Жұмысшылардың қорғаныс құралдары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Қорғаныс құралдарының жіктелуі
Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды болдырмайтын немесе алдын алуда қолданылатын қорғаныс бұйымдары адам ағзасы мен қоршаған орта үшін ыңғайлы және еңбек шарттарына оптималды болу керек [1, 5] .
Қорғаныс бұйымдары қауіпті және зиянды заттардан болмау керек. Олар эстетика және эргономика талаптарына сай, қорғаныстың жоғарғы дәрежесінде болу керек.
Қорғаныс бұйымдары қорғаныстық, физиолого-гигиеналық және эксплуатациялық көрсеткіштерімен бағаланады.
Барлық қорғаныс бұйымдары өзінің функционалдық мақсаттарына тәуелді үш топқа бөлінеді:
- адамды мүмкін болатын қауіпке көңіл бөлітен бұйымдар;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың адамға тигізетін әсерін төмендететін немесе болдырмайтын бұйымдар;
- профилактика және алғашқы медициналық көмек көрсету бұйымдары.
Қорғаныс бұйымдарын қолдану сипаты бойынша ұжымдық қорғаныс бұйымдары және жеке қорғаныс бұйымдары болып екіге жіктеледі. Ұжымдық қорғаныс бұйымдары бірнеше кластарға бөлінеді:
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орнының ауасын қалыпты ұстау - барометрлік қысым көрсеткіштерін қалыпты ұстайтын қондырғы; вентиляция жүйелері, ауаны тазалау және кондициялау, зиянды факторлар әсерін жоятын қондырғы; жылыту жүйелері; автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; ауаны тазартатын қондырғы;
- қоршаған ортаны жоғарғы және төменгі температурадан қорғау - бөлектейтін және термоизоляциялайтын қондырғылар; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; радиациялық басқару жәнне суыту қондырғылары;
- өндірістік ғимарат пен жұмыс орындарын қалыпты жарықтандыру - жарық көзі және жарықтандырғыш қондырғылары, оптималды жарық ойықтар, жарықтан қорғану қондырғылары және жарық сүзгіштер;
- дыбыстан сақтану - бөлектейтін, дыбысты изоляциялайтын және дыбысты сөндіретін қондырғылар; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
- вибрациядан қорғану - бөлектеу, виброизоляциялайтын, вибросөндірілетін және виброжұтатын қондырғылар; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
- ультрадыбыстан қорғану - бөлектеу қондырғылары; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
- электр тогымен жарақаттанудан қорғану - бөлектеу қондырғылары; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; изоляциялайтын қондырғылар мен беттік қабаттар, сақтанудың жерлестіру, автоматты сөндіру қондырғылары, потенциалды теңестіруге және кернеуді төмендетуге арналған қондырғы, дистанциялық басқару қондырғылары, алдыне-ала қорғайтын қондырғы, назағайдың бағытын өзгертетін және разрядтағыш қондырғылары, қауіпсіздік белгілері;
- статистикалық электр көздерінен қорғану - жерлестіру қондырғылары, ауаны ылғалдандыру қондырғылары, антиэлектростатикалық қабаттар мен жұтқыштар, статистикалық электрді нейтралдағыштар;
- магнитті және электр алаңдарынан қорғану - бөлектеу қондырғылары, қорғану беттері, қауіпсіздік белгілері;
- электромагниттік сәулелерден қорғану - бөлектеу қондырғылары, қорғану беттері, қауіпсіздік белгілері; герметизациялау қондырғылары, дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары;
- инфрақызыл сәулелерден қорғану - бөлектеу, герметизациялау, жылу изоляциялайтын қондырғылары, ауаны алмастыру қондырғылары, дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
- ультркүлгін сәулелерден қорғану - бөлектеу, герметизациялау, жылу изоляциялайтын қондырғылары, ауаны алмастыру қондырғылары, дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
- лазер сәулесінен қорғану - бөлектеу қондырғылары, қауіпсіздік белгілері;
- ионизацияланатын сәулелерден қорғану - бөлектеу және герметизациялау қондырғылары; ауаны алмастыру және тазарту қондырғылары; изотоптар мен радиобелсенді қалдықтар сиымдылығын сақтау және тасымалдау қондырғылары; қорғаныс қабаттары, дезактивация қондырғылары; дистанциялы басқарылатын автоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
- механикалық факторлар әсерінен қорғану - бөлектеу қондырғылары, автоматты дабылдау және бақылау қондырғылары; алдын-ала қорғайтын қондырғылар; тежеуіш қондырғыларын дистанциялы басқару; қауіпсіздік белгілері;
- химиялық факторлар әсерінен қорғану - бөлектеу және герметизациялау қондырғылары, вавтоматты бақылау және дабылдау қондырғылары; ауаны алмастыру және тазарту қондырғылары; улы заттардың көзін жою қондырғылары мен аппараттары; автоматты басқару қондырғылары; қауіпсіздік белгілері;
- биологиялық факторлар әсерінен қорғану - дезинфекция, стерилизация және дератизация қондырғылары мен аппараттары; бөлектеу және герметизациялау қондырғылары, ауаны алмастыру және тазарту қондырғылары; қауіпсіздік белгілері.
Жеке қорғаныс бұйымдары қондырғы құрылымының, өндірістік процесті оптималды ұйымдастырудағы, архитектурлық-жоспарлық шешімнің және ұжымдық қорғаныс қондырғыларының қауіпсіздігін қамти алмаған кезде қолданылады.
Жеке қорғаныс бұйымдары мақсаты бойынша келесі кластарға жіктеледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz