BSD(Berkeley Software Distribution)


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
ƏЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Механика-математика факультеті
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : BSD(Berkeley Software Distribution)
Тексерген: Сапақова С. З.
Орындаған: Абенова А. Д.
Сатай Д. М.
Тобы АЖ-3а
Алматы 2011
Жоспар:
- Негізгі түсініктер, ОЖ-ның пайда болу тарихы
- Процесстерді басқару
Процесстің күйі, процесстің контексті мен дескрипторы, процессті жоспарлау алгоритмі, ығыстырушы және ығыстырмаушы жоспаралау алгоритмдері.
- Жадыны басқару
- Негізгі түсініктер, ОЖ-ның пайда болу тарихы
BSD ( Berkeley Software Distribution ) - оқу орындарында тәжірибе алмасу үшін құрылған бастапқы кодтардағы программалық қамтамасыз етудің таратылу жүйесі. BSD программалық қамтамасыз ету пакеттерінің ерекшелігі - онда арнайы лицензияның болуы. Оны келесі түрде сипаттауға болады : барлық бастапқы код - BSD меншiгi, барлық түзету - олардың авторларының меншiгi.
Сонымен, BSD операциялық жүйесі дегніміз:
- BSD ядросы процесстерді жоспарлауға, жадыны басқаруға, көппроцессорлы жүйелерді қолдауға (SMP), құрылғылармен жұмыс істеуге жауапты.
LINUX-қа қарағанда BSD -дің мүмкіндіктерімен ерекшеленетін бірнеше ядролары бар.
- С библиотекасы - программалаудық негізгі жүйелік интерфейсі.
BSD -дің С библиотекасы GNU Проектіне емес, Беркли кодына негізделеді.
- Қабықша, файлдық утилиттер, компилятор, байланыс редакторлары және басқа да қолданушы утилиттері.
Олардық кейбіреулері GNU кодына негізделеді.
- Графикалық интерфейске жауап беретін X Window жүйесі.
1978 жылдың басында UCB аспиранты Билл Джой Беркли программасының дистрибутивін жасауды бастады. Алғашқы лента(360 м, $50) UNIX-ке арналған Pascal жүйесі мен ex редакторынан тұрды; 30-ға жуық данасы таралды. 1978 жылдың соңыны дейін 2BSD пакеті таралды, 75 данасы сатылды. Шамамен осы уақытта Interactive Systems алғашқы коммерциялық версиясы UNIX-ті, ал Whitesmiths фирмасы - алғашқы UNIX көшірмесін жасап шығарды.
2. 79BSD версиясынан бастап, Беркли университетінің программалық дистрибутивтері AT&T UNIX кодын қамтымайтын болды. UNIX 7 версиясы ең алғашқы тасымалданатын операциялық жүйе болды. Алайда оның шығарылымы ал тыншы версияға қарағанда азырақ болды. Көптеген жөндеулерден кейін 1982 жылдық қаңтар айында жаңа 2. 8. 1BSD моделі шықты.
Кейіннен келесі версиялар шықты:
- 4BSD - 1980 жыл, қазан;
- 4. 1 BSD - 1981 жыл, маусым;
- 4. 1а, 4. 1b, 4. 1c (1982-1983) ;
- 4. 2 - 1983 жыл, қыркүйек - желіні қолдау қосылған, шындығында мықты өңделген жүйе.
- Процесстерді басқару
BSD көпміндеттілікті қолдайды. Процесс (немесе басқаша есеп) - программаны немесе операциялық жүйенің қандайда бір процедураларды орындауға бөлінген жадының виртуальді адрестік кеңістігі. BSD процессінің контексті қолданушылар деңгейімен қоса адрестік кеңістігінің құрамы мен орындау уақыты, есепті құрушының параметрлері, басқаратын ресурстар және идентифицирлейтін ақпаратты қосатын ядро деңгейінің күйінен тұрады. Контекстке өзінің сервистерін процесске көрсететін кезде ядромен қолданылатынның бәрі кіреді. Қолданушылар процесстерді құра алады, олардың орындалуын басқара алады және процесстің орындалу күйі өзгергенде ол жайлы хабарлама ала алады. Әр процесске процесс идентификаторы деп аталатын ерекше сан белгіленеді(PID) . Бұл сан процесстің күйі өзгерген кезде қолданушыға келетін хабарлама келгенде процесс идентификациясы үшің ядромен қолданылады.
Басқа процесстің контекстін көшіре отырып, ядро процессті құрады. Жаңа процесс бастапқы процестен туындаған процесс болып саналады. Процессті құру кезінде көшірілетін контекст, қолданушының деңгейінің процессті орындау күйімен қоса ядромен басқарылатын процесстің жүйелік күйінен тұрады.
Процесстің өмірлік циклі
Процесс fork жүйелік шақыруының көмегімен бастапқы процесстің көшірмесі болатын жаңа процессті құра алады. Fork шақыруынан қайтару екі рет орындалады: бірінші рет - қайтарылатын мән туындаған процесстің идентификаторы болатын бастапқы процессте, екінші рет - қайтарылатын мән 0-ге тең болатын туындаған процессте. Бастапқы(родитель) және туындаған байланыс жүйеде иерархиялық процесстер сруктурасын тудырады. Жаңа процесстің бастапқы процесстің файлдық дискриптор, сигналдарды өңдеу күйі мен жадыны бөлу сияқты барлық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіншілігі бар.
Бірақ, процесс бастапқы процесстің дәл көшірмесі болу керекті жағдайлар болады. Execve жүйелік шақырудың көмегімен процесс өзін-өзі қайта құрылған бейнеге параметрлер жиынын бере отырып, басқа программа жадының бейнесі ретінде орын ауыстыра алады.
Өзінің негізіне(родитель) аяқтау күін 8-биттік мәнде жіберетін exit шақыруын орындай отырып процесс өзінің жұмысын аяқтай алады. Егер процесс бастапқы процесске 1 байттан асатын ақпарат жібергісі келсе, онда ол конвеер мен сокет немесе өтпелі файл көмегімен процессаралық комуникациялар каналын құру керек.
Wait процессінің көмегімен процесс өзінің жұмысын өзімен туындаған кез-келген процесс жұмысын тоқтатқанға дейін орындауды тоқтата тұра алады.
Процесті жоспарлау алгоритмдері келесі мәселелерден тұрады:
- Орындалатын процессті ауыстыру үшін кететін уақыт моментін анықтау;
- Дайын процесстер кезегінен орындалатын процессті таңдау;
- “ескі” және ”жаңа” процесстер контекстін ауыстыру.
Көптеген процесстер қосқан кезде бірден үш дескриптордың ашылуын күтеді. Олар стандартты енгізу, стандартты шығару және стандартты қате ретінде белгілі-0, 1 және 2 дескрипторлары.
3. Жадыны басқару
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz