Жасанды интеллект



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
1. Жасанды интеллектің негізгі ұғымдары. Жасанды интеллектің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Жасанды интеллект. Роботтық техника ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Мақсат. Берiлгендер. Бiлiм қоры. Фактiлер мен ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Жасанды интеллект облысындағы
зерттеудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
5. Пролог логикалық прогламмалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
6. Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
1. Стюарт Рассел. Искусственный интеллект. Современный подход. – М.: Вильямс,2006, 1408 с.
2. Братко И. Язык PROLOG (Пролог): алгоритмы искусственного интеллекта.– М.:Вильямс, 2004, 640 с.
3.Стерлинг Л., Шапиро Э “Искуссиво программирования на языке Пролог”.
4. Клоксик У., Меллши “Программирование на языке Пролог”.
5. Янсон А. “Турбо Пролог в сжатом изложении”.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
1. Жасанды интеллектің негізгі ұғымдары. Жасанды интеллектің даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Жасанды интеллект. Роботтық техника ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Мақсат. Берiлгендер. Бiлiм қоры. Фактiлер мен ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
4. Жасанды интеллект облысындағы
зерттеудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..9
5. Пролог логикалық прогламмалау тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
6. Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе
Жасанды интеллект (искуственный интеллект) - бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін (имитирующий) программалық жүйе.Бұндай жүйені жасау үшін белгілі бір облыста шешім қабылдайтын немесе нақтылы есептерді шешетін адамның ойлау процесін зерттеу қажет және осы процестің негізгі қадамдарын бөліп көрсетіп , оларды компьютерде іске асыратын программалық жабдықтарды жасау қажет.
Адам іс-әрекетінің негізінде ойлау қабілеті жатады.Адам ойлау процесінің соңғы нәтижесі мақсат деп аталады.Әдетте барлық белгілі фактілерді қолдану ережесі негізінде мақсатқа жетеміз.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді.
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады , оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу ,ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс- әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді , дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.

Биологиялық жүйелерді модельдеу. Жасанды ой жүйесі(разум)
Биологиялық жүйелерді модельдеу. Жасанды ой жүйесі(разум)
Интеллектуальды іс- әрекет нәтижелерін модельдеу . Машиналық интеллект
Интеллектуальды іс- әрекет нәтижелерін модельдеу . Машиналық интеллект

Ақрараттық процес -терді модельдеу эвистикалық прог-раммалау
Ақрараттық процес -терді модельдеу эвистикалық прог-раммалау
Механизмдерді модельдеу.Нейрон тәрізді желілер
Механизмдерді модельдеу.Нейрон тәрізді желілер
Крмплекстік көз-қарас (подход) эвристикалық моделдеу

Крмплекстік көз-қарас (подход) эвристикалық моделдеу



Жасанды интеллектің негізгі ұғымдары. Жасанды интеллектің даму тарихы
Қазіргі кезде программистің жұмыс істеу сапасы дəрежесі интеллектуалдық жүктеудің көп бөлігін компьютерлер орындағанда ғана жоғары болады. Бұл аймақта максималды прогресске қол жеткізу үшін "Жасанды интеллект" əдісі қолданылады, мұнда компьютер бір типті жəне қайта-қайта жасала беретін операцияларды ғана орыдамайды, сонымен қатар өзі де үйренеді. Бұған қоса толық қанағаттандыратын "жасанды интеллектіні" құру адамзатқа дамудың жаңа деңгейлері ашады. Адамдарды олардың өздерінің ойлау механизмі əрқашан қызықтырған. Адамды ақыл иесі ретінде ерекшелендіріп тұратын олардың интеллектісінің бар болуы. Адам интеллектісі көптеген компоненттерде тұрады, оның ішінде сыртқы ортамен байланысты болатын сезім мүшелері, үйренуге икемдігі, бағалауға келмейтін білімдер жиынтығы. Есептерді шешу барысында байқалатын интеллектінің өзіндік белгілері болып үйренуге икемділік, жалпылау, тəжірибені (білімді) жинау жəне өзгерістерге бейімделу болып табылады. Интеллектінің осы қасиеттерінің арқасында ми əртүрлі есептерді шеше алады, сонымен қатар бір есептен екіншісін шешуге оп-оңай ауыса алды. Осылай, интеллектісі бар ми алуан түрлі есептерді шығаруға арналған əмбебап құрал болып табылады, оның ішінде формалданбаған, стандартты, алдын ала шешу əдістері жоқ есептер. Интеллектісі бар ми интеллектуалды есептерді шешуге бағытталған болса, бұл процесті ойлау немесе интеллектуалды іс-əрекет деп атаймыз. Интеллект жəне ойлау органикалық түрде теоремаларды дəлелдеу, логикалық талдау, жағдайларды ажырату, іс-əрекетті, ойынды болжау жəне белгісіздік жағдайында басқару сияқты тапсырмалармен байланысты. Осылайша, интеллект деп мидың қабылдау, еске сақтау жəне бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана отырып тəжірибе жəне түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану негізінде интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атаймыз. Интеллект (intelligence) терминінің өзі латынның intellectus - білім, ойлау, адамның ойлау мүмккіндігі деген сөздерінен шыққан. 40-жылдары есептеуіш машиналардың жəне кибернетикадағы зерттеулер пайда болысымен адамның ойлау табиғаты туралы сұрақ кибернетикалық аспектіге ие болды. Адамда интеллектуалды деп атайтын іс-əрекеттерді машинада құруға ғалымдар барлық күштерін салды. Бұл зерттеу бағыты жасанды интеллект деген атауға ие болды. Жасанды интеллект (artificial intelligence) - ЖИ (AI) автоматты жүйелердің адам интеллектісінің бөлек бір функцияларын атқаруын айтады. Мысалы, ертерек алынған тəжірибе жəне сыртқы əсерлерді рационалды талдау негізінде тиімді шешімдерді таңдау жəне қабылдау. ЖИ өзінің пайда болуы жəне дамуымен есептеуіш машиналарға тəуелді, əдетте бұл бағытты информатика жəне есептеуіш техника аймақтарына жатқызады. Бұның бəрі Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң барлық ойын есептерді жəне жұмбақтарды компьютер көмегімен шешуден басталды. Осы алғашқы тəжірибелер негізінде туған фундаменталды идея күйлер кеңістігінде іздеу деген атқа ие. Сонымен, интеллект деп мидың қабылдау, еске сақтау жəне бағытталған түрде білімді оқу барысында түрлендіруді пайдалана отырып тəжірибе жəне түрлі жағдайларға байланысты адаптациялану негізінде интеллектуалды есептерді шешу мүмкіндігін атайтын боламыз. Бұл анықтамада білім деп миға сезім мүшелері арқылы түсетін ақпаратты ғана атамаймыз. Бұндай типті білім, əрине, өте маңызды, алайда интеллектуалды іс-əрекет үшін жеткіліксіз. Қоршаған орта объектілері сезім мүшелеріне тек əсер етіп қана қоймайды, сонымен өзара белгілі бір қатынастарда болады. Қоршаған ортада интеллектуалды əс-əрекетті іске асыру үшін, білім жүйесінде сол ортаның моделіне ие болу керек. Қоршаған ортаның бұл ақпараттық моделінде реалды объектілер орналасқан, олардың қасиеттері жəне қатынастары тек көрсетіліп жəне есте сақталып қоймайды, сонымен қатар ойша бағытталған түрде түрлендіріледі. Бұнымен қоса, маңыздысы - сыртқы орта моделін құру тəжірибе жəне түрлі жағдайларға бейімделу негізіндегі үйрену арқылы іске асады.

Жасанды интеллект. Роботтық техника

Информатиканың өзектi мәселелерiнiң бiрi - адамның ойлау қабiлетiн формальдандыру, информациялық техноло-гия-ны интеллектендiру (интеллект - ой, сана). Бұл бағыт-та-ғы iлiм - жасанды интеллект (ЖИ) деп аталады. ЖИ адам-ның интеллектуальды ойлау қабiлетiнiң кейбiрiн ЭЕМ-де орын-дауға мүмкiн түрде модельдеу, программалау не адам орындайтын iс-әрекеттердi орындау сияқты мәселелермен ай-налысады. Жалпы, ЖИ - компьютерде ителлектуальды про-грамманы дайындауға байланысты информатика білiмi.
ЖИ программалары көбiнесе арнайы дайындалған Про-лог, LИСП, Smaltalk, т.с.с. программалау тiлдерiнде құры-лады. Оларды классикалық Бейсик, Паскаль, т.б. програм-малау тiлдерiнде құру да мүмкiн, бiрақ мұнда олардың көлемi үлкен болып, пайдалануға икемдi бола бермейдi.
Компьютермен жұмыс iстеушiлердiң жасанды интеллект программаларымен жиi кездесетiнi белгiлi. Мысалы, Word мә-тiн-дiк ре-дакторымен жұмыс iстеу кезде мәшине құжаттың автоматты түрде дұрыс жазылу ережесiн тексерiп, ол жөнiнде хабарлама шығарады. Excel электрондық кестесiмен жұмыс iстеу кезiнде аптаның барлық күндерiн не жылдың барлық ай атауларын енгiзу мiндеттi емес. Алдыңғы бiр-екi жазба ен-гiзiлсе, компьютер тiзiмдi қатесiз толықтырып шығады.
ЖИ математикалық есептi шешуде, медициналық бол-жауда, шахмат ойнау сияқты ойындар теориясында, мәтiндi бiр тiлден екiншi тiлге аударуда, теореманы дәлелдеуде, ком-мер-циялық мекемелерде және т.б. салаларда жиi пайдала-ны-луда. Қазiргi кезде ЖИ нысанды (объектiнi) тани және сөйлей де алады. Мысалы, нысанды тану үшiн ЖИ - де икемдi тұ-жырымдамалар, жинақты схемалар, т.с.с пайдаланылады, бi-рақ мұндай жұмыстардың орындалуы әлi жоғары дәрежеде емес. Оларды жетiлдiру жөнiнде ғалымдар көп еңбек жұмсау-да. Бұл бағыттағы жетiстiктер ЭЕМ-нiң одан әрi да-муына жә-не адамның программалау шеберлiгiне байланысты. Жалпы, ЖИ-дi программалау оңай жұмыс емес. Ол үшiн компьютерде сақтаулы бiлiм қорын (фактiлер, мен ережелердi) пайдаланып, нақты жағдайға қол-данылатын дина-микалық программа құры-луы тиiс, әдетте бұл бағытты маши-налық интеллект деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІНІҢ ҚОЛДАНУ САЛАЛАРЫ МЕН ДАМУЫ
Интеллектті бағалау
Кибернетика. Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Пролог тіліне жалпы шолу
Жасанды интеллект және оның қоғамға әсері
Жасанды интеллект ұғымы сан салалы
Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны
Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Робототехникадағы жасанды интеллект
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
Пәндер