Күрделі эмоциялар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

К І Р І С П Е

Адам реалдық дүниені тек танып қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоцияларының сан алуан түрлері.

Сезімдер-өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырған. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әртүрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін-қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, көңілдену, қажу, уайым т. б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі- олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, достық т. б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық т. б. сезімдер жатады.

Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі-жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар-белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Қорқыныш, қайғы, абыржу, налу жатады. Осылармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді.

Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттіліктерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады.

Күрделі эмоциялар

Күрделі эмоциялардың бірі-көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т. б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғарғы оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т. б. ), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз өмірінің басты қожасы болу керек екенін көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ырқынан жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы, жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу-мұғалім үшін аса қажетті сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгеруіне қолайсыз әсер етеді.

Эмоцияның бір түрі-аффекттер. Аффект- латынша «аффектус» деген сөз, қазақша жан ұшыру, күйіп-пісу деген мағынаны білдіреді. Аффекттер дегеніміз-қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т. б. ) М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффекттіні былайша суреттейді:

«Орынсыз жан таласып кейде бекер,

Жұламын итмұрынды қолым жетер . . .

Сонан соң әлім кетіп жерге құлап,

Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сұлап.

Кеміріп жердің дымқыл топырағын,

Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бұлақ».

Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл-адамның өзін меңгере алмауы, ерік-жігері күшті адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек" деп Абай дұрыс айтқан.

Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.

Құмарлық-адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол», -деп Абай адамға қажетті құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А. С. Пушкин «Сараң сері» драмасында Альберттің образы арқылы, құлқынын ақша тескен адамның «құмарлығын» былайша суреттейді:

«Е, менің әкем үшін ақша малай да емес, дос та емес,

Бас иетін қожасы, өзі қызмет етеді,

Еткенде қандай десеңші!

Алжирдің нағыз құлындай,

Шынжырлаулы төбеттей!

Иттің суық жатағында тұрады.

Қорегі оның қара су мен кепкен нан,

Көз ілмейді түн бойы, жүгіреді арсылдап,

Ал алтыны жатыр сандықтарда мызғымай».

Эмоция да адамның айналасындағы өмір шындығына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғымдарының өзіндік айырма-шылықтары бар. Психолог Қ. Жарықбаевтың пікірінше: «Эмоция адамның түрлі органикалық қажеттеріне байланысты туып отыратын шағын, ситуациялы көңіл-күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, не болмаса бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесі қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі. Эмоцияда мәнерлі қозғалыстар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-ишаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.

Сезімдер - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамып отыратын процесс. Достық, адалдық сезімдері адамдарда бірден қалыптаса қоймайтындығы белгілі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды. Тұрақты, терең әсерлі сезім жеке адам психологиясының басты белгілерінің бірі». Адамның сезім мүшелері. Тіршілік иелері - адамдар мен жан-жануарлардың ағзасында ішкі және сыртқы ортаның сан алуан әсерлерін қабылдайтын, оны мидың сезімтал орталықтарына жеткізетін талдағыштардың шеткі бөлімі бар. Мұны - рецепторлар деп атайды. Олар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің бел-гілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейім. Олар өздерінің орналасу орнына сәйкес экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді, дейді ғалымдар. Экстерорецепторлар - қоршаған ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерді (дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту) қабылдаушы. Интерорецепторлар - ішкі органдарда, қан және лимфа тамырларындағы қабырғалар-да орналасқан, осы органдардағы тітіркеніштерді қабылдаушы. Олар: ішкі органдардағы барорецепторлар мен олардың кілегейлі қабықта-рындағы бос сезімтал рецепторлар, тамырлар қабырғаларындағы аншорецепторлар, тірекқимыл аппараты органдарындағы, проприорецепторлар. Тірек-қимыл аппараты дегеніміз - сүйек бұлшық ет, буын.

Бір мәселедегі сезімдер қайшылығы

Біздің өмірімізде болып жатқан әр түрлі өзгерістер эмоциялар мен сезімдердің қайнар көзі екені мәлім. Тек, бір жағдайдың, бір заттың әр адамға әрқилы әсер ететін де кездер болады. Біз олардың кейбіріне тоқталсақ: шөлдегенде ішкен бір стақан су адамның жанын рахат сезіміне бөлейді. Ал енді шөлдемеген кісіге зорлап ішкізсе, оның бойында ашу, наразылық сезімін туғызады. Әрбір адам музыканы тыңдағанда сүйсініп, етжүрегі елжірегенімен, жақсы сезімдер құшағында болғанымен, барған концерті тым ұзаққа созылып кетсе, қалжырап, жалығып кететіні өтірік пе? Яғни, эмоция мен сезімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол адамның еркімен, ниетімен, мінезінің ерекшелігімен, талап-тілегімен әр түрлі көріністе, сипатта анықталады. Олай болса, эмоция мен сезім әлемі өте күрделі, алуан түрлі, таңғажайып сырларға толы. Зерттеуші мамандардың пайымдауынша, адамның эмоциясы мен сезімі қоғамдық-тарихи сипатта болса, жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында ұшыраспайды. Оның сәл ұшқыны сезілгенімен, ол адамның сезімдеріндей нәзік те ұзақ, ұлы емес.

Адам бойындағы ең биік сезім

Ол жөнінде әркімнің өзіндік ой-пікірі, түсінігі болады. Біздің және бірқатар мамандардың дүниетанымы бойынша, адамның жоғары сезімдері көп. Солардың ішінде әркімнің күнделікті тыныс-тіршілігінде айрықша орын алатыны және ең бастысы - парыз сезімі. Бұл - адамның өз Отанының, халқының, ата-анасының, отбасының, туған-туыстарының, еңбек ұжымының, қоғамының, дінінің, өзіндей адамдардың алдындағы парызы. Адамдар оны қалай түсінеді, оған сөзімен, ісімен қалай жауап береді, оның бәрі өзінің де, өзгенің да алдында көрініп тұратын өлшем. Парыз сезімі терең дамыған адамда оны орындау, өтеу ауырлық әкелмейді, қайта бақытқа бөлейді, оған зор сый-құрмет сыйлайды.

Сезім арқылы адамды танып-білу

Адамды танып, білу үшін оның қалай ойлайтынынан, соған сәйкес қалай іс-әрекет ететінінен хабардар болу жеткіліксіз. Ең бастысы, адамның не нәрсені де тебірене сезінетінін білуіміз қажет. Бұл орайда психолог мамандар адамның сезімін 4 топқа бөліп сараптап, бағалайды. Олар: сезімнің бағыттылығы; сезімнің тереңдігі; сезімнің тұрақтылығы; сезімнің әсерлігі. Егерде адамның сезімі не болса, соған әсерленіп, бетімен лақса, онда ол ақыл-парасат иесінің шығармашылығына, тіршілік үшін күресіне, алдына қойған мақсат-мүддесіне мықты тірек бола алмай, адамды тура жолынан адастыруы да, қате қадамдарға бастыруы да, негізгі парызы мен міндетін адал атқаруынан аластатуы да мүмкін. Адам сезімі оның мақсат-мүддесімен қаншалықты қабысып жатыр, оның беріктілігі қандай, бар бақыт, абырой соған байланысты.

Адамның эмоциялық өмірін талдап, таразылағанда оның өмірінде ең үлкен орын алатын сезімдері қандай, ол жеке дүниетанымынан, көзқарасынан туған ба, негізгі мақсаттарымен сәйкес келе ме, сезімдері ұсақ па, ірі ме, аумалы-төкпелі ме әлде тұрақты ма, соған басты назар аударған жөн. Себебі, кейбір сезімдердің бағытына сәйкес жоғары немесе уақ болатыны белгілі. Осы орайда өшпенділік сезімін алып, қарастырсақ, Елің мен Жеріңнің жауларына деген өшпенділік сезімің сені ерлікке құштарландырады, қаһарман етіп шығарады. Олай болса, бұл ең жоғарғы сезім. Ал енді, бағы жанған біреуді күндеп, оған өшпенділікпен қарау өсек туғызып, жат қылықтар жасауға итермелейді. Яғни, бұл - тайыз сезім. Көрдіңіз бе, бір ғана өшпенділік сезімінің өз бағытына (не нәрсеге бағытталуына) байланысты қандай мән-маңызға ие болып отырғанын. Кез келген адамның эмоциялық өмірінің бай-лығы мен мазмұндылығы бойындағы сенімдерінің күшімен емес, тереңдігі-мен өлшенеді. Терең сезім әр адамның тыныс-тіршілігінің ең маңызды жақтарын қамтиды, ойымен, талап-тілектерімен жан-жақты байланыста болады, өзінің бүкіл рухани болмыс-бітіміне әсер етеді, оған нәр береді. Бұл орайда Лермонтов былай деген: «Сабырлылық - бойда жасырынып жатқан ұлы қуаттың белгісі; сезімнің, ойлардың толық және терең болуы ұстамсыз қылықтарды болдырмайды». Иә, тез лып етіп өте шығатын, сыртқа көрінуі күшті сезімдердің барлығы бірдей терең сезімге жатпайды, адамның сенімі-нен туатын, оның өмірлік күресінің бағыт-бағдарын айқындайтын, принципті түрде жек көруді туғызатын сезімдер терең сезім болып саналады.

Қандай сезім тұрақты? Адамның бойындағы сезімі терең болса, ол тұрақты да берік. Тайыз сезім күшті болғанымен, уақытша және өткінші. Кез келген адамның басында болатын жағдай, ол бір істі шын жүрегімен сүйсе, оған зор сенім артса, онымен әрдәйім шұғылданса да зерікпейді, қажып шаршамайды. Керісінше, бұл іске күннен-күнге ынта-ықыласы арта түседі. Жақсы ән-күйді тыңдауға құштар жан оны тыңдаған сайын оған деген құштарлығы кемімей, керісінше, арта түседі. Өмірде ықыласы тайыз, тұрақсыз, бар күнін күлкі-думанмен өткізуге құштар адам тез қажиды, бәрінен де тез суынады, тез жалығады. Өйткені, оның сезімі терең емес, тайыз, үстірт қана. Олар уайым-қайғыға да тез көндігіп кетеді де, өмірі күн санап бос болып, мәңгіреді. Бұл сезімі тайыз, үстірт адамдардың эмоциясы мен сезімінің тез мұқалғышты-ғынан, тез жасып кететіндігінен. Сезім-адамның мінез-құлқы үшін қозғаушы күш. Тек есте болатын бір мәселе, кейбір адамдар үшін қозғаушы күш болып табылатын сезім екінші бір адамдардың мінез-құл-қына онша әсер етпейді. Осы соңғы категориядағы адамдардың бір сезімге қатты берілуі де мүмкін, бірақта ол ісіне, қылығына әсер ете қоймайды. Сонда сезім әсерсіз болғаны ма? Жоқ, берік және терең сезімдердің әсерлік күші жоғары. Негізінен, зерттеушілер сезімнің әсерлілігі деп оның адамды іскерлікке жұмылдырушы қабілетін, күш-қуатын айтады. Терең де берік сезім қашанда адамның ойын туралап, барлық іс-қимылына белгілі бір бағыт-бағдар сілтейді, қызметіне белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Психологтар сезімнің бұл түрін құмарлық деп атап, «Құмарлық адамның тұла-бойын билеп алады, сол себепті ол үлкен күш», - дейді. Иә, өзінің Елі мен Жерін сүю, оның әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін сүю-адамды ізгі істерге ұмтылдырады, ерлік істерге, ұлы шығармаларға жол ашады. Біздің тіліміздегі «құмартып сүю», «ызаланып жек көрушілік», «өз ісіне деген құштарлық» деген сөздер әсерлі, өте терең, тұрақты сезімдер туралы. Ғалым Б. М. Тепловтың айтуынша: «Сезімнің әсерлігі жөнінен, бір жағынан, сентиментальдық адамдар, екінші жағынан, құмартқыш адамдар бір-біріне қарама-қарсы болады. Біріншілер өз сезімдеріне өздері сүйсініп, содан ләззат алатындар, ол туралы көп айтады, бірақ оны іске асыру жағын аз ойлайтындар; екіншілері, сезімдерін көп білдірмейді, бірақ өмірі соның соңында болады, оларды іске асыруға тырысады . . . ».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым - қатынас процесі кезінде қоршаған ортаны қабылдау
Қарым - қатынас жайлы жалпы түсінік
Қарым-қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі
Студентер тобындағы қарым-қатынастың тұлғалық-эмоциялық ерекшеліктерін зерттеу
Күрделі эмоциялар туралы
Ерік - адамның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсатқа жетуге бағытталған, саналы түрде жүзеге асатын әрекет
Эмоциялық стресс және эмоциялық күйлерді басқару
Эмоционалды жағдайды вербализациялау классификациясы
Эмоция функцияларының түрлері
Эмоциялар мен ерік психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz