Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Бет
:
: Кіріспе
Бет: 3
: 1
: Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
Бет:
:
: 1. 1 Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттары
Бет: 5
:
: 1. 2 Еңбек нарығының негізгі элементтері
Бет: 12
:
: 1. 3 Дамыған және дамушы елдердегі еңбек нарығы
Бет: 17
:
:
Бет:
: 2
: Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы және оның тенденциялары
Бет:
:
: 2. 1 Еліміздегі еңбек нарығының қалыптасу кезеңдері
Бет: 28
:
: 2. 2 Қазіргі еңбек нарығының негізгі үрдістері
Бет: 38
:
: 2. 3 Шағын қалалардағы еңбек нарығының жағдайы (Талдықорған қаласы мысалында)
Бет: 51
:
:
Бет:
: 3
: Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерін жетілдіру
Бет:
:
: 3. 1 Шағын қалалардағы еңбек нарығын дамыту жолдары
Бет: 58
:
: 3. 2 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімділігін арттыру
Бет: 62
:
: Қорытынды
Бет: 71
:
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бет: 73
:
:
:
:

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу барысында еңбек саласында айтарлықтай өзгерістер жүріп өтті, қызметкерді өндіріске қосу сияқты мемлекеттік реттеу жүйесінің орнына еңбек нарығы келді. Оның қалыптасуы мен қызмет етуі әлеуметтік салада терең қақтығыстар тудырды. Олар жұмыспен қамту саласындағы еңбек нарығының сегментациясы, ресми емес сектордың дамуы және жұмыссыздық сияқты құбылыстар түрінде көрініс тапты. Осыған байланысты еңбек нарығында өтетін үрдістерді зерттеу мен оны реттеу мүмкіншіліктерін іздестіру қажеттілігі туды.

Еңбек нарығының қалыптасуы және оны реттеу нарық экономикасының ең негізгі және күрделі мәселесі болып табылады.

Нарыққа көшу барысында жұмыс күші меншік ретінде қарастырыла бастады. Әрбір тұлға еңбегін өз бетінше ұсыну құқығына ие болды. Ал, жұмысқа орналасу көптеген меншік иелері негізінде жүзеге асатын болды.

Қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Елбасының еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.

2011 жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады.

Экономикалық реформа арықарай даму үшiн республиканың еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту сферасында болып жатқан өзгерiстердi зерттеу өте маңызды болып табылады. Қазiргi уақытта жаңа еңбек қатынастардың қалыптасуы мен даму мәселелерiне аса назар аудару керек.

Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында ұлттық қауіпсіздік бағдарламаларының деңгейіне мықты демографиялық және әлеуметтік саясатын шығаруды біздің мемлекетіміздің алғашқы басымдықтарының көтеруі кездейсоқтық емес. Сондай - ақ ел басының Қазақстан халқына жолдауында адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдылық болып табылмайтынын айтқан.

Республикадағы еңбек нарығының толық қалыптасуына демографиялық және көші-қон мәселелері де өз әсерін тигізеді. Осы құбылыстардың барлығы проблеманы теориялық та, тәжірибелік жақтан да өзекті деп есептеуге негіз болады.

Еңбек нарығының қалыптасу мәселесі ғылыми ғана емес, саяси көзқарас отбасы болып отыр және әлеуметтік сұрақтар экономикалық даму заңдылықтарымен тығыз байланысатын түйін болып табылады.

Нарыққа көшу барысында жұмыс күшін тиімді пайдалануға және оны жетілдіруге мүмкіндік беретін еңбек нарығын құру негізгі шарттардың бірі.

Бұл мәселелердің жоғары деңгейлі теориялық және тәжірибелік мәні осы дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтады.

Дипломдық жұмыс мақсаты - еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасу спецификасын анықтау және өтпелі экономика жағдайында еңбек нарығын реттеу механизмдерін негіздеу.

Қойылған мақсатқа сәйкес бұл жұмыста келесі міндеттерді шешу қажет болды:

  • еңбек нарығының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
  • экономикалық және демографиялық факторлардың Қазақстан Республикасындағы толық еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуына әсерін зерттеу;
  • республикадағы еңбек нарығының қалыптасуындағы спецификалық тенденцияларды анықтау;
  • еліміздегі еңбек нарығын реттеу шараларының тиімділігін бағалау.

Дипломдық жұмыс объектісі - республиканың нарық жағдайындағы еңбек нарығы.

Дипломдық жұмыс пәні болып еңбек нарығындағы жұмыспен қамту саласындағы нарықтық қайта құрулар саналады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы . КР еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары бойынша ғылыми тұрғыда белгіленген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі экономикалық теория классиктері еңбектерінің қорытындысы, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы жұмыспен қамту және еңбек сұрақтары бойынша Заңдары, мерзімді басылымдар болды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық көздері: Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің мәліметтері.

1 Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі

1. 1 Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттары

Экономикалық дамудың нарықтық моделіне көшудегі күрделі мәселе - еңбек нарығын қалыптастыру, өйткені, ол нарық жүйесінде ерекше орынға ие және нарықты құраушы негіздердің бірі [12, 343 бет] . Қызмет ету барысында еңбек нарығы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен, қоғамдағы демографиялық үрдістермен және адамның өмірі мен бос уақытын реттеп отыратын заң актілерімен тығыз байланысты. Экономиканы трансформациялау жолына түскен постсоветтік елдердің көптеген мәселелерінің шешімі еңбек нарығын қалыптастыру мен реттеу болып отыр. Бірақ, жұмыс күшін тауар ретінде қабылдамаған социалистік қызметтің теориясы мен тәжірибесінде нарықтың бұл түрін реттейтін қажетті білім жинақталмаған еді.

Социалистік жүйе шеңберінде нарықтық экономикаға қарағанда өнімді еңбекті қамтамасыз ететін тиісті еңбек мотивациясы жасалынбады. Социализм кезіндегі еңбекті басқарудың икемсіз механизмін, еңбек саласындағы теріс құбылыстарды дер кезінде анықтайтын жаңаша, икемді механизмге ауыстыру керек болды. Нарықтық экономикадағы мұндай механизм - еңбек нарығы. Дәл осы еңбек нарығы арқылы ең негізгі ұлттық ресурс болып табылатын еңбек облыстар, салалар, фирмалар, мамандықтар бойынша таратылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, еңбек нарығы жеке меншікке, қоғамдық демократиялық институттарға негізделген және бәсекеге түспейтін жеке сала ретінде өмір сүре алмайды.

Еңбек нарығы көп жағдайда абстрактілі, қол жетпейтін құрылым ретінде көрінетіндіктен, оған қандай да бір талдау мен болжам жасау қиын. Ол әсіресе, тіркелген еңбек нарығы шеңберінен тыс болатын процестерде көрініс табады. Еңбек күші сұранысы мен ұсынысы дисбалансының арқасында шынайы түрдегі жұмыссыздық пен жұмыссыздарды көруге болады. Өтпелі кезеңде еңбек нарығының қалыптасуы мен нарықтық экономиканың құрылуы тығыз байланыста жүруі керек. Еңбек нарығын қалыптастыру экономиканы реформалауға сайма-сай келуі де міндетті шарт. Сонымен қатар, еңбек нарығын қалыптастырудағы мәселелер кең көлемді теориялық, демографиялық сұрақтарды қамтиды, ал өтпелі кезең бұл мәселелерді зерттеуде жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Нарықтық қатынастардың қалыптасу үрдісіндегі еңбек нарығының нақты рөлін білу үшін, ең алдымен, «еңбек нарығы» сөзінің астарын түсініп алу қажет.

Еңбек нарығына берілген анықтамалар сан алуан, оларды төмендегідей етіп топтастыруға болады.

Тар мағынасында, яғни, еңбек нарығы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты үйлестіруші механиз ретінде:

а) Еңбек нарығы бұл - еңбек қызметін сатып алушылар мен сатушылардың келісім-шарттар саласы. Бұл жерде жұмыс жасағысы келетіндер мен жұмысшыларды жалдаушылар кездеседі [13, 121 б] .

б) Еңбек нарығы бұл - еңбек күшін сату, сатып алу жөніндегі экономикалық қарым-қатынас. Бұл кезде еңбек нарығына фирмалар, кәсіпорындар арасында жұмыс күшінің еркін қозғалып отыру сипаты тән. [14, 163 б] .

Кең мағынасында, яғни, экономикалық тұрғыда белсенді халықтың барлығы осы нарық саласының қатысушылары болып табылады:

а) Еңбек нарығы - тауар-ақша қатынастары жағдайында жалдамалы еңбек қоғамдық ұйымдардың нақты жүйесін көрсетуші болып табылады және сұраныс пен ұсыныс заңы негізінде нарықтық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етеді [15, 16, 123, 623 б] .

б) Еңбек нарығы - жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың жиынтығы. Осы екі жиынтықтың негізінде еңбек нарығы экономикалық тұрғыдан белсенді халықты шаруашылық қызметтері бойынша бөледі. Бұл жерде жұмыс күші мен өндіріс құралының қосылуына әкелетін жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы қатынастар қалыптасады. Осының нәтижесінде біріншілерінің еңбекке деген, екіншілерінің еңбекақы қажеттіліктері қанағаттандырылады.

в) Еңбек нарығы - өндіріс факторы мен меншік субъектілері әрекеттесіп, жұмыс күшінің, жұмыс орнының көлемі мен құрылымын анықтайды [17, 8-9 б] .

Бәсекеге қабілетті шынайы еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуі бірқатар өзара байланысты шарттарды қамтиды:

  1. меншік формаларының көптүрлілігі;
  2. босатылған жұмыскерлерді оқыту және қайта даярлау;
  3. жұмыскерлерді жалдау формаларын түбегейлі өзгерту;
  4. жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың болуы;
  5. экономикадағы жалпы нарықтық орта;
  6. экономикалық бостандық немесе еңбек нарығындағы субъектілердің таңдау еркіндігі;
  7. еңбек нарығындағы субъектілердің ықтимал мобильділігінің жоғары деңгейі;
  8. еңбек нарығының инфрақұрылымын қайта жаңарту;

Еңбек нарығын қалыптастырудағы нарықтық қатынастардың дамуы ең біріншіден, мемлекеттік меншікті қайта жаңарту үрдісін жеделдетумен анықталады. Еңбек нарығының қалыптасуындағы негізгі шарттардың бірі - меншіктің түрлі формаларына негізделетін шаруашылық етудің ұйымдастырушылық түрінің көптүрлілігі. Еңбек нарығын қалыптастыру көп жағдайда, сол меншік формаларының қайта құрылуы мен дамуына және соның негізінде қалыптасатын басқару мен өндірістегі ұйымдастырушылық құрылымдарға, яғни, кооперативтерге, шағын кәсіпорындарға, холдингтерге, консерндерге, акционерлік қоғамдарға байланысты.

Осындай кәсіпорындар шеңберінде жұмысшыны еңбектен бюрократиялық шектеуді тоқтатуға, еңбек ұйымының мақсат-функциялары мен төлемдері байланыстырылып қосылған жұмыскерлер қарамағында болатын қатынастарды дамытуға мүмкіндік бар. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыскерлерге экономикалық тұрғыда тиімді мінез-құлық тудыртып, қарқынды және өнімді еңбек етуге әсер еткізеді.

Меншік формаларының көптеген түрлеріне негізделген нарықтық қатынастарға көшу, жаңадан пайда болып келе жатқан еңбек нарығында қақтығыстық жағдай туғызуда. Меншік формаларын өзгерту жұмысшыны босату процесінің интенсивтенуіне әкелді. Осыдан барып, келесі шарт тууда, ол - босатылған жұмыскерлерді оқыту мен қайта даярлау. Бұл жағдайда жұмыскерлер арасында нақты жұмыс орны үшін бәсеке өсе бастайды. Еңбек нарығының қалыптасуымен бірге жиынтықты жұмыскерлердің сапалы мінездемесі де жоғарлайды. Бұрынғымен салыстырғанда жұмыс күшіне жаңаша талаптар қояды. Олар: кез-келген орындағы өндірісті дамытуға үлес қосу, сипаттамалық және технологиялық жағынан тез өзгеріп отыратын қиын өнімдердің жоғары сапалығын қамтамасыз ету, өндіру әдістерін әр кез жаңартып отыру арқылы бұйымдардың өзіндік төмен құнын ұстап отыру, өндірістік және өндірістік емес қызмет ету формаларының барлық түрлерін жекешелендіру (индивидуализациялау) .

Келесі шарт - жұмысшыларды жалдау формаларын түбегейлі өзгерту. Жұмысқа жалдау процесі жұмысшы мен меншік иесі арасында жасалынған келісім-шарт негіздерінен тұруы қажет. Ол екі жақтың құқықтары мен жауапкершілігін анықтайтын типтік келісім шарттар болуы мүмкін. Мұндай келісім әрбір кәсіпорынмен міндетті түрде анықталуы қажет. Кейбір жалпы «ережелердің» болуы еңбек нарығының дамуына тұрақты және тиімді жағдай жасап отыр.

Енді бір шартқа сәйкес, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс болуы керек. Еңбек нарығы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы негізінде қалыптасады. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктің көлемі мен құрылымы негізінде анықталады. Мұндағы еңбекке деген сұраныс - кәсіпкерлердің жалдамалы жұмыс күшіне төлем жасай алу қабілеті.

Жұмыс күшіне сұраныс экономиканың даму деңгейіне және өндірістегі технологиялық факторларды дұрыс пайдалануға байланысты.

Жұмыс күшіне деген сұранысты анықтаушы факторлар жұмыс күшіне сұранысты жоғарлатушы және төмендетуші болып бөлінеді.

Жоғарлатушы факторларға: белсенді инвестициялық саясат және жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, демалыстарды ұлғайту жатады. Төмендетуші факторларға: ғылыми техникалық прогрес пен өндіріс тиімділігінің артыу, белсенді еңбектілікке мотивацияларды күшейту, жұмыс күші бағасын көтеру кіреді [18] .

Жұмыс күшін ұсыну жұмыс жасауға дайын азаматтардың жастық, білім, кәсіби біліктілік деңгейлері бойынша анықталады. Жұмыс күшін ұсынуға бірден-бір әсер етуші - демографиялық фактор, яғни, еңбекке қабілетті халық санының өсуі және туу деңгейі. Айтылғандардан басқа, маңызды факторлардың бірі ретінде еңбекке қабілетті халық ішіндегі демографиялық және этникалық топтардың экономикалық белсенділік деңгейін айтуға болады. Әрбір уақытта еңбек нарығында өз қызметін ұсынушы еңбекке қабілетті халық екі топқа бөлінеді: жұмыс жасайтындар (жұмыспен қамтылғандар) және жұмыс жасамайтындар, бірақ жұмыс іздеп жүргендер (жұмыссыздар) . Еңбекті ұсыну бұл - еңбек нарығында жұмыс күшін ұсынатын мемлекеттегі экономикалық белсенді халық жиынтығы [19] .

Жұмыс күшін ұсынуға күрделі әсер ететін фактор - көші-қон процесі. Көші-қон процесі еңбек нарығындағы жалпы жұмыс күшінің ұсынысын жоғарлатады немесе төмендетеді. Халықтың көшіп-қонуына түрлі себеп болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық дамымаушылық пен теңсіздік, қарулы шиеленістердің орын алуы, авторитарлық режимдер, ал кейде осы барлық фактор шоғырланған жағдай әсер етуі мүмкін.

Жұмыс күшін ұсыну мен еңбекке деген сұраныс еңбекақы деңгейіне байланысты. Ал, мемлекет ішінде кездесетін әлеуметтік-психологиялық, мәдени өзгешеліктер мен саяси факторлар бұл байланысты әлсіретеді. Яғни, еңбекке қабілетті кез-келген тұлғаның жұмыс жасау немесе жасамау еркі оның тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, қоғамдағы еңбектің міндеттілігіне, ұлттық еңбек салттарына, мәдениетіне, дініне, сонымен қатар, мемлекеттің салық саясатына да байлнысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігі мен жұмыссыздарды қолдауға арналған «жомарт» әлеуметтік бағдарламалары еңбек ұсынысының кемуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Жұмыс күшін ұсыну факторлары жұмыс күшін ұсынуды жоғарлатушы және төмендетуші болып бөлінеді. Бірінші факторға халықтың оңтайлы табиғи өсуі, көші-қонның оң сальдосы, халыққа білім беру деңгейін көтеру жатса, екіншісіне кері табигғи өсу, миграцияның кері сальдосы, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау кіреді [20] .

Еңбек нарығының белсенді қызмет жасауы үшін жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек. Сұраныс пен ұсыныс байланысы еңбек нарығының конъюктурасын сипаттайды. Сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болған жағдайда еңбек нарығының конъюктурасы бірқалыпты болады, егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, еңбек нарығының конъюктурасы деффицитті, ал керісінше жағдайда, еңбек артықшылығы конъюктурасы туындайды.

Еңбек нарығы белсенді түрде қалыптасып дамуы үшін бесінші шарттың болуы керек, ол - экономикадағы нарықтық бәсеке саласы. Нарықтық жағдайда бәсекенің орын алуы ғажайып жағдай емес. Еңбек нарығында қатаң таңдау жүреді, ең қабілетті, әрекетті дегендер жеңеді. Әлсіздер мен қабілетсіздерді нарық аямайды. Бірақ, нарық білікті еңбектің болуын қамтамасыз етіп, еңбек етуге үлесін қосқан азаматтың нақты нәтижеге жетуіне көмектеседі.

Бәсекелестік-нарық жағдайында қоғамда әр кез кездесетін және оның алға жылжуын анықтайтын терең процестер болып жатады. Еңбек нарығы арқылы негізгі үш эволюциялық ағын өтеді. Олар: экономиканы дамыту (материалды-техникалық элементтер), адамның құрылымдық дамуы (жалпы және кәсіби мәдениеті, өнер мүмкіндігі, мінез-құлық сапасы), қоғамдық қатынастарды дамыту (мемлекеттік және класстық құрылым, меншік қатынастары, өнеркәсіптік байланыстар) . Бұл үш элемент қоғамдағы прогрес негізін қалыптастырып, оның маңызды мазмұнын құрайды.

Тиімді еңбек нарығының қалыптасып дамуы үшін алтыншы шарт, яғни, экономикалық еркіндік немесе субъектілер үшін таңдау еркіндігі қажет.

Әрбір адамның өзінің еңбек ету қабілетіне иелік етуі дегеніміз - кез-келген азаматтың қоғамдық еңбекке қатысу немесе қатыспау еркіндігі. Жұмыскер өзіндік қажеттілігі мен көзқарасына сай келетін қызмет таңдауға құқылы.

Тағы бір шарт - субъектілердің жоғары мобильділігі. Мобильділік - жұмыскердің жұмыстан шығып қалуына байланысты жұмысын ауыстыра алу дайындығы мен қабілеті. Жұмыс күшінің мобильділігіне демографиялық, миграциялық көрсеткіштер мен жұмысшының кәсіби дайындық жағдайлары әсер етеді. Жұмыс күшінің мобильділігі түрлі: кәсібиаралық, салааралық және аймақаралық болады. Осылар арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты теңдестіріп, еңбек ресурстарының бірқалыптылығын жөндеуге мүмкіндік бар. Мобильділіктің белгілі бір түрін бағалауға немесе бағаламай қалуға болмайды, олардың барлығының бәсекеге қабілетті толық еңбек нарығын қалыптастыруда маңызы зор.

Соңғы шарт - еңбек нарығының инфрақұрылымын қайта құру. Еңбек нарығының инфрақұрылымы деп - жұмыс күшінің тауарға айналу саласының дұрыс қызмет етуі үшін материалды-техникалық және ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жиынтығының болуы. Бұл жиынтыққа жұмыспен қамту орталықтары, оқыту және қайта даярлау мекемелері, қоғамдық жұмыс институттары, жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар арақатынасын реттейтін құқықтық актілер кіреді.

Еңбек нарығының қызмет етуін жеңілдету жолында көптеген мекемелер мен кеңес беру фирмалары көбеюде. Сөйтіп, еңбек нарығының қалыптасуы оның нарықтық инфрақұрылымын құрайтын институттардың жұмысымен қатар жүреді.

Бұл ұйымдар жұмыс күшінің қоры туралы аймақтық деңгейде есеп жүргізуге, бос жұмыс орындары мен вакантты қызметтер жайлы барлық ақпараттарды білуге, халыққа мемлекеттік кәсіпорындарға қажет мамандықтар мен мамандар туралы хабардар етуге және оларды лайықты жұмысқа орналастыруға міндетті. Сонымен қатар, кәсіби дайындықты ұйымдастыру, әлсіз халық тобын жұмыспен қамту, уақытша жұмыссыздарға қолдау көрсету, республикааралық хабар алмасу мәселелерімен де айналысуға міндетті.

Еңбек нарығын қалыптастыру, әсіресе оны реттеу заң және нормативтік базаның қамтамасыз етілуін талап етеді.

Көп жағдайда еңбек нарығының қалыптасуына қоғамның барлық саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістер әсер етеді.

Еңбек нарығына көшу процесі Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін өте ауыр жағдайда өтті. Өтпелі экономикаға тән сипаттар түрліше болып келеді. Мысалы, дағдырыстық: өндірістің құлдырауы, қолайсыз демографиялық процестер. Оған бірден-бір себеп - жоспарлы жүйе жағдайында қызмет ететін шаруашылық механизмнің деформациясы.

Еңбек нарығын қалыптастыру мен болжау нарықтық механизмнің ажырамас бөлігі. Оның басқаруындағы негізгі бағыттар келесідей болуы керек: өндірістің ары қарайғы құлдырауын болдырмау, жаппай жұмыссыздықты жою, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.

Тауар нарығымен салыстырғанда, еңбек нарығы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайлармен, жұмыспен қамту саласын реттейтін құқықтық, заң актілерімен тығыз байланысты.

Осы жерде еңбек нарығы жайлы талдау жасау немесе болжам айту қиындығын байқаймыз. Егер өнім, тұрғын үй, валюта нарығын шынайы көруге болса, еңбек нарығы қол жетерліксіз құбылыс ретінде көрінеді.

Бұрынғы жүйеден қалған сәйкессіздіктер Орта және Шығыс Еуропа елдеріндегі өндірістің кенет тоқырауына, көптеген заңды және жеке тұлғалардың инвистициялауларының тоқтауына, мемлекеттік капитал құюлардың жоюлуына, меншік формаларының өзгерісі мемлекеттік кәсіпорындарындағы мамандардың қысқаруына әкелді. Жұмысшының ары қарайғы еңбек тағдыры келтірілген төрт сценарийдің біреуі бойынша өтетін: 1) мемлекеттік секторда қала беру немесе жекеменшік сектордың бірінде жаңа жұмыс табу; 2) жұмыссыз статусын иемдену; 3) кәсіби біліктілігін жаңарту; 4) еңбек қызметін мүлдем тастап кету; Еңбек нарығын қалыптастыру үрдісі өтпелі экономикасы бар елдердің барлығында бірдей өткен жоқ. Мысалы, Орта және Шығыс Еуропа елдеріне мемлекеттік сектордағы жұмыспен қамтылудың күрт төмендеуі тән болса, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде жұмыспен қамтылғандар санына қарағанда, өндіріс көлемі айтарлықтай кеміді, негізгі соққы еңбекақыға тиді. Кәсіпорындар жаппай жұмыстан босатылуды тоқтатуға тырысқандықтан, жұмысшылар ресми түрде ең төменгі жалақы деңгейімен жұмыс орындарында қала берді, бірақ, кәсіпорынның белгілі жеңілдіктерін иемденіп, бейресми сектордағы қосымша жұмыстарын жалғастырды.

Еңбек нарығы жұмыс күші бағасын күрт өсіреді, ол өз кезегінде еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруді талап етеді, ал оның көлемі жұмысшының кәсіби біліктілігіне және өндіретін өнім сапасына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму тенденциялары
Туризм инфрақұрылымын дамыту бағыттары
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz