Еңбекақы қорының қалыптасуын және пайдалануын талдаудың мақсаттары мен міндеттері


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ5
- ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Еңбектің және еңбекақы қорының экономикалық мәні8
1. 2 Ұйымның негігі экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы . . . 13
1. 3 Ұйымның есеп саясаты . . . 17
- ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫНЫҢ ЕСЕБІ
2. 1 Еңбекақының түрлері бойынша қалыптасу есебі. 23
2. 2 Еңбекақының түрлері, нысандары және жүйелері бойынша есебін ұйымдастыру. . 34
2. 3 Орташа еңбекақы есептеу есебі және еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар. 43
2. 4 Еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебі54
- ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3. 1 Еңбекақы қорын талдаудың мақсаттары мен міндеттері және әдістері……. 60
3. 2 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалануын талдау. 64
3. 3 Еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалану есебі мен талдауын жетілдіру жолдары74
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . 86
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруге және жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі артуда. Ұйым жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландырылуы мен табыс табуы, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға сондай-ақ ұйымдардың қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық қаржылық есеп стандартын, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр. Бұл талаптар Республикамызда бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жүйесін реттеуші Ұлттық стандарттар мен Бас шоттар жоспарын жасап бекітілуіне және олардың 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап басшылыққа алынып, күні бүгінге дейін толықтырылып қолданылып келуіне септігін тигізді.
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленді жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтері нинвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының жəне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушыларының қаржылық есептілік элементтерін құндық көрсеткіш бойынша топтау жəне қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында ағымдағы көрсету үшін арналған. [1] Сонымен бірге, бухгалтерлік есептің Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына сәйкес жүргізіліп отырғанын да айта кету керек. [2] Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен ұйымды сақтап қалудың басты факторы болып, ұйымның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да бухгалтерлік есепті кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды.
Еңбек және еңбекақының есебі бухгалтерлік есептің негізгі тақырыбы болып табылады. Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Яғни, еңбек адам өмірінің ажырамас бөлігі, өйткені адамды адам қылған - еңбек. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республиканың әрбір азаматы еңбек етуге құқылы және әрбір адам өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы дайындығына қарай мамандығын таңдай алады. Қызметкердің еңбегін дұрыс бағалау - еңбек төлемінің негізгі алғышарты болып табылады. Еңбекақы адамдардың өмір сүруінің негізгі көзі. Өйткені еңбекақы бүкіл әлемде жұмыс істейтіндердің кіріс көзі. Сонымен қатар, еңбекақы мемлекеттің өз азаматтарына деген қатынасын көрсетеді және экономиканы басқарудағы негізгі элемент ретінде қолданылады. Еңбекақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Еңбек ақы түсінігі жаңа мазмұнымен толықтырылды және сонымен қатар әртүрлі сыйақылар, қосымша төлемдер және әлеуметтік жеңілдіктер, ақшалай және натуралды түрдегі барлық ақы түрлерін құрап отыр. Еңбек және еңбекақы - дәл және оперативтік мәліметтерді талап ететін жұмыс орнының ең негізгі және күрделі бөлігі, онда жұмысшылар санының өзгерісі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылардың категориялары, өндіріс шығындары көрсетіледі. [3]
Еңбек ақы мәселелері тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан да маңызды болғандықтан, экономикада ерекше орынға ие. Сол себепті бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңінде өте маңызды болып табылады. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында басты міндеттердің бірі - «еңбекақы мен төлемдерді, зейнетақыны толық және уақтылы төлеп тұру» екендігін айтқан. [4] Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясында біз еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғыртуға тиіспіз деп қарастырған. Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері - жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та - барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан, елбасы Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырған:
- Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру.
- Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.
Бұдан жарты жыл бұрын, «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты елбасы мақаласы жарияланған соң Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң әзірлене бастады. Біздің мақсатымыз - еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау. Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет. Үкіметке еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет. [5] Әрбір жұмысшының еңбек ақысы оның жеке қосқан үлесімен және ұйым жұмысының нәтижесімен анықталады. Ол салықтармен реттеледі, жоғарғы шегі шектелмейді. Ал, барлық ұйымдық - құқықтық формалардың жұмысшыларының еңбек ақысының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен және жыл сайын «Республикалық бюджет» заңымен анықталады. Нарықтық экономика жағдайына көшуге байланысты еңбек ақы жүйесі түгелдей өзгеріске ұшырады. Қазақстан Республикасының 15. 05. 07 «Еңбек кодексі» заңына сәйкес, мемлекет ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне араласпайды, сонымен қатар, еңбек ақының мөлшерін, формаларын, жүйелерін анықтамайды, яғни оны ұйымдастырумен айналыспайды. [6] Мемлекет тек халықты әлеуметтік қорғаумен айналысады, яғни еңбек ақының ең төменгі мөлшерін қояды, еңбек ақының салық салынбайтын мөлшерін бекітеді, еңбек кодексіне сәйкес жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібін бекітеді. Сондықтан, ұйымдар еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстарын өздері жүргізеді, бұл - олардан белгілі бір білім мен іс - тәжірибені талап етеді. Еңбек ақыны ұйымдастыру және төлеу саясаты ұйымның жұмыс нәтижесіне тікелей ықпалын тигізеді. Еңбек қатынастарының жарғылық заңды түріндегі реттеу, сонымен қатар жұмысшыларға еңбек ақы төлеу облысында ұйым компетенциясына кіретін еңбек ақы шарттары көрсетілген ұйымның ұйымдық келісім шарты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ұйымдағы еңбекақы қорының қаыптасуының және пайдалануының есебі мен талдауын ұйымдастыру жағдайын зерттеу. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылады:
- еңбекақыны зерттеудің теориялық негізін қарастыру;
- ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
- еңбекақының синтетикалық және аналитикалық есебінің ұйымдастырылуын зерделеу;
- орташа еңбекақыны есептеу тәртібін және еңбекақыдан ұсталымдарды қарастыру;
- еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалануын талдау;
- еңбекақы қорының қалыптасуы мен пайдалану есебі мен талдауын жетілдіру жолдарын қарастыру;
Зерттеу пәні - ұйымдағы еңбек ақыны ұйымдастыру туралы мәліметтер, еңбекақының түрлері, жұмыс уақытын пайдалануды талдау, жұмысшылардың саны мен еңбекақы қорын талдау, «Алматинская Академия проффесиональных бухгалтеров «Paritet» ЖШС - ның соңғы екі жылдағы негізгі технико - экономикалық көрсеткіштері.
Дипломдық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫ МЕН ҰЙЫМНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
- Еңбектің және еңбекақы қорының экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еңбек етуге құқылы. Демек, республикамызда әрбір адамның өз ықыласына, қабілеттілігіне және арнайы дайындығына сәйкес жеке өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. [7] Қазақстан Репспубликасының еңбек кодексіне сәйкес, еңбек деп - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Республиканың азаматы қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сонымен қатар жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғану құқығына ие. [6] Еңбек - адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады . Еңбек бұл шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан, еңбек шынында да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал, екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни, еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Өндіріс факторын анықтайтынның бірі - еңбек. Еңбек жүргізуші, яғни адамның жұмыс күші адамдық фактор болып саналады. Елдегі халықтың еңбекке қатысу мүмкіндігі және қолынан іс келетін бір бөлігі еңбек ресурстарын құрайды. Еңбек ресурсына жақын үлкен мағынадағы ұғым "еңбек потенциалы". Еңбек потенциалы - бұл еңбек ресурстарын құрайтын, соның ішіндегі тұлғалардың еңбек ресурстарын осы немесе басқа бағытқа потенциалды өзгерте алатын елдегі халықтың бір бөлігін айтады. Қарастырылған үш категорияны бірге алғанда елдің еңбек факторын әр түрлі жақтан суреттейді. Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбектің негізгі ерекшелігі бар. Ең бастысы, еңбек адамнан, жұмыс күшінен де бөлінбейді, сондықтан әлеуметтік және саяси аспектісі болады. Тура осы жағдай экономистердің зерттеуін әр түрлі жолмен жақындатады. Батыс экономикалық әдебиетінде, еңбек тауар ретінде саналады. Маркстік теорияда еңбек тауар емес, адамның еңбекке қабілеті, оның жұмыс күші тауар ретінде иррационалды ұғым еңбек рыногын құрайды. Осыдан маңызды қорытыңды шығады: еңбек тауар емес, ол жұмыс күші - тауар, онда еңбек ақы формасында барлық өнім еңбегіне емес, тек бір бөлігіне ғана төленеді, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн үлесі ғана. Еңбек өнімінің басқа бөлігін капиталист иеленеді. Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбекті ұйымдастыру мен басқару жағынан негізгі көзқарас ретінде қарастырылады. Кейбір зерттеушілер қолөнер, технологиялық, инновациялық деп еңбекті басқаруды бөледі, сәйкесінше индустрияға дейінгі, индустриалды, ғылыми-техникалық нұсқадағы экономикалық өсу. Бұл жұмыс күші ұғымын дене еңбегі және ақыл-ой, интеллектуалды еңбек түрлерін бөлудің ерекше жіктелуі ғана, ғылыми техникалық процесстің дамуынан туындайды. Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:
- Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
- Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
- Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлермен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
- Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
- Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
- Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану
- Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
- Еңбек және еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады. Ұйымның барлық қызметкерлерінің еңбекақысын тұтас алғанда, ол еңбекақы қорының көрсеткішін көрсетеді, ал еңбекақы қоры ұйым шығынының едәуір бөлігін құрайды. Ұйымның салалық тиістілігіне, ұйым қызметінің жеке ерекшеліктеріне және қызметкерлердің төлемақылар сомасын басқару саясатына байланысты, еңбекақы қорына байланысты шығын есесі бірнеше пайыздан ұйым шығындарының жалпы сомасынан жартысына дейін көтеріледі. Бұл едәуір көлем, сондықтан ұйым шығынның бұл баптарын талдау өте маңызды. Сондай-ақ, жұмыс уақыты қорын қызметкерлермен пайдалануды талдаудың да үлкен маңызы зор. Барлық жұмыс уақытын бірнеше категорияларға бөлуге болады:
- жұмыспен өтелген төленген (әдетте кесте бойынша жұмыс күнінде жұмыспен өтелген уақыттан басқа, бұл мерзімнен тыс жұмыс уақыты, демалыс және мерекелік күндердегі, т. б. уақыт болуы мүмкін) ;
- жұмыспен өтелмеген төленген (еріксіз тоқтап қалу, жыл сайынғы демалыс, уақытша жұмысқа қаблетсіздік және т. б. ) ;
- жұмыспен өтелмеген төленбеген (кешігу, себепсіз жұмысқа келмеу, т. б. ) .
Төлеу тәртібі және де, ең соңында бұл сомалардың қандай шығын түріне жатқызылатыны жұмыс уақыты қай категорияға жататындығына байланысты. Әдетте мұндай шығындардың есесі үлкен емес, бірақ ол да ұйым үшін пайдалы емес. Қызметкерлерге ақшалай және натуралды формада (оклад, сыйлық, жүйелі түрдегі сыйақылар, еңбектің зиянды жағдайларына компенсация төлеу, мерзімнен тыс жұмыстар үшін төлемдер және т. б. ) төленетін еңбекақыдан басқа, еңбекақыға байланысты ұйым шығындарына жұмыспен өтелмеген уақытты төлеу және біржолғы төлемдерді, сонымен бірге, әртүрлі міндетті түрде аударылатын сомаларды жатқызады. Бұл шығындардың барлығы еңбекақы қоры көрсеткішін қалыптастырады . Еңбекақының екі негізгі түрлерін ажыратады: мерзімді төлеу, қызметкерлердің еңбекақысы жұмыс істемеген күн мөлшеріне байланысты және кесімді ақы төлеу, еңбекақы өндірілген өнім мөлшеріне байланысты.
Еңбекақы қорын талдау жоспары басқа да шығын түрлерін талдау жоспары бойынша жүргізіледі: нормативті немесе жоспарлы көлеммен салыстырғанда не өткен есепті немесе базалық кезеңмен салыстырғанда. Ұйым қызметінің ашық көрсетілген маусымдылығы кезінде өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстыру пайдалы болады. Мысалы, ауылшаруашылықтық өнімді өндіретін ұйым үшін қызмет “ шыңы” болып жазғы айлар және қыркүйек айы табылады, тау шаңғы курортындағы қонақ үй үшін қаңтар-наурызға дейінгі маусым. Талдау жұмысшы категориясы және бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Талдау нәтижесінде өзгеру тенденциясы және нормативті не жоспарлы мәндерге қатысты еңбекақы қорының артық шығын себебі немесе түгел жұмсамау себебі айқындалады. Еңбекақы қорына және жұмыс уақытын пайдалануға қатысты мәліметтерді талдау кезінде әртүрлі индексті көрсеткіштер кеңінен қолданылады. [8]
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін еңбекақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған еңбекақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында еңбекақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:
- еңбекақы - еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бағасы;
- жұмыс күші бағасының материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары) ; олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді) ;
- еңбекақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
- еңбекақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.
Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде еңбекақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:
- еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т. б. уақтылы төлеу) ;
- өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін, жағдайын көтеру;
- еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
- жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан ынталандыру;
- еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының өсуіне қарағанда артық болуы.
Ұйымдар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық - құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы, ұйымның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді. Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 - 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай мәселелер реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер. [9]
Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады. Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген есептік көрсеткіштер:
- Еңбекақының ең төменгі мөлшері - 18660 тг.
- Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері - 9330 тг.
- Зейнетақының ең төменгі мөлшері - 19066 тг.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемақылар мен басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен қатар, айыппұл санкцияларын қолдану үшін, салықтар мен басқа төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 731 т.
- Базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін, өмір сүру минимумының мөлшері - 18660 тг. [10]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz