Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
Жоңғар мемлекетінің күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын татар-моңғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер, ғасырлар бойы жинақталған материалдық және мәдени бағалылықтар жойылды. Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ толықтай күйреді.
Моңғол шапқыншылығының ойсыратқан салдары – халықтар үшін аса ауыртпалық түсірген салықтар мен алымдарға байланысты болды. Ол халықтың жаппай кедейленуіне алып келді.
1. Ж. Артықбаев «Қазақстан тарихы» оқулық-хрестоматия Астана қаласы «Фолиант» 2000 жыл
2. К. Ә. Берденова «Қазақстанның экономикалық тарихы» Алматы қаласы «Экономика» 1998 жыл
3. «Очерк по Истории Казахстана». Алматы «Рауан» 1993г.
4. «Казахстан. Летопись трех тысячелетий». Алматы «Рауан» 1992г.
5. «История Казахстана в средние века». Алматы «Рауан» 1996г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі.
Жоңғар мемлекетінің күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Кіріспе

Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын татар-моңғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер, ғасырлар бойы жинақталған материалдық және мәдени бағалылықтар жойылды. Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ толықтай күйреді.
Моңғол шапқыншылығының ойсыратқан салдары - халықтар үшін аса ауыртпалық түсірген салықтар мен алымдарға байланысты болды. Ол халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Жаулап алу тұсында қиратылмаған қалалар одан кейінгі кезеңде бос қалды. Барлық мағлұмат көздері қалалық және отырықшы - егіншілік мәдениетінің құлдырауына, әрі өлкеде моңғол үстемдігі орнағаннан кейінгі алғашқы онжылдықтың өзінде-ақ егістікке өңделген, игерілген жерлердің жайылымдарға айналғандығына назар аударады. Кезінде өркендеген, халқы тығыз орналасқан қалалық мәдениеті мен отырықшы егіншілік және көшпелі шаруашылықтары дамыған Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағы өзінің бұрынғы экономикалық және мәдени мағынасын тез жоғалта бастады.

Жоспары

1. Қазақ- Жоңғар айқастары

2. Қазақ мемлекетінің ресей үкіметінің құрамына кіруі

3. Құрамына кірудегі қарсылықтар

Қазақ жерлерінің ресей империясының құрамына
қосыла бастауы мен алғы шарттары

ХІІғасырдың аяғы менХІІІғасырдың басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда беделді орын алды. Жайылым жер үшін қырқысқан ру аралық тартысқа белсене қатысқан Шыңғыс тұқымдарының алакөздігін уақытша болсада әлсіреткен Тәукенің мемлекеті Қасым, Хақназар және Тәуекел тұсындағы елден қайда берік болды.Алайда 1718жылы Тәукенің өлімінен кейін қазақ жерінің бірлігі әлсіреп кетті. Тәукенің мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Алғашында Қайып ханға тәуелділігін мойындаған кіші жүз билеушілерінің бірі Әбілқайыр 1723 жылдан жетекші хан болып саналды.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде Әбілқайыр қолбасшылық, дипломатиялық қабілетін барынша көрсете білді.
Қазақ жеріне қауіп төндірген әсіресе Жоңғарлар еді
XVIIғасырдың 40жылдарынан бастап сан рет жойқын шабуылдар ұйымдастырған жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату болды.
1711-1717жылдар аралығындағы жоңғарлардың қаптаған қолы қазақ жүздеріне басып кіріп, қазақ халқын қанқақсатты. Жоңғария әскери өктемдігін пайдаланып, XVIII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында Жетісудың бір бөлігін басып алды, жоңғардың әскери топтары Сарысу өзені алқабына

дейін жетті. Қалмақтардың соққысының ауыр болғандығы сонша, енді үш жүздің өкілдері жауға қарсы күрес ұйымдастыруды бірлесіп шешуді қажет деп тапты. Осы мақсат пен 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады. Осы кеңестің шешіміне сай біріңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлері шығысқа қарай ығыстарылды. Күшті біріктіру кейінгі жылдары да тамаша нәтиже берді. 1711жылы жоңғар феодалдары Қазақстанға шабуыл жасағанда қазақ батырлары тізе қосып, халық жасақтарын бастап жауға соққы берді. 1712жылы қазақ жасақтары Жоңғарияға кірді. 1713 жылғы жоңғар қоңтайшысының қазақ жеріне жасаған жорығы олар үшін сәтсіздікпен аяқталды. Алайда келесі жылы қазақ хандығы Жоңғариядан жеңіліс тапты. 1718 жлы қзақтардың жеңісі қазақ халқының жағдайын жақсарта алмады.1723 жылы қазақтардың арасындағы қырқысиы сезген жоңғар жасақтары тұтқиылдан баса - көктеп кірді . Жоңғарлардың күтпеген жерден ұйымдастырған шабуылы қазақтардың халін, тарихта Ақтабан шұбырынды-алқакөл сұлама деген атпен қалған қайғылы оқиғаға душар етті.
Қзақ халқының халықаралық жағдайының нашарлауының нәтижісінде Әбілхайырдың өзінің шешімімен қазақ халқын тесей империясының құрамына кіргізу керек деп ұйғарды.
Осылайша 1726жылы Ақтабан шұбырынды ақтабан шұбырынды мейлінше қақап тұрған кезде Әбілқайыр патша үкіметіне өкілін жіберіп, империяның құрамына кіруге талпынған болатын. Бұл жолы да ханның ұсынысы жауапсыз қалды.
Әбілқайырдың шешімі, әрине қазақ жерін басты жау жоңғарлардан қорғауда белгілі рөл атқарды.
Алайда жылдан-жылға Ресей мемлекеті отарлау саясатын үдете түсті. Бұл жағдай қоғамында хандық партия мен Ресей мемлекетінің билігінің қазақ жерінде нығаюына о бастан қарсылық білдіргендер арасындағы жікті алауыздықты А.И Тевкелевті кейіннен өзінің журналында атап көрсетті. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауын арқа тұтып, өзінің қарсыластарын әлсіретуге тырысты. Кіші жүз ақсүйектерінің өзара күресін шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жеделдетті .
Осылайша Ресей үкіметі біртіндеп қазақ жерінің бүкіл аумағын өзінің қол астына кіргізді.

2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетіиің күйреуі.

Ақтабан шүбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде Самарқанд, Бүқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаламың өзінде қырық шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін үштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын откізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай үрыс жүргізген Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырык батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бүланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін керіп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған" деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне скінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен Орданың басында отырған Болат хан жігерсіз жан еді. Мүны қазақтың хандары, ел билеушілері түсінді. Бірақ ашық айтқан жоқ. Егер Болат хан алай-бұлай болып кетіп, Үлкен Орданың билігі өзіме тисе, қазақ хандығын көгертер едім деп жүрген аға хандықтан бірінші үміткер Болат ханның інісі, Орта жүздің ханы Сәмеке Шахмүхамбет болды. Сәмеке ақылсыз адам емес еді. Бірақ оған аға хандық бүйырмады. Үлкен Орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Кіші жүзден аға хан сайлау дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма суындай қаптап келе жатқан қалмақ әскерлеріне Бүланты өзенінің маңында бірінші рет бас көтертпей соққы беріп тоқтатқан, Аңырақай түбіндегі тамаша жеңістің дем берушісі болған, үш жүз әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын-қабілеті, жеке басының ерлігі мен алты алашқа аты шыққан, оның үстіне тәжірбиесі мол, егде тартқан Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негіз бар еді. Үлкен Орда иелігі оған да бүйырмады. Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың ұлы Әбілмәмбет сайлан-ды. Тарихшылардың долбарлауы бойынша мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбілхайыр майдан шегінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықты өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілхайырдан кейін әскерін алып, Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен бірігуі іске асқанша қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Бұл арада айта кететін жай: Әбілхайыр мен Сәмеке майдан шебінен өздеріне аға хандық тимегендіктен пендешілік жасап, ренжіп кетіп қалды ма, жоқ әлде басқа себеп болды ма? - бұл жөнінде қүжатталып қалған ешбір дерек жоқ. Бұл тарихшылардың долбар болжамы ғана. Әбілхайырдың елге қарай кері бұрылуына Батыстағы қалмақтар мен башқұрттардың Кіші жүз жеріне шабуылын үдетуіне байланысты болуы да мүмкін.
Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан жоңғар мемлекетінің қазақтардың жеріне қайта шабуыл жасау қауіпі жойылмады. 1734 жылы жоңғарлар Қазақ хандығының жеріне тағы да бір үлкен жорығын ұйымдастырды. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан, Орта жүз ханы сол жылы Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Қалмақтардың жойқын шабуылы өте-мөте Жетісу жеріне ауыр тиді. Өйткені Ұлы жүз қазақтары қаһарлы жауға жалғыз өзі тойтарыс беруге күштері жетпеді.
1740 жылы Ресеймен жақындасу көзқарасын үстанған Жолбарыс ханның өлтірілуі және өзінің саяси бағдарын жиі өзгерткен Сәмеке ханның қайтыс болуы қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайларының осалдығын айғақтай түсті. Ойраттар оңтүстік-шығыс шептегі, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі оқиғалар туралы да жақсы хабардар болып отырды. Осы жағдайларды пайдаланып, 1739-1740 жылдардың қысында ойрат әскерлері оңтүстіктен, Сырдария өзенінің жоңғарғы ағысынан және солтүстіктен Ертіс өзені жақтан шапқыншылық жасап, Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойындағы қоныстарын едәуір шығынға ұшыратты.
Осы бір қиын-қыстау түста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нүралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Сондықтан Кіші жүздің батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлары
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі және аңырақай шайқасының маңызы
Жоңғар шапқыншылығы туралы
Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
Жоңғар мемлекетінің күйреуі
Жоңғар хандығы
Қара қалмақ тайшылары
Пәндер