Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«КИНО, ТВ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КИНО РЕЖИССУРАСЫ» КАФЕДРАСЫ

Мұхаметқалиева Марал Анарбекқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің

шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау»

(Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ фильмі бойынша)

Мамандық : 050406-«Режиссура»

Мамандандыру : 050406-11 Кино және ТВ режиссурасы мен продюсерлігі

Орындаған: 5-курс студенті, М. А. Мұхаметқалиева

Ғылми жетекшісі: профессор, А. Н. Байбеков.

Алматы

2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРАКАДЕМИЯСЫ

«КИНО, ТВ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КИНО РЕЖИССУРАСЫ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

кафедра

меңгерушісі: с

Әзімов С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің

шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау»

Мамандық: 050406 - «Режиссура»

Мамандандыру: 050406 - 11 Кино жәнеТВ режиссурасы мен продюсерлігі

Орындаған: Мұхаметқалиева М. А.

Ғылыми жетекшісі: Байбеков А. Н., профессор

Алматы

2013

АҢДАТПА

Өзінің кішкене тұрпат - бойына қарай Кішкентай атанып кеткен жігіттің арманы - клоун болу еді. Ол өз бойынан қорашсынып ешкімге жұғыстығы болмаса да, осы бой ерекшелігінің түптің түбінде сайқымазақ мамандығын игеруге лайық екенін сезетін. Дегенмен ауылда ғұмыр кешкендіктен арманы алыс жатқан. Күндердің күнінде ауыл дүкеніне сыра келіп, бұл аурушаңдау Жөшә досымен ақша таба қояйын деп әкесінен зорлағандай қылып бір ешкі сұрап алады да, сол жерге апарып кәуап сатады. Ауыл адамдары сыраға ақша тапқанымен, кәуапқа таппай, мұның шашлықтарын түгел тегін, қарызға деп таратып әкетеді. Қалтасы айналып түксіз қалған бұған әкесі ұрсып, Кішкентай ренжіп қалаға қашып кетеді.

Қалада әлгі клоун болуға деген аппақ арманына Назым атты қапияда тап болған бойжеткен дем береді. Ол циркте жұмыс жасайтын. Дегенмен де ол үшін әлі де көп кедергілерден өтуге тура келетін еді.

Кішкентай көбімізге жете бермейтін кішкентай қуаныштың өзіндей еді. Асыққан!

Аннотация

Это история о маленьком человеке с большой мечтой! Всю свою жизнь он был вдохновлен искусством и своим богатым воображением. Однажды Коротышка (маленький человек) решил уехать из своей деревни и отправиться в большой город, чтобы воплотить все свои большие цели и мечты.

Его увлекла насыщенная городская жизнь со всеми ее соблазнами. Несмотря на все это Коротышка был честным и доверчивым человеком. Он считал, что зарабатывать деньги, смеша людей, приходя в каждый дом с полными руками подарков, принесет людям счастье, а ему его прекрасное будущее. Коротышка сбежал в цирк. Коротышка показал нам настоящую силу веры . . .

Мазмұны

Беттері

Кіріспе . . . 6

І-тарау. «Кішкентай» атты толықметражды көркем фильм

жобасының жалпы сипаттамасы. . . . 7

1. 1. Фильмнің сценарийі мен режиссерлік әзірлігі . . . 7

1. 2. Қойылым жобасын дайындау . . . 19

І. 3. Т ҮСІРУ ТОБ ын қалыптастыру,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, , . . . 35

ІІ-тарау. Көркем фильмнің шығармашылық және өндірістік әзірлігі

2. 1. Фильмнің қойылым жобасын іске асыру . . . 43

2. 2. Фильмді көрсетушіге жылжыту . . . 59

2. 3. Түсіру тобын материалды ынталандыру . . . 66

Қорытынды . . . 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

Қосымшалар . . . 74

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі: Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыруда кинематографияның атқаратын рөлі өте зор, себебі ол қоғамдық идеологияны анықтаушы негізгі мәдениет саласы болып табылады. Көркемдік образдар жасау тәсілдері мен амалдары жағынан оқиғаны кең және терең өркендету мүмкіндіктері жағынан көркемсуретті кинематография өте бай, көп жанрлы сала.

«Қазақстан киноиндустриясы бұрын болмаған биіктерге көтерілу жағдайын бастан өткеруде, соңғы екі жылдың ішінде 70 астам фильм түсірілімі аяқталды, - деп кезінде мәлімдеген болатын ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Мәдениет министрі Мұқтар Құл-Мұқаммед - «мен Қазақстан киносының осынша биіктерге көтерілуі тәуелсіздік жылдары ғана емес, «Қазақфильм» киностудиясы болып тұрғанның өзінде қол жеткізбегенін нық сеніммен айта аламын1 - деп атап өтті.

Соңғы екі жылда 70 астам фильмнің өндірісі аяқталды, қазақстандық 40 картина әлемнің 22 елінде өткен 27 кинофестивальге қатысушы атанды. Соңғы үш жыл көлемінде прокатқа 20 астам фильм шықты. «қазақфильм» бірінші рет 60 кинотеатрмен келісім жасасты. Бұл отандық киноматография үшін орасан зор талпыныс, бірнеше жыл бұрын біреуден бесеуге дейін толық метражды фильмдер түсіріліп келді» - деді министр.

Еліміздегі осындай өзгерістерге байланысты бұл дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы: қазіргі қоғамдағы бәсекелестіктің күшеюі, бюджет қаржысының тапшылығы және экономикалық қолайсыз коньюнктура жағдайында кинофильмдерді өндіру мен өткізу бойынша ресурстарды тиімді қолдану. Міне осылар зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.

2. Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеудің пәні - «Кішкентай» атты көркем фильмді өндіру және өткізу үдерісі. Фильмнің нысаны - жобаның шығармашылық - өндірістік әзірлігі мен қызмет көрсететін заңды тұлғалары.

3. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты-нарық үрдістерін ескере отырып, фильм жобасының қойылымын зерттеу және талдау. Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыс жазу барысында мынандай міндеттер қойылып, соларды талдау:

-фильмнің әдеби және режиссерлік сценарийлерінің әзірлігі, оның қойылымын

сипаттайтын шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін келтіру;

-фильмнің қойылым жобасын талдау: оның ішінде: түсіру тобы, актерлердің

фото-бейне байқауы, табиғат және интерьерлерде түсірілетін орындары,

киім-кешек нобайлары, КҚЖ мен смета шығындары;

-фильм жобасын іске асыру, көрерменге жылжыту және түсіру тобын

материалдық ынталандыру;

-аяқталған фильм бойынша қорытынды жасау.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс: аңдатпадан, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, 30-жуық әдебиеттер тізімінен, 3-кестеден, 8-қосымшадан, 88 бет компьютерлік мәтіннен құралған.

1. 1Фильмнің сценарийі мен режиссерлік әзірлігі

Сценарий - бұл кейіпкерлердің бейнесі мен олардың іс-қимылы, диалогтары, оқиғалары, орны бар фильмнің жазба жобасы. Сценарий - мағыналы кесінділерден, яғни эпизодтардан құралған фильм сюжеті. Сценарийдің осындай форматы актерлер мен түсіру тобының барынша ыңғайлы оқытылуын қамтамасыз етеді.

Сценарийде көрерменнің экранда көретіні суреттеледі, міне сондықтан да қазіргі шақты қолданады. Тіпті кейіпкерлердің еске алатын жерлерінің өзі де қазіргі уақытта өтіп жатқанға ұқсайды. Сценарийде фильм оқиғалары белгілі бір қатармен өрбиді. Сценарийдің міндеті - оларды диалогтар арқылы әңгімелеу емес, қозғалыс пен көру бейнесінде көрсету. Қайталап жазу - сценарийді жазу кезіндегі үдерістің маңызды бөлігі.

Өзінің мақсатына жету үшін басты кейіпкердің жолында проблема мен оны шешуді туғызатын кедергілер кездеседі. Біздің басты кейіпкер де осындай көп кедергілерге кездеседі.

Төменде осы фильмнің әдеби сценарийінен үзінді келтірейік:

«Кішкентай»

(толықметражды көркем фильмнің әдеби сценарийінен үзінді)

Бірінші сурет

«Ауыл. Үйдің ауызғы бөлмесі. Көтермелі шүмекті алақандай қолжуғыштың алдында басын құтырта, көпірте сабындап аласа бойлы бірақ қаршығадай түйілген жинақы жігіт тұр еңкейіп. Бұл - Кішкентай.

Сыртта жаңбыр жауып жатқан тәрізді, күннің күркірі, тамшылардың сатырлата төпелеген дыбыстары жетеді құлаққа.

Кішкентайдың бір жақ қапталындағы есіктен ішкі бөлмеде шай ішіп отырған ақ басты егделеу адам (бұл әкесі) мен әйелдің жүздері қылаңданып қалады. Әкесі тынбай сөйлеп отыр:

-Әкеңнің ауддыссүгейін, сен сонда мені көгертем деп отырсың ба? Қыз қуып, жын қуып селтең-селтең жүріп-жүріп енді ақша таппақшы . . . Осы ауылда шашлық сатып ақша тапқан біреуді көрсем көзім шықсын . . . Күніміз қарап отырған бес-алты қой, қайсысын соймақсың? Оларға да өсім бермей, жылдан жылға төлін отап қояр емеспіз . . .

Басын құтырта сабындап жатқан Кішкентай бұрқ етеді:

-Мен сізден қой сұрап отырмын ба?

-Енді не сұрап отырсың?

-Ешкіні соям . . .

-Қай ешкіні?

-Жағал ешкіні!

-Атаңның басы! Алсаң, ана тоқал ешкіні ал? Соны сой да, байи қойшы . . .

Басын құтырта сабындап жатқан Кішкентай бұларға қарап қатады да қалады. Бет ауызы сабын-сабын, көздері ғана үңірейеді:

-Тоқал ешкіні?!

-Е, несі бар екен?

-Сіз сонда маған сіңір мен сүйек қақта демексіз бе? Мен соймай-ақ арам қатайын деп тұрған жоқ па ол? Жоқ, жұртқа шандыр шайнатып, қақалтып өлтірейін деп пе едіңіз . . .

-Нармальны . . . Маринабать етіп жібересің, балбырап шыға келеді . . .

-Ия саған . . . нармальны . . . Нармальны дейді ғой . . .

Кішкентай жұлқынып, алақандай көтермелі шүмекті қолжуғыштың астына басын тығып жіберіп, көтеріп-көтеріп қалады. Су жоқ. Бітіп қалыпты.

Әкесі тынбай зарлап отыр:

-Әртіс едің гой, не болды? Бір күні сенің ана домбыраңды сындырам сенің бар ғой . . . Гитарыңды басыңа кигізем . . . Нең бар осы сенің Жөшәда, а? Нең бар сода? Мүмкін осы сен де жынды шығарсың? Соның жанынан шыкпайтының жаман . . .

-Ия, жындымын мен, жындымын!

Кішкентай долданып далаға шыға жөнелді».

Осы сценаны оқи отырып, Кішентайдың әкесімен қарым-қатынасының қандай жағдайда екенін көреміз.

Сценарлық идеяны тез сезетін пысық кәсіпкер - ол бүгінгі тәуелсіз продюсер. Ол сол идеяның қызығына түсіп, фильмнің барлық жұмысын өз мойнына алатын тұлға. Кез-келген продюсер жоғарыда аталған жан-жақты, қабілетті, көркемдік талғамды меңгере алуы екіталай. Продюсер болу үшін терең білім мен мол тәжірбие және табиғи талант керек.

Продюсерге әкелген кез келген сценарий өзгеріске ұшырайды. Ол кастинг кезінде немесе түсіру алаңында орын алуы мүмкін. Өзгерістер прокатчиктер мен телеканалдардың талабы бойынша да енгізіледі, өйткені автордың қолынан келмеді немесе қажет сюжеттік желістер жазылмады. Сондықтан, ережедегідей, дайын сценарийлермен емес, синопсистермен жұмыс істеу керек, немесе оларды тритменттер деп атайды. Синопсис, әдеттегідей, оқиғаның квинтэссенциясы, ондағы тартыс пен негізгі кейіпкерлер ап-айқын түсінікті. Төменде біздің фильм бойынша синопсисі келтірілген:

«Кішкентай»

көркем фильмінің СИНОПСИСІ

Сценарий авторы және қоюшы режиссері Д. Саламат

Көкірегінде өнердің ұшқыны бар, көңілінде - ұшқыр қиялы, бойы аласа болса да ойы биік, арманы үлкен Кейіпкер мақсатына жету үшін ауылын тастап, қалаға бет алды . . .

Ә дегеннен түрлі оқиғалар шырмауына оратылған «Кішкентай» қай-қайсы жағдайда да өзінің адал, аңғал болмысын жоғалтпайды. Жалғызгілікті әйелді ауылда қалған досына қоспақшы болуы да осы мінезінің бір көрінісі деу ләзім.

Ақша табу үшін сайқымазақ кейпіне еніп, үй-үйге сыйлық таратып жүргенде де ол ертеңгі шынайы, шоқтықты өнеріне қарай төменгі баспалдақтарды басып, солай қарай биіктеп бара жатырмын деп сенеді.

. . . Уәде - Құдай сөзі. Алып-ұшып, асып-тасып, циркке қарай құстай ұшқан Кішкентай арманына жетер ме екен? Ол көздеген мақсат-мұрат әр тұстан қол бұлғап, «кел-кел» деп тұруы алдамшы сезім ғана емес пе? Кейіпкер нық қадам басып бара жатыр. Өз болашағына қарай. Адамның әлеуеті сенім күшінде ғой . . .

Сценарий жазу дегеніміз - ол оқиғаны қызықты етіп әңгімелей білу, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын ашу, композициясын құру, талас-тартыстарын анықтау, диалогтары мен ескертпелерін жеке жазу, осы сюжетке ғана сай келетін соңын (финалын) анықтап білу. Жақсы сценарий тек көркемдік сапасымен ғана емес, оның хикаясын әдемілеп көрсетуімен де анықталады.

Жалпы әдеби жанрдың білдіру құралы - сөз болғандықтан, сценарий ең алдымен кино өнерінің көрінісін көрсетуге арналады. Сол себептен де киноның синтетикалық ерекшелігі ескеріледі. Фильм жасаушылардың бір кадрда бірнеше көрсету құралдарын: көрініс, сөз, дикторлық мәтін, музыка, титрларды қолданады.

Сценарий жазу кезеңіндегі негізгі өндірістік фактор - фильмнің нақты ұзындығына, оның өндірістік-экономикалық нормаларына сәйкес келетін болашақ фильмнің көлемі. Егер фильм көлемін анықтауда қателіктер жіберілсе, онда түсіру тобы көптеген шығындарға ұшырайды.

«Кішкентай» фильмі авторлық картинаға жатады. Авторлық кинода автордың тәуелсіз болмысы, ойы көрініс табуы керек. Сондықтан мұндай киноны бастан-аяқ режиссердің өзі жасап шығады, сценарийін өзі таңдайды немесе тіпті өзі жазады. Рөлді сомдайтын актерлерді де өз қалауымен шақырады. Қысқасы, киноның идеясынан бастап, түсіріліп біткенге дейінгі кезең түгелімен режиссердің құзырында.

Фильм сценарийінің авторы және режиссері Д. Саламат картина туралы тілшіге берген сұхбатында былай деген екен2:

-«Кішкентай» деген фильм түсірді деп естідік. Бұл өзі не туралы фильм?

-«Кішкентай» фильмін фестивальге жібереміз деп титр, субтитрларын ағылшын тіліне аударып жатырмыз. Өнер додаларындағы тағдырын байқап көрген соң көрерменге ұсынбақпыз. «Кішкентай» деген атауына қарап балалар фильмі екен деп ойлауыңыз мүмкін. Мұнда «жарты кірпіш» деген философияны негізге алдық. Мысалға, құрылыста жарты кірпіштер іске жарағысыз болып, бір бөлек үйіліп жатады. Бірақ кішкентай ғана кеңістік ашық қалса, жарты кірпішіңіз таптырмас олжа саналады. Абайдың айтатыны бар ғой, «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан» деп. Кетігін таба алса, кішкентай адамның да өзіне ғана тиесілі орны бар деген философияны алға тарттық. Бітіміне қарап ел-жұрт «кішкентай» атап кеткен менің кейіпкерім, ауылдан орын таба алмай, қалаға келіп, клоун болады. Оның осы тарихы юмормен жеткізіледі».

Кино мамандарының айтуынша, кино тек мамандар арасында ғана жанрға бөліп қарастырылады. Бұл - шартты нәрсе. Ал картина авторлық фильм болғандықтан көрермендiк те болуы ғажап емес. Өйткені автор фильмiн өзi көру үшiн жасамайды ғой, сондықтан барлық фильм көрермендерге де арналады. Алайда арнайы аудиторияға жоспарланған фильмдер де болады. Фильм сапалы, қызықты, тартымды болса, оны кез келген көрермен көреді. Мысалы, балаларға арналған фильмдi ересек көрермен де қызықтауы мүмкiн ғой. «Авторлық кино көрерменге көрсетiлмеуi керек» деген шек болмайды. Ал авторлық киноның анықтамасын айтар болсақ, аталмыш кино - үлкен экранға арналмаған, белгілі бір шағын көрерменге арналған коммерциялық емес кино.

«Авторлық фильм көрерменге арналмайды деген ұғымнан арылатын кез жетті. Фильмдер жанрлық екшеу кезінде ғана бөлінеді. Негізінде, көрермен фильмдерді жанрға бөліп-жармай, бірдей қабылдап, қорытуға тиіс. Авторлық, мейлі басқа фильм болсын, егер ұлттық бояуы қанық, нағыз қазақы дүние болса, киноны елдің бәрі жапатармағай көрмесе де белгілі бір топ, элитарлық топ болсын көретін еді. Ең бастысы, мынада болып тұр: бізде шығармаларын халықтың жүрегіне жеткізе алмағандар өз фильмдерін «авторлық фильм ғой» деген сылтаумен бұлтара қашады. Егер қазақтың сыздаған жарасын дөп басатын фильм болса, оны қашан да ел көреді. Ал халқымыздың менталитетіне сай келмейтін фильмдерді көрерменге қанша тықпаласаң да көрсете алмайсың. Қазақтың жан дүниесін танып білмегендердің, жете түсінбейтіндердің шығармасы дүбәра болады да шығады3» - деп берген режиссердің тағы да бір сұхбаты бар.

Бұл фильмнің қысқаша сюжеті келесідей: өзінің кішкене тұрпат бойына қарай «Кішкентай» атанып кеткен жігіттің арманы - клоун болу еді. Ол өз бойынан қорашсынып ешкімге жұғыстығы болмаса да, осы бой ерекшелігінің түптің-түбінде сайқымазақ мамандығын игеруге лайық екенін сезетін. Дегенмен ауылда ғұмыр кешкендіктен арманы алыс жатқан. Күндердің күнінде ауыл дүкеніне сыра келіп, бұл аурушаңдау Жөшә досымен ақша таба қояйын деп әкесінен зорлағандай қылып бір ешкі сұрап алады да, сол жерге апарып кәуап сатады. Ауыл адамдары сыраға ақша тапқанымен, кәуапқа таппай, мұның шашлықтарын түгел тегін, қарызға деп таратып әкетеді. Қалтасы айналып түксіз қалған бұған әкесі ұрсып, Кішкентай ренжіп қалаға қашып кетеді.

Қалада әлгі клоун болуға деген аппақ арманына Назым атты қапияда тап болған бойжеткен дем береді. Ол циркте жұмыс жасайтын. Дегенмен де ол үшін әлі де көп кедергілерден өтуге тура келетін еді. Кішкентай көбімізге жете бермейтін кішкентай қуаныштың өзіндей еді!

Сценарлық өзгерістер, құқық мәселесін шешу, драматургты таңдау, режиссерді іздеу жөніндегі келіссөздер бірнеше күннен көптеген айларға дейін созылуы мүмкін. Тәуелсіз продюсерлік студиялар жағдайында продюсер сценарлық идеяны ойластыруымен қатар қаржыландыру мәселелерімен де айналысады. Кей жағдайларда бұл жұмыс бірнеше жылға барады. Егер құқық беру мәселесі шешілсе және синопсис қабылданса, онда жиі болып тұратын, жұтаңдау келетін сюжетті (бірнеше парақтан тұратын) көрермен бейнесінің кинематографиялық әңгімесіне айналдыруға болады. Бұл үшін одан көру қатарына ене алмайтын нәрселер алынып тасталады және көркемдік басқа элементтермен байытылады.

Егер продюсер сценарий сапасын жоғары деңгейге жетілдіргісі келсе, диалогтардың шымыр болып, ескертпелерінің дұрыс шығуы үшін әдеби сценарийдің алғашқы жұмыс нұсқасын талай рет қайталап жазуға дейін барады. Бұл девелопмент кезеңінде істелетін міндетті түрдегі әзірлік. Продюсердің басты заңы - дайын сценарийлер болмайды және сценарийдің толық жазылып біткен кезі де болмайды.

Продюсердің драматургқа қоятын міндеттерінің ең бастысы - оның көркемдік талғамы және көрерменге бағытталуы. Көптеген продюсерлер уақытысында сценаристердің жұмысына араласуын, дұрыс бағытты ерте анықтауын керек деп есептейді. Әрине, продюсердің мұндай араласуы алдын-ала қарастырылған идеялық және қаржылық шешімдерден алшақ кетпеуіне ғана қатысты болуы керек.

Оқып отырған сценарийдің соңында жай қарапайым сұрақ туады: “Оқып отырған сценарий қызықты ма, не туралы?” дегендей. Егер әңгіме сондай қызықты жазылып, қолдан түсірмей соңына дейін оқылса, онда ол сценарийдің жақсы жазылғанын көрсетеді. Сценарий сапасының енді бір көрсеткіші - бұл фильм түсіргенге дейін өз ойыңда көру, басқаша айтқанда экранда болатын оқиғаны оқып отырып сезіну.

Қысқаша айтқанда, осы әңгіме төңірегінде продюсердің рөлі жоғары екені көрініп тұр. Оның негізгі мақсаты - көрермен көңілінен, ойынан шығатын фильмді жасап шығару. Ең басынан-ақ әдеби сценарийдің дайындалу мерзімі дәл анықталуы керек. Уақыттың тура шектеліп көрсетілуі кейде тақырыптың өзектілігімен, табиғат орнының мезгілімен және әрқашанда ашық қаржыландырумен байланысты болады.

Идеяның сценарийге айналу жобасы әр түрлі. Продюсер сценарийді қабылдау кезінде көркемдік сапасын көрсете отырып, оның қаржылық жағын айтуды ұмытпайды. Егер қаржы жетпейтіндей жағдай болса, ол қымбатқа түсетін сценаларды автордан қайта жазуын талап етеді. Бірақ сценарийдегі бір оқиғаның түсіп қалуы, оның жалпы ойына қатты соққы болуы мүмкін, міне осыны да ескеріп отыру керек. Продюсердің дайын сценарийді осылай «түзеуі» өмірде кездесетін жағдай.

Сценарийді өндірістік-экономикалық талдау кезінде, табиғат жері түсірімдері үшін жыл мерзімін таңдау өте маңызды. Бұл фильм драматургиясымен байланыстырылып, экономикалық жағынан дәлелді болуы керек.

Сценарийді оқып отырып, әр сценаларда өтетін іс-әрекеттер үшін тәулік уақытысына көңіл аудару керек, өйткені күндіз, түнде және режимді түсірімдерді ұйымдастырғанда, әртүрлі жарық және операторлық техника қолданылады, соған сәйкес жұмыс мерзімі мен шығындары жұмсалады.

Фильмдердің негізгі түрлері: кинофильм, бейнефильм және телефильм болып бөлінеді. Ал тағайындалуы бойынша фильмдер келесі түрлерден тұрады: көркем, анимациялық, деректі, көркем-публицистикалық, ғылыми-көпшілік, оқулық, жарнамалық, клип, киношежіре, сюжет, журнал және альманах. Фильмдер кинонегативте, немесе бейнетаспада түсірілуі және түрлі-түсті болуы мүмкін. Бұдан басқа фильмдер дыбыс жазу жүйесімен: моно, стерео және төмендетілген шулар болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫСҚАМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМНІҢ ЖАЛПЫЛАМА ТҮСІНІГІ
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
ВВС деректі фильмдерінің құрылымына сараптамалық талдау жасау
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР НЕГІЗІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
Программа құру барысында қолданылған құралдар көзі
Фильм. Фильмді басынан аяғына дейін түсіру кезеңдеріне толық сипаттама
Отандық телеарналардағы анимациялық туындылар: мазмұндық сапасы мен пішіндік ерекшеліктері
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz