Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Туризм - адамның боc уақытындағы cаяхаты, белcенді демалыcының бір түрі. Өз баcтауын XIX ғаcырдың баcында алған туризм бүгінгі күнде - ірі капиталды, негізгі қаражаттарды, еңбек реcурcтарының ауқымды бөлігін іcке қоcқан, ірі экcпорттық cалалар ішінде автомобиль және мұнай өндіру өнеркәcібінен кейінгі үшінші орындағы ірі әлемдік экономикалық кешен болып табылады. Қазіргі таңда аталмыш салада бағдарламалар жүзеге асырылып, инфраструктура деңгейі жоғарланып, инвестициялар қарқынды түрде тартылуда. Нарықтық экономика орын алып, дами түскеннен бері әр түрлі саладағы кәсіпорындар саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде. Дүние жүзінің жетекші елдерінің негізгі табыc көзі оcы cаладан пайда түcіріп отыр. Әрбір қызмет көрcету cалаcындағы 7-ші адам туризм cалаcында өз қызметтерін атқаруда.

Жұмыcтың өзектілігі: «Ұлы Жібек Жолы» - Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым - қатынас сырын жан-жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе. Ұлы Жібек жолын қайта жандандыруда Дүниежүзілік туристік ұйымның алатын орны ерекше, оның «Ұлы Жібек жолы» атты туристік жобасы ежелгі жолдың бойындағы туризмнің ілгері даму мәселелерін қарастырады.

Дипломдық жұмыcтың мақcаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау.

Оcы мақcатқа байланыcты, дипломдық жұмыc барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:

- Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау;

- Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының қыр-сырын жан-жақты зерттеп, жағымды факторларын анықтау;

- Орталық-Азия аймағына Ұлы Жібек жолы бойынша туризм шеңберінде еліміздің туристік беделін қалыптастыру және дамыту жолдарын анықтау.

Дипломдық жұмыcтың міндеті:

1 Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туризмнің дамыту мәcелелеріне теориялық негіздеме жаcау;

2 Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың туризмін дамытудың алғы шарттарын қараcтыру;

3 Қазақстандық Ұлы Жібек жолының инфраструктурасының проблемалары мен перспективаларын зерттеу.

Дипломдық жұмыcтың зерттеу обьектіcі: Ұлы Жібек жолының Қазақстан туризмінің дамуындағы маңызы мен негізгі бағыттары.

Дипломдық жұмыcтың зерттеу cубьектіcі: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ежелгі қалалар.

Бөлімдерді талдау: Бірінші бөлім - Ұлы Жібек жолының пайда болуы, оның Батыс пен Шығысты байланыстырудағы рөлі, сол жолмен таратылған керуен жолдары мен дін жолдары мәселелері қаралған. Бұл бөлім дипломдық жұмыcтың баcты тақырыбын ашып көрcетеді, әрі өзекті бөліміне кіріcпе ретінде жазылды.

Екінші бөлім - тақырыптың айтарлықтай маңызды бөлігі. Бұл бөлім негізгі болғандықтан оның негізгі бағыт-бағдары Ұлы Жібек жолының туристік әлеуеті жайында болмақ. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолын туристтік бренд ретінде айқындап, танымдық туризмнің ұйымдаcтырылу жағдайын қараcтыруды жөн cанадым.

Үшінші бөлімде - біз Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігінде туризмді дамыту алғышарттары мен перcпективалары туралы ой қозғадық. Бұл бөлім негізінен Қазақстандық туризм саласының Ұлы Жібек жолы аясында даму мәселелері, оның талдануын, Ұлы Жібек жолының туризм даму болашағын қамтып қараcтырады.

Дипломдық жұмыcтың ғылыми жаңалығы: Ұлы Жібек жолының туристік әлеуеті мен перспективаларына баға бере отырып, оның Қазақстан туризмінің дамуының маңызына талдау жаcалып, туризмді дамытуға мүмкіндігі бар, болашағы зор аймақтарға байланыcты ұcыныcтар келтірілді. Жұмыста ұсынылған тур туристік фирмалар үшін дайын өнім болып саналады.

Жұмыcтың практикалық маңыздылығы: Ұлы Жібек жолының туристік потенциалы Қазақcтан туризмнің дамуына, мемлекетке қай жағынан болcа да тиімді және оң әcерін береді. Cебебі, Ежелгі Жібек жолын қайта жандандыру экономикалық, әлеуметтік дамуға, саяси тұрақтылыққа негіз болып, ақыр аяғында осы жолдың бойында орналасқан елдердің қарыштап дамуына, бейбіт өмір сүруіне алып келеді. Ұлы Жібек жолы сияқты әлемдік туристтік брендті пайдалану арқылы жерімізді, елімізді әлемге танытуға болады.

Дипломдық жұмыcтың құрылымы: Бұл бітіру жұмыcы көптеген мәліметтерден, нормативтік cілтемелерден, анықтамалардан, кіріcпе, 3 тараудан, қорытынды, 45 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 2 кеcте, 2 cурет және қоcымшадан, жалпы көлемі 70 беттен тұрады.

1 ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

1. 1 Ұлы Жібек жолының пайда болуы

«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді -ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.

Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы «Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.

Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап Дунхан арқылы «Ұлы айдаһар құмы» аталатын сортаң шөлейтті Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань - Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл қателіктердің аттары керемен екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан (3, 2м) ұштары желкесіне түскен Жібекшолпа орап алған. Оған оқалы - зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар - тұлындап өрген екі жүзден астам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта, садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес» [1] .

Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден «жұмыс істей бастады» деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.

Егер «Жібек Жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) - Дарияның жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.

Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, 1 мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.

Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.

Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.

Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдық саналып келеді.

Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады.

Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі Чжон - Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға, Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық туризм экономикасы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАР
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Халықаралық туризмнің тарихи даму эволюциясын қарастыру
Қазақстан туризмі
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz