JSP, PHP, ASP Web программалау тілдеріне шолу. Сайт құру кезеңдері


30. JSP, PHP, ASP Web программалау тілдеріне шолу.

31. Сайт құру, оның мақсаты, техникалық тапсырмалары. Доменді тіркеу. Сайтты хостингте орналастыру.

Программалау тілі - бұл базалық синтаксистің көмегімен қосымша құруға болатындай қандай да бір базалық синтаксис. Фреймворк - программалаушыға әр түрлі кітапхананы береді, ал олар өз алдына программалар мен сайттарды құруды едәуір жеңілдетеді. Кейбір тілдер мен фреймворктар біртұтас болып келеді (мысалы, ASP. NET және JSP) . Басқа тілдер фреймворксыз пайдаланылуы мүмкін (PHP және Perl) .

Қандай программалау тілі таңдалынса да, кез келген сайттың негізінде HTML гипермәтіндік белгілеу тілі жатады. Оны барлық веб-дайындаушылар біоу керек. Дайын шешімді (стандартты немесе тапсырыс беріп орындалған) пайдаланатын жағдайда да HTML-дан кем дегенде базалық білім болған артық етпейді.

Сайт жасау үшін HTML тілінің өзі жеткілікті. Бірақ бұл статикалық сайт болып табылады, және пайдаланушылармен кері байланысы болмайды. Сонымен қатар мұндай сайттарды жаңарту қиынға соғады. сайтқа динамика беру үшін веб-программалау тілдері пайдаланылады.

Веб-программалау тілдерін котенттік жіне серверлік тілдеріне жіктеуге болады. Клиенттік тілдер клиент (веб-браузер) орындалатын программа жазу үшін пайдаланылады, ал серверлік - серверлерде орындалатын программалар үшін пайдаланылады.

Клиенттік веб-программалау тілдерінің ішінде JavaScript тілін ерекше атап айтуға болады, ол HTML сияқты көптеген веб-технологияның негізінде жатыр. Басқа белгілі клиенттік тілдер, дәлірек айтқанда фреймворктар - бұл Adobe Flash (ActionScript тілі) және SilverLight тілі (кез келген . NET тілдері) .

Adobe Flash тілінің негізгі қолданылуы - интерактивті сайттар мен сервистер, онлайн ойындар, мультимедиялық контент пен жарнама. SilverLight - Microsoft компаниясы дайындаған жаңа технология және Adobe Flash тілінің алмастыруы сияқты қарастырылады. Веб-программалаудың серверлік тілдері шартты түрде өздері істейтін операциялық жүйелер бойынша бөлінеді.

Windows ОЖ-гі программалау тілін қарастырсақ, онда ASP. NET технологиясы алда келеді. ASP. NET көмегімен кез келген қиындықты деңгейдегі сайттарды құруға болады. ASP. NET технологиясы Windows ОЖ-н жақсы меңгерген, ал Unix (*nix) жүйесімен онша таныс емес пайдаланушыға ыңғайлы.

Веб-программалау тілінің ең танымалысы - PHP тілі. Оның негізгі артықшылығы: қарапайым синтаксис, жоғары әрекеттесуі (жылдамдығы) көптеген хостингті қолдауы. Ең маңызды артықшылығы - PHP тілінде жазылған көптеген танымалы қозғалтқыштар (мысалы, stand alone блогы үшін WordPress қозғалтқышы) .

Unix платформасындағы басқа белгілі веб-программалау тілі - Perl тілі. Оның синтаксисі өте күрделі шиеленіскен түрде болады және ешқашан да веб-программалауға арналмаған. Оны сайтты құру үшін пайдаланған дұрыс.

JSP (Java Server Pages) - бұл J2EE технологиясының бөлігі, Java тілінің көмегімен сайт құруға арналған. JSP тілінің ASP. NET тілімен ортақ ұқсастықтары көп және екі технологияның бірін таңдаған кезде негізінен платформаның артықшылығы не кемшілігіне емес, ал субъектілі мәселелерге көңіл аударылады.

Соңғы кезде Ruby тілі дербес жағдайда Ruby on Rails фреймворк жиі қолданыста. Оның көмегімен талап етілетін қызметтерімен тез сайтты құруға болады. Ruby тілінің негізгі кемшілігі жылдамдығының төменділігі.

Сайт құрудың мақсаты мен мәселесі.

Сайт құрудың концепциясы бәрінен бұрын болашақта құрылатын сайттың мақсаты мен сайтқа жүктелетін мәселелерді анықтау.

Сайттың мақсаты:

  • пайдаланушылар компания туралы өзекті ақпараттарды алуды жеңілдету;
  • трафикті арттыру қажеттілігі;
  • клиенттерді қолдау орталығына шалынатын қоңыраудыі азайтылуы;
  • сату үрдісін ықшамдау;
  • кері байланыс үрдісін ықшамдау;
  • . . . және т. б.

Сайт құрудың мәселелері:

  • Клиенттердің адалдығын, сенімділігін арттыру;
  • Жаңа клиенттердің есебінен сатуды арттыру;
  • Техникалық және / немесе ақпараттық қолдау қызметтерінің шығынын қысқарту;
  • Сату көлемін арттыру;
  • Өнімді және / немесе қызметті жетілдіру және модернизациялау;
  • Және т. б. болуы мүмкін.

Сайт құрудың артықшылығы:

  • Веб-сайт - сайтқа қатынасушыларға, клиенттерге, серіктестерге және компания қызметкерлеріне шектеусіз көлемде және форматта өзекті ақпаратты берудің ақысыз тегін күні-түні істейтін каналы;
  • Жарнама тасушылардың басқа түрлерінің шығынын қысқартады;
  • Өнімді демонстрациялаудың шексіз мүмкіндіктері;
  • Тегін және жоғары ақпаратталған кері байланыс;
  • Әлеуметті және тұрақты клиенттердің қызығушылығын анықтап, айқындау мүмкіндігі;
  • Интернет сату есебінен компания табысын арттыру;
  • Қызметкерлерді оқыту және тестілеу үшін платформа;
  • Қашықтағы кеңселер арасындағы конфиденциальды ақпарат алмасу ортасы;
  • . . . және т. б. көптеген артықшылықтар.

Сайт құрған кезде пайдаланушылар жалған пікірге сенім артады. Олар:

  • Шығынды мекеме кенеттен пайдалы бола қалмайды;
  • Келесі күні сіз әлеуетті клиенттер мен серіктестердің кезегі болмайды;
  • Сайтты құрудың бір өзі сізді бірден нарықта көшбасшысы етпейді;
  • Сайтты құру фактісі пайдаланушылар (клиенттер мен серіктестер) тұрғысынан компанияға адалдылықты, пайданы бірден қоспайды.

Техникалық тапсырманы дайындау.

Техникалық тапсырма (ТТ) - ол орындалатын амалдарға жетекшілік етумен қатар, тапсырыс беруші дайын өнім сапасын бағалайтын құжат болып табылады. ТТ сайт дайындау Келісім-шартының ажыратылмайтын бөлігі. Бәрінен бұрын ТТ тапсырыс берушінің өзіне қажет. Бұл жерде серверде барлығы қалай орындалатынын түсіну өз алдына, тағы да ол басқа адамға да түсінікті сөздермен сипатталуы керек.

ТТ-ны дайындаған кезде төмендегі мәселелерге жауап беру қажет:

  1. Интернет-жобаның тағайындалуы.

Болашақ серверден талап етілетін мәселелерді қалыптастырыңыз.

  1. Сайт дизайнына тілектер.

Түстік гамма, жалпы стилистика, флэштің бар болуы және т. б.

  1. Сервер құрылымы (мазмұны) .

Серверді брошюра немесе кітап ретінде қарастырып ақпаратты тарау, бөлім және тақырыпша бойынша құрылымдауға ұмтылу керек. Егер сізде магазин немесе каталог болса да мазмұнын сипаттау керек. Бөлімдердің енгізу тереңдігіне шектеу қойылмайды, бірақ практикада 2-3 деңгей толығымен жеткілікті

  1. Навигация.

Навигациялық мәзір негізі бас мәзірден және ішкі беттердің ішкі мәзірлерінен тұрады. Вертикаль (бөлімнің ішінде) және горизонталь (бөллім арасында) көшу бағыт-бағдарды жоғалтпау керек. Ішкі беттерде алдыңғы беттерде «қайту» кнопкасы болады.

  1. Беттің құрылымы мен мазмұны.

Осы кезеңде сайттың барлық беттерін (бет нөмірін, мәтіндік және графикалық ақпарат, басқа беттер мен сайттарға сілтеме) сипаттау керек

  1. Әкімшілік, басқару

Егер сіз сайтқа өз бетіңізше қызмет көрсетуге және сайттағы ақпаратты өзгертуге тура келсе оны қалай істегіңіз келетінін сипаттау керек.

  1. Жалпы ескерту

Егер сіз сайт қалай қызмет ететінін түсінсеңіз онда оның жұмыс істеу сценарийін жазуға тырысыңыз. Өзіңізді сайтқа қатысушы, келуші ретінде қабылдап, сайтта орналасқан ақпаратқа көңіл аударыңыз (оқуға және түсінуге жеңіл ме, ақпарат іздеуге қолайлы ма және т. т. ) . Сценарийден сайт құрылымы (сервер картасы) қандай болу керек екенін оңай түсінуге болады, ал сценарий мен карта - бұл ТТ жазудың басым көпшілігі десе де болады.

Доменді тіркеу.

Домен (домен аты) - Интернет желісіндегі сіздің сайтыңыздың аты. Мысалы, sozdaysait. com - қандай да бір сайттың домендік аты, yandex. ru - яндекс іздеу жүйесінің, rambler. ru - Rambler іздеу жүйесінің домені.

Домендік аттың дұрыс таңдалуына жалпы ұсыныстар:

  1. Домендік аттың қысқа болғаны дұрыс (ол тез еске сақталады және атты теру барысында қателесу ықтималдығы аз) ;
  2. латын алфавитінің символдарымен жазылу керек:
  3. оңай оқылатындай және айтылатындай болу керек;
  4. сипаттаушы характерде болу керек, яғни Сіздің жұмысыңыздың мағынасын ашу және көңіл аударатындай болу керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WEB - сайттар түрлері, жобалау кезеңдері. Бағдарламалық жабдықты таңдау
Байланыс ақпараты
JSP динамикалық Web бет технологиясы
Оқыту орталықтарының автоматтандырылған жүйесін құруға қолданылатын ақпараттық программалық жабдықтар
Қазіргі заманғы Qazaq Premier League (Футбол) кроссплатформалы бағдарламасын құру
PHP тілі. PHP-мен бірге жұмыс істейтін құралдар
PHP- мен бірге жұмыс істейтін сервердің классикалық құралы- APACHE +PHP+MySQL
Интернет дүкен туралы
«Iprint» типографиясының дайын өнімінің құнын есептеуді жеделдету үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz