Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
Баспасоз және Электронды БАК кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Қазақ тілді интернет-журналистика:
бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Орындаған: 4-курс студенті Жанар Молдабекова
Ғылыми жетекші
Норма бақылаушы
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
Алматы 2012 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-тарау. Интернет-журналистика - БАҚ саласы ретінде.
- Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі . . . 8
- Интернет-журналистиканың ақпарат кеңістігінде пайда болуы мен дамуы . . . 18
2-тарау. Интернет-журналистика қазақша «сөйлейді».
- Интернет бетіндегі қазақ тілінің жағдайын жарылқау - маңызды міндет. (Проблемалы тұс) . . . 25
- Қазақ тілді интернет-журналистиканың бүгінгі келбеті: қазақ тілді интернет-газеттер мен интернет-сайттарды сапалық тұрғыда талдау . . . 34
3-тарау. Интернет иіріміндегі ілгері басу: болашаққа бағдар.
- Болашақ - интернет-журналистикада. (Осы тұжырымды дәлелдейтін тоғыз қыр) . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 60
КІРІСПЕ
Журналистика саласының сара жолында шынайы қызығушылық танытқандар ғана жүре алады. Яғни, журналист боламын деп армандап қана қою аздық етеді. Алдымен, бұл саланың ойлы-қырлы орамдары ойыңда ойып тұрып орын алып, журналистиканың жан-жақтылығы жаныңа жақын келуі тиіс.
Себебі, журналистика - өмір айнасы. Айнаға теңеуіміздің де өзіндік пәлсапасы бар. Адам айнаға қарап өзінің бет-болмысын көреді. Айна - артықшылығыңды да, кемшілігіңді де алдыңа жайып салады. Журналистиканы «өмір айнасы» десек, бұл теңеудің астары журналистика өмірдің өзін көз алдарыңызға келтіріп, кейбір көлеңкелі тұстарға келелі ой тастайды деген сөз. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде әр жұмыр басты пендеге ой салады, белгілі-бір қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді, дұрыс жол сілтейді, бағыт-бағдар алуға көмек етеді.
Міне, осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шырылдаған шындықты ашып береді. Ал, өз кезегінде журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, бұқара мен билік арасына сара жол салып, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Яки, журналист - қара халық пен билік арасындағы алтын көпір дейміз. Себебі, халықтың мұң-мұқтажын лауазымды қызмет иелеріне құлаққағыс ететіндер - журналистер. Бұқаралық ақпарат құралдарының төртінші билік саналатындары да осы тұстан. Журналист пікірі арқылы қоғамдық пікір қалыптасады. Журналист - жаңалық жаршысы ғана емес, халық тілі. Осы орайда, Алаштың ардақты қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген орынды ойын негізге алсақ болады. Кітап - рухани байлық көзі десек, бұқаралық ақпарат құралдары халықты сауаттандыру ісіне, құлақтандыру ісіне жауапты. Газет оқыған қара халықтың көзі ашық болады. Сол себепті де, Алаштың атпал азаматтары қалың қазаққа «мектеп аш, медресеге бар, газета-журналдар оқыңдар, сауаттарыңды ашыңдар» деген өсиет айтқан. Ал, бүгінгі ғасырды - ақпараттандыру ғасыры десек, журналистиканың бұқара пайдасына рөлі айдан анық.
Журналистиканы маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі ретінде қарастыруға болады. Себебі, бұқаралық ақпарат құралынсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Тарих беттерін таразылар болсақ, журналистика саласы бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ та сара жолдан өткені белгілі.
Журналистика ХVІ ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі өте ерте кезді мегзейді. Содан бергі уақытта журналистика саласы даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әр түрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Нәтижесінде, өзінің салмақты тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай деуімізге себеп бар: ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді бұқараны әлеуметтік-саяси, ақпараттық насихат тұрғысында оперативті әрі жан-жақты, белсенді түрде әр түрлі хабарлармен қамтамасыз ете алмайды. Дәл осы ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген журналистиканың сара қызметін ерекше атап өткен жөн. Себебі, журналистика қай уақытта да қоғам өміріне белсене араласа отырып, өзіндік бай пайымдаулармен, әділетті баға берумен, қарымды қорытындылар жасаумен, жағдайдан шығар ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, заң, экономика, әлеумет, экология, қоғамдық қатынастар сияқты сан-салалы көптеген салаларда шешім жасап, шешім шығарып қана қоймай, сол стратегияны жүзеге асыруға да ықпалы болады. Осыдан соң да, журналистика - қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тұрғыда тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Ал, журналистика саласының сан-салалы, қыры да, сыры да көп теорияларымен қаруланып, тәжірибе жүзінде жүзеге асыратын кәсіби майталман - журналист. Журналист қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Журналист өз қызметінде алдымен ұйымдастырушылық, екінші әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Ол идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн. Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал, ақыл-ой, эрудиция алдыңғы орында тұруы керек. Жалпы айтқанда, журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету ләзім. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер қабылдай білуімен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек. [1]
Журналистика саласы, ең алдымен, халықтың қамын ойлайды, соның қажетін қарастырады, халықтың жағдайын күйттейді. Сондықтан да бұл сала, ең алдымен, халықтық болып саналады. Қандай сипатқа ие мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғайды. Барынша халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстанады. Бұл тұрғыда, журналистиканың маңызы жариялылық болса, халықты тек қана объективті түрде, жан-жақты әрі дәл де анық ақпараттық хабарлармен, материалдармен қамтамасыз ету - журналист міндеті. Сондықтан, ең алдымен өмірдегі жайларды деректі фактілерге сүйене отырып жазу керек. Бұл шыншылдыққа бастайтын негізгі жолдың бірі. Әрқашан ақиқаттан айнымау - журналистің басты парызы.
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әр түрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист - өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман. Оның құқығына ешкімнің қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистика саласында білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, шығармашылық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ, журналистік мамандық - басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз құқығын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті. [1]
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы -бұқараның санасын билеу. Оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру әрі жас ұрпақ тәрбиесіне патриоттық реңк кіргізу. Сан саладағы көкейкесті мәселелердің шешілуіне қозғау салып, зерттеу жүргізе отырып мәселенің ми батпағынан шығатын жол ұсыну, сондай-ақ тақырыпты жан-жақты әрі салыстырмалы түрде саралап, сараптап көрсету - журналистің маңызды міндеті болуы тиіс. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатыны - интернет.
Заманауи үрдістің сипаты әрі дамудың даңғыл жолындағы ұлы жаңалық болған интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктері бар. Интернетке сүйене отырып бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрі - интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден-ақ байқалады. Басты ерекшелік: ақпаратты таратудағы оперативтілік пен интерактивтілік. Сондықтан да көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда.
Жаһандану жүйесіне тереңдеп енген сайын біздің елімізде де интернетті пайдаланушылардың саны артып келеді. Оған дәлел, өткен жылы Қазақстанда ғаламтор жүйесін пайдаланушылардың саны 100 адамға шаққанда 14 пайызды құраған.
Рас, біз азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрлерді дамыта отырып, ақпараттық теңсіздікті жоюға бірқатар қарышты қадамдар жасадық. Индустриалдық қоғамнан ақпараттық қоғамға көшуімізге негіз болып отырған еліміздің компьютерлендіруден ақпараттандыруға тұрақты түрде бет бұруы, жаһандық ғаламтор жүйесінде қазақстандық біртұтас ақпараттық кеңістік - Қазнетті құруға деген талпынысымыз. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2008 жылы 17 сәуірде Үкімет қаулысымен Қазнетті қалыптастыру және дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдаманың аясында қазіргі кезде мемлекеттік және коммерциялық ғаламтор-ресурстарды құру мен дамыту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, интернет арқылы алыстан оқыту, әлеуметтің барлық топтарына және билікке ортақ тілдесе алатын тұтастай ақпараттық кеңістік жасайтын порталдарды ашу жоспарланған.
Интернет-БАҚ-тың ең алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған деседі. [2] АҚШ-тың “The San Jose Mercury News” газеті көпшілік қауымға тұңғыш рет өздерінің электронды нұсқаларын ұсынған. Бүгінгі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2, 5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3, 1% азайған. Бұл статистика интернет-журналистиканың қоғамда қабылдануы мен қарқынды дамуын дәлелдейді. Күнделікті және апталық газет тираждары қалай азайса, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде.
Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша сауалнама жүргізген Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған.
Ал, Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды.
Дипломдық жұмыс мақсаты - қазақ тілді интернет-журналистиканың бүгінгі келбетін қазбалай келе, сараптап-саралай келе бұл саланың болашақ даму үдерісін болжау, сондай-ақ бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттардың жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
Ал, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі мынау: 2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Санның сапа емес екенін ескерсек, отандық интернет-БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру - кезек күттірмейтін мәселе.
Дипломдық жұмыстың құрылымында алдымен интернет-журналистиканың пайда болу тарихына, бұл саланың даму деңгейіне, бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі өзіндік ерекшеліктеріне, жанрларына тоқталамыз. Интернеттегі қазақ тілді сайттарды БАҚ деп қандай белгілерге сәйкес есептеуге болатындығы қарастырылады.
Біз біртұтас байланыс ғасырында, яғни бүкіл жер шарындағы адамдар жалғыз ақпараттық ағымға сүйенген заманда өмір сүрудеміз. Бұл жаңа замандық халықаралық байланыстың нәтижесі. БАҚ көпшілік адамдар үшін өмірде екінші сатыға қойылатындықтан, оған жеңіл қарайтындар да кездеседі. Мұндай көзқарас біржақты ғана пікір, өйткені көпшілік байланыс жүйесі біздің әлеуметтік тұрмысымызда көптеген жағдайлармен тығыз байланысады. Мысалы, газет, теледидар секілді ақпарат құралдары қоғамдық пікір тудыруда және біздің өмірімізге тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда интернет-журналистиканың бұқара арасында резонанс тудыруы әлімсақтан белгілі. Интернет-журналистика оперативті қызметі арқылы, заманауи ерекшеліктері арқылы заман ағымында бірге дамып, бәсекеге қабілеттілік тұрғысында алға ұмтылған тәуелсіз ел жастарының қызығушылығын оятуда. Яки, белгілі-бір қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары ішінде ойып тұрып өз орнын алған интернет-журналистиканың да сіңіріп жатқан еңбегі аз емес. Бұл тек біздің көзқарасымызды қалыптастыруда ғана емес, қоғамдық өміріміздегі көптеген жағдайлармен байланысуында.
Жалпытеориялық және методолгиялық тұрғыдағы саяси коммуникацияны дамыған замандағы зерттеулер әлеуметтік ақпараттандыру және ақпараттандырылған қоғам құруда үлкен орын алатын белгілі. Қазақстандық зерттеушілердің ішінде К. Бектұрғанов, С. Коновалов, А. Нұрмағамбетов, Е. Алияров, Г. Асамбаева, Д. Өтешовтың коммуникация процестері туралы еңбектері белгілі. Қазақстандық зерттеушілердің коммуникативистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бағыты коммуникацияның маңызы, рөлі, оның байланыс каналдары және коммуникациялық тәсілдерін, сондай-ақ коммуникаторлар мен ақпарат көздері және көпшілік аудитория мен жалпы қоғам арасындағы екі жақты байланысын зерттейді.
Ұлтымыздың зиялысы Міржақып Дулатұлының «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор», ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген ойларына сүйене отырып, қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде интернет-журналистиканың мән-маңызын, қоғамда алар орнын, өзіндік өзгешеліктеріне сараптама жасай отырып талдап, қарастыру - дипломдық жұмыстың мақсаты. Сондай-ақ, қоғамдағы өзекті мәселелерді интернет-газеттер бетінде жарияланған пікірлер арқылы қарастыру. [1]
Дипломдық жұмыс объектісі: Қазақстандағы қазақ тілді интернет-газеттер, интернет-журналдар, интернет-сайттар.
Дипломдық жұмыс пәні: бұқаралық ақпарат құралдарындағы, оның ішінде заманауи талаптарға сай пайда болып, дамып жатқан интернет-журналистика саласындағы коғамдық пікірлер. Интернет-журналистиканың бүгінгі келбеті, артықшылығы мен кемшілігі тұрғысынан, сондай-ақ бұл саланың болашақ бет-бейнесі жайлы бұқараның пікірі.
Дипломдық жұмыс міндеттері:
- бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті мен принциптерін талдау арқылы интернет-журналистика саласының ерекшеліктерін анықтау;
- қазақ тілді интернет-журналистиканың: интернет-газеттердің, интернет-сайттардың әлеумет ішінде қаншалықты сұранысқа ие екенін анықтау;
- мемлекеттік тіліміздегі интернет-газет, интернет-журнал, интернет-сайттарда жарық көрген мақалалар, жарияланымдар қаншалықты қолданыс аясында екенін және нақты аудиториясын анықтау. Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі
Интернеттегі сайттарды сараламас бұрын, алдымен сол интернеттің және интернет журналистиканың өзіндік ерекшеліктері мен мақсат-міндеттерін ашып алғанымыз абзал болар деген оймен, ненің болса да алдымен тарихына үңілетін қазақы менталитетпен әңгімені интернеттің, интернет-журналистиканың пайда болуы мен дамуы тарихынан бастауды жөн көрдім.
Алдымен, интернет сөзінің өзіне тоқталсақ.
Бүгінгі күні, интернетті «екінші үйлеріндей» көретін жасөспірімдер де, жеткіншектер де «Интернет» сөзінің ағылшын тілінен аударғанда «желі» деген мағына беретінін жақсы біледі. Яки, интернет - компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы; бір-бірімен телекоммуникация арналары, яғни телефон, радио және жасанды жер серігі көмегімен байланыс сияқты жүйелер арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы. Интернет ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ Қорғаныс министрінің, АҚШ ұлттық ғылыми қорының және аймақтық компьютер желілерінің телекоммуникация құралдары арқылы бірте-бірте бірігуі нәтижесінде пайда болды.
Осы орайда, интернет тарихын қысқаша таразылап өтсек, мынандай жылдар жылнамасына кезігеміз: [3] 1957 жылы Кеңес Одағы жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешеді. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынады. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылады. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктіреді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырады. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастайды.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылады. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын. Ал, 1971 жылы желі арқылы электронды пошта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралады.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алады.
1970 жылдары интернет желісі негізінен электронды поштаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970 жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастайды, олар 1982-1983 жылдары бір стандартқа келтіріледі. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшіріледі, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылады.
Дәл сол жылы ARPANET желісіне бәсекелес пайда болады. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктіреді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық болады. Нәтижесінде, бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылады.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz