеуге келетін пиязшығы үшін лалагүлді көкөніс дақылы ретінде өсіреді. Тамаққа лалагүлдің Сібірлік түрлерін де пайдаланады. Дауыр лалагүлінің пиязшығын жүрек ауруына ем болатын глюкозиттер табылған. Бұйра лалагүл, негізіненорманның ашық жерлерінде, жарық жақсы түсетін ормандарда, таулардың субальпі белдеуіндегі шылғындықтарда өседі. ТМД елдерінің барлық жерлерінде кездеседі деуге болады. Бірақ, Орта Азияда өспейді. Бұл түр табиғи жағдайда кездесетін лалагүл туысының Қазақстандағы жалғыз өкілі.
Тұқымдастың тағы бір маңызды туысы қызғалдақ (85- сурет). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қызғалдақтар Еуразия мен Солтүстік Африканың жазы құрғақ, әрі ыстық болып келетін, ал көктемде және күзде аздап ылғал түсетін шөлді, жартылай шөлді және шөлейт аймақтарында кең таралған, сиректеу орманды жерлерде де кездеседі. Олар тегістікте де және таулардың барлық биіктік белдеулерінде өседі, бірақ мәңгі мұз басқан биіктікте сирек кездеседі. Қызғалдақтың пиязшығы 45 см тереңдікте, кейде одан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күрделігүлділер тұқымдасының биологиялық сипаттамасы
Ламиидтер класс тармағы (Lamiidae)
Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы жайлы мәлімет
ҚР қызыл кітабы, оның мақсат міндеттері және тірі организмдердің биологиялық алуантүрлілігін сақтаудағы маңызы
Құрамында алкалоиды бар дәрілік шикізаттар
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Қос жарнақтылар класы
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Павлодар өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Орманды қорғау
Пәндер