Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекемелер ерекше орын алады, себебі оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды өзіне тарту мүмкіншілігі шектеулі және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді.

Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің ақша қаражаттарын салым түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып: тұтынушымен жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (жинақ сертификаттары) .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі болып, коммерциялық банктің депозиттік операцияларының есебі мен талдауын ашып көрсету болып табылады.

Банктік саясаттың маңыздысы болып ресурс базасын қалыптастыру саналады. Банкпен пассивтік операцияларды жүргізу процесіндегі ресурстық базаны қалыптастыру оның активті операцияларға қатынасы бойынша тарихи маңызды және айқындаушы рольді атқарады. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі банктің депозиттік операцияларды жүргізу барысында қалыптасады, несиелік ұйымның қызметтерінің тұрақтылығы осы операцияларды тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай ресурстық потенциалды өсіру және оның тұрақтылығын пассивтарды тиімді басқару арқылы қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.

Салымдар банктер үшін ең негізгі өндіріс факторы болып табылады, себебі, олар банктердің несиелерін қаржыландыру мен бағалы қағаздарды сатып алуға қажетті қаражат көзін құраушы қаражат. Ал, банктер тарапынан жүргізілетін операциялар, яғни несие беру мен бағалы қағаздарды сатып алу банктің ұзақ мерзімді жұмысын қаржыландыруға қажетті пайда алуға көмектеседі.

Бұл жүйені өзара байланысты үзіліссіз механизм деп қарауға болады. Ашып айтқанда, банктер тарапынан берілетін несие кіші және орта бизнестің, жалпы өндірістің дамуына әсерін тигізеді, яғни өндірістің өсуі - ол экономиканың өсуі, нәтижесінде экономикасы тұрақталған елдің халқының жағдайы түзеліп, банктерге өз артық қаражаттарын салып, банктің ресурстарының көлемін арттыруға себепші болады.

Міне, салымдар есебін жүргізу мен оларды талдау банктің қаржылық жағдайына тигізетін әсерінің зор екенін ескере отырып, мен дипломдық жұмысымда осы мәселе төңірегінде қарастыруды жөн көрдім.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының депозиттік операцияларының есебін ашып көрсету, депозиттің түрлері бойынша есебін көрсету, 2012 жылғы көрсеткіштерді ала отырып қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасау, әрине, депозиттік нарық басқа нарық сияқты қиындықсыз болмайды, осы қиындықтардан шығудың тиімді бағыттарын іздестіріп, мүмкіндігінше ашып қарастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеті :

  • Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің ерекшелігін көрсету;
  • «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының ұйымдастырушылық құрылымы және есеп саясатын ашу;
  • «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының қаржылық шаруашылық қызметінің жалпы сипатын көрсету;
  • «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының депозиттері және депозиттік операциялардың есебін ұйымдастыру
  • «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының депозиттік операцияларын талдау
  • Депозиттік операцияларды жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну

Зерттеу объектісі «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының қызметтері табылады.

Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектілері болып - депозиттік операциялар есебі мен оларды талдау және де келесі мәселелер табылады;

  • Банктік ресурстардың жіктелуі қарастырылған;
  • Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жіктемесі берілген және олардың ерекшеліктері қарастырылған;
  • Коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздері зерттелінген, оның негізі және қалыптастыру принциптері, мақсаты мен бағыттары ашып қарастырылған;

Дипломдық жұмыстың құрылымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТАРТЫЛҒАН ҚАРАЖАТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің ерекшелігі

Бухгалтерлік есеп - бұл «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» Қазақстан Республикасының сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі. Бухгалтерлік есептің мақсаты - бухгалтерлің ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты көрсету. Банктердегі бухгалтерлік есеп басқа ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Фронт офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.

Фронт-офистің қызметтері:

- банктің клиенттерімен, серіктестерімен жабдықтаушыларымен мәміле жасау;

- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;

- келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;

- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;

- қаржыларды нарықта орналастыру.

Бэк-офистің қызметтері:

- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және толықтыру;

- мәмілелердің расталуын бақылау жасау;

- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;

- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;

- есептемелерді растау;

- пайыздарды есептеу;

- есептен шығару;

- есептілікті дайындау;

- оперативті талдау жүргізу.

Есептерге жауапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып табылады. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына өту дегеніміз банк жұмысының технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру.

Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық бөлімі алынған, мысалы, дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы, негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Барлық ақпараттар ары қарай Бас кітапқа топтастырылады.

Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына қатысты жан-жақты ақпараттарды сақтауға арналып, мәліметтерді біріктіре отырып, оны тұрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.

Көмекші бухгалтерлік кітапта негізгі орынды құралдар жөніндегі жазбалар немесе клиенттер жөніндегі жазбалар алады. Көмекші бухгалтерлік кітапта сақталатын ақпараттардың сипаты кітаптың түріне байланысты және келесі ақпараттар талап етіледі:

- банкілік өнімнің типі жөніндегі ақпарат ( несие, депозит, бағалы қағаз, қымбат металдар, аккредитивтер) ;

- операцияның коды;

- операцияның атауы;

- бас бухгалтерлік кітаптың операциялар жүргізілетін шоттарының нөмірі;

- операциялар жүргізілетін шоттар нөмірі;

- клиент нөмірі.

Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар келесілер:

  • акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпараттармен қамтамасыз ету;
  • банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есептің объектілері - толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтары, қорлары, құралдары және олардың құралу көздері болып табылады.

Бухгалтерлік есептің әдісі - осы пәннің оқытылуы және танылуындағы әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономикалық -математикалық, статистикалық, үлгілеу және т. б. әдістер болуы мүмкін.

Бухгалтерлік тәртіптің негізгі элементтеріне құжаттау, түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция, есептілік жатады.

Құжаттау - операцияларды құжаттармен рәсімдеу үрдістері, ол бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы.

Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруғв байланысты жазбаша бұйрық.

Түгендеу - негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды тексеруді және оларды есеп мәліметтерімен салыстыруды білдіретін бухгалтерлің рәсімнің бір элементі.

Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпарттарды сақтаудың негізгі бірлігі.

Бағалау - бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.

Калькуляция - шығындарды топтастыруды қамтамасыз етеін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.

Екіжақты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу әдәсі.

Есеп беру - кәсіпорын қызметінің белгілі езеңдегі қорытындысын сипаттайтын, есептің қорытынды көрсеткіштерінің жүйесі.

Басқару есебі - басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп, өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрі.

Қаржылық есеп - банктің ішіндегі басшылықтан тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын есептік ақпартты қамтиды.

Басқару есебі мен қаржылық есеп арасындағы айырмашылықтарды қарастырайық. Басқару есебі тиімді ақпарат беруге тиісті қолданатын әдістер және амалдармен шектеледі. Қаржылық есеп беру банк операциясының нәтижесін толық және нақты ашу мен түсіндіруге арналған.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес банктер бухгалтерлік есепті Ұлттық банктің нұсқаулары мен талаптарына сәйкес, Қаржы министрлігі қабылдаған негізгі құжаттар мен нормативтік актілер талабына сәйкес жүргізеді.

Шоттардың барлығы инвентарлық деп аталады. Активті мүліктік құндылықтар актвиті инвентарлық шотта (активті шотта) есептеледі, ал пассивтік және капиталдық құндылықтар (меншікті капитал және қарыз қорлары) - пассивті инвентарлық шоттарда есептеледі. [3]

Барлық баланстық позициялар инвентарлық шотқа кіргізіледі:

- активті шоттарда бастапқы қалдық дебетке кіргізіледі (сол жағына) ;

- пассивті шоттарда бастапқы қалдық кредитке жатқызылады (оң жағына) .

Шот жоспарының барлық шоттары 7 класқа бөлінеді:

1 класс - активтер;

2 класс - міндеттемелер;

3 класс - меншікті капитал;

4 класс - табыстар;

5 класс - шығындар;

6 класс - шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер;

7 класс - банк балансына меморандум шоттары.

Бухгалтерлік шоттар баланстық және баланстан тыс шоттар болып бөлінеді. Баланстық шоттарға 1 -5 класс шоттары, ал 6-7 класс шоттары баланстан тыс шоттарға жатады. Баланстық шоттар өз кезегінде 2 бөлінеді: актив және пассив. Актив шоттарға 1 және 5 класс шоттары, пассив шоттарға 2, 3, 4 класс шоттары жатады.

Актвиті шотта дебет бойынша түсімдер (көбеюлер), кредит бойынша - шығындар (азаюлар) ескеріледі. Пассив шотта керісінше.

Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді.

Аналитикалық есеп - есептің алғашқы түрі, синтетикалық есептің базасы болып табылады.

Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол экономикаға салынған несие көлемін, жүргізілетін қолма-қол ақша айналымын, банкте сақталған ақша айналасындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын мен ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.

Банктік шот бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас кезінде қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;
  • мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
  • жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі;
  • қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады. Есеп айырысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.

Қатысушыларға байланысты банктік есеп операциялары негізгі 2 топқа бөлінеді:

  • клиенттік есеп операциялары;
  • таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу операцияларында қолданылатын төлем құралдарына байланысты есеп айрысу операциялары келесідей жіктеледі:

  • төлем тапсырмалырымен есеп айырысу;
  • чектермен есеп айырысу;
  • вексельдермен есеп айырысу;
  • төлем карточкаларымен есеп айырысу;
  • қолма-қол есеп айырысу.

Төлем құжаты - ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берілген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер болуы тиіс:

  • құжаттың аты;
  • жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі. Күн санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен көрсетіледі.
  • ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру- құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
  • төлем мақсаты;
  • санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;
  • салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, слнымен қатар оны орындаумен байланысты шығындар үшін ақша алу құқығы беріледі.

Корреспонденттік қатынас - бір немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есеібінен төлемдерді және есеп айырыччуды, несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім түріндегі қатынас.

Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің филаиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі.

Корреспонденттік шот - жасалған корреспонденттік келісішшарт шот негізінде бір банкте екінші банктің тапсырысы және қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот.

Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың екі нұсқасы бар:

  • орталықтандырылған - бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;
  • орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды- коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады. [5]

Банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ) - қолданушылардың жоғары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын банкаралық есеп айырысулар механизмі.

БААЖ - қолданушыларына қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.

Ұлттық банк БААЖ қызметін бақылап отырады.

Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар.

Екінше деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жүргізу тәртібі 2005 ж. № 394 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларын жүргізу» ережеліріне сәйкес жүргізіледі. Онда келесілер қарастырылған:

  • кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
  • ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
  • ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау;
  • зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.

Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма-қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшілер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса.

Қолма-қол ақшаларды кірістеген кезде келесідей шоттар корреспонденциясы жаазылады:

1) Клиент - заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»

2) Депозиторлардан ақша қаражаттарын кірістеу:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2211-2223 «Клиенттердің салымдары»

3) Қолма-қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 4600 «Комиссиялық кірістер»

Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік жазу жазылады:

1) Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2) банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу кезінде:

Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

3) Несиене қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген қарыздар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Қолма-қол ақша мен басқа құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін касса бөлмесі бөлек орналасып, бөгде адамдар ақша қоймаларының орналасуын бақылай аламайтындай болып жабдықталуы қажет.

Ақша қоймасы - ақша қаражаттары мен басқа құндылықтарды, құжаттарды сақтау мақсатында кассалық жұмыс үшін банктерде арнайы ұйымдастырылған бөлме. Кассалық қойма есігі ішкі жағынан жабылуы қажет. Әрбір кассирдің жұмыс орны кабиналармен бөлектенуі қажет. Кассирлердің столы құлыптталатын ұяшықтардан тұруы қажет. Кассирлерді кілтпен жабылатын сейфтермен, металл шкафтармен қамтамасыз ету қажет.

Ақша қоймасы ішіндегі ақша және басқа құндылықтар темір тордан тұратын және құлыппен жабылатын металл сөрелерде сақталуы тиіс.

Ақша қоймасында келесі заттар бөлек сақталуы керек:

  • операциялық кассаның қолма-қол ақшалары;
  • шетел валютасы;
  • алтын, платина және т. б. бағалы металлдар.

Касса меңгерушісі әрбір бөлек шкафтарды, сөрелерді кілтпен құлыптауға тиіс. Қоймадағы құндылықтар касса меңгерушісі құндылытарды есепке алу кітабында есептейді.

Құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін кассалық операциялар тексеріліп отырады. Банк кассасында сақталатын барлық банкноттар, монеталар және т. б. құндылықтар келесі жағдайларда тексеріліп отыруы тиіс:

  • тоқсанына бір реттен сирек емес, соның ішінде 31 қаңтарда жыл сайын;
  • материалдық және лауазымдық жауапты тұлғалар ауысқан уақытта;
  • банк басшылығының шешімімен.

Барлық құндылытарды тексеру - талан-таражға салу мен ақша және басқа құндылықтардың кем шығуын жасыру мүмкіндіктерінен айыру мақсатында жүргізіледі. Тексеріс кезінде барлық құныдылықтардың қолда болуы, олардың банктің есеп мәліметтеріне сәйкес келуі, сақтау тәртібі белгіленіп, сонымен қатар касса жұмысындағы жетіспеушіліктер анықталады.

Ақша және басқа құндылытардың кем немесе артық шығуын тексерушілер актіде көрсетуі қажет.

Артық шыққан сомаға:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 4920 «Өзге де кірістер»

Кем шыққан сомаға:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге кредиторлар»

Кез келген кәсәпкерлік қызметтің мақсаты - табыс табу. Ал бухгалтерлік есептің ең басты қызметі - осы мақсаттарға жету жолындағы банктің жетістіктері мен сәтсіздіктерін анықтау және есептілікті көрсету.

Пайда - шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капитал өсімі, бұл - толық табыстан толық шығыстарды шегерненге тең.

Таза табыс = табыс - шығыс

Табыс - есепті кезең аралығындағы активтер ағымы немесе өсуі немесе басқа қызметтің табыс алуға бағытталған және капиталды өзгерте алатын түрлерінің нәтижесінде орын алған несиелік қарыздың азаюы нәтижесінде экономикалық пайданың көбеюі.

Шығыс - есепті кезең аралығындағы экономикалық табыстың активтердің кері ағыны немесе қарыздардың пайда болуы.

Табыстар екіге бөлінеді: негізгі және негізгі емес қызмет түрлеріне байланысты.

Табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктң халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес атқарылады.

Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге асырылады:

  1. нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені үшін алынған табыстар)
  2. үйлесімді орындалу (көп сатылы табыстарды мойындау)
  3. аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табысты олардың қорытынды актісі маңызды)
  4. инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі белгісіздік өте жоғары) .

Банк табыстарын есептеу теңгемен есептелдеі және келесідей жіктеледі:

  1. Ұлттық және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша сыйақы;
  2. Ұлттық және басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша сыйақылар;
  3. Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
  4. Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақылар
  5. Сақтандыру операциялары бойынша сыйақылар
  6. Акция және басқа бағалы қағаздар бойынша дивидендттер
  7. Шоттарды және клиенттердің салымдарын жүргізу бойынша сыйақылар және т. б.

Банк шығындары екіге бөлінеді: операциялық, әр түрлі шығындар және басқару аппаратының шығындары.

Операциялық шығындарға: несие бойынша, мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар бойынша есептеленген және төленген пайыздар;

Басқару аппаратының шығындары: барлық қызметкерлердің екбекақысы және әлеуметтік шығындар жатады.

Банк шығыстары теңгемен есептелінеді және келесілерден тұрады:

  1. алынған несиелер, депозиттре, бағалы қағаздад, лизингтік операциялар бойынша сыйақы төлеумен және комиссиялық төлемдермен байланысты шығыстар;
  2. клиенттердің есеп айырысу, ағымдағы және басқа да шоттары бойынша шығыстар;
  3. басқа тұлғалар көрсеткен әр түрлі қызмет көрсетулерден шығыстар
  4. банк қызметін қамтамасыз ету шығыстары
  5. жыл сайынғы және қосымша демалысты заңға сәйкес төлеу шығыстары

Банк шығындарының маңызды үлесін есеп айырысу, ағымдағы, корреспонденттік шоттар және ткәсіпорындар мен жеке тұлғалардың мерзімдік салымдары бойынша есептелген пайыздар құрайды.

Соңғы қаржылық нәтиже - пайда немесе шығын - есепті кезең аралығындағы банк алған табыстар мен шығыстарды салыстыру арқылы анықталады.

Бухгалтерлік баланс шоттары (актвитер, міндеттемелер, меншікті капитал) кезең аралығында жабылмайды, сондықтан оларды тұрақты шоттар деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банк операциялары
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Банктің депозиттік операциялары және оның ҚР дамуы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz