Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: Кіріспе . . . 3
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: I
Коммерциялық банктердің ПАЙЫЗДЫҚ саясаты және оның ТЕОРИЯЛЫҚ аспектілері . . .
8
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 1. 1
Пайыздық саясат, оның маңызы мен қалыптасу факторлары . . .
8
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 1. 2
Депозит туралы түсінік, экономикалық мәні мен жіктелінуі . . .
23
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 1. 3
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты несиелік саясаттың құрамдас бөлігі . . .
31
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: II
Коммерциялық банктердің пайыздық саясатын талдау . . .
39
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 2. 1
«Альянс Банк» АҚ-ның депозиттік саясатын талдау . . .
39
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 2. 2
Банктің несиелік саясатына талдау . . .
53
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 2. 3
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын қалыптасу қағидаларын ұйымдастыру . . .
61
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: III
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ПАЙЫЗДЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ . . .
77
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 3. 1
Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері . . .
77
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2: 3. 2
Пайыздық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері . . .
85
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2:
Қорытынды . . .
102
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 2:
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
107

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АЕК
-

Айлық есептік көрсеткіш

АЕК: АҚ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Акционерлік қоғам

АЕК: АҚШ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Америка Құрама Штаттары

АЕК: ӘЖК
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Әлеуметтік жеке код

АЕК: БҚ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Бағалы қағаздар

АЕК: ЕДБ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Екінші деңгейдегі банктер

АЕК: ЖІӨ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Жалпы ішкі өнім

АЕК: ҚҚА
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметтерін қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі

АЕК: ҚР
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Қазақстан Республикасы

АЕК: ҚР ҰБ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

АЕК: ТМД
-: -
Айлық есептік көрсеткіш:

Тәуелсіз мемлекеттер достығы

АЕК: ХҚҰ
-: -
Айлық есептік көрсеткіш: Халықаралық қаржылық ұйымдар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға көшу жүзеге асты, бұл банк саласында түбірлі қайта құрудың қажеттілігін туғызды. Оның мәні банк қызметінің нарықтық қатынастармен бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қолдану, яғни жаңа банктік, оның ішінде пайыздық саясатты жүргізу болып табылады.

Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк қызметіндегі белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.

Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті. Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі пайыздық саясатына кең мағынада (кредитор мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.

Үшіншіден, банк нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк менеджментін, маркетингін жүргізу, жаңа технологияны енгізу, экономикалық тәуекелділікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыру.

Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік-экономикалық рөлі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сатып алу қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен, яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.

Соңғы жылдардағы банктердің жабылуы да клиенттердің банктерге сенімсіздігін тудырды. Клиенттердің ақша жинақтау проблемасы, ертеңгі күнге деген сенімділігі бұл мемлекеттік экономикалық саясатын қолдау (немесе оның болмауы) мәселесі, бұл тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Дегенмен де қазiргi таңда банке деген сенiм күшейiп келедi. Бұл сенiмдiлiк күн сайын арта түсуде. Елiмiздiң экономикасы жоғарылауда. Осы тұста пайыздық саясаттың маңызының зор екенiн айтпасада түсiнiктi.

Жоғарыда аталғандарға сәйкес бiтiру жұмысының тақырыбы республика экономикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң несиелеу тұрғысынан да, коммерциялық банктердi несиелiк ресурстармен қамтамассыз ету үшiн де өзектi мәнiне ие болады.

Қазіргі кездегі банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қорғап, пайыз жарнасын жоғарылатып, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарды тарту күн тәртібіндегі басты мәселелер осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін айқындайды.

2010 жылғы ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының екінші бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіленді. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, оның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. Тұжырымдамада ең бастысы қаржы секторының оның ішіндегі банк секторының бәсекелестік қабілеттігін арттыру, банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестікті күшейту мақсатында қаржы секторын ырықтандыру және тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту міндеті белгіленді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Банктің пайыздық саясаты дербес ғылым ретінде қарастырылады. Банктің пайыздық саясаты бойынша шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері бар.

Коммерциялық банктердің банктік саясатының теориясы және тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақГитман Л. Дж., М. Д. Джонк, М. Дженсен, У. Меклинг, А. Смит, Дж. М. Кейнс, П. Роуз, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Р. Смит, Т. Кох, Б. Улиямс, А. Куракие, Р. Сомерс және өзгелер. Коммерциялық банктің активін басқаруды қаржы менеджментінің құрамдас бөлігі ретінде ресейлік ғалымдардың: И. В. Ларионова, О. И. Лаврушин, В. М. Усоскин, Г. Г. Коробова, М. А. Поморина, Ю. С. Масленченков, Н. Е. Егорова, И. Т. Балабанов, Е. С. Стоянова, В. В. Ковалев, В. И. Колесников, О. М. Марков, Е. Ф. Жуков, Э. А. Уткин, Е. Б. Ширинская, О. В. Ефимова, В. В. Ковалев және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банктердің несиелік, депозиттік және пайыздық саясаттарын теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Ғ. С. Сейітқасымов, О. Б. Баймұратов, Н. К. Кучукова, Ш. Р. Әбділманова, К. Ш. Дүйсенбаев, А. Б. Зейнелғабдин, Ұ. М. Искаков, Р. Е. Елемесов, С. Ж. Интыкбаева, С. С. Арыстанбаева, Н. Н. Хамитов, З. Д. Искакова, Ә. Д. Шелекбай, Г. Т. Абдрахманова, А. А. Мусина және т. б. еңбектерінде кездеседі.

Зерттелген еңбектерге сүйене отырып, автор пайыздық саясат бойынша түсініктердің әр түрлі көзқараста болуы, әр түрлі санаттардың арасындағы байланыс пен айырмашылық толығымен зерттелмегенін көруге болады.

Пайыздық саясатқа бағытталған ғылыми жұмыстарға жасалған талдаудан, депрзиттік саясат және несиелік саясаттарды қалыптастырудағы факторлар, сонымен қатар банк қызметіндегі тәуекелдерді төмендету әдістері мен пайыздық саясаттың тиімділігіне қатысты орын алған мәселелердің болуы зерттеу тақырыбының өзектілігін сипаттайды. Өкінішке орай, пайыздық саясатты теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулер белгілі ғалым-экономистердің еңбектерінде әлі болса да әр жақты жақсы қарастырылмаған. Сондықтан да, пайыздық саясаттың теориялық тұрғыдан жеткіліксіз мазмұны мен оның аз зерттелген әдістемелері, сондай-ақ оларды тиімді басқару тәжірибесіндегі орын алатын өзекті мәселелер бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - ҚР коммерциялық банктерінің қызметiндегі пайыздық саясатты қалыптастырушы факторлар мен банктік тәуекелдерді төмендету, басқару әдістеріне байланысты теориялық-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негізделген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

  • пайыздық саясат ғылымына қатысты теориялардың дамуын зерделей отырып, қазіргі банктердің пайыздық саясатының маңызы мен қалыптасу факторларының мазмұнын анықтау;
  • коммерциялық банктердің несиелік депозиттік саясаттары тетігінің және жүйесінің ұйымдастырушылық негізін айқындау;
  • коммерциялық банктердің пайыздық саясатының құрылымы мен сапасын бағалай отырып, олардың жіктелетін шекті қатынасын айқындау;
  • амтамасыз етудегі банктегі пайыздық саясаттың орны мен рөлін анықтау;
  • отандық коммерциялық банктердің несиелік саясатының қалыптасу әдістемесін қарастыру;
  • банктік тәуекелдерді қалыптастырудың әдістерінің маңызын бағалау;
  • коммерциялық банктердің пайыздық саясатын басқарудағы тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін жүйелі тұрғыдан зерттеу;
  • банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептерін басқару әдісінің тиімділігін анықтау.

Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің пайыздық саясаты болып табылады.

Зерттеу пәні ретінде коммерциялық банктердің пайыздық саясатты жүргізу процессіндегі экономикалық-әлеуметтік қатынастар алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің пайыздық саясатты басқарудағы орын алатын мәселелері туралы және тиімділігін арттырудың банктердің тұрақты дамуындағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Басқармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктің активін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Коммерциялық банктердің несиелік, депозиттік саясаттарын қамтамасыз ететін пайыздық саясаттың ғылыми тұрғыдан негізделген жаңа тұжырымдамасы негізінде ҚР ЕДБ-дің пайыздық саясаттың тәуекелдерін басқару тетіктерін жетілдіруге байланысты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстардың жасалуымен сипатталады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып келесілер жатады:

  • банктің пайыздық саясатын кешенді басқарудың теориялық-әдістемелік тәсілдері негізделді;
  • әдістемелік тұрғыдан банктің пайыздық саясатын басқару жүйесінің құрылымдық элементтері нақтыланып, сондай-ақ оның ішкі жүйелері анықталды;
  • коммерциялық банк пайыздық саясатын басқару тәсілі әдістемелік тұрғыдан негізделді;
  • екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрамы мен сапасына талдау жасау барысында, олардың банк пайыздық саясатқа тигізер ықпалы анықталды;
  • екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметіне баға беріліп, несиелік саясатты басқару әдістерін жетілдірудің жолдары қарастырылды;
  • банктердің пайыздық, несиелік тәуекелдерін бағалау әдістемесін жетілдіруге арналған әдістер жүйесі айқындалды.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің пайыздық саясатының тиімділігін жетілдіру қажеттігі негізделеді. Оған мынадай шаралар кіреді:

  • банктердің пайыздық саясатының мазмұны мен артықшылықтары анықталды;
  • банктердің банктік саясатындағы тәуекелдерін басқару кезеңдері нақтыланды;
  • банктік саясатты жүргізуден келетін пайданы арттырудың тиімді жолдары айқындалды;
  • банктердің пайыздық мөлшерлемесі деңгейін басқарудың негізгі әдістеріне байланысты ұсыныстар жасалынды;
  • банктердің пайыздық саясатын бағалауға арналған нормативтік көрсеткіштер мен олардың тиімділіктері қарстырылды.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Диссертацияда берілген ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанның қаржы секторындағы оның ішінде банктердің пайыздық саясатын басқарудың тиімділігімен дамуын объективті түрде бағалауға мүмкіндік жасайды. Зерттеу нәтижелерiн жалпы банктік секторды жетілдіруде пайдалануға болады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 4 баспа беттен тұратын 2 ғылыми мақала ресми басылымдарда жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертацияның құрылымы кіріспеден, тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 13 кесте, 10 суреттен тұрады.

I Коммерциялық банктердің ПАЙЫЗДЫҚ саясаты және оның ТЕОРИЯЛЫҚ аспектілері

1. 1 Пайыздық саясат, оның маңызы мен қалыптасу факторлары

Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді. Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын білдіреді.

Пайыздық саясат - банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді. Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады. Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды [1] .

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты - ҚР заңына сәйкес депозитттік операцияларды жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуа тиіс:

  • банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;
  • меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын артыру;
  • банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;
  • барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы қажет. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік-депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай қағидалары басшылыққа алады:

  • депозиттік базаны қалыптастыру барысында заңдық және нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;
  • депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етеді;
  • тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін қамтамасыз етуге тиіс;
  • депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері мен мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалау қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік операцияларға байланысты туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясаттың міндеті: банк балансының өтімділігін сақтау; ең төменгі шығынды ресурстар тарту; барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету; алдағы уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторларды екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиентің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағрафиялық жағдайы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы тұрғысынан алсақ, ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бәрі клиент үшін» деген саясаты, банктік қызметтердің сапасы, тәуекелді диверсификациялау, банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және тағы басқалар.

Депозиттік нарыққа жасалған талдау депозиттік саясаттың ортақ ықшамдылық критерийлерінің болуын талап етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ критерийлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргізу барысында ықшамды депозиттік қоржынның қалыптасуына мән беру;
  • тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік қызмет көрсету (халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату) ;
  • клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету;
  • банктің өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасы, бағасы және тағы басқасына қарай) .

Міне, осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатты іске асыру тиімділігі артады, ықшамды депозиттік портфельді басқаруға қол жеткізе алады.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай принциптерге негізделеді:

  • салымдарды кепілдендіру

Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл беруі тиіс.

  • міндеттемені орындау

Банктік салым туралы келісімшартқа сай және клиенттердің алғашқы талабы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық және уақытылы орындау.

  • ашықтылық

Банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы.

  • бәсекелестік

Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдауы қажет:

  • бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жәй, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;
  • депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;
  • клиенттерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.
  • құпиялылық.

Клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез-келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының қалыптасуы қазіргі Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай нарықтық жағдайда өндірістік үрдісті реттеуде маңызды ролді атқаратын банк жүйесі болып табылатын депозиттік нарықтың дамуымен ерекшеленеді.

Өзінің қызмет барысында ресурстарды тарту мақсатында коммерциялық банктерге банк өтімділігін сақтау қажеттілігімен және максималды пайда алуда қаулыда бекітілген коммерциялық банктің міндеті мен мақсатынан шыға отырып, депозиттік саясат стратегиясын қалыптастыру қажет. Депозиттік саясат, ең алдымен келесідей талаптарға жауап беруі тиіс:

  • Экономикалық біртұтастық;
  • Бәсеке қабілеттілік;
  • Ішкі қарама-қайшылықтың болмауы.

Экономикалық біртұтастық түсінігімен мұнда халықтың тартылған ресурстарын пайдалану рентабельділігі берілген. Бұл мәселе жалпы актив-пассивті басқаруда қарастырылуы қажет. Жеке тұлғалардың депозиттік ресурстарын тартудың салыстырмалы тиімділігін есептеу кезінде олармен байланысты шығындарды, олардың ішінде - резервтік аударымдар, сондай-ақ олардың анықталмаған өтімділік дәрежесін, және де түсетін кірістерді де есепке алу қажет.

Салымдар бойынша мөлшерлеме нарықтық конъюнктураға байланысты бағытталуы тиіс. Егер банк мөлшерлемені анағұрлым төмен деңгейде ұстаса, сенімділігі жағынан тең түсетін бәсекелес банктері өзінің клиентурасының бір бөлігін жоғалтып алуы да мүмкін.

Депозиттік саясаттың ішкі қарама-қайшылықсыздығын бірнеше аспектілерде қарастыруға болады. Ол депозиттік мөлшерлеменің уақытша құрылымы және олардың сомалар бойынша дифференциациясы, сол банктің басқа да құралдарымен (сертификат, вексель және тағы басқа ) салыстырғанда салымдар түрлері, сондай-ақ клиентураның әр түрлі санаттары (мысалы, жеке және заңды тұлғалар үшін) .

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының мәнін қарастырғанда келесідей түсініктерге тоқтала кету қажет: депозиттік саясаттың объектілері мен субъектілері, оның қалыптасу принциптері, сондай-ақ депозиттік саясаттың шекарасы (аясы) .

Депозиттік саясаттың субъектілері құрамына банктің клиенттері, коммерциялық банктер мен мемлекеттік мекемелер кіреді. Депозитттік саясат объектілеріне банктің тартылған ресурстары және банктің қосымша қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің депозиттік саясатының қалыптасу негізінде жалпы және арнайы принциптер жатыр.

Депозитік саясаттың жалпы принциптері түсінігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен макроэкономикалық деңгейде жүргізілетін мемлекеттік ақша-несиелік саясатына да ортақ және нақты әрбір коммерциялық банк деңгейіндегі саясат принциптері түсініледі. Оларға ғылыми негізділік, тиімділік және оптималдылық, сонымен бірге банктің депозиттік саясатының барлық элементтерінің бірлігі жатқызылады. Депозиттік саясаттың арнайы принциптеріне банк шығындарының оптималды деңгейін қамтамасыз ету принциптері, депозиттік операцияларды жүргізу қауіпсіздігі мен сенімділігі, себебі банк, оларды келесі орналастыру мақсатымен уақытша бос ақша қаражаттарының қозғалысын жүзеге асыра отырып, кез-келген мақсатпен пайда алуды көздемейді, өз қызметін жүзеге асыратын нарықтағы өзгерістерді немесе құбылыстарды есепке ала отырып, пайда табуға ұмтылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Ақша - несие саясатының ресурстары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Қазақстан Республикасындағы Орталық банктің ақша-несие саясаты, құралдары және оны реттеу
Банктің сыйақы құру саясатының принциптері
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Ақша - несие саясатының құралдары
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz