Қазақстандағы әлеуметтік топтар мен құрылымдар және таптар



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.1 .Әлеуметтік топтар ... ... ... ... ... ... 2.3
2.2.Әлеуметтік құрылымдар ... ... ... ...4.5
2.3.Әлеуметтік таптар ... ... ... ... ... ... ..5.6
3.Қорытынды:

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Қоғамда шағын топтар атқаратын әлеуметтік функциялар орасан, оларды басқаша бағалау мүмкін емес. Конт бір кезде қоғамның ұясы деп атаған отбасын еске алсақ та жеткілікті - бұл ылғи да шағын топ және де өзі құрамына енетін көптеген басқа топтар мен ұйымдарға қатысты бастауыш топ болады. Төменде атап өтілетініндей, сол отбасы адам тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бастауыш әлеуметтендірудің басты агенті болып табылады.
1.М.М.Тәжин. СОЦИОЛОГИЯ– Астана, 2004. – 506-507 беттер.
2. «Damu» маркетингтік және социологиялық зерттеулер агенттігінің қорытындысы, интернет желісі.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті

РЕФЕРАТ

Қазақстандағы әлеуметтік топтар мен құрылымдар және таптар

Тексерген: Мамытканов Д.Қ.
Орындаған:Алжанбаева А.М. ОЗХТ-203.

Жоспар:
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 1
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...2
2.1 .Әлеуметтік топтар ... ... ... ... ... ... 2-3
2.2.Әлеуметтік құрылымдар ... ... ... ...4-5
2.3.Әлеуметтік таптар ... ... ... ... ... ... ..5-6
3.Қорытынды:

4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Қоғамда шағын топтар атқаратын әлеуметтік функциялар орасан, оларды басқаша бағалау мүмкін емес. Конт бір кезде қоғамның ұясы деп атаған отбасын еске алсақ та жеткілікті - бұл ылғи да шағын топ және де өзі құрамына енетін көптеген басқа топтар мен ұйымдарға қатысты бастауыш топ болады. Төменде атап өтілетініндей, сол отбасы адам тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бастауыш әлеуметтендірудің басты агенті болып табылады. Дегенмен, отбасы ғана емес, өзіміз құрамына кіретін басқа көптеген бастауыш және екінші топтар да біздің өмірбаянымызда маңызды әлеуметтендіруші рөл атқарады: құрбы-құрдастар топтары, дос-жарандар, әуесқойлар үйірмелері, спорт командалары - біз дәл осылар арқылы замандастарымыз бен отандастарымыздың кең қауымдастығында қалыптасқан дәстүрлердің, нормалардың және құндылықтардың барлығын игереміз. Көптеген зерттеушілердің бастауыш түріндегі байланыстардың жетіспеушілігін адамның тұлғалық қасиеттерінің нашарлауына және тіпті девианттық мінез-құлықтарда белгілі бір сапасыздыққа апарып соғуы мүмкін деп ұйғаруы кездейсоқ емес.
Жеке адам үшін өзі жататын бастауыш топ өте маңызды референттік топтардың бірі болып табылады. Бұл терминмен құндылықтар мен нормалар жүйесі жеке адам үшін өзіндік эталон болатын (шынайы немесе қиялдағы) топты белгілейді. Адам әрқашан - ерікті немесе еріксіз түрде - өзінің ой-ниеттері мен іс-әрекеттерін өзі пікірлерін қадір тұтатын адамының қалай бағалайтынымен салыстырады. Жеке адам осы сәтте жататын тап та, бұрын мүшесі болған топ та және мүшесі болғысы келетін топ та референттік бола алады. Референттік топты құрайтын адамдардың дербестелген бейнелері "ішкі аудиторияны" құрайды, адам өзінің ойға алғандары мен іс-әрекеттерінде соны бағытқа алады.
Шағын топтар теориясының айтарлықтай маңызды бөлімі ондағы динамикалық процестерді зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер микросоциология мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген. "Топтық динамика" терминінің өзін ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт Левин енгізген. Негізгі теориялық қағидалардың бірі топтық қызметтің жүйелілік сипатын атап өтуден тұрады: тұтас алынған топ оған кіретін жеке адамдардың жай қосындысы емес, одан артық. Сонымен қатар, шағын топтарда жүретін құбылыстар мен процестерді сипаттайтын заңдар одан да ірі әлеуметтік бірліктердің динамикасын сипаттауға қолданылуы мүмкін.
Топтық динамика теориясының дамуына американдық (тегі - румын) әлеуметтік психолог Джейкоб Морено маңызды үлес қосқан.
2.Негізгі бөлім: . Әлеуметтік қауымдарға таптар, стратылар, кәсіби және салалық топтар, ұлыстар, ұлттар, ұлтаралық және аймақтық қоғамдастықтар, демографиалық топтар, адамдардың қалалық және ауылдық өмір сүру формалары, еңбектік, жанұйалық және т.б. құрылымдар жатады. Әлеуметтік қауымдар өте күрделі ұйымдасқан, өз кезінде бір-бірімен тығыз өзара байланыста және өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі әлеуметтік топтар мен құрылымдардан тұрады. Даму процесінде олардың құрамы саны және сапасы жағынан өзгереді, жаңа қауымдықтар пайда болады, әлеуметтік мобильділік арта түседі. Бұл өзгерістердің бағыты көп жағдайда қоғамның дамуын белгілейді. Адамдардың санына қарай әлеуметтік қауымдар үлкен (таптар, ұлттар, кәсіби және салалық топтар және т.б.), орташа (аймақтық қауымдар, өндірістік ұжымдар және т.б.), кіші (жанұя және т.б.) болып үш топқа бөлінеді.Қоғамның әлеуметтік құрылымы тарихи ұғым болып табылады. Әрбір жеке қоғамның белгілі бір әлеуметтік құрылымы болады. Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыстың ру - тайпалық ұйымдасуы болды, онда ру еңбектік және жанұялық ұжым ретінде, сол секілді, әлеуметтік- этникалық қауым формасы ретінде қызмет атқарды. Құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құлиеленушілер таптары, кәсіби топтар пайда болды, этникалық қауым формасы ретінде халықтық қалыптасты, моногамды семья дүниеге келді. Феодализм дәуірінде негізгі таптар - феодалдар мен шаруалар болды. Капитализм дүниеге буржуазиа мен жұмысшы табын әкелді.
Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік құрылымның қызмет етуінің аса маңызды жағы болып табылады. Әлеуметтік мобильділік дегеніміз адамдардың бір әлеуметтік топтан басқа бір топқа өтуі. Мәселен, шаруа ауылдық жерден қалаға көшіп барып зауытқа жұмысқа орналасса, онда, ол қала тұрғынына, басқа таптын, кәсіби топтын өкіліне айналады. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтік қауымдықтар арасында және олардың ішінде жүреді. Әлеуметтік мобильділікті зеттеудің мемлекеттік маңызы бар. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен тиісті динамиканы сақтау мақсатында ондағы әлеуметтік қозғалыстарды, олардың себептері мен негізгі бағыттарын толық түсінуіміз керек.
2.1.Әлеуметтік топтар.
Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады. Әлеуметтік топ ұғымының социологияда бірнеше мәні бар. Барынша кең мағынасында ол тұтас қоғамды, тіпті барлық адамзатты қамтиды. Неғұрлым тар мағынасында бұл ұғым қоғамның ішінде белгілі бір жеке бастық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлесіп қызмет атқаратын адамдардың азды-көпті жиынтығы болып табылатын ішкі жүйені бөлу қажет болған кезде пайдаланылады. Бұл орайда "әлеуметтік топ" ұғымына адамдардың аса көп санды бірлестігі ретіндегі әлеуметтік қауымдастық және адамдардың сан жағынан салыстырғанда шағын жиынтығы ретіндегі әлеуметтік топтың өзі де кіреді (ал әлеуметтік топтардың өздері де үлкен және кіші болуы мүмкін). Бұдан әлеуметтік топты үшінші, бұдан да тар мағынасында түсіну қажеттілігі келіп шығады, ол көбінесе солай болады да.
Бұл ретте ойда болар маңызды нәрсе, социологтардың бір бөлігі "әлеуметтік топ" пен "әлеуметтік қауымдастық" ұғымдарының арақатынасын анықтаған кезде біріншісін негізге алып, әлеуметтік қауымдастықты үлкен, бұқаралық әлеуметтік топ ретінде қарастырады; ал басқалары - екіншісін негізге алып, әлеуметтік топты шағын әлеуметтік қауымдастық деп есептейді. Сондықтан аталмыш ұғымдарды бөлу неғұрлым шартты түрде алынады, өйткені бұл орайда тапты да, ұлтты да, отбасын да әлеуметтік қауымдастық ретінде де, әлеуметтік топ ретінде де қарастыруға болады.
Әлеуметтік топтар бұқаралық әлеуметтік қауымдастықтардан өзгеше: 1) олардың кеңістікте және уақытта өмір сүруінің беріктігі мен тұрақтылығына жағдай туғызатын орнықты өзара іс-әрекетімен; 2) салыстырмалы түрде алғанда жоғары топтасу дәрежесімен; 3) құрамының айқын көрініп тұрған біртектілігімен, яғни топқа кіретін барлық жеке адамдарға тән белгілердің болуымен; 4) құрылымдық құралым ретінде неғұрлым қалың қауымдастықтарға кіруімен сипатталады.
Бұдан шығатын қорытынды - адамдардың топқа бірігуінің кез келгені әлеуметтік топты құрай бермейді. Күнделікті өмірде біз адамдардың субъектілер арасындағы өзара байланыстар мен өзара іс-әрекеттердің тұрақсыздығы, қысқа мерзімділігі, тарлығы тән (тобыр, тыңдармандар аудиториясы, әлеуметтік топтар және т.б.) бірлестіктерімен жиі ұшырасамыз. Олар шынтуайтына келгенде әлеуметтік топтар болып санала алмайды, сондықтан да көбіне квазитоптар деп аталады.
Социологтар "әлеуметтік топ" ұғымын әр қалай анықтайды.
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. Фролов С.С. әлеуметтік топты оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы; 2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.
Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.
Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше типология болуы мүмкін. Егер де бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды ресми және бейресми топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері болатын ресми ұйымдардың түрлері:
- ол оңтайлы, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы түрде қозғалу принциптері жатыр;
- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары деңгейдегі әлеуметтік жүйе құрайды, оның функцияларын да, құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, "жоғарыдан", сырттан алатын лауазымымен де анықталады.
Бейресми топқа келер болсақ, оның мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, эмоциональдық алдын ала дұрыс көру қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; спонтанды (өзінше еркін), оны құрайтын жеке адамдардың бастамасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның құрылымы өте күрделі
Қоғамның әлеуметтік құрылымдары
Әлеуметтік құрылым. Қазіргі қоғамды әлеуметтік дифференциалау
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация туралы
Саяси жүйе туралы
Қазақстан әлеуметтік құрылымының қалыптасуы
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Саяси жүйенің құрылымы, атқаратын қызметі
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы
Пәндер