Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді реттеудің теориялық аспектілері
1. 2 Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді реттеудің механизмі және негізгі әдістері
1. 3 Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді реттеудің шетелдік тәжірибесі
2 АЙМАҚ НАРЫҒЫНдағы ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРдің БАСҚАРУ МЕХАНИЗМІ
2. 1 Мемлекеттің аймақтық саясаты және ондағы әлеуметтiк процесстер
2. 2Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық көрсеткішіндегі негізгі көрсеткіштері және ондағы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық көрсеткіштерін және аймақтағы процестерді басқару тиімділігін бағалау
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУЫН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
3. 1 Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді реттеудің және оны стратегиялық жоспарлаудың Қазақстанның дамуының жаңа бағыттары мен болашағындағы көрінісі
3. 2Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру барысындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің реттелуі мен стратегиялық жоспарлауының бейнесі
3. 3Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді реттеу және оны стратегиялық жоспарлауды арттыру бойынша ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні - біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады [1] . Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың негізгі даму бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау - ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды.
- Қазақстан Республикасының дамыту үдерістерінің ерекшеліктерін, кезеңдерін, сипаты мен мазмұнын бағалау;
- Қазақстан Республикасының экономикалық даму ерекшеліктері мен бұл үдеріске ықпал етуші факторларды анықтау;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экологиялық - экономикалық жағдайларын сауықтырудың басты қағидаларын негіздеу;
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасы
Зерттеудің теория - әдістемелік негізі болып осы зерттеуге байланысты Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері мен оларды дағдарыстан шығару жолдарын ұсынған отандық ғалымдардың фундаменталды еңбектерң танылады. Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР үкіметінің бағдарламалық құжаттары, заңдық және нормативтік актілері, ҚР статистика Агентігі.
Методологиялық аппарат келесі зерттеу әдістерін қосқан: жүйелі - функционалды, сарапты, экономика - статистикалық, аймақтық салыстырмалық және жүйелік - құрылымдық, салымтырмалық - тарихи және нақты - экономикалық.
Жұмыстың ғылыми - тәжірибелік маңыздылығы . Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын анықтау барысында жасалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар әлеуметтік - экономикалық, демографиялық, инновациялық - техникалық дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолдануға болатындығында.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ РЕТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ОНЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1. Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерді реттеудің теориялық аспектілері
Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
Кейнстік мектеп - шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.
Сапалық индикаторлар : еңбек, тұрмыс, демалыс, материалдық жағдай, тұрғын үй жағдайы, білім беру мен мәдениет, денсаулық сақтау деңгейінің көрсеткіштері.
Кесте1
Дамыған елдердегі өмір сапасының негізгі салалары мен көрсеткіштері
•Жұмыспен қамтылу/жұмыссыздық
• Негізгі жұмыс (статус, тип, еңбек саласы, келісім шарттары, бағыныштылардың болуы, жұмыс істеген уақыты) .
• Қосымша жұмысының болуы
• Жұмыссыз қалу мүмкіндігі.
• Жұмыстың жағымды және жағымсыз тұстары.
• Жұмыс пен отбасылық міндеттерді қоса атқару мүмкіндігі.
• Жұмысқа қанағаттануды бағалау
• Табыс (деңгейі, теңсіздік) .
• Баспана (иелік, бөлмелер саны, баспананың сапасы) .
• Ұзақ пайдаланылатын тауарлар (автокөлік, компьютер, кір жуатын машина, жер учаскесінің көлемі) .
• Баспана немесе тұрғын үй қызметтері ақысын төлемеу
•Үй шаруашылығының кірістері мен шығыстарының арақатынасын бағалау.
• Кірістің түрлері.
• Экономикалық мүмкіндіктердің немесе депривацияның болуы .
• Өмір сүру деңгейіне қанағаттануды бағалау.
• Баспанаға қанағаттануды бағалау
• Отбасы құрамы, некелік қарым - қатынастар .
•Үй шаруашылығының құрамы, үй шаруашылығының басшысы және оның экономикалық статусы.
•Отбасы мүшелерімен, достармен әлеуметтік байланыстар .
•Отбасының және үй шаруашылығының қызметіне араласуы.
• Отбасылық өмірге қанағаттануды бағалау.
• Үй жұмысы бөлінісінің әділеттілігін бағалау.
• Өмірдегі қиын жағдайда көмек алу мүмкіндігі.
• Уақытты бөлуді бағалау.
•Қайырымдылық және ерікті ұйымдардың, кәсіподақтардың, саяси партиялардың қызметіне, әртүрлі акцияларға қатысу.
•Саяси дауыс беруге қатысу.
• Діни белсенділік.
•Көршілермен әлеуметтік байланыстар.
•Қоғамдастықтағы өмірге қанағаттануды бағалау
• Мемлекеттік институттарға сенім арту: зейнетақы жүйесі, әлеуметтік жәрдемақылар жүйесі.
• Адамдарға деген сенім.
•Әлеуметтік келісім және әлеуметтік күйзеліс.
• Өмірге және қоғамға қарым қатынасы.
•Өмірдегі қиын жағдайда көмек алу мүмкіндігі
• Денсаулыққа қанағаттануды бағалау .
• Денсаулықты бағалау
•Дәрігерлік көмек көрсету қызметінің қолжетімділігін бағалау (қашықтық, уақыт, құны) .
•Денсаулық сақтау қызметіне қанағаттану
• Білім беру деңгейі
•Алған білімнің көнеруі
•Стандартты білімді аяқтағаннан кейін курстарда білім алу
• Интернетті пайдалану
• Білімге қанағаттануды бағалау.
• Ағылшын тілін білуді бағалау.
• Білім беру қызметтеріне қанағаттану
• Қоғамдық көлік қызметіне қанағаттану
•Әлеуметтік қызметтерге қанағаттану
•Мемлекеттік зейнетақы жүйесіне қанағаттану
• Қалыптасқан жағдайды бағалау (шу, ауаның ластануы, су сапасы, демалатын орындар, жасыл желек) .
• Қауіпсіздік
•Өмірге қанағаттануды бағалау
• Адамның қаншалықты бақытты екенін бағалау
Өмір сапасын бағалау әдістемесі. Қазіргі кезде адамның қоғамдағы жалпы және оның жекелеген салаларындағы қызметінің көрсеткіші ретінде өмір сапасын бағалайтын 60-қа жуық әртүрлі әдістемелер бар. Кейбір ғалымдар адамның барлық қажеттіліктері мен мүдделерін қамтуға қабілетті әдістемені жасау мүмкін емес деп есептейді.
Мысал ретінде ресей зерттеушілері ұсынған салыстырмалы түрде толық әдістемелердің бірін қарастырып көрелік . 1
1. Әдістеме. Өмір сапасының интегралдық бағасы
Бірінші әдістемеде өмір сапасы мынадай формула арқылы анықталады :
ӨС = ЭЖД + ӘЖБ
мұнда: ӨС - өмір сапасының интегралдық бағасы; ЭЖД - экономикалық жағдай деңгейінің интегралдық бағасы ; ӘЖБ - әлеуметтік жағдай деңгейінің интегралды бағасы.
ӘЖБ интегралды бағасы халықтың кірістері мен шығыстары; орташа айлық еңбекақы; баға және инфляция; еңбек жағдайлары; баспана, көлік қызметі, бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алу мүмкіндіктері, жұмыссыздық деңгейі, ақша салымдары, жинақталған мүлік, өмір сүру құнының индексі сияқты статистикалық мәліметтердің негізінде айқындалады.
ӘЖБ интегралды бағасы медициналық-экологиялық көрсеткіштер мен рухани хал-ахуал индикаторларын қамтитын статистикалық мәліметтерді негізге алады.
ӘЖБ интегралды бағасын мына формула арқылы көрсетуге болады:
ӘЖБ = МЭК + РЖК
Мұнда МЭК - медициналық-экологиялық көрсеткіштер, РЖК - рухани көрсеткіштер.
Муниципалитеттегі әлеуметтік өмір сапасының бағасы
Екінші әдістеме - мына формула бойынша анықталатын муниципалитеттегі социумның (жергілікті тұрғындардың) өмір сапасының бағасы :
МСӨС = ӘСИ + ҚСИ + ЭСИ
Бұл жерде МСӨС - муниципалитеттегі тұрғындар өмірінің сапасы, ӘСИ - әлеуметтік сала жағдайының индикаторы, ҚСИ - қаржы саласы жағдайының индикаторы, ЭСР - экономикалық сала жағдайының индикаторы .
Әлеуметтік сала индикаторының (ӘСИ) шамасы мынадай формула арқылы есептеледі :
ӘСИ = И дем. + И білім + И мәд. + И денсаулық + И тұрғын үй
Демографиялық индикаторды халықтың еңбекке жарамды бөлігінің 1 000 шаққандағы демографиялық жағдайы, 1 000 тұрғынға (адамға) шаққандағы бала туу, 1 000 тұрғынға (адамға) шаққандағы өлім-жітім, тұрғындардың құрылымы, оның динамикасы, қалалар мен ауылдар бойынша қоныстау мен көші-қон құрайды.
Білім беру саласының индикаторын (И білім) жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде 1 000 тұрғынға шаққанда орындармен қамтамасыз етілу, мұғалімдердің саны және т. б. анықтайды.
Мәдениеттің ахуалын анықтайтын индикаторды (И мәд. ) 1 000 тұрғынға шаққандағы тіркелген қылмыстың саны, балалардың өнер мектептері, саз және көркемсурет училищелерінің жалпы саны, кітапханалардағы кітап қоры (млн. дана), спорт ғимараттарының саны, балалар демалатын лагерлер саны құрайды.
Денсаулық сақтау саласы индикаторына (И денсаулық) халықтың 1 000 тұрғынға шаққандағы амбулаториялық-емханалық мекемелермен және ауруханалық төсекпен қамтамасыз етілуі, 10 000 тұрғынға шаққандағы дәрігерлер мен медбикелер саны, 1 жасқа дейінгі балалар саны кіреді.
Тұрғын үй индикаторын (И. тұрғын үй) тұрғын үй қоры (мың шаршы метр) ; халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі; бір тұрғынға тиесілі жалпы аудан (шаршы метр) сияқты көрсеткіштер құрайды.
ҚСИ - бюджет индикаторы, кірістер мен шығыстар арақатынасы, қаржылық көмек пайызы, тұрғын үй емес қозғалмайтын муниципалитеттік мүлік пен жерді пайдалану .
ЭСИ - халықтың еңбекке жарамды бөлігі, халық санының өсімі, туу және өлім-жітім, жан басына шаққандағы өндірілген өнім, муниципалитеттік бюджеттен өндірістік және өндірістік емес салаларға жұмсалған шығындар, жұмыссыздар пайызы, шағын кәсіпкерлік, инвестициялық қызмет, орташа айлық жалақы мен күнкөрістің ең төменгі деңгейі арасындағы ара қатынас индикаторы.
Бұл әдістеме де статистикалық мәліметтерге негізделеді, ал есептеу ағымдағы жылдың көрсеткіштерін өткен жыл көрсеткіштерімен салыстыру арқылы жүзеге асады.
Өмір сапасын бағалаудың сипатталған әдістемелерінің негізінде статистика арқылы алынған объективті көрсеткіштер жатыр. Бірақ статистикалық мәліметтер барлық кезде әлеуметтік нақтылықтың шынайы жағдайын көрсетпейді, сондықтан объективті көрсеткіштер мен адамдардың өздерінің өмір сүру жағдайлары туралы пікірлері, тұжырымдарын үйлестіру өзекті мәселеге айналып отыр.
Ол үшін үшінші әдістемені қолдану керек.
Кесте 2
Әлеуметтік субъектінің қажеттіліктерін бағалау.
- Физиологиялық қажеттіліктер.
- Қауіпсіздікке, тұрақтылыққа, тосын жағдайлардан қорғануға қажеттіліктер
- Қауымға, қауымдастықта болуға
- Құрмет, өзін-өзі сыйлау, айналадағылардың мойындауы.
- Актуализация, өзін-өзі көрсету.
- Субъектінің өзінің өмір сүріп отырған кеңістігіне қанағаттануын анықтайтайтын сыртқы факторларды көрсететін индикаторлар
- Азаматтық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар.
- Төменгі жалақы, уақытша жұмысқа жарамсыздығына байланысты жәрдемақы, еңбекке жарамды тұлғалар үшін жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы.
- Қартайған және еңбекке жарамсыз азаматтар, мүгедектер үшін зейнетақы
- Оқушыларға шәкіртақы, халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік жәрдемақылар
Тұрмыс деңгейі халықты қажетті материалдық және материалдық емес игілік пен қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету дәрежесі, оларды тұтынуда қолжеткізген жетістік деңгейі және адамдардың осы игілік түрлерінде қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейімен түсіндіріледі. «Тұрмыс деңгейін» жаңаша айтсақ бұл аса қомақты, адам қызметінің барлық жақтарын қамтитын, қоғамның тұтастай және оның жеке мүшелерінің әл-ауқаты туралы түсінік беретін ұғым.
Талмдамада статистикалық деректер негізінде халықтың тұрмыс сапасын сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық индикаторлар қатары қолданған, олар бөлек халық топтар бөлінісіндегі материалды игіліктің қолданылуын, бөлінуін, көлемін, құрамын анықтайды. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім мөлшері, азаматтар табысының орташа деңгейі, туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы тәрізді көрсеткіштермен шектелмей, денсаулық сақтау және білім беру, әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, сапалы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету және экологиялық қауіпсіздік, ақпаратты қоғамды дамыту сияқты әр азаматтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей ықпал ететін өзекті мәселелер қамтылған.
Баяндама халықтың тұрмыс деңгейі саласында негізгі қызметтерді дамыту және ұсынудағы жергілікті бастамаларды тиімді басқару үшін әлеуетті ұлттық және жергілікті органдар арасында ақпараттандыру мен нығайтуды арттыруға бағытталған.
Мақсаттары:
- тұрмыс сапасын бағалауға арналған индикаторларды іріктеу, ол халықтың, әсіресе оның ең кедей бөлігінің тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекет стратегиясын сәтті орындау үшін негізгі түбіртектің бірі
- статистикалық деректер негізінде тұрмыс сапасының комплексті сипаттамасына зерттеме;
- қазақстандықтардың тұрмыс сапасының жақсаруына талдау және олардың әл-ауқаттарымен қанағаттанушылығы;
- тұрмыс сапасының қазіргі жағдайын талдау және көрсеткіштердің даму серпіні;
- өңірлік дамудың сипаттамасы, ең жағымды және сәтсіз облыстарды әшкерелеу;
- халық тұрмысына жағымсыз жағдайларды анықтау;
- жалпымемлекеттік және ведомствалық статистикалық көрсеткіштердің сапасын көтеру бойынша ұсыныстар жасау
- Халық табысы
- Халық денсаулығы
- Білім деңгейі
- Адам қауіпсіздігі
- Демографиялық жағдай
- Экологиялық жағдай
- Тұрмыстық жағдай
- Әлеуметтік қорғау
Халықтың тұрмыс сапасын
анықтайтын көрсеткіштерді зерттеу
Сипаттаушы көрсеткіштер
Әсер етуші көрсеткіштер
Комплексті бағалау
Сурет 1. Халықтың тұрмыс сапасын бағалау
Зерттеу аспектілері
- сапалық көрсеткіштердің 3 жылдық серпіндегі көрінісі
- қазақстан халқының тұрмыс сапасы өңірлік (облыстар, қала мен ауыл), жыныстық (әйел, еркек), әл-ауқат деңгейі бойынша (бай, орташа, кедей) бөліністерде
- жалпымемлекеттік және ведомствалық көрсеткіштердің сапасын көтеру бойынша ұсыныстар жасау
- халықтың тұрмыс сапасына нәтижелік көрсеткіштер бойынша, әлемдік бағалау бойынша косплексті баға
2011 жылдың тамызында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейліктің себептері мен жағдайын, сондай-ақ өз әл-ауқат деңгейін субъективті бағалау бойынша бір жолғы зерттеу жүргізілді.
Зерттелушілердің әлеуметтік мәртебесі ұсынылған бес топ бойынша анықталды. 2010 жылмен салыстырғанда өзін кедей топқа жатқызушы үй шаруашылықтарының үлесі біршама өскен. Өзін орта топқа үй шаруашылықтарының 36, 0% жатқызған, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш те жоғары. 2009 жылдың үй шаруашылықтарын зерттеу барысында сұрастырылғандардың көбі - 45, 5% «өзін кедей емес, бірақ орта топқа да жатпайды» деп есептейтіндігі, және де ауылдық жерде (43, 9%) өзінің әлеуметтік мәртебесін бағалау қалалық жермен (47, 1%) салыстырғанда төмен екендігі анықталған. Үй шаруашылықтарының 0, 2% ғана өзін элита, алдыңғы қатардағылар санатына жатқызған.
Сұрастырылған үй шаруашылықтарының көбінде (51, 4%) әл-ауқат деңгейі өткен жылғы деңгейде сақталса, 39, 6%-ында үй шаруашылықтарының жағдайлары жақсарғандығын көрсетеді. Әл-ауқатының жақсарғандығы жайлы көбінесе өзін «орта топ» санатына қосатындар (56, 8%) және «орта топтан жоғарылар» (81, 9%), ал нашарлағаны жайлы - кедейлердің 35, 9% белгілеген. Орта топтан жоғары және алдыңғы қатардағы соңғы жылы өз әл-ауқатының төмендегенін үй шаруашылықтарының ешбірі көрсетпеген.
Өмір ұзақтығы: Өмір сүру жасымен // Орташа айлық табыс: Халықтың ақшалай табысы
Сурет 2. Өмір сүруге ең қолайлы қалалар
Тұрмыс сапасына әсер ететін негізгі көрсеткіштер бойынша өмір сүргенге ең қолайлы деп Астана, Алматы қалаларын атауға болады, туған кезден күтілетін өмір ұзақтығы мен халық табыстары көрсеткіштері де ең жоғарғы нәтижелерге ие. Солтүстік пен оңтүстік астаналардың тұрмыс жағдайлары қолайлы екені сөзсіз. Ал ауылды жерлерді денсаулық жағдайы бойынша салыстырсақ, Ақмола мен Қостанай облыстар тұрғындарының денсаулық жағдайлары басқа өңірлерге қарағанда жақсы.
Тұрмыс жағдайлары төмен деп Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарын белгілеуге болады.
Бұл адамның мәртебелі өміріне ең аз шарттарды көрсететін айқындағыштарды анықтайтын әдістеменің дамуына жол ашады.
Осы әдістеме өңірлер арасындағы, жыныс өкілдері бөлінісінде, қала және ауыл халқы арасындағы теңсіздіктің мониторингінің құралы болуы тиіс.
Баяндамада анықталған көрсеткіштерден басқа, адам тұрмыс сапасының сапаттамасын толықтай көрсету үшін қосымша статистикалық бақылау жүргізу қажет. Бұл қанағаттану аспектісі бойынша зерттеу. Ұсыныс - үй шарушылықтарын қолданыстағы бір жолғы зерттеуге қосымша енгізу.
Әлеуметтік - экономикалық дамудағы оң үрдістер республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Мұны, әлеуметтік саясатты, қорыта келгенде адам капиталының дамуын анықтайтын негізгі әлеуметтік стандарттардың бірі - халықтың жан басына шаққандағы нақты ақшалай табыстары көрсеткішінің серпіні дәлелдейді. Тұтастай Республика бойынша 5 жыл ішінде халықтың нақты ақшалай табыстары 55, 6 пайызға өсті. Мұның өзінде 2003 жылдан бастап олардың өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде жүз пайыздық табалдырықтан асып түсті.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
Кесте 3. Жыныс-жас топтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
орта есеппен бір жылға, теңге
өткен жылға пайызбен, өсуі
Сурет 3. Күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасының өзгеруі және инфляция
Кесте 4. Орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы
орта есеппен бір жылға, теңге
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz