Швед “моделі”


ШВЕД “МОДЕЛІ”
Швецияға келгенде бірден біздің назарымызды аударғаны әйелдердің де, ерлердің де зейнеткерлікке 65 жастан шығатындығы болды. “Ойпырмай, бұл сонда қалай болғаны?” - деп ойлап үлгергенімізше, өзіміз алдымен қатысқан христиан ұйымы конференциясындағы баяндамашылар елдегі өмір сүру жасының ұзақтығы әйелдер арасында 79 жас екендігін жеткізді. Демографиялық мәселе де тоқырауға ұшырап тұрмағанға ұқсайды. Швеция халық санының өсуі жөнінен Еуропада Франциядан кейінгі екінші орында. Біз бұл жерде Франция мен Швециядағы халық өсімін елдегі бала туу көрсеткіштерінің артқандығынан емес, эмигранттардың көптеп келуімен байланыстырдық. Және де негізінен туу көрсеткішінің жоғарылауы да соларға тиесілі екен. Кейіннен анықтағанымыздай, Швецияда эмигранттар саны Франциядағыдай көп болмағанымен, халықтың түрлілігі жыл сайын артып отырған көрінеді.
Қызмет көрсету саласындағы қытайлықтарға, үндістер мен пәкстандықтар, түріктерге қоса Оңтүстік Еуропа және ТМД елдері азаматтарын да аз кездестірген жоқпыз. Тағы бір мән бергеніміз “интернационалдық” жұптардың көбейе бастағандығы болды. Осы және басқа да жағдайлар, мәселен, азаматтық алу барысындағы қарастырылған жеңілдіктер “қартайып” бара жатқан кәрі құрлықтағы Швецияның демографиялық ахуалын біраз жеңілдеткен сыңайлы.
Демографиялық ахуалды қауқарландыратын істің бір игі бастамасын Швециядағы жәрдемақы төлеу жүйесінен көруге болады. Бұл тұрғыда жәрдемақы ата-ананың әлеуметтік жағдайына қарамастан-ақ төленеді. Бала бір жасқа толғанға дейін 1050 крон (7 крон - 1 доллар) алса, алтыншы баладан бастап 9714 кроннан асады. Бұл жерде жәрдемақыдан салық алынбайды және ол 18 жасқа дейін төленеді екен.
Келесі жәрдемақы түрі балаларға олардың ата-анасының табысы “төмен” (шамамен 117000 крон) деңгейде болып жатса, пәтерақыға жәрдем есебінде төленеді. Мәселен, 1 балаға - 2600 крон, әрі қарай әр бала сайын оның көлемі де ұлғайып отырады. Жәрдемақы түрлері мемлекеттік және муниципалитеттік бюджеттен төленеді.
Швецияның 9 миллионнан астам халқының басым көпшілігін, яғни 85 пайызын шведтер құрайды. Корольдік үкіметтің саясаты да осы деңгейді ұстап тұру болғанымен, олардың ана тілін жоғалту қаупі де жоқ емес. “Тілді сақтап қалу шаралары қолға алына бастады”, - дейді біздің шведтік әріптесіміз Бонни Бернструм. Негізінен ана тілдерінде сөйлейтін бұл мемлекеттің “аурудың алдын алу” саясатын жүргізе бастағанына риза болдық.
Бірінші күнгі кездесуде тағы бір көзге шалынғаны, елдің өз баспасөзіне деген көзқарасы. Ол туралы шведтердің өздері “Баспасөз жер жүзінде жалпы алғанда төртінші билік болып есептелгенімен, іс жүзінде ол бізде бірінші”, деп нық айта алады екен. Корольдіктегі баспасөздің барлығы жеке меншікте.
Гендерлік саясаттың соны соқпақтарын зерттеп жүрген біздерді, сонымен қатар шведтердің “бос уақыттарын” қалай өткізетіндіктері де қызықтырмай қоймады. Саналы және саламатты өмір сүруді салт еткен шведтер бұл тұста да бізге ерекше көрінді. Олар күн ұзақ жаяу жүргенді, мұражайларға барғанды, кемемен қыдырғанды, таза ауада көп болғанды ұнатады екен.
Байыптап қарай білсек
Келесі күнгі кездесуімізде Швецияның саяси-экономикалық және әлеуметтік әлеуетімен таныстығымыз басталды. Біздер модератор Томас таныстырған ақпараттарды таңдай қағып тыңдастық. Оның айтуы бойынша Швециядағы ішкі жалпы өнім 342 млрд. долларды құраса, мұның жан басына шаққандағы көрсеткіші 37. 245 долларға тең екен. Мұның бәрі негізінен салық саясаты мәдениетінің жоғары деңгейде жүргізілуінің оңды нәтижесі. Мемлекетте салық төлеуден қашу сияқты теріс құбылыс жоқтың қасы.
Орташа жалақы айына 3620 долларды құраса, ол әйелдерде орта есеппен 3303 долларға, ал ерлерде 3950 долларға тең . Осы жерде мына мәселеге назар аудару керек-ақ. Көптеген батыс елдерінде әйелдер мен ерлердің жалақысында айтарлықтай айырмашылық бар. Сондықтан да бұл мәселені теңестіруге қол жеткізе алмай отырған шведтіктер “елімізде гендерлік мәселені толық шеше алмаудамыз” деп ағынан жарылды.
Швеция конституциялық монархия болғандықтан, ондағы жоғарғы билік номиналды түрде король Карл XVІ Густавтың иелігінде. Бұл елде сайлауда жеңген партия үкіметті жасақтайтын болғандықтан, өкілетті және атқарушы билік бір топқа біріктірілген. Сондықтан спикер рөлін премьер-министр атқарады. Швециядағы басқару иерархиясы мемлекеттік, аймақтық, муниципалитеттік болып 3 деңгейге бөлінеді.
Ел Парламенті - Рикстаг 349 депутаттан тұрады. Олардың 47, 3 пайызын әйелдер құрайды. Депутаттар түрлі заңдардың шығарылуына бастамашылық жасайды және оны қабылдайды. Үкіметтің жұмысына баға береді, сонымен қатар, премьер-министрді тағайындайды. Өз кезегінде 22 министрді премьер-министр тағайындайтынын айта кетуіміз керек.
Министрлердің 12-сі ер азамат, 10-ы әйел. Министрліктер парламенттің шешімдерін орындайды, түрлі заң жобаларын дайындайды. Бұл орайда атқару билігіндегі үйлесімділік мынадай жағдайда өрбитіндігіне мән бердік. Мәселен, аймақтық басқармаларға тапсырмаларды министрлік емес, Үкімет береді. Соның өзінде Үкімет мемлекеттік органдар мен агенттіктердің ішкі жұмыстарына араласпайды. Яғни, бюджетті бекітіп, ортақ істің жемісті болуын қадағалап, оның алға басуына ықпал жасап отыратын жетекші тағайындаумен шектеледі екен. Осындай жетекшілердің саны 120 болса, оның 54 пайызы ерлер, қалған 46 пайызының әйелдер екендігін білдік.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, елдегі 21 губернатордың 9-ы әйел.
Жоғары биліктегі әйелдер үлесінің үлгі тұтарлықтай екендігіне көз жеткізген біздер, ендігі жерде жергілікті биліктің тыныс-тіршілігін білгіміз келді.
Анықтағанымыз, мұнда да сайлау тікелей дауыс беру арқылы жүргізіледі. Төрт жылда бір рет қыркүйек айының үшінші жексенбісінде өткізілетін сайлау негізінде құрылған қалалық кеңес жергілікті жоғарғы орган болып табылады.
Қалалық кеңес биліктің атқарушылық функциясын муниципалитеттер арқылы жүзеге асырып, олар өз кезегінде табыстан түскен салық арқылы қаржыланады.
Бұл жерде муниципалитет қызметкерлерінің сексен пайызын әйелдер құрайды.
Муниципалитет бюджетінің басым бөлігі (67%) денсаулық сақтауға, білімге, отбасыларына қамқорлық пен қарттар күтіміне жұмсалады екен.
Осы игілікті істердің бәрі Швецияны мекендеген 100-ден аса ұлт өкілдеріне теңдей тиесілі. Бұған біз елде тұрып жатқан шведтер мен скандинавиялықтардан басқа, еуропалық нәсілдегі ұлт өкілдері ғана емес, осындағы 330 мыңдай мұсылмандардың да еңсесінің биік екендігін байқап, көз жеткіздік.
Гендерлік теңдік жөніндегі министр әрбір министрліктегі гендерлік саясат туралы жұмыстың әлсіремеуіне жан-жақты ықпал етіп отырады. Бұған “құрғақ қасық ауыз жыртадының” кері келмеу үшін, шведтік нұсқасы бойынша осы гендерлік саясатты жүргізу мақсатында министрдің жалақысына 0, 2 пайыз үстеме (ставка) қосылса, департаменттегі осы іске жауапты қызметкердің жалақысына 10 пайыздық үстеме ақы төленетінін және қосыңыз.
Бала туу демалысындағы аналарға жәрдемақы ретінде айлығының сексен пайызы төленеді. Аталған демалыстың алғашқы 120 күнінің 60-ы әкесіне, 60-ы шешесіне тиесілі болып табылады. Бұл жерде айлық жалақысы басымдау “әлдидің” әкесінің “декретте” ұзағырақ болуына, әрине кәсіподақ ұйымдары аянбай атсалысады. Осының өзінде швед үкіметінің ерлердің әйелдерге қарсы зорлықты болдырмау мақсатында, тек соңғы үш жыл аясында 80 миллион доллар қаржы бөлініп отырғанын айтпасқа болмайды.
Сонымен қатар мұғалімдерді “гендерге” үйрету мақсатында әр жылда 1 000 000 еуро шамасында грант бөлініп тұрады. Оны ұтып алуға “зәбір көріп жүрген” осы саладағы 6 әйелдің қай-қайсысының болмасын мүмкіндігі бар.
Гендерлік саясат тарихы
Жалпы, қазіргі заманғы гендерлік саясат Швецияда 1921 жылдан бастау алған. Осы кезеңнен бастап швед әйелдері барлық деңгейдегі сайлауларға толықтай қатысу құқына ие болады.
Ал 1971 жылғы жаңа салық реформасына сәйкес, отбасындағы жұмыс істемейтіндерге салық салынуы да швед әйелдерінің басым көпшілігіне үйдегі “жылы орнын жұмыс бабына” өзгертуіне себеп болған. Арада он жылдан кейін, 1981 жылы “Тең мүмкіндіктер туралы” алғашқы заң жүзеге аса бастады. 1994 жылы аталған заңның аясы кеңейіп, ендігі жерде әлеуметтік саладағы қызметтерде әйелдерге басымдылық беріле бастады.
Соңында, биылғы жылдың бірінші айының бірінші күнінде жыныстық кемсітушілікке қарсы кодекс қабылданып, онсыз да айы оңынан туып жүретін швед әйелдерінің енді жұлдызы да солынан туатын болды.
Себебі, бұл кодекс бойынша кез келген мекемеде (қорғаныс және арнайы қызметтерден басқа) қызметкерлердің саны 25-тен асса, мекеме басшысы гендерлік тепе-теңдік жоспарын сақтауы тиіс. Әлбетте, бірінші кезекте әйелдердің қаржы жағынан теперіш көрмеуі қарастырылатыны түсінікті болса керек.
Жалпы Корольдікте төрт бағытқа басымдылық берілетіндігі байқалады.
Олар:
1. Тақ туралы
2. Басқару реформасы туралы
3. БАҚ туралы
4. Сөз бостандығы туралы
Иә, көңіл тоқ болып, тақ тұрақты болуы үшін бұқаралық ақпарат құралдары ақ сөйлесе, бұдан басқа беймаза тірлік керек те емес-ау сірә, деп те ойладық сол бір сәтте.
Келесі бір маңызды кездесу Стокгольм ландгстингінде (облыстық кеңесінде) өтті. Ландгстингтің жылдық бюджеті 60 млрд. еуро екен. Соның 4 миллиарды денсаулық сақтау саласына бөлінген. Осы орайда Стокгольмдегі гендерлік институт жетекшісінің кардиология профессоры екендігін айтуға болады.
Профессор өз әңгімесінде “жүрек ақауының негізгі себебі - стресс”, - дейді. Сондықтан да швед үкіметі қолданысқа енгеніне біраз болған “Езілген жүрек синдромын” болдырмауға барынша ықпал жасауда. Үкімет бұл салада да кешенді істер атқаруда. Елде саламатты өмір салтын насихаттаумен қатар ол үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған. Халықтық спортқа көп мән беріледі екен. Стокгольмде жыл сайын өтетін 10 шақырымдық кросқа қатысушы 100 мыңнан аса адамды көргенде, ол іс-шаралардың “есеп беру үшін” керек еместігіне көз жеткіздік.
Швецияда медициналық тексеруден өту, әсіресе әйелдерге міндетті болып табылады. Осыдан болар Швецияда бала шетінеуі жоқтың қасы болса, 60-тан асқан әйелдердің саны 1, 6 миллионнан асып жығылады. 9 миллионнан сәл асатын халқы бар мемлекет үшін бұл өте жоғары көрсеткіш.
Швецияда сонау 1200 жылы-ақ “Әйелдердің қауіпсіздігі туралы” заңның пайда болғанын және 1861 жылы әйелдерге жасалған зорлықтың қылмыстық іс ретінде қаралғанын білуге болады.
Бүгінгі күннің көрінісі
Қазіргі заман заңнамаларына қайта оралсақ, 1982 жылғы заң бойынша әйелдерге ерлердің зорлық көрсетуіне байланысты арыз жазуы ендігі жерде міндетті болмады, тіпті олар оны қайта ала қойған күннің өзінде, еркек “сорлы” жазадан құтыла алмайтын еді.
1998 жылғы заң бойынша әйелдердің жеке басын кемсітудің кез келген түрі, нақтыламай-ақ, қандай мазмұнда болғандығына қарамастан, қатаң жазаға ұшырады.
1999 жылғы заң бойынша ерлерге “әйелдерді жыныстық қарым-қатынасқа ақшасын төлеп көндіруге” де тыйым салынды. Одан кейінгі де осы құралпы заңдар топтамасы, тіпті әйел арақ ішіп мас болып немесе наша тартып нақұрыстанып, еркекпен жыныстық қарым-қатынасқа түссе де жазаға тартылушы, әрине осыған кінәлі “зорлаушы еркек” болып табылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz