Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КIРIСПЕ

Қазiргi кездегi туризм - бұл әлемдiк экономиканың құлдырауды бiлмейтiн саласы. Мамандардың есебi бойынша, орташа есеппен, бiр шетелдiк туристiң беретiн табысын алу үшiн оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмiр немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдiк нарыққа шығару керек. Бұл ретте, шикiзат сату елдiң энергия көздерiн азайтады, ал туристiк өндiрiс таусылмайтын ресурстармен жұмыс iстейтiнi белгiлi. Сөйтiп, шикiзат сату өзiндiк экономикалық тығырыққа тiрелу болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ болып табылады.

Туризм тек орын ауыстыру ғана емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналып отыр.

Жоғарыда айтып өткенiмдей, қазiргi кезде туризмнiң жаңа түрлерi өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Дипломдық жұмыс туризмнiң жаңа дамып келе жатқан бағыты фантуризмге арналады. Фантуризм потенциалы өте жоғары жаңа туристiк бағыт болып табылады. Бұл туризмнiң кейiннен пайда болған жас саласы болғандықтан мүлдем зерттелмеген және де әлi күнге туризм классификациясына кiргiзiлмеген. Фантуризм - күрделi құбылыс.

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi соңғы кездерде көптеген адамдар тек спортқа қызығып қана қоймай, сонымен қатар спорттық шараларды барып көруге белсендi қызығушылық танытып жүр. Спорттың қай түрiнiң танымалдылығы жоғары болса, жанкүйерлердiң оған көптеп келуi соған байланысты болады. Кейбiр спорт түрлерi (футбол, хоккей) өте танымал, ал кейбiр спорт түрлерiнiң (велоспорт) жанкүйерлерi азырақ болады. Әлемдiк масштабтағы iрi спорттық жарыстар ерекше көңiл аудартады. Қазақстан үшiн бұл тақырыптың өзектiлiгi өте жоғары, өйткенi бiздiң елiмiзде 2017 жылы Алматы қаласында Бүкiләлемдiк Универсиада өтейiн деп жатыр. Бұл халықаралық спорттық шаралар елдiң халықаралық деңгейде тартымдылығын арттырып, жаңа туристiк ағымдарды тартуға үлкен әсер етуi мүмкiн.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Фантуризм және оны Қазақстанда дамыту мүмкiндiктерiн қарастыру.

Көзделген мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесiдей мiндеттердi шешу қажет:

- фантуризмнiң шығу тарихын зерттеу;

- фантуризм мәнiн және оның ерекшелiгiн анықтау;

- фантурларды ұйымдастырудың әлемдiк тәжiрибесiмен танысу;

- заманауи туризм классификациясындағы фантуризмнiң алатын орнын анықтау;

- Қазақстанда фантуристерге арналған турды ұйымдастыру;

- Қазақстанда фантуризмнiң даму болашағын қарастыру.

Зерттеу объектiсi - спорттық оқиғалық туризмнiң бiр саласы ретiнде фантуризмдi зерттеу.

Зерттеу пәнi - Қазақстандағы фантуризм.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы анықталған қорытынды мен берiлген ұсыныстар арқылы Қазақстандағы фантуризмдi дамытуда қолданыла алады және ұсынылған турды туристiк фирмалар қызметiнде қолдану мүмкiндiгi.

Зерттеудiң ғылыми жаңашылдығы аймақтағы туризм дамуымен байланысты теориялық проблемаларды зерттеуден және туризм дамуын арттыру бойынша ұсыныстар берiлуден тұрады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында теориялық база ретiнде отандық, ресейлiк және шет елдiк зерттеушiлер еңбектерi алынды, сондай-ақ мерзiмдiк басылымдарда жарияланған мәлiметтер мен интернет сайттарының ақпараттары, зерттеулердiң логикалық, экономикалық-статистикалық, жүйелi және жағдайлық талдау әдiстерi қолданылды.

Дипломдық жұмыс кiрiспеден, 3 бөлiмнен, 9 бөлiмшеден, қорытындыдан құралған, соңында пайдаланылған әдебиет тiзiмi ұсынылған. Иллюстрация ретiнде 6 кесте және 9 сурет келтiрiлген. Жұмыс баспалық бетте орындалған.

Дипломдық жұмыс 62 беттен тұрады.

1 ФАНТУРИЗМНIҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1. 1 Фантуризмнiң пайда болу тарихы

Туризмнiң жаңа және мол табыс әкелетiн түрiнiң бiрi оқиғалық туризм болып табылады. Бiрқатар авторлардың айтуынша, оқиғалық туризмнiң ұйымдастырушылық жүйесi келесi элементтерден тұрады: оқиғалық туризм функциялары, оқиғалық туризмдi дамыту барысында жұмыспен қамту сферасы, сонымен қатар, оқиғалық туризм сферасының негiзгi қатысушылары [1] .

Туризмнiң осы түрiнiң анықтамасын анықтау барысында келесiдей түсiнiк ұсынылды: оқиғалық туризм - бұл туризм инфрақұрылымының дамуын жақсартатын, қоғамдағы әр турлi тап өкiлдерiнiң интеграциясы мен жағымды имидждың қалыптасуына әкелiп, туристердi мәдени және спорттық өмiрдегi түрлi форматтағы шараларымен қызықтыратын, туризм саласының бiр түрi. Соңғы он жыл iшiнде Қазақстанда елiмiздiң туристiк имиджiн қалыптастыру мен әлемдiк туристiк нарыққа ұлттық турөнiмдi енгiзуге ерекше көңiл бөлiнуде. Осы мақсатқа жету үшiн Қазақстан iрi халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге жыл сайын қатысып жүр. Одан бөлек, шетелдiк туристердi тарту үшiн халықаралық, республикалық және бұқаралық туристiк iс-шараларды өткiзу арқылы оқиғалық туризмдi дамытуға да көп мән берiлуде. Сол себептi, соңғы жылдары елiмiзде әлемдiк масштабтағы оқиғалар жиi өткiзiлiп жатыр. Осындай шаралардың өткiзiлуi бүкiл ел мен оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайына бiршама деңгейде әсер етедi. Оқиғалық шаралар туризм инфрақұрылымы дамуының катализаторы бола отырып, аймақтың туристiк бағыт ретiнде жағымды имиджiнiң қалыптасуына алып келедi[2] .

Туризм ̶ заманауи экономиканың ең маңызды салаларының бiрi және ол адамдардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға және халықтың тiршiлiк деңгейiн жоғарылатуға бағытталған.

Оның маңызды түрлерiнiң бiрi оқиғалық туризм, яғни өзiнiң уникалдылығымен, экзотикалығымен, қайталанбастығымен көптеген адамдарды және шетелдiк азаматтарды қызықтыратын әртүрлi маңызды қоғамдық оқиғалар мен сирек қайталанатын табиғи құбылыстармен байланысты туристiк iс-әрекет. Оқиғалық туризмнiң ең басты ерекшелiгi - саяхат мақсаты қандай да болмасын бiр оқиғамен байланысты болады.

Батыс Еуропада, мысалы, маңызды оқиғаларға Канн және Венециядағы кинофестивальдар, Зальцбургтегi музыкалық фестиваль, Венадағы опера балы жатады.

Венеция мен Кельндегi карнавалдар, Памплондағы бұқалар жүгiруi, Буньолдағы «Томатина» қызынақтар шайқасы, Мюнхендегi «Октоберфест» сыра фестивальi мыңдаған туристердi елiктiредi. Ле Бурже аэрокосмостық салоны, Женева автосалоны, Челсидегi гүлдер жәрмеңкесi сияқты iрi көрмелiк шаралар оқиғалық туризмнiң маңызды шараларына айналып, көптеген елдерден туристердi тартады.

Оқиғалық туризм ̶ аса қызықты бағыт болып табылады, өйткенi ол саяхат жасаушыларға спорт, мәдениет, өнер әлемiнiң ұлы оқиғаларына куә болуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде, жастар оқиғалық туризмi деген де пайда болды. Бұл туристерге оқиғаның бар ғажайыбын көрiп қана қоймай, сол оқиғаға белсендi қатыса алады [3] .

Оқиғалық туризм саяхаттың мақсаты белгiлi бiр оқиғаға негiзделгендiктен спорттық, мәдени, iскерлiк туризм түрлерiн бiрiктiредi.

Өкiнiшке орай, оқиғалық туризм Қазақстанда ел туризмiнiң маңызды саласына айнала қойған жоқ. Оған себеп, елiмiздегi ұлттық және халықаралық деңгейдегi оқиғалар шет мемлекеттерден қалталы азаматтарды елiктiретiн әлемдiк қоғамның қымбат қазынасы деңгейiне сай емес. Басқаша айтқанда, туризм саласының бұл түрi батыс елдерiнде экономикаға мол табыс әкелетiн сала болса да, елiмiздiң туризм сферасында айтарлықтай құлаш жая қойған жоқ.

Туризмнiң қалыптасқан бағыты ретiнде фантуризм ендi ғана көрсетiле бастағанымен, оның тамыры тереңде жатыр. Көне Грекияда Олимпиада ойындары өткiзiле бастаған кездiң өзiнде барлық полистерден (қала-мемлекеттер) жанкүйерлер өз елiнiң спортшыларына қолдау көрсету үшiн ағылатын. Олимпиада ойындары ежелгi адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейiн ойынның пайда болу мерзiмi нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебi нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бiрнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметiне б. з. д. 776 жылдан бастап төрт жылда бiр рет Олимпия қаласында өткiзiлетiн. Кейiн б. з. 394 жылы Византия императоры Федосий I-нiң бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерiн көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлi өнер көрмелерi ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезiнде соғыстар тоқтатылып, қасиеттi тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бiр айдан үш айға дейiн бүкiл Эллада жерiнде қару жұмсауға, тiптi ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткiзiлген, бағдарламасына жүгiру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты бiрнеше спорт түрлерi кiрген болатын. Жеңiмпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрiлген алқа кигiзiлiп, құрмет көрсетiлген.

XIX ғасырдың орта кезiнде Грекияда Олимпиада ойындарын қайта жандандыру мақсатында бiраз әрекеттер жасала бастаған болатын. Сөйтiп, 1859 жылы, 1870 жылы, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек елiнiң бiрқатар мықты спортшыларының қатысуымен секiру және жүгiру, диск лақтыру, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерiнен жарыстар өттi. Олимпиада ойындары бүкiл Грекияны бiрiктiретiн, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Бiраз уақыттан кейiн гректерге Олимпиада ойындардың бiрыңғай күнтiзбесiн бекiту идеясы келдi. Алғашында ойын өтуi бiр күнге созылса, кейiнiрек ойынның ұзықтығы бiр айға дейiн жеттi. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзiм жинау арасында үнемi өткiзiп тұру туралы шешiм шығарды. Қоғам қайраткерi - Пьер де Кубертеннiң олимпиялық ойындар өткiзу жөнiндегi ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрi оған дене тәрбиесiн дамыту жөнiндегi халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдiң қатысуымен конгресс өз жұмысын өткiздi. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннiң баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткiзу жөнiнде шешiм қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетiнiң тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазiргi заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуiр айының 6 - 15 аралығында Афинада өтiп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты [4] .

Бiр кездерi тек қана грек елiнiң спортшылары ғана бақ сынаса алған бұл дүбiрлi жарысқа ендi әлемнiң барша елiнен кiл мықты спортшылар келiп сынға түсетiн болды. Оған жан-жақтан жиылған спортшылардан бөлек, өз елiнiң спортшыларына қолдау көрсетуге мыңдаған қарапайым халық ағылатын едi. Келушiлердiң қарасы тым көп болғаны сонша, сол кездегi билiк өкiлдерi ойындар өткiзiлетiн орындардың жанынан түнеу орындары мен таверналарды салдыра бастады. Қалада жарыстардан бөлек түрлi ойын-сауық түрлерi ұйымдастырылып, халықтың көңiлiн көтеретiн едi.

Мiне, қазiргi кездегi кейпiнде болмаса да, фантуризмнiң алғышарттары ерте кезден, яғни, б. з. д VIII ғасырдан көрiне бастағаны анық.

Одан соң Олимпиада ойындары түрлi саяси оқиғаларға байланысты өткiзiлмей қалғаны белгiлi. Бiрақ фантуризмнiң дамуы тоқтаған емес.

Ежелгi Римде бай ақсүйектер құлдарды дайындап, бiр-бiрiмен шайқастыратын болған. Оларды гладиаторлар деп атайтын. Тiптi кейбiр гладиаторлардың атағы жер жаратын болған. Жарты дүниенi жаулап алған Рим жерi өте үлкен болса, елдiң қиыр шеттерiнде де танымал гладиаторларды танып, тамсанатын едi. Ержүрек гладиаторлардың шайқасын көру үшiн Римнiң қиыр-қиырынан адамдар ағылып, осы қызық үшiн соңғы тиындарын беруге дайын болған. Қалаға келген адамдарды орналастыру үшiн арнайы орындар салынып, қала өркендей түскен. Неғұрлым көп адамды сыйғызу үшiн, алапат ареналар соғылып, олар амфитеатрлар деп аталынды. Осындай қанды шайқастарды жиiрек өткiзiп тұру арқылы мемлекет басшылары ел халықтарының мемлекетке қарсы бас көтерулерiн болдырмай отырған. Яғни, бұл халықтың көңiлiн алдау болған. Қала инфрақұрылымы дамып, қалаға апаратын жолдар көптеп салына бастады. Сол уақытта адамдар "барлық жолдар Римге апарады"-деп әзiлдесетiн едi.

Осылардан бөлек басқа да түрлi оқиғалар өз кезегiнде көптеген адамдарды қызықтыратын болған. Адамдар сол оқиғаларды көру үшiн көптеген дүниелерiн құрбан етуге дайын тұратын едi. Қорытындылай келгенде, фантуризм соңғы уақыттарда ғана туризмнiң жаңа бағыты деп танылып жатқанына қарамастан, оның қалыптасуы ерте кездермен сәйкес келедi.

1. 2 Фантуризм мәнi және оның ерекшелiгi

Қазiргi уақытта адам қызметтерiнiң әр түрлi формалары бар, олар жалпы жағдай жасауға және әлемдi тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа әлемдi ашуға адамның қажеттiлiгiн, соның iшiнде саяхатқа құштарлығын арттырады. Ал, саяхат дегенiмiз - туризм. Туризм тек орын ауыстыру ғана емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды.

Жоғарыда айтып өткенiмдей, қазiргi кезде туризмнiң жаңа түрлерi өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Дипломдық жұмыс солардың iшiндегi фантуризмге арналады. Фантуризм потенциалы өте жоғары жаңа туристiк бағыт болып табылады. Бұл туризмнiң кейiннен пайда болған жас саласы болғандықтан мүлдем зерттелмеген және де әлi күнге туризм классификациясына кiргiзiлмеген. Фантуризм - күрделi құбылыс. Оның құрылымы мынадай (сурет 1) :

C:\Users\админ\Desktop\Безымянный.png

Сурет 1. Фантуризмнiң мәнi

Суреттен көрiп тұрғанымыздай, фантуризм оқиғалық туризм мен спорттық туризмнiң қосындысы болып табылады. Бұл туризмнiң әлi зерттеле қоймаған жас саласы. Бiрақ та, қазiргi кездегi туризм дамуындағы жаңа тенденция десек қателеспеймiз. Өйткенi, жыл сайын өзiнiң сүйiктi командасына, қолдау үшiн жердiң түкпiр-түкпiрiне саяхат жасаушылар саны артып келедi. Әсiресе, осындай саяхаттар iрi спорттық жарыстар кезiнде көбейе түседi. Мысалы: Олимпиада ойындары немесе футболдан әлем чемпионаты. Оқиғалық туризм жайлы айттым, ендi фанатизмге тоқталып кетейiн. Фанатизм (лат. fanaticus - құрбандық) - индивидтiң белгiлi бiр сенiмдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берiлгендiгi; бұл оның iс-әрекетiндегi және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрiнедi. Фанатизм сол жолда құрбан болуға дайындықпен астасады; идеяға берiлгендiк басқа пiкiрдегiлерге төзбеушiлiкпен қараумен, ортақ мақсатқа жетуге кедергi болатын әдеп нормативтерiн елемеушiлiкпен ұштасады. Фанатизм - топтың психологиялық феноменi. Бiр-бiрiне тәнтi болудан қолдау табатын фанатиктер үшiн көтерiңкi эмоциялық, өздерiнiң көзқарастарын қуаттайтын кез келген ақпаратқа талғамай қараушылық, тiптi тiлектестiк тұрғыдағы сынның өзiн қабылдамаушылық тән [5] .

Қазiргi кейпiнде фантуризмнiң көрiне бастағанына көп болған жоқ.

Әлемдегi номерi бiрiншi спорт түрi футбол болғандықтан осы спорт туралы айтпай болмас. Өйткенi әлем бойынша осы спорт түрiнiң жанкүйерлерi басым. Футбол ойыны Англияда пайда болғаны сияқты футбол жанкүйерлерiнiң бiрлескен топтары да осы елде алғаш пайда болды. XIX ғасырдан бастап футбол командаларының жанашырлары көптеп табылатын едi. Бiрақ та, қазiргi кездегiдей деңгейге олар тек 1950-шi жылдардың соңында ғана жеттi. Англияның iрi қалаларының шет-шетiнен келген жұмысшы жастар басқа көңiл көтеру түрлерiне қаражаттары жетпей, өздерiне қол жетiмдi бағада бос уақыттарын өткiзу түрiн футбол ойындарынан тапты. Бiрте-бiрте олар өздерiнiң сүйiктi командаларына тек өз алаңдарында ғана қолдау көрсетуден жалығып кеттi. Сол себептi де, олар көршi қалаларға да өздерiнiң сүйiктi командаларын қолдауға шығатын болды. алғашында шағын топтар саяхаттайтын болса, кейiннен бүтiн бiр фан-клубтар құрылып, жүйелi түрде саяхаттар жасала бастады. Қазiргi күнде барлық дерлiк спорттық командалардың өздерiнiң фан-клубтары бар. Ал, кейбiр әлемге танымал командалардың бiрнеше, тiптi жүздеген фан-клубтары бар.

Футболдағы бұзақылық туралы нақты заңды анықтама жоқ. Бұл термин 1960-жылдардың орта шегiнде бұқаралық ақпарат құралдарының шығарғаны. Негiзiнен футболдағы бұзақылық дегенiмiз - футбол сүйер қауымның бiрiн-бiрi келемеждеу немесе қос команданың фанаттарының арасындағы тәртiпсiздiктi айтады. Қазiргi кезде миллиондаған адамдар тамашалайтын ойын түрiнде екi түрлi тәртiпсiздiк бар. Олар:

а) аяқ-астынан басталатын тәртiпсiздiк (мұндай жағдай Ағылшын Премьер Лигасында жиi кездеседi)

б) алдын-ала ұйымдастырылған, қос клуб жанкүйер бандыларының жасаған қақтығыстары, төбелестерi.

Футболдағы қақтығыстардың басы негiзiнен 1960-жылдан бастап, шарықтау шегi 1970-жылдың ортасы мен 1980-жылдарға ұласады. Дегенмен топтасқан екi команданың жанкүйерлерiнiң қақтығысы XIX ғасырда Дерби қаласында тiркелген. Сол ғасырдағы қақтығыстар жөнiнде нақты мәлiметтер болмағандықтан бiз мұндай келеңсiз жәйттардың қаншалықты болғандығын айта алмаймыз. Дей тұрғанмен де, сол кездiң өзiнде-ақ қақтығыстар аз болмағаны мәлiм. Соңғы кездерi қос клуб арасындағы қақтығыстар арасындағы кикiлжiңдер ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында көп тiркелген деген мәлiметтер бар. Ең көп тәртiпсiздiк тiркелген елдердiң көшiн Англия, Швеция бастаған [6] .

Бұқаралық ақпарат құралдар арасында бұзақылар жайлы хабар тарату маңызды орынға ие. Өйткенi, тiлшiлер мәлiмет тарата отырып қарапайым халықтың бұзақылар жөнiнде қоғамдық ой қалыптастырады деп сенген. Сонымен қатар Ұлыбританияда мұндай ақпарат тарату арқылы кiшiгiрiм сенсация жасап газет, журналдардың өтiмдiлiгiн арттырамыз деген ойлары да болған. Мұндай стильде футболдың отаны саналатын ағылшын елiнде бiрнеше көлемдi мақалалар да жарық көрген. Десе де тiлшiлердiң бұзақыларды тоқтату үшiн атқарған қызметтерi де болды. Мысалы, ХХ ғасырда Шотландия мен Дания елдерiнде тiлшiлердiң арқасында бiрнеше бұзақылар тобы құрықталып, мұндай әрекеттер бiршама тыйылған.

Қазiргi таңда бұзақылардың әрекеттерi қандай?

Бүгiнгi кезде футболда қақтығыстар шамалы болса да азайған. Бұған себеп, стадиондағы тәртiп сақшылары көбейдi, барлық жерлерде жасырын бейне камералар орнатылған. Сонымен қатар тәртiпсiздiк көрсеткендер әкiмшiлiк жазалауға тартылады. Мiне осылар арқылы футбол тамашалауға келген жанкүйер өзiн артық қылықтарға апарудан аулақ. Бiрақ, бұзақыларды мүлде жоқ деп айтуға да келмейдi. Олар ендi тәртiп сақшылары жоқ жерлерде, сыраханаларда, кафелерде, керек десеңiз қонақ үйлерде бас бұзарлық әрекет етуге шыққан. Жоғары да айтқанымыздай тәртiп бұзушылықтың екi түрi бар. Солардың бiрi, аяқ астынан шығатын тәртiпсiздiк. Бұл жағдай бүгiнде стадион iшiнде немесе маңында жиi болатын жәйт. Мұндай жағдайға ағылшын жанкүйерлерi жиi тап болады. Әсiресе, олардың командасы шет ел асып ойнаған кезде қызуқанды фан-клубы да ерiп баратыны бар. Осындай кездерде ағылшындық жанкүйерлер бiрнеше мәрте жауапқа тартылған сәттерi болған.

Жанкүйер - бұл тек өзiнiң сүйiктi командасын қолпаштайтын және де клубының өз алаңында (тек өз алаңында) өткiзетiн бiрде-бiр ойынын өткiзбейтiн адамды атайды. Сонымен қатар жанкүйердi театр көруге келген көрермен деп те айтуға болады. Бiрақ, театрдағы көрерменнен футбол көрерменi бiршама қызуқанды келедi. Жалпы футбол ойынын да жанкүйер қауым үшiн ойнайтыны белгiлi. Көрермен болмаса, аяқтоптың да сәнi кетерi анық. Жанкүйердiң ойын барысындағы негiзгi қызметi қарсылас команданы жамандап, мазақтап, келеке қылу. Керек десеңiз нағыз жанкүйер қарсыластарын боқтап жiберуден де таянбайды. Кейде алаңдағы төрешiлердi де боқтап-борандап жiберетiнi бар. Шынайы жанкүйер үшiн футбол матчында «Г о-о-о-о-о-о-о-ол» деген сөзден артық сөз жоқ шығар!

Фанатизм мен фанат екеуi екi бөлек ұғым. Көп адамдар фанаттарды матч соңында, ойынның нәтижесiне қарамай төбелес шығараратын бұзақылармен теңейдi. Иә, шыны керек фанаттардың арасында мұндай бұзақылардың бар екенi де жасырын емес. Сырттай қарап отырып адамдар фанаттарды ешқашан түсiнбейдi. Фанат болған адам үшiн футбол - бүкiл әлем секiлдi. Оның туған командасы өз бауырларынан да артық. Сөзiм дәлелдi бол үшiн Түркия елiн мысалға алайын. Бұл елдiң фанаттарына Кәрi құрлықтың тiптi бүкiл әлем футболындағы фанаттар жете алмас. Олар жанұяларымен фанаттар десе де артықтық емес. Тiптi үйлерiнiң iшiн командасының жейдесiмен сәйкестендiрiп сырлап, жатар төсегiнiң де түсiн сол түстi етiп алған. Керек десеңiз ол жақта ерлер қалыңдық таңдар алдында, болашақ жарынан: «Қай команданың жанкүйерiсiң?», - деп сұрап алады екен.

Негiзiнен фанаттар ойынның бүткiл 90 минут бойы аяқтарынан тiк тұрып, түрлi әуендер айтып тұрады. Оларға өз сүйiктi командаларының ұтылысын көру өте қиын. Көбiнiсi бұл жағдайды көтере алмай қалу да ғажап емес. Командасы жеңiлсе кейбiреулерiнiң жүрегi тоқтап қалуы мүмкiн, ал бiреулерi өз-өзiне (суицид) қол жұмсауы мүмкiн [7] .

Ең мықты фанат - бұл өз-өзiнiң психикасына иелiк ете алатын адам. Қандай қиын-қыстау сәттер болсын оны сабырлықпен қабылдағандар нағыз фанаттар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Автожолдар
Көлік кешені, темір жол
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Көліктің маңызы және экономикалық географиялық ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Экологиялық туризм ерекшеліктері
«ҚР – да кәсіпкерлікті дамыту мәселелері»
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz