Метастаз
1. Кіріспе
2. Метастаз
3. Метастаз түрлері
4. Сырқат ыстық астан пайда болады
5. Дәрігерге дер кезінде көріну
6. Әлсіз ағзаға ауру үйірсек
7. Ауырып ем іздегенше
8. Керек дерек
9. Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?
10. Этиология
11. Осы саладағы жетістіктер
12. Пайдаланған әдебиеттер
2. Метастаз
3. Метастаз түрлері
4. Сырқат ыстық астан пайда болады
5. Дәрігерге дер кезінде көріну
6. Әлсіз ағзаға ауру үйірсек
7. Ауырып ем іздегенше
8. Керек дерек
9. Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?
10. Этиология
11. Осы саладағы жетістіктер
12. Пайдаланған әдебиеттер
Қатерлі ісік ауруларының жағдайы бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Дүниежү¬зілік Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы бойынша жыл сайын Жер шарында 10 млн.-нан аса адам қатерлі ісік ауруына ұшырайды екен. Оның 6 млн.-нан көбі қайтыс болады. Егер осы бағытта кете берсе, 2020 жылы бұл көрсеткіштер 2 еселенетін көрінеді. Яғни, жы¬лына 15 млн.-нан аса адам ауырып, 10 млн. адам қайтыс болады.
Ал біздің елімізде қатерлі ісікпен аурушаңдық пен өлім тұрақтанғанымен жылда қатерлі ісікпен есепке алынып жатқан аурулар саны көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Болжам бойынша бұл аурулар саны жыл сайын 5 пайызға өседі деп күтілуде.

- Қазақ Энциклопедиясы
- Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе

Жоспар
1. Кіріспе
2. Метастаз
3. Метастаз түрлері
4. Сырқат ыстық астан пайда болады
5. Дәрігерге дер кезінде көріну
6. Әлсіз ағзаға ауру үйірсек
7. Ауырып ем іздегенше
8. Керек дерек
9. Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?
10. Этиология
11. Осы саладағы жетістіктер
12. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қатерлі ісік ауруларының жағдайы бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Дүниежү - зілік Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы бойынша жыл сайын Жер шарында 10 млн.-нан аса адам қатерлі ісік ауруына ұшырайды екен. Оның 6 млн.-нан көбі қайтыс болады. Егер осы бағытта кете берсе, 2020 жылы бұл көрсеткіштер 2 еселенетін көрінеді. Яғни, жы - лына 15 млн.-нан аса адам ауырып, 10 млн. адам қайтыс болады.
Ал біздің елімізде қатерлі ісікпен аурушаңдық пен өлім тұрақтанғанымен жылда қатерлі ісікпен есепке алынып жатқан аурулар саны көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Болжам бойынша бұл аурулар саны жыл сайын 5 пайызға өседі деп күтілуде. Қазіргі таңда қатерлі ісікпен өлім республикамызда жүрек, қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Осы аурумен ауырған ауруларды алғашқы сатысында анықтауға мүмкіндіктің аздығынан елі - мізде көп жұмыстар атқарылуда. Шынымен, қатерлі ісік жазылмайтын ауру ма? Осыған орай біз облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Нұрғали Ормановты әңгімеге тартқан едік.
- 2010 жылдың 29 қарашасында Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ден - саулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы қабылданғандығы белгілі, - дейді Нұрғали Керімбекұлы.
- 2015 жылға дейін медицина қызметкерлерінің алдарына қойылған талап - аурудың алдын алуды жандандыру, ерте анықтап, сапалы ем қолдану. Өлім-жітімнің алдын алу мақсатында халықтың орташа өмір сүруінің ұзақтығын 2015 жылы 70 жасқа дейін ұзарту мәселесі тұр.
Осы мақсатта 2011 жылдың 14 қазан күні Астана қаласында Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекованың басқаруымен бүкіл республикадағы аудандық онкологтардың үлкен жиналысы болып өтті. Бұл Қазақстан онкологиясының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Аудандық онкологтардың Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен бас қосуы бірінші рет өткізіліп отыр. Аудандық онколгтар жылдар бойы шешілмей жатқан мәселелерді Денсаулық сақтау министріне ашық айтуға мүмкіндік алды. Шешілмей жүрген біраз мәселе - лердің түйіні тарқатылды, шешуін күткен мәселелер министрдің назарына алынды. Жиналыста онкологияда қиындық туғызып отырған мәселелер Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен талқыланып, шешім қабылданды. Әр деңгейдегі аудандық, облыстық, республикалық медицина мекемелерінің міндеттері анықталып, тапсырмалар берілді.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында елімізде 2008 жылдан бері скринигтік бағдарламалар жүруде. Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 30 бен 60 аралығындағы әйелдер тексерілуде. Сүт безі қатерлі ісігін анықтау үшін 50-60 жастағы әйелдер алдын ала тексеруден өтеді. Осы жылдың аяғынан бастап тік ішек және тоқ ішек қатерлі ісігін алдын ала анықтау үшін 50-70 жастағы азаматтар алдын ала тексеруден өтеді. Бұл жұмыс бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету мекемелеріне міндеттендірілген. Халық арасында қатерлі ісікпен ауырған аурулар жазылмайды деп ем алудан бас тартулары кездеседі. Қатерлі ісіктер алғашқы сатысында анықталған жағдайда аурулардың 80-85 пайыз жазылып кету мүмкіншілігі болады. Ал ауру кеш анықталған жағдайда жазылып кету мүмкіншілігі 15-20 пайыз ғана. Сондықтан, әрбір азамат өздері қарайтын емханаларға барып алдын ала тексеруден өтуі міндетті.Соңғы кездері қыз-келіншектер арасында кең тарала бастаған бұл сырқаттың алдын алумен отандық мамандар қаншалықты күрессе де, жылдан-жылға сүт безінің сырқаты ұлғайып барады.
Әлемде кең тараған қатерлі ісік түрлерінің бірі әрі онкологиялық аурулардан болатын әйелдер өлімінің басты себебі де осы дерт болып табылады. Қатерлі сырқаттың салдарынан еліміздегі 3 мың әйелдің 1 мыңнан астамы жарық дүниемен қоштасатын көрінеді. Сол үшін өмірді сүйетін әр әйел заты қатерлі ісіктен сақ болғаны жөн.
Бұрын бұл ауруға 50-60 жастағы егде әйелдер көп шалдықса, қазіргі таңда 30-40 жастағы жас азаматшалар жапа шегуде. Жалпы, ісіктің пайда болуына ықпал ететін факторлар көп. Дегенмен де, мамандар оның 4 түрлі себебі барын анықтаған. Олар:
1. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды көп пайдалану, сыра, алкогольді ішімдіктерді ішу, сонымен қатар, радиацияның, зиянды газдардың, улы химикаттардың, синтетикалық бояулардың ұзақ мезгіл әсер етуі себеп болады.
2. Әйелдердің сексуалдық, репродуктивтік және лактациялық функцияларына байланысты 25-50 жас аралығында 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда босану немесе түсік жасатуы, кеш босануы, климакстың кешігуі (53 жастан асқанда), лактация кезінде сүттің көп бөлінуі, бірінші баланың 4 келіден артық салмақпен туылуы, етеккірдің ерте (12 жасқа дейін) немесе кеш (16 жастан кейін) басталуы, баланы бес айға жетпей емшектен шығару оқиғалары қатерлі ісікке жол ашады.
3. Адам бойында қатар жүретін аурулар жатады. Мәселен, сүт безінің ауруы, гинекологиялық сырқаттар, бауыр, оның ішінде бұрын болған сары ауру, артық салмақ, қант диабеті, жатырдан қан кету, қан қысымының тұрақсыздығы, қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безінің, жатырдың жарақаттануы.
4. Тұқым қуалаушылық (жақын туыстарының бірінде емшек безі қатерлі ісігінің болуы) әсер етеді.
Негізінен, сүт безінің зақымданған жағында қолтық астында бір немесе бірнеше жұмыр лимфа түйінділер пайда болады. Ал диффузды қатерлі ісіктің белгілері көбінесе жас әйелдерде кездеседі. Оны кеуденің сыртқы сипатына қарай ажыратуға болады. Басты белгілері: әйелдің омырауы ісіп, қабынып, қатаяды. Ісік қатерлі болған жағдайда омырау үлкейіп, оның ұшы мен ареон қыртысы жуандайды. Сондай-ақ кеуде аумағында сыздау сезіліп, қолайсыздық туындайды. Мұндай жағдайды сезген сәттен-ақ, ауруды дер кезінде емдеуге әрекет жасаса, науқасты аман алып қалуға зор мүмкіндік бар.
Сүт безінің қатерлі ісігі төрт сатыдан тұрады: 1-ші және 2-ші сатыларда сүт безі ісігі емделуі мүмкін. Оның белгілері: омыраудың әр тұсында түйін немесе томпайған жердің пайда болуы мен кеуде ұшынан сұйықтықтың бөлінуінен басталады. Оған қоса, ұдайы ауырсыну, қанның құрамында кальцийдің жетіспеуінен болатын шөлдеу, жиі зәр қысу, лоқсу, іш қату, мінез-құлықтың өзгеруі және қолтық астында, қол бойында ісіктің пайда болуы да жатады.
Қатерлі ісікпен ауырған науқастар қатты шаршап, әлсірейді. Әлсіздік, жүдеу бірнеше күн, апта, тіпті айлап созылуы мүмкін. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерілуі қиындайды. Күнделікті төсек жинау, жуыну, ас дайындау секілді қимылдардың өзі өте ауыр тиіп, қатты қалжырайды. Сондықтан да, осындай жайттарды басынан өткерген әйелдер міндетті түрде мамандарға қаралуы тиіс.
Метастаз
Метастаз (грек. metastasіs - орын ауыстыру, ауысу) - ауыру тудыратын ісік клеткаларының, т.б. бастапқы (бірінші реттік) зақымданған ошақтан қан не лимфа ағынымен бірге орын ауыстырып таралуы нәтижесінде пайда болатын екінші реттік патологиялық ошақ; қатерлі ісік көзінің (түйінінің) екінші бір жерден өніп-өсуі; қатерсіз ісіктердің, яғни дерттің асқынып, одан әрі қарай дамуы. Қатерлі ісіктің бәрі бірдей Метастаз бермейді. Метастаздың тарамдалып жайылу жылдамдығы да әр түрлі болады. Ісік аймағына тек ісік түскен орган ғана емес, сонымен бірге органнан тыс жатқан лимфа бездері мен лимфа тамырлары да жатады. Дерт ісік аймағында ғана емес, біртіндеп бүкіл организмге жайылуы мүмкін. Мысалы, сүт безіне түскен ісік қолтық бойымен қолтық аймағынан алшақ жатқан тері қабаттарына тарап, қосымша бірнеше ісік көздерінің пайда болуына әсер етеді. Мұны терідегі Метастаздар немесе лимфоангаит деп атайды. Ісік клеткасының Метастаз беруінің өзіне тән ерекшелігі - организм Метастаздың тез қарқынмен өсуін бақылай алмауының нәтижесінде Метастаздың бастапқы (бірінші) ісік ошағымен қосылып кетуі
Метастаз түрлері
Таралу жолдарына қарай лимфогендік, гематогендік, имплантациялық, аралас Метастаз (сирек) түрлеріне ажыратылады.
Лимфогендік Метастаз - қатерлі ісік клеткаларының ісіктің өсуіне қарай лимфа тамырларына еніп, лимфа ағынымен лимфа түйіндеріне таралуы;
ГематогендікМетастаз - ісіктің тікелей капилляр қан тамырларында өсуі;
Имплантациялық Метастаз - кейбір ісіктерді операциямен алып тастау кезінде, ісік клеткаларының басқа органдарға ауысуы.
Организмдегі лимфогендік Метастаздың анатомиялық заңдылықтары мен оның таралу жолдарын анықтау үшін, көптеген зерттеулер жүргізілгенмен, оның пайда болуының биол. заңдылығы осы күнге дейін нақты табылған жоқ. Дегенмен гематогендік (қан арқылы тарайтын) Метастаздың (өкпе, бауыр, сүйек, кейбір ішкі органдарда) пайда болу жолдарының механизмін зерттеудің нәтижесінде оның мынадай негізгі сатылары бар екені анықталды:
алғашқы ісік түйіннен ісік клеткаларының ажырап, қан тамырларының қабырғасын бойлай отырып, қанға өтуі;
ісік клеткаларының қандағы циркуляциясы;
ісік клеткаларының қан тамыр қабырғаларына жабысып, қан тамыр ішінде жаңа ісік клеткаларының өсуі;
қан тамырлар ішіндегі ісік массасының қан тамырларды жарып шығып, ішкі органдарға жайылуы.
Организмде Метастаздың болуы ісіктің жергілікті өсу фазасынан генерализация (ісіктің өсіп жайылуы) фазасына өтуіне бірден-бір дәлел бола алады. М-дың бір ғана түйіннен дамитын жекеше (солитарлы) Метастаз түрі және тарамдалып жайылып кеткен көпше түрі болады. Біріншісін хирургиялық операциямен алып тастайды. Ал екінші түріне кешенді ем (сәулемен емдеу және химиялық терапия) қолданылады. Метастаздың емнен кейін алғашқы 3 жылы қауіпті деп есептелінеді, себебі осы уақыт аралығында Метастаз қайта өршуі мүмкін.
Жаппай тексерудің тиімді өтуі кез келген учаскелік дәрігерлер мен аудандағы онкологтардың жауапкершілігіне байланысты. Әрбір дәрігер өзінің қарауындағы азаматтардың денсаулығына үлкен мән беріп, қадағалап, уақытында тексеруден өтіп тұруына кеңес беріп отырса, тексеру де сәтті болмақ. Дегенмен біздің кейбір дәрігерлер бұл мәселеге салғырт қарайды. Сондай-ақ, тұрғындар да уақытында тексерілуден қашпауы тиіс. Науқастардың көпшілігі алғашқы уақытта өзінің қатерлі ісікпен ауырғанын білмейді. Тіпті, дәрігерлер де аурудың алғашқы сатысын анықтай алмауы мүмкін. Сондықтан арнайы аппарат арқылы тексеру кезінде ғана қатерлі ісіктің алғашқы кезеңін білуге болады.
Әйелдер арасында қатерлі ісік ауруларының кең таралып, өмірлеріне қауіп төндіруіне - олардың өз денсаулығына немқұрайды қарауы мен медициналық көмек деңгейінің төмендігі себеп. Өйткені ұлт денсаулығына тек дәрігерлер ғана емес, аналар да жауапты. Сондықтан қазіргі кезде осы аурулардың алдын алу шаралары өте маңызды болып тұр. Алматының онкологтары осындай пікірін Отан - Ана жобасын таныстыру кезінде білдірді.
Дәрігерлер жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, оған қатысқан базарда жұмыс істейтін 17 мен 70 жас аралығындағы 500 әйелдің 50 пайызы соңғы бес жылда гинеколог пен маммологтың есігін ашпағаны белгілі болған. Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылы Ересектер арасында сауықтырулық тексерулерді жетілдіру бұйрығына сәйкес, әр адам тұрғылықты мекенжайындағы емханадан гинеколог пен маммологқа тегін қаралып, қатерлі ісікке ақысыз талдау жасата алады. Бірақ Алматыда сырттан келген және тіркеуі жоқ тұрғындар көп болғандықтан, олар қаладағы қатерлі ісікпен ауыратындардың қатарын көбейтіп отыр. Тіркеуде жоқ болғаннан кейін қаланың кез келген емханасына барып тегін тексеруден өте алмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Максимум бастамашыл тобы Алматы қаласының әкімдігі, Денсаулық сақтау департаменті мен Бәріміз қатерлі ісікке қарсы қоғамдық қорының қолдауымен Отан - Ана жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаның бірінші кезеңінде қатерлі ісік ауруларынан алдын ала тексерілуі мен өз денсаулығын күтудің жаңа мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат таратылса, екінші кезеңінде қала базарлары мен сауда орталықтарында жылжымалы медициналық пункттер ашылып, жатыр мойны мен сүт безінің қатерлі ісігін уақтылы анықтау үшін ақысыз скринингтік тексерулер жүргізіледі. Бұл жобаға мәселені тек медициналық емес, қоғамдық деңгейге көтеріп, үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Қатерлі ісік ауруларын бастапқы, ешқандай белгілері білінбей тұрған кезде емдеу жеңіл, - дейді бастамашыл топтың өкілдері. Қайырымдылық акциясы аясында Бәріміз қатерлі ісікке қарсы қоғамдық қоры қан арқылы уақтылы диагноз қоюға мүмкіндік беретін онкомаркерлер зертханасын жабдықтап берген. Мұндай құрылғылар басқа қалаларда жоқ. Қазіргі кезде жатыр мойны мен сүт безі обыры әйелдер аурулары арасында алғашқы орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде жыл сайын 5 жүз мың жатыр мойны ісігі мен 1 миллионға жуық сүт безі обырына шалдығу анықталады екен. Ал еліміз бойынша жылына 4000-нан аса әйел заты осы ауруға шалдығады. Соның ішінде ауруды асқындырып алу мен дәрігерге кеш қаралуының себебінен қатерлі ісік анықталған әрбір үшінші әйел бір жыл айналасында көз жұмады дейді дәрігерлер. Соңғы үш жыл бойы мемлекеттік бағдарлама аясында профилактикалық жұмыстарды жүргізіледі. Әйелдер өзін жүре алмай қалған уақытта ғана аурумын деп санайды. Аурудың еш белгілері білінбей тұрғанда оны емханаға келтіру мүмкін емес. Осы кезде үлкен кедергілерге кездесеміз. Тексерулердің тегін болғанына, барлық жерлерде ақпараттың таралғанына қарамастан, әйелдер бұл аурулардың ерте кезеңде анықтаудың маңызын түсінбей келеді. Алматы қаласы бойынша жатыр мойны обырының асқынған түрі азайып келе жатқанымен, оның деңгейі өте жоғары болып отыр. Ісік анықталған 100 әйелдің 14-інде оның өте асқынған түрі кездеседі. Олардың өмірі де ұзақ болмайтыны анық. Ал сүт безі ісігімен ауырған әрбір 3-4 төртінші әйел асқындырып алған, - дейді.
Бұл ауруды жеңуде дәрігерлер мен пациенттердің өзара жауапкершілікті бөлісуі маңызды. Денсаулық сақтау ұйымдарының барлық іс-әрекеті мен мемлекеттің орасан зор қаржы құюының арқасында көрсеткіш аздап төмендегенімен, жатыр мойны ісігі мен сүт безі ісігіне шалдыққандардың қатары сиремей отыр. 14,3 пайыздан 12,8 пайызға азайғанымен, бұл сандардың артында адам өмірі тұр. Дәрігерге бір жерің ауырғанда емес, белгілі бір жасқа келгенде қаралу қажет.
Диспансердегі хирургиялық бөлімшелердің дәрігерлері ішек-қарын жолы, несеп шығару жүйесі, сүт безі, әйелдер жыныс мүшелері, кеуде қуысының ісігі бар емделушілерге мамандандырылған көмек көрсетеді. Бөлімшелер қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі заман талабына сай стандарттарға және онкологияның хирургиялық емдеу әдіс-тәсілдеріне сәйкес жаңа хирургиялық технологияларды әзірлеп, қолданысқа енгізу болып табылады.
Ішек-қарын жолының ісігі онкологиялық сырқаттану құрылымының маңызды бөлігін құрайды. Олардың ішінде асқазанның қатерлі ісігі жиі кездеседі. Ер азаматтар әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауруға шалдығады. Медициналық көмекке жүгінген емделушілердің жартысынан көбін медициналық көмекті уақытында қабылдамау себебімен сырқаттарын асқындырып жіберген науқастар саны құрайды. Ащы дәмдеуіштер, ыстық тағамдар, алкогольді сусындар, дұрыс тамақтанбау және тамақты аяғына дейін шайнамау асқазан сілекейлі қабықшасының өзгерісіне әкеледі. Асқазанның қатерлі ісігі пайда болуына әсер ететін себептердің тағы бірі - шылым шегу. Шылым шегетіндерде асқазанның қатерлі ісігіне шалдығу пайызы 2 есе көп. Ал қан аздықтың күрделі формасы бар науқастар бұл дертке 20 есе жиі шалдығады. Ісіктің дамуына асқазандағы Helicobacter pilori бактериялары себеп болатыны дәлелденді. Бұл бактериялар тағамдағы нитриттерді канцерогенді нитрозаминге айналдырады. Ерте кезеңдерде сырқат ешбір белгісіз өтеді немесе гастрит, асқазан жарасы белгілерімен жасырын түрде өтеді. Асқазан ішіндегі жайсыздық, жүрек айну, құсу, аз мөлшерде тамақтанғаннан кейін асқазанның толуы сезімі, кекіру, жұту кезіндегі ауырсыну сезімі, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының азаю белгілері пайда болған кезде терапевт дәрігерге қаралған жөн. Аурудың алдын алу үшін құрғақ және мөлшерден тыс тамақтанудан бас тарту, көгеріп, бұзыла бастаған азық-түліктерден сақтану керек. Себебі ондағы зең афлотоксин концерогенді қосылысын бөлетін саңырауқұлақтардың бірі болуы мүмкін. Асқазанның саулығы үшін асықпай, жиі тамақтанып, тұзды және ысталған тағамдарды азайтып, ірі жасушаларға және В тобының дәруменіне бай көкөністерді, жемістерді, азық-түліктерді, сүт тағамдарын және табиғи шырындарды пайдаланған жөн.
Сырқат ыстық астан пайда болады
Колоректальді қатерлі ісік термині арқылы біріктіріліп түсіндірілетін тік және шеңберлік ішектің қатерлі ісігі ас қорыту жүйесінің ісіктері арасында 2-ші орын алып отыр.
Жыл сайын колоректальді ісіктер бойынша 150-ден астам жаңа жағдайлар тіркеледі. Тік ішектің қатерлі ісігі бар емделушілердің көбі - 50 жастан асқан адамдар. Колоректальді қатерлі ісіктің пайда болуына тамақтану рационында еттің жоғары мөлшерде, ал шел жасушаларының аз мөлшерде пайдаланылуы әсер етеді. Жануар майы канцероген бөлетін ішек бактерияларының өсуін тездетеді. Демек, тоқ ішектің қабынуы, Крон ауруы, дара және алуан түрлі түймешіктер, иммундық тапшылық жағдайлары ішек қатерлі ісігінің даму тәуекелін арттырады. Диагностика тікелей зерттеуді көздейді. Тік ішек арқылы тексеру жүргізу ішек қатерлі ісігінің 65-80%-ын анықтауға, ал барий қолдана отырып тоқ ішектің қарама-қарсы зерттеуі (ирригоскопия) ісіктің жайылуын, ұзақтылығын анықтауға мүмкіндік береді. Биопсия жасалатын зерттеудің эндоскопиялық әдісін (ректороманоскопия, колоноскопия) ісіктің сипатын дәлелдеу үшін міндетті түрде жүргізу қажет. Уақытылы диагностика жүргізу үшін барлық 40 жастан асқан адамдарға әрбір 3-5 жылда ректороманоскопия жасаған жөн.
Өңештің қатерлі ісігі ерте анықталады және оның уақытылы диагностикасы жасалады. Бірақ радикалды емдеуге науқастардың аздаған пайызы ғана ілігеді. Қазақстан өңеш қатерлі ісігі дамуының жоғары жиілікке ие аймағында тұр. Өңеш қатерлі ісігінің пайда болуына өте ыстық тағам мен сусындар, ұсақ сүйекті балық, сондай-ақ ағзада А, С және рибофлавин дәрумендерінің тапшылығын тудыратын көкөніс пен жемістерді жеткіліксіз мөлшерде пайдалана отырып біркелкі тамақтану ықпал етеді. Сан рет қайталанатын зиянды факторлардың ықпалы канцерогенді заттардың улы әсерін жүзеге асыру үшін жағдай жасайтын созылмалы эзофагитті туғызады және оның дамуын қолдайды. Оның белгілері: өңеш бойымен тамақтың қиын өтуі, кеудедегі ауырсыну, кеудедегі толықтылық сезімі, тамақты құсып тастау. Алғашқы кезде қою тамақтың өңеш бойымен жүріп өтуінде баяулық пайда болады. Ішкі ағзаның барлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz