Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ): анықтамасы, тарихы және қолдану салалары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. ГАЖ-ге түсініктеме
  2. ГАЖ-ның тарихыБастапқы кезең (1950 ж. соңы - 1970 ж. басы) Мемлекеттік бастамалардың кезеңі (1970 ж. басы - 1980 ж. басы) Коммерциялық дамудың кезеңі (1980 ж. басы - қазіргі уақыт) Пайдаланушылық кезең (1980 ж. соңы - қазіргі уақыт)
  3. Қолданылған әдебиеттер
  1. ГАЖ-ге түсініктеме

ГАЖ дегеніміз - табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.

ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады.

ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі - нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе.

Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады.

ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

  1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
  2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
  3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
  4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
  5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
  6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т. б.

ГАЖ - аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. ГАЖ - белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу. ГАЖ - аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу - overlay операциясы. ГАЖ - аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады. ГАЖ - кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.

ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету. ГАЖ - аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік. ГАЖ - ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы. ГАЖ - кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.

Қорыта келгенде, ГАЖ - кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде. Дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп, сол мезетте экранға көрсетеді.

  1. ГАЖ-ның тарихы

ГАЖ - ды құрудың бірінші жұмыстары 60 - жылдардың ортасында Канада және Швецарияда басталған. Канадалық ГАЖ - дар Р. Тоалинсонның 1963 - 1971 жж. библиграфиялық және қорша ортаның табиғи қорларын тиімді пайдалануға арналған, жасалған жұмыстарынан бастау алады. Ал Швецарияда О Саломонссон, Т Германсеннің 1976 жер кадастрына қажетті ГАЖ құру жұмыстарынан бастау алады. ГАЖ - ды құруға әр түрлі ұйымдар мен ғылыми ұйымдар қатысты. ГАЖ кешенді көп мақсат ақпараттық жүйе ретінде құрылды.

Канаданың CGIS ақпараттық жүйесі ең үлкен атаққа ие болады. 1976 жылы істелінген жұмыстың тәжірибесі Р. Томлинсонның анықтама монографиясында қорытылып шықты.

70 - жылдардың басында ГАЖ - дың дамуы Жер жайлы ғылымның көптеген салаларында дами бастады. Сонымен 1976 жылы АҚШ - тың Геологиялық қызметінде жинақтайтын және картографиялық мәліметтерді өңдейтін 50 - ден аса автоматтандырылған жүйе пайда болды. Осы кезеңде бірінші ақпараттық жүйелер бұрынғы Кеңес Одағында да құрыла бастады.

1981 жылы ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде ГАЖ - дың және географиялық ақпараттарды өңдеудің анықтамасы дайын болды. Оларды математикалық үлгілеу және жүйелік талдау дайындады. 70 - жылдары қоршаған ортаның қорларын аймақты мақсатымен шешуге арналған ГАЖ - дар толық даму алды. Ол ақпараттық жүйелердің мақсаттары әр түрлі бірақ олардың арасында көбіне аймақтардың экологиялық - экономикалық даму жоспарларын жасауға шешім қабылдау басым болып табылады.

70- жылдардан бастап ГАЖ тек әскери салада ғана емес, басқа да білім салаларында қолданыла бастады. 80-90 жылдары персоналды компьютерлердің пайда болуына және кең ауқымда қолданылуына байланысты, ГАЖ бірте-бірте жаңа әлемдік нарықтарды қамтып, КСРО және Ресейде тарала бастады. ГАЖ өнімдерінің сатылым көлемдері және ГАЖ технологиялар, сонымен қатар ГАЖ қызметтері жыл сайын 20-30 %- ке ұлғаюда және қазіргі кезде оның сатылым көлемдері жылына бес жүз миллиард долларға жетеді.

  1. Бастапқы кезең (1950 ж. соңы - 1970 ж. басы)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ): мүмкіндіктері, міндеттері және геодезиядағы қолданылуы
Геодезияда геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын қолдану
Географиялық ақпараттық жүйелер: тұжырымдама, қызметтері, даму тарихы және талдау әдістері
Географиялық ақпараттық жүйелер мен Интернет: түсінігі, тарихы және қолданбалы қосымшалары
Геоақпараттық жүйелер: концепциясы, технологиялары және қолдану салалары
Сандық картография және ГАЖ технологиялары: әдістері мен қолдану салалары
Географиялық ақпараттық жүйелер және олардың кадастрдағы қолданылуы
Эксперттік жүйелер және қолдану салалары
Картография және ГАЖ: негізгі салалары мен өзара байланысы
Мектеп географиясында географиялық ақпараттық жүйелер мен жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолдану құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz