Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Қазақ философиясының қалыптасуының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.2Дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын тарихи.философиялық талдау ... ...18
1.3Қазақ философиясының тарихи кезеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2 ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ.ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты ... ... ... ... ..46
2.2 Жәдидшілдік: реформа, трансформация, синтез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
2.3 ХХ ғасыр басындағы ұлттық ояну философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталмыш магистрлік диссертацияда қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңа рухани ізденістер жолдары жан-жақты пайымдалады. Қазақ рухани өміріндегі әлеуметтік-мәдени өзгерістер мен оның қазақ философиясына тигізген әсері және дәстүрлі дүниетаным мен инновациялық үрдістер сипаты, олардың өзара байланысы көрсетіледі. Соны рухани ізденістер мен дәстүрлі дүниетанымның өзара үйлесу мәселелері қарастырылады.
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдықты танып-білуге ұмтылыс қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасқан мәдени-тарихи процестерден туындайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «... қазіргі таңда ұлттық философияны, ондағы құндылықтарды, ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6 б.].

1. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкім актілер жинағы – 2004, № 2, 5-6 бб.
2. Ауэзов М. Энкидиада: К проблеме единства миров кочевья и оседлости // Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. – Алматы, 1993. – С. 32.
3. Кенжетаев Д.Т. Қожа Ахмет Иасауи философиясы және оның түркі дүниетанымы тарихындағы орны. Филос. ғыл. док. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2007. – 259б.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
5. Қасабек А.Қ. Өркениет және ұлттық философия // О философской школе Казахстана. – Алматы, 1999. – 36 б.
6. Нысанбаев Ә.Н. Азаттық рухының күміс қоңырауы // Қазақ газеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. − 6 б.
7. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде // Жұлдыз, 1999. – № 3. – 3 б.
8. Ю. Лотман Мәдениеттер типологиясы // Әлем. Альманах. - Алматы. Жазушы, 1991, 246-247 б.
9. Ғабитов Т.Х. Инновация – мәдени феномен ретінде. Global science communications. Международный научный журнал. – Алматы, 2001.
10. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. 4 том. – Алматы, 2003.
11. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1993. – 99 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ: 181.9 (584 5) Қолжазба құқығында
ОРАЗОВА ЖАНСАЯ САТТАРБЕКҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
6M020100 - ФИЛОСОФИЯ мамандығы бойынша
философия ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2012

Қорғауға жіберілді:
Философия кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент
Ө.А.Малдыбеков
_______ (қолы)
_________________20__ ж.
Магистрлік диссертация

мамандығы: 6М020100 - ФИЛОСОФИЯ
Магистрант ___________________Оразова Жансая Саттарбекқызы
(қолы) (аты-жөні,тегі)
Ғылыми жетекшісі,
филос.ғ.к. доцент ________________ Малдыбек Ақмарал Жұмағұлқызы
(қолы) (аты-жөні,тегі)
ТҮРКІСТАН - 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Қазақ философиясының қалыптасуының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.2 Дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын тарихи-философиялық талдау ... ...18
1.3 Қазақ философиясының тарихи кезеңдеріндегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2 ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1 ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты ... ... ... ... ..46
2.2 Жәдидшілдік: реформа, трансформация, синтез ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .60
2.3 ХХ ғасыр басындағы ұлттық ояну философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...78
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталмыш магистрлік диссертацияда қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңа рухани ізденістер жолдары жан-жақты пайымдалады. Қазақ рухани өміріндегі әлеуметтік-мәдени өзгерістер мен оның қазақ философиясына тигізген әсері және дәстүрлі дүниетаным мен инновациялық үрдістер сипаты, олардың өзара байланысы көрсетіледі. Соны рухани ізденістер мен дәстүрлі дүниетанымның өзара үйлесу мәселелері қарастырылады.
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдықты танып-білуге ұмтылыс қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасқан мәдени-тарихи процестерден туындайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бекіткен Мәдени мұра бағдарламасының басты міндеттері ретінде ... қазіргі таңда ұлттық философияны, ондағы құндылықтарды, ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6 б.]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін, оның философиясының бітім-болмысын сақтап қалу үшін ұлттық философияның дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді [2, 32 б.].
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына байланысты туған жыл қайыру, мүшел, маусым, ай, жыл атаулары ұлттық философиямен, көшпенді өмір салтымен байланысты қалыптасқан дәстүрлермен тығыз қарым-қатынаста.
Өнердің неғұрлым көне түрі ретінде халықтық ауызекі өнері, шығармашылығы әрбір халықтың рухани мәдениеті тарихында, оның адамгершілік және эстетикалық тәрбиесінде айрықша орын алады. Уақыт пен кеңістік ұғымдарының дәстүрлі ұлттық сипаты алдымен фольклорда сақталған. Ежелгі мифтерден бастап эпостық жырларға дейін, наным-сенім өлеңдерінен қазіргі әңгімеге дейін халықтың дәстүр мен жаңашылдық туралы түсініктері сан-тарау кезеңдерді бастан кешірді. Көркемдік ойлаудың тарихын дәстүр мен жаңашылдық туралы ұғымдардың қалыптасу тарихынан бөліп алуға болмайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық табалдырығын егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Еліміздің азаттыққа қол жеткізуі мыңдаған жандар үшін ұлы арман болып, шындыққа айналуы неғайбыл нәрсе еді. Осы себептенде болса керек, халқымыздың тәуелсіздікті аңсау қуаты ешуақытта да толастамаған. Бүгінде сол қуат жігеріміздің нәтиежесін көріп, Асан қайғы жырлаған Жерұйыққа, ақын-жырауларымыз бен би-шешендеріміз аңсап, мұрат еткен ел азаттығы мен халық бостандығына қаншама зар-заманалармен, қилы кезеңдерді артқа тастап өз дегенімізге жеттік. Тәуелсіздік алу, өз мемлекеттілігін құру, бізге оңай іс болған жоқ, оның ауыр-ауыр жолдардан өткен күрделі тарихы болды.
Тәуелсіздік дегеніміздің өзі этностың, халықтың ұлттық мемлекет құруы туралы қиялынан, арманынан, мақсатынан, мұрат биігінен туындайтын дүниетаным. Осылай болғандықтан тәуелсіздіктің нақтылы саяси жетістігі, биігі - ұлттық мемлекет. Өзінің ұлттық мемлекеті бар халықтың шынайы тарихы да, болашағы да бар. Кез-келген халықтың дамуындағы басты мақсат - өзінің жеке мемлекеттігін құру. Халық рухы мемлекеттік құрылымнан тыс өмір сүре алмайды десекте, ел рухына сүйенбеген бірде-бір мемлекет өздігінен дами алмасы анық. Қабылданған заңдары халық рухына, оның имандылық және басқа құндылықтарына негізделген мемлекеттің тұрағы да мықты. Өз мемлекеттілігін құрған ұлт қана халыққа айналатындықтан, кез-келген мемлекетті құру кезінде оның негізгі құрылысшылары, яғни негізін қалаушылары да болады. Олар - құрылыстың нәтижесіне жауапты, әрі мүдделі. Сол себепті, Қазақ мемлекетінің негізгі құрушылары - Қазақтар. Демек, біздің қазіргі мемлекетіміз - қазақ халқының қиыншылықпен дамуының бүгінгі нәтижесі, ал, мемлекеттік тәуелсіздігіміз - тағдырдың өзге мемлекеттер мен халықтардың арасында өзімізді-өзіміз сақтап қалуымыз үшін берген мүмкіншілігі.
Тәуелсіздікке ие болғаннан бергі жылдардың ішінде Қазақстан ішкі және сыртқы саясаттағы байсалды қадамдарымен, ел экономикасын өрге бастырудағы батыл қимылдарымен, ғаламдық проблемаларды шешудегі игі бастамаларымен бүкіл әлемге танылды. Тәуелсіздік жылдары рухани өмірге бұрын соңды болмаған өзгерістер әкелді. Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етудегі ауыртпашылықтарға қарамастан Қазақстан мәдениеті бірінші кезектегі келелі мәселеге айналды. Заман талабынан туындап отырған аталмыш мәселелерді шешуде Қазақстан үшін екі үлкен міндет туындады. Бірі - санадағы, әлеуметтік тәжірибедегі жат өркениеттің елдіктен, теңдіктен алыстататын қиянатын тезірек құрту, екіншісі - тәуелсіз азат Қазақстанның аяғынан тік тұруына, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кейпімен кірігуіне лайықты үлес қосу. Тәуелсіздігімізді алғалы бергі уақытта өткен руханиятымыз бен мәдениетімізді түгендеуміз қажет деп қоғамдық ғылым саласы өкілдерінің жиі айтуының өзінде заңдылық бар. Соңғы жүз жылдықта жоғалта жаздаған дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қайтадан зерделеу қолға алына бастады. Шын мәнісінде, осы тұрғыда айтылған ғалымдарымыздың пайымдарын жалаң ұрандар емес, жанайқай, халықтың өзін-өзі тануы мен ұлттық бірегейлік жолындағы күресі деп түсінгеніміз абзал. Кеңестік билік тарапынан реакцияшыл деп жарияланған алаш мұрасымен қайта қауыша бастағанымыз өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында, алып империяның құлауымен тұспа-тұс келді. Дәстүрлі, озық аталған кеңестік дүниетанымдық бағдарлар өзінің мән-мағынасын жоғалтқанда өзі де ескіге айналып, ескі аталған рухани дүниелерімізбен табыстық. Алаш зиялылары қалдырған мирастың қазақ рухани дүниесінде өзіндік орны мен таңбасы қалғанына қарамастан, бірнеше буын ұрпақтың ел қамын жеген алаш ардақтыларының есімін білмей өскені, рухани мұрадан ажырап, сабақтастық арқауының үзілуге сәл-ақ қалғаны анық. Осындай тұста әлеуметтік-гуманитарлық ғылым салаларында дәстүр мен жаңашылдық көріністерін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп, бұл ұғымдарды байыпты бағамдауға деген рухани сұраныстың артқандығы байқалады. Бұл бір жағынан кеңестік талаптарға сай келмейтін рухани жадысының барлығын терістеген қоғам үшін заңды құбылыс еді. Дәстүрлер мен инновациялардың арақатынасын зерттеудің тек философиялық-мәдениеттанулық маңызы емес, сонымен бірге, бұл мәселенің қазіргі кезде Қазақстан Республикасы үшін бағдарламалық маңызы да зор. Дәстүрлі құндылықтар жүйесі (мысалы, социалистік құндылықтар жүйесі) дағдарысқа ұшыраған кезде: Біз қайда баруымыз керек?, Қандай мұраларды жаңғыртуымыз қажетті?, Дәстүрлерді заман талабымен қалай үйлестіру керек деген сияқты сұрақтардың туындауы қисынды. Осы сұрақтарға жауапты нақтылы Тарих пен Уақыт шеңберінен іздеу қажет. Қазіргі таңдағы қазақ халқының рухани жаңаруы, ұлттық сана-сезімінің өсуі − өз мәдениетінің рухани бастауларын іздеу, зерттеу, өзін-өзі тану үдерісімен бірге келе жатқаны да сондықтан.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай уақыт ұғымының, оның өн бойында таразыланып, безбенделіп жататын құндылықтардың маңызын былай көрсетеді: Уақыт - ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып, жаңаны сынап, өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш - саяси қысым, геноцид, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су ретінде көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын және ұлттық болмысымыздың өзегі - құдайлық әлеммен байланыстыратын дін, сонымен қатар оған тән құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр [3, 3 б.]. Бұл жерде қарастырылып отырған дәстүр мен жаңашылдыққа қатысты аксиологиялық сипаттама жатыр. Яғни дәстүр мен жаңашылдық аясында қазақ философиясының өзегі - түркі-ислам философиясын қарастыру қажеттілігі туралы ой туындайды. Бұл да қазіргі таңдағы қазақ философиясының өзектілігін құрайды.
Егемен ел болған, тамыры терең халқымыздың жаңаруы, барды бағамдай, өзіндік даралығымызды сақтай отырып, кемелденуі, үздіксіз ілгері басып, дамуы бүгінгі заман талабы. Қоғамымыздың алдында мәдениетіміздің жасампаз рухын дамыту, жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастыру жолындағы жүйелі ізденістер жасау міндеті тұр. Ал, осы орайда өткен дәуір мен қазіргі уақыттағы қазақ халқының дүниетанымы мен мәдениеті, рухани сабақтастық пен сол мәдениеттің мәңгілік құндылықтары туралы ой қозғасақ болады. Сол кезеңде қойылған сауалдар мен мақсат-мұраттар бүгінгі қоғамымыз үшін де өзектілігін жойған жоқ. Ұлттық таным мен сана-сезімді ояту, жаңарту мақсаты, ұлттық мұрат, еркіндік жолында күрескен алаш зиялыларының рухани тәжірибесі мен мұрасын зерттеп, зерделеу, құндылықтарды қайта бағалау объективті көрініс. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындау барысында мынадай тұжырымдарға мән беру қажет деп есептейміз: алдымен, халқымыздың тарихында өзіндік ізденістерімен із қалдырған ойшылдарымыздың дүниетанымын тарихи-философиялық талдаудан өткізу халқымыздың дәстүрлі рухани болмысын тануға айрықша үлес қосады; сондай-ақ, әрбір ойшылдың шығармашылықтарын зерделеу ұлттық философияның жаңашылдық аясын кеңейтіп, ұғымдарын толықтырады; үшіншіден, мұндай сараптау тарихи және рухани сабақтастықты нығайтып, ал ол өз тұрғысынан ұлттық ойлаудың үздіксіз дамып, ұдайы жаңарып, дамуда болуын қамтамасыз етеді. Төртіншіден, өткенді тану, оның қисынына бойлау қоғамымыздың болашағын берік қалыптастыруға негіз болады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы жаһандану үдерісінде де дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы мәселесінің маңыздылығы артып отыр. Жаһандану әлеміндегі мәдениет пен өркениет, ұлттық құндылықтар мен бұқаралық мәдениеттің арасындағы сан алуан күрделі де қайшылықты қатынастар дәстүр мен жаңашылдық мәселесін қазіргі кезеңге сәйкес тереңірек қарастыруға түрткі болуда. Елбасы Н.Ә. Назарбаев мәселе жаңа тарих толқынында жаңа ұлттық мәдениетті қалыптастыру. Ұлтты осы заманғы магистралға ескі тәсілмен жасап жөнелтуге болмайды... Дәстүрлікті ту еткен қоғамнан қазіргі заманғы қоғамға бет бұрдық. Сол себепті, біз үшін әр түрлі мәдениеттердің өзара қақтығысына жол бермей, ұлттық дәстүрлер мен модернизациялық қағидалардың үйлесім табуын қамтамасыз етудің маңызы зор екенін атап көрсетеді [4]. Олай болса, Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық (ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басы) атты зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайтын рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік негіздер мен оның теориялық-әдіснамалық маңыздылығы да осы тұжырымдармен сабақтастықта байыпталады.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Дәстүр мен жаңашылдық категориялары туралы пайымдаулар ХХ ғасырда өзекті философиялық мәселелердің біріне айналды. Содан бері адамзат өміріндегі түрлі қоғамдық трансформациялық өзгерістерге байланысты бұл ұғымдарды тікелей немесе жанама зерттеу нысаны ретінде қарастыру өз жалғасын тауып келеді. Бұл ұғым-түсініктерді қарастыруда әр қилы ыңғайларды, бағыттар мен ағымдарды, сан түрлі анықтамалар мен көзқарастарды, зерттеуші көптеген ғалым-философтардың есімін айтсақ болады. Нақтылап көрсетсек, Э. Гидденс, А. Кребер, Г. Гадамер, М. Элиаде, Р. Генон, П. Рикер, Ж. Делез, Ж. Бодрийяр, Ж. Деррида, К. Леви-Стросс және т.б.
А. Кребер Стиль және өркениеттер және Мәдениет табиғаты еңбектеріндегі философия және мәдениеттанудағы дәстүр мен жаңашылдықты іргелі зерттеу саласы ретінде қарастырып, оған әлемдік өркениет тұрғысынан зерттеу бағытын ұсынды. Американдық философ Э. Гидденс Социология атты еңбегінде жаңашылдық процестерінің өзіндік мәнін айқындады. Ганс Георг Гадамер философиялық герменевтиканың негізгі теориялық-методологиялық ұстанымдарын анықтай отырып, Ақиқат және тәсіл, Философиялық герменевтика, Диалог және диалектика, Сана және ғылым уақыты туындыларында философиядағы дәстүр мен жаңашылдықтың байланысын зерттеуге күш салды. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г. Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған. Мирче Элиаде діни филосфиялық және мәдениеттану тұғырындағы дәстүр мен жаңашылдықты зерделеуді мақсат тұтты. Оның Миф және шындық еңбегі дәстүрлі таным мен жаңашылдықтың іргесін жақындатуға күш салған. Мифтер, ритуалдар және символдар, Діни идеялары тарихы еңбегінен ежелгі діни және мифологиялық ойлау жүйесінің қазіргі философиялық жүйемен сабақтастығын аңғаруға болады. Ирандық зерттеуші Али Шариати қазіргі шығыстық философия өкілдерінің бірі болды және марксистік идеологияның жалғандығын сынап, Марксизм және батыстық философия өкілдері деген кітап жазды. Ислам дінін қабылдап, дәстүршілдіктің маңызын түсінген Рене Генон Ұлы Триада еңбегінде шығыс дәстүрлерінің бағзы тамырларын танып-білуге ізденді. Сонымен қатар Шығыс метафизикасы еңбегі де осы ойының жалғасы іспеттес дәстүрлерді тамаша айқындады.
ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ой-санасын концептуалдық тұрғыда пайымдау барысында оны зерттеудің бірнеше кезеңдері мен бағыттарын атап көрсетуімізге болады:
Бірінші кезең − ХІХ ғасыр басындағы қазақ ойшылдарының өз еңбектері.
Екінші кезеңде ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының қоғамдық-саяси, философиялық көзқарастарына қатысты мәселелер кеңестік идеология талаптарына сәйкес жүргізілді. Дегенмен де, Қ.Б. Бейсембиев, М.С. Бурабаев, О.А. Сегізбаев еңбектеріндегі қазақ ой-санасының философиялық аспектілерін зерттеу бастамаларының жіті назар аударатын тұстары жеткілікті.
Үшінші кезеңде тәуелсіздік алғаннан бері жарық көрген еңбектер мен зерттеулерді атап өтуімізге болады. Олар: тарихи тұрғыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихының ақтаңдақтары мен әдіснамалық-тарихнамалық мәселелерін зерттеген М. Қозыбаевтың, Алаш қозғалысының тарихын қарастырған М. Қойгелдиев пен К. Нұрпейісовтің, алаш зиялыларының қоғамдық-саяси, құқықтық көзқарастарын зерттеген М. Құл-Мұхамед пен С. Өзбекұлының, патшалық Ресейдің экспансиялық саясатының мәнін ашып берген М. Мырзахмет, З.Т. Садуақасова, А. Мамашұлының еңбектері мен зерттеу мақалалары, осы дәуірдегі қазақ руханияты, білім беру ісі, жәдидшілдік құбылысының тарихи-мәдениеттанулық негіздерін көрсетіп берген Н. Нұртазинаның және т.б. еңбектері.
Әдебиет тұрғысынан Т. Кәкішов, Ш. Елеукенов, М. Мырзахмет, Р.Нұрғали, Б. Майтанов, З. Бисенғалидың зерттеулері, сонымен қатар, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қалыптасуы, ондағы діни образдар, ұлт-азаттық идея, әдебиеттегі ағартушылық үдерісті, рухани-мәдени мәселелерді қарастырған Т. Жұртбай, У. Қалижанұлы, Ө. Әбдиманұлы, А. Жақсылықов, Д. Қамзабекұлы, М. Тәж-Мұрат, А. Шәріп, Б. Омарұлы және т.б. зерттеулері де мол мағлұматтар береді.
Тәуелсіздік алғалы бері қазақ философиясын зерттеудің іргетасын қалап, ғылым саласы ретінде қалыптастырып, қазақ мәдениеті мен дүниетанымын зерделеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтап, бағыт-бағдарларын белгілеп берген А.Х. Қасымжанов, Д.К. Кішібеков, Ә.Н. Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, А.Қ. Қасабек, Ғарифолла Есім, Ж.А. Алтаев, Т.Х. Ғабитов, С.Қ. Мырзалы, М. Сәбит, М.С. Орынбеков, С. Ақатай, Ж.Ж. Молдабеков, С.Е. Нұрмұратов, Б.Р. Қазыханова, Н.Ж. Байтенова, Т.Қ. Бурбаев, Б.Ғ. Нұржанов, Д.С. Раев, С.Б. Бөлекбаев, Н.Р. Мұсаева, Ж. Мүтәліпов, А.Т. Құлсариева, Ә.Р. Масалимова, Б. Қожамберлиев, Б.И. Абирова, Қ. Бегалинова, Қ. Мұхамбетәли, Л. Асқар, Қ. Жамалов, Д. Кенжетай және т.б. ғалымдардың туындыларының маңызы зор.
Соның ішінде А. Қасабек пен Ж. Алтаевтың Қазақ философиясы,
Д. Кішібековтің Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең, Ж.Ж. Молдабековтың Қазақтану, Т.Х. Ғабитовтың Қазақ философиясы, Д. Кенжетайдың Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы еңбектері мен осы ғалымдардың басқа да зерттеулерінде аталған дәуірдегі қазақ қоғамының рухани ахуалы, даму үрдістеріне философиялық талдау жасалынып, қазақ ойшылдары дүниетанымының әр түрлі қырлары айшықталған.
Сондай - ақ, философия мен мәдениеттану ғылымы саласынан қорғалған Д.Ө. Құсайыновтың Қазақ демократиялық интеллигенциясы дүниетанымының мәдени-философиялық мәні мен маңызы докторлық диссертациясын, И.Д. Құттыходжаевтың М. Жұмабаевтың мәдениеттанушылық көзқарастары, Ү.К. Сәрсембиннің Қазақ интеллигенциясы әлеуметтік-мәдени феномен ретінде (әлеуметтік-философиялық талдау) атты кандидаттық диссертация жұмыстарын атап көрсетуге болады.
Рухани құлдырауды еңсеруде руханият бастауларын тануға жүгіну ісінде − алаш мұрасын зерттеудің маңызы зор. Бұл тарихи кезеңге қатысты зерттелінбей жатқан философиялық мәселелер мен ойшылдар шығармашылығы әлі де өз зерттеушілерін күтуде. Осыған орай, А. Қасабек қоғамның рухани өміріндегі құндылықтардың өзіндік келбеті мен сипаты көп өзгерді. Бұл құбылысты қоғамдық тарихи үдерістегі дәстүрлі көріністер, көрнекті тұлғалардың іс-әрекеттерімен байланыстырмай терең түсіну мүмкін емес [5] десе, Ә. Нысанбаев: Жат жұрттың қабағына жалтақтаған үш ғасыр бойғы өзгеге тәуелділік халқымыздың бірнеше буын ұрпағының бойындағы елдік, отаншылдық, ұлтжандылық рухын езіп-жаншып, дүниетанымымыз бен ділімізді әр түрлі қитұрқы идеологиялық қисындар қалыбына салуға тырысып баққаны рас. Бірақ, халық көкірегіндегі тәуелсіз елдігін қайта орнатсақ деген үміт ұшқыны қоздап жанып, ауық-ауық лап етіп белгі беріп қалатын. Әсіресе, жиырмасыншы ғасырдың басында қаулап өсіп жетілген ұлттық интелигенция шоғыры өз халқының болашақ даму бағдарын айқындауға бел шеше кірісті. Олар туған халқының көзін ашып, көмескі тартқан рухын оятып, біліммен қаруландырып, бірте-бірте тәуелсіз ел болуға жеткізудің қиын да болса, ең сенімді жолын саналылықпен таңдап алды, − деп жазады [6]. Қай жағынан алсақ та осы дәуірдегі қазақ ойшылдарының шығармашылықтары мен қайраткерлік қызметтеріне жаңа деген атаудың тән екендігін көреміз. Осыған орай, ізденуші осы кезеңдегі ұлтымыздың рухани мұрасын философиялық тұрғыда зерттеудің жаңа проблемалық тұстарын айқындау мен қарастыруға және мәселені дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан бағамдауға ұмтылыс жасайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының мақсаты − ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік ортасы мен рухани ой-санасындағы, дүниетанымындағы өзгерістерді философиялық-теориялық тұрғыдан зерделеп, осы кезеңдегі қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістерін арнайы зерттеу нысаны ретінде айшықтап, ғылыми негізде талдау, мән-мағынасын, әр-түрлі қырын ашып көрсету.
Аталған мақсатты шешу жолында төмендегідей міндеттерді алдымызға қойдық:
- Батыс пен Шығыс философиялық жүйелеріндегі дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарының тарихи-философиялық мәнін салыстырмалы түрде анықтау;
ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістерін зерттеу негізінде ұлттық ояну, ұлтық сана, ұлт-азаттық идея, мәдени мұраны жаңғырту үрдістерін байыптап, алаш мұрасының қазіргі қоғамымыздың рухани мәселелерін айқындаудағы орнын бағамдау.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысында Түркі дүниесінің ұлы ұстазы Қожа Ахмет Ясауи хикметтері, Абай Құнанбаевтың өлең-жырлары мен қарасөздері, Зар заман өкілі Мұрат Мөңкеұлының өлеңдері, Шәкәрім Құдайбердіұлының Иманым атты жинағы, ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясының өкілі ретінде Ғұмар Қараштың өлеңдері мен толғаулары дереккөздер негіз ретінде алынды. Сонымен қатар қазақ ақын-жырауларының толғаулары қазақ ғақлиятты және нақлиятты ой кешу үрдістерінің негізгі көріністері ретінде пайдаланылды. Диссертацияда талдау (анализ), салыстыру (компаративистік) әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің нысаны қазақ философиясының тарихы.
Зерттеудің пәні Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үрдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- дәстүр мен жаңашылдық ұғымдары тарихи-философиялық талдаудың нысаны ретінде зерттелініп, осы ұғымдарға қатысты теориялық-әдіснамалық көзқарастар мен ыңғайлардың тұжырымдалуы нәтижесінде олардың онтологиялық, танымдық-құндылықтық, әлеуметтік-мәдени мән-мағыналары анықталды;
- қазақ философиясының ерекше сипаттағы жаңашылдық болмысына қуатты әсер еткен ұлттық құндылықтардың дәстүрлі сипаттары анықталып, оларға заманауи тұрғыдан баға берілді және сол тарихи дәуірдегі ойшылдарды толғандырған жаңашылдық тарихи үрдістер белгіленді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Дәстүр мен жаңашылдық − қоғамның кеңістіктік-уақыттық тұрғыдағы ұйымдасуы мен харекетін біріктіретін, кез-келген іс-әрекет пен тәжірибенің өткені, бүгіні және келешегінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ететін өзара ықпалдастық құралы. Дәстүр мен жаңашылдық қоғамдық қатынастар мен қоғамдық сананың тұрақты үлгілерінің бекуінің тарихи қалыптасқан жағдайы мен өзгеруінің даму барысы ретінде анықталады. Дәстүрлер әр халықтың өзіндік ерекшеліктерін білдіріп қана қоймай, сол халықтың өзіндік санасының оянуына, ортақ мүддеге қызмет жасауына әкеледі.
− Қазақ философиясы − қазақ халқының кеңістік пен уақыт аясындағы болмысының айқын көрінісі. Қазақ философиясы ұлттың рухани діңгек тұғыры, этнос дүниетанымының өмір үрдісінде нақты бейнеленуінің негізі. Тарихи даму барысындағы дүниетанымдық өзгерістерді зерттеу қазақ философиясының мәні мен өзекті мәселелерін талдауға мүмкіндік береді. Қазақ философиясының дәстүр мен жаңашылдық аясындағы сипаттарын анықтасақ, тарихи өзгеріс ерекшеліктері тура түсіндірілсе бірбүтіндіктің арқауы болған ұлт бітімі мен табиғатында дұрыс мөлшерлеуге болады.
− XІX ғасырдағы қазақ қоғамында сауатты, әлемдік тарихи үдерістерден жан-жақты түсінігі бар, этникалық өзіндік санасын жетілдіруге ұмтылған ағартушылық идеясы аясында ұлттық интеллигенция қалыптаса бастайды, алғашқы рет кең-байтақ еліміздің әлеуметтік-этникалық кеңістігінде өркениеттілікті, тұтастанған ұлттық дамуды мақсат еткен зайырлы қоғамның ұстындары көріне бастаса, екінші жағынан, ислам дінінің құндылықтары жәдидшілік арқылы қоғамдық санада жаңғырып, әлеуметтік және саяси мәселелер астасып, жаңаша маңыздылыққа ие бола бастады.
− Қазақ философиясындағы ағартушылық және жәдидшілік бағыттағы көптеген тарихи тұлғаларға баға бере отырып, заман ағымын бағамдап, кешегі, бүгінгі, болашақ уақытты бағалай отырып, тарихи болмыс пен сананың қалыптасуына тірек, негіз болатын тетіктерді анықтауға болатындығы және қоғамның дамуында философиялық сананың маңызды рөл атқаратындығы ғылыми зерттеуде нақтыланады; қазақ философиясының өкілдері Батыс пен Шығыс мәдениетінің, қазақтың көшпелі өркениетінің әр түрлі, көпжақты рухани, мәдени, әлеуметтік, теориялық, тарихи ықпалын көре отырып, өзгеге ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мол, дара дүниетаным қалыптастырды. Соның арқасында философиялық мәні жоғары, тәлімдік, тәрбиелік қуаты мол ұлағатты шығармашылық дүниеге келтірді.
− XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ойшылдары ұлт болмысын тек оның өзінің дәстүрлі дамуы қисынынан ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүниежүзілік өркениет дамуындағы инновациялар тұрғысынан бағалады, осындай сәтті методологиялық өлшемді орынды пайдаланудың нәтижесінде ұлт болмысындағы негізгі қайшылықтарды анықтай отырып, одан арылудың жолы көрсетіледі.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. ХIХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдықтың мәнін талдауда философия ғылымында кең таралған жүйелілік ыңғай мен герменевтикалық үрдістер негізге алынды. Зерттеудің теориялық нәтижелерін тұжырымдауда автор шетелдік зерттеушілер мен Д. Кішібеков, Ә. Нысанбаев, А. Қасабек, Ж.А. Алтаев, Ж.Ж. Молдабеков, Д.Кенжетай, Т.Х. Ғабитов, С. Мырзалы, А.Т. Құлсариева, Т.Қ. Бурбаев, С.Е. Нұрмұратов, Д.С. Раев сынды отандық философ ғалымдар еңбектеріндегі идеялар мен методологиялық әдіс-тәсілдерге арқа сүйейді.
Мәселенің күрделілігі мен жан-жақты сипаты тақырыптың бір ғана әдіснаманың аясында айқындалуы мүмкін еместігін көрсетеді. Сондықтан да зерттеу пәні бірнеше гуманитарлық ғылым салаларының жетістіктерін біріктіретін пәнаралық әдіс-тәсілдер жиынтығын талап еткендіктен де ізденуші өз зерттеуінде тарих, мәдениеттану, әдебиеттану, әлеуметтану саласындағы іргелі еңбектерге сүйенеді. Тақырыпты зерттеу жинақталған теориялық еңбектер мен ғылыми мақалаларды саралау арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында алға қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда ұлттық философиядағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаудың тарихи-философиялық және әлеуметтік-дүниетанымдық аспектілері біртұтас қарастырылды. Сонымен бірге, қорғауға ұсынған нәтижелерді тұжырымдауда құрылымдық-функционалдық, тарихи-логикалық, компаративистік және тарихи реконструкциялау тәсілдері де қолданылды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдарын еліміздегі жоғары оқу орындарында философия, мәдениеттану, философия тарихы, дінтану пәндерін және түркі философиясының тарихы, қазақтану, қазақ философиясының тарихы, қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар, қазақ ағартушылығы философиясы, қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс арнайы курстарын тереңдетіп оқыту кезінде, дәріс оқуға және көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы және сыннан өтуі.
1. Ұлттың рухани келбетінің қалыптасуындағы халықтық дәстүр мен сананың рөлі Қазақстанның ғылыми әлемі, № 2, Шымкент 2011ж., 185-188 бб.
2. Қазақ ойшылдарының мұраларындағы шешендік өнердің сырлары Ізденуші № 6., Шымкент 2011ж., 86-96 бб.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Диссертация құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ҮРДІСТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Қазақ философиясының қалыптасуының негіздері
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы жиырма жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Мемлекет басшысы: ...Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр - деді [7, 3 б.].
Ендеше даналық туралы - ғылым философияның тәуелсіздікпен қатар түлегендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Философия ғылым ретінде ұзақ даму кезеңдерінен өтті. Қазақ философиясының қалыптасу көкжиегі қазақ халқы жеке халық ретінде бітім-болмысы қалыптасқан кезден бар деп есептеуге болады. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба әдебиеті болмаса да, өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра үлкен қарқынмен дами отырып, әрқилы ерекшеліктері бар күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап қазіргі замандағы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын халықтық философия айрықша орынға ие болып есептеледі. Оның негізгі бағыттары - дүниеге шынайы көзқарасты, діни танымды және басқа да еркін ойлау процестерін, қазақ топырағында қалыптасқан ғақлияттық (ақылдық) және нақлияттық (нақылдық) мәселелер мен адам туралы ілімдер, күш көрсетпеу, төзімділік идеясын және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, т.б. мәселелер болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер - бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті кұбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әртүрлі деңгейде, бірак, жалпы алғанда, жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар - адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, құқықтық, саяси және философиялық жақтар, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы баскалар еді.
Осы аталған көзқарастар сыңаржақтыққа, тоқыраушылыққа және білімсіздікке, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да, кемшіліктерге қарсы бағытталады. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуынын өзінше ерекшелігі деп айтуға болады.
Қазақ философиялық ойының тағы да бір ерекшелігі -- шынайы отансүйгіштігін, халқына сүйіспеншілігін, оның мүддесі және болашағын жан-жақты көрсете білуі.
Әрине, қазақ философиясы әу бастан-ақ аяғынан тік тұрған, бірден қалыптасып кеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып-білу, оның зандылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау негізінен алғанда кейінгі ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен халықтың ақындық мұраларында қоршаған тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Оны жүйелі, толыққанды дей алмаймыз. Бірақ адамдардың өмірлік тәжірибесін, халық даналығын көрсетудің философиялық мәні бар екені даусыз. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз әдебиетіне тән, тез жаттап алу, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей жоғалтпай, жеделдете өткізу - бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс. Семиотика саласының білгірі Ю. Лотман ауызша және жазбаша мәдениетті салыстыра келіп, жазба мәдениетінің адамды эгоизмге тәрбиелейтінін, ал ауызша мәдениеттің ішіндегісін бүкпесіз көрсетіп, ашық қимылдайтын адамды жоғары бағалайтынын айтады [8]. Шынында да, кітаптан білім алған ізденушінің өз-өзімен болып, дарашылдыққа бет бұратынын оңай аңғаруға болады. Ал жазусыз мәдениет өркендеген көшпелі қоғамда адамдардың сұхбатқа бейімділігінің, белсенділігінің нәтижесінде даналық қасиет өз деңгейінде бағаланады. Данышпандар құрметтеліп қана қоймай, көпшілік соны үлгі тұтады. Алайда бұдан осы әңгіме рухани ілімнің көшпелі қоғамда ғана дамитыны, жазу мәдениетінің қажетсіздігі туралы айтылып отыр деген ой тумауы керек. Рухани ілімнің отырықшы елдерде де дамыған кездері аз емес, жазу мәдениетінің қоғамға тиізген пайдасы өлшеусіз. Бұл жерде сөз көшпелілер мәдениетінің қазақ философиясының дамуына туғызған қолайлы жағдайы туралы ғана болып отыр.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар екенін байқаймыз. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер адамдарды, табиғи және әлеуметтік кұбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уакытына сәйкес танып-білудің дәлелі. Ауыз әдебиетінің ескерткіштеріндегі халкымыздың танымдық, әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінігі қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ, сондықтан да философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.
Қазақ философиясын зерттеп, үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және т.б. пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен біте қайнасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысуымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жалпы адамзаттық айшықтар, идеялар ең жоғары құндылықтар есебінде танығаннан кейін философия тарихын зерттеудің ауқымы да кеңейді, бағыттары да нақтылана түсті. Соның бір мысалы ретінде кезінде "таптық күрестің" құрбандары болып кете барған қазақ халқының аяулы азаматтарының - әдебиетшілер, философтар, ақындар, саясатерлердің есімдері ортамызға қайта оралды, сондай-ақ өз ортамызды қайта жаңғыртуы, философиялық ортаға жаңа идеялардың қосылуы және олардың қазақ философиясы тарихының жаңа беттерін ашуға тигізген жан-жақты әсерін атап айтуға болады.
Халықтың сана-сезімінің өсуі, тоталитарлық империяның күйреуі жас тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін, достық пен алауыздықтың айырмашылығын, халықтар тағдырының ажырамас бағыттарының тарихи шындықтарын терең де мазмұнды ашып беруіне көп септігін тигізуде. Осы тұрғыдан алғанда, біздер дүниежүзілік қоғамдастыққа қазақ халқының терең де тұңғиық философиялық ойларын, оның шынайы болмысын және өзіне тән мәдениетін көрсете білуіміз керек. Бұл мақсатты іске асыруда бұрыннан қалыптасып, сіресіп қалған ұғымдар мен қағидаларға сын көзбен қарап, оған жаңа методологиялық шешімдермен келуіміз керек.
Қазақ философиясының көкейкесті мәселелерінің бірі-философияның пайда болу проблемасы. Қазіргі уақытқа дейін әлемдік философия тарихында осы мәселе талай пікірталас туғызып жүр. Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын. Екіншіден, философия деген ұғымның өзіне дәл анықтама беруге осы кезге дейін толық қол жеткен жоқ. Үшіншіден, қазақ философиясына келетін болсақ, оның жазба түрінде классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.
Әлемдік философияда үш ошақтың (Қытай, Үнді, Греция) шамалас бір мерзімде пайда болғанын білеміз. Ол орталықтар философияның әлеуметгік кеңістігіндегі жоғары деңгей еді және теориялық ойлаудағы дүниенің өзін жеке тұтас ретінде бейнелеген алғашқы жүйелер болды. Философиялық ойдың тууына белгілі бір шарттар қажет. Олар әлеуметтік, теориялық-танымдық, тарихи шарттар десек, тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл философиялық өркениетің ұзақ дамуының жемісі болып шығады.
Жалпы қалыптасқан көзқарасқа сүйенсек, онда философия экономикалық саяси және идеологиялық жағынан нашар дамыған, ертедегі құл иеленуші қоғамда әрі сол қоғамның жоғары сатысына өту кезеңінде пайда болғанын тұжырымдайды. Дегенмен әлеуметтік алғышарттар философияның пайда болуының тек тиісті жағдайларын түзейді.
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты аңыз делінеді. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйеленген кезінде ғана пайдаланады. Әрбір заманға байланысты эпос аңыздың түрін өзгертіп отырады және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философиялық шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетеді.
Аңыздық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де тұжырымдар бар. Философия аңызға тән дүниеге тұтас көзқарас бағытын сактауға ұмтылады. Соның негізінде не аңыздық не аллегориялық (деректі) - көркем не символикалық -- діни не нақты -- ғылыми ойлау, бірақ олардың әркайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау түрлерін құрайды.
Белгісіз дүниені түсіндіруге ұмтылудан гөрі белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу егер де ол дүние тіпті танып білуге мүмкіндік бермесе тәңірге немесе құпия ғаламат күшке табыну аңыздың өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздену әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгерту мүмкіндігін жетілдіру - бұл аңыздан философияның салмағын ажыратудың бір жолы.
Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебап принциптерін немесе "бастауларды" анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни-аңыздық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға дүниені танып білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге негізделеді. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның санаткерлік сезімталдығымен (интуициясымен) бірегей ұштасуы нәтижесінде туады.
Қазақ тарихына зер салсақ, онда көп кездесетін "рулық'' генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және "ақсүйек" рулар пайда болған кезінде күшейгенін көреміз. Сонғылардың коғамдағы "заңды" орындары олардың төркіні батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп олардын әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді рөлі орнықты. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнелейді. Осыдан келіп олардың көзқарасы ғана емес, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мысалы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа даналардың ойлау жүйесі, ақыл-кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел бола алады.
Әдетте, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда, алдыңғы орынға философиялық, әдептік, діни және т.б. проблемалар шығады. Олар азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық тіпті "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған'' "алтын ғасыр'' және "ақыр заман" туралы және басқа мәселелер. Бұлар жұп санаттар ретінде де, немесе жекелей қазақ ойшылдарының көзінен таса қалмаған. Осы мәселелерді тиянақты ойластыру арқылы олар экономикалық, соғыс және саяси дағдарыстарды шешуде үлкен зор атқарады.
Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып түседі. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес, керісінше онын түрі ұлттық ерекшеліктеріне әлемдік тәжірибемен астасып жатады. Қазақ ағартушылығы жалпы ағартушылықтың бір түрі, оның ерекшеліктеріне: ұлттық мәселені басты проблема етіп коюы: қоғамдық практикамен тығыз байланысты болуы жатады [10].
Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай келеді. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтын ұлттық сана-сезімін оятуға, бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті. Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына феодолизмнен капитализмге өту барысында шыққан демократиялық элементтері, халықтың ауыз әдебиеті мен фольклоры негіз болған. Жалпы әлемге тән ағартушулыққа келетін болсақ, ол алдымен кейбір заманның әлеуметтік-саяси және идеологиялық сұранысына сәйкес белгілі бір аймақта пайда болып, басқа аймақтарға тарай береді.
Қоғамдық ойдың ұлттық және әлемдік қарым-қатынасы қазіргі заманда, әлеуметтік қақтығыстар мен мемлекет аралық қайшылықтар бүкіл адамзатты қамтып отырған кезде ең маңызды мәнге ие болып отыр. Оның әлеуметтік және мәдени-психологиялық алғышарттары ретінде қоғамдастықтын қалыптасуын атауға болады. Қоғамдастық -- бұл өзінше бір тарихи институт, оның пайда болуы арқылы қоғам өз мәніне ие болуға қабілетті. Осы ұғым қоғамды кұрушы күштердің әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі көрсете білуді бейнелейді.
Біздің ойымызша, қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар -- қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Осы мәселенің өзі арнайы жеке зерттеуге лайықты.
Қоғамдық ой білімді, сананы және өзіндік сананы қамтиды. Сана мен өзіндік сана біліммен өзектес жүреді, сонымен бірге оның түрлері де болып келеді. Білім сананың өмір сүру тәсілі, ол өзіндік сананың әр кезеңдегі ең жоғары шыңы болып табылады. Қоғам дамуының белгілі-бір кезеңінде осы аталған үшеуінің бірі алға шығып, жетекші рөл аткарады.
Қоғамдық ойдың бір бөлігі ретінде халықтық философияның және халықтық саяси көзқарастарын айту керек. Адамдардың күңделікті іс-тәжірбиесін даналық (мудрость) қолданып қана қоймай, оны ой елегінен өткізіп қорытындылайды. Ойшыл озық идеялардың әсерімен осы күнделікті көрген-білгеннен терең де ауқымды ой түйеді. Нәтижесінде жоғары деңгейдегі ойлау сатысына көтеріледі және оқиғаларға философиялық, логикалық және ғылыми көзқарас қалыптасады.
Қазіргі әдебиетте философия және қоғамдық ойды бөліп қарамау белең алып кетті. Бұл, әсіресе қазақ философиясы тарихына арналған 50-80 жылдардағы зерттеулерде анық байқалды. Философия тарихы өзінің сапалық ерекшслігінен айырылып, саяси идеялар тарихы төңірегінде қалып койды. Бүған философияны, оның тарихын дұрыс түсінбеу себеп болды. Қазақ тарихының белгілі-бір кеңістік -- уақыт өлшемінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz