Махаббат поэзиясы (өлеңдер жинағы)


Бәрі де бекер…
Қараша 4, 2010


81 Votes

Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.
Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.
Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым
Қойшы
Бәрі де бекер…
Авторы: Анар Шамшадинова

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Махаббат поэзиясы
* Негізгі бет
* Блог жайлы

Бәрі де бекер...
Қараша 4, 2010

i
81 Votes

Кешір,
Кінәласаң өзің біл.
Несін?!
Жылуыңды сезіндім
Енді еріксіз, шексіз
Жесір
Махаббатымнан безіндім.
Енді
Ертеңім бұлдыр
Жеңді
Құмарлық сыңғыр
Онсызда мұңым көп менің
Ерді
Соңымнан бір мұң.
Тойшыл
Көңілім екен
Ойшыл
Өмірім өтер.
Шын сүйіп шындық таппадым
Қойшы
Бәрі де бекер...
Авторы: Анар Шамшадинова
6 пікір Анар Шамшадинова Tagged: Анар Шамшадинова, өлеңдері Тұрақты сілтеме
Posted by akzere

Қарақат қыз
Қараша 4, 2010

i
23 Votes

Жұлдызды түн. Уақыт мәмілелі...
Кәрі төбет ерініп паң үреді.
Қарақат қыз қарайды мамасына,
Сылтауратсам екен деп тағы нені.
Маған пана сол үйдің бәйтерегі,
Күндегідей төбемнен ай төнеді.
Қолжуғыштың шелегі толмаса да,
Төкпек болып шығады, қайтеді енді?!
Кім екенін білмесін, білсін мейлі...
Әдеті ғой, ақырын кімсің? дейді.
Біле тұрып не үшін келгенімді,
Қай жақтан мұнда адасып жүрсің? дейді.
Авторы: Бейбіт Сарыбай
3 пікір Бейбіт Сарыбай Tagged: Бейбіт Сарыбай өлеңдері Тұрақты сілтеме
Posted by akzere

* * *
Қараша 4, 2010

i
17 Votes

Күлкімді күз ұрлады.
(Қу тірлік).
Мұңлымын бүгін.
Біртүрлі.
Мен -- мен емес секілдімін.
Жасыл бақта билеп ем,
Әуеніме елітіп,
Жапырақтар секірді.
Сен сыйлаған қызыл гүлді,
Алақанда аялағам.
Амал не?
Үш-ақ күн болды ғұмыры.
Қураған құр сүлдесін, сосын,
Лақтыра салғам.
Қайғырды құмыра құрғыры.
Құмыра құсап қан жұтып жүре берер ме ем,
Таусылып басқа айтар ән.
Егер... өзің келмегеніңде,
Гүл бермегеніңде қайтадан...
Авторы: Бақытгүл Бабаш
Пікір қалдыру Бақытгүл Бабаш Tagged: Bakhitgul Babash, Бақытгүл Бабаш Тұрақты сілтеме
Posted by akzere

* * *
Қараша 4, 2010

i
19 Votes

Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады, махаббаттың аспаны.
Сол бір жұлдыз жанады, сол аспанды жарық қып,
Жарықта да түк көрмес ғашық болған жарықтық!
Сол жұлдызсыз белгілі, оның естен танары,
Маңдайда емес, жүректе -
Ғашықтардың жанары.
Сол жүрекпен қараймын, сол жұлдызға сүзіліп,
Шаңыраққа ілінді ол, көк аспаннан үзіліп.
Мың жұлдызы болса да, байқамайсың басқаны,
Бір жұлдыздан тұрады шаңырақтың аспаны!
Авторы: Қадір Мырзалиев
Пікір қалдыру Қадір Мырзалиев Tagged: Қадір Мырзалиев өлеңдері Тұрақты сілтеме
Posted by akzere

Мазасыз минуттар
Шілде 2, 2010

i
74 Votes

Алло... Алло...
Тыңдап тұрмын...
Иә, мен...
Менмін деймін...
Бұл кім екен?
Кім деймін?...
Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең,
Не дерімді, не етерімді білмеймін...

Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?

Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да...

Құдай үшін... бір естіртші үніңді,
Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы.
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды,
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды.

Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды...

((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?!
Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)).
...Телефонның трубкасын кеудеңе
Қоя тұршы...
Жүрегіңді тыңдайын!..
Авторы: Алмас Темірбай
6 пікір Алмас Темірбай Tagged: өлеңдері, Алмас Темірбай Тұрақты сілтеме
Posted by akzere

* * *
Шілде 2, 2010

i
43 Votes

Құмартып хор қызындай қылығыңа,
Батсам ғой балдай тәтті тұнығыңа.
Аһ ұрып, бұ дүниеден безер болсам,
Асылып өлер едім бұрымыңа...
Қос көзің ─ қолтаңбасы шапағаттың,
Қос ерінің ─ қызыл мөрі махаббаттың.
Айсыз түнде... алдымда еркелетіп,
Келеді кең дүниені ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Өлеңдер жинағы
М.Шахановтың өлеңдер жинағы
Бала тілі поэзиясы
Абайдын Махаббат лирикасы жайында
Жыраулар поэзиясы
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Махамбет поэзиясы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь