Бурабай көлінің экологиялық жағдайын микробалдырлар көмегімен бағалау



Аннотация 3
Abstract 4
1. Кіріспе 5
2. Негізгі бөлім 7
2.1 Ғылыми әдебиеттерге шолу 7
2.1.1 Биологиялық индикация, оның қоршаған ортаны бағалаудағы маңызы 7
2.1.2 Индикатор.сапробты микробалдырларды су экожүйелерін бағалауға пайдалану
9
2.2 Зерттеудің нысаналары және әдістері 11
2.2.1 Зерттеу нысаналары 11
2.2.2 Су сынамаларын алу және микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
11
2.2.3 Микробалдырлардың клеткалар санын есептеу 12
2.2.4 Сапробтылық индексін анықтау 13
2.2.5 Микробалдырлардың таза дақылдарын бөлiп алу және өсiру 13
2.2.6 Бурабай көлінің суына гидрохимиялық талдау жасау 14
2.3 Зерттеу нәтижелері мен талқылаулар 17
2.3.1 Бурабай көлінің альго.бактериалды ценозы және олардың түрлік құрамы 17

2.3.2 Индикатор.сапробты микробалдырлар көмегімен Бурабай көлінің суына баға беру
21
2.3.3 Chlorella sp.3K штамы көмегімен Көкшетау өңірі көлінің су экожүйесін биотестілеу 22
2.3.4 Бурабай көлінен алынған су үлгілеріне Chlorella sp.3K штамын өсіру арқылы биотестілеу 25
3 Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер 27
Ғылыми жоспардың жоспары 29
Пікір 30
Бурабай көлі Шортан қаласының солтүстігінде, Шортан-Бурабай курорттық зонасы территориясындағы 2000 жылы қайта ұйымдастырылған, таңғажайып табиғат кешені «Бурабай» МҰТС аумағында орналасқан. «Бурабай» МҰТС-ның жалпы ауданы 83510 гектар, оның 47,6 мың гектары орманды болып келеді. Саябақ аумағы орманды және далалы зонаға жатады. Климаты шұғыл континентальды - жазы ыстық, қысы қатал, қарлы болып келеді. Қазақстанның рекреациондық меруерті деп аталатын «Бурабай» МҰТС аумағында Бурабай көлінен басқа Шортанды, Қатаркөл, Үлкен Шабақты сияқты тұщы көлдер орналасқан.
1 Мұқаұлы С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы: Ғылым, 2004. – 251 б.
2 Қазбеков А.А. Бурабай көлдерінің экологиялық жағдайы // Экологиялық жаршы. – 2005. – № 2. – Б. 6.
3 Жандеев М.Ж. Курорт Боровое. – Алматы: Наука, 2003. – 122 с.
4 Казбеков А.К. Бурабай. – Кокшетау: Кокше-Полиграфия, 2007. – 287 с.
5 Арыстанов Е.А. Бурабай көлінің балық паразитофаунасына жерсіндірудің әсері. // Материалы научно-практической конференции: Валихановская чтения-5. – Кокшетау, 2000. – Б. 90-91.
6 Егоров А.В. Природа и человек Кокшетауской области. – Кокшетау, 1994. – 87 с.
7 Крайнюкова А.Н. Биотестирование в охране вод от загрязнения // Методы биотестирования вод. – Черноголовка, 1988. – С. 4-14.
8 Догадина Д.В., Чухлебова Н.А. Водоросли биологической пленки биофильтров и их роль в процессах самоочищения // Гидробиологический журнал. – 1971. – №6. – С.54 - 59.
9 Watanabe T., Asai K., Houki A., Tanaka Sh., Hizuka T. Saprophilous and Eurysaprobic Diatom Taxa to Organic Water Pollution and Diatom Assemblage Index (DAIpo) // Diatom. – 1986. – P. 23-73.
10 Ашихмина Т.Я., Экологический мониторинг. – М., 2005. – 415 с.
11 Макрушин А.В. Биологический анализ качества вод. – Л., 1974. – 202 с.
12 Бейсенова А.С., Шилдебаев Ж.Б., Саутбаева Н.З. Экология. – Алматы: Ғылым, 2001. – 283 б.
13 Gaur A.G. Algal culture іn organіc wasters // Proc. Nat. Acad. Scі. – Іndіa, 1965. – Vol.35, №3. – P. 370-372.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


Жамбыл облысы, Тараз қаласының Айша бибі атындағы дарынды қыздарға арналған қазақ-түрік мектеп интернаты

Ғылыми жобаның тақырыбы:
Бурабай көлінің экологиялық жағдайын микробалдырлар көмегімен бағалау

Ғылыми бағыты:

Секция: Экология

Жетекшісі:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Заядан Б.Қ.

Тараз 2013 ж
Мазмұны

Аннотация
3

Abstract
4
1.
Кіріспе
5
2.
Негізгі бөлім
7
2.1
Ғылыми әдебиеттерге шолу
7
2.1.1
Биологиялық индикация, оның қоршаған ортаны бағалаудағы маңызы
7
2.1.2
Индикатор-сапробты микробалдырларды су экожүйелерін бағалауға пайдалану

9
2.2
Зерттеудің нысаналары және әдістері
11
2.2.1
Зерттеу нысаналары
11
2.2.2
Су сынамаларын алу және микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау

11
2.2.3
Микробалдырлардың клеткалар санын есептеу
12
2.2.4
Сапробтылық индексін анықтау
13
2.2.5
Микробалдырлардың таза дақылдарын бөлiп алу және өсiру
13
2.2.6
Бурабай көлінің суына гидрохимиялық талдау жасау
14
2.3
Зерттеу нәтижелері мен талқылаулар
17
2.3.1
Бурабай көлінің альго-бактериалды ценозы және олардың түрлік құрамы
17

2.3.2
Индикатор-сапробты микробалдырлар көмегімен Бурабай көлінің суына баға беру

21
2.3.3
Chlorella sp-3K штамы көмегімен Көкшетау өңірі көлінің су экожүйесін биотестілеу
22
2.3.4
Бурабай көлінен алынған су үлгілеріне Chlorella sp-3K штамын өсіру арқылы биотестілеу
25
3
Қорытынды
26

Пайдаланылған әдебиеттер
27

Ғылыми жоспардың жоспары
29

Пікір
30

Аннотация

Зерттеудің мақсаты:
Бурабай көлінің альгофлорасының түрлік құрамы мен индикатор-сапробты түрлеріне зерттеу жүргізе отырып көл суына экологиялық баға беру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бурабай көлінің экологиялық жағдайын альгофлораның түрлік құрамымен бағалау
2. Индикатор - сапробты микробалдырлар көмегімен Бурабай көлінің экологиялық жағдайын бағалау;
Өзектілігі, зерттеудің ғылыми және практикалық мағыздылығы:
Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық жағдайы зерттеулер көрсеткендей күн өткен сайын нашарлай түсуде. Тұрғындардың түрлі шаруашылық кәсібін жүргізуіне байланысты пайдаланылатын судың орны қайтадан қалпына келу деңгейі төмендегендіктен, ағынды, жерасты суларының көптеген қайнар көздері жер бетіне, жер астына жіберілетін төгінді қалдықтармен ластанып, судың тазалық, мөлдірлік сапасы төмендеп, тіпті кейбір ірі су айдындары мүлде құрып, өзен арналары бітеліп, көл табандары батпақтар мен тұзды шұңқырларға айналды [1].
Тарихи танымалдығы, табиғи тартымдылығы, географиялық орналасуы тұрғысынан алып қарағанда ерекше орны бар, нарықтық қатынас - тардың белді буыны - туристік бизнес индустриясын дамытуға да қолайлы, әрі Астана қаласын өз аумағына қамти орналасқан Ақмола облы - сының Қазақстан Республикасының тұрақты қарыштап дамуында өзіндік үлесі бар. Әсіресе, облыс аумағында орналасқан табиғаты тамаша, демалыс-сауықтыру мақсатын жүзеге асыруға қолайлы демалыс аймақтарының маңызы ерекше.
Бүгінгі күні адамдардың қоршаған ортаға немқұрайлы қарауы, антропогендік әсерлердің күрт артуы салдарынан курорттық аумақтар мен елді мекендер маңындағы көлдердің экологиялық жағдайының күрт нашарлауы белең алуда. Сондықтан табиғаты көркем, ерекше табиғат туындыларымен ерекшеленетін табиғи рекреациялық аумақтардағы көл суларын индикатор-сапробты микроорганизмдер көмегімен биоиндикациялау және тест организмдер көмегімен биотестілеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Күтілетін нәтижелер:
1. Бурабай көлінің альго-бактериалды ценозы және олардың түрлік құрамын анықтау;
2. Индикатор-сапробты микробалдырлар көмегімен Бурабай көлінің суына баға беру.

Abstract

The problems of investigation
Expected Results

Кіріспе
Бурабай көлі Шортан қаласының солтүстігінде, Шортан-Бурабай курорттық зонасы территориясындағы 2000 жылы қайта ұйымдастырылған, таңғажайып табиғат кешені Бурабай МҰТС аумағында орналасқан. Бурабай МҰТС-ның жалпы ауданы 83510 гектар, оның 47,6 мың гектары орманды болып келеді. Саябақ аумағы орманды және далалы зонаға жатады. Климаты шұғыл континентальды - жазы ыстық, қысы қатал, қарлы болып келеді. Қазақстанның рекреациондық меруерті деп аталатын Бурабай МҰТС аумағында Бурабай көлінен басқа Шортанды, Қатаркөл, Үлкен Шабақты сияқты тұщы көлдер орналасқан.
Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары заңына сәйкес ұлттық саябақта ғылыми, мәдени, туристік, рекреациондық және шектеулі-шаруашылықтық жұмыстар атқарылады.
2003 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығымен күшіне енген еліміздің 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясында тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғау бойынша жасалатын жұмыстар жоспарында да Бурабай курорттық зонасына ерекше назар аудару керектігі айтылған.
Бурабай көлі Көкшетау таулы қыратындағы үлкен көлдердің бірі. Су жинау бассейні - 164 км2, жалпы көлемі 11 км2. Бурабай көлі орташа аумақтықтағы көлдердің қатарына жатады. Көл табанының тереңдігі де әр түрлі: солтүстік бөлігі біршама терең болса, оңтүстік-батысы мен батыс бөлігі тайыздау және осы аумақтың тайыз суында қамыс пен басқа да өсімдіктер аралас өседі. Бурабай көлінің солтүстік бөлігі жақпар тасты, шығыс бөлігі құмдауыт, түбі құм қайрақты, әрі тегіс, тап-таза жағажайлар қылқан жапырақты орманмен астасып жатыр [2].
Көлдің су жинау бассейні орманды - таулы болып келеді. Көл көршілес көлдерден (Үлкен Шабақты, Шортан т.б.) салыстырмалы биіктігі 400-800 м болып келетін аласа қыраттармен (Көкшетау тауы 887 м) бөлінген. Су айдынының 90 пайызы қорықшаға айналдырылған орманмен (қайың, қарағайлы) көмкерілген. Қалған бөлігі арал сипатты алаңқайларға, бау-бақшаға ұласады.
Су айдынының беті негізінен ашық, тек батыс және оңтүстік жағалауында қоға, қамыс араласқан алаңдар кездеседі. Олар жалпы алаңның 5 пайызын құрайды. Көл түбі біркелкі. Көл табанының (әсіресе оңтүстік, шығыс жағалауы) 25 пайызы балдырмен, лай-балшықпен толтырылған. Көл жағалауы құмды және тасты, ортасы тұнбалы (лайлы). Тұнбаның қалыңдығы көлдің солтүстік бөлігінде 0,5-1 м, оңтүстігінде - 1,6 м. Солтүстік батысында кішкентай жартас арал, Жұмбақтас бар. Жұмбақтастың биіктігі 20 м. Көлдің оңтүстік-батыс, солтүстік жағалауларында ені 2,5 м, көлбеу биіктігі 1,5 м болатын құмдақ орналасқан, одан әрі қарағайлы орман жалғасады [3].
Бурабай көлі - ағынды, тұщы суайдыны. Көлдің басты нәр алатын өзегі - 12 км қашықтықтағы Қатаркөлден ағып шығатын Сарыбұлақ өзеншесі болатын. Қазір екі көлдің арасын жалғастырған өзенше тартылып, бұлаққа айналған. Оңтүстік шығысынан келіп құятын жерасты сулары мен қар-жаңбырдан нәр алатын бұлақтар - Бурабай көлінің қазіргі деңгейін ұстаудың басты көзі.
Сарыбұлақтан басқа көлге келіп батысынан Иманай және аты жоқ екі бұлақ құяды. Ең ірісі - Иманай бұлағы. Бұлақтың көзі Көкшетау жотасының едәуір биік қыратындағы сазды алқаптан басталады. Оңтүстік жағалаудағы Қызылтас жартасының тұсынан суының құрамы темірге бай екінші бұлақ келіп құяды. Үшінші бұлақ Кенесары үңгірі мен Күйген мүйістері арасындағы Тынық шығанағына құяды. Үш бұлақ пен Сарыбұлақ өзеншесі құнарлы топырақты жағалауға ие. Көлдің шығыс бөлігінен ұзындығы 1,5 км-ді құрайтын Күркіреуік өзені ағып шығады. Ол Бурабайдың артық суларын Үлкен Шабақты көліне құяды. Осы су көздерінің Бурабай көліне құяр сағаларында қоғалы батпаққа айналып кеткен жерлері бар [4].
Батыс және солтүстік бөлігіндегі жағалауға төселген тасжолмен жүргенде Жекебатыр, Бурабай, Көкшетау тауларын Ақылбай асуын, Абылай хан алаңын, Абылай ханың тақ тасын, Абылай ханға арнап қойылған зәулім белгіні, Оқжетпес шипажайын, Жұмбақтас аралын, Теміртау тауын, Бөлектау тауын, Бурабай кентін, Табиғат мұражайын, ҚР Қарулы күштері шипажайын, Бурабай курортын көруге болады. Шығыс жағалауында автотұрақтармен қамтамасыз етілген ғажайып жағажайлармен қатар, Айнакөл мейрамханасы орналасқан.
Бурабай көлінің жағалауы жан-жақтан келіп демалушыларды өзінің жылдың мезгілдеріне сәйкес, жылдам өзгермелі алуан түрлілігімен ерекшеленетін көркімен қызықтырады. Көл айналасындағы сансыз орман соқпақтары жақын және алыс қашықтықтардағы саяхаттар мен серуендерге апаратын бағыттарға жетелейді [5].
1956-1958 жылдардан бері осы Бурабай көлінің табанындағы лай-балшықты, көл жағалауындағы қоғалы бөліктерді тазарту мәселелері қойылып келеді. Алайда кеңес өкіметі тұсында да, тәуелсіздік алған кезеңде де аталған мәселе өз шешімін таппай келеді. Бурабай көлінен шаруашылық мақсаттағы су аз алынады. Дегенмен, 1956 жылмен салыстырғанда көл суының көлемі 3-3,5 миллион текше метрге азайғанын байқаймыз. Бұл көлге су жиналатын аумақтың, өзендер мен бұлақтардың тартылуының салдары деп білеміз.
Бурабай көлінің экологиялық-санитарлық жағдайы жыл сайын нашарлай түсуде. Осыдан 20-30 жыл бұрын көл суы ішуге жарамды, көл аумағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай болатын. Бурабай көлінің түбіндегі қайнарлардың көзін жапқан майда балшық, шөгінді топырақ, көк жасыл балдырлардың мөлшері жыл сайын барынша көбейіп келе жатқандығы зерттеулер барысында анықталып отыр [6].
2. Негізгі бөлім
2.1 Ғылыми әдебиеттерге шолу

2.1.1 Биологиялық индикация, оның қоршаған ортаны бағалаудағы маңызы
Табиғи сулардың сапасын бағалауға арналған биологиялық әдістерді екі негізгі топқа бөледі:
1. Биотестілеу
2. Биоиндикация тәсілдері [7].
Судың сапасы деген ұғым судың гидрохимиялық және гидробиологиялық сипаттамаларының жиынтығы болып саналады. Қазіргі кезде химиялық көрсеткіштерге негізделген судың құрамын анықтау дәстүрлі түрде қолданылып жүр. Бұл анықтау су экожүйесіндегі өзгерістерді бақылауға, оның бұзылу деңгейін анықтауға, бұзылу механизмі мен экожүйедегі болатын өзгерістерге бақылау жасауға толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұндай мәселені биоиндикация тәсілдерін қолдану арқылы шешуге болады.
Тірі организмдерді белгілі бір табиғи жағдайлар көрсеткіші ретінде пайдалану мүмкіншіліктері туралы Ежелгі Рим және Греция ғалымдары жазып кеткен. Ресей мұрағаттарының ХV-ХVІ ғасырлардағы табиғатқа байланысты қолжазбаларында шабындық орман және шабындықсыз орман, яғни шабындыққа жарайтын және жарамайтын орман бөліктері деген түсініктер кездеседі [8].
ХІХ ғасырда өсімдіктер экологиясының дамуының нәтижесінде өсімдіктердің қоршаған орта факторларымен байланысы ашылды. Өсімдік биоиндикациясының мүмкіншіліктері туралы ежелгі геолог А.М. Карпинский жазса, өсімдіктер қауымдастығының таралу сипатын геолог П.А. Ососков геологиялық карта жасау үшін, топырақтанушы С.К.Чаянов - топырақ картасын құрастыру үшін пайдаланды.
Биоиндикацияның дамуына орыс ғалымы, топырақтанушы В.В.Докучаев зор үлес қосты [9].
ХХ ғасырдың басында биоиндикациялық зерттеулер қарқынды дами бастады. Бұл жылдары негізінде биоиндикация ұғымында бір немесе басқа құбылыстың сол ортада (ортаның табиғи және антропогендік факторының) бар не жоқ екенін тіркеу туралы түсінік болды.
ХХ ғасырдың аяғында биоиндикациялық заңдылықтар сапалық тұрғыда ілгерілей түсті.
Биоиндикациялық зерттеулер түрлік және биоценотикалық деген екі деңгейге бөлінеді [10].
Түрлік деңгейге организмнің болу мүмкіншілігі, оның кездесу жиілігінің есебі, анатомиялық-морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін зерттеу кіреді.
Биоценотикалық мониторинг кезінде түрлер әр түрлілігінің көрсеткіштері, сол қауымдастықтың өнімділігі есепке алынады.
Биоиндикацияның бірнеше түрлері бар. Егер бірдей реакция әр түрлі факторлардан болса, онда ол арнайы емес биоиндикация деп аталады.
Егер сондай және басқа да болып жатқан өзгерістер, бір ғана фактормен байланысты болса, ол арнайы биоиндикация делінеді.
Биоиндикациялық әдістер екі түрге бөлінеді: тіркеуші биоиндикация және аккумуляция бойынша биоиндикация [11].
Тіркеуші биоиндикация түр немесе популяция дараларының жағдайы бойынша қоршаған орта факторларының әсері туралы айтуға мүмкіндік береді, ал аккумуляция бойынша биоиндикацияда бірдей немесе басқа химиялық заттарды бойына жинақтайтын өсімдіктер мен жануарлардың қасиеттері пайдаланылады. Осы әдістерге сай индикациялар тіркеуші және жинақтаушы болып ажыратылады. Тіркеуші биоиндикаторлардың қоршаған ортаның жай-күйінің өзгерісі кезінде сан мөлшері, өсу жылдамдығы т.б. өзгереді және ұлпалары зақымдалады. Бірақ тіркеуші биоиндикаторлар көмегімен өзгеріс себебін анықтау әр кез мүмкін бола бермейді. Бұл биоиндикацияның негізгі кемшіліктерінің бірі [12].
Жинақтаушы индикаторлар өздерінің ұлпаларына, нақты бір мүшелеріне және дене бөліктеріне ластаушы заттарды жинақтайды. Бұл заттарды соңынан химиялық анализ көмегімен қоршаған ортаның ластану дәрежесін анықтау үшін пайдаланады. Қоршаған ортаның зиянды қоспалармен ластануына бақылау жүргізуге және оны анықтауға арналған қандай да болмасын жаңа аппаратураны тірі құралмен салыстыруға болмайды. Бірақ, олардың барлық заттар жиынтығына әсер етеді де, ондағы заттардың концентрациясын анықтай алмайтын кемшіліктері бар [13].
Биотестілеу әдістемесінде негізгі көрсеткіш ретінде тірі организмдердің белгілі бір түрінің судың ластануына физиологиялық немесе мінез-құлықтық реакциялары қолданылады. Ол үшін зерттеушілер зерттеліп жатқан суқойманың суын алып, жасанды түрде өсіріп отырған арнайы тест-организмді пайдаланып, зертханалық эксперимент жасайды. Ондай эксперименттің көмегімен өзінің арнайы биотасы болмайтын құбыр суының да ластану деңгейін анықтауға болады
Биотестілеудің көптеген тәсілдерінің сезгіштігі газдық хроматографияның тәсілдерінің сезгіштігімен салыстырғанда өте жоғары болады [14].
Биоиндикация тәсілдері өзінің арнайы биоталары бар суқоймаларға ғана қолданылады. Олар ластануға бүкіл су организмдерінің қауымдастығының немесе жеке систематикалық топтардың реакциясын есепке алады. Сонымен қатар зерттеушілер суқоймаларда индикаторлық организмдердің болуына, олардың сан мөлшері мен оларда байқалатын патологиялық өзгерістерге назар аударады[15].
Бұған қарамастан, суқоймалардың табиғи жағдайы мен олардың ластану түрлері алуан түрлі болады. Су организм қауымдастығының су сапасының төмендеуіне әсер реакцияларының бірнешеуін атап көрсетуге болады. Олар:
1. Түрлік құрамның азаюы (екіден он шақты есеге дейін).
2. Су организмдерінің молшылығының өзгеруі.
Молшылық көрсеткіш қауымдастықтың қалыпты күйімен салыстырғанда төмендеуі де (ластанудың өте жоғары деңгейінде немесе улы ластаушылардың болған кезінде), өсуі де мүмкін. Бұл өсім суқойманың органикалық заттармен ластануы кезінде осы ластануға төзімді түрлердің болуымен түсіндіріледі. Осы жағдайларда олар өте тез қарқынмен көбейеді [16].
Бұл заңдылықтар биоиндикацияның көптеген әдістемесінде қолданылады. Оларға түрлік құрамның әркелкілігінің индекстері мен суда тіршілік ететін организм топтарының молшылық қатынастарын есептейтін тәсілдер жатады. Бұдан басқа белгілі бір организм топтарының суқойманың қандай да бір деңгейде болмасын, тіршілік ету қабілеті есептеледі[17].

2.1.2 Индикатор-сапробты микробалдырларды су экожүйелерін бағалауға пайдалану
Биоиндикатор грек тілінен аударғанда bios-тірі, indico-көрсеткіш, анықтағыш деген мағынаны білдіреді. Биоиндикатор дегеніміз - организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Ол қоршаған ортадағы физикалық және химиялық өзгерістерді сипаттап, оларға биологиялық тұрғыдан жан-жақты анықтама береді.
Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикаторларды қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген 18.
Биоиндикаторларды тану кезінде Америка ғалымы Ю.Одум төмендегі мәселелерді ескеру керектігін ұсынды:
1. Стенотоптық түрлер, (яғни белгілі бір жағдайға қатаң бейімделген түрлер), эвритопты түрлерге (кең таралған, экологиялық төзімділік ауқымы кең түрлер) қарағанда өте жақсы индикаторлар болып саналады.
2. Неғұрлым ірі түрлер ұсақ түрлерге қарағанда жақсы индикатор болып есептеледі. Себебі, ұсақ түрлердің биоценоздағы айналым жылдамдығы жоғары және олар зерттеу кезінде үлгі алатын ыдысқа түспей қалуы да мүмкін.
3. Индикатор ретінде қолданылатын түрлерді (топтарды) бөліп алу кезінде оларға әсер ететін факторлар туралы далалық және экспериментальдық мәліметтер болу керек.
4. Әр түрдің сандық қатынасы, бір түрдің сандық мөлшеріне қарағанда неғұрлым нақты және сенімді индикатор болып табылады [19].
Сапробтылыққа нақты түсiнiктi Ресейдегi санитарлы-гидробиологияның негiзiн салушылар профессор Я.Я.Никитинский мен Г.И.Долгов бердi. Сапробтылық дегеніміз - берiлген организмнiң әр түрлi органикалық заттардың құрамында, әр түрлi ластану деңгейiне байланысты олардың суда даму қабiлетiнiң физиологиялық қасиетiнiң кешенi.
Г.И.Долгов индикаторлы түрлердiң тiзiмiн қарастыруда организмдердiң ластану аймағына сәйкестiлiгiн iлеспелi формаларға тәуелдiлiгiмен анықтау қажеттiлiгiне сүйенедi. Ол ластану деңгейiн бағалауда негiзгi назарды жеке индикаторлық түрлерге емес, олардың бiрлестiгiне аударды. Бұл оған индикаторлы-организмдердің тiзiмiн 103 түрге дейiн қысқартуға мүмкiндiк бердi.
Тiрi индикаторлар шамасының сезiмталдығын жоғарылату үшiн чех зерттеушiсi В.Сладечек индикатор-организмдердiң айырмашылықтарын жасады. Ол сапробты организмдер жүйесiн төрт топқа бөлдi: катаробты (ауыз сулары), лимносапробты (Кольквиц пен Марссон жүйесiне сәйкес), эусапробты (бактериялық бұзылуларға ұшырайтын тұрмыстық және өндiрiстiк қалдық сулар) және транссапробты (ластанулары бактериялық ластануларға әкелмейтiн қалдық сулар) [20].
Бұдан өзге, индикаторлы организмдердiң сезiмталдығын, ластанудың әсерiн организмдердiң тiршiлiгiн жоймастан алдын-ала физиологиялық өзгерiстерiн бақылай отырып жоғарылатуға болады.
Сонымен көптеген зерттеулер нәтижесiнде қазiргi кезде судың тазалығының деңгейiн бағалауда органикалық заттар мөлшерінің көлеміне қарай суқоймалар мынадай зоналарға бөлінеді: ксеносапробты (мүлдем ластанбаған өте таза, 1 класты су), олигосапробты (таза, 2 класс) бета - мезосапробты (әлсіз немесе орташа ластанған, 3 класс), альфа - мезосапробты (ластанған, 4 класс) және полисапробты (өте ластанған, 5 класты су) (кесте 1).

Кесте 1 - Суқойманы сапробтылық дәрежесі бойынша жіктеу
Сапробтық зоналары
Суқойма жағдайы
Су сапасының класы
Ксеносапробты
Өте таза
1
Олигосапробты
Таза
2
β-мезосапробты
Орташа ластанған
3
α-мезосапробты
Ластанған
4
Полисапробты
Өте ластанған
5

Қазақстанның Швейцариясы аталған, бүгінгі күнде демалушылар мен тұрғындардың бей-берекет пайдалануының салдарынан суы ластана бастаған Бурабай көлінің зерттеу жұмыстарын жүргізуге белгіленген нүктелері:
1. 1-нүкте. Көлдің Бурабай кенті және санаторийлер орналасқан, ластану мүмкіншілігі жоғары солтүстік шығыс бөлігі;
2. 2-нүкте. Көлге Иманай өзені келіп құятын батыс бөлігі;
3. 3-нүкте. Көлдің қамыс-қоға басқан, ашық оңтүстік жағалауы;
4. 4-нүкте. Көл ортасы [21].

4.2 Зерттеудің нысаналары және әдістері

2.2.1 Зерттеу нысаналары
Зертттеу нысаналары: Бурабай көлі, жасыл микробалдырлар.

4.2.2 Су сынамаларын алу және микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
Суайдындағы микробалдырлардың түрлік құрамын анықтауда сынамалар 2005-2009 жылдары жаз, күз және көктем айларында Сиренконың әдiстемелiк нұсқаулары бойынша жиналынды.
Материалдарды полиэтилендi ыдыстарға жинадық.
Балдырларды зерттеуде перипитонды және планктонды организмдер алынып, МБИ 15-42У микроскопын пайдаландық. Балдырлардың түрлiк құрамын анықтауда: Определитель сине-зеленых водорослей Средней Азии, том 1-2; Определитель пресноводных водорослей СССР, том 1-14, 1951; Определитель сине-зеленых водорослей Средней Азии, 1-3 том, 1987; Определитель протококковых водорослей Средней Азии, том 1-2, 1988; Определитель сине-зеленых водорослей Средней Азии, 1987; Определитель пресноводных водорослей СССР, 1951; Определитель протококковых водорослей Средней Азии, 1976; Краткий определитель хлорококковых водорослей УкрССР. Киев, 1990; анықтауыштары т.б. қолданылды. Балдырларды тiрi жағдайда анықтау жүргiзiлдi. Жұмыс барысында фиксаторлар ретiнде 2-4% -тi формалин ерiтiндiсi, түрлiк құрамын анықтауда 0,01% нейтральды қызыл және метилен көк, сафранин бояғыштары қолданылды. Талшықты микробалдырлард0ың қозғалысын тоқтату үшiн йод ерiтiндiсi қолданылды.

4.2.3 Микробалдырлардың клеткалар санын есептеу
Клеткалардың саны есептеу камералары арқылы анықталады. Клеткалардың санын балдыр сұйықтығында есептеу үшін қанның (Томның, Горяевтің, Бюкердің және т.б.) немесе планктонның (Нажотт камерасы) түрлік элементтерін анықтайтын кез-келген камералар қолданылады 160,161. Бізбен клеткалар саны Горяев камерасының көмегiмен анықталды.
Камера пластинкалы шыны, оның ортасын көлденең науа бөлiп тұрады. Орта бөлiгiнiң биiктiгi 0,1мм төмен. Оның жалпы көлемiнен бұлай төмен болуы, жабын шыны жапқанда пластинка ортасында камера пайда болады. Пластинканың орта бөлiгiнiң беткi жағында шаршылы тор көздер орналасқан. Сол тор көздерге дақыл тамызып, үстiн жабын шынымен жабады. Жабын шыны айналасында артық сұйық зат болмауы шарт. Диагональ бойынша 16 төрт бұрышты немесе камераның бүкiл өрiсi балдырлардың саны аз болған жағдайда қарастырылады. 1мл сұйықтықтағы балдырлардың клетка саны (М) төмендегi (1) формуламен есептелiнедi.

(1)
Мұндағы: m- саналған клеткалар саны;
n-камераның кiшi төрт бұрышының есептелген саны;
V-кiшi төрт бұрыштың ауданы бар камера бөлiгiнiң көлемi.
Клеткалардың санына есеп жүргізгенде көп жағдайларда сұйықтықты 50, 100, 250 және т.б. есе сұйылту қажет болады, өйткені камерада есептеу клетканың 1,0-2,0·106см3 тығыздығы кезінде жүргізіледі. Тығыз сұйықтықта клетка санын есептеу жұмыс көлемін молайтады.

4.2.4 Сапробтылық индексін анықтау
Су экожүйлерінің жағдайын фитопланктондармен баға беруде Пантле және Букканың, өзгеріс кіргізілген Сладечканың тәсілдері пайдаланылды. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде сапробтық индекс төмендегідей формуламен (2) есептелінді:
(2)

Мұндағы s-әрбір түрдің индикаторлық тәуелділігі (сапброты организмдердің жоғарғы шегімен анықталады);
h - түрлердің саны немесе көзбен мөлшерлеп анықталатын түрлердің кездесу жиілігі. Сапробтық индекс дәлдігі 0,01 - ге дейін есептеледі. Ол ксеносапробты аймағында - 0-0,5; бетамезосапробты аймағында - 1,51-2,5; альфамезосапробты аймағында -2,51-3,50; полисапробты аймағында - 3,5-4 аралығында орналасады. Микробалдырлардың сапробтық жіктелуі фитопланктондарға арналған нұсқау бойынша анықталады.

4.2.5 Микробалдырлардың таза дақылдарын бөлiп алу және өсiру
Балдырларды бөлiп алуда қоректiк орталы залалсызданған ыдысқа жиналған материалдарды 1:5, 1:1, қатынаста сұйылту арқылы егiп, 2000-5000лк жарық көзiнде өсiредi. Балдырлардың альгологиялық таза дақылдарын бөлiп алу үшiн өсiрiлген сынамаларды микробиологиялық әдiстердiң көмегiмен қатты агарлы қоректiк орталарға Кох әдiсiмен өсiру жүргiзiледi. Петри табақшасында өсiп шыққан балдырлардың жеке колониясы сұйық қоректiк ортаға және қиғаш агарлы қатты ортаға ілмек арқылы егiледi. Бұл әдiс үш-төрт рет қайталанады. Альгологиялық таза балдырларды бөлiп алу микроскопиялық бақылаумен жүргiзiледi. Балдырларды бактериялардан тазалауда пенициллин, левомицетин, стрептомицин антибиотиктерi қолданылады. Балдырларды белсендi өсiру сұйық қоректiк ортада арнайы шыны ыдыстарда залалсызданған жағдайда 2000лк жарықта ауа үрлеу арқылы жүргiзiледi.
Балдырларды өсiруде арнайы қоректiк орталар пайдаланылды. Жасыл балдырларды өсiруде Пратта, 04, Тамия қоректік орталары қолданылды. Көкжасыл балдырларды өсiруде негiзiнен Заррука қоректiк ортасы, евгланалы балдырларды өсiруде Euglena қоректiк ортасы пайдаланылды.

0.4.6 Бурабай көлінің суына гидрохимиялық талдау жасау
Көл қазаншұңқырларындағы судың тұздылығы мен химиялық құрамы табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, әрі құбылып отырады. Соңғы антропогендік факторлардың рөлі қазіргі кезде аумақтарды шаруашылық мақсатында игеру барысында және техниканың араласу қызметтерінің өсуіне байланысты арта түсуде.
Көл суларын гидрохимиялық тұрғыда зерттеудегі мақсат-бұл мүмкіндігінше табиғи сулардың сапасына баға беру және ластанудың тұрғындар денсаулығына әсерін қарастыру. Су гидрологиялық тізбек арқылы бөгде заттармен, қоспалармен оңай ластанады. Оған әр түрлі өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық және тұрмыстық қалдықтар түседі.
Көл суының химиялық құрамының қалыптасуына жергілікті бейбелдемдік факторлардың (геологиялық құрылымы, жер бедері, қазаншұңқырлардың морфологиясы) әсері байқалады.
Бурабай көлінің орташа су температурасы жазда 20,10С, көктемде 14,70С, күзде 3,3 0С. Көл суын органолептикалық бақылағанда да көл суының жалпы алғанда орташа ластанған суға жататындығы анықталынды (кесте 2). Судың мөлдірлігі тұрғысынан суқойма суы ластанған суға жатады. Судың түсі көктем, жаз мезгілінде кейде ашық жасыл, қоңырқай түске енеді. Бұл суға басқа жақтан түсетін заттар есебінен болады.

Кесте 2 - Бурабай көлі суқоймасының физикалық және органолептикалық қасиеттерінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер мен су сапасының дәрежесі
Су бетіндегі қалқымалы заттар,
мгл

Иісі, балмен

Лайлығы, мгдм3

рН

Көрсеткіштер
18
1
1,35
8,07
Су сапасының дәрежесі
Орташа ластанған
Өте таза
Әлсіз лайлы
Әлсіз сілтілі

Судың иісі қалыпты деңгейдегі нормативке сәйкес келеді.
Еріген оттегінің мөлшері жазда 5,9+-0,02 мгдм3, ал қыста 9,2+-0,022 мгдм3. Жазда және қыста еріген оттегімен қанығуы 70 пайыз. Бурабай көлінің суы оттегіне негізінен атмосфералық жанасуы арқылы толығып отырады, яғни су бетінің ауданына, судың жоғары қабатының оттегіне қанығуына және су араласуының тезділігіне байланысты. Көл суының О2-мен қанығуы орташа деңгейде. Оттегіні химиялық пайдалану-2,9+-0,03 мгО2дм3. Оттегінің 5 сағатта биологиялық пайдалануы (ОБП5) - 2,56+-0,02 мгО2дм3. Еріген оттегі, судың тазалық дәрежесін көрсетеді: суда неғұрлым оттегінің мөлшері аз болса, ол соғұрлым органикалық заттармен ластанған. Өзен және көл суларындағы оттегінің мөлшері, судың өздігінен тазалануында шешуші рөл атқарады.
Судың минералдануы орташа 105+-0,035 мгдм3, кермектігі 1,3+-0,03 мг-эквл. Көл суы тұщы, жұмсақ суға жатады.
Судың ластануының көрсеткішіне, судағы құрамында азот бар органикалық заттардың және уландыру туғызатын ауыр металдардың мөлшері де жатады. Бұл қосылыстардың көп болуы, табиғи суларда балдырлардың өсіп кетуіне немесе судағы организмдердің қырылып қалуына әкеліп соғады. Бурабай көлін тек маңайындағы ауыл үйлер, келіп-кетуші адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробалдырлардың түрлік құрамын анықтау
Ластанған су экожүйелерін бақылауға арналған микробалдырлардың тест-штамдарын алу
Микробалдырлар
БУРАБАЙ ¥ЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
ЩУЧЬЕ – БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ БЕЛДЕМІНІҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ
Кадмийге сезімтал CHLAMYDOMONAS REINHARDTII мутантты штамдарын алу және оларды қолдану
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Еліміздегі балық шаруашылығы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Пәндер