Қылмыстық жаза туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ.
- Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. … . . . 37
- Қылмыстық жауаптылық пен жазагы жеңілдететін.
мән-жайлар . . . … 40
- Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын
мәнжайлар. 43
- Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі
неғұрлым жеңіл жаза тағайындау. ……. . 47
- Аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау . . . …. . 48
- Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау…. . . . 50
- Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау……… . . . 51
- Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау . . . … . . . 54
- Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . …… 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . 32
К і р і с п еКурстық тақырыбының өзектілігі. 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халық атынын қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және әрбір жеке адам тіршілігіңдегі ерекше орын алатын негізгі -негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Сол Қазақстан Республикасы
Конституциясының ең бірінші бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы -адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды"[1] . Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын құқық тәртібін бұзғанына, тіпті қылмыс жасап қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.
Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
Әрине, жаңаша қоғамдық қатынастар оңай құрылмайды. Кемістіктер әлі де аз емес. Өйткені барлық мемлекететтер тарихында кездесетін этатизм мен құқықтық мемлекет идеялары ұзақ уақыттар бойы бір-бірімен белгілі бір қайшылықта, арпалыста өтуі әбден мүмкін [2, 8б] . Жаңа қоғамдық қатынастарды құру, осыған байланысты пайда болған күрделі көрініс өзгерістер қарапайым халықтың, әрбір азаматтың өмірінде нарықтық қатынастардың қыспағына түсіп, үнемі арпалыс-қозғалыстағы саяси құбылыстарға тәуелді болуына, ал осының арқасында адамға ең қажет әкономика саласындағы әжептеуір дағдарыстарды басынан өткізуге соқтыруда. Қазір экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Мысалы, жұмыссыздық етек жайды. Жалақы мен зейнетақы деңгейі төмен, оларды уақытылы төлеу де өз алдына бір ауыр мәселе болды. Қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық, әсіресе қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр [3, 25б] .
Әрине, қай қылмыстылықтың да алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Өкінішке орай, қазір елімізде келеңсіздік әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әртүрлі қылмыстық көріністер көбеюде. Қазақстан Республикасында әсіресе соңғы он жылдың шамасында қауіпті, аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде әсіресе ұйымдасқан сыбайлас іс-әрекеттер етек жайды.
Сондықтан елімізде келеңсіз әлеуметтік құбылыстар, заң бұзушылық, әсіресе әр түрлі қылмыстық көріністер көбеюде.
Өткен 2010 жылы республикамызда 73160 тек қана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған екен. Ал сол қауіпті және аса қауіпті қылмыстардың 60 пайызы ғана ашылған. Бірақ жылдық республика бюджетінен ішкі істер органдарына бөлінген қаражат (мысалы, 2010 жылы) небәрі 15 миллиард теңге болса, оның үштен бірі тек қана сотталған адамдарды бақылап ұстауға кеткен екен. Мұндай құбылыс терең ойлы, жан-жақты қамтамасыздандарылған қоғамдық, мемлекеттік, қала берді әрбір азаматтық іс-қимылды, күрделі де пәрменді жұмысты талап етеді. Мұның басты себебі неде екендігін және қылмыстың түп төркінінің қайдан шығатынын көптеген авторлар, қазіргі нарықтық қылмыс жасаушылырды көбейте түсуде деп пайымдайды.
"Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын"- деп, кезінде данышпан Абай айтқандай, дана ақын заманындағы рухани азғындық туралы меңзеген еді. Ал қазір ше? Істерге жұмысы, ішерге тамағы жоқ адам тек азып қана қоймай, тозып кететіні анық. Тозғаны сол сергелдеңнің салдарынан ұрлық-қорлық, зорлық-зомбылық жасауды әдетке айналдырады. Бүгінгі күнге дейін республикамызда жұмыссыздар қатарына 250 мыңнан астам адам тіркелген. Ал тіркеуден өтпегендері қаншама. [4, 32б] .
Сондай-ақ, ешкімді де бей жай қалдырмауға тиісті тағы бір дерттің түрі маскүнемдік. Көптеген зерттеулердуң нәтижесіне қарағанда қылмыскердің қарамағына ілінетіндер негізінен осы аздап болса да ішімдік ішкендер. Осы арақ-шараптың кесірінен адамдарды аяусыз азаптап өлтіру, денелерін бөлшектеп тастау фактілері көбейді. Ішімдік - болашақ құрбанның сақтану, қарсыласу өз мінез-құлқына бақылау жасау қызметін азайтады, орындаушылық әрекетке итермелеп тұрады. Ол ешнәрседен қайтпайды, арғы жағынан түрт шайтаны итермелеп тұрған соң ішіп алған адам таьан асты, ойланбай әрекет жасайды, сонымен қылмысқа барады.
Біз күнделікті газет журналдардан қылмыс жайындағы мәліметтерді қараймыз, мұнша кісі өлімі, мұнша адам тоналған, мұнша адам ұрланған деп жазып жатады. Біз мұнда тек құрғақ цифрларды ғана көреміз, ал олардың артында қаншама адам өлімі, қанша қорқыныш пен үрей жатыр десеңізші. Ертеңгі күні сол зардаптың арасында бізде болмауымызға кім кепіл.
Сондықтан да қылмыстың алдың алу үшін қоғамдағы алкегольдік ішімдіктердің біршамасын реттеу немесе патрульдік полицияларды қақ жерлерде көбейтудің қылмыстың алдын алуына серпігін тигізері сөзсіз деп ойлаймын [5, 6б] .
Әрине қай қылмыстың алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы маусымның 24 жұлдызында шыққан "Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы " қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс.
4
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі-негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара Президентіміз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей "өтпелі кезеңдерді бастан кешіп қоғамда, мемлекеттік экономика әлі сақталып қалған тұста, жеке меншік институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемелекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы" [6, 75б] . Мемелекет қызметі барлық басқа да қылмыстық құбылыстың алдын алудағы жасайтын әлеуметтік субьектілермен салыстырғанда ауқымды да терең және пәрменді болуы қажет. Өйткені жалпы, қоғамдағы құқық тәртібі негізінен мемлекет күшімен сақталатыны белгілі.
Ал барлық алдын алу шаралары белгілі нәтиже бермеген жағдайда мемлекет мәжбүрлік шара қолдануы тиіс. Сондықтан да қоғамдық тәртіпті, заңды бұзушыға тиісті әр түрлі әкімшілік, тіпті қылмыстық жазалау пайдаланады. Әрине, қылмыспен күресте жазаның рольі ерекше. Себебі жаза - қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық, әлеуметтік әділеттіліктің басты бір көрсеткіші. Оның үстіне жаза қылмыстылықпен күрестің белгілі шамада болса да өте қажетті құралы. Қылмыстық жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, өйткені ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтарын, олардың заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құүрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, барлық адамдардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандық әрекет-әрекетсіздіктен қорғайды. Басқаша айтқанда, жаза -қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскердің алдын алу шараларының қажетті бірі болып табылады.
Тағы бір айтарлық нәрсе мынада. Жазаның тәрбиелік мәні жоқ емес. Әсіресе " жазаны пайдаланып, қылмыскердің қылмысты қайталап жасауына кедергі етуге әбден болады. Қала берді біреуге жаза беру арқылы басқа да қылмыс жасауға ниеті бар адамдарды қылмыстық әрекеттерден сақтау мүмкіндігі бар".
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жаза мәселелері кеңес дәуірінің оқымыстылары П. П. Андрушконың, М. Н. Авдеевтің, М. Н. Авербахтың, Ю. В. Баулиннің, С. В. Бородиннің, М. С. Гринбергтің, И. Н. Даньшиннің, Ю. А. Демидовтің, Н. И. Загородниковтің, И. И. Карпецтің, М. И. Ковалевтің, Д. П. Котовтың, А. И. Красиковтың, И. Ф. Кузнецованың, Ю. И. Ляпуновтың, Н. С. Малеиннің, П. С. Матышевскийдың, И. Ф. Огарковтің, А. А. Пионтковскийдің, В. Я. Тацидің, Н. С. Тишкевичтің, М. Д. Шаргородскийдің, Д. Читловтің, сондай-ақ қазақстандық ғалымдар А. Н. Ағыбаевтың, Е. О. Алаухановтың, Ғ. Ы. Баймурзиннің, А. А. Исаевтың, Р. Т. Нұртаевтың, Е. І. Қайыржановтың, С. С. Молдабаевтың, С. М. Рахметовтың, И. И. Роговтың, А. А. Темербековтің, А. А. Смағұловтың еңбектерінде қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жазаға байланысты ғылыми күрделі мәселелердің деңгейін қарастыру, оларға қылмыстық күкықтық талдау жасау, сондай-ак қылмыстарымен күрес жүргізудің тиімді шараларының бірі жаза тағайындау жұмыстың мақсаты болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін курстық жұмыста төмендегідей міндеттерді шешу көзделген:
- Жаза тағайындаудың жалпы бастамаларын анықтау үшін қылмыстық жауаптылықты нақтылау.
- Жаза тағайындаудың негіздерін анықтау және оларды басқа да құқықбұзушылық шараларынан ажырату.
- Жеңілірек жазаларды кеңінен қолдануды қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеуінің объектісі Жаза тағайындаудың жалпы негіздерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар
Курстық жұмыстың зерттеуінің заты жазаның түсінігі, қылмыстық жаза мен жауаптылықты нақтылайтын заңдылықтың даму кезеңдері қарастырылады.
Курстық жұмыстың әдістемесі мен әдіснамасы. Курстық жұмыс диалектикалық логика, философия, мемлекет және құқық теориясының, қылмыстық құқықтың және қылмыстық іс жүргізудің негізгі кағидалары мен негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен оларды жеке даралаудың негізгі проблемаларын қарастыру.
Курстық жұмыста тәжірибелік және теориялық тұрғыда елеулі маңызы бар, теориялық жэне тәжірибелік түжырымдар мен үсыныстар бар. Сондай-ақ курстық жұмыста, қазіргі кезде қолданылып жүрген қылмыстық заңдылық терең сараланып, оны жетілдіру бойынша бірқатар үсыныстар жасалған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі осындай жұмыстарға қойылатын талаптарға толықтай сай келеді.
2 ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ.
2. 1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері .
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетудіқамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және60 баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін нәне ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.
Қылмыс жасаған адамға, оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалады. ҚК-тің 52-бабын құрайтын жалпы негіздері соттардың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауына жол ашады. Бұл бапта сот үшін жаза тағайындаудың егжей-тегжейлі талқыланған емес, жалпы ережелері белгіленген, олар сотты бір жағынан заңның қатал шеңберінде ұстаса, екінші жағынан, оған жаза тағайындау кезінде өзінің жеке бастамасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаза тағайындау қылмысық құқықтың жалпы құқықтық және салалық арнайы принцптерінің көрінісі болып табылатын белгілі принциптерге негізделеді. Төмендегідей принциптер жаза тағайындаудың негізін құрайды:жазаның заңдылығы, әділеттілігі, негізділігі және оның үкімде дәлелденуінің міндеттілігі, жазаның жеке басқа бағытталуы, қылмыстық жазалау шараларының үнемділігі.
Бұл принциптер Қылмыстық кодексте өз орнын алған.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз - әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот бсшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Басқаша айтқанда, қандай қылмыстық іс қарастырылмасын, кінәлі тұлғаға қандай жаз аанықталмасын, сот осы жалпы белгілерге сүйенуге міндетті.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері төмендегідей үш белгілерден тұрады. Сот жазаны:
1) ҚК-тің Ерекше бөлімінің аталған қылмыс үшін жауаптылық қарастырушы бабымен бекітілген шектерде; 2) ҚК-тің Ерекше бөлімінің ережелерін ескере отырып; 3) қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігінің деңгейін, айыпкердің жеке басын, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі тәртібін, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескере отырып тағайындайды. 1) Сот жазаны ҚК-тің тиісті бабымен белгіленген шекте тағайындайды. Бұл талап сот жазаны ҚК Ерекше бөлімінің айыпкердің әрекеттері бағаланатын бабтың санкциялары шегінде ғана тағайындай алатынын білдіреді. Айталық, ҚК-тің 264-бабы екінші бөлімінің санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығынан айыру түрінде жаза көздейді. ҚК-тің аталған нормасы бойынша соттағанда сот жазаны аталған баптың санкциясымен бекітілген ең жоғарға мен ең төменгі шегінде тағайындауы тиіс.
Нақты бір жағдайға қатысты жаза тағайындауда санкцияның түрінің маңызы бар. Қылмыстық кодекстің санкцияларының көпшілігі өзінің түрі бойынша біршама анық, яғни оларда жазаның түрі, оның ең төменгі және ең жоғарғы шегі көрсетілген. Мұндай санкциялар сотқа жазаны жекешелендіру үшін сол мүмкіншіліктер береді.
Балама санкциялар- мұнда екі не одан көп негізгі жазалар көрсетіледі, соттың олардың ішінен кез келгенін таңдап алуға құқығы бар. Қылмыстық кодексте мұндай санкциялар жеткілікті. Олар жазаны әрі оның мерзімі жағынан, әрі оның түрлері жағынан ең жоғарғы деңгейде жекешелеуге жол ашады.
Сот, жаза қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкімдер жиынтығы бойынша (ҚК-тің 52 бап 2-бөлім) тағайындалуы тиіс жағдайлардан басқа кездері Ерекше бөлім бабының санкциясында көрсетілген ең жоғарғы мөлшерден асатын мөлшерде жаза тағайындай алмайды. Ал ҚК Ерекше бөлімі бабының санкциясында көзделген ең төменгі мөлшерден де төмен жазаны сот ҚК-тің 55-бабында қарастырылған мән-жайлар орын алған жағдайда тағайындай алады.
2) Сот жазаны ҚК Ерекше бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды. Бұл сот ҚК Ерекше бөлімінің жазаның жеке түрлерінің шарттарына, түрлеріне, мақсаттарына және жаза тағайындау тәртібіне жататын ережелерді басшылыққа алуы керек дегенді білдіреді. Мысалы ҚК-тің 359-бабында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Аталған бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең төменгі мөлшері ҚК-тің 48-бабының ережелерін ескере отырғанда алты ай деп анықталған. Сонда сот ҚК-тің айтылған нормасы бойынша соттаған кезде алты айдан екі жылға дейінгі жаза тағайындауы тиіс. Аяқталмаған қылмыс бойынша жаза анықтауда сот ҚК-тің 56-бабының ережелерін басшылыққа алуы тиіс. Бірлесіп жасаған қылмыс үшін жаза тағайындауда сот ҚК-тің 57-бабының ережелерін басшылыққа алуы тиіс. Жаза тағайындай отыра сот оның ҚК-тің 38-бабында белгіленген мақсаттарына сүйенуі тиіс. Егер қылмыстар жиынтығы немесе үкімдер жиынтығы орын алса сот жазаны ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген ережелер, ал қылмыстың қайталануында ҚК-тің 59-бабының еежелері бойынша тағайындайды. Сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің өзге ережелерін де ескеруге міндетті. Мысалы, шартты түрде соттау институтын қолдану немесе жазаны өтеуді кейінге шегеру мүмкіндігін талқылауы керек (ҚК 63, 72, 74-баптар) .
3) Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстың түрі мен қоғамдық қауіптілігінің деңгейін, айыпкердің жеке басын, сол сияқты жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеруге міндетті. Жаңа қылмыстық заң бұл аталған жағдайлардан басқа айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінезін, сондай-ақ жазаның сотталған адамның түзелуіне, оның отбасы мен оның асырауындағы тұлғалардың тұрмыс жағдайына ықпалын да ескеруді міндеттейді.
5. Қылмыстардың әр түрлерінің қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша бір біріне айырмашылғы бар. Мысалы, қарақшылықтың қауіптілігі ұрлықтыкінен басым, ал адам өлтіру адамды өзін-өзі өлтіруге жеткізуден анағұрлым қауіптілеу. Осыған орай бұл қылмыстарды жасағаны үшін берілетін жаза да түрлі болуы керек. Неғұрлым ауыр қылмыс соғұрлым қатал жазаны талап етсе, басқа мән-жайлармен қосылатын кішігірім ауыр қылмыс жасағаны үшін жазаның неғұрлым жеңілдеу түрі қолданылуы тиіс.
6. Жаза тағайындау кезінде соттың ескеруі тиіс қоғамдық қауіптілік деңгейі нақты қылмыстың ауырлығыа, бұл қылмысты әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Айталық, ҚК-тің 175-бабының бірінші бөлімі бйынша жауаптылық қарастыратын ұрлық үлкен мөлшердегі ұрлыққа қарағанда қауіпсіздеу. Қару қолданылған теңіз қарақшылығы ҚК-тің 240 бабының бірінші бөлімі бйынша жауаптылық қарастырытын теңіз қарақшылығынан анағұрлым қауіпті. Қылмысты кім жасағанын, жаза кімге қолданылатындығын сот неғұрлым дұрыс анықтаса, жазаның мақсатына жету де соғұрлым табысты болмақ. Нақты бір қылмысты жасаушы еш қылмыскер емес, ол - тек өзіне ғна тән қасиеттергше ие тіпті де айқын тұлға. Ал бұл қасиеттер жаза шарасын таңдауға оң немесе теріс әсержасауы мүмкін. Сондықтан сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басы туралы барлық мәліметтерді өте мұқият, жан-жақты зерттеп білуі керек. Жаза шарасын таңдау кезінде қылмыс жасаған адамның әлеуметтік бейнесі, оның қылмыс жсау кезінде көзге түскен қоғамға қауіптілігінің деңгейі, өмір сүру қалпы, отбасылық жағдайы, денсаулығының күйі, психикалық ауытқулықтардың болмауы, еңбекке көзқарасы, адамгершілік бейнесі, адамгершілікк жат немесе игілікті қылықтар жасағандығы, ұжым арасындағы беделі және т. б. маңызды роль атқарады.
7. Заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне жету болып санлатын- жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді, және барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең кішірек ауыр түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сонымен қатар, сот адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасының және оның асырауындағы тұлғалардың тұрмыс жағдайына мүмкін болар ықпалын да ескеруі керек. Алайда, бұл жағдайлар үстемдік жасамауы тиіс, себебі бұл мән-жайларды ескере отырып ауыр қылмыс жасаған тұлғаға немесе егер де айыпкер қоғамға қауіптілік төндіретіндей болса аталған қылмыстан жәбір көрген тұлғаға, жалпы қоғамға қатысты онша әділетті болмайды.
8. Егер әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларының жиынтығы, қылмыстың түрі мен ауырлық деңгейі, сондай-ақ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескеріліп отыратын болса, жазаның жекелік принципінің мүлтіксіз және бір ізді жүзеге асуына қол жетеді.
Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы болып табылатын істе бар мән-жайларды ескеруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz