Ұлы Отан соғысы жыдарында марапатталған қазақстандық Совет одағының батырлары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы Отан соғысы жыдарында марапатталған қазақстандық Совет одағының батырлары

Қазақстандық Совет Одағының батырлары

Совет Одағының Батыры - мемлекет алдындағы ерекше ерлігі мен батылдығы үшін берілетін ең жоғары дәрежелі құрметті атақ. КСРО ОАҚ-нің 1934 жылы 16 сәуірдегі қаулысымен бекітілген, бұл атақ ереже бойынша "мемлекет алдындағы батырлық ісіне байланысты жекелей немесе коллекгивтік еңбегі үшін беріледі". Совет Одағының Батырына ең жоғары награда Ленин ордені мен "Алтын Жұлдыз" медалы (1939 жылы 1 тамызда белгіленген) табыс етіледі. Совет Одағының Батыры құрметті атағын 2 мәрте алғанда екінші "Алтын Жұлдыз" медалімен наградталып, олардың туған жерінде қола бюст орнатылады. Совет Одағының Батыры атағы тұңғыш рет 1934 жылы 20 сәуірде Чукот теңізінде мұз құрсауында қалған Арктика экспедициясы мен "Челюскин" мұз жарғыш кемесінің экипажын құтқару кезінде ерекше көзге түскен 7 ұшқышқа берілді. Осы уақытқа дейін бұл атаққа 12, 6 мыңдай адам, соның ішінде 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезіңдегі жауынгерлік ерлігі үшін 11, 6 мыңнан астам адам ие болды. Совет Одағының Батыры атағын екі мәрте 130 адам, 3 мәрте 3 адам - С. М. Буденный, И. Н. Кожедуб 7 А. И. Покрышкин, 4 мәрте - 2 адам Л. И. Брежнев және Г. К. Жуков алды. Қазақстаннан 500-ге жуық адам Совет Одағының Батыры атанды, соның 5-еуі бұл атаққа 2 мәрте ие болды. Олар: 1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасқан ұшқыш-штурмовиктер Т. Ж. Бигельдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, ұшқыш истребитель С. Д. Луганский және 1969-1971 жылдары космосқа үш рет ұшқан ұшқыш-космонавт В. А. Шаталов.

Екі мәрте Совет Одағының Батырлары, (1943-1969) .

Беда Леонид Игнатьевич (1920-1976), Бигельдинов Талғат Жақыпбек ұлы (1922), Луганский Сергей Данилович (1918-1977), Павлов Иван Фомич (1922-1950), Шаталов Владимир Александрович (1927) .

Қазақстаннан 500-ге жуық адам Совет Одағының Батыры атанды дедік, соның ішінде 1939-1940 жылдары қыста совет финн майданындағы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық (ұшқыш М. С. Пономарев, шекарашы Н. Ф. Карацупа және ұшқыш-космонавттар В. А. Шаталов пен В. И. Пацаев) бұл атаққа соғыстан кейін ие болды. Қазақстандық Совет Одағының Батьфының қалғаны бүл атаққа Ұлы Отан соғысында, соның ішінде 200-ге жуық адам Украина, 70 - РСФСР, 50-ден астамы - Белоруссия, 8 - Латвия, 7 - Молдавия, 6 - Литва, 1 - Эстония жерлеріндегі ерлігі үшін ие болды. Қазақстан-дықтардан Польшаны азат етудегі ерлігі үшін 47 адам, Венгрия жерівде 22 адам, Чехословакияны азат етуде 7 адам, Румыния жерінде 5 адам, Австрия жерінде 3 адам, Югославияны азат етуде 2 адам, Германия жерінде 63 адам және Қиыр Шығыста Жапонияға қарсы шайқаста 3 адам Совет Одағының Батыры атанды, Қазақстандық Совет Одағының Батыры арасында Қарулы Күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамаңдары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 85 қазақ (сонымен қоса Совет Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып және соғыс біткеннен кейін алған Бауыржан Момышұлы мен Бақтыораз Бейсекеевті қосқанда 98 болады, Қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 белорус, бірден тәжік, эстон, корей, лезган, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар.

Қазақстаңда жасақталған генерал И. В. Панфилов атывдағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғау үшін болған тарихи шайқаста мәңгі ұмытылмайтын ерлік көрсетті. 28 панфиловшы-гвардияшылар ерлігі бүкіл дүние жүзін таң қалдырды. Қазақстаңдық жауынгерлер Ленин қаласын жанқиярлықпен қорғады, Сталинград үшін ерлікпен шайқасты, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатынасты. Совет Армиясының азат етушілік ұлы міндетін патриоттықпен жүзеге асыруға мыңдаған қазақстандықтар айтарлықтай үлес қосты. Польша, Болгария, Чехословакия, Венгрия, Румыния, Югославия, Австрия халықтарына бостаңдық әперген жауынгер құрамалар саныңда республикада жасақталған 72-гвардиялық Красноград, 73-Сталинград және Дунай, 27-гвардиялық Новобуг, 150-Идрицк және Берлин, 314-Кингисепп атқыштар дивизиясы және басқалары болды. Қазақстандық жауынгерлер Берлинге шабуыл жасап, Рейхстаг төбесіне Жеңіс Туын тігуге қатысты. Жүз мыңдаған қазақстандық жауынгерлер Отан қорғаудағы ерліктері үшін жауынгерлік ордендермен және медальдармен наградталды. 500-ден аса қазақстандық жауынгерлерге, соның ішінде 98 қазаққа Совет Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Нүркен Әбдіровтың, Сұлтан Баймағамбетовтың, Леонид Беданың, Иван Панфиловтың, Василий Клочковтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Телеген Тоқтаровтың, Иван Павловтың және соғыстан кейін осы атақты иеленген Бауыржан Момышұлы, Бақтыораз Бейсекеев және басқа да батырлардың есімдері совет халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Ұлы Отан соғысы батырларының ғажайып ерліктері ғасырдан ғасырға аңыз болып тарап, болашақ үрпақты патриоттық істерге жігерлеңдіретін болады. Майдан шебіңце совет патриоттары - жұмысшы мен колхозшы, совет ителлигенциясының өкілдері, әр халықтың боздақ перзенттері ортақ мақсатпен құрыштай берік күшке айнадды. Халықтар достығы солардың бірлігі нәтижесінде көркейе түсті.

Советтік Шығыс әйелдерінің арасыңда бірінші болып қазақ қыздары - Қазақстан 100-ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі М. Мәметова, 54-атқыштар бригадасының мергені Ә. Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілді. Саяси жетекші В. Г. Клочков басқарған 28 пафиловшылардың Москва түбінде жасаған мәңгі өшпес ерлігі дүние жүзіне белгілі болды. Аты аңызға айналған панфиловшы Василий Клочковтың: "Россия кең байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда - Москва!" деген қанатгы сөздері тарихқа мөңгілік кірді. Даңқ орденінің 3 дөрежесіне 142 қазақстандық ие болды.

Шынында да, совет халқы Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін фашист жендеттерінен қорғап қалған, қасиетті жерімізді озбыр қарақшылардан тазартқан өзінің қаһарман ұлдары мен қыздарын ардақ тұтады, олардың ерлік дәстүрлерін бүгінгі және келешек ұрпаққа үлгі етеді. Севастополь мен Одессаны, Москва мен Ленинградты қасық қаны қалғанша қорғаған, Сталинград іргесінде арпалысқан, Днепр үшін жойқын ұрыстар жүргізген, Берлинге екпіндете тегеурінді шабуыл жасаған мыңдаған майданшылардың бейнесі біздің жүрегімізде. Әрине, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысында миллиондаған совет патриоты қыршьш кетті. Қан майданда опат болғандарға Отанымыздың қасиетті ескерткішінің, қадір-құрметінің символы ретінде Алматыда 28 панфиловшылар паркінде Белгісіз содцаттың бейітінде Мәңгі от жанып тұр.

Соғыс жылдары ерлік жалпы халықтық сипат алды. Отан-ның азаттығы жолында өр кеудесін оққа тосқан Александр Матросовтың ерен ерлігі майдаңда 200-ден астам рет, Николай Гастеллоның ерлігі 74 рет қайталанды. Солардың бірі қазақ Бахтыораз Бейсекеев. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін 7 млн адам ордендермен наградталды. Солардың ішіңде 11603 адамға Совет Одағының Батыры деген атақ берілді. Сүйікті Отанды, қасиетті туған жерді қорғауда көрсеткен асқан ерлігі үшін ең жоғары, мәртебелі бұл атаққа 104 адам екі рет, 3 адам үш рет ие болды дедік.

Майдандағы асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін Қазақстанның 500-ден астам өкіліне, солардың ішінде қазақтың 98 ұл-қызына Совет Одағының Батыры атағы берідді. Жанған самолетін жау колоннасының ортасына түсірген Бақтыораз Бейсекеевтің, Нүркен Әбдіровтың, өз кеудесін оққа тосқан Ақәділ Суханбаев пен Сұлтан Баймағамбетовтің, Шығыстың қос шолпаны атанған Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлованың есімдері, ұрпақтар игілігіне айналған мәңгі өшпес ерлігі бүкіл елімізге әйгілі. Астана мен Алматыдағы сияқты әр қалада маздаған мәңгілік алаулар - халықтың соларға деген шексіз сүйіспеншілігінің айғағы.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Жеңіс үшін шайқасқандардың ұлдары мен қыздары, немерелері өсіп, бүгінде бейбіт өмірімізді қорғаушы қуатты ракеталарды, самолеттер мен айбарлы танкілерді солар басқаруда. Қазақ халқы қаһарлы қаруды Отанымызды қырағылықпен қорғау үшін соларға сеніп тапсырып отыр. Олардың көпшілігі көкшіл туы жауынгерлік даңққа бөленген, ордендермен наградталған айтулы бөлімдерде азаматтық парызын өтеуде.

Міне, солардың бірі - Ұлы Отан соғысында ерлігімен елді сүйсіндірген Совет Одағының Батыры генерал-майор И. В. Панфилов атыңдағы Ленин ордені, Қызыл тулы, Суворов орденді біздің Режицк гвардиялық мотоатқыштар дивизиясы. Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында панфиловшы жауынгерлер өшпес даңққа бөленді. Қырылғанына қарамай, өлігін таптап, аласұра Москваға ұмтылған есірік жауға олар алғаш қансырата соққы берді.

Гитлершіл басқыншыларға қарсы айқастардың от жалынында қазақ жауынгерлерінің биік тұлғасы мүсінделді, оның абзал моралъдық касиеттері танылды. Біздің күресіміздің әділдігін көміл түсіну, туған жерге, елге сүйіспеншілік, идеялық берік сенім, қауіп-қатерден жасқанбай, қиыншылыққа қасқайып қарсы тұру, ұрыс үстіндегі өжеттік пен ер жүрекгілік - міне, қазақ жауынгерлерінің рухани бейнесіңдегі ардақты қасиеттер осындай. Жылдар жылжып өткен сайын сол бір сұрапыл соғыс кезеңі де алыстай түсуде. Бүкіл әлемді апаттан аман сақтап қалған қаһарман совет халқының Ұлы Жеңісінің өр тұлғасы бұрынғыдан да асқақтай береді. Бұл - жас ұрпақ үшін мәңгі өшпес енеге, ерліктің, отаншыддықтың сөнбес жарық жұлдызы.

Жауынгерлер мен командирлерді сонда ажал оғын сепкен дзот амбразурасын кеудесімен жабуға, гранатпен танкі табанына түсуге, лапылдап жанған самолетімен жау колоннасына шүйілуге бастаған қандай күш! Ондай құдіретті күш - Отанға, қасиетті туған жерге деген шексіз сүйіспен-шілік, азаматтық борышқа деген адалдық, басқыншыларға деген ыза-кек жарқын болашаққа деген сенім. Ал, бұл азаттыкқа лайық елінің перзенттеріне ғана тән қасиет.

Бүгін Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жауынгерлері де еліміздің ерлік дәстүрлерін жан-жүрегімен қастерлейді, өздерін туған Отаны үшін жасалатын сол ерліктің биік шындарына бастайтын даңқты жодды - ерлік пен қаһармандық эстафетасын одан әрі жалғастыра береді. Қаһармандық істер жөніндегі естеліктер солдат жанын баурап алып, олардың бойывда белсеңді өмірлік позицияны қалыптастыруға, әскери және саяси даярлықта олардың табыстарға жетуіне жәрдемдеседі.

Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдениет қайраткерлері

мен ғалымдарының ерен еңбектері

Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбектері де өз алдына бір төбе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Б. Бұлқышев, Ж. Саин, П. Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нүрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы болды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С. Михалков, С. Сергеев-Ценский, Ф. Панферов, О. Форш, К. Паустовский, С. Маршак, М. Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіп қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.

Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбылдың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Қ. Аманжолов, Б. Бұлқышев, Т. Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының соғыс кезіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.

Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазақ мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А. К. Толстой, СЯ. Маршак, К. Г. Паустовский, Ф. И. Панферов, С. Н. Сергеев-Ценский, И. П. Бородин, Л. С. Берг, В. И. Вернадский, Н. Ф. Гамалея, Н. Д. Зелинский, Л. И. Мандельштам, Ю. А. Завадский, С. М. Эйзенштейн, Н. Д. Мордвин, В. П. Марецкая, Н. К. Черкасов, С. С. Прокофьев, С. С. Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғылыми мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшігі келді. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент құрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жьшы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазақ физкультура институты ашылды.

Интеллигенция Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін корсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажетіне жаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өңдіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, тендесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т. б. совет ғалымдарының сол кезеңцегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жұмыдырылды, тыл мен майданның бірлігін арттырды, тылда да, майдаңда да, паргазан өлкелеріңце жеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тілівде, 28 шетел тіддерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

Ұлы Отан соғысы кезінде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың көмегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көрінді. Республиканың тандаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхозшылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация аттандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шатгық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза бодды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соң жауынгерлерге, комавдирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді . . . ". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон, Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік және киім-кешек әкедці. Қазақстан еңбекшілері 1943 жьшы Қызыл Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинады. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер мен командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отандық тарих ғылымындағы диаспорологияның рөлі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеуі және қайта құруы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
9 мамыр
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Сталинград шайқасында
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Соғыс жылдарындағы әдебиет пен өнердегі патриотизм
Бауыржан Момышұлы ұлтымыздың мақтанышы. Ерліктің қос қанаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz