Қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Еліміздегі экологиялық жағдайдың нашарлауы және табиғат ресурстарының сарқылуының бір себебі - қоғамның экологиялық мәдениет деңгейінің төмендігі болып табылады.
"Жер бетінде тіршілікті сақтау, адамның және табиғаттың прогрессивті дамуы жаңа экологиялық мәдениеттің қалыптасуынсыз мүмкін емес" деген тұжырыммен келісетін қоғам мен табиғат арасындағы мәселелерді зерттейтін ғалымдар мен мамандар саны күннен күнге артып келеді.
Жастар мен балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу халықтың барлығында экологиялық жауапкершілікті көзқарастың қалыптасуына тікелей байланысты.
Қоршаған ортаның жағдайының мәселесі бүкіл әлемде қоғамның үлкен назарының ортасында. Қазақстан Республикасында табиғатты қорғаумен айналысатын мемлекеттік, ғылыми, қоғамдық-саяси ұйымдар ауа, топырақ, су және басқа да тіршілік ортасына түсетін ауыртпалықтарды төмендетуге жыл сайын іс-шаралар жасайды. Сонда да қоршаған ортаның жағдайы мәз емес: зиянды заттар әсері шектік деңгейден асып кетуі, қоқыстану проблемалары, ормандардың азаюы, топырақтың, ауаның, судың ластануы, сонымен қатар энергетикалық ресурстардың сарқылуы секілді және тағы басқа да мәселелер байқалуда. Экологиялық тұрақсыздықтың ең басты детерминанты - адам және оның күнделікті жасайтын іс-әрекеті, ол тек экофильді жаққа өзгермей қана қоймай, сонымен қатар қоғамдағы сынның объектісі де болмайды, экологиялық мәселе шетте қалады. Осы проблемаларды шешу - өсіп келе жатқан жастардың алдында тұрған басты міндет.
Мұнда маңызды нәрсе - қойылған міндеттегі барлық өзектілікті және маңыздылықты жеке адам болып емес, бүкіл әлем болып түсіну, сондай-ақ энергоэкологиялық міндеттерді ортақ шешім қажеттілігін түсіну қажет. Міндетті түрде алға қозғалу үшін қазіргі таңға сай жаңа - энергоэкологиялық ойлау және мәдениет қажет. Қазіргі таңда дамыған әлемдік қоғамды экономикалық құрылыс энергетика мен экологияның қарым-қатынасы қарама-қарсы күресуде. Энергоөндірушілерге максималды түрде экономикалық жағы тиімді, ал экологиялық жағы артта қалып қояды. Бірақ та мемлекет, қоғам энергетиктер жұмыстарының антиэкологиялық жағдайына шектеу қойып, табиғатты қорғауды талап етуде. Қазіргі таңда бұл мәселе әлемдегі алдыңғы міндеттердің бірі және ол 30-50 жылдың ішінде шешілуі қажет. Олар - қазіргі таңдағы іс-әрекеттерді энергоресурстарды үнемдеудегі көзқарастардың дамуы және сәйкесінше ойлау жүйесінің қалыптасуы және оны экологиялық мәдениетімізге енгізу.
Ең алдымен, жастардың экологиялық мәдениетін дұрыс қалыптасуына ықпал жасау керек. Жастардың экологиялық қозғалысының дамуы үшін : бағыт көрсету және мүмкіндік беру қажет. Ол мүмкіндікті экологиялық білім мен тәрбиеге баулу арқылы беру керек. Сонда ғана біз "Мәңгілік Ел" бола аламыз. Осы жағдайды шешетін басты жолдардың бірі - экологиялық білім беру мен тәрбие. Бүгінгі таңда қарапайым тұрмыстық және өндірістік экологиялық мәдениеттің және халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың әлемге деген дұрыс көзқарасы қалыптасуы үшін жұмыс жасаудың сәті түсіп тұр!
Жұмыстың мақсаты: қазіргі заманауи жағдайдағы жастардың экологиялық мәдениет деңгейін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы экомәдениеттің дамуы, бағыты, жағдайына әдеби сараптама жасау арқылы баға беру;
- ҚазҰУ студенттерінің экологиялық білім дәрежесін анықтау.
- ҚазҰУ қалашығындағы энергоүнемді лампалардың алатын орны және оның адам денсаулығына әсері жайлы жастардың білімін анықтау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Әдебиетке шолу
1. 1 Экологиялық білім және тәрбие
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқықтарының бірі -денсаулықты және дамуының негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүрруін мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлықтың арнайы-әлеуметтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты - табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.
Экологиялық білім және тәрбие беру барысында білім, тәрбие беру үдерісінің мазмұнын, құрылымын, мақсатын анықтайтын бірнеше функциялар орындалу керек. Солардың ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет деп табамыз:
- табиғи ортаға қатысты заңдар туралы білімді қамтитын экологиялық -білімділік;
- қоғамның қоршаған ортамен қарым -қатынасын меңгерудің негізіндегі тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған тәрбие беру функциясын;
- табиғатқа деген өнегелілік - этикалық қарым -қатынастардың қалыптасуына жауап беретін гуманистік функцяны;
- табиғатты қорғау қызметінің, іс -әрекетінің тәжірибесін игеру мен халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық функцияны.
Күнделікті өмірде экологиялық сауатсыздықтың көріністерін байқауға болады. Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Арал, Каспий теңіздерінің мәселесі, қаламыздың газбен ластануы т. б. мәселелер туындап отыр. Тек өндіріс саласында ғана емес, тұрмыста, демалыс орындарында да білімсіздіктің белгісін көруге әбден болады.
Экологиялық тәрбиелеу және білім беру барысында бірнеше функциялар жүзеге асырылу керек, солардың негізгісі:
- тікелей экологиялық білім берушілік (қоршаған ортаның қызметі туралы заңдарды білу;
- дүниетаным (экологиялық дүниетанымды қалыптастыру) ;
- гуманистік (табиғатқа деген өнегелілік-этикалық қарым -қатынастың қалыптасуы) ;
- тәрбиелеушілік (қоғамның қоршаған ортамен қарым -қатынасын меңгерудің негізінде тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы) ;
- қоғамның қажеттіліктері мен өндірісті экологияландыруда табиғатты пайдаланудың заңдық, қаржылық және саяси, ғылыми нормаларды бірыңғай жүйеге келтіру;
- ақпараттық (табиғатты қорғау қызметінің тәжірибесін меңгере, оған анализ жасай отырып халыққа жеткізу) .
Бүгінгі күні тек жеке әлеуметтік топтың ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның экологиялық сауаттылығының төмен деңгейі туралы айтуға толық негіз бар. Осыған байланысты табиғатқа қатысты адамның жауапкершілік сезімін ояту, қалыптастыру, экологиялық тәрбие, білім басты мәселеге айналады. Экологиялық білім беру ерекшелігінің мәні, оның «алдын алу» принципіне негізделу керек екендігінде.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты. Өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т. б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі [1] .
Экологиялық білім беру дегеніміз - әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғаудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизациялау - экологиялық ойлардың, принциптер мен көзқарастың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.
Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т. б.
Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеді [2] .
Экологиялық тәрбие және ағарту (экологическое воспитание и просвещение) - адамды қоршаған табиғи ортаны ұғынып қабылдауға, табиғатқа ұқыпты қараудың қажеттілігіне сендіруге, оның байлықтарын жоғары саналылықпен пайдалануға дағдыландыру.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т. б. Сөйтіп, экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық тәрбие беруді әртүрлі жолдармен жүргізуге болады. Бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының (БАҚ) және Қоғамдық экологиялық ұйымдардың рөлі зор. БАҚ бірінші болып экологиялық қолайсыз жағдайлар туралы дабыл қағып халықты құлағдар етіп отыруы керек. Осының арқасында халықтың экологиялық сана-сезімі өсіп, көтеріледі.
Экологиялық тәрбие экологиялық білім берумен толықтырылады.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау біліммен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да рөлі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты -қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мектептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуға болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айта кетерлігі, халықаралық талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер ғана есепке алынады [3] .
1. 2 Экологиялық мәдениет: түсінігі, маңызы, генезисі
Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.
Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым - қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым - қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық - мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.
Ян Щепаньскидің пайымдауынша: «Ұрпақтан - ұрпаққа берілетін белгілі бір идеялар болады. Бұл идеялармен құндылықтар жүйесі байланысты. Олар индивидтер мен топтың іс - әрекеті, мінез - құлқын, қабылдау және ойлау әдісін анықтайды. Бұл барлық жиынтық мәдениет деп аталады» [4] .
Мәдениет экологиясы терминін алғаш ғылыми айналымға енгізген Д. С. Лихачевтың пікірінше этикалық - рухани құндылықтарды ашатын экологиялық мәдениет сұрақтары зерттеуді аса қажет етеді. Экологиялық дағдарысқа қауіпті тудыратын тек сыртқы ортаның ластануы ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі әлемінің, мәдениетінің, санасының ластынуы да экологиялық қауіпті құрайды деген ғалымның ойына қосылуға болады.
Егер «мәдениет» түсінігінің бастауларына көз жүгіртсек, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен «өңделіп» отырды. Ондай қатынастың бастапқы негізі ретінде қоғамның қарапайым қажеттіліктері болды, ал табиғатты адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың тәсілі ретінде қабылдады. Қоғам табиғатты «құдайландырып», онымен «диалогқа» түсуге тырысты. Адамдар негізінен табиғаттың тұтастығын, өзінің табиғатпен байланысының үзілмейтіндігін жақсы сезе білді және қабылдаушы мәдениеттен өндіруші мәдениетке көшу арқылы әлеуметтік - мәдени экспансияның рычагі арқылы табиғатпен байланысын күшейтті.
Экологиялық мәдениет күрделі ұғым ретінде табиғатты танып білу, пайдалану және жаңарту іс - әрекет түрлерінің мәдениетімен байланысты. Ал жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз - табиғатты аялауға, қорғауға бағытталған білімі, іскерлігі, дағдысы, оны жүзеге асыруы. Яғни экологиялық мәдениетті қалыптастырудың мақсаты - адам - қоғам - табиғат жүйесіне үйлесімдік орнату, табиғи байланысты сақтау, молайту, тиімді пайдалану, жуапкершілік сезімін арттыру. Экологиялық мәдениет бұл - адамдардың табиғатты қабылдау деңгейі және әлемдегі өзінің орнын бағалауы, адамның әлемге деген қарым - қатынасы.
«Экологиялық мәдениет» түсінігінің генезисін қарастырсақ. Бастапқыда термин әлеуметтік қарым - қатынастардың белгілі бір түрін бейнелейтін, нақтырақ айтсақ қоғам мен табиғат арасындағы қатынасты бейнелейтін табиғаттың бірыңғай сегментін, бөлігін білдірді[5] .
Бұл ұғымға бірнеше зерттеушілер бірін-бірі толықтыратын әр түрлі анықтама береді:
В. Межжерин экологиялық мәдениетті ғылым, технология, дін, философия, астрология, әдебиет, өнер барлығы бірге адам өмірінің образын жасағандығын факт ретінде қарастырады. Ол арқылы шынайы әлеммен өзара байланысты орната отырып, адам өзіне қабілеттіліктің, икемділіктің жоғарғы формасы ретінде қарастыруға болатын қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді. Бұл дегеніміз Жер планетасындағы экологиялық адамның пайда болуын білдіреді.
С. Н. Глазачев құрамына экологиялық іс - әрекеттің мотивациясы, экологиялық білім және табиғатты сақтау, оны қорғай алу кіретін экологиялық мәдениеттің негізін сендіру, экологиялық сана құрайды деп есептейді.
Ю. Л. Хотунцев экологиялық мәдениет феноменінің құрылымдық бөлінуін ұсынды. Оның көзқарасы бойынша табиғаттың сақталуын қарастыратын, сонымен шартталған адамзат іс - әрекеті тәсілінің жиынтығы деп көрсетеді, ол мыналарды қамтиды: табиғат өмірдің және сұлулықтың бастауы болып табылатындығын түсіну, оны сақтауға деген жауапкершілік, кез - келген іс - әрекет, қызмет түрін қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғаумен салыстыра білу қабілеті, табиғатты қорғау іс - әрекетіне, қызметіне аса қызығушылық таныту және оны жүзеге асыруды.
А. О. Лагутин бойынша экологиялық мәдениет - мақсаты адам қоғамының табиғи - әлеуметтік потенциалын дамыту мен сақтау, қоғамның тұрақты экологиялық кеңістігін қалыптастыру болып табылатын ашық жоғары өнегелілік құндылықтық құрылымдардың динамикалық жүйесі. Жалпы экологиялық мәдениет түсінігі қазіргі кезде табиғатқа деген жауапкершілікті қарым - қатынасты, табиғатты бағалауды білдіретін бастапқы мағынасына қайта оралады. Табиғат өзара әрекеттің тең құқылы серіктесі ретінде қарастырылады, ал «экологиялық мәдениет» болса адамзат мәдениетін құрайтынды әлеуметтік топтық және тұлғалық деңгейде белгілейді. Экологиялық мәдениет әлеуметтік деңгейде ноосфера жасау үдерісін басқаруды жүзеге асыратын, қоршаған ортаға қатысты тағылықтан арылуды іске асыратын адамзаттың іс - әрекеті арқылы көрініс табады. Топтық деңгейде экологиялық мәдениет өзіне, басқаларға, табиғатқа қатысты адамзаттық эгоизмді еңсеруге септігін тигізеді, тұлға аралық байланыс қалыптасуының іске асатын басқаша механизмдеріне көшуге мүмкіндік береді, ал олар арқылы дамудың коэволюциялық формасына көшуге мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениет - бұл адамның табиғатқа әсерінің әлеуметтік реттеушілерінің жиынтығы, экологиялық білім мен тәрбие берудің жүйесі. Қалыптасқан жағдайда сол арқылы ғана қоғам мен табиғи ортаның тепе - теңдігін ұстау мүмкін болады [6] .
Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама - қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады. Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған, қарама -қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап Л. Фейербахқа дейін табуға болады.
Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды.
Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың, судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен «практикалық» философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.
М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан - жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс -әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді.
Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның шырмауында қалып отыр. «Техника өз - өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық сиқыр жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар екені рас. Техниканың мәні - жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге қауіп -қатерді ала жүреді [7] .
А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz