Түркология және Қазақстан


Түркология және Қазақстан
Ел президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде аттестациялауды айрықша кун тәртібіне қойды. Елбасы еліміздің оқу орындарын әлемдік білім жүйесінің ажырамас бөлшегіне айналдыру үшін іргелі ғылым мен қолданбалы зерттеулердің қосарластығын, ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орыңдарының ортақ инфрақүрылымдық үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы инновациялық білім беру консорциумдарын құруға тікелей қолдау көрсетілуін атап өтті.
Бұл жолда ғылым мен білімнің өзара үйлестірілуін нығайту үшін салааралык пәндердің ортақ базасын әрі нақтылап, әрі жетілдіріп отырудың қажеттілігі күн тәртібіне қойылады. Білім және ғылым министрлігі қазіргі заманға сай оқу бағдарламаларын ғылым мен технологияның жаңа нысандарына бағыттап отыруы тиіс.
Осы орайда еліміздегі жоғары оқу орындарының қоғамдық-гуманитарлық білім беру жүйесінің бір саласы болып есептелетін түркология бағытында ғылыми-зерттеулер жүргізу және білім беру жүйесінің ортақ мәселелеріне көңіл бөлу туралы ізденістердің мән-маңызы арта түседі. Себебі, бұл ғылым саласы халқымыздың өткен тарихы мен мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне қатысты кешенді білім жүйесі болумен бірге, бүгінгі күннің де ұлтаралық және мемлекетаралық сипатын белгілеуде айтарлықтай мән-маңызы бар факторға айналып отыр. Еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы орны мен мүмкіндіктерін одан ары нығайта беру үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық пен жауапкершілікті күшейтудегі рөлі мен беделіне үңемі мән беріп отыруымыз қажет.
Бұл мәселені Елбасы әрі байсалды, әрі табанды түрде жүргізуді халықаралық қауымдастықтың алдында да, Қазақстан халқына жолдауларында да дәйекті түрде күн тәртібіне қойып келе жатыр.
Түркология - кешенді ғылым. Басында тіл білімінің бір саласы ретінде көне турік жазба ескерткіштерін зерттеу барысында Еуропа ориенталистерінің ізденістерімен бірге қалыптаскап гылым саласының мәні, ауқымы, пәнаралық сипаты уақыт өте келе түрлі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Кезінде еуроцентристік көзқарастардың ықпалынан шыға алмағандықтан түркі халықтарының мәдени мүрасына тосырқай қарау, байырғы жазба ескерткіштердің саяси, тарихи, мәдени мән-маңызын, адамзат тарихындағы орнын белгілеуде үнсіздік танытып, тек тілдік айғак ретінде қарастыру белең алған кезеңдерді де бастан кешірдік. Түркологияның кешенді ғылымға айналғанына көп уақыт өткен жоқ. Себебі, қоғамдық-гуманитарлык сипаты бар ғылымның өсіп-өркендеуі үшін де қоғамның кемелденуі қажет екен.
Мүндай кемелділік, әрине еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік туы желбіреген шақта қоғамдық ой-пікірдің азат болуымен бірге келгенін қазір айқын сезінудеміз.
Кеңестер Одағының саяси-идеологиялык ұстанымдарының аясында дамыған қоғамдық-гуманитарлық пәндер сияқты түркологияның да шеңбер ішіндегі шектелушілігі алдымен оның пәнаралық кешенді сипатының қанат жаймауында еді. Мүндай мәселеге жол ашар болса, онда түркі халықтарының әлемдік тарихи үрдістердің төрінен ойып орын алатын белгі-бедерлерін де қадап айтудың кажеттілігі туындайтын. Бірақ, ежелгі дәуір мен орта ғасырларда әлем тарихының күре жолында болған түркілердің тарихы кеңестік идеологияның өктем үнімен үндесе қоймайтын. Сондықтан скифтер, сақтар, ғұндар, тіптен көк түріктер тарихы бір арнада, түркі халықтарының арғы тарихымен біртұтас сабақтастықта қарастырылмайтын еді. Қоғамның саяси ахуалы түркітану ғылымының методологиялық, әдістемелік бағыт-бағдарын шектеп отыратын.
Бүл кезеңде түркологияның ғылыми нәтижелері тіл, тарих, әдебиет, өнер, философия сияқты қоғамдық пәндердің бағдарламаларына енгізілмеді. Олар іс жүзінде түркітанушы ғалымдардың ғана қаперінде жүретін. Оның үстіне түркологияның терең тұжырымдалған іргелі теориялық ізденістері негізінен еуропалық ғалымдардың зерттеулерімен байланысты бой көрсетіп жатушы еді.
Міне, өткені мен бүгіні түркі халықтарының тарихи тағдырымен, олардың саяси-әлеуметтік жағдайларымен қарайлас болған түркологияның қазіргі болмысы халықаралық және
Туркі халықтарының
тілі, әдебиеті, дәстүрлі
мәдениеті, тарихы,
дүниетанымы туралы ортақ
мәселелер күн тәртібіне
қойылар болса, онда
бұлардың тарихи аспектісі
алдыңғы тұғырға шығады.
Сондықтан да түркология
барлық деректердің тарихи
астарына (контексіне)
көбірек үңіледі. Тарихилық
сипаты басым болғандықтан
бұл ғылымның зерттеу
әдістемесінде әлемдік
тарихи үрдістермен
үндестігі айқын бой көрсетуі
қажет.
мемлекетаралық салмағының артуымен ғана емес, оның пәнаралық кешенді сипатының да айшықтап көрінуімен байланысты. Қазіргі түркі халықтарының тарихы, дәстүрлі мәдениеті, тілі, салт-санасы, өнері, әсіресе, олардың тарихи қалыптасу жолы туралы сөз бола қалса, онда түркологияға соқпай өту мүмкін емес.
Әрине, көрші туыстас халықтармен біздің қазіргі этно, гео, саяси шарттарымыз және мәдени, экономикалык қарым-қатынасымызды одан ары жетілдіре түсу үшін тарихи тамырластықтын айтарлықтай септігі тиюі мүмкін. Дей түрғанмен, қазіргі халықаралык және мемлекетаралық байланыстардың нығаюы үшін өткен тарихымызда ортақ жарқын беттердің болғаны басты себепке айнала алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл мәселеде өткенді ғана алға тарту емес, ең алдымен өткеннен сабақ ала отырып, қазіргі қарым-қатынасымыздың сипатын әлемдік дамудың алғышарттарымен өрелестіріп отырудың маңызы айрықша.
Осы орайда тұркология ғылымының бізге ұсынар ғылыми нәтижелері мен әлеуметтік мәні арта түспек. Демек, тұркологияны өткен тарихты ғана қаузайтын ғылым ретінде түсінбей, оны бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің рухани сүранысына бағытталған, тарихи санамыздың орнығуына тікелей қызмет ететін қоғамдық пәндердің санатына жатқызу орынды болмақ. Осы тұрғыдан келгенде еліміздегі түркітанудың алдында, әсіресе оның халықаралық беделін нығайтуда атқарылар істер баршылық. Олар түркітанудың кешенді ғылым ретіндегі әдістік, әдістемелік, теориялық мәселедеріне де, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени, саяси мән-маңызына да қатысты ізденістер болып табылады.
Алдымен түркологияның ғылым саласы және қоғамдык пән ретіндегі ерекшеліктеріне тоқталып отсек. Әрине, ол басқа гуманитарлық пәндер сияқты қоғамдық ой-пікірмен, осы бағыттағы ғылыми-теориялық ізденістермен тығыз байланыста, қоғамдық-гуманитарлық ғылым салаларының жетістіктеріне арқа сүйей отырып дамиды. Сондықтан да түркологияның айрықша бөлек әдістемелік негіздері туралы сөз қозғаудан гөрі оның ғылыми-теориялық ізденістерінің ерекшеліктері туралы айту орынды. Осы орайда түркологияның зерттеу әдістемесінің сипатын былайша жинақтауды жөн көрдік:
1. Түркологияның өзегі - садыстырмалы-типологиялық зерттеулер. Себебі, бұл кез келген құбылысты мезгілдік және мекендік сипатына қарай өзара
қарайластыра отырып, өзі тектес құбылыстардан қашан, қайда, қалай жіктелгенін, тарихи және құрылымдық жүйесінің қалыптасу жолдарын қарастырады. Сөйтіп, тектес құбылыстарды типтік белгілері мен заңдылықтарына қарай топтастырып отырады. Мұндай салыстырмалы зерттеулер тұркі халықтарында кеңінен таралып кеткен ортақ тарихи, мәдени, тілдік құбылыстарды тұтас қамтуы кажет болғандықтан ғана емес, алдымен олардың себеп-салдарын, пайда болу, даму, өзгеру жолдарын анықтауды мақсат етіп қойғандықтан да солай. Типологиялық белгілерді жинақтауға бағытталғандықтан салыстырмалы зерттеу белгілі бір заңдылықтар мен жүйелілікке негізделеді.
2. Түркологияның тарихи ғылым ретіндегі ұлес салмағы басым. Түркі халықтарының тілі, әдебиеті, дәстурлі мәдениеті, тарихы, дүниетанымы туралы ортақ мәселелер күн тәртібіне қойылар болса, онда бүлардың тарихи аспектісі алдыңғы түғырға шығады. Сондықтан да түркология барлык деректердің тарихи астарына (контексіне) көбірек үңіледі. Тарихилық сипаты басым болғандықтан бұл ғылымның зерттеу әдістемесінде әлемдік тарихи ұрдістермен үндестігі айқын бой көрсетуі қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, түркі халықтарының тарихы әлемдік тарихи үрдістермен өрелестіріле отырып, оның тұтастай жалпы адамзаттық нышандары, әлем тарихындағы орны мен рөлі осы астарда пайымдалуы тиіс. Онсыз жеке аймақтық (ұлттық, мемлекеттік) талас-тартыс ешқашан толастамайтын болады.
Тағы бір айта кететін мәселе, тарихилық принцип түркі халықтарының жалпы ортақ тарихи санасынан орын алуы қажет. Бұлай болмаған жағдайда түркологияның жекелік мәні, жергілікті аспектісі ғылымға үнемі қолбайлау болары сөзсіз. Қарасаңыз, түркі халықтарының өз ішінде жүргізіп келе жатқан туркологиялық зерттеулердің көбінде бұл тенденция күні бүгінге дейін басым түсіп отыр. Жалпы түркілік мәдени құндылықтарды (ескерткіштер, жазба мәдениет айғақтары, әдеби, ғылыми, тарихи шығармалар т. б. ) иелену өзге туысына «қимастық» пиғылда жүргізілгендіктен, зерттеудің жекелік сипаты басым болып қала бермек. Осыдан болар, түркологиялық ізденістердің нағыз теориялық, іргелі және қолданбалы өзгешеліктері ашық-айқын бой көрсетудің орнына саяси нышан басым түсіп жатады. Ғылыми нәтиже күні бұрынғы мүддеге қызмет етеді.
Түркологияның тарихилық болмысы өткенге ғана қатысты сияқты көрінгенімен, оның таным-түсінгі мен тарқатылу жұйесі туп-тура бугінгі шындықтан өрбіп жататынына көз жеткізу қиын емес. Қазіргі түркі халықтарының тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін қаперге ала отырып, бізге не қажет, каншалықты қажет және қандай мақсатта өткеннен сабақ алуымыз керек дейтін мәселе күн тәртібінен
түскен емес. Сондықтан түркологияпыц негізгі ұстанымдары бүгінгі күн түрғысынан анықталуда. 3. Түркологияның қалыптасу тарихында тіл білімінің айрықша орын алғандығын ешкім де жоққа шығармайды. Шынтуайтына келгенде, күні бүгінге дейін түркі тілдерінің толып жатқан мәселелерін тарихи-салыстырмалы аспектіде зерттеген енбектердің алдымен гүркология атанып жүргені ешкімге де жасырын емес. Бұл тұрғыда тіл ғылымының барлык әдістік және әдістемелік ізденістері түркологияда бой көрсетті деп айта аламыз. Мұның да өз себептері бар.
Көне түркі жазба ескерткіштері, орта ғасырлардағы жазба мұралар тіл мен тарихтың, тіл мен әдебиеттің, тіл мен әлеуметтік мәселелердің ара-қатысында қарастырылды. Ал олардың жалпы ескерткіш ретіндегі мәні алдымен тарихи - салыстырмалы негізде тіл білімінің аясында зерттелді. Сондықтан да түркологияда тіл білімінің салған жолы сайрап жатыр. Әлі де солай жалғаса бермек.
Айтпағымыз, ендігі жерде түркологияның этнологиялық және мәдениеттану бағытын да қолға алатын мезгіл жетті. Себебі, әлемде қалыптасқан славистика, синология (қытайтану), арабистика, иранистика т. б. сияқты қоғамдық ғылым салалары алдымен этностану, мәдениеттану ретінде үғылатыны қалыптасқан жағдай.
Түркітануға да осындай қоғамдық, этностық, мәдени мән беруіміз бүгінгі кұннің талабы. Тарихи хронологиядан қарасақ, түркілік тек тіл ғана емес, ол этностар тарихы, мәдениеттер тарихы, мемлекет пен мемлекетаралық халық пен халықаралық байланыстардың тарихы. Ел болу идеясы түркілік заманнын
басынан бар. Өз салт-дәстүрін, мәдениетін сактау, ртібінен өз дұниетанымымен жүріп тұру есте жоқ ерге заманнан басталған.
4. Түркология - этносаралық ғылым. Түркілер ғасырлар бойы өзге этностармен тығыз қарым-қатынаста болды. Этникалык ұрдістер түркілердің өз ішінде де ұздіксіз жүріп жатты. Бұл жағдай олардың мәдениетінде, тілінде, дүниетанымында айқын із қалдырды. Қазір жүмыр жерді мекен етіп келе жатқан түркі халықтарының арасындағы қарым-қатынас та этносаралық сипат алған және ол дүниежүзінің ғаламдасу шарттарының аясында өтуде.
Бұл жағдай түркітануда таразы басын тең ұстаудың қажеттілігін, этносаралық мұддені ұнемі назарда ұстаудың маңыздылығын көрсетсе керек. Зерттеу жүмысында ғылыми-геориялық ізденістің маңызды екенін білсек те, мұндай ұстаным жалпы этносаралық қубылыстарға шынайы үңілу үшін қажет. Нәтижесінде әркімнің көрпені өзіне қарай тартпай, ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді тануга, түркологияның ғылыми жүгінің ауырлауына септігін тигізері сөзсіз.
Бүгінгі таңда түрколо-гиялық зерттеулерге жетіс-пейтін ең басты ұстаным да осы. Түркілердің бір-бірінен артықшылығын дәлелдеу түркологияның «жүгі» болмауы тиіс.
Ғаламдасу дәуірінде түркілердің үлес-салмағының артуы үшін ғылымда жалпытүркілік типологиялық пайымдаулардың өріс алуының айтарлықтай мәні бар. Себебі, ғаламдасу да белгілі бір мәдениетті тұтынады. Ал оның тек американдық немесе еуропалық болуы - үстемдіктің белгісі.
Жалпытүркілік пайымдаулар қазіргі ғаламшарлық кеңістікте жоғалып кетпеуіміздің кепілі. Бұл жолда тұркология біздің бүгінгі тарихи санамыздың әлемдік үрдістермен өрелесуінің бірден-бір тиімді жолы. Ал оны үйді-үйге бөліп алатын болсақ, түркологияның қадірі кете бастайды. Әрбірден кейін, жікке бөлінген қоғамдык пәндердің өз атаулары да бар емес пе және олар қазіргі түркі халықтарының қоғамдық, гуманитарлық пәндерінің (тарих, тіл, әдебиет, г. б. ) сыр-сипатынан анық байқалып тұрады. Бұл араға түркологияны тықпалаудың қажеті жоқ деген ойдамын.
Орталық Азияда өз орнын айқын белгілеп отырған Қазақстанның айнала көршіге де, алыс елдерге де қадір-касиетінің артып келе жатқанын көріп-біліп отырмыз. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың байсалды саясатының арқасында Қазақстанның халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық қарым-қатынасының күшейіп отырғаны бүгінгі күннің шындығы. Бұл жолда Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатының өзге елдердің мұддесімен шынайы таза, бір-біріне нуқсан келтірмейтіндей туғырға негізделуі - біздің саясатымыздың өзегіне айналды.
Міне, туркологияның да ғылыми, әлеуметтік мән-маңызының артуы үшін бұл жол бізге улгі. Оның зерттеушілік бағыт-бағдарын, нысанасын және нәтижелілігін халықаралық деңгейге көтеруге тиіспіз.
Бугінгі таңда туркологияның Қазақстанның жоғары оку орындарының қоғамдық, гуманитарлық мамандықтарына жеке бір пән ретінде оқытылуын ойластырғанымыз жөн. Бұл, біріншіден, Қазақстанның аймақтық, халықаралық деңгейдегі қоғамдық ой-пікірінің қазіргі заманға лайық сүзгіден өтуіне, әлемдік өресінің биіктеуіне ықпалын тигізер болса, екіншіден, ұлтаралық, мемлекетаралық (туыстас халықтар арасында) мәселеде де біздің ғылыми байыптылығымыз бен байсалдылығымыздың қалыптасуына қызмет ететін болады. Бұл туптеп келгенде, Қазақстанның қазіргі ұстанып отырған халықаралық саясатының қоғамдық ой-пікір мен ғылымда да орнығуына, өзара үндестікте дамуына әсерін тигізбек.
Түркологияның тарихында жанқиярлық еңбек еткен еуропалық ғалымдар аз емес. В. Томсен, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, Г. Е. Малов, М. Насилов, К. К. Юдахин, т. б. әлемге әйгілі түркологтар. Бұлардың қатарын туркілердің өз арасынан шыққан тамаша ғалымдар толтыра түсті. Олар: Э. Ноджип, А. Байтұрсынов, Э. Р. Тенишев, Н. З. Гаджиева, Т. Кеңесбаев, Б. М. Юнусалиев, Э. И. Фазылов, Ә. Қурышжанов, К. М. Мусаев, Э. К. Пекарский, Т. Текин, т. б. Бұлардың еңбектері қазіргі тұркологиялық зерттеулердің іргетасы ғана емес, ғылымның мемлекет, ұлт шеңберімен шектелмей, жалпы адамзаттық арнада дамитындығының айқын көрінісі.
Қазіргі түркологияның халықаралық сипатының артуына, оны әлемдік білім, ғылым деңгейімен өрелестіруге ұмтылыс жасауымыз табиғи жағдай. Өйткені, қоғамдық ғылымда ғылыми ой-пікірімізді өзіміз ғана емес, езгелердің де сын-тезінен өткізіп алып, тарихи-мәдени түжырымдамаларымызды пісіп-жетілдірудің мезгілі келіп жетті. Ал бұл жолда халықаралық дәрежеге қол созу біздің ой-санамыздың мықты мектебін қалыптастырмақ.
Қазақстанның қазіргі жағдайында қоғамдық пәндер, әсіресе, пәнаралык сипаты бар кешенді ғылым тұркологияны халықаралық тезге салып алудың өзі біз ушін, нағыз ізденіс үстіндегі мамандарымыз ушін үлкен іс-тәжірибе болары сөзсіз. Себебі, түркологияның ғылыми нәтижелеріне біз ұран салып жатпай-ақ, көршілеріміз бен әлемнің түрколог ғалымдарының өздері-ақ назар аударатыны сөзсіз. Нысана ортақ. Тағы бір мәселе. Кез келген пәннің өзі тектес пәнмен арақатысы болатыны, оған ғалымдардың теориялық турғыдан да, іс жузінде зерттеу барысында да аралас-құралас жататын бітіміне тұтас үңілуі өмірде жиі кездесетін құбылыс. Пәнаралық дейтін мәселенің ғылымда жеке-дара қарастырылып жатпаса да, аса ауқымды салмағы бар.
Қоғамдық пәндердің аралық сипаты әлі күнге тұжырымды түрде жинақталған емес. Бұл, әсіресе, түркологияға қатысты.
Ал бұл мәселеге түркология озі сұранып тұр десек қателесе қоймаймыз. Асылы, түркологиядағы тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, онер салаларының тутас зерттелуінің нәтижесі пәнаралық ізденістерімізді де ғылыми тұрғыдан жүйелеуімізғе нақтылы жол аша алады. Оны түркологияның оқу құралдары мен оқулықтарын жазған кезде анық байқайтын боламыз. Себебі, бұған кешепді ғылым ретінде келіп, тутас тарихи құбылыстың себеп-салдарын ашып көрсету үшін тұрлі пәндердің бір-бірін қалай толықтыратынын, дәлелдер мен деректердің ортақ нысанға қарай қалай топтастырылатынын жузеге асырамыз. Бұл түрлі пәндердің тоғысқан жеріндегі туркологияның оқытылуы мен инновациялық технологиясын жетілдіруде аса қызықты нысана ретінде көптеген ізденістерге, нақтылы іс-тәжірибелерге бастауы мүмкін Қазақстан ғалымдарының ықпалымен осындай өріс алған пәнді көрші түркі халықтары да ертелі-кеш қолға алатын болады. Себебі, олардың тарихына, тіліне, мәдениетіне тиесілі тоғысатын нукте бұл жерде баршылық . . .
Соңында Қазақстанныгі саясаттағы, экономикадағы, ғылымдағы ықпалы арта түсетін болады.
Түрік ұлттық -мәдени орталығы.
Түрік ұлттық -мәдени орталығы. Төрағасы: Курбанов Шамиль Мажилисович
Түрік мәдени орталығы 1991 жылы ақпанда құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының түрік қоғамы деп өзгертілді. Қоғамның филиалдары Қазақстанның оңтүстік аймағы мен оның аудандарында бар.
Түрік ұлттық орталығы өз қызметін мәдениет деңгейін көтеруге және өз ұлтының білімін көтеруге бағыттайды. Орыс, қазақ және түрік тілдерінде шығарылатын “Ахыска” атты Республикалық газеті жарыққа шығады. 2001 жылдың көктемінде түрік тілінде шыққан “Тәтті бұлақ” атты бірінші көркем фильмін көрермендер көріп, бағалады. Бұл көркем фильм Қазақстандағы түрік диаспорының салт дәстүрін, өмірін мен мәдениетін әңгімелейді. Қазіргі таңда түрік тіліндегі “Қарыз”атты екінші көркем фильмінің жұмысы аяқталуда.
Бүгін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының түрік диаспоры көп тұратын аймақтарының 42 орта мектептерінде түрік тілін үйрету сабақтары жүргізілуде. Алматы қаласындағы № 99 орта мектебі түрік тілін үйренудегі базалық мектеп болып табылады.
Осы базалық орталықта “Чичеклер” би ансамбль ұжымы құрылған, олар Қазақстан халықтар Ассамблеясының ұйымдастырумен өтетін барлық мерекелік іс-шараларына қатысады және көркем өнерпаздар фестивалінің бірнеше дүркін лауреаты атанған.
2001 жылдан бастап жыл сайын гюреш атты түрік ұлттық күресі бойынша (еркін күрес) халықаралық сайыстары өтуде. Бұл сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның спорт шеберлері қатысуда.
Бейбітшілік пен ұлттық ынтымақтастықты сақтай отырып Қазақстанның түрік қоғамының ұлтаралық қызметі ең басты мақсатта тұр. Түрік ұлтының өкілдері Қазақстанда болып жатқан барлық істерге қалыспай, белсене араласады, ал түрік тілін үйретіп білім берумен, мектептерде түрік сыныптарын ашудан басқа ұлттық мәдени орталықтарынан асып озады.
«Ахыск» түріктері - Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.
Оның тарихи отаны - қазіргі Грузияның оңтүстік-батыс аудандары. Бұрын бұл аудандар Осман империясының құрамына еніп, Ахыск патшалығын құраған. 1829 жылғы түрік-орыс соғысынан кейін бұл жерлер Ресей Империясының қол астына өтіп, Ахалцих уезд атағын алған. Міне, осы уақытқа дейін осы аудандағы түріктердің тарихы Түрік мемлекетінің тарихымен байланыста болған. Сол кездегі шекараның жабылу себебінен түрік халқымен байланыс үзіліп қалады. Содан бері олардың “Ахыск” түріктер болып жаңа түріктер тарихы басталды. Бірақ әрине олар өздерін сол түрік ұлтының бір бөлігі екендігін сезініп мойындайды. Қазақстан Республикасында 180-200 мыңдай түріктер тұрады. Ресми мәлімдеме бойынша, 1989 жылдың санақ нәтижесі бойынша 78 мың түрік бар. Мұндағы себеп, осы уақытқа дейін көптеген түріктер Совет Одағы кезінде зорлықпен жоғалтқан өз ұлттарын ала алмай жүргендігі.
Қазіргі уақытта түрік диаспоры тұратын жерлерде Республика қоғамы мен облыстық, қалалық және аудандық филиалдармен өзара байланысының тігінен құрылған құрылысы құрылды. Сонымен қатар 4 облыстық (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл. ), 6 қалалық және 13 аудандық филиалдары жұмыс атқарып келеді. Әрбір елді мекенде диаспора өкілдерінің Кеңесі тағайындалған. Қоғам өкілеттігі Астана, Қарағанды, Ақтау және Өскемен қалаларында жұмыс істейді.
ЭТНОС МӘДЕНИЕТІ - ЕЛДІК МӘЙЕГІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz